7-9-сыныптар Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Бекболатова Ботагоз Кунанбаевна



Дата15.09.2017
өлшемі53,92 Kb.
#33133
Кенащы орта мектебі

(Интеллектуалдық сайыс)

7-9-сыныптар

Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Бекболатова Ботагоз

Кунанбаевна

2016-2017 оқу жылы

ХХІ ғасыр көшбасшысы

Сайыс 5 кезеңнен тұрады

Мақсаты: Оқушылардың жан-жақты білімдерін кеңейту, ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, сөздік қорларын байыту.

І. Бәйге (оқушылар жылдамдығына қарай , қайсысы жауап береді, сол 10 ұпай алады)

Сұрақтар:

1. Тіл дыбыстарын зерттейтін сала (фонетика)

2. Балалар әдебиетінің атасы (Ы.Алтынсарин)

3.Сөз құрамын, қосымша,сөз топтарын зерттейтін тіл білімінің саласы (мариология)

4. «Тайға таңба басқандай» тұрақты тіркесінің мағынасы(анық)

5. «Абай жолы» романының авторы (М.Әуезов 1897-1961)

6.Қазақ тілінде неше септік бар? (7)Соның ішінде буын үндестігіне бағынбайтын жалғау қай септікте бар?(көмектес)

7. Үш бәйтеректі ата

8.Екпіннің неше түрі бар?(4.ой екпіні, сөз екпіні,дыбыс екпіні,тіркес екпіні)

9.А.Құнанбаевтың туған жылы,жері? (1845-1905. Бұрынғы Семей облысы,Шыңғыс тауының баурайында)

10. Қазақ тілінде неше сөз табы бар, рет-ретімен атаңдар

11. «Үш бақытым» өлеңінің авторы? (М.Мақатаев)

12. а ,а,ә,а - қандай ұйқас түріне жатады (қара өлең ұйқасы)

13. Сөздердің дұрыс айтылу немесе оқылу заңдылығы, дұрыс жазылу заңдылығы қалай аталады? (Орфография, орфоэпия)

14. Бес арысты атаңдар. (А. Байтұрсынов, М. Дулатов,Ш. Құдайбердиев, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов).

15. Тұрақты тіркестің баламасын қалай атайды? (Фразеологизм)

(Екі оқушы щығады)

II. Полиглот (Көп тілділік)

Жауаптарды қазақша, орысша, ағылшынша айту.

1 жауап дұрыс – 5 ұпай;

2 жауап дұрыс – 10 ұпай;

3 жауап дұрыс – 15 ұпай.

1. Қолында өнері бардың

Аузында несі бар? (өлеңі – песня - )

2. Қағазға тіл бітірген – қалам.

Жансызға жан бітірген - кім? (адам – человек - )

3. Көп ойласаң – дана боларсың,

Көп ойнасаң – кім боласың? (бала – ребенок, дитя - )

4. Қанша шебер жиналса,

Сонша түрлі не көрсетеді? (өнер – искусство - )

5. Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға не салынар? (жол – дорога - )

6. Белгісі болса, жолдан жаңылмас,

Білімі болса, неден жаңылмас? (сөз – слово - )

(Екі оқушы шығады)



III. Дода. Жұмбақ шешу.

1 дұрыс жауапқа – 10 ұпай

1. Күрделі сөз бен сөз тіркесінің ұқсастығы мен айырмашылығы? (Мысал келтіріп түсіндіру).

2. Абайдың неше қара сөзі бар? (45 қара сөзі бар, 46 – аяқталған жоқ).

3. «Ешкім, ешқайда, ешқашан, ештеңе, дәнеме» есімдіктері қай есімдіктің түріне жатады? (болымсыздық).

4. Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын,

Ұранға «Алаш» деген атты аламын.

Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын? – өлеңінің атауы және авторы кім? (С. Торайғыров, «Мен - қазақ» өлеңі).

5. Тұйық етістіктің жұрнағы?

Қай сөз табына жалғанады, мысал келтіріңдер (у).

6. Абайдың нешінші қара сөзінен алынған? Оқу (31).

(Екі оқушы кетеді)



IV. Ғажайып жетістік (бір оқушы үш сұрақ таңдайды).

10 қазақ тілі

10 орыс тілі

10 биология

20 биология

20 орыс тілі

20 география

30 тарих

30 қазақ тілі

30 тарих

Тор көздегі ұпай сандарын таңдап, онда жасырылған сұрақтарға жауап беру, соған сай ұпай жиналады.

1) 10 қазақ тілі – Синоним дегеніміз не, мысал келтір.

2) Орыс тілі – а) Сколько в русском языке части речи? (10)

б) Назовите из них самостоятельные сколько?

(6- Имя существительные , имя прилагательное, имя числительное, глагол, наречие, междометие).

в) Сколько служебных? (4-предлог, союз, частицы, назывные)

3) биология - а) Балықтарды зерттейтін ғылым саласы? (ихтиология).

б) Паразиттік құрттарды зерттейтін ғылым саласы? (гельментология).

4) «Белый пороход» кто автор? (И. Айтматов киргизский писатель).

5) география – а) Жердің (нақты) моделі қандай? (глобус).

б) География атасы кім? (Эратосфен).

6) Тарих – Тарих атасы кім? (Геродот).

7)Қазақ тілі – Қосымша нешеге бөлінеді? (Екіге: Жұрнақ және жалғау; Жұрнақ өзі екіге бөлінеді: Сөз тудырушы, сөз түрлендіруші; Жалғау: Көптік және септік жалғау болып бөлінеді).

8) Астана қай жылы «Астана» деп аталды? (1997 жылы).

(Ұпайы аз бір оқушы шығады, екі оқушы қалды)



V. Жорға. 1 минутта 10 сұраққа жауап беру керек.

(кім қанша сұраққа жауап бере алады?)

1. екі бала қатар тұрса да, бірін –бірі көрмейді - жұмбақтың жауабы қандай? (көз).

2. «Алақанға қарады» тұрақты сөз тіркесінің мағынасы қандай? (дәмеленді).

3. Бір түкті кілем, бір түксіз кілем - жұмбақтың жауабы қандай? (жер мен аспан).

4. Өлеңнің әр жолы қалай аталады?(тармақ).

5. Бал тамған тілден не де тамады? (у).

6. Қос дыбыстың баламасы , оған қандай дыбыстар жатады? (дифтонг дыбыстары – е, ю, я).

7. Сары атым аунаған жерге шөп шықпас – жұмбағының . . жауабы (от).

8. Қазақ тілінде неше дауысты, неше дауыссыз бар? (12 дауысты, 25 дауыссыз бар).

9. Әліпбиде неше белгі бар? (екеу – ь,ъ).

10. «Мұзға отырғызу» немесе «мұзға отырғызып кетті» деген сөз тіркесінің мағынасы? (алдады).

11. «Ит терісін басына қаптау» - деген сөз тіркесінің мағынасы қандай? (ұрысу).

12. «Табанын жалтырату»- деген сөз тіркесінің мағынасы қандай? (жоқ болу).

13. «Тамырына балта шабу» (жою).

(Бір оқушы шығып, жеңімпаз қалады).

Қорытынды:

Аяулым -5

Анель -10

Тоғжан - 80

Ақгүл - 80

Аружан -140 ұпай

Алтынтобық -150

І тур Аяулым – 5 ұпай

ІІ тур Анель – 10 ұпай

ІІІ тур Ақгүл - 30 ұпай

ІҮ тур Тоғжан - 90 ұпай



Ү тур Алтынтобық - 165 ұпай - жеңімпаз
Каталог: uploads -> doc -> 09d4
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09d4 -> Сабақ Тақырыбы: «Жеті қазынаның бірі»
09d4 -> Сабақтың тақырыбы Мен (бен, пен), және шылаулары Сабақтың жалпы мақсаты
09d4 -> Менің жолдас…(-ым; -ім; -ің; -ың; -ы; -і, -ымыз, -іміз, -тарың, -тарыңыз), сенің құрдас…(-ым;-ың,-ің, -ың; -ы; -і, -ымыз, -іміз, -тарың, -тарыңыз), оның дос…
09d4 -> Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет