7-сынып Мазмұны Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты 3


Әлеуметтік желі — қауіп пе, қажеттілік пе?



бет4/5
Дата23.12.2019
өлшемі206,03 Kb.
#54430
1   2   3   4   5
Байланысты:
sabaq-kz attachment soch.-tzhb-aza-tl-7-synyp...
91 эссе квал тестке

Әлеуметтік желі — қауіп пе, қажеттілік пе?
«Internet World Stats» агенттігінің зерттеуіне сүйенсек, Қазақстанда 5,6 миллион адам әлеуметтік желілерді пайдаланады. Интернеттің осы бір құдіреті әлемнің ақпарат кеңістігінде оң әсер еткенімен, жас ұрпақтың келешегіне тигізетін зиянды екені айтылуда.

Қолы қалт етсе, әлеуметтік желіге шұқшиятын жеткіншектеріміздің кез келген уақытта алаяқтың арбауына түсіп қалуы өте оңай. Сайттарды шарлап, жағымсыз қылықтарға бой үйретеді. Әлеуметтік желілер - уақыт ұрлаушылар. Адамның желіге тәуелділігі сондай, бас алмастан отырып минуттардың, оның артынан сағаттардың қалай жылжып кеткенін байқамай да қалады. Мұның соңы қайда апарып соғады? Бір жағынан жан-жақты білімді ұрпақ өсіру үшін ғаламтор игілігін пайдаланбасқа болмайды. Екіншіден, уақытымызды үнемдейміз. Сонымен әлемді жаулаған әлеуметтік желі қазақ болашағына қауіп пе, қажеттілік пе?

Тілеуберді САХАБА

(120 сөз) http://edu.semgu.kz/data/2113/b9038c



Тапсырма

  1. Мәтінді оқып шығыңыз. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мəтіннен деректер келтіре отырып, дəлелді жауап беріп, өзгенің жауабымен салыстырып, талқылап, мазмұндауда қолданып, көтерілген басты мəселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан- жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.

  2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.


1-мәтін

Біз кімге айналып бара жатырмыз?

Дүниежүзілік сауда ұйымының талабы бойынша құрамдас елдер генетикалық түрлендірілген тағамдарды импорттауға шектеу қоймауға тиіс. Алайда айтып өткеніміздей, АҚШ пен Англия гендік модификациядан өткен өнімдердің өз елдерінде сатылуына шек қойып отырады. Сол секілді, Ресей ғалымдары да бір елді-мекен тұрғындарына Қытайдың трансгенді өнімдерін ғана беріп отырып, екі жыл бойы бақылау жүргізген. Ауыл тұрғындары таза органикалық өнімдермен тамақтанған көршілес ауыл тұрғындарымен салыстырғанда, ас аллергиясына көп ұшырағыш болып кеткені анықталғанға ұқсайды...

Ал енді қазаққа гендік модификациядан өткен өнімді тұтынудың қажеті қаншалық? Кең байтақ жері бар, суы бар, күні де жылы, мал өсіріп, егін егуге қолайлы территорияда тұратын 16 миллион халық жасанды тағамға зар болып отыр ма?

Қытай ғалымы Лао-Цзы: «не жесең, соған тартасың» деген екен. Адамның қандай малдың етін көбірек жесе, мінезі соған ұқсап кететінін басқа ғалымдар да дәлелдеп баққан. Ал расында, жануарлардың гені қосылған жемістер мен көкөністерді жеу бізді жылқы мінезімізден алыстатып жібермей ме?..

(139 сөз) http://alashainasy.kz
2-мәтін

Біз не жеп жүрміз?

Еліміздегі көгөніс, жеміс-жидектердің басым бөлігі шет елдерден әкелінетіні бәрімізге аян. Олардың сырт пішіні өзгергені, сақталу мерзімінің ұзақтығы бірден көзге түседі. Күнделікті тұтынып отырған халық та сұрамай сатып ала беретін қызанақ үйде де, базарда да тастай болып қатып жата береді. Бұзылмайды. Ал өзіміз өсірген қызанақ екі-үш күннен кейін босап, жарамсыз болып қалады. Жүзімнің өзін алсаңыз, әдеттегі табиғи көлемінен екі есе үлкейіп, картоппен бірдей. Тіпті, осы күнгі шұжық, котлет дегендердің құрамында мүлде ет болмайды. Ол кәдімгі шетелдің соясы, еттің дәмін келтіретін түрлі қоспалардан жасалады. Мұндай өнімдерді ғылыми теорияда«гендік модификацияланған организмдер» (ГМО) деп атайды. Бүгінде әлемдік нарықты гендік инженерияның жемісі – гендік модификацияланған организмдер мен өнімдер (ГМО) жайлап келеді. Сыртқы саудаға есігі ашық ел ретінде бұдан біздің ел де тысқары қалып отырған жоқ. ГМО деген атынан үріккеніміз болмаса, оның қандай болатынын, пайда-зияны қаншалық екенін қарапайым халық әлі біле бермейміз.


(134 сөз) http://massaget.kz/

Оқылым

Тапсырма

Берілген сұрақтарға жауап беріңіз. [10]


А мәтіні

Достығымыз әлемге әйгілі
Қазақстан көпұлтты Республика екені бұрыннан белгілі. Кеңестік дәуірде ҚСРО- дағы жалғыз интернационалды ел аталғанымыз тегін емес. Ежелден бауырмал, қайырымды қазақ халқы тағдыр-тәлкегіне ұшырап, әлемнің әр тарапынан келген ұлттарды жатсынбай, оларды туған-туыстарындай жақсы көрді. Міне, сондықтан, қазір Қазақстан көпұлтты мемлекет атанып отыр. Дәл Қазақстан сияқты ұлттар достығы өнеге, халықтар достығы үлгі – дүниежүзінде ел жоқ. Біздегі халықтың ынтымақ, бірлігіне, жарастығына тәнті болған шетелдік саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері «Қазақстаннан үйрену керек» дегенді жиі айтады. Барлық ұлттардың терезесі тең, мүдде-мақсаты бір және олардың еркін еңбек етуіне, кәсіппен шұғылдануына, саясатпен айналысуына барлық жағдай жасалған ғой. Ең ерекшелік сол – кейбір ұлт өкілдерінің балалары мектепте өз ана тілінде оқиды. Мысалы, Ресейде мұндай үрдіс жоқ.

Қазір адал еңбектерінің арқасында кәсіппен шұғылданып, байып жатқан отбасылар көбейіп, қауымға айнала бастаған ұлт диаспоралары бар. Ұлттық салт-дәстүрлерін сақтап, өз діндерін ұстанып, бір шаңырақ аясында тату-тәтті өмір сүріп жатқан халық тек Қазақстанда жасап жатыр. Бұған әрине, қуанасың және мақтанышпен айтасың. Осындай ел бірлігі мен тұтастығы жолында өз бағдарламасы мен мақсаты бар Қазақстан Халық Ассамблеясының жұмысына дүниежүзі риза десек артық айтпаймыз. Әрине, оның басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрғаны айтпаса да түсінікті.

Бақытхан Дәулетбақов,

ғылым докторы


(176 сөз) http://kazgazeta.kz/?p=26787

  1. Қазақстан Республикасының ерекшелігі қандай?

  2. A. достығы сақталмаған халық

B. достығы үлгі болатын ел

C.өзге тілді мектебі жоқ мемлекет

D. достығы талқыланатын ел

[1]


  1. Ұлт қауымдастығы туралы айтылған абзацты белгілеңіз. A. І

B. ІІ

C. Екеуінде де

D. Ешқайсысында

[1]


  1. Қазақстан ұлттық қауымдастықтардың дамуына ерекше ықпал ететін ел, сіз осы тұжырыммен келісесіз бе? Келісу немесе келіспеу себептерін 4-5 сөйлем арқылы жеткізіңіз.

[3]

Ә мәтіні


Кең байтақ еліміз – Қазақстанда 120-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл деген қазақ халқының ұлылығынан, кеңдігінен, кеңпейілділігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар.

Қазақ осы – айтатұғын желге сыр, О, ағайын, халық емес ол кесір.

Қазақ осы – аңғал-саңғал жабусыз, Қазақ осы – ағыл-тегіл, көл-көсір. Қазақ осы – дала дейтін, күн дейтін, Қазақ осы – өнер алды тіл дейтін.

Қазақ осы – қарасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін, - деп Қадыр Мырзалиев ағамыз жырлағандай, ұлы қазақ даласында басқа да ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Сонымен қатар, олардың әрқайсысының қайталанбас діни және материалды мәдениеті, тарихы, салт–дәстүрі бар.

Қазақ Халықтарының Ассамблеясы Президенттің жарлығы бойынша 1995 жылы 1 наурызда құрылған. Ассамблея ұлтаралық достықты сақтау, мемлекеттік саясатпен ұштастыру, бірыңғай шешім қабылдауды қарастырады.

1990 жылы басталған халықтардың ұлттық салт-дәстүрлерін қалыптастыру жұмысына байланысты Қазақстанның түкпір-түкпірінде 352 бөлімшелер бар, 27 республикалық және аймақтық ұлттық мәдени бірлестіктері ашылды.

Алғаш рет республикалық көлемде кәріс, неміс, поляк, ұйғырлардың съездері болды. Татарлар мен башқұрттардың құрылтайы, өзбек, ұйғыр, түрік, дүнген, күрт, немістердің мәдени фестивальдары болып, онда олардың мәдени күндері белгіленген.

Міне, осы шаралардың арқасында көп ұлтты қазақ халқының экономикасы жақсарып, халық саны өсіп, түнгі ұйқылары тыныш болуда.

(180 сөз) http://bilimdiler.kz/bastaush/13232-ulttar-dostygy.html


  1. Өлең үзіндісінде қазақ халқының ұлылығын, кеңдігін, кеңпейілділігін қалай көрсеткен? A. Қазақ осы – өнер алды тіл дейтін.

B. Қазақ осы – дала дейтін, күн дейтін. C. Қазақ осы – ағыл-тегіл, көл-көсір.

D. Қазақ осы – айтатұғын желге сыр.

[1]


  1. Қазақстан Халықтарының Ассамблеясының атқарған жұмыстары туралы ақпараттар қай абзацта айтылған.

A. I-V B. IV-V C. І-ІІ D. ІІІ-ІV

[1]


  1. Қазақстан көп ұлтты ел болғандықтан экономикасы жақсарып, халық саны өсіп, түнгі ұйқылары тыныш болуда, сіз осы тұжырыммен келісесіз бе? Келісу немесе келіспеу себептерін 4-5 сөйлем арқылы жеткізіңіз.

[3]





Жазылым
Төменде берілген тақырыптардың біріне тиісті құрылым мен стильді (ресми, бейресми) қолдана отырып, жазба жұмысын ( мақала, әңгіме ) жазыңыз. Шамамен 120-150 сөз болуы тиіс.

[10]


    1. Қолындағы телефонға шүйлігіп, балабақшадан ертіп келе жатқан қызына көңіл бөлмеген әкесіне сөзін жеткізе алмаған бала: «Құдай мені телефон қылып жаратқаныңда ғой. Әкем маған ғана қараушы еді» - деп іштей жалбарыныпты.

«Әлеуметтік желінің әлегі» - деген пікірді жоққа шығарып немесе жақтап, сюжетті әңгіме жазыңыз. Әлеуметтік желінің пайдасы немесе зияны туралы дәлел келтіруге тырысыңыз. Өз көзқарасыңызды бір жақты ұстаныңыз.

    1. Дүкен сөрелеріндегі гендік өзгеріске ұшыраған тағамдарды тұтынушылар – өзіміз, біздің жақындарымыз.

Сіз күнделікті өмірде осы жайтқа куә болып жүрсіз. Айналаңыздағылар да бұған мән бермейтінін байқайсыз. Олардың санасына ұлттық табиғи өнімдердің пайдалы екенін ескертіп, өз пікіріңізде нақты дәлелдерді пайдалана отырып, өз сыныптастарыңызға арнап мақала жазыңыз.
Балл қою кестесі

Тыңдалым және айтылым





Балл

Грамматика мен лексиканы

дұрыс қолдануы



Сұрақты түсіну мен толық жауап

беру қабілеті



1

9-10

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді.

Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді.



Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды.

Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады.



2

7-8

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді.

Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді.



Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді.

Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.



5-6

Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын орташа түсінеді.

Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды.



Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады.

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады.

Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді.


3-4

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аздап түсінеді.

Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады.



Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды.

Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін көрсете алмайды.






1-2

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте аз түсінеді.

Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.



Тақырыпты түсінуде қатты қиналады.

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды.

Талқылауға өте аз қатысады.


Оқылым



Жауап

Балл

1

В

1

2

В

1

3

Ықтимал жауабы: Елімізде қауымға айнала бастаған ұлт диаспоралары бар. Олардың ішінде адал еңбектерінің арқасында кәсіппен шұғылданып, байып жатқан отбасылар көп. Ұлттық салт-дәстүрлерін сақтап, өз діндерін ұстанып, бір шаңырақ аясында тату-тәтті өмір сүріп жатқан халық тек

Қазақстанда жасап жатыр. /Оқушы жауабы ескеріледі./



3

4

С

1

5

B

1

6

Ықтимал жауабы: Қазақстан көп ұлтты ел болғандықтан экономикасы жақсы. Оған себеп, әр түрлі ұлттар әр түрлі жеке кәсіптермен айналысады. Халық саны өсіп, түнгі ұйқылары тыныш болады. /Оқушы жауабы

ескеріледі./



3

Барлығы

10

Жазылым




Балл

Сипаттамасы

1

9-10

Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары орынды қолданылған.

Ойын еркін әрі толық жеткізеді, күрделі әсерлерді жеткізе алады, техникалық қателерді жібермейді.



7-8

Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдары үйлесімді түрде қолданылған.

Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір техникалық қателер түсінуді қиындатпайды.



5-6

Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған.

Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер (мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жалпы әсерді бұзады.



3-4

Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарама – қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді.

Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді.






1-2

Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған.

Сөздер кейде анық емес, техникалық және құрылымдық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.



4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Жиынтық бағалауға шолу 4-тоқсандағы жиынтық бағалаудың матрицасы

*Тапсырма_түрлері'>Бөлім

Тақырыптар

Оқу мақсаттары

*Тапсырма түрлері

Балл

Тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормалары



Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым
Ғылыми фантастика

7.Т/А1.Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау

7.Т/А5. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау 7.Т/А3 Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу 7.ӘТН2.Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану 7.ӘТН4.4. Одағай түрлерін ажырата білу, қолдану



Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

10

Оқылым және әдеби тіл нормалары



7.О1.Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау

7.О6.Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу

7.О2 Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану

7.О5. Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру 7.ӘТН4.3. Шылау түрлерін ажырата білу, орынды қолдану



Көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

10



Жазылым және әдеби тіл нормалары



7.Ж3.Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу 7.Ж2.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу

7.Ж4.Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің



Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

10







оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе)

7.Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу 7.ӘТН1. Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу









Ұзақтығы: 40 минут Оқылым – 15 минут Жазылым – 25 минут

Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі Балл саны: 30



Тапсырмалар түрлері

Көп таңдауы бар сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: біріншісі - тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі - оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.

38

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырмалар түрлері

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орындау уақыты, мин

Балл

1

7.Т/А1.Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау

7.Т/А5. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау 7.Т/А3 Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу 7.ӘТН2.Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану 7.ӘТН4.4. Одағай түрлерін ажырата білу, қолдану



Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жұппен орындалады. Білім алушыларға 120-150 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі, оқушы жеке отырып оқиды (немесе аудио арқылы тыңдатуға болады).

Білім алушылар мәтінді тыңдау барысында проблемаларды анықтап, көзқарастарды ажыратуы тиіс. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беруі, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстырып, талқылап, мазмұндауда қолдануы қажет. Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды. Дәл осылай екінші білім алушылар тапсырманы қайталайды. Бағалау екі білім алушыларға жеке-жеке қойылады. Тапсырма білім алушылардың тыңдаған мәтінін көркемдегіш құралдар арқылы жеткізуін бағалайды.



Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі)

10

2-4

7.О1.Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау

7.О6.Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу

7.О2 Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану

7.О5. Мәтін бойынша



Көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Мәтінді оқып, мазмұны негізінде берілген сұрақтарға жауап береді және мәтінге қатысты өз пікірін, көзқарасын 4-5 сөйлеммен жазады.

15

10





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет