7 тақырып. Сақтандыру нарығы және оның ерекшеліктері



Дата17.12.2019
өлшемі46,81 Kb.
#53669
Байланысты:
7 тақырып

7 тақырып.

Сақтандыру нарығы және оның ерекшеліктері
1.1 Сақтандырудың мәні, функциялары және сыныпталуы

Қаржы нарығының ең маңызды салаларының бірі – сақтандыру нарығы. Сақтандыру дегеніміз - екі жақ тәуекелге бара отырып, бір жағы екінші жағын сақтандыруға келісімін береді. Сақтандыру адамдарды әр түрлі қауіп-қатерлер мен апаттардың залалдарынан қорғаудың бұрыннан келе жатқан әдісі. XVIII ғасырдың ортасында-ақ мүліктер мен жеке бастарды сақтандырудың 100-ден аса түрін жүзеге асырып үлгірген көптеген кәсіпқой сақтандыру қоғамдар пайда болды.

Әлеуметтік-экономикалық кеңістік болып табылатын сақтандыру нарығында сақтандыру қызметін қажет ететін сақтандырушылар, олардың талаптарын қанағаттандырушы сақтандырушылар (сақтандыру компаниялары), сақтандырушы делдалдар мен сақтандыру инфрақұрылымдарының ұйымдары (консалтингтік фирмалар және т.б.) әрекет етеді. Оны құрудың негізіне күтпеген жағдайларда қолайсыздыққа ұшырағандарға ақшалай жәрдем көрсетудің ұдайылылығын үздіксіз қамтамасыз етіп отыру қажеттігі жатады.

Сақтандыру нарығы сақтандырылушы мен сақтандырушының арасына тығыз байланыс орната отырып, сақтандырудың нәтижесіне байланысты экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығын қамтиды. Бұл нарықта сақтандыру қызметін жалпылама танып білу жүзеге асырылады да, оның өмір сүруінің негізгі экономикалық зандары ретінде құн заңы мен сұраныс және ұсыныс заңдары алынады. Сақтандыру нарығы тауар шаруашылығы қалыптасуының барысында құрылатындықтан екеуінің де пайда болуының шарты ретінде еңбектің қоғамдық бөлінуі мен әр түрлі жеке меншік иелері - ерекшеленген тауар өндірушілердің болатындығы есептелінеді. Бұл нарық нарықтық қатынас субъектілерінің дербестігін, сақтандыру қызметіндегі сатып - алу, сатуға байланысты серіктестіктің тепе-теңдігін қарастырады.

Сақтандырудың мән-мағынасына қарай отырып, сақтандыру нарығының мына төмендегідей негізгі міндеттерін бөліп көрсеткен дұрыс:


  • реттеуші - нарық, басқалар сияқты мемлекет тарапынан реттеліп отырады;

  • коммерциялық - сақтандыру операцияларын жүзеге асырудан түсетін табыстарды қамтамасыз етеді;

  • бағалық - компанияның сақтандыру қызметінің бағасын белгілеуді қамтамасыз етеді;

  • сенімділік функциясы - сақтандыру операциялары қолайсыз, тағы басқа жағдайлар туындағанда сенімділікті қамтамасыз етеді.

Сақтандырудың мына төмендегідей түрлері бар:

1) салалық белгісі бойынша:

- өмірді сақтандыру нарығы (бұған сондай-ақ ұзақ мерзімді сақтандырудың барлық түрлері: зейнетақы, денсаулық сақтау, некелесу, аннуитет және басқалар да жатады);

- мүліктерді сақтандыру нарығы;

- жауапкершілікті сақтандыру нарығы;

- бақытсыздық жағдайлардан сақтандыру нарығы;

2) ауқымы жағынан:

- ұлттық;

- аймақтық;

- халықаралық.

3) сақтандыру индустриясының ұйымдастыру-құқықтық түрлеріне байланысты:

- мемлекеттік сақтандыру;

- акционерлік коғамдар жүргізетін сақтандыру;

- сақтандыру қорларын сәйкесінше құрайтын өзара сақтандыру.

4) жүзеге асырылу түрлері бойынша:

- міндетті;

- ерікті.

5) объектілері бойынша:

- жеке;

- мүліктік.



Міндетті түрде - заңдық актілердің талап ету күшіне сай жүзеге асырылатын сақтандыру. Азаматтың өмірін немесе денсаулығын ешқандай зандық актілерімен, келіссөздермен сақтандыруға күштеп мәжбүр етуте жол жоқ. Міндетті түрдегі сақтандыру ерікті түрдегі сияқты келісім негізінде жүзеге асырылады. Міндетті түрдегі сақтандыру келісімі сақтандырушымен сақтандырудың нақты осы түрін жүзеге асыруға лицензиясы болған жағдайда ғана жасалады.

Ерікті түрде - екі жақ бірдей ерік білдірген жағдайда жасалатын сақтандыру. Заңға қайшы келмейтін кез келген азаматтық мүдде немесе занды тұлғаның мүддесі сақтандырудың объектісі болып табылады. Міндетті түрдегі сақтандырудың ерікті түрдегі сақтандырудан айырмашылығы - келісімнің мерзімі шектеулі болып келетіндігінде, сақтандыру жарналарын төлегеңде ғана жүзеге асырылатындығында.

Міңдетті түрдегі мен ерікті түрдегі сақтандырудың үйлесімділік табуы қоғамдық өндіріс пен халықтың сақтану жағынан қорғалуын қамтамасыз ететін жүйе құруға мүмкіндік береді. Өйткені сақтандыру әрекеті қандай болған жағдайда да көптеген жандардың мүддесін қорғайды.

Жеке сақтаңдыру. Азаматтардың өмірі, денсаулығы мен еңбекке жарамдылығы жеке сақтандырудың объектілері болып табылады. Мүліктік сақтандыруды өздеріне тиесілі немесе жалға алған меншіктеріне тікелей немесе жанамалай зиян келтірмеу мақсатымен жекелеген адамдар мен шаруашылық субъектілері жүргізеді. Мүліктік сақтандырудың объектілері болып жер бетіндегі, әуедегі және су көлігі, жүктер мен басқа да мүліктер, сондай-ақ қаржылық тәуелділік саналады.

Мемлекеттік сақтандыру жағдайында сақтандырушы мемлекеттік ұйым болып есептелінеді де, ол заңдар арқылы реттелініп отырады. Ол сақтандырудың барлық түрлеріне мемлекеттің үстемділігі болғанда, мемлекеттік сақтандырудың тек жекелеген түрлеріне үстемдігі болғанда немесе сақтандырылуға ешқандай да мемлекеттік үстемділік болмаған жағдайларда жүзеге асырыла береді.

Акционерлік сақтандыру - жеке байлығы аз құрылтайшыларға ақшалай ресурстарды өздеріне тарту арқылы сақтандыру операцияларын жүргізуді тездетуге мүмкіндік беретін акциялар бойынша өзінің жарғылық капиталын құрайтын акционерлік қоғамдар сақтандыру қызметінің сақтандырушылары ретінде танылатын түрі. Бұл жағдайда ашық және жабық түрдегі акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестік бастапқы капиталды құраудың тәртібіне сәйкес өзгешеленеді. АҚ-ның мұндай түрлері бүкіл әлемдік іс-тәжірибеде бар. Қазақстанда акционерлік қоғам түрінде сақтандыру ұйымын құру заңмен анықталған.

Өзара сақтандыру - өзара көмек беруді қамтамасыз етуге бастайтын қауіпсіздікті сақтаудың түрі. Бұл ретте сақтандырылушы сақтандыру қоғамының мүшесі де болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңында сақтандырудың трансшегаралық деп аталатын түрі де қарастырылған. Трансшегаралық сақтандыруда сақтандыру сыйақысы республикада да, одан тыс жерлерде де жүргізіле береді. Сақтандырудың мұндай түрін жүргізудің шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңымен және республикамызда бекітілген келісімдермен анықталады. Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдық-резидентінің өзі қабылдаған сақтандыру тәуекелін қайтадан сақтандыру үшін елден тыс жерлерге беру - қайта сақтандыру ұйымының ҚР резиденті еместерге тікелей немесе ҚР сақтандыру брокер-резиденті арқылы, егер осы ұйымдардың рейтингісі болған жағдайларда берілуі жүзеге асырылуы мүмкін.


1.2 Қазақстандағы сақтандыру нарығының құрылымы және негізгі қатысушылары

Қазақстаңдық сақтандыру нарығының құрылымы оған қатысушылар мен сақтандыру салалары арқылы көрсетілген.

Аталған нарықтың қызметі ҚР Конституциясына, ҚР Азаматтық кодексіне, «Сақтандыру қызметі туралы» Заңға негізделген нормативтік-құқықтық актілермен, сондай-ақ ҚР басқа да нормативтік-құқықтық актілерімен реттеледі.

Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, сақтандыру агенті, сақтандырушы, сақтандырылған, табыс табушы, актуарий, өкілеттілігі бар аудиторлық ұйым (өкілеттігі бар аудитор), өзара сақтандырушыға байланысты басқа да жеке және заңды тұлғалар сақтандыру нарығына қатысушылар болып саналады.

ҚР-дың сақтандыру нарығында сақтандыру қарым-қатынасының мына төмендегідей қатысушылары бөлініп шығады:


(сақтандырушылар) компаниялары;

  • келтірілген зиянды сақтандыру операцияларына таратып

отыруды, сақтандыру нарығының қаржылық тұрақтылығын жалпы түрде қамтамасыз етуші қайта сақтандыру компаниялары;

  • сақтандыру қызметтерін сақтандырушы мен

сақтандырылушының арасында ретке келтіріп отыратын сақтандыру сарапшылары;

  • сақтандыру инфрақұрылымының ұйымдары. Сақтандыруға

бақылау жүргізуші өкілетті мемлекеттік орган ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлексттік реттеу және қадағалау агенттігі болып табылады. (ары қарай агенттік).

Оның сақтандыруды реттеп отыру саласындағы негізгі міндеттері:



  • елде тұрақты сақтандыру жүйесін құрып, оған қолдау көрсету

және ұлттық сақтандыру нарығының инфрақұрылымын орнықтыру;

сақтандыру түрлерін, республиканың сақтандырудың халықаралық жүйесіне қатысты қағидаларын белгілеу;

  • сақтандырушылардың, сақтандырылғандардың және пайда

табушылардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау.

Агенттікке ҚР заң актілерінде тікелей қарастырылғандардан басқа жағдайларда сақтандырушы ұйымдар мен сақтандыру брокерлерінің қызметіне араласуға тыйым салынады.

Сақтанушы - сақтандырушымен сақтандыру келісімін жасайтын тұлға. Заңды және жеке тұлғалар, коммерциялық емес мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, шағын және орта бизнес, ірі өндіріс кәсіпорындары, қаржы институттары және басқалар сақтанушылар бола алады. Сақтанушыға сақтандырушыны өз еркімен де, сақтандырудың міндетті түрлері бойынша да таңдауға ерік беріледі. Оған өзіндік ерекшелігі бар қызметке ұқсас сақтандыру компаниясының қызметі ұсынылады. Сақтандыру келісімшартына сәйкес сақтандырушы сақтану жағдайы туындағанда сақтанушыға жәрдем көрсетудің кепілі болып саналады. Келісімшарт сақтанушының қажетті шарты ретінде есептеледі. Өйткені сақтандырушының қорында шоғырланған көптеген тәуекел жарналарды сақтандырушы бизнесте игеру оңай.

Сақтандыру агенттері мен брокерлер дамыған сақтандыру нарығына белсенді түрде қатысушылар болып саналды.

Сақтандыру агенті - өзіне берілген өкілдікке сәйкес сақтандыру ұйымының атынан және оның тапсыруы бойынша сақтандыру келісімшарттарын жасауға делдалдық ететін жеке немесе занды тұлға.

Сақтандыру брокері - сақтандыру мен қайта сақтандыру мәселелері бойынша кеңес беруді өз атынан және сақтандырушының тапсыруы бойынша немесе өз атынан келісімшарттар жасауды жүзеге асыруға делдалдық ететін заңды тұлға.

Кез келген мемлекеттің заңында брокерлік қызметтің лицензиялануы көрсетілген, осы қызметтің тәртібі мен шарттары, брокердің атқаратын ісі, кұқығы мен міндеті анықталған. Сақтандыру брокерінің құрылтайшылары мен қызметкерлері бір мезгілде сақтандыру ұйымының лауазымдық қызметін атқара алмайды. Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңы бойынша сақтандыру брокері болып саналмайтын сақтандыру ұйымына немесе оның қызметкерлеріне, сондай-ақ резидент емес ұйымдарға сақтандыру брокерлігін құруға және қызмет етуге қатысуына рұқсат етілмейді. Оның үстіне Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокеріне республика аумағында филиалдар мен өкілдіктер ашуға да рұқсат жоқ.

Қазақстанның заңдық тәжірибесінде тұңғыш рет актуарийлік қызмет деген түсінік ендіріліп отыр. Актуарий - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттігі және қаржылық тұрақтылығының қажетті деңгейін қамтамасыз ету мақсатымен сақтандыру және қайта сақтандырудың келісімшарты бойынша міндеттемелердің мөлшерін экономикалық-математикалық есептеулермен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға. Актуарийдің негізгі міндеті компанияның өзіне алған міндеттемесін орындауды жеткілікті түрде қамтамасыз ете алатын төлем қабілеттігі деңгейін бір қалыпта ұстауға арналған ұсыныстар дайындау болып табылады.

Актуарий болып қызмет атқаруға ҚР Ұлттық банкі берген лицензиясы бар жеке тұлға құқылы. Оған ие болу үшін «Сақтандыру туралы» Занда көрсетілмеген, құқықтық-нормативтік актілерге сілтеме жасалынатын біршама шарттар қажет. Актуарийдің қызметі сақтандыруды қамтамасыз ету процесінің барлық құрастырушыларының мониторингісі мен сақтанушының алдындағы міндеттерге байланысты резервтердің жеткіліктігі үшін сақтандыру ұйымдарын үнемі тексеріп отыруды қарастырады.

Өкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясының негізінде сақтандырушы және қайта сақтандырушы ұйымның аудиті бойынша қызмет ететін аудитор немесе аудиторлык, ұйым сақтандырушы нарығының кәсіпқой қатысушысы бола алады. КР «Сақтандыру қызметі туралы» Заңы бойынша сақтандыру ұйымдары әр жыл сайын өзінің жұмысына аудит жүргізіп, оның қорытындысын шығарып отыруға және көшірмесін ҚР Ұлттық банкіне тапсырып отыруға тиіс. Міндетті сыртқы аудитпен қатар сақтандыру компаниясының заң бойынша өзінің құрылымында лицензиялауға жатпайтын ішкі аудит қызметі де болуы тиіс. Ішкі аудит компанияның ішкі саясаты бойынша анықталады, бірақ бұл жағдайда өкілетті мемлекеттік органның талаптары да ескеріледі. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының құрылымы 21 суретте көрсетілген.

Өзара сақтандыру қоғамы - Қазақстанның қаржы нарығына жаңадан қатысушы сақтанушылар бірлестігі. Оның қызметі «Сақтандыру қызметі туралы» Заңмен және ҚР Азаматтық кодексінің «Өзара сақтандыруының» 845-бабымен реттеліп отырады. Ол өзінің мүшелерінің мүліктері мен мүліктік мүдделерін сақтандырады, бірақ жұмыс істеу тәртібі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін белгіленген талаптарға сәйкес жүргізілетін коммерциялық ұйым емес.

Сақтандыру пулы - белгілі тәуекелдіктерді бірлесе отырып сақтандыратын сақтандыру компанияларының бірлестігі. Оның жұмысы бірлесе сақтану қағидасы бойынша құрылады. Әрбір компания пулға сақтандырылған тәуекелдіктерін қосады, пулда жинақталған жарналардан (сыйлықтардан) белгілі үлесін алады, ал шығындар болатын болса, соншалықты көлемдегі үлесін де төлеп отыруға жауапты. Пулдар шетелдерде авиациялық, атомдық, әскери тәуекелдіктерді, жауапкершіліктерді т.б. сақтандыруларда кеңінен тараған.



Сурет 1 – Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының құрылымы


«Қазақстан» сақтандыру пулы энергетикалық, инвестициялық, жауапкершілік және т.б. ірі тәуекелдерді сақтандыру үшін сақтандыру индустриясының бастапқы кезеңінде кұрылған болатын.

Қазақстан нарығының сақтандыру кұралдарына көз жүгірте отырып, оның кұрылымының қандай болатындығын төмендегіден (21-сурет) көруге болады.

Қазақстан Республикасында нарықтың негізгі екі түрі орын алған. Олар: өмірді сақтандыру мен жалпы сақтандыру. Мұнымен қатар міндетті және ерікті сақтандыру топтары ерекшеленіп отыр. Бізің елімізде «Сақтандыру қызметі туралы» Заңға сәйкес міндетті сақтандырудың сыныптары айтылмайды. Бұл ретте әрбір түр сақтандырудың жеке тобы болып табылады. Сақтандырудың міңдетті түріндегі әрбір сыныптың мазмұны және оны өткізу шарты жөніндегі қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттеуші заң актілерімен бекітіледі. Бүгінгі күнге дейін міндетті түрде сақтандырудың төмендегідей 5 қаулысы бар: автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі (АҚЖ); тасымалдаушының жолаушылар алдындағы АҚЖ-сы; ауыл шаруашылығы өндірісін міндетті түрде сақтандыру; жеке нотариустардың АҚЖ-сы; соттар мен олардың мүліктерін, медициналық қызмет пен санаторий-курорттық елдерді міндетті түрде мемлекеттік сақтандыру.

1.3 Шет елдерде сақтандыру нарығын ұйымдастыру принциптері және ерекшеліктері

Шет елдерде сақтандыру нарығын ұйымдастырудың келесідей принциптері қалыптасқан:

- капиталды шоғырландыру, ірі сақтандыру монополияларын құру;

- халықаралық қайта сақтандыру пулдарын, халықаралық сақтандыру (қайта сақтандыру) компанияларын құру, халықаралық қайта сақтандыру келісімдерін жасау арқылы сақтандыру нарығын интернационалдандыру. Еуропада, мысалға, Еуропалық сақтандыру комитеті бар, бүгінгі күнде оның құрамына 30 мемлекет кіреді. ЕСК-нің түпкі мақсаты біртүтас Еуропалық сақтаңдыру нарығын құру болып табылады;

- біртүтас Еуропалық сақтандыру комитеті болжайды:

- Еуропалық Қауымдастықтың барлық елдерін қамтитын біртұтас сақтандыру нарығын қалыптастыруды аяқтау;

- бүкіл Еуропа бойынша сақтандыру компанияларын және олардың филиалдарын ашуға ерік беру, сондай-ақ сақтандыру қызметтерін ұсыну;

- стандартты заңнамалық ережелер кешенін енгізу: сақтандыру ережелері, директивалары, ұсыныстары мен кеңестері және т.б.

Азияда Экономикалық әріптестік Ұйымының шеңберінде (Иран, Пакистан, Түркия, Қазақстан, Орталық Азия мемлекет-тері) халықаралық қайта сақтандыру компаниясы құрылған (мүше болу үшін бастапқы жарна - 50 000 АҚШ доллары.

Сақтандыру капиталын банктік және өнеркәсіптік капиталмен біріктіру. Сақтандыру компанияларының басшылары банктердің және кәсіпорындардың Директорлар Кеңесінің мәжілістерінде жетекші рөл атқарады.

Сақтандыру қызметін қатаң түрде бақылаудан (мысалға, Германияда) мейлінше либералды (ерікті) бағытталған (Ұлыбритания) бағытталған жаппай мемлекеттік бақылау.

Мүліктік және жеке сақтандыру, қайта сақтандыру бойынша сақтандыру компанияларын мамандандыру.

АҚШ сақтандыру нарығына тән сипаттар. АҚШ-тың үлесіне бүкіл әлемдегі сақтандыру нарығының 50%-ы келеді, елде 10000-нан астам сақтандыру компаниялары бар, солардың ішіндегі 8000 компания мүліктік сақтандырумен айналысады, ал олардың жалпы активтері шамамен 2 трлн. долларды құрайды.

Әрбір штаттың өзінің дербес сақтандыру заңнамасы және сақтандыруды мемлекеттік қадағалау қызметі бар.

АҚШ-та сақтандыру компанияларының екі типі кездеседі: - Акционерлік ұйымдар және Өзара сақтандыру ұйымдары. Мемлекеттік сақтандыру ұйымдары жоқ.

АҚШ-та жеке және медициналық сақтандыру кеңінен тараған және кеңінен тармақталған брокерлік компаниялар жүйесі бар.

Сақтандыру компанияларының негізгі табыс көзі -сақтандыру резервтерін экономиканың түрлі салаларына инвестициялау.

Ірі кәсіпорындардың Директорлар кеңесінің 30%-дан астам орнын сақтандыру компаниялары алады.

Сақтандыру компаниялары зейнетақы қорларының активтерін басқаруға белсенді араласып отырады.

Ұлыбританияда сақтандыру нарығын ұйымдастырудың ерекшеліктері.

Лонданда әлемдік сақтандыру институттарының штаб-пәтері орналасқан: 700-ден астам ұлттық сақтандырушыларды және 150 шетелдіктерді біріктіретін Ллойд корпорациясы, Лондондық сақтандырушылар институты, дипломдалған сақтандырушылар институты және т.б., сондай-ақ әлемдегі барлық беделді компаниялардың өкілеттіктері орналасқан. АҚЖ сақтандырудың негізгі түрлері міндетті формада өткізіледі (көлік иелерінің, жүк және жолаушылар тасымалдаушыларының, жануарлар иелерінің, кәсіби жауапкершіліктер).

Сақтандыру компаниялары негізінен мүліктік және жеке сақтандыруға мамандандырылған, брокерлік компаниялар желісі дамыған (барлық келісімдердің шамамен 50%-ы брокердің араласуымен жасалады).

Германиядағы сақтандыру ерекшеліктері.

Германияда әлемдегі ірі қайта сақтандыру компаниясы (Мюнхен-РЕ) және Альянс-Холдинг сақтандыру концерні орналасқан:

- сақтандыру капиталы негізінен банктік капиталмен бірігеді.

- Германияда тасымалдаушылардың және көлік иелерінің жауапкершілігін сақтандыру бойынша әлемдегі ең ірі сақтандыру сомалары бекітілген – бір сақтандыру жағдайына 60 млн. АҚШ долларына дейін төленеді.

Қытай мен Жапониядағы сақтандыру ерекшеліктері. Қытайда мемлекеттік Қытай халық сақтандыру компаниясы жетекші рөл атқарады (әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі). Сақтандыру қызметін қадағалау бойынша құзыретті орган Ұлттық банк болып табылады. Ішкі сақтандыру нарығындағы тәуекелдердің 30 пайызы заң бойынша қайта сақтандырылуы тиіс.

Жапонияда теңіз сақтандыруы кең дамыған, бұл жерде "Токио марина" сақтандыру компаниясы жетекші рөл атқарады. Сақтандыру компанияларына (Қазақстаннан айырмашылығы) өмірлік және өмірлік емес сақтандырумен бірдей айналысуға рұқсат етілген. Жапония заңнамасында міндетті сақтандыру жоқ.

Кейбір басқа шет мемлекеттердегі сақтандыру. Франция жалпы сақтандыру сыйақылары бойынша әлемде 5-орынға, теңіз сақтандыруында 3-орынға және авиациялық тәуекелдер бойынша 20%-дық үлеске ие. Ерікті мүліктік және жеке сақтандырудың барлық түрлері кеңінен тараған.

Швецияда Мемлекеттік зиянды өтеу және жауапкершілікті сақтау қызметі сақтандыру нарығына белсенді араласып отырады. Мемлекеттің немесе жұмыс берушінің есебінен зиянды өтеу кезінде сақтандыру төлемі шегеріледі. Зиянды өтеу туралы заңның зиян келтіруге кінәлі барлық тұлғаларға (жұмыс берушілерге, өндірісшілерге, менеджерлерге) күші бірдей жүреді. Швецияда тек көлік иелерінің АҚЖ ғана емес, сонымен қатар көлік құралының өзін де сақтандыру міндетті түрде жүргізіледі.

Бақылау сүрақтары:

1 Сақтандыру нарығы дегеніміз не?

2 Сактандыру нарығының құралдарына не жатады?

3 Қазақстанда сақтандырудың қандай түрлері бар?

4 Жеке және мүліктік сақтандырудың ерекшеліктері неде?

5 Міндетті және ерікті сақтандырудың ерекшеліктері неде?

6 ҚР-да сақтандырудың қандай түрлері міндеттіге жатқызылады?



7 ҚР-да сақтандырудың қандай түрлері еріктіге жатқызылады?

8 Қазақстанда сақтандыру нарығының құрылымы қандай?

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет