6М050700 менеджмент мамандығы бойынша талапкерлерден емтихан


тақырып: Жұмыс күші біліктілігі және сапасы



бет3/3
Дата19.02.2017
өлшемі0,58 Mb.
#10654
1   2   3

7 тақырып: Жұмыс күші біліктілігі және сапасы.

Мазмұны: Басшы сапасын анықтау үшін үміткер жұмыс істеуге тура келетін жағдайда модельдеуге негізделген тәсілде кеңінен қолданылады. Мұның өзі оның жеке басының жақсы жақтарын ғана емес, басшылық іс-әрекетінің нәтижесін де біршама айқындауға мүмкіндік береді. Модельдеу неғұрлым дәл болса, басшыға баға беру соғұрлым дәлелді, әрі алдағы уақытта қызметін жоғарылатуды болжамдауға болады. Сонымен қоса, қажетті сапаларды білу үшін, болжамдау мен практикалық тәсілдерді пайдаланудың да тиімді екені талас тудырмайды. Болжамдау тәсілі – үміткердің болашақ қызметке сай келетін-келмейтінін жорамалдау. Модель құру үшін жиналатын мәліметтерге негізделеді. Мұндай мәліметтерді анкета деректері, мінездемелері, анкеталық –психологиялық бақылау (тестілеу) және әңгімелесу материалдары басшылардың қол астындағылардың және өзімен тең дәрежеде жұмыс істейтін әріптестерінің пікірлері бойынша алады.

Практикалық тәсілді уақытша басшы қызметке қою басшы қызметте сынаққа мерзімінен өткізу арқылы жүзеге асырады.басшы сапасын бағалауда пайдаланылатын мәлімет көздері: ресми құжаттар (сауалнамалар, мінездемелерт.б.) әңгімелесу мен сұраулар (сараптама, аттестация, психологиялық байқау т.б.) әлеуметтік бақылау (анкета мәліметтері, сұхбаттасу т.б.).

Басшыларды іріктеген кезде мынадай сапаларға көңіл бөлінеді:

- басшылық қызметке ықылас білдіру;

- ақыл-ой қабілеттілігі;

- логикалық талдау қабілеттілігі;

- қарым-қатынас жасау қабілеттілігі (коммуникабельділік);

- адалдығы.



8 тақырып: Жұмысшылардың еңбек нәтежиелін бағалау.

Мазмұны:

  1. Мамандардың еңбегін бағалау.

  2. Жетекшілердің еңбегін бағалау.

Әдебиеттер: Т.Ю.Базаров «Управление персоналом. Уч.пособие.М.2005г (236-240 бет).

2. Н.П Беляцкий «Управление персоналом» Минск 2003 (192-203 бет.)

Персоналды жеке бағалаудың мәселесі – төмендегі қызметтерді дұрыс шешу:

- марапаттаудың мөлшерін дұрыс анықтау, себебі әділ бағалау барысында ғана жұмыскердің жетістіктеріне сай еңбек ақы төленеді;

- басқару, себебі соның көмегімен және әңгімелесудің нәтижесінен кейін қызметкерге жетістіктеріне сәйкес жұмыс орнын ұсынуға болады;

- персоналды дамыту, себебі ол марапаттаудың лайықты түрін және жұмыскерге көмектесудің жолын табуға, сонымен қатар әрі қарай білім алу мақсаттарын анықтауды қамтамасыз етеді;

- қызметкерді тиімді пайдалану, себебі бұл жұмысқа орналасқанда, қызмет бабымен көтерілгенде, жұмыс орнын ауыстырғанда, жұмыстан шығу туралы шешім қабылданғанда керек болады;

- еңбек мотивациясы, себебі, ол – жетістіктерді жоғарылатуға бағытталған қыметкерлердің саналаы іс-әрекетінің импульсі.

Әр персоанлды жеке бағалаудың келесідей ерекше маңызды мақсаттары бар:

- қызметкердің жұмысының нәтижесін дұрыс бағалау;

- белгілі бір уақытта және персоналдың жеке басын бағалаудың арқасында жүйелі басқарудың сапасын жақсарту;

- басқарудағы іс-әрекеттің бірлігі, себебі, бағалаудың бірыңғай жүйесін басқару жөніндегі іс-әрекеттердің бағалау нәтижелеріне сәйкес кеелтіндігін және барынша тиімді болатындығын күтуге мүмкіндік береді;

- әлеуетті барынша тиімді пайдалану. Кәсіпорын ұжымы мүмкіндігіне қарай дұрыс пайдалана алатын әлеуетке ие болу қажет;

- өнімділіктің деңгейін жоғарылату, себебі өнімділіктің тұрақты жоғарылауы жеке басты бағалаудың дұрыстығына айтарлықтай байланысты болады.


9 тақырып:Персоналдарды оқыту процесі.

Мазмұны: Персоналдарды оқыту әдістері мен формалары.

Мамандандырылған оқыту процессі.

Әдебиеттер: 1. В.В. Лукашевич. «Управление персоналом». М.2004г (100 бет).

2. Т.Ю.Базаров «Управление персоналом. Уч.пособие.М.2005г (126 бет)

Персоналды дамыту - өндірістің табысты жұмыс істеуінің ең маңызды факторларының бірі. Бұ әсіресе қазіргі жағдайда ғылыми-техникалық прогресс, кәсіби білімдер мен тәжірибелердің ескіру процесін айтарлықтай жылдамдатқанда орын алып отыр.

Персоналды дамыту деп жұмыскердің біліктілігін жоғарылатуға бағытталған іс-шаралардың жиынтығын айтамыз.

Персоналдың кәсіби дамуының маңызды құралы – кәсіби оқыту ұйымның қызметкерлеріне жаңа кәсіби білімдер мен тәжірибелерді тікелей беру процесі болып табылады. Кәсіби оқыту – персоналды дамытудың маңызды факторы.

Оқыту әдістері:

- дәріс,

- топпен тақылау,

- жағдайды қолдан жасау,

- жағдайды талдау,

- басқару ойындары,

- модельдеу.

Даму жоспарының екі түрі болады: стандартты және жеке.

Жұмыс уақытында оқыту арқылы кадрлады даярлау:

1. кадрларды фирма ішіндегі еңбек нарығына даярлау;

2. кең ойлы білікті жұмысшыны даярлау;

3. персоналға икемді, тартыды және көп функциялы жұмысты ұсыну;

4. еңбектің мотивациясын ынталандыру шаралары;

5. өзіндік білім алуды марапаттау;

6. жұмыс уақытында оқыту үшін нұсқаушылар дайындау.



10 тақырып: Персонал дамуын жоспарлау және мансапты жоспарлау.

Мазмұны: Мансап және оның түрлері.

Ұйым ішіндегі мансап бағыттары.

Мансап дамуын басқару.

Мансапты басқару ісінде қолданатын болсақ, бұл шаруашылық жүйесінде жоғарылау. Ұйым ішіндегі мансап үш бағытта орындалады:

- тік түрінде - әкімшіліктің жоғарғы сатысына көтерілу; Көп жағдайда тек осымен ғана мансапқа жетуге болады деп көпшілік ойлайды, себебі мұнда жұмыс бабымен жоғарылау анық көзге көрінеді.

- көлденең түрінде – жұмыстың түрі басқа функциялық салаға ауысуы немесе ұйымдастырушылық құрылымда қатаң түрде бекітілмеген белгілі бір қыметтік рөлді орындау немесе бұрынғы жұмыс орнында атқаратын қызметтің күрделенуі мен ұлғаюы, соған байланысты жалақының да өзгеруі;

- орталыққа ұмтылу - қызметкер үшін тартымды болып табылатын ұйымның жетекшілігіне, биліктің ортасына жылжу бейресми ақпараттар көздерімен танысуға болады. Сенімді қарым-қатынастар орнатуға басшылықтың маңызды, жеке тапсырмаларын орындауға, кездесулер мен шақыруларға баруға мүмкіндік туады.

Мансапты жоспарлау мен орындаудың басты мәселесі – кәсіби және ұйым ішіндегі мансаптармен қамтамасыз ету болып табылады. Іскерлік мансапты жоспарлау мен бақылау жұмыскерді ұйымға қабылданғаннан бастап, оның жұмыста көлденең және тікелей түрде қызметкер мен жұмыскерлер жүйесі бойынша жылжытуды білдіреді.

Жұмыскер тек қана қысқа және ұзақ мерзімдерге өзінің келещегін біліп қана қоймай, ол қызмет бойынша жоғарылауға мүмкіндік беретін қандай көрсеткіштерге жету керек екенін білуге тиіс.

Мансаптың мақсаты деп іс-әрекеттің саласын, белгілі бір жұмыс пен лауазымды, қызметтік сатыдағы жұмыс орнын айтуға болмайды. Ол бұған қарағанда барынша терең мазмұнды түсінік. Адам осы нақты жұмысты алуға және лауазымды иерархиялық сатысында белгілі бір қызмет орнын иемденуге итермелейтін себептердің арқасында мансап мақсаты туындайды.


Кәсіпорын экономикасы

1. Тақырып: Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы.

Мазмұны: Ұзақ мерзімдік келешектегі ҚР экономикасының дамуының негізгі бағыттары. ҚР экономикасының қазіргі салалық құрылымы және оның негізгі бағыттары, олардың жіктелінуі. Нарықтық қатынастар құру жағдайындағы Қазақстан Республикасының құрылымдық мемлекеттік саясаты: ұзақ мерзімдік мақсаттар және жүзеге асыру стратегияларының басым бағыттары. Қазақстн Республикасының сыртқы экономикалық келіссөздері: ашық экономика және еркін саудалар құру. Өнеркәсіп және оның әлуметтік-экономикалық қоғам дамуындағы рөлі. Өнеркәсіптің салалық құрылымы: түсінігі, көрсеткіштері және анықтаушы факторлары. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік саясатының негізгі бағыттары.Өнеркәсіпті орналастыру принциптері, өнеркәсіптің әртүрлі салаларындағы өндірісті орналастыру ерекшеліктері. Өндірісті орналастыруды экономикалық негіздеу әдісі. Өнеркәсіп объектілерін орналастырудың экономикалық тиімділігін бағалау критерилері және көрсеткіштері.

2.Тақырып: Экономиканы мемлекеттік реттеу.

Мазмұны: Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні және әдістері. Экономикаға мемлекеттің араласуының шектеуліктер.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық ырғағы: салықтар, бағалар, еңбек ақы, экспорт пен импортты лицензиялау, кедендік ереже, қаржылық және несиелік қатынастар, амортизациялық саясат. Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеудің формалары және әдістері жүйесіндегі Қазақстан Республикасының Салық Кодексі. Дамыған елдердегі экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері. Бәсекелік қалыптастырудың экономикалық негіздері. Бәсекелік мінез – құлық түрлері және фирманың бәсекелік стратегиясы.

Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу және бәсекелік. Жеке инвестицияларды кәсіпкерлік ынталандыру.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік стратегиясы.

ҚР тұрғындарын әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы. Өнеркәсіпті жоспарлы реттеу. Дамыған елдердегі жоспарлау тәжірбиесі (индикативтік, статегиялық жоспарлау, бағдарламалар, жоспарлар формасы ретіндегі болжамдар). Жоспарлаудың салалық ерекшеліктері.

3. Тақырып: Шаруашылық жүргізу обьектісі ретіндегі кәсіпорын.

Мазмұны: Кәсіпорын – нарықтық қатынастарды негізгі тасымалдаушы ретіндегі өзбетінше шаруашылық субьектісі. Кәсіпорынның басты міндеттері. ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес барлық кәсіпорын түрлерінің қызмет етуінің негізгі принциптері. Кәсіпорын қызметін лицензиялау. Кәсіпкерлік құқы және кәсіпорын міндеттері. Меншік формалары бойынша кәсіпорын түрлері. Негізгі және қосымша белгілері, ұйымдық – құқықтық формалары бойынша кәсіпорындардың жіктелінуі. Кәсіпорындар құрылымы. Банкроттау түсінігі және белгілері. Банкроттауды таңдау стратегиясы және оны болдырмау. Кәсіпорынды банкроттауды жариялау тәртібі. Қиыншылық және банкроттық кезеңдегі кәсіпорынды басқару және реконстукциялау. Кәсіпорынды сауықтыру, қайта құру және жою.

4.Тақырып: Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі.

Мазмұны: Өндіріс тиімділігінің мәні және көрсеткіштер жүйесі. Өндіріс қызметтердің тиімділік көрсеткіштері. Өтімділік көрсеткіштері. Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері. Базалық салыстыруды таңдау. Күрделі қаржы салу есебі және жанама салалардағы тиімділік. Уақыт факторын есептеу әдістері (ақша ағымдарын дисконторлау). Күрделі қаржы салымдарының экономикалық тиімділігін анықтау. Таза ағымдық құндылық және ішкі табыстылық нормалар көрсеткішінің сипаттамасы. Варианттарды салыстыру жағдайындағы сапалық талдау. Өндіріс тиімділігіне әсер етуші факторлар.

5.Тақырып: Негізгі капитал.

Мазмұны: Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы. Кеңейтілген ұдайы өсімдегі негізгі қорлардың ролі. Ұдайы өсім формалары және негізгі қорларды жетілдіру. Негізгі капиталды жаңарту формасы ретіндегі лизинг.

Өндірістік және қаржылық лизинг. Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы. Салық есептеудегі негізгі өндірістік қорларды бағалау әдістері. Негізгі қорларды қайта бағалау. Нарықтық қатынастар құру жағдайындағы Қазақстан Республикасының амортизациялық саясаты. Негізгі өндірістік қорларды пайдалану көрсеткіштері. Кәсіпорындағы негізгі капиталды тиімді пайдаланудың факторлары және жолдары.



6.Тақырып: Шикізат, материалдар және отын – энергетикалық ресурстар.

Мазмұны: шикізат, материалдар және отын – энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі. Пайдалы қазба запастарының шикізат базасы және оны дамыту бағыты. ҚР энергетикалық ресурстарды пайдалану. Материалдық ресурстарды ұтымды пайдаланудың жолдары. Шикізат таңдауды экономикалық негіздеу, шикізатты алғашқы өңдеу және байытудың экономикалық тиімділігі.Өндіріс қалдықтарын өңдеу және шикізатты кешенді пайдалану.Материалдық ресурстарды пайдаланудың көрсеткіштері және талдау тәсілдері.

7.Тақырып: Айналым капиталы.

Мазмұны: Кәсіпорынның айналым қоры, олардың құрамы және құрылымы. Айналым қорларын пайдалануды жақсартудың негізгі бағыттары.

Айналым капиталы: құрамы және құрылымы. Айналым капиталын қаржыландыру көздері. Әртүрлі саладағы айналым құралдары құрылымының ерекшеліктері. Таза айналым капиталы түсінігі.

Айналым құралдарының айналымдылығы. Кәсіпорын жұмысының экономикалық көрсеткіштерін жақсартудағы айналым құралдарының айналымдылығын жеделдетудің маңызы. Айналым құралдарына қажеттілікті анықтау.

Өндірістегі айналым қорларының пайдалануды бағалау. Кәсіпорында айналым қорлары элементтерін үнемдеу. Кәсіпорындағы айналым құралдарын жасақтау және пайдалану. Айналым құралдарының айналымдылығын жеделдету факторы ретіндегі шарт жасасу және төлем тәртібін қатайту. Кәсіпорын жұмысының ақырғы нәтижелеріне айналым капиталын басқарудың әсер етуі.



8.Тақырып: Еңбек ресурстары.

Мазмұны: Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу. Еңбек қуаты және еңбек ресурстары, олардың құрамы және құрылымы, жасақтау көздері. Еңбек қуатын жүзеге асыру формасы ретіндегі жұмыс бастылық. Кәсіпорын кадрларының құрамы және құрылымы.

Кәсіпорындағы кадрлар жұмысы. Кәсіпорындағы персоналды басқару тұжырымдамасы. Кәсіпорын тиімді қызмет ету үшін ұйымдық мінез – құлықтық маңызы және мәні.

Еңбек тиімділігі және оны өлшеу тәсілдері. Еңбек өнімділігін көтерудің факторлары.

9.Тақырып: Еңбек ақы.

Мазмұны: Еңбек ақының мәні және принциптері. Еңбек мотивациясы, жалақы төлемін дифференциялаудың экономикалық негіздері. Тарифтік жүйе, оның мазмұны және жалақы төлеуді ұйымдастырудағы маңызы. Әлеуметтік партнёрлікті дамыту: басты, салалық және тарифтік келіссөз, ұжымдық шарт.Тарифсіз еңбек ақы жүйесі. Кәсіпорынның таза пайдасы және шығындарына қатынасу жүйесі. Кәсіпорын капиталына қатынасу жүйесі.

езервтері.

10.Тақырып: Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты.

Мазмұны: Кәсіпорын қызметінің инвестициялық стратегиясы: мәні және құрылу принциптері. Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау тәсілдері. Баламалы инвестициялық ұсыныстарды бағалау көрсеткіштері. Инвестициялық экономикалық тиімділігін анықтаудың әдістері. Қазақстан республикасының ғылыми – техникалық саясаты. Инновациялық (жаңалық енгізу): олардың табиғи және таратудың цикілділігі. Инновациялық және экономикалық мүдделердің өзара әрекеті. Жаңалық енгізуді инвесторлеу. Кәсіпорынның инновациялық мененджменті: мәні және міндеттері. Инновациялық стратегиялар: Қауіп – қатерлі және қауіпсіз. Инновациялық процес және инновациялық құрылым. Жаңалық енгізуді басқару. Венчурлық кәсіпкерлік. Ғылыми – техникалық альянстар. Инновациялық жобалар қоржынын жасақтау, мәні, принциптері және бағалау факторлары. Инновациялық лизинг.

11.Тақырып: Өндіріс және өнімдерді өткізу шығындары.

Мазмұны: Шығын түсінігі, құрамы және түрі. Тұрақты және өзгермелі шығындар. Өнімдердің өзіндік құн құрылымы және оның әртүрлі салалардағы ерекшеліктері. Кәсіпорын шығындарын құрайтын шығындардың жіктелуі. Өндіріс және өнімдер өткізуге жұмсалатын шығындарды есептеу әдістері. Өндіріс шығындардың анықтаудың шетелдік тәжірбиесі. Өндіріс және өнімдер өткізу шығындарын төмендетудің маңызы, көздері және факторлары.

12.Тақырып: Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі.

Мазмұны: Стратегиялық жоспарлау және маркетингтік шешімдер үшін ақпарат, маркетингтік тәсіл. Маркетинг стратегиясын таңдау және жүзеге асыру. Өндіріс ұйымдастыруға маркетингтің әсері және кәсіпорынның негізгі функциялары. Бәсекелік стратегиялар жасақтау. Саланы бәсекелік талдау. Кәсіпорын жағдайын талдау. SWOT – талдау. Кәсіпорыннның бәсекеқабілеттілігін салыстырмалы бағалау. Жоспарлаудың әдістемелік негізі. Кәсіпорын жоспарлары құрылымы. Өндіріс ішілік жоспарлау. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорында өнімдер шығаруды жоспарлауды ұйымдастыру. Өнімдер өндіру бағдарламасын жасақтау ( зиянсыз болу нүктесі). Өндіріс және өнімдерді сату “аталған кәсіпорын жоспары тарауының” көрсеткіштері. Тапсырыстар қоржынын жасақтау. Өндірістік бағдарламалар көрсеткіштерін есептеу тәсілдері. Кәсіпорынның өндірістік қуаты және оны анықтау тәсілдері.

13 Тақырып: Өнімдердің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету.

Мазмұны: Өнімдердің бәсекеқабілеттілігі: түсінігі, оны көтерудің қажеттілігі. Ғылыми – техникалық прогресс стратегиясы және оның өнімдердің бәсекеқабілеттілігіне әсері. Ғылыми – техникалық күш – қуат және оның тиімділігін экономикалық бағалау.

Өімдер сапасы: түсінігі, көрсеткіштері және оның деңгейін көтеру көрсеткіштері және жолдары. Сапаны басқарудағы жаңа стратегия. Өнімдерді стандарттау. Өнімдерді сертификаттау. Бағалар ролі және өнімдердің бәсекеқабілеттілігін көтеру. Өнімдерге, жұмыстарға және қызметкөрсетуге бағалар түрі. Кәсіпорындағы баға жасақтау тетігі. Нарықтық экономика жағдайындағы бағаны мемлекеттік реттеу.



14.Тақырып: Кәсіпорынның экономикалық стратегиясы.

Мазмұны: Экономикалық стратегия түсінігі.Экономикалық стратегияны негізгі құрайтындар: тауар стратегиясы, баға қалыптастыру стратегиясы; Фирмалар және өндірістік ресурстар капиталының өзарақимыл көрсету стратегиясы; құнды қағаздар және ақшалар нарығындағы фирманың мінез – құлық стратегиясы; сыртқы экономикалық қызмет стратегиясы; өндірістік шығындарды төмендету стратегиясы; инвестициялық қызмет стратегиясы; персоналды ынталандыру стратегиясы, банкрот болдырмау стратегиясы. Экономикалық стратегияның локалдық мақсаты.Экономикалық стратегияны жасақтау кезеңдері.

15.Тақырып: Таза пайда және өндіріс рентабелділігі.

Мазмұны: Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелерінің жинақты көрсеткіштері ретіндегі таза пайда.

Кәсіпорын кірісін жасақтау және бөлістіру тәртібі. Кәсіпорын төлеуге тиіс салықтарға жалпы сиппаттама. Кәсіпорын кіріспе салық салу және оны бөлістіру. Қазақстан Республикасының Салық жүйесі.Кәсіпорында таза пайданы көбейту резервтері. Кәсіпорын жұмысы тиімділігінің көрсеткіші ретіндегі өндіріс рентабелділігі. Рентабелділік деңгейін көтерудің жолдары және кәсіпорынның ішкі резервтерін пайдалану.Кәсіпорында қаржылық қатынастарды туындату формалары. Кәсіпорындағы қаржылық қызметінің негізгі принциптері және ұйымдастыру бағыттары. Қаржылық тетік: құрамдас элементтер, құқықтық, нормативтік және ақпараттық қамыту. Кәсіпорынның қаржылық ресурстары. Қаржылық жоспарлау. Кәсіпорында қаржылық ресурстарды жасақтау көздері. Қарыз құралдарын алу әдістері. Несиелер, оларды берудің негізгі принциптері. Қазақстан Республикасының Банкілік жүйесі.


Басқарушылық шешімдерді жасау

Тақырып 1: Басқару шешімінің (БШ) мәні мен мазмүны

Басқару үрдесіндегі шешімдердің ролі. Шешімдердің мәні. Басқару шешімдерінің ерекше нышандары. Информация және шешімдер. Шешім сипатының информациясының толықтығымен байланысы.Дербес қабылданған шешімдердің типтері: техникалық (технологиялық), биологиялық және басқару.

Басқару шешімі ұрдіс және құбылыс ретінде, таңдау акті және таңдау нәтежиесі ретінде.

Басқару шешімдерінің экономикалық, ұйымдық, әлеуметтік, құқықтық және технологиялық мәндері.

Бақару шешімдерін дайындау және асыру (БШДЖА) кезінде басқару әсерінің үрдесіндегі әрекеттестік пен қарсы әрекеттің пайда болуының негізгі шарттары. Информациялық дайындық. Ұйымдық дайындық. Әлеуметтік – психологиялық дайындық.

БШДЖА циклінің жинақтап қорытындылған схемасы. Мақсатты өзгертуге бағытталған шешім. Жағдайды өзгертуге бағытталған шешім.



Тақырып 2: Басқару шешімдерінің типологиясы мен оларға қойылатын талаптар

Басқару шешімдерін жіктеу. Жіктеудің принциптері мен нышандары. Корпоративтік шешімдер. Эвриситкалық шешімдер. Виртуальді шешімдер.

Функциональдік бағытталғандығының топтары бойынша басқару шешімдерінің құрамы мен мазмұны. Жорамалдау шешімдері. Белсендіру шешімдері. Бақылау шешімдері. Хабарландырушы шешімдер.

М. Мескон бойынша басқару шешімдерінің типологиясы. Ұйымдастыру шешімдері. Бағдарланған шешімдер. Бағдарланбаған шешімдер. Ұтымды шешімдер.

Басқару шешімдерін жасау мен жүзеге асырудың ерекшеліктері. Басқару шешімдерінің түрін таңдауға әсердің элементтері. Ұйымдағы әлеуметтік – психологиялық және технологиялық жағдай.Басшының жеке қасиеттері. Байсалды, албыртты, селқос, тәуекелді және сақ шешімдер.

Басқару шешімдеріне қойылатын талаптар. Оларға жетудің шарттары.



Тақырып 3: Басқаруды ұйымдастыру шешімді қалыптастыру жүесі ретінде

Басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыру үрдісіндегі негізгі ұйымдық элементтер. Шешімдерді тапсырушылар. Шешімдерді жасаушылар. Шешімдерді орындаушылар. Шешімдерді пайдаланушылар. БШДЖА кезіндегі функциялардың, процедуралар мен операциялардың иерархиясы. БШДЖА кезіндегі функциялардың, процедуралар мен операциялардың әрекеттестіктерінің схемасы.

БШДЖА кезіндегі нақты функциялардың мазмұны. Стратегиялық жоспарлау. Басқару қызметін басқару. Ішкі және сыртқы ортамен және қызмет ісін басқару. Компанияның басқару жүйесін қалыптастыру (әдістеме, құрылым, үрдіс, механизм, басқару техникасы).

БШДЖА кезіндегі процедуралар мен жалпы функциялардың мазмұны. Басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асырудың кезеңдері. БШДЖА процедураларының типтік құрамы. БШДЖА процедураларын құрайтын жалпы функциялардың сипаты.



Тақырып 4: Басқару шешімдерін мақсатқа бағыттау.

Компанияның мақсаты және басқару шешімінің мақсаты. Мақсаттың қанағатандырылуының шарттары. Мақсаттың қасиеттері. Мақсат пен мәселелердің әрекеттестіктер схемасы.

БШДЖА ынталылық – мақсаттық технологиясының мәні. БШДЖА регламенттік технологиясының мәні. БШДЖА технологияларының басымдылықтары.

Тақырып 5: Басқару шешімдерін дайындау және жүзеге асыру үрдісі

БШДЖА кезіндегі ұйымдастыру (процессорлық) технологиясын жүзеге асыру механизмі. Нәтиже бойынша басқару. Қажеттіліктер мен қызығушылықтар негізінде басқару. Тұрақты түрдегі тексерулер мен нұсқаулар арқылы басқару. Ерекше жағдайларда басқару. Жасанды зерде негізінде басқару. Қызметкерлердің жұмысын белсендіру негізінде басқару БЩДЖА процедураларының арасында технологияларды үлестіру.

Басқару шешімдерін жасау үрдесіне қажетті әкімшілік іс – шаралар.

Басқару шешімдерін келістіру, қабылдау және бекіту үрдістеріне қажетті әкімшілік іс – шараларының құрамы. Басқару шешімдерін орындауды ұйымдастыру процедурасының ерекшеліктері.

Басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыру формалары. Басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыру формаларын бірге пайдалану механизмі. Басқару шешімдерін дайындау мен құрастыру ережелерінің мәні.

Тақырып 6: БШДЖА кезіндегі адам факторының ролі, әлеуметтік – психологиялық және этикалық негіздері

Адамның негізгі жеке тұлғалық мінездері, БШДЖА әсер ететін тұлғаның темпераметі мен абыройының ерекшеліктері. Адам ойының ерекшеліктері: тереңдік, кеңдік, жылдамдық және икемділік. Темпераменттің БШДЖА – ға деген тұлғаның тәсіліне әсері. Темпераменттің негізгі типтері: қызба, жұмсақ, сылбыр және уайымшыл. БШДЖА үрдесіне үрдейдің әсері.

Басшы абыройының сипаттарының түрлері: мейрімділік, орнын толтыру, әріпшілдік, басу, қашықтық, өсиетшілдік, тәкаппарлық.

Әлеуметтік – психологиялық әдістердің мәні мен БШДЖА кезінде келісім мен әрекеттестікке жетудің тәсілдері.

БШДЖА кезінде әрекеттестікке жетудің этикалық әдістерінің негізгі жолдары. Кәсіптік этика. Тұрмыстық этика. Табиғатқа байланысты этика. Діни этика.

Тақырып 7: Сыртқы ортаны талдау және оның басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыруға әсер

БШДЖА үрдесіне сыртқы ортаның әсері. Ұйым қоршауының алыс және жақын элементтері.

Сыртқы ортаның элементтерін талдау кезінде қолданылатын факторлар: бәсекелес, халықаралық, саяси, нарықтық, әлеуметтік, технологиялық, экономикалық.

Сыртқыортаның элементтерін талдау үрдесінің негізгі параметрлері: көлемділік, күрделілік, жылжымалдық, белгісіздік, коммуникабельділік.

Ұйымның жақын қоршауының сыртқы ортасының элементтерінің ерекшеліктері. Клиенттер. Бақылаушы ұйымдар. Қызығушы сыртқы жекежәне заңды тұлғалар. Жұртшылық. Тиісті қызмет облысының заң базасы. Бәсекелестер. Бизнестегі әріптестер. Қаржы – несие мекемелері.

Ұйымның алыс қоршауының сыртқы ортасының легменттерінің ерекшеліктері. Құндылықтар жүйесі мен олардың қоғамдағы басымдықтары.Жергілікті және халықаралық іс айналымының дәстүрлері. Елдегі және дүниежүзіндегі саяси жағдай. Әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік. Институционалдық құрылымдар. Салық жүйесі. Катаклизмдер. Халық толқуы. Байланыстардың сыбайлас жемқорлығы.

Алыс және жақын қоршаудың элементтерін сипаттаудағы информация құрамы.

Тақырып 8: Басқару шешімдерін дайындау және асырудың белгісіздік және тәуекел жағдайларындағы тәсілдер

БШДЖА кезіндегі «белгісіздік» және «тәуекел» туралы түсініктердің мазмұны. Белгісіздік және тәуекел құбылыс шешімдерінің процедуралар. Белгізідіктердің тәуекелге айналуы.

Белгісіздіктердің көбеюінен пайда болатын типтік қателердің тізімі. Ұйымдық, экономикалық, технологиялық, әлеметтік, құқықтық қызметтегі қателер.

Басқару ісінің сипаты мен белгісіздіктің деңгейіне байланысты тиімді шешімдердің облыстары. БШДЖА тиімділігінің матрицасы.

Тәуекелді басқарудың негізгі стратегиялары, функционалді – құндық талдауды (ФҚТ) пайдалану. Оның кезеңдері: дайындық, талдау, твочестволық, зерттеу, ұсыныстық, енгізі.

Тақырып 9:Шешімді жасау мен тандау үрдісін модельдеу

Модель туралы түсінік. Моделдеудің қажеттілігі. Модельдеудің мәселеллері. Модель типтері мен олардың сипаттамасы.

Басқару шешімдерін жасау үрдесін модельдеу. Модель құрастыру үрдесі.Моделдеу әдістері. БШДЖА кезіндегі модельдерді бағалау.

Моделдеу үрдесінде техникалық құралдарды пайдалану. Әдістер мен модельдердің әрекеттестігі.



Тақырып 10: Басқару шешіміндерін дайындау мен жүзеге асыру әдістері

Талдау әдісі мен математикалық бағдарламалау әдісінің ерекшеліктері. Статистикалық әдістің ролі. БШДЖА кезіндегі матрицалық әдістің орны.

Белсендіруші және эвристикалық әдістер. Психологиялық белсендіру әдістерінің ерекшеліктері. Теориялық – ойын әдісін қолдану облыстары. Жаңа зерделік көздерін іске қосу әдістерін жүзеге асыру.

Сарапшылық әдістері. Көпшілік әдісі. Орташа бағалау әдісі. Дельфи әдісі. Бағалау критерийлерін жіктеу.



Сценарийлер әдісінің мәні мен ерекшеліктері. «Шешімдер бұтағы» әдісін пайдалану.


Кафедра меңгерушісі: Л.И. Мергалиева
Факультет деканы: Г.И. Нестеренко
Каталог: images -> M images -> 2015 -> magistratura
magistratura -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
magistratura -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
magistratura -> Бағдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
M images -> 1. Классикалық механикадағы кеңістік, уақыт және қозғалыс
magistratura -> 6М050600 экономика мамандығы бойынша талапкерлерден емтихан
magistratura -> Факультет: физика-математика
magistratura -> 6М011300 – «Биология» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге «Биология» пәнінен қабылдау емтиханының сұрақтары
magistratura -> 1. Классикалық механикадағы кеңістік, уақыт және қозғалыс
magistratura -> 6М010800 «Дене шынықтыру және спорт»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет