7-сынып Мазмұны Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты 3



бет2/5
Дата23.12.2019
өлшемі206,03 Kb.
#54430
1   2   3   4   5
Байланысты:
sabaq-kz attachment soch.-tzhb-aza-tl-7-synyp...
91 эссе квал тестке

Оқылым

Тапсырма

Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз. [10]

А мәтіні

Тәні саудың - жаны сау
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз де білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты және өзі шыдамды болады. Біздің ата- бабаларымыз «Тәні саудың – жаны сау» - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен болса да айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.

Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай-ақ спортты мағынасына қарай жеңіл немесе ауыр, ұзын не қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Сондай-ақ Президентіміздің қолдауымен 2003 жыл – денсаулық жылы болып жарияланған. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде.

Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы да жарқын өмір сүруі қажет. Ол үшін ең алдымен ата-бабамыз айтып кеткендей: «Бірінші байлық – денсаулық. Екінші байлық – ақ жаулық. Үшінші байлық – он саулық» - демекші, ең алдымен саналы да жарқын өмір сүру үшін денсаулық қажет.

(169 сөз) https://surak.szh.kz/574424


  1. Кемеңгер Ибн Сина өз сөзінде не айтқысы келді? A. Әдетте, тәні сау адамның жаны да сау болады.

B. Спорт мағынасына қарай жеңіл немесе ауыр болады. C. Спорт түрі әркімнің өз таңдауына байланысты болады.

D. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты болады.

[1]


  1. Қазақстан халқының спортпен айналысатындығы қай абзацта айтылған? A. І

B. ІІ C. ІІІ D. ІҮ

[1]


  1. Халқымыз: «Бірінші байлық – денсаулық» - деген, сіз осы тұжырыммен келісесіз бе? Келісу немесе келіспеу себептерін 4-5 сөйлем арқылы жеткізіңіз.

[3]

Ә мәтіні


Қазақстанның дәрілік өсімдіктері
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өсімдіктерден алынған дәрілерге өте үлкен мән береді. Өйткені көптеген кедей мемлекеттер халықтарының дәріханалардан дәрілер сатып алуға шамалары жоқ. Сондықтан олар бұрынғыша емдеудің дәстүрлі әдістерін қолданады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) бағасы бойынша дүниежүзі халқының 80%-ы осындай жағдайда. Кейбір Азия мемлекеттерінде, мысалы Қытай, Жапония, Индия бұрынғыша қазіргі заманғы медицина жетістіктерімен қатар халық емшілерінің емдерін кеңінен қабылдауда.

Соңғы жылдары дамыған елдерде ауырған адамдардың көбісі табиғи жолмен алынған дәрілерді артық көре бастады. Мысалы, Жапонияда фармацевтикалық жолмен



алынған препараттарды сатып алу 2,6 есе өссе, табиғи жолмен алынған дәрілер 15 есе өсті. Қытайда 1993 жылы өсімдіктерден алынған дәрілер сатудың жалпы бағасы 2,5 млрд. доллар болды.

Америка Құрама Штаттарында дәрігерлердің жазған рецепттерінің 25%-ы өсімдік препараттары. Халықтың арасында сұрау жүргізгенде сол мәлімет берген адамдардың Голландияда және Бельгияда 60%, Англияда 74% қосымша медицинаны халықтың пайдалануға мүмкіншілігі болу керек деген. Қазақстанда дәріханаларда сатылатын қымбат дәрілердің 70-90%-ы шет елдерден әкелінген. Өз елімізде дәрілік өндірісті дамыту үшін әрине көп уақыт керек. Ол үшін медицинада дәрілік өсімдіктердің өздерін кеңірек пайдалану қажет.

(164 сөз) http://www.uniface.kz/index.php?post=article§ion=3&id=395


  1. Азия мемлекеттерінде қандай ем қолданады? A. медицина мен халық емін

B. дәстүрлі ем C. халық емін

D. медицина емін


2.Табиғи жолмен алынған дәрілерді тұтыну туралы ақпарат қай абзацта? A. ІІ, ІІІ

B. І, ІІ C. І, ІІІ

D. барлық абзацтарда
[1]

[1]


  1. Не себепті дәрілік өсімдіктерге сұраныс артып отыр? Мәтіннен бірнеше дәлел келтіріп, 4-5 сөйлеммен жауап беріңіз.

[3]





Жазылым
Төменде берілген тақырыптардың біріне тиісті құрылым мен стильді (ресми, бейресми) қолдана отырып, жазба жұмысын ( мақала, әңгіме) жазыңыз. Шамамен 100-120 сөз болуы тиіс.



    1. Атмосфераның ластануы туралы журналға мақала жазыңыз.

    2. «Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние» тақырыбында әңгіме жазыңыз.

[10]


Балл қою кестесі

Тыңдалым және айтылым





Балл

Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы

Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті

1

9-10

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді.

Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді.



Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды.

Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады.



2

7-8

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді.

Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді. Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан

қолдауды қажет етеді.



5-6

Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды.

Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады.

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады.

Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді.


3-4

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аздап түсінеді. Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады.

Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды.

Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін көрсете алмайды.



1-2

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте аз түсінеді. Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі

кездеседі.



Тақырыпты түсінуде қатты қиналады.

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды.

Талқылауға өте аз қатысады.


Оқылым



Жауап

Балл

1

С

1

2

В

1

3

Ықтимал жауабы: Келісемін, себебі ең алдымен саналы да жарқын өмір сүру үшін денсаулық қажет. /Оқушы жауабы

ескеріледі./



3

4

А

1

5

D

1

6

Ықтимал жауабы: Дәріханалардан дәрілер сатып алуға шамалары жоқ. Дәрілік өндірісті дамыту үшін /Оқушы

жауабы ескеріледі./



3

Барлығы

10

Жазылым




Балл

Сипаттамасы

1

9-10

Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары орынды қолданылған.

Ойын еркін әрі толық жеткізеді, күрделі әсерлерді жеткізе алады, техникалық қателерді жібермейді.



7-8

Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдары үйлесімді түрде қолданылған.

Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір техникалық қателер түсінуді қиындатпайды.






5-6

Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған.

Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер (мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жалпы әсерді бұзады.



3-4

Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарама

– қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді.

Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді.


1-2

Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған.

Сөздер кейде анық емес, техникалық және құрылымдық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.




*Тапсырма_түрлері'>Бөлім

Тақырыптар

Оқу мақсаттары

*Тапсырма түрлері

Балл

Тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормалары



Сүйіспеншілік пен достық

Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы



7.Т/А3. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу 7.Т/А2.Әлеуметтік-қоғамдық, оқу – еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас, жаңалық, ән, көркем әдеби шығармалардан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау 7.Т/А4.Мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау

7.ӘТН4.2. Еліктеу сөздердің стильдік мәнін түсініп қолдану



Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

10

Оқылым және әдеби тіл нормалары



7.О7. Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану, авторына сілтеме жасау

7.О4. Идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау 7.ӘТН2.Сөйлеу тіліндегі

интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану


Көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

10



Жазылым және әдеби тіл нормалары



7.Ж4.Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу. (дискуссивті эссе)

7.Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу.

7.ӘТН5.Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдану.


Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

10


2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Жиынтық бағалауға шолу 2-тоқсандағы жиынтық бағалаудың матрицасы

Ұзақтығы: 40 минут

Оқылым – 15 минут Жазылым – 25 минут

Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі Балл саны: 30

Тапсырмалар түрлері

Көп таңдауы бар сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: біріншісі - тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі - оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.



Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырмалар түрлері

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орындау уақыты, мин

Балл

1

7.Т/А3. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу 7.Т/А2.Әлеуметтік-қоғамдық, оқу – еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас, жаңалық, ән, көркем әдеби шығармалардан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау 7.Т/А4.Мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау

7.ӘТН4.2. Еліктеу сөздердің стильдік мәнін түсініп қолдану



Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жұппен орындалады. Білім алушыларға 120-150 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі, оқушы жеке отырып оқиды (немесе аудио арқылы тыңдатуға болады).

Білім алушылар мәтінді тыңдау немесе оқу барысында тақырыбын ашып, автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдап, мазмұндауда қолдануы қажет.

Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды. Дәл осылай екінші оқушы тапсырманы қайталайды. Бағалау екі оқушыға жеке-жеке қойылады. Тапсырма оқушының тыңдаған мәтінін көркемдегіш құралдар арқылы жеткізуін бағалайды.


Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-

5 минут беріледі)



10

2-4

7.О7. Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану, авторына сілтеме жасау

7.О4. Идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау 7.ӘТН2.Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану



Көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Мәтінді оқып, мазмұны негізінде берілген сұрақтарға жауап береді және мәтінге қатысты өз пікірін, көзқарасын 4- 5 сөйлеммен жазады.

Ғаламтор, энциклопедия, газет- журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану, авторына сілтеме жасайды.

Идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды.

Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс,



15

10
















логикалық екпіннің мәнін түсініп қолданады.







5

7.Ж4.Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе)

7.Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу 7.ӘТН5.Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдану



Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Білім алушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, 200-250 сөзден тұратын жазба жұмысын орындайды.

Жазылым жұмысында жанрлық, стильдік ерекшеліктерді ескеруі, көркемдегіш құралдарды орынды қолдануы, орфографиялық нормаға сай жазуы бағаланады.



25

10

Барлығы

40 минут

30

19


Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі

«Қазақ тілі Т1» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Тыңдалым мен айтылым Тапсырма

      1. Мәтінді оқып шығыңыз. Тақырыбын ашып, автор көзқарасын талдап, мазмұндауда қолданыңыз, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.

      2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз. [10]

1-мәтін

Бір айдаһар аюды қуып бара жатады. Мұны көрген аңшы батыр айдаһарды өлтіріп, аюды құтқарып алады. Аю өлімнен құтқарып алғаны үшін батырға шексіз алғысын білдіріп, аңшы қайда барса, соның артынан қалмай жүретін болады. Көрген елдің бәрі «Аю – жыртқыш аң. Абай бол!» – десе, аңшы: «Айдаһардан құтқарып алғаным үшін бұл аю менің адал, сенімді серігім болды», – дейді. Елдер: «Ақымақтың достығы жамандығынан да жаман. Сен аюға сенбе!» – десе, батыр: «Мұның бәрін қызғаныштан айтып отырсыңдар. Қарасаңыздаршы қандай сүйкімді! Бейшара аюдың мені қатты жақсы көретінін қалайша түсінбейсіңдер», – дейді. Ақымақтың махаббаты алдамшы болатынына сенбейді. Аюдан бас тарта алмайды.

Бір күні аңшы ұйықтап жатқанда, бір маса бетіне келіп қонады. Аю батырдың ұйқысын мазалап тұрған масаны қуып ұшырып жібереді. Маса ұшып-ұшып, қайтадан жігіттің бетіне келіп қонады. Мұны көрген аю әбден ызаланып, маса отырған жерге үлкен таяқ лақтырады. Сол кезде маса ғана емес, жақсы көрген аңшыны да өлтіріп жібереді. Осылайша жақсылық жасаймын деп, жақсы көргенді өлтіреді.

2-мәтін


(146 сөз) https://angimeler.wordpress.com/category

Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, түсінік, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс.

Достық адамдардың ең алдымен бір-біріне сенуінен басталады. Ол артқан сайын, достық та қатая түседі. Ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін дос санайтындар да бар, ол жалған достық – бірде бар, бірде жоқ.

Дос табу оңай, ал оны сақтау қиын. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Күнделікті өмірде көңіліңе шапағат сәулесін шашып, сенің төрт құбылаңды тең ететін айналаңдағы достарыңның басы бұзылмағаны қандай жақсы.

(141 сөз) http://baq.kz/kk/news/suhbat/


Тапсырма

1.Мəтінді оқып шығыңыз. Тақырыбын ашып, автор көзқарасын талдап, мазмұндауда қолданыңыз, көтерілген басты мəселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.



2.Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
1-мәтін

Белгілі зерттеуші Хайролла Жүзбасовтың пікірінше домбыра сөзі «дөпбұра»,

«дәлбұра», «дембұра» деген сөздердің тізбегі арқылы жасалған. Тағы бір болжамды этнограф Ерік Көкеев еңбектерінен табуға болады. Ғалымның пікірінше «том» деп түюлі жұдырық немесе қолдың саласы айтылады. Кейіннен бұл түбір ұяңданып «домға» айналған, «быра» тіркесі бір нәрсені шерту, тарту, дыбыс шығару деген мағына береді-мыс. Яғни домбыра сөзі

«қолдың саласымен немесе бес саусақпен шекті шерту» деген мағына береді.

Домбыраны түрлі жағдайда тартуға бола береді, үйде отырып та, түрегеліп тұрып та, шалқадан жатып та, ат үстінде де. Бұл айтылғандар, халық аралап жүрген домбырашылар үшін аса керекті жағдай. Халық күйшілерінің ат үстінде тұрып тартулары, шалқасынан жатып тартулары жайында ел аузында әңгімелер көп. Бірнеше күн бұрын кетіп қалып, екі-үш күннен кейін қайтып келіп, үйдің үстінде қалықтап жүрген Топан атты бүркітін түндіктің ашық жерінен көрген Дәулеткерейдің жақсы көрген қыранына арнап шалқасынан жатып тартып шығарған «Топан» күйі адам ыңғайына келе беретіндігін дәлелдейді.

(144 сөз)

© www.ZHARAR.com
2-мәтін

Ертеде бір хан қызының кедей жігітіне ғашық болғанын сезіп қалады да жігітті дереу дарға астырады. Күндердің бір күні егіз бала дүниеге келеді. Оны аңдыған мыстан кемпір егіз баланы көз көрмес, құлақ естімес, алыс жерге апарып, жап-жасыл үлкен бәйтерек басына ұлды батысқа, қызды шығысқа қаратып іліп кетеді. Сәбилердің көз жасы тамған бәйтерек солады, жүрегі тоқтаған нәрестелермен бірге ағаш та қуарады.

Қаңқу әңгіме халық арасында жата ма, оны естіген ана егізін іздеп жолға шығады. Жолдан шаршаған ана ағаш түбіне келіп, демалады. Құлағына күмбірлеген сарын естіледі. Қайдан шығатын әуен екенін білгісі келіп, ағаш үстіне шығып тыңдаса, жаңағы бәйтерек сынып кетеді. Ағаштың түбінен басына дейін іші қуыс екенін көреді. Екі басына бұтақтан бұтаққа керіліп қалған ішектерді көреді. Екі ішек самал желмен тербеліп, одан әуен шығады екен. «Егіз құлынымнан қалған жұрнақ осы болар» деп сол ағаштан аспап жасап алады. Батысқа қараған ішегі бостау, шығысқа қараған ішегі қаттылау керілген екен. «Астыңғы ішек – жіңішке дауысты қызым Зарлық, ал үстіңгі ішек – бос қоңыр дауысты ұлым Мұңлық болсын» деп екі ішекке ат қойып, домбырасын тартып, күй шығарып кеткен екен.

(172 сөз) http://bilimdiler.kz/muzika/10737-koneden-kelgen-aspap.html



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет