7 «Айша» балабақшасы Жасыл дәріхана Құрастырған: Шынгожина Б. А. Жасыл дәріхана



бет7/7
Дата01.04.2017
өлшемі1,23 Mb.
#13243
1   2   3   4   5   6   7
Мия – бұршақ тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанның шөл, шөлейтті, далалы аймақтарында өсетін 5 түрі бар.Биіктігі 10 – 80 см-дей, тамыры жуан. Сабағы тік өседі, жапырақтар қандауыр тәрізді, қарама-қарсы орналасады. Гүлдері көк, күлгін түсті, селдір шашақ гүлшоғырына топтасқан. Маусым – шілдеде гүлдеп, шілде – тамыз айларында жеміс салады. Жемісі – қабықты бұршақ. Қызыл мия және миятамыр деген түрлерінің тамырында гликозид, сахароза, эфир майы, органик. қышқылдар, минерал тұздары бар. Сондықтан оларды медицинада, темекі және тамақ өнеркәсібінде қолданады. Жапырағы, сабағы мал азығы ретінде пайдаланылады.
Қалақай  — қалақай тұқымдасынан бір туысы.Бір жылдық не көп жылдық, қос үйлі және сирек те болса бір үйлі шөптесін өсімдік. Сабағы мен жапырағы түкті. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан.

Көлеңкелі, ылғалды жерлерде, орманда, бақта, жол бойында өседі. Биіктігі 1 м-дей. Көктемнің аяғынан бастап, жаз бойы гүлдейді. Қалақайдың барлық түрінің құрамында ақуыз, сондай-ақ К, С, В витаминдері, илік заттар және минералды тұздар , әр түрлі органикалық қышқылдар болғандықтан, ол тағам ретінде және медицинада пайдаланылады. Қалақай препаратын диабетпен ауырғанда, кептірілген жапырағынан жасалған қайнатындыны қақырық түсіру және асқазанды тазарту үшін ішеді. Жаңа жұлып алған жас жапырағын сүйелге жапсырады.




Жалбыз - еріндігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық тамырсабақты өсімдік. Және де бұл өсімдіктің басқа түрлерінен порфюмериялық, кондитерлік, гигиеналық мақсаттарға қолданылады.

Жалбыз қосылған шай жүрек ауруымен ауыратындарға,тамақтан уланғанда,асқазан –бауыр ауруы мен ауырғандарға, жүйке жүйесі бұзылғандарға өте пайдалы. Және бас ауырғанда,қатты ашуланғанда ішу керек. Жалбызды 1 стаканға 2-3 еуін салса жеткіліті. Жалбыз қосылған шайды: қан қысымы жоғары адамдарға,6 жасқа дейін толмаған балаларға, ішуге болмайды. Жалбыз қосылған шай адам ағзасын тазалайды.





~ ~




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет