8-сынып. Қазақстан тарихы



бет1/7
Дата31.12.2019
өлшемі0,82 Mb.
#55256
  1   2   3   4   5   6   7
8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе

Сабақтың мақсаты:


  • 7-сыныпта өтілген материалдарды қайталата отырып, 8-сыныпта өтілетін яғни, ХҮІІІ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі Отанымыздың тарихының маңызды оқиғаларын таныстыру, бұл сыныпта өтілетін тақырыптарға қысқаша тоқталу;

  • Оқулықтың авторларымен таныстыра отырып, жаңа басылып шыққан бұл кітап пен ескі кітаптың айырмашылығын айту;

  • Оқушылардың дүниетанымы мен тарихи санасын қалыптастыра отырып, тарих пәніне қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Кіріспе

Әдісі: әңгіме, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: оқулық, карта

Сабақтың барысы:



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау «Хабар»

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау

  • 7-сынып материалдарына шолу жасау

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Қазақстанның ХҮІІІ ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуы

  2. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.

  3. Қазақстанды Ресей империясына қосудың аяқталуы.

  4. Қазақтардың ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы дәстүрлі мәдениеті мен шаруашылығы

  5. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы

  6. ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан

  7. Қазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі мәдени өмірі

Сабақты бекіту:

  • Бетпе-бет

Бағалау:

Үй тапсырмасы: Оқулықпен танысу.


8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §1. Қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды XVIII ғасырдағы қоғамның әлеуметтік құрылымының ерекшеліктерімен таныстыру, оқушылардың назарын әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға аудару, қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтың рөлін көрсету;

  • Бұрынғы алған деректермен жұмыс істеуге , көтерілген мәселе бойынша деректерге сүйене отырып, талдау жасауға үйрету;

  • Туған өлкенің тарихына құрметпен қарауға, еңбекқорлыққа мақсат қоя білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекіліктер: карта , «Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы» схемасы (кесте), терминологиялық сөздік.

Жаңа материалды бұрынғы өткен тақырыпты қайталай отырып, оқыту. (білімді бекіту.)



Негізгі ұғымдар: қоғамның әлеуметтік құрылымы, әлеуметтік теңсіздік, класс, иерархия, конфессия, адат, құн, құрама, тархан, төлеңгіт, құл, диалект.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» ел жаңалықтарына шолу /сұрау/

Үй тапсырмасын сұрау:

7-сыныпта өткен материалдарға шолу



Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

  1. Қазақстардың саны мен орналасқан жерлері.

  2. XVIII ғасырдағы қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері

Қазақстан аумағындағы тайпалардың орналасуымен Қазақ хандығындағы әлеуметтік құрылым жөнінде оқушыларға 7-сыныптағы Қазақстанның орта ғасырлар тарихы қурсынан таныс болғандықтан , бұл жөнінде алдын ала сұрап, естеріне түсіремін

1 тапсырма: Картамен жұмыс.



  1. Төмендегі жүздердің құрамына қай тайпалардың кіргенін естеріңе түсіріңдер.

А) Ұлы жүз:

Ә)Орта жүз:

Б)Кіші жүз:

2. Картадан орналасқан аумақтарын көрсетіңдер:

А) Ұлы жүз-

Ә)Орта жүз-

Б)Кіші жүз-

3) ХVIII ғасырда Қазақ хандығы қандай мемлекеттермен шекаралас болды? Олармен қарым-қатынасына тоқталыңдар.

Оқушылардың жауабын тыңдап болғаннан кейін жаңа сабақты түсіндіремін. Бұл жерде Қазақ хандығының осы кездегі саяси дамуынанң ерекшеліктерін , қазақстардың басқару жүйесін міндетті түрде айту керек. Сонан кейін оқушыларды деректермен жұмыс істету және оларға талдау жасай отырып, өз ойын айтқызу мақсатында тапсырма беріледі (өздігінен жұмыс)

2 тапсырма:

-Оқулықтағы тақырыпты пайдалана отырып, ХVIII ғасырдағы қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктерін бейнелейтін кесте (схема) құрыңдар.

Берілетін жауаптар үлгісі:

XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының әлеуметтік құрамы феодалдық қоғамның классикалық құрылымын көрсетеді:



  1. Феодалдар класы (тобы):

  • Шыңғысханның ұрпақтары- (хандар мен сұлтандар)

  • Рулық және тайпалық ақсүйектер;

  • Қожалар, имамдар, қожалар;

  • Патриархалды-феодалдық ақсүйектер оөкілдері (бектер, байлар, батырлар).

  1. Шаруалар класы (тобы) :

    • Қарапайым малшылар, егінші шаруалар;

    • Егінші малшылар.

3 тапсырма. Сөздікпен жұмыс.

Тақырыпты оқып шығып, төмендегі терминдардің анықтамасын айтыңдар:



  1. Құрама

  2. Қожа

  3. Құрылтай

  4. Ханталапай

  5. Төлеңгіт

  6. Құн

  7. Адат

  8. Тархан

4 тапсырма:

-Қазақстан тарихы бойынша хрестоматия материалар пайдалана отырып, әр топ (класс) өкілдерінің қандай міндеттерін мен құқықтары болғандығын атап көрсетіңдер.



Онан әрі мұғалім сабақты төмендегідей етіп жоспарлайды.

  1. Хан сайлау дәстүрі

  2. Сұлтандар әулетінің артықшылықтары.

  3. Қожалар мен олардың қазақ қоғамындағы рөлі

  4. Қазақстар қандай еңбек үшін тархан атағын алған?

  5. Әлеуметтік мәртебесі-қоғамның ерікті мүшесі.

  6. Төлеңгіт деген кімдер?

  7. Қазақ қоғамындағы құлдардың жағдайы.


Жаңа сабақты бекіту үшін берілетін сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Картадан Қазақ хандығының аумағын және оның ішіндегі әр жүзді орналасқан жерлерін көрсетіңдер.

  2. XVIII ғасырда Қазақ хандығықандай мемлекеттермен шекаралас болды?

  3. Осы кезеңдегі Қазақхандынының сыртқы саяси жағдайы жөнінде не айта аласыңдар?

  4. Оқулықтың 13-бетіндегі құжатпен жұмыс (Г.Н.Потанин. Таңдамалы шығармаларының үш томдығы. Тарих, этнография және фольклор жөніндегі еңбектер. Павлодар, 2005, 3-том, 30-31-беттер)

Үй тапсырмасы:

  1. XVIII ғасырдағы қазақ қоғамының таптық құрылымының ерекшеліктеріне баға беріңдер (Хрестоматия. Коншин Н. «Павлодардан Қарқаралыға дейін»).

  2. Халықтың кейбір топтарының қандай артықшылықтары болды? Сендердің ойларыңша неліктен



8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §2. XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі

Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы

Сабақтың мақсаты:

  • XVIII ғасырдың бас кезіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы жөнінде жалпы түсінік беру, осы кезеңдегі Ресей мен Қазақ хандығы мүдделерінің жақындасу себептерін түсіндіру;

  • Құжаттардағы деректермен жұмыс істей отырып, ең бастысы неге назар аударуды анықтау, деректерді салыстыра отырып қорытынды жасау;

  • Өз халқының тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: Қазақстанның XVIII ғасырдың І ширегіндегі картасы, сызба.

Негізгі ұғымдар: дипломатиялық миссия, транзиттік сауда, Ресей саясатының әскери-отаршылдық сарыны, ойрат басқыншыларына қарсы қазақ хылқының азаттық күресі, отар, империя, сепаратизм, құрылтай.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» ел жаңалықтарына шолу /сұрау/

Үй тапсырмасын қайталау: үй тапсырмасын сұрау кезінде практикалық жұмыс ретінде картамен жұмыс және терминдер бойынша диктант аламын (қазақтардың саны мен орналасқан жерлері, жүздердің аумағы, т.б.).

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

  1. XVIII ғасырдың бас кезіндегі Тәуке ханның ішкі және сыртқы саясаты.

  2. Қазақ хандығының ыдырай бастауы.

  3. Қазақстан аумағына сыртқы қауіптің күшеюі және жоңғар шапқыншылығы.

  4. Қазақстардың жауға тойтарыс беру әрекеттері.

  5. Қазақстардың қару-жарағы мен әскери дәстүрлері.

Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру үшін осы тақырыпқа байданысты 7-сыныптағы Қазақстанның орта ғасырлар тарихы курсы бойынша өткен тақырыптарынан сұрақтар қойып, естеріне түсіремін, себебі бұл материалдардың жаңа тақырыпты түсіндіруге тікелей қатысы бар:

  1. 1680-1715 жлдары Қазақ хандығын кім биледі?

  2. Тәуке хан шығарған «Жеті Жарғы» заңдар жинағының қандай тарихи маңызы бар?

  3. Жоңғар хандығы қашан құрылды? Жоғңғар билеушілерінен кімдерді атай аласыңдар?

  4. XVI ғасырдағы қазақ-орыс қатынастарының қандай ерекшеліктері болды?

Осыдан кейін оқушылардың жауаптарын тыңдап балаларға XVIғасырдың аяғы мен XVII ғасырдағы Ресейдің қазақ жеріне баса назар аудара бастағанын әңгімелеймін.

Ол, бірінші, Ресейдің саяси және сауда -әлеуметтік-экономикалывқ дамуынан, екіншіден орыс мемлекетінің Орталық Азия мемлекеттерімен экономикалық және дипломатиялық байланыс орнатуынан көрінеді. Сабақты түсіндіре отырып, оқушылардың көз қаперін арттыру үшін төмендегідей хронологиялық кесте толтыртамын.



Жылдар

Негізгі оқиғалар

Мақсаты мен маңызы

1552

1556


1585

1586


1587

1594


1604

1710


1716

1717


1718

1720








1 тапсырма:

Осы оқиғаларға сүйене отырып, Ресей Қазақ хандығына қатысты саясат жүргізгенде алдына қандай мақсат көздегенін анықтаңдар.

Осыдан соң Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайын, сондай-ақ Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін жоғары билік үшін әр жүздің билеушілері арасындағы таласты оқушылардың есіне сала отырып, келесі тапсырманы беру керек.

2 тапсырма:



- Қазақстан тарихы хрестоматиясынан Тәуке ханның билігі кезіндегі материалдарды пайдалана отырып, Тәукенің жеке басына мінездеме беру. (Бұл тапсырма бұрынғы алған білімді жаңа сабақ арқылы толықтыруға көмектеседі. Осыдан кейін оқушылардың жауаптары бойынша кесте толтыра отырып, XVIII ғасырдың І-ширегіндегі Қазақ хандығының қызметін көрсету.)

Хандар

Тәуке хан

Қайып хан

Әбілқайыр хан

Жеке бас ерекшеліктері










Ханның жүргізген іс-әрекеті мен саясаты










Тарихи маңызы










Қазақстан аумағына сыртқы қауіптің күшеюі мен жоңғар шапқыншлығы төмендегі жағдайларға байланысты болды: Тәуке ханның қайтыс болуы, хандық ішіндегі саяси бытыраңқылық, Қазақ хандығына көрші мемлекеттердің басып кіруі, бір орталыққа бағынғн Жоңғария мемлекетінің құрылуы және оның бұрыннан көз алартып жүрген қазақ жеріне негізгі күштерін жіберуге мүмкіндіктің пайда болуы, т.с.с. Жоңғарияға тойтарыс беру әрекеттері жөнінде айтар алдында оқушыларға келесі сұрақтарды қоямын: қарсы тұру қозғалысы қалай ұйымдасты, осы кездегі қазақ сұлтандарының іс-әрекеттері, жауға тойтарс беру идеясына батырлар мен халықтың көзқарасы. Қазақтардың қару-жарақтары мен әскери салт-дәстүрлер туралы айта отырып, қосымша «Қолданбалы өнер үлгілері», «XVIII ғ. Қазақтардың қару-жарағы», т.б. еңбектерді пайдаланамын
Жаңа тақырыпты бекіту үшін қойылатын сұрақтар:

  1. XVIII ғасырда Ресейдің Қазақстанға қызығушылығының күшеюіне не себеп болды?

  2. XVIII ғасырдағ Қазақ хандығының ішкі жағдайын қалай бейнелеуге болады?

  3. XVIII ғасырдың І-ширегіндегі Қазақ хандығы төңірегіндегі сыртқы хал-ахуал өте күрделі болды, осыған мысал келтір.

(Құжаттармен жұмыс, 19-бет.)

Үй тапсымасы:

  1. Картамен жұмыс-Ресейдің Қазақстан жерімен шектесетін аумақтарда салған әскери-тірек бекеттерін картаға түсіріңдер.

  2. Осы кезеңде қазақ хандары ішінен кімді жетекші болды деп есептеуге болады, себебін көрсетіңдер.

  3. 1635ж ., 1710ж ., 1715ж. – Қазақ хандығы тарихындағы қандай оқиғаларға байланысты даталар.



8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §3. Жоңғар шапқыншылығы.

§4. Қазақ халқынығң жоңғар басқаншыларына қарсы азаттық күресі

Сабақтың мақсаты:

  • Сабақ барысында оқушыларды Қазақ хандығы төңірегінде қалыптасқан саяси оқиғалармен таныстыру, қазақ билеушілерінің басы бірікпеуінің салдары қандай болғанын көрсету, үш жүздің әскери күштерін біріктірудегі Әбілқайырдың рөлі және халықтың тәуелсіздік үшін күресінің маңызын әңгімелеу;

  • Оқушыларды материалды жүйелеуге , оқиғалар арасын байланыстырып, одан қорытынды шығаруға машықтандру;

  • Оқушыларға Отанымыздың тәуелсіздігі мен азаматтығ үшін күрескен батырлардың ерлігін айта отырып, жауаптылыққа, батылдыққа үйрету, патриоттық тәрие беру.

Сабақтың түрі: Лекция

Әдісі: интерактивті

Негізгі түсініктер : жұт, азаттық үшін күрес, агрессия, аманат, сардарбек, құрылтай, патриотизм.

Көрнекілік: Карта, сызба, суреттер

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» ел жаңалықтарына шолу /сұрау/

Жаңа тапсырманы жақсы түсіну үшін оқушылар алдында өткен материалдарды жете меңгеру керек. Сондықтан сабақты өткен материалды қайталаудан бастаймын.

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайының ерекшеліктеріне тоқталыңдар.

  2. XVIII ғасырдың І ширегінде Ресей мемлекетінің Қазақ хандығына қызығушылығының артуына не себеп болды?

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

  1. Жоңғарияның күшеюі және оның қазақ халқына қарсы шапқыншылығы.

  2. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі.

  3. Жоңғарлардың қазақ жеріне шапқыншылығының салдары.

І кезең. Өзіндік жұмыс.

1) Мына териминдердің мағынасын қалай түсінесіңдер?



  • Азаттық соғысы

  • Басқншылық, шапқыншылық

  • Батыр,

  • Батырлық, қаһармандық

  • Шын берілгендік

Оқушылардың жеке шығармашылық жұмысы, нәтижесін ұжым болып талқылау.

ІІ кезең-сабақтың негізгі бөлімі (проблемалық мәселелерді талқылау)

Сабақтақырыбымен жұмыс, онан кейін оқушылар XVIII ғасырдың І ширегіндегі Қазақ хандығы тарихының төмендегі саяси аспектілрін анықтаулары қажет.

(жауап беру үлгілері):

1 тапсырма:

Қазақ хындығының жай-күйі Қазақ хандығы төңірегіндегі қалыптасқан

саяси жағдай

1. 1.

2. 2.


3. 3.

4. 4.


2 тапсырма

-Материалды пайдалана отырып, анықтаңдар:

1. Жоңғар шапқыншылығының мақсаты.

Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресін ұйымдастыру.

Құрылтайдың қазақ халқының саяси өміріндегі рөлі. Батырлар

3 тапсырма:



  1. Мына тақырыпта жұмыс құру:

«Жоңғар шыпқыншылығы және жоңғарларға қарсы халық күресін ұйымдастыру».

  1. «Халық құрылтайы».

  • Қайда өтті?

  • Қандай мәселелер көтерілді?




  • Немен аяқталды?

  • Тарихи маңызы



  1. Сабақты бекіту:

Сұрақ: Қазақ хандығының саяси тарихына бұл кезеңдегі оқиғалардың басқаша сипат алуы (нәтижелері, дамуы) мүмкін бе еді?

«Қазақ хандығындағы орталық биліктің әлсіреуі жаңа жоңғар шапқыншылықтары үшін қолайлы жағдай туғызды. XVIII ғасырдағы жоңғар-қазақ қарым-қатынасының шиеленісунің басты себебі жер мәселесі болды. Цеван-Рабтан Жетісуды, Түркістан арқылы өтетін керуен жолдарын түпкілікті ойраттарға қалдыруды көздеді. Олар экономикалқ және саяси дамуда болды, жер өңдеу бұрын болмаған жетістіктерге жетті, көрші мемлекеттермен сауда байланыстары жан-жақты дамыды, темір өндіру технологиясы жетелдіріліп, швед офицері Ренат оларға зеңбірек құю өндірісін, қару мен оқ-дәрі дайындауды үйретті. Кейбір жеңістеріне қарамастан, қазақтар үнемі жеңілумен болды. Оның себептері Қазақ хандығының ішкі әлсіздігімен мен көрші мемлекеттерге тәуелділігінен еді. Ұлы жүздің жетекші билері Жоңғарияға тәуелділікті мойындады, Кіші жүз ханы Әбілқайыр өзінің жеке билігін күшейтумен айналысты, сондықтан ол 1741 жылы жоңғарлар басып кіргенде, ойрат басқыншылығына қарсы тұруға қатысудан бас тартты».



Сабақты бекіту:

  1. Жоңғарияның көрші мемлекеттерді басып алу саясатын жүргізуінің негізгі себептерін айтыңдар.

  2. Қазақтардың жеңілу себептері және қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресінің тарихи маңызы.

  3. Қазақ-жоңғар соғысы кезінде көзге түскен қазақ хандары, сұлтандары, билер мен батырлары жөнінде жазылған қандай әдеби шығармаларды білесіңдер? Отанға адалдық пен патриоттық жөнінде, ержүректік пен қаһармандық, сертке адалдық туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер ?

Үй тапсырмасы:

  1. Тақырыпты оқып, мына кестені толтырыңдр: «Жоңғар шапқыншылығына қарсы халықтң азаттық күресінің ұйымдастыру».

Жылдар

Оқиғалар

Тарихи маңызы

1710

1711


1712

1713


1718

1720


1723

1723-1727



1725








8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы:

§ 5. XVIII ғасырдың алғашқы үштен біріндегі қазақ-оры

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушылардың қазақ-орыс қарым-қатынастарының дамуы жайлы білім деңгейін ұлғайту. Патшалық Ресейдің Қазақстандағы отаршылдық саясатының мәнін ашып көрсету, әскери бекністерінің салынуына қарсы қазақ халқының күресі туралы баяндау;

  • Оқушыларды түрлі оқиғалар мен құбылыстардың себеп-салдары мен тарихи маңызын талдай білуге , жаңа деректер мен фактілерге , ақпарат көздеріне сүйене отырып логикалық ойлай білуге дағдыландыру;

  • Оқушыларды өзара көмектесу, ынтымақ, достық рухында тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілігі: карта, сызба

Негізгі түсініктер: қамал, бекініс, әскери-барлау экспедициялары, Ресей империясының отаршылдық саясаты, қазақ халқының әскери бекіністер салуға қарсы ерлік күресі.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырамысн сұрау:

  1. Жоңғар хандығы жаулап алушылық саясатының негізгі себептері қандай?

  2. Қазақстар жоңғар басқыншыларына қай жерлерде өткен шайқастарда тойтарыс берді? Жоңғарларға қарсы азаттық күресінің басында кімдер тұрды?

  3. Шапқыншылықтың алғашқы кезеңіндегі қазақстардың жеңілу себептері және жоңғарларға қарсы халық-азаттық күрестің тарихи маңызы.

Жаңа сабақты оқытудың жоспары:

  1. Қазақ хандығы мен Ресей мемлекеті арасындағы қарым-қатынастың жандана бастауы

  2. Патша үкіметінің әскери бекіністер салуы.

  3. Ресейдің Қазақстанға жіберген елшіліктері

  4. Ресейдің Орта және Кіші жүз қазақстарымен шекаралық қақтығыстары.

Екі ел арасындағы өзара демократиялық және әскери байланыс орнатуға деген мүдделіліктің болғаны оқушыларға өткен сабақтардан таныс. Осы қарым-қатынасты нақтылай түсетін мысалдар келтіре кету керек. Жаңа тақырыпты баяндау барысында орыстар күнделікті өмірде және ресми құжаттарда қазақстарды неге «қырғыз», «қырғыз-қайсақ» атағанын түсіндіремін. Оқушылардың білімділік дәрежесін арттыра түсу мақсатымен, екі ел арасындағы қарым-қатынастың қыр-сырын кесте арқылы терең ашып көрсетеміз.

«XVIII ғасырдың алғагқы үштен біріндегі қазақ-орыс қатынастары»

Қатынастары

Қазақ хандығы

Ресей мемлекеті

Дипломатиялық

Сауда-экономикалық

Екі ел байланыстарының маңызы








Картаның көмегімен әскери бекіністер салудың барысымен танысамыз. Оқиғалар тізбегі:

  • Орыс-қазақ қатынастарының тарихы ерте кезден басталады, XVIII ғасырдың басынан бастап екі елдің бір-бірін танып білуге деген қызығушылығы арта түсті. Сібір губернаторы М.П.Гагарин орыс патшасына Ертістен Жаркентке дейінгі алтынға өте бай жасаған жобасын ұсынады. 1715 жылы шілдеде подполковник И.Д. Бухгольц басқарған экспедиция Тобылдан шығып Ертісті бойлай аттанады Экспедициясының жұмысының нәтижесінде Жәмішев және Омбы (1716жылы) бекіністерінің негізі қаланды.

  • 1715-1716 жылдары князь А.Д.Бекович-Черкасскийй экспедициясы Хиуаға жорыққа шықты.

  • 1717 жылы Жәмішевпен Ертісті бойлай әскери қамалдар салу үшін П.Северский мен В.Чередовтың экспедициясы жасақталады. П.Северскийдің отряды Железинск бекінісін салды. В.Чередовтың отряды Калбасинск қамалы тұрғызып, Ертістің оң жағасында Семей бекінісінің (1718 жылы) негізін қалады.

  • 1719-1720 жылдары майор И.М.Лихаревтің экспедициясы Ертісті бойлай жүріп, 1720 жылы Өскемен, Черноярск және Коряков қамалдарын салып шықты . Кейінірек олардың арасына шағын редуттар мен форпосттар орнатылады. Бұл әскери-қорғаныстың тірек пунктері Жоғары Ертіс шекаралық шебін құрды және жоңғар, т.б. шабуылынан қорғануда зор рөл атқарды.

  • 1722 жылы парсы жорығынан оралған І Петр қазақстарды Орыс мемлекеті құрамына қосып алу жоспары: «... миллионға дейін жұмсалса да, аса көп шығындарға қарамастан... Азияның барлық елдері мен жерлеріне жеткізеді... бағы заманнан естіліп кеткен қырғыз-қайсақ ордаларын Ресей империясының құрамына алу ...» туралы айтты. Ресей империясы мен қазақ халқы арасындағы қарулы қақтығыс жайлы , оқушыларға жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін білу үшін, қорытынды тапсырмалар беріліп, сұрақтар қойылады.

1-тапсырма. Құжаттармен жұмыс.

-Оқулық пен хрестоматиядан тиісті құжаттарды оқыңдар.

1. Ресей мемлекеті Қазақ хандығына қатысты саясатында қандай мақсаттарды көздейді?

2-тапсырма. Құжаттармен жұмыс.

Оқулық пен хрестоматиядан тиісті құжаттарды оқып шығып, мына сұрақтарға жауап беріңдер:



    1. И.Д.Бухгольцтің Қазақстандағы әскери экспедициясының мақсатын анықтаңдар.

    2. Ертістегі әскери бекіністер не мақсатпен салынды?

Сабақты бекіту:

  1. Әскери бекіністер салуға қазақ халқы қалай қарады?

  2. Орыс бекініс қамалының тұрғындары мен қазақтар арасындағы әскери қақтығыстар неге жиі болып тұрды?


Үйге тапсырма:

  1. 1715-1720 жылдары тұрғызылған әскери бекіністер желісін картаға салып келіңдер.

  2. XVIII ғасырдың үштен біріндегі қазақ-орыс қарым-қатынастарының жандануының себептері неде?

  3. XVIII ғасырдың басындағы Қазақ хандығының жағдайына сипаттама беріңдер.


8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 6. Кіші жүздің Ресейге қосылуы

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды Кіші жүздің Ресейге ққосылуының негізгі себептерімен таныстыра отырып, оған жоңғар шыпқыншылығының әсерін және Әбілқайырдың Ресейге қосылу саясатында қандай мақсат көздегенін түсіндір.

  • Салыстырмал талдау жасау арқлы оқушылардың шығармашылық ынтасын дамыту, тақырыпты ашу үшін күрделі немесе қарапайым жоспарлар құру, өз көзқарасы н дәлелдеуге үйрету.

  • Мақсатқа жету жолында табандылыққа, шыдамдылыққа, ерік-жігердің күшті болуына тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілік: карта, сызба

Негізгі түсініктер: Сыртқы саяси жағдайдың шиеленісуі, орат, Ресейдің «азиялық саясаты», қазақстарды башқұрттарға айдап салу саясаты, елшілік, бодандық, империя, саяси және экономикалық тәуелділік, әскери қорғаныстық бекіністер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Кестенің толтырылуын тексеру.

  2. Оқушылардың өздері жинаған мәліметтерін оқуға мүмкіндік беру, оны сынып болып талқылау, бағалау.

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

  1. XVIII ғасырдың І-ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беру үшін Әбілқайыр ханның ұстанған бағыты.

  2. Ресей мемлекетінің XVIII ғасырдың 20-жылдарының аяқ кезіндегі Қазақстанға қатысты ұстанымы.

  3. XVIII ғасырдың 30-40 жылдарындағы Кіші және Ұлы жүздің жағдайы.

  4. Үй тапсырмасын тексергеннен икейін, карта арқылы өткен материалды қаншалықты игергенін көріп, Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайының күрделене түскені жөнінде әңгімелеймін. Ол үшін қалыптасқан жағдайдың төмендегідей сызбасын ұсынамын.

Ішкі жағдай

  1. Аңырақай шайқасынан кейінгі хан тағы үшін күрес салдарынан қазақ билеушілері арасында келіспеушіліктер пайда болды.

  2. Феодалдық бытыраңқылық күшейді.



Сыртқы жағдай

  1. Жоңғарлар тарапынан қауіп сақталып қалды.

  2. Қазақтардың Бұхара және Хиуа хандықтарымен арадағы жағдай күрделі күйінде қалды.

  3. Еділ қалмақтарымен және башқұрттармен қарым-қатынас күрт шиеленісіп кетті.

Мұндай жағдайда Қазақ хандығы алдында басты мәселе сыртқы жаудан қорғану және елдің тұтастығын сақтап қалу болды. Бұл жерде Әбілқайырдың жеке басына тоқталу керек. Оқушылар ханның жеке басы жөнінде өз білетіндерін айтқаннан кейін, оқулықтағы қосымша деректерді пайдалана отырып, төмендегі кестені толтыру керек: «Әбілқайыр ханның жеке басының жағымды қасиеттері мен кемшіліктері» (ерекшеліктерін айқындау, салыстырмалы түрде талдау жасау).


Жеке басының жағымды қасиеттері

Жеке басының кемшіліктері

Әбілқайырды Ресейден көмек сұрауға мәжбүр еткен жағдайлар:

1.

2.



3.

4.

«XVIII ғасырдың 20-жылдарының аяқ кезіндегі Ресейдің Қазақстанға байланысты ұстанымы». Бұл тақырыпшаны оқыту үшін мынадай өзіндік жұмыстар жүргізуге болады:



А) XVIII ғ. 30- жылдарына дейінгі қазақтардың патша үкіметімен қарым-қатынасы.

Ә) Әбілқайырдың Ресей императрицасы Анна Иоановнаға жіберген елшілігі. 1730 ж.

Б) сыртқы істер коллегиясының тілмашы А.Тевкелев бастаған орыс елшілігінің Қазақстанға келуі.

В) Ресейдің отаршылдық саясаты. Қазақстанды алуға жасалған қадамдар:

1734 ж-

1735 ж-


1735-37 ж-

1740 ж-


1738 ж-

Оқушылардың өзіндік жұмыстарының нәтижелерімен танысқаннан кейін Ресейдің Қазақ хандығына қатысты саясатын қорытындылаймыз. Бұл жерде белгілі тарихшы М.П.Вяткиннің мына сөзі оқылады:

«... Ішкі феодалдық күрес үдеп тұрған кезде жүргізілген бұл саясат мемлекетті ыдыратуға, қазақ жүздерін, ең алдымен Кіші жүзді әлсіретуге бағытталған анархиялық саясат болды. Тек қазақ қоғамының бытыраңқылығы ғана патша үкіметіне қазақ жүздеріне қарсы кең көлемде шабуыл жасауға мүмкіндік беретін еді».

Бұған қоса оқушылардың назарын мына мәселеге аудару қажет: орыстардың қазақ жеріне тереңірек енуіне төмендегі жағдайлар қолайлы әсер етті.



  1. Қазақ жерін біртіндеп отарлау.

  2. Қазақ билеушілерінің өзара тартыстарын тиімді пайдалану патша шенеуніктерінің іс-әрекетін жеңілдетті., патша үкіметі ешқандай қарсылықсыз Жайық өзені бойында бірнеше әскери бекіністер тұрғызды.

  3. Қазақстанның батысындағы және солтүстігіндегі әскери бекіністерді Орта Азия мемлекеттерінің аумағына енуі үшін әскери тірек базалары ретінде пайдалану.

XVIII ғасырдың 30-40 жылдарындағы Кіші және Орта жүздегі қалыптасқан жағдайды толық түсіну үшін оқулықтағы тақырып бойынша картамен практикалық жұмыс жүргізу.

Сабақтың практикалық бөлігі:

  • XVIII ғ. 30-40 жылдарында Ресей неліктен Қазақстанның солтүстік-шығысында әскери бекіністерін құра бастады?

  • Олар қашан және қайда салынды? Картадан көрсетіңдер.

  • Қазақтардың Ресеймен және орта Азия мемлекеттерімен сауда жасаған негізгі қалаларын атаңдар.

  • Орыс-қазақ сауда байланысы жөнінде не айтасыңдар?

Үйге тапсырма:

1. Тақырыпты оқыңдар және параграф соңындағы сұрақтарға жауап беріңдер.




8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 5. XVIII ғасырдың ортасындағы Қазақстан.

Сабақтың мақсаты:

  • Әбілқайыр қайтыс болғаннан кейін Кіші жүзде қалыптасқан жайдайды түсіндіру, әскери-қорғаныстық бекіністердің салына бастауы жөнінде әңгімелей отырып, Ресейдің Қазақстандағы отаршылдық саясатын ашып көрсету, оқушылардың назарын қазақ-қалмақ қарым-қатынастарына аудары;

  • Құжаттармен, картамен жұмыс жасау тәсілдерін жетілдіру, саяси қайраткерлердің

  • қызметіне талдау жасау және баға беру арқылы оқушылардың логикалық ой-өрісін жетілдіру, танымдық қызығушылықтарын дамыту;

  • Халық тарихына құрметпен қарауға, достыққа, бір-бірін түсіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Негізгі түсініктер: Қазақ-башқұрт қарым-қатынастар спецификасы, әскери-қорғаныстық бекіністер салу, «Шаңды жорық», қазақ-қалмақ қатынастары.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Әбілқайыр хан неліктен Ресейден көмек сұрауға мәжбүр болды?

  2. Кіші жүздің Ресей құрамына кіруіне байланысты қалыптасқан негізгі оқиғаларды әңгімелеңдер.

  3. XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының саяси, экономикалық, мәдени өміріне бодандық қалай әсер етті?

  4. Хронологиялық диктант

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

  1. Әбілқайыр хан қаза тапқаннан кейін Кіші жүздегі жағдай.

  2. Қазақ-башқұрт қатынастарының ерекшеліктері

  3. Шекара аймақтарында әскери бекініс шептерінің салынуы.

  4. Қазақ-қалмақ қатынастары

  5. «Шаңды жорық». Қазақтардың қалмақтарды жеңуінің тарихи маңызы.

Үй тапсырмасын бірден Әбілқайыр қаза тапқаннан кейінгі Кіші жүздің жағдайын талқылауды бастаймын:

Кіші жүз

Экономикалық жағдай

Саяси жағдай

Орта жүздің шекара аудандарында жер дауының онан әрі шиеленісуі. (Патша үкіметі қазақ жерін ашық басып ала бастады:

А) шекара аудандарында әскери бекіністер тұрғызу;

Ә) 1755 ж. патша үкіметі Орта жүз қазақтарына Ертістен өтуге тыйым салды;

Б) 1765 ж. Он шақырымдық белдеу межеленді.

В) Қазақстарға орыс бекіністеріне 30 шақырымға дейін жақындауға тыйым салынды.


  • 10 шілде, 1749ж. Ресей үкіметі ресми түрде Нұралыны Кіші жүз ханы етіп бекітті. Оған жылына 600 сом жалақы тағайындалды. (Бірақ Кіші жүз тәуелсіз екі бөлікке бөлінді. Солтүстік-батыс бөлігін Нұралы, ал оңтүстік-шығысын Батыр биледі.)

  • Қазақ-башқұрт жанжалдары;

  • Жоңғарлардың Қазақстан аумағына әскери жорығы;

  • Осы жағдайға байланысты Ресей ұстанымы:

А) қазақстанр мен башқұрттардың Ресейге қарсы күресте бірігіп кетпеуі үшін араларына от салу, ол үшін кез-келген қолайлы сәтті пайдалану.

Осыдан кейін оқушыларды қазақстардың башқұрттармен және қалмақтармен қарым-қатынастарының ерекшеліктерімен таныстыра отырып, Қазақстан тарихы хронологиясындағы материалдар негізінде салыстырмалы кесте жасау, сол арқылы оқушылардың салыстырмалы талдау жасау, тақырыптағы әр түрлі деректерді пайдалана отырып қорытынды шығаруын дамыту.

Қазақ-башқұрт қатынастыры

(Башқұртстан)



Қазақ-қалмақ қатынастары (Еділдегі Қалмақ хандығы)

Осы халықтар арасындағы қатынастарға байланысты Ресейдің ұстанымы (құжаттарды пайдалану)










Қазақстанның солтүстік-шығысында XVIII ғ-дың 30-40 жылдарында әскери бекіністер салу мәселелерін қарастырғанда картамен жұмыс жасау пайдалы:

  • Салынған бекіністердің аты мен салыну себебі

  • Орналасқан жері

  • Алып жатқан аумағы

  • Маңызы

Жүргізілген жұмыстарды қорытындылай келе, Ресейдің жер мәселесі жөніндегі орталық саясатын ашып, оқушылардың логикалық ойлау жүйесін дамыту үшін төмендегі тапсырманы беремін

Тапсырма: Оқулықтағы тақырып пен Қазхақстан тарихы хрестоматиясындағы материалдарға сүйене отырып және картаны пайдалану арқылы патша үкіметінің Қазақстандағы жер саясатының отаршылдық мәнін ашатын мысалдар келтіру. (Берілетін жауап үлгілері: Қазсқстанның тәуелділігінің күшеюі; қазақ әскерінің құрылуы, жайылымдарды тартып алып, әскери тірек базаларын салу, жергілікте қазақ руларын жайылымдық жерлерден біртіндеп ығыстыру және босаған жерлерге казактарды қоныстандыру, жергілікті ақсүйектердің саяси ықпалын әлсірету, олардың жерін тартып алу, т.б.)

Сабақты бекіту:

Оқулықтың 55-56 беттеріндегі құжатпен жұмыс ( Добромыслов А.И. Торғай облысы. Тарихи очерк. Орынбор. 1901, 149-150-беттер)



Тапсырмалар: Құжатты оқи отырып, сұрақтарға жауап беріңдер.

  • Қазақ-қалмақ қатынастарының қандай ерекшеліктері бар?

  • Патша үкіметі неліктен қалмақтардың Жоңғарияға көшуіне қарсы болды?

  • Ресей қалмақтарға қарсы қандай шаралар қолданды?

  • Қазақстардың Еділ қалмақтарыны талқандауда негізгі рөл атқарғанын қалай түсіндіресіңдер?




Шаруашылығы

Киіз үй жабдықтары

тілдері

Діні

Ортақ белгілер: рухани және материалдық негізде

Қазақтар

Башқұрттар

Қалмақтар

















  • Қазақтардың қалмақтарды талқандауының қандай тарихи маңызы бар?

Үйге тапсырма: Кестені толтырыңдар.


8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 6. Абылайхан билігі тұсындағы қазақ хандығы

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды Абылайдың өмірі және қызметімен таныстыра отырып, аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы болғандығын көрсету. Абылайды осындай дәрежеге көтерген деректерді ашу;

  • Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

  • Абылай хан бейнесі арқылы оқушыларды Отағна деген сүйіспеншілік, адалдық, табандылық рузында тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Негізгі түсініктер: саяси және мемлекеттік қайраткер, ішкі және сыртқы саясат, Қазақ хандығының Ресеймен, Жоңғариямен, қызғыздармен қарым-қатынасы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

«XVIII ғ. ортасындағы Қазақстан» және «Қазақ-қалмақ қатынастары» тақырыптары бойынша сұрақтар қою.

1. Картамен жұмыс:


  • Картадан Башқұртстанның қайда орналасқанын көсетіңдер. Башқұртстанның мемлекеттік құрылымы жөнінде не білесіңдер?

  • Қалмақ хандығының географиялық орналасу ерекшеліктері. Қалмақ хандығының пайда болу тарихы.

  1. Қалмақ билеушілерінен кімдерді білесіңдер?

  2. XVIII ғасырдың ортасына қарай Кіші жүздің жағдайы неліктен шиеленісіп кетті?

  3. Қазақстар мен башқұрттар арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктері жөнінде не білесіңдер?


  4. Тарихи тұлға

    Жылдар

    Оқиғалар

    Нұралы

    1771

    Еділ қалмақтарын Жоңғарияға бастап барған қалмақ билеушісі

    Батырша

    10 шілде, 1749

    Әбілқайыр ханның баласы. Патша үкіметі оны Кіші жүз ханы етіп ресми түрде бекітті

    Неплюев

    1765

    Генирал-поручик, Сібір шебінің қолбасшысы, Ертістің дала жағынан 10 шақырымдық белдеу орнатуды межеледі.

    Шпрингер

    1697

    Орыс патшасы, Аюкені ресми түрде Еділ қалмақтарының ханы етіп бекітіп, Ресейдің оңтүстік-шығыс шекараларын қорғауды тапсырды.

    І Петр

    1742

    1754


    Орынбор өлкесінің губернаторы, қазақстарды көршілес башқұрттармен, қалмақтармен жауластыру саясатын жүргізген

    Убашы

    1755

    Башқұрттардың Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің негізгі басшысы.
    Орта жүзде жер мәселесінің шиеленісуі неліктен болды?

  5. Қазақстар Еділ қалмақтарын талқандауда неліктен шешуші рөл атқарды?

(Сабақта хронологиялық кестені пайдалану оқушыларға оқылған тарихи оқиғаларды терең меңгеруіне, олардың себеп-салдарлық байланыстары мен заңдылықтарын меңгеруге тарихты ғылыми түсінуге көмектеседі.)

  1. Карточкалармен жұмыс.

1 тапсырма. «Тарихи тұлға».

-Төмендегі тарихи оқиғалар мен оған қатысты тарихи тұлғаларды рет-ретімен қойып шығыңдар.

2 тапсырма. «Қазақстан XVIII ғ. ортасында» деген тақырып бойынша тарихи оқиғалардың хронологиялық тізбесін жасау:


1748ж.-

1740-1755 жж.-

1752-1755 жж.-

1765 ж.-


1771 ж.-

3 тапсырма. «Қазақ –қалмақ қатынастары» тақырыбы бойынша тарихи оқиғалардың хронологиялық тізбесі:

1628 ж.-

1697 ж.-


1723 ж.-

1726 ж.-


1771 ж.-

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

  1. Абылай-аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері.

  2. Абылай ханның ішкі саясатының ерекшеліктері

  3. Абылай тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы саясатының негізгі бағыттары.

  4. Абылайды Қазақстан тарихындағы орны.

І. Өмірбаяны. Абылай тұлғасының қалыптасуы:

«Әбілмансұр-Сабалақ-Абылай».

Қосымша деректердің (әдеби шығармалар, ғылыми-көпшілік әдебиет, кинофильмдер, деректі хроника, т.б.) көмегімен оқушыларды пбылай ханның өмірбаянымен таныстыру.

1 тапсырма. Абылайдың өмірбаяны.



  1. Абылай қандай қасиеттермен ерекшеленді?

  2. Қалай ойлайсыңдар, Абылайдың балалық шағы және жастық кезеңдері белгілі оқиғаларға сәйкес келмегенде тұлға ретінде қалыптасар ма еді?

  3. Абылайдың қандай қасиеттері сендерге ұнайды?

ІІ. Абылай ханның мемлекеттік қызметі.

2 тапсырма. Абылайдың ішкі саясаты.

Тақырыпты оқи отарып, мына сұрақтарға жауап беріңдер:


  1. Абылай өзінің ішкі саясатында алдына қандай мақсат пен міндет қойды?

  2. Абылайдың өзі билеген кезеңде жүргізген реформаларын көрсетіңдер, оның Қазақ хандығының саяси және экономикалық өміріндегі маңызын анықтаңдар.

ІІІ. Абылайдың сыртқы саясатының негізгі бағыттары.

3 тапсырма. Тақырыпты оқып, кестені толтырыңдар.



Қазақ-орыс қатынастары

Қазақ-жоңғар қатынастары

Қазақ-қырғыз қатынастары










4 тапсырма:

Тақырыпты оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер:



  1. Абылай өзінің сыртқы саясатта жоспарлаған барлық істерін жүзеге асыра алды ма?

  2. Бұл шаралар қандай нәтиже берді?

  3. Абылайдың саясатына сендер қандай баға бересіңдер?

IV. Абылайдың есімі қазақстан тарихында қандай орын алды? (Бүгінде Абылай тек әйгілі хан ғана емес, оның есімі тәуелсіздік пен бірліктің символы)

Сабақты бекіту: Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беріңдер.

Үйге тапсырма:Абылай хан жорық жасаған елдер мен аймақтарды картаға түсіріңдер.

  1. Абылайханның өмірі мен қызметі жөнінжегі қандай шығармаларды білесіңдер? Неліктен халық оған көзі тірісінде «әруақтай» сыйынды?

  2. «Абылай хан» тақырыбына сөзжұмбақ құрастырыңдар

8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы:


Каталог: uploads -> doc -> 03ea
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
03ea -> 1200 түстен кейінгі жұмыс уақыты 14
03ea -> Сабақтың тақырыбы: Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі
03ea -> Ы. Алтынсаринға 175 жыл толуына арналған Конференция- сабағының тақырыбы: «Ыбырай Алтынсарин – ұлы ағартушы»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет