7 оқу жылындағы істеген жұмыстарының жылдық есебі Біздің әдістемелік бірлестігінің мәселесі: «Сабақта оқытудың әдістерін түрлендіре отырып, білім сапасын арттыру»



Дата25.08.2017
өлшемі63,23 Kb.
#26910
Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің 2016-2017 оқу жылындағы істеген жұмыстарының жылдық есебі 


Біздің әдістемелік бірлестігінің мәселесі:
«Сабақта оқытудың әдістерін түрлендіре

отырып, білім сапасын арттыру»

Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінде 7 мұғалім жұмыс істейді.

Жыл басынан бері әдістемелік отырыстарда мынандай баяндамалар мен пікірталастар тыңдалып, слайдтар көрсетілді:

  1. «Оқушыларды алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйрету» 2015-2016 оқу жылының қорытындысы және 2016-2017 оқу жылына арналған тапсырмалар. (Сейтмағанбетова Ж.Б.)

  2. «Мектепалды даярлық тобында баланың логикалық ойлауын дамыту» Баяндама. (Арыстанова Г.Н.)

  3. «Ынтымақтастық ахуал /шаттық шеңбері/ немесе сабақта қолданылатын ойын түрлері» Слайд. (Елубаева С)

  4. «Қазақ тілі сабағында қызықты әдіс тәсілдер қолдану»Баяндама (Ахметова С.М.)

  5. «Енжар баламен жүргізілетін жұмыстар».(Калиева Г.Қ.)

  6. «Сабақта АҚТны қолдану» Іс-тәжірибе алмасу. (Басжанова Н.Н.)

  7. «Жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырма берудің тәсілдері» Слайд (Шәріпхан Б.)

  8. Жазғы сауықтыру лагерінің жұмыс жоспарын бекіту.

  9. 4 сынып оқушыларының білім, білік, дағдыларын тексеру қорытындысы. (Сейтмағанбетова Ж.Б.)

Биылғы оқу жылында бастауыш сынып мұғалімдерінен 1б сынып мұғалімі Елубаева С.Б. өзінің екінші санатқа аттестациядан өтті. Мұғалімге аттестациядан өткен соң қандай жұмыстар атқаратындығы және ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Барлық бастауыш сынып мұғалімдері өздерінің портфолиоларын жаңадан қайта істеді.

Жыл басынан бері мына мұғалімдер ашық сабақ өткізді:






Мұғалімнің аты-жөні

Сынып

Пән

Мерзімі

1

Калиева Г.Қ.

1а сынып

дүниетану

қараша

2

Шәріпхан Б

2сынып

ана тілі

қаңтар

3

Ахметова С.М.

3а сынып

математика

желтоқсан

4

Басжанова Н.Н.

3б сынып

литература

ақпан

5

Сейтмағанбетова Ж.Б.

4сынып

қазақ тілі

сәуір

6

Елубаева С.Б.

1б сынып

аппликация

сәуір

7

Арыстанова Г.

0 сынып

тіл дамыту

мамыр

Ашық сабақтар әдістемелік бірлестік отырыстарында талқыланды.

2016 жылдың тамыз айында Калиева Г.К. «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы мұғалімдердің білімін жетілдіру институтында «ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру» деген тақырыппен курстан өтті.

2016ж қараша айында бастауыш сынып мұғалімі Шарипхан Б. Үшінші /базалық/ деңгей курсынан өтіп, тест тапсырып қолына сертификатын алды.

2016 жылдың қараша-желтоқсан айларында Елубаева С.Б. «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы мұғалімдердің білімін жетілдіру институтында «ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру» деген тақырыппен курстан өтті.

2017 жылдың ақпан-наурыз айларында Сейтмаганбетова Ж.Б. «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы мұғалімдердің білімін жетілдіру институтында «ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру» деген тақырыппен курстан өтті. Яғни 12 жылдық 1-ші сыныптарға сабақ беретін болады.

Сейтмаганбетова Ж.Б. 2017 жылы Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы құрған «Мәңгілік ел ұстаздары» антологиясына үздік ұстаздар тізіміне енді және халықаралық білім мен ғылымды қолдау орталығынан арнаулы дипломмен марапатталды. Бұл антологияға мұғалімнің 30 жылдық еңбек өтілінде жеткен жетістіктері енді.

Әр тоқсанның соңында 1-4 сынып оқушыларының оқу жылдамдығына тексеру жүргізіліп қорытындысы оқу ісінің меңгерушісіне тапсырылды.

4-ші сыныпта оқу жылының басынан бері математика мен қазақ тілі пәндері бойынша тестпен жұмыстар жүргізіліп келеді. Дайындық тесттерге оқушылар 100 пайыз қатысып, жыл бойы білімдерін толықтырды. Жыл соңында сәуір айында болған мектептің аттестациясы кезінде 4-ші сынып оқушылары қазақ тілі мен математика пәндерінен тест тапсырып аудан бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, үздіктер қатарынан ілінді.

Сәуір айында бастауыш сыныптардың апталығы жоспарланған. Сол апталыққа дәстүрлі емес сабақтар жоспарланып, әр мұғалім керемет ашық сабақтар көрсетті: 18.04.2017ж. күні қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәні бойынша зерттеуге негізделген сайыс сабақ өтті. Бұл сабақтың ерекшелігі мұғалім сабақта деңгейлік әдіс-тәсілдерді көбірек қолданып мұғалім Сейтмаганбетова Ж.Б. өзінің әдістемелік тақырыбына сәйкес сабақта Маслоудың 7 модулін ықпалдастыра отырып, оқушыларды сыни ойлауға бағытталатын тапсырмалар қолданды. 19.04.2017ж. күні 2-ші сыныпта (мұғалімі Шарипхан Б) барлық пәндер бойынша «Әлсіз буын» деп аталатын зияткерлік сайыс сабақ өтті. Бұл сыныптағы ашық сабақтың өзіндік мәні мен мазмұны болды. 20.04.2017ж күні даярлық топ мұғалімі Арыстанова Г.Н. дүниетану пәнінен «Үй жануарлары мен үй құстары» атты сюжеттік-рөлдік ойын сабақ өткізді. Бұл сабақта балалар үй жануарларының рөліне еніп олардың қалай дыбыстайтынын, олардың төлдері қалай аталатынын, төлдерді не деп шақыратынын дыбыстарын нақышына келтіріп айтып, паровоз болып ән айтты, жануарлар туралы, олардан алынатын тағамдар туралы түрлі қызықты тапсырмалар орындады. 21.04.2017ж. күні 1-ші «б» сыныпта сауат ашу/обучение грамоте/ пәнінен (мұғалімі Елубаева С.Б.) «Составление рецепта салата» деген тақырыпта ашық шығармашылық сабақ өтті. Мұғалім тәтті жемістерді таныстырған соң, оқушы қыздың қалай салат жасаған бейнебаянын көрсетті. Содан соң оқушылар ең бірінші салат жасау үшін қандай ыдыстар қолдану қажеттігін айтып берді. Салат дайын болғанда мұғалім жұмыс істеген жерді қалай жинау керектігіне дейін үйретті, яғни оқушылар салат тураған тақтайшалар мен пышақтарды сүртіп орын орнына қойды. Сабақ соңында өздері істеген салатты жеп мәз болысты. 22.04.2017ж. күні 1а сыныпта «Қырандар» тобына қ әрпінен, «Тапқырлар» тобына т әрпінен басталатын сөздер тобын жазудан, жұмбақ шешуден, сурет құрастырудан, сұрақтарға жауап беруден, 10 есептің жауабын жылдам табудан т.б. сайыстар өткізді. 22.04.2017ж. күні 3б сыныптағы «Лидер ХХІ века» интеллектуалды-танымдық ашық сабақ өте жақсы, қызықты ұйымдастырылса да оқушылар көптеген сұрақтарға жауап бере алмады.

Қашықтық олимпиадаларына қатысқан мұғалімдер: Шарипхан Бакытнур КИО «бастауыш сынып» және «Үшінші деңгейді қайталаймыз» деген екі олимпиадаға қатысып сертификаттар алды. Сейтмаганбетова Ж.Б. КИО-ға «қазақ тілінен» қатысып, сертификат алды.

Сәуір айында өткен аймақтық ғылыми жобалар сайысында 4-ші сынып оқушысы Қасымова Дильназ (мұғалімі Сейтмаганбетова Ж.Б.) «Ұялы телефон мен құлаққаптың адам денсаулығына зияны» деген тақырыпқа ғылыми жобасын қорғап жүлделі 1-ші орынды жеңіп алып, облысқа жолдама алды.

Бастауыш сынып мұғалімдері Ахметова С.М, Сейтмаганбетова Ж.Б, Басжанова Н.Н. 2016-2017 оқу жылында мектеп тренері Абуова М.Қ. ұйымдастырған «Тәжірибедегі рефлексия» курсына қатысты. Тренер Абуова Маржан Қабыкенқызының біліктілігі мен білімділігінің, түрлі оқыту әдістерін меңгергенінің арқасында мұғалімдердің өзіне деген сенімдері мықты болды және оқыту мен оқуды меңгеруге жаңаша көзқарастары қалыптаса бастады. Осы курста өз білімдерін жетілдірген мұғалімдер келесі оқу жылында үйренген әдіс –тәсілдерін қолданатын болады.



Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістеме жетекшісі Сейтмаганбетова Жупар Баймукашевна Абай орта мектебі
Каталог: 8DD1E344ADDC75B1
8DD1E344ADDC75B1 -> Заттардың қасиеттері. Заттарды санау
8DD1E344ADDC75B1 -> Бекітемін: Келісемін: Әдістемелік кеңес отырысында Мектеп директоры: Оқу ісінің меңгерушісі: қаралды: Хаттама №
8DD1E344ADDC75B1 -> Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді
8DD1E344ADDC75B1 -> Сабақтың тақырыбы, түрі. Пән Мұғалімнің аты-жөні Сынып 1
8DD1E344ADDC75B1 -> Сабақтың типі : Бекіту сабағы Сабақтың түрі : Сайыс- сабақ; кіріккен. Көрнекілігі
8DD1E344ADDC75B1 -> Абай орта мектебінің 2015-2016 оқу жылындағы Әдістемелік жұмыстарының сараптамасы
8DD1E344ADDC75B1 -> Сабақтың тақырыбы Сабақтың міндеттері Оқушыларға функциялардың қасиеттерін
8DD1E344ADDC75B1 -> Мұғалімдердің Ұбт-ге дайындық жұмыстарының есебі 2014-2015 оқу жылы Қазақ тілі мұғалімі:Қойшыбаева Г.Қ
8DD1E344ADDC75B1 -> Семинарда өткізілген «Тіл тағдыры менің тағдырым»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет