9 – сыныпқа қазақ әдебиеті пәнінен тест сұрақтары І нұсқа



Дата27.02.2020
өлшемі64,48 Kb.
#57474
9 – сыныпқа қазақ әдебиеті пәнінен тест сұрақтары

І нұсқа

1.Майқы би, Аяз би қай ғасырдың өкілдері?

А) XIІ-XIII

В) XIV-XV

С) XV-XVI

D) XVII-XVIII

Е) XVIII-XIX

2.Берілген салттардың қайсысы баланың дүниеге келуімен байланысты емес?

А) тұсау кесу

В) тойбастар

С) атқа мінгізу

D) бесік той

Е) шілдехана

3. «Құтты білік» дастанында мемлекетті дұрыс басқару үшін ең алдымен не керек деген?

А) Ақыл-парасат

В) Бақ-дәулет

С) Әділдік

D) Қанағат

Е) Әскер

4.Үзінді кімдікі?

Ел бастау қиын емес,

Қонатын жерден көл табылады,

Шабатын жерден ел табылады

Шаршы топта сөз бастау қиын.

А) Сыпыра жырау

В) Ақтамберді жырау

С) Доспамбет жырау

D) Бұқар жырау

Е) Асан қайғы

5.Д.Бабатайұлының «Аягөз, қайда барасың?» Өлеңінің басты тақырыбы не?

А)экологиялық жағдай

В) Аягөз өзенінің байлығы

С) ел ішіндегі алауыздық

D) ел басшыларының мақтан сүйгіштігі

Е) отаршылдық саясаттың зардабы

6.Нұрмағамбет кімнің шын аты ?

А) Балуан Шолақ

В) Жаяу Мұса

С) Ыбырай

D) Біржан сал

Е) Шернияз

7.Абай баласы Әбдірахман жайлы қандай өлеңдер жазған?

А) Мадақтау өлең

В) Жоқтау өлең

С) Көңіл айту өлеңі

D) Арнау өлең

Е) Толғау

8.Үзіндінің авторын табыңыз.

Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ,

Теңізде жүрміз қалқып,көшпесі жоқ.

Жел соқса, құйын қуса жылжи беру

Болғандай табан тіреу еш нәрсе жоқ.

А) М.Дулатов

В) Ж.Аймауытов

С) А.Байтұрсынұлы

D) М.Жұмабаев

Е) Ш.Құдайбердіұлы

9.Ш.Құдайбердіұлының еңбегін табыңыз.

А) «Батыр Баян»

В) «Адасқан өмір»

С) «Масғұт»

D) «Түркі,қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі»

Е) «Медғат-Қасым»

10.С.Торайғыровтың өлеңмен жазылған романын табыңыз.

А) «Бақытсыз Жамал»

В) « Ақбілек»

С) «Мөлдір махаббат»

D) «Ботагөз»

Е) «Кім жазықты»

11.І.Жансүгіровтің саяси лирикасындағы үздік туындыны табыңыз.

А) «Гималай»

В) «Жетісу суреттері»

С) «Аттаныс»

D) «Ағынды менің Ақсуым»

Е) «Саясат қошқарлары»

12. «Көкшетау» поэмасындағы (С.Сейфуллин) қыздың ата-анасының аллегориялық бейнесін табыңыз.

А) Сұңқар

В) Кептер

С) Бүркіт

D) Қарлығаш

Е) Лашын

13. «Азамат Азаматыч» романы кімдікі?

А) С.Сейфуллин

В) М.Жұмабаев

С) Б.Майлин

Д) І.Жансүгіров

Е) М.Әуезов

14.Сұраншы,Өтеген батырларға арнапм дастан жазған ақынды табыңыз.

А) Н.Байғанин

В) К.Әзірбаев

С) И.Байзақов

Д) Ж.Жабаев

Е) Т.Жароков

15.М.Әуезов Ленинград университетін қашан бітірді?

А) 1931ж

В) 1930ж


С) 1932ж

Д) 1926ж


Е) 1928ж

16.С.Мұқанов «Сұлушаш» поэмасын қай жылы жазды ?

А) 1932ж

В) 1928ж


С) 1930ж

Д) 1925ж


Е) 1927ж

17.Ғ.Мүсіреповтың «Ашынған ана» шығармасы қай кезеңде болған оқиғаны суреттейді?

А) Ашаршылық жылдары

В) Ұлы Отан соғысы

С) Ұлт-азаттық қозғалысы

Д) 1930-38ж. Репрессия кезеңі

Е) Тарихи кезеңдері

18. «Миллионер» повесінің авторын табыңыз.

А) С.Мұқанов

В) М.Әуезов

С) Ғ.Мұстафин

Д) Ғ.Мүсірепов

Е)Б.Майлин

19.Қ.Аманжолов үзіндіде кім туралы айтып отыр?

Бұл күнге лайық алыпсың!

Ол күнге қайтіп сыйғансың!

Бір өзің бүкіл халықсың,

Қалдырмай бәрін жиғансың.

А)Мұхтар

В)Сәбит


С)Шәкәрім

Д) Абай


Е) Сәкен

20.Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесінде Байтас шалдың шекарадан жалғыз өту себебін табыңыз.

А) Балаларын ұстап алып, түрмеге қамап тастаған

В) Балалары туған жерге кетіп қалған

С) Балалары туған жерге қайтқысы келмеген

Д) Балалары жоқ адам

Е) Балалары болған, бірақ қайтыс боп кеткен

21.Үзіндінің авторын табыңыз.

Ақынмын деп мен қалай айта аламын

Халқымның өзі айтқанын қайталадым

Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын.

А) М.Мақатаев

В) С.Торайғыров

С) Ш.Жансүгіров

Д) Ә.Тәжібаев

Е) М.Жұмабаев

22.Мына өлең жолдарын Қ.Аманжоловқа кім арнаған?

Мынау аспан,ай жұлдыздар тұрғанда,

Қасым оты еш уақытта сөнбейді

Жалынын ол бөліп беріп жылдарға,

Тек Қасымша алға құлаш сермейді.

А) С.Көбеев

В) С.Мәуленов

С) Ә.Тәжібаев

Д) М.Әуезов

Е) М.Мақатаев

23. «Құмдағы мұнаралар» кітабы қай ақындікі?

А) Қ.Мырза Әли

В) А. Бақтыгереева

С) Т.Айбергенов

Д) М.Шаханов

Е) Т.Молдағалиев

24. «Менің атым- Қожа » повесінің авторын табыңыз.

А) Қадыр Мырза Әли

В) Олжас Сүлейменов

С) Мұқағали Мақатаев

Д) Бердібек Соқпақбаев

Е) Ғабит Мүсірепов

25. «Ассонанс» сөзінің анықтамасын табыңыз.

А) Бірыңғай дауыссыз дыбыстарды қайталау

В) Бүтіннің орнына бөлшекті қолдану

С) Бір құбылысты басқа құбылыспен алмастыру

Д) Заттың айрықша сипатын қайталау

Е) Бірыңғай дауысты дыбыстарды қайталау.


9 – сыныпқа қазақ әдебиеті пәнінен тест сұрақтары

IІ нұсқа

1.«Ер Төстік» ертегісіндегі Төстіктің әкесін табыңыз.

А) Ерназар

В) Тоқсанбай

С) Қарабай

D) Байсары

E) Байбөрі

2.Аңшылық туралы өлең-жырларда жырланатын сұлулықтың символы не?

А) Бүркіт пен қаз

В) Аққу мен ақбөкен

С) Бота мен түйе

D) Қаз бен үйрек

E) Ат пен қой

3.«Дерсеханұлы бұқаш туралы жыр» қай кітапта?

А) «Диуани лұғат ит-түрік»

В) «Жамиғат-тауарих»

С) «Қорқыт ата кітабы»

D) «Мұхаббат-наме»

E) «Қисасул-әнбия»

4. Өлең жолдары кімдікі?

Өкпеңменен қабынба,

Өтіңменен жарылма,

Орыспенен соғысып,

Басыңа мұнша көтерген,

Жұртыңа жаулық сағынба.

А) Шалкиіз жырау

В) Ақтамберді жырау

С) Жиембет жырау

D) Бұқар жырау

E) Доспамбет жырау

5.М.Өтемісұлы қайда туған?

А) Маңғыстау облысы

В) Атырау облысы

С) Алматы облысы

D ) Қызылорда облысы

E) Батыс Қазақстан облысы

6.Ыбырай Сандыбайұлы қайда дүниеге келген?

А) Ақмола облысының Көкшетау уезіне қарасты 5-ауыл

В) Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданы Қаратау бойы

С) Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ деген жер

D) Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызықұм жері

E) Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жасыбай көлінің маңы

7. Абайдың ән шығарған өлеңін табыңыз.

А) «Интернатта оқып жүр»

В) «Айттым сәлем қаламқас»

С) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»

D) «Болыс болдым, мінеки»

E) «Ғылым таппай мақтанба»

8. А.Байтұрсынұлын мына жолдарды жазуға мәжбүр еткен не?

Оқ тиіп он үшімде, ой түсіріп,

Бітпеген жүрегімде бар бір жарам.

А) Ел мұңы

В) Анасынан айырылуы

С) Әкесінің ұсталуы

D) Оқудан шығарылуы

E) Кедейлікке тап болуы

9. Шәкәрім қай шығарманы аударған?

А) «Асауға тұсау»

В) «Отелло»

С) «Ревизор»

D) «Дубровский»

E) «Евгений Онегин»

10. М.Жұмабаев «Тұтқын» өлеңін кімнен аударған?

А) Ч.Байрон

В) М.Горький

С) Гете


D) А .Пушкин

E) М.Ю.Лермонтов

11. І.Жаңсүгіровтің эпикалық жанрдағы соңғы поэмасын табыңыз.

А) «Жорық»

В) «Құлагер»

С) «Көбік шашқан»

D) «Күй»

E) «Кәмпеске»

12.С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасының қай бөлімі үш шумақтан тұрады?

А) «Бой жазу»

В) «Жеке батыр»

С) «Оқ жетпес»

D) «Замана ағымы»

E) «Жұмбақтас»

13.«Шұғаның белгісі» повесінің авторын табыңыз.

А) І.Жаңсүгіров

В) Ж.Жабаев

С) Б.Майлин

D) С.Сейфуллин

E) Ғ.Мүсірепов

14.«Өлеңі не күлдірмесе, не жылатпаса – өлең емес. Нәрсіз сөз – зілсіз оқ есепті», - деген қазақ ақынын табыңыз.

А)М.Ж.Көпеев

В) М.Дулатов

С) С.Торайғыров

D) Ж.Жабаев

E) М.Сералин

15.М.Әуезовтің «Қараш-қараш оқиғасында» Бақтығұл Жарасбай болысты қай кезде атып өлтіреді?

А) Сайлауға бара жатқанда

В)Жайлаудан түсіп келе жатқанда

С)Аң аулап жүргенде

D)Өзін аңдып, қуалағанда

E) Тоқалын ұзатып алып келе жатқанда

16. С.Мұқановтың алғашқы романын табыңыз.

А) «Адасқандар»

В) «Сырдария»

С) «Теміртас»

D ) «Ботакөз»

E) «Ақ аю»

17.Сапар деген жігітті асырап алып, оны өз баласы Қасымнан кем көрмеген ана жайлы Ғ.Мүсіреповтің әңгімесін табыңыз.

А) «Ұлпан»

В) «Ақлима»

С) «Ер ана»

D ) «Адамның анасы»

E) «Ананың арашасы»

18.Дүниежүзіне танымал болған Шығанақ Берсиев өмірі жайлы кім роман жазды?

А) Ғ.Мұстафин

В) Ә.Шәріпов

С) Ғ.Мүсірепов

D) М.Әуезов

E) С.Мұқанов

19.Қай ақынның өлеңінен алынған үзінді?

Күлемін де жылаймын,

Жылаймын да күлемін

Неге ғана бұлаймын-

Өзім ғана білемін.

А) Ә. Тәжібаев

В) С.Мұқанов

С) И. Байзақов

D) Қ. Аманжолов

E) Ф.Оңғарсынова

20.Б.Бұлқышев «Шығыс ұлына хат» атты шығармасын қай стильмен жазған?

А) көркем әдебиет

В) Іс-қағаздар

С) ауызекі сөйлеу

D) ғылыми

E) публицистикалық

21.Өз шығармаларын орыс тілінде жазған ақынды табыңыз.

А) Олжас Сүлейменов

В) Қадір Мырза Әли

С) Мұқағали Мақатаев

D) Бердібек Соқпақбаев

E) Ғабит Мүсірепов

22.«Балалар ақынын» табыңыз.

А) Мұқағали Мақатаев

В) Қадыр Мырза Әли

С) Абай Құнанбаев

D) Мағжан Жұмабаев

E) Расул Ғамзатов

23.М.Мақатаевтың өмір сүрген жылдарын табыңыз.

А) 1835-1865 ж.ж

В)1845-1904 ж.ж

С) 1931-1976 ж.ж

D)1804-1846 ж.ж

E)1894-1938 ж.ж

24.Жұбан Молдағалиевтің туған жылы мен туған жерін табыңыз.

А)1935 жылы Атырау облысы, Теңіз ауданы, Қошалақ ауылы

В) 1939 жылы Атырау облысы, Манаш ауылы

С) 1935 жылы Алматы облысы, Еңбекші қазақ ауданы, Жарсу ауданы

D) 1920 жылы Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы, Жыланды ауылы

E) 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар өңірі

25.Ұйқастың түрін табыңыз.

Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы

А) Аралас

В) Шұбыртпалы

С) Ерікті

D) Кезекті

E) Қара өлең


9 – сыныпқа қазақ әдебиеті пәнінен тест сұрақтары

III нұсқа

1.Салт айтысының қанша түрі бар?

А) 2

В) 3


C) 4

Д) 5


Е) 6

2.Данагүл кім?

А) Жиреншенің қызы

В) Төле бидің келіні

С) Алдар Көсенің әйелі

Д) Сырымның шешесі

Е) Белгісіз әйел

3. «Қорқыт ата кітабында»қай батыр кездеспейді?

А) Дерсеханұлы Бұқаш

В) Байбөрі баласы алып Бамсы

С) Қаракерей Қабанбай батыр

Д) Тоқа баласы Ержүрек Темірұл

Е) Бисат батыр

4.Бұқар жырау қай жылдары өмір сүрген?

А)1675-1768ж.ж

В)1706-1778ж.ж

С) 1465-1560ж.ж

Д) 1668-1781ж.ж

Е)1670-1730ж.ж

5.М.Өтемісұлының «Қызғыш құс» атты өлеңінде не туралы айтылған?

А) адам мен құстардың достығы жайлы

В) ерлік,батырлық жайы

С) Нарын жеріндегі құстардың ерекшелігі

Д) үстем тап өкілдерінің қорқақтығы жайлы

Е) елге,отанға деген сүйіспеншілік

6.Ырысжанмен айтысқан ақынды табыныз

А) Әсет

В) Сара


С) Табия

Д) Сүйінбай

Е) Біржан

7.Үзінді қай поэмадан алынған?

Ағын жесең,ақылын жаннан асар

Сары жесең,дәулетің судай тасар

Егерде қызыл алма алып жесең,

Ұрғашыда жан болмас сенен қашар

А) «Еңлік-Кебек»

В) «Масғұт»

С) «Күйші»

Д) «Әзім әңгімесі»

Е) «Ләйлі-Мәжнүн»

8.А.Байтұрсынұлы қай мысал өлеңінде ынтымаққа,бірлікке шақырады?

А) «Пайғамбар»

В) «Жетісу суреттері»

С) «Аққу,шортан,һәм шаян»

Д) «Жұртыма»

Е) «Сағындым»

9.Шәкәрім Абайдың қандай туысы?

А) Атасы

В)Туған інісі

С) Баласы

Д) Немере інісі

Е) Ағасы

10.І.Жансүгіровтың эпикалық жанрдағы алғашқы поэмасын табыныз

А) «Жорық»

В) «Күйші»

C) «Дала»

Д) «Рүстем қырғыны»

Е) «Мақпал»

11.С.Сейфуллин қайда туған?

А) Ақмола облысы,Ақмола уезі,Нілді болысының 1-ауылы

В) Қостанай облысы,Тобыл ауданы,Майлин кеңшары

С) Павлодар облыс,Баянауыл ауданы,Қызылтау атырабы

Д) Шығыс Қазақстан облысы,Абай ауданы

Е) Шығыс Қазақстан облысы,Дегелең ауылы

12.Еркебұлан қай шығарманың кейіпкері?

А) «Азамат Азаматыч»

В) «Кездеспей кеткен бір бейне»

С) «Шұғаның белгісі»

Д) «Әсия»

Е) «Ақбөпенің сыры»

13. «Адасқан өмір» поэмасы кімнің атынан баяндалады?

А) C.Көбеевтің

В) Үшінші жақтан

С) Лирикалық кейіпкердің

Д) Ауыл қариясынан

Е) С.Торайғыровтың

14.Жамбыл Құлмамбет ақынмен қай жылы айтысып,жеңіске жеткен?

А)1884ж

В) 1887ж


С)1885ж

Д) 1881ж


Е)1890ж

15.М.Әуезовтың қай шығармасы жарты ғасырлық оқиғаны қамтиды?

А) «Қаралы сұлу»

В) «Өскен өркен»

С) «Қилы заман»

Д) «Түнгі сарын»

Е) «Абай жолы»

16.С.Мұқановтың күріш егу,жер суландыру тақырыбын арқау еткен шығармасын табыңыз

А) «Сырдария»

В) «Есею жылдары»

С) «Ақ аю»

Д) «Ариадна жібі»

Е) «Өмір мектебі»

17.Ғ.Мүсірепов қай қаладағы жұмысшы факультетінде (рабфак) оқыды?

А) Ақтөбе

В) Қызылжар

С) Орынбор

Д) Алматы

Е) Семей

18.Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романы қандай тақырыпқа жазылған?

А) Ұлт-азаттық төңкерістен кейінгі жағдай

В) Қазақ жұмысшы табының қалыптасуы

С) Тарихи төңкерістік тақырып

Д) Ауыл өмірі

Е) Азаттық мұңы

19.Қ.Аманжоловтың поэмасын табыңыз

А) «Медғат»

В) «Ескендір»

С) «Батыр Баян»

Д) «Естай-Қорлығайын»

Е) «Әзім әңгімесі»

20.Үзінді қай өлеңнен алынған?

Шалғайын шалқар малшыған

Бұлт келді

Көктен пір кетті

А)Қадыр Мырза Әли «Түн кірпігін ілмеді»

В)Қадыр Мырза Әли «Шалкөде жайлауы»

С)Міржақып Дулатұлы «Шешенің балаларын сүюі»

Д. Міржақып Дулатұлы «Жастарға»

Е) Қадыр Мырза Әли «Нұр»

21.Б.Бұлқышев көбіне қай стильде жазды?

А) Публицистикалық стильде

В) Ауызекі стильде

С) Ғылыми стильде

Д) Көркем әдебиет

Е) Іс қағаздары стилінде

22.»Семей-Невада» халықаралық қозғалысының жетекшісі болған ақынды табыңыз

А) Т.Айбергенов

В) О.Сүлейменов

С) М.Шаханов

Д) Қ.Мырза Әли

Е) Т.Әбдіков

23.М.Мұқатаевтың ақындыққа азаматтық тұрғыдан сипаттама берген өлеңін табыңыз

А) «Ғашықпын»

В) «Үш бақытым»

С) «Толғау»

Д) «Балаларым,рақмет сендерге»

Е) «Ұят болды-ау»

24.Т.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» өлеңінде лирикалық кейіпкер кім?

А) Жастар

В) Ақын

С) Мен


Д) Халық

Е) Рух


25.Шумақтағы ұйқастың түрін табыңыз

Көгінен нұр төгілген

Жерінен дүр,гүл өнген

Жердегі жұмақ

Бұл қай жақ

А) Ұйқас жоқ

В) Қара өлең ұйқас

С) Кезектес ұйқас

Д) Шалыс ұйқас

E) Егіз ұйқас




9 – сыныпқа қазақ әдебиеті пәнінен тест сұрақтары

VI нұсқа

1.Үзінді қай жырдан алынған?

Тайбурыл атты құтырты,

Оған да келді сыдыртып..

А) «Қобыланды»

В) «Алпамыс»

С) «Ертарғын»

D) «Еңлік - Кебек»

Е) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»

2. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» поэмасында Қозының намысын қорғау үшін кім шығады?

А) Танаш

В) Көтібар

С) Тайлақ

D) Нысан абыз

Е) Айбас

3. Тонұқұқ қай жырдың кейіпкері?

А) «Қырымның қырық батыры»

В) «Алпамыс батыр»

С) «Күлтегін»

D) «Қобыланды батыр»

Е) «Еділ батыр»

4. «Көмекей әулие» атанған жырау кім?

А) Доспамбет жырау

В) Ақтамберді жырау

С) Үмбетей жырау

D) Бұқар жырау

Е) Шал ақын

5. М.Өтемісұлы қай өлеңінде өзін «түбін тескен бәйтерекке», «қарақұстан туған қалықпанға» балайды?

А) «Жалғыздық»

В) «Мұнар күн»

С) «Қызғыш құс»

D) «Ереуіл атқа ер салмай»

Е) «Мен – құстан туған құмаймын»

6. «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» жырының авторын табыңыз

А) Сүйінбай Аронұлы

В) Қазтуған жырау

С) Дулат Бабатайұлы

D) Жиренше шешен

Е) Асан Қайғы

7. Абайдың қай «қарасөзінде» қазақ мақалдарының ішіндегі кейбіріне сын айтады?

А) 27

В) 29


С) 25

D) 24


Е) 26

8. А.Байтұрсыновтың «Екі шыбын» мысалында қандай мінез сыналады?

А) Залымдық

В) Жалқаулық

С) Мақтаншақтық

D) Тәкәппарлық

Е) Өзімшілдік

9. А.В.Затаевич нотаға түсіріп алған Шәкәрімнің әнін табыңыз.

А) «Ақындарға»

В) «Дүние мен өмір»

С) «Бостандық туы жарқырап»

D) «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек»

Е) «Жастарға»

10. М.Дулатовтың «Серке» газетінде басылған мақаласын табыңыз.

А) «Абай»

В) «Оқу жайы»

С) «Оян, қазақ!»

D) «Қазақтың бас ақыны»

Е) «Біздің мақсатымыз»

11. Ж.Аймауытовтың қай шығармасынан алынған үзінді? Жеті Шатыр – жақсы қала... қысы-жазы қымыз, ойын-сауық. Айт, той-құдалық, ат жарыс, күрес... Үй қыдырған көлең-көлең ақ жаулық

А) «Әнші»

В) «Ақбілек»

С) «Жолдастар»

D) «Дала»

Е) «Өмір мен өлім»

12. М.Жұмабаевтың поэмасын табыңыз.

А) «Ескендір»

В) «Қорқыт»

С) «Тұтқын»

D) «Күйші»

Е) «Бандыны қуған Хамит»

13. Әмірқан қай шығарманың кейіпкері?

А) «Қамаудан»

В) «Атаның әлдиі»

С) «Әнші»

D) «Бөбек бөлеу»

Е) «Толқын»

14. «Қәдірбайдың төбеті» өлеңінің авторын табыңыз.

А) І.Жансүгіров

В) С.Сейфуллин

С) М.Жұмабаев

D) Ж.Жабаев

Е) Б.Майлин

15. «Қорғансыздың күні» әңгімесіндегі аңыз кейіпкері – батыр бейнесін табыңыз.

А) Тектіғұл

В) Есеней

С) Қалтай

D) Жақып


Е) Күшікбай

16. С.Мұқановтың поэмасын табыңыз.

А) «Сұлушаш»

В) «Мөлдір махаббат»

С) «Ботакөз»

D) «Теміртас»

Е) «Сырдария»

17. Мәрзия, Науан, Дәмелі қай шығарманың кейіпкерлері?

А) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»

В) «Ақан сері-Ақтоқты»

С) «Қыз Жібек»

Д) «Амангелді»

Е) «Еңлік-Кебек»

18. Ғ.Мұстафин романтикалық шығармасын табыңыз.

А) «Құлаған құз»

В) «Күлмеген адам»

С) «Дауылдан кейін»

D) «Шығанақ»

Е) «Миллионер»

19. Қ.Аманжоловтың Абайдың «Сегізаяқ» өлеңіне еліктеп жазған өлеңін табыңыз.

А) «Елге хат»

В) «Қоштасу»

С) «Күлемін де жылаймын»

D) «Шықтым өмір шыңына»

Е) «Хантәңірі»

20. Гете жайлы төмендегі жолдардың авторы кім?

Атақты ақын, сені біздің ел ғана шын сүйеді. Сені біз Пушкинмен қатар қоямыз. Біз, қазақ жастары, «Фаустыңды» оқи отырып, өзіңе деген құрметіміз арта түсті.

А) И.Байзақов

В) С.Ерубаев

С) Қ.Аманжолов

D) М.Мақатаев

Е) Б.Бұлқышев

21. О.Сүлейменов қашан және қайда дүниеге келді?

А) 1936 жылы Алматы қаласында

В) 1935 жылы Атырау облысы Теңіз ауданы Қошалақ ауылында

С) 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар өңірінде

D) 1931 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылы

Е) 1935 жылы Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданында

22. Қ.Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі Байтас шал шекарадан өтіп, атамекендегі ескі қыстауға кіргенде не істейді?

А) Алаңсыз ұйқыға кетеді

В) Бойтұмарын алып, сөгіп, ішіндегі бір уыс топырақты төкті

С) Шекпенін төсеп, үстіне жантая кетті

D) Су ішіп есін жинады

Е) Өткен өмірін ойлай бастады

23. «Алғашқы өлеңімді мен алтыншы класта оқып жүргенімде, 1948 жылы жаздым...» деген кім?

А) М.Мақатаев

В) Ж.Жабаев

С) Қадыр Мырза Әли

D) О.Сүлейменов

Е) С.Сейфуллин

24. Ана мен жылқышы диалогі М.Мақатаевтың қай шығармасында өтеді?

А) «Райымбек, Райымбек»

В) «Моцарт»

С) «Жан азасы»

D) «Аққулар ұйықтағанда»

Е) «Ару ана»

25. Аққан жасы, сел болған, Етегі толып көл болған деген өлең жолдарындағы құбылтудың түрін табыңыз.

А) Кейіптеу

В) Келмеждеу

С) Ауыстыру

D) Алмастыру

Е) Әсірелеу



9 – сыныпқа қазақ әдебиеті пәнінен тест сұрақтары

IV нұсқа .

1.Ертегі кейіпкерлерін табыңыз

А) Күнікей ,Жаман

В) Баян,Қарашаш

С) Құртқа , Қазан

Д) Құртқа , Таңсық

Е) Аяз би,Ер Тарғын

2.Төле Би , Қазыбек Би, Әйтеке билердің өмір сүрген кезеңін табыңыз .

A) XIV ғ.

В) XVIII ғ.

С) XVI ғ.

Д) XV ғ.


Е) XIX ғ.

3.Орхон – Енисей жазба ескерткіштерінің негізгі ойы мен мұраты не?

А) Жастардың болашағы

В) Әйел бостандығы мен теңсіздігі

С) Ел тәуелсіздігінің аңсау , ел қорғаған батырларды дәріптеу

Д) Жер дауы , жесір дауы

Е) Жеклеген хандар мен сұлтандарды мадақтау

4.Үзінді Асан қайғының қай өлеңінен алынған?

Ата жұрты бұқара ,

Өз қолында болмаса

Қанша жақсы болса да ,

Қайратты туған ер ғаріп.

А) «Қырында киік жайлаған»

В) «Айналасын жер тұтқан»

С) «Көлде жүрген қоңыр қаз»

Д) «Бұл заманда не ғаріп? »

Е) «Еділ бол да, Жайық бол»

5.ЮНЕСКО – ның шешімімен Махамбет Өтемісұлының 200 жылдық мерейтойы қай жылы дүние жүзілік деңгейде аталып өтті ?

А) 1999 ж

В) 2001 ж

С) 1991 ж

Д) 1986 ж

Е)2003ж

6. Әсет Найманбаев қайда дүниеге келді?



А) Шығыс Қазақстан облысы ,Мақаншы ауданындығы «Бақты» аулы

В) Қарағанды облысы,Қарқаралы ауданы , Теректі бұлағындағы қыстау

С) Атырау облысы ,Қызылқоға ауданы,Қарабау деген жер

Д) Көкшетаудың күнбатыс жағындағы Қоскөл деген жер

Е) Жамбыл облысы , Шу ауданы, Жайсаң жайлау

7.А.Құнанбайұлы А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романын қашан аударды ?

А) 1895

В) 1889


С)1885

Д) 1887


Е)1888

8.Ахмет Байтұрсынұлының аудармасын табыңыз.

А) «Тіл құрал»

В) «Қазақ салты»

С) «Ала қойлар»

Д) «Жизнь описание»

Е) «Әліп – би»

9.Шәкәрімнің Абайды жастарға үлгі еткен өлеңін табыңыз.

А) «Адамдық борышың»

В) «Әсемпаз болма әрнеге»

С) «Үш – ақ түрлі өмір бар»

Д) «Жастарға»

Е) «Шәкірт ойы»

10.Өлең жолдарының авторы кім?

Тұрмыс , тағдыр –бірі де ,

Бұл мақсаттан бұра алмас

Қаһарман Рүстем ,әлі де

Бұрам деп жолда тұра алмас.

А) Абай

В) Ахмет


С) Жүсіпбек

Д) Ілияс


Е) Сұлтанмахмұт

11.І.Жансүгіров қай шығармасында көпшілікке беймәлім аң -құстарды жырлаған?

А) «Жетісу суреттері»

В) « Бұлақ бойында»

С) «Ауылдың алды»

Д) «Саудагер тамашасы»

Е) «Ағынды менің Ақсуым»

12.М.Тәтімов , С.Шәріповтердің бастарынан кешкен оқиғаларды (1916-1919) қосалқы эпизоттар арқылы суреттеген шығырманы табыңыз.

А) «Азамат Азаматыч»

В) «Тар жол , тайғақ кешу»

С) «Кездеспей кеткен бір бейне»

Д) «Шұғаның белгісі»

Е) «Ақбөпенің сыры»

13. «Неке қияр» пьесасының авторын табыңыз.

А) Ғ.Мүсірепов

В) С.Сейфуллин

С) Б.Майлин

Д)Ж.Жабаев

Е)І.Жансүгіров

14.Үзінді Жамбылдың қай өлеңінен алынған?

Оқымаймын молдадан ,

Екі иығын қомдаған

Бала келсе сабаққа ,

Жем аңдыған дорбадан

А) «Патша әмірі тарылды»

В) «Майданға»

С) «Зілді бұйрық»

Д) «Шағым»

Е) «Кедей күйі»

15.Үзінді қай шығармадан алынған?

Қураған-ай , ненді алып ем! Не жазып едім?

Бауырыңа салып өсіргеннен басқа не қып еді менің құлыным? –

А) «Саятшы Ораз»

В) «Боранды түнде»

С) «Ананың анасы»

Д) «Есіл бойында»

Е) «Көксерек»

16.С.Мұқановтың алғашқы өлеңін табыңыз?

А) «Бостандық»

В) « Балқаш»

С) «Берлин алынды»

Д) «Майға сәлем»

Е) «Егістік»

17. Ғ.Мүсіреповтың пьесасын табыңыз

А) «Амангелді батыр»

В) «Ер Қосай»

С) «Махамбет»

Д) «Махамбет – Исатай»

Е) «Амангелді»

18.Бұл кімнің сөзі?

Менің творчествомның өзегі,арқауы .негізі – жаңа заман.жаңа адам

А) Қ.Аманжолов

В) Ғ.Мұсірепов

С) Ғ.Мұстафин

Д) М.Ауезов

Е)Қ.Мырзалиев

19.Берілген үзінді Қ.Амажоловтың қай поэмасынын алынған?

Шықты бір қыз театрдан

Мойнында орман түлкі

Шашын күзеп,қасын қырған

Аузы – мұрны толған күлкі.

А) «Құпия қыз»

В) «Көкшетау»

С) «Қытай қызы»

Д) «Бикеш»

Е) «Дариға сол қыз»


20.Б..Бұлқышев «Өмір сүргім келеді» деген әңгіме - хатты жазғанда неше жаста еді?

А) 22


В) 23

С) 21


Д)19

Е) 20


21.О.Сүлейменовтың Отанғасүйіспеншілік,туған халыққа адалдық ,азаматтық борыш туралы және көне скиф дәуірінің шынайы көріністері жайлы шығармасын табыңыз.

А) «Қыш кітап»

В) «Мешін жылы»

С) «Бабалар жері»

Д) «Асқардан асу»

Е) «Арғымақтар»

22.Қыдыр Мырза Әлидің айтуынша қай сан қасиетті?

А) үш


В) жеті

С) тоғыз


Д) бес

Е) жүз


23. «Ұят болды- ау!» өлеңінің авторын табыңыз.

А) Ә.Сәрсенбаев

В) М.Шаханов

С) М.Мақатаев

Д) Ф.Оңғарсынова

Е) Қ.Мырзалиев

24.Ж.Молдағалиев алғашқы жырларында қандай тақырыпта жырлады?

А) Жастық шақ

В) Сөз өнері

С) Махаббат қуған жастар

Д) Жеңіске деген сенім

Е) Экологоия мәселесі

25.Тармақтың соңғы сөздерінің дыбыстық жағынан үндесуін қалай атайды?

А) Бұнақ


В) тармақ

С) Шумақ


Д) Ырғақ

Е) Ұйқас



9 – сыныпқа қазақ әдебиеті пәнінен тест сұрақтары

V нұсқа

1.Аңыз әңгіменің басты ерекшелігі не?

А) Аңызда тарихи шындық пен қиял араласып жүреді.

В) Аңыз тек бір нұсқалы болады.

С) Аңыз тек қана қиял-ғажайыптан тұрады.

D) Аңыз шындыққа жақын тұрады.

Е) Аңызда қиял элементтері мүлде болмайды.

2. «Аяз би» ертегісіндегі басты кейіпкер кім?

А) Зәрлі хан

В) Жаман


С) Мадан

D) Ақша хан

Е) Шалқұйрық

3. Оғыздарға қасиетті түс не болған?

А) ақ

В) қара


С) көк

D) қызыл


Е) жасыл

4. «Керей, қайда барасың?» толғауын жазған жырау кім?

А) Қазтуған жырау

В) Асан қайғы жырау

С) Жиембет жырау

D) Бұқар жырау

Е) Шалкиіз жырау

5. М.Өтемісұлы ˝ Бұл дүниенің жүзінде˝ өлеңін қай оқиғаға байланысты шығарған?

А) көтеріліс жылы басталғанда

В) Исатайдың өлімі

С) әскерлерге арнау

D) патша әскерімен шайқаста

Е) жалғыздықта, қуғында жүргенде

6. Біржан салдың өлеңін табыңыз.

А) «Жанбота»

В) «Ілімге толса көкірек»

С) «Аңғарып көрсем байымдап»

D) «Жақсы болсын жұбайың»

Е) «Теміртас»

7. Абайдың қай өлеңі Н.Некрасовтың «Аяз ата» өлеңіне ұқсайды?

А) «Жаз»

В) «Қыс»


С) «Жазғытұры»

D) «Күз»


Е) «Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай»

8. А.Байтұрсынұлының өлеңдер жинағын табыңыз.

А) «Оян, қазақ!»

В) «Терме»

С) «Маса»

D) «Азамат»

Е) «Домбыра»

9. Үзіндінің авторын табыңыз.

Адамдық борышың,-

Халқына еңбек қыл.

Ақ жолдан айнымай

Ар сақта оны біл.

А) А.Қорамсаұлы

В) А.Құнанбайұлы

С) Ш.Бөкеев

D) Ш.Құдайбердіұлы

Е) Ғ. Қараш

10. Омар, Жорға Нұрым қай шығарманың кейіпкерлері?

А) «Бақытсыз Жамал»

В) «Кім жазықты?»

С) «Әнші»

D) «Ақбілек»

Е) «Қамар сұлу»

11. І.Жансүгіровтің алғашқы өлеңдер жинағын табыңыз.

А) «Арман»

В) «Сағанақ»

С) «Тұңғыш тоғысу»

D) «Күйші»

Е) «Тілек»

12. Сәкеннің жасырынып жүрген кезде жазған өлеңін табыңыз.

А) «Қысқы түнде»

В) «Тау ішінде»

С) «Қанды тұман»

D) «Қараша үй»

Е) «Жел қайықта»

13. «Мырқымбай» топтамасының авторын табыңыз.

А) І.Жансүгіров

В) Ш.Құдайбердиев

С) Б.Майлин

D) С.Сейфуллин

Е) М.Әуезов

14. Жамбыл ақынның «Аттандыру» атты өлеңі халық поэзиясының қай түріне жатады?

А) жоқтау

В) естірту

С) сыңсу

D) қоштасу

Е) жұбату

15. М.Әуезов әкесі қайтыс болған соң кімнің тәрбиесінде болды?

А) Нағашысы

В) Аталас туысы

С) атасы Әуез

D) Абай


Е) Немере ағасы Қасымбек

16. С.Мұқановтың қазақ ауылы кедейлерінің типтік бейнесін танытқан өлеңін табыңыз.

А) «Кедей баласы»

В) «Сүт заводы»

С) «Көңілім»

D) «Майға сәлем! »

Е) «Шоқпыттың шаруасы»

17. Ғ.Мүсіреповтің қай шығармасында Игілік, Жұман, Күреңкөз қожа деген кейіпкерлер кездеседі?

А) «Ашынған ана»

В) «Оянған өлке»

С) «Қазақ солдаты»

D) «Қос Шалқар»

Е) «Шұғыла»

18. Ғ.Мұстафиннің әңгімесін табыңыз.

А) «Миллионер»

В) «Өлім мен өмір»

С) «Керуен»

D) «Шығанақ»

Е) «Дауылдан кейін»

19. Қ. Аманжоловтың туған жылы мен туған жерін табыңыз.

А) 1922 жылы Қостанай облысы Жангелдин ауданында дүниеге келген

В) 1920 жылы Батыс Қазақстан облысы Сайқұдық ауылында дүниеге келген

С) 1925 жылы Ақтөбе облысы Қарабұлақ ауданында дүниеге келген

D) 1911 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүниеге келген

Е) 1931 жылы Алматы облысы Райымбек ауданында дүниеге келген

20. О.Сүлейменов « Қыз қуу» өлеңінде жігітке сөйлеп тұрған кім?

А) Адамдар

В) Ақын


С) Ат

D) Жігіт


Е) Қыз

21. Өлең жолдары қай ақынның Шығармасынан алынған?

Сабақ алып шежіре көне күннен,

Бәрін көздің өткізіп елегінен,

Қыранша өмір сүргенің-

Қандай бақыт!

Қандай бақыт-

Қыранша өле білген!

А) Қ.Мырза Әли, «Кәрі қыран»

В) Ш.Мұртаза, «Жүз жылдық жара»

С) М.Жұмабаев, «Сағындым»

D) Т.Айбергенов, «Аруана бауыр дүние!»

Е) С.Мұратбеков, «Жусан иісі»

22. М.Мақатаев қай жылдары өмір сүрді?

А) 1894-1938 ж.ж.

В) 1931-1976 ж.ж.

С) 1845-1904 ж.ж.

D) 1804-1846 ж.ж.

Е) 1835-1865 ж.ж.

23. Ж.Молдағалиевтің «Кісен ашқан» поэмасы кім туралы?

А) Махамбет

В) Атқали

С) Құрманғазы

D) Сүгір


Е) Қаршыға

24. Қадыр Мырза Әлидің туындысын табыңыз.

А) «Шығыс ұлына хат»

В) «Ескерткіш»

С) «Сырдария»

D) «Кәрі қыран»

Е) «Ұлт өлеңі»

25. Метафораның анықтамасын табыңыз.

А) Сөзді тура мағынасында қолдану

В) Зат пен құбылыстың сипатын айрықша суреттеу.

С) Зат пен құбылысты қарама-қарсы суреттеу.

D) Зат пен құбылысты шамадан тыс суреттеу.

Е) Зат пен құбылысты айқындау үшін, басқа зат пен құбылысқа ауыстыру.

9 – сыныпқа қазақ әдебиеті пәнінен тест сұрақтары

VII нұсқа

Қаршыға қай жырдың кейіпкері.

А) «Қыз Жібек»

В) «Мақпал мен Сегіз»

С) «Айман-Шолпан»

D) «Күлше қыз»

Е) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»

2.Қай батыр мінген атына «Айналайын» деп үн қатады?

А) Кендебай

В) Ер тарғын

С) Ер Төстік

D) Алпамыс

Е) Толағай

3.Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің кейіпкері –Елтеріс ханның ұлдарын табыңыз.

А) Тонықұқ,Күлтегін

В) Тонықұқ,Білге

С) Білге, Күлтегін

D) Күлтегін,Иоллығ тегін

Е) Білге, Күлтегін, Тонықұқ

4.Қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған жырауды табыңыз.

А) Қазтуған жырау

В) Асан қайғы

С) Үмбетей жырау

D) Бұқар жырау

Е) Шал ақын

5.Төмендегі үзінді М.Өтемісұлының қай өлеңінен алынған?

Темір қазық жастанбай,

Қу толағай бастанбай,

Ерлердің ісі бітерме?

А) «Жалғыздық»

В) «Мұнар күн»

С) «Мен –құстан туған құмаймын»

D) «Қызғыш құс»

Е) «Ереуіл атқа ер салмай»

6.Шернияз ақын «Мен едім Исатайдың Шерниязы» деп– өзін кімге таныстырады?

А) Жәңгір ханға

В) Біржан салға

С) Баймағанбет сұлтанға

D) Қазақ халқына

Е) Махамбетке

7.Абай қазақ әдебиетіне қандай бағыт әкелді?

А) фантастикалық

В) сыншыл реализм

С) назиралық

D) лирикалық

Е) романтикалық

8.А.Байтұрсұновтың «Маса»жинағын шығарудағы мақсаты не?

А) Адамзатты қорғауға шақыру

В) Патша үкіметін маса болып шағып құлату

С) Ұйықтап жатқан халқын маса болып ояту

D) Өзінің ізін басқан ақын-жазушыларға үгіт-насихат айту

Е) Халықты отаршылдыққа қарсы шақыру

9.Шәкәрім поэмасын табыңыз

А) «Масғұт »

В) «Медғат Қасым»

С) «Батыр баян»

D) «Еңлік Кебек»

Е) «Ескендір»

10.М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамалында» Жамалды атастырған жігіт кім?

А) Ұзын Жұман

В) Байжан

С) Сары Жұман

D) Тапал Жұман

Е) Таз Жұман

11.15-16 жасында үй ішінің рұқсатынсыз Павлодарға қашып барып,орысша-қазақша екі сыныпты мектепке түскен кім?

А) М.Аймауытов

В) Ғ.Мүсірепов

С) І.Жансүгіров

D) М.Әуезов

Е) С.Торайғыров

12.М.Жұмабаевтың Қаракерей Қабанбай,Қанжығалы Бөгенбай,Қазыбек би,Шөже,Жанақ,Біржан секілді ұлы тұлғаларды жырлаған өлеңі қалай аталады?

А) «Сүйемін»

В) «Түркістан»

С) «Туған жер»

D) «Жауға түскен жанға»

Е) «Өткен күн»

13.Үзінді кімдікі?

Қаранғы қазақ көгіне

Өрмелеп шығып,күн болам

Қараңғылықтың көгіне күн болмағанда кім болам?!

А) Ж.Аймауытов

В) Ғ.Мүсірепов

С) С.Торайғыров

D) С.Көбеев

Е) М.Дулатов

14.ХІХ ғасырдың орта тұсында Жетісу қазақтарының Қоқан басқыншыларына қарсы күресін суреттеген Ж.Жабаевтың шығармасын табыңыз.

А) «Патша әмірі тарылды»

В) «Халық кегі»

С) «Шағым»

D) «Сұраншы батыр»

Е) «Халықтың еркі кетті баласынан»

15.Т.Рұсқұловтың әкесінің өмірі жайлы жазылған М.Әуезовтің шығармасын табыңыз.

А) «Оқыған азамат»

В) «Қызыл жебе»

С) «Соңғы көш»

D) «Қилы заман»

Е) «Қараш-Қараш оқиғасы»

16. «Ш.Уалиханов» пьесасы кімдікі?

А) С.Мұқанов

В) М.Әуезов

С) Ғ.Мұстафин

D) Ф.Оңғарсынова

Е) С.Сейфуллин

17.Ғ.Мүсіреповтің колхоз өмірінің бұралаң-бұлтарасын бүкпей ,ашып айтқан шығармасының бірін табыңыз.

А) «Қазақ солдаты»

В) «Қос Шалқар»

С) «Алғашқы адымдар»

D) «Жат жолында»

Е) «Ақан сері-Ақтоқты»

18. Ғ.Мұстафин сомдаған тартымды әйел образдарын табыңыз.

А) Лиза,Раушан, Бәтес.

В) Ұлпан,Шынар,Көпей.

С) Жанат, Алма, Ардақ

D) Сұлушаш, Тоғжан

Е) Ақбота, Қарагөз

19. Үзінді кімнің өлеңінен алынған?

Япыр-ай! Тудым неге ойшыл болып?

Кеудем толып барады, кеудем толып,

Түгім қалмай жаралып аспанға ұшып,

Неге ғана атпаймын фонтан болып?!

А) М.Мақатаев

В) Ә.Тәжібаев

С) С. Мәуленов

D) Қ.Аманжолов

Е) И.Байзақов

20.Б.Бұлқышевтың еңбегін табыңыз

А) «Боранды түнде»

В) «Өзім туралы»

С) «Батыр туралы»

D) «Соғыс туралы»

Е) «Өмір мен өлім туралы»

21. «Аз және я» атты ғылыми-зерттеу еңбектің авторы кім?

А) О.Сүлейменов

В) Т.Айбергенов

С) Қ. Мырза Әли

D) Қ.Қазиев

Е) Т. Әбдіқов

22. Қ.Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі Байтас шал туған жерге өтісімен не істейді?

А) Ата-бабалар зиратына құран оқыды

В) Жер ананы құшақтап сүйе береді

С) Шекарашыларға берілді

D) Отырып тамақ ішеді

Е) Ауылдағы адамдарға жолықты

23. «Жеті» саны мен соған қатысты ұғымдар жайлы өлең жазған ақынды табыңыз.

А) О.Сүлейменов

В) Ж.Жабаев

С) Қ.Мырза Әли

D) М.Мақатаев

Е) Қ.Аманжолов

24.Жұбан Молдағалиевтің тұңғыш өлеңдер жинағын табыңыз.

А) «Жесір тағдыры»

В) «Жыр туралы жыр»

С) «Заман тынысы»

D) «Жеңіс жырлары»

Е) «Нұрлы жол»

25. «Ойым –у, өмірім-су, үмітім-бу» деген тармақта қандай көркем тәсіл қолданылған?

А) Антитеза

В) Метонимия

С) Гипербола

D) Эпитет

Е) Метафора

9 – сыныпқа қазақ әдебиеті пәнінен тест сұрақтары

VIII нұсқа

1.Қай батыр Қырым ханы Ақша ханның еліне барады?

A) Қамбар

В) Орақ


С) Алпамыс

Д) Мамай


E) Ер Тарғын

2.Қазақтың көшпелі өмірі, әдет - ғұрпы, мінез-құлқы, киім киісі, жүріс – тұрысы, қыздарының бірінен-бірі асқан сұлулығы суреттелетін лиро-эпос жырын табыңыз.

A) «Қыз Жібек»

В) «Қозы Корпеш- Баян Сұлу»

С) «Күлше қыз»

Д) «Мақпал мен Сегіз»

E) «Айман - Шолпан»

3.Орхон – Енисей жазба ескерткіштеріндегі жырлар кімге арналған?

A) Алып Ер Тұңға

В) Қорқыт ата

С) Оғыз қаған

Д) Күлтегін

Е) Алпамыс батыр

4.Бұқар жыраудың әкесінің аты кім?

A) Доспамбет

В) Қалқаман

С) Белгісіз

Д) Жанақ


Е) Жиембет

5.М.Өтемісұлы “Мұнар күн’’өлеңін қай оқиғаға байланысты шығарған?

A) көтеріліс жылы басталғанда

В) Исатайдың өлімі

С) Жалғыздықта, қуғында жүргенде

Д) патша әскерімен шайқаста

Е) әскерлерге арнау

6.Ақан серінің «Заман адамы» өлеңі бойынша, қазақтың артта қалу себебі неде?

A) байлыққа құмарту

В) билікке құмарту

С) еріншектік, жалқаулық

Д) сөз тыңдамау

Е) қызғаншақтық, көре алмаушылық

7.Абай «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, соқыр, мылқау, танымас тірі жанды...» деп нені суреттеп тұр?

A) қатыгез адам

В) кәрі құда

С) қыс бейнесі

Д) жарлы кедей

Е)қаһарлы жылдар

8.Өлең жолдары кімге қатысты?

Қарағым, айналайын, қамқор анам,

Арнап хат жазайын деп алдым қалам,

Сенде онда, мені мұнда аман сақтай

Көруге жазғай еді хақ тағалам.

Бара алмай өтірікші болып әбден,

Семейдің түрмесінде отыр балам,...

A) Жиренше

В) Дулат


С) Махамбет

Д) Абай


Е) Ахмет

9.Шәкәрім поэмасын табыңыз.

A) «Масғұт»

В) «Медғат-Қасым»

С) «Батыр Баян»

Д) «Еңлік-Кебек»

Е) «Ескендір»

10.М.Дулатовтың «Оян ,қазақ!» жинағы қашан шықты?

A) 1910 ж.

В) 1912 ж.

С) 1909ж.

Д) 1908 ж.

Е) 1900ж.

11.Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі Әмірқанның ұстазын табыңыз.

A) Жұмабек

В) Хамит


С) Бекберген

Д) Сүйінбай

Е) Қажымұқан

12. М.Жұмабаевтың «Қаланы қазақ ауылына қарсы қойған деген айып тағылған»өлеңдерін табыңыз.

A) «Бәрінен де сен сұлу»,«Алатау»

В) «З-ға»,«Р-ға»,«Махаббат не?»

С) «Өткен күн»,«Жауға түскен жанға»

Д) «Сүйемін»,«Анама»,«Есімде...тек таң атсын»,«Орал»,«Орал тауы»

Е) «Айда атыңды, Сәрсенбай», «Жазғы қала», «Шойын жол»

13.С.Торайғыровтың өлеңін табыңыз

A) «Сағындым »

В) ««Оқып жүрген жастарға »

С) «Өткен күн»

Д) «Сырым»

Е) «Қазақстан»

14. Жамбылдың бір болысты әжуалап жазған сатиралық өлеңін табыңыз.

A) «Замана ағымы »

В) «Мәңке туралы »

С) «Майданға хат»

Д) «Шағым»

Е)«Алынбас қамал »

15.М. Әуезовтің «Көксерек»әңгімесін жазуға себеп болған оқиғаны табыңыз.

A) Қысқы ауыл суреті әсер еткен

В) Жұбайы Валентина Әуезова сатып әкелген күнтізбе әсер еткен

С) Жазушы қиялынан туған

Д) Естіген хикаясы себеп болған

Е) Орыс жазушысына еліктеп жазған

16.С. Мұқановтың әйгілі романын табыңыз.

A) «Майға сәлем»

В) «Есею жылдары»

С) «Сұлушаш»

Д) «Ботагөз»

Е) «Сырдария »

17.Ғ. Мүсіреповтің жазушы болуына үлкен ықпал еткен ақынды табыңыз.

A) С.Мұқанов

В) А.Байтұрсынов

С) А. Құнанбаев

Д) Б. Өтетілеуов

Е)С.Сейфуллин

18.Ғ.Мұстафиннің Қарағанды шахтерлері жайлы жазған алғашқы туындысын табыңыз.

A) «Шығанақ»

В) «Өмір мен өлім »

С) «Миллионер»

Д) «Көз көрген »

Е) « Қарағанды»

19.Қ.Аманжоловтың өз өмірін ой елегінен өткізіп, өткенін таразылап,болашаққа үміт артқан (Іштей ойлану,толғану сыры сияқты,кейінге қалдырған аманат сөзіне ұқсайтын)шығармасын табыңыз.

A) «Көкшетау»

В) «Туған жер»

С) «Өзім туралы»

Д) «Қарыздар болмай өлейік »

Е) «Сыйса егер өмір сыры бір жаныңа»

20.Қай қаламгер неміс ақыны Гетемен ой бөліседі?

A) Ж.Саин

В) Қ.Аманжолов

С) А.Құнанбайұлы

Д) Б.Бұлқышев

Е) Г.Бельгер

21."Қыш кітап" поэмасы кімнің еңбегі?

A) Жамбыл Жабаев

В) Олжас Сүлейменов

С) Мұқағали Мақатаев

Д) Төлеген Айбергенов

Е) Расул Ғамзатов

22.Қ .Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі Байтас шал туған жерге не үшін оралғысы келеді?

A) Қайтадан жаңа өмір бастау үшін

В) Туған жерге жетіп өлу үшін

С) Жаулардан құтылу үшін

Д) Ашаршылықтан құтылу үшін

Е) Туысқандарына жолығу үшін

23.«Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңінің авторы кім?

А) Төлеген Айбергенов

В) М. Шаханов

С) Қ.Мырз Әли

Д) М. Мақатаев

Е) Ж. Молдағалиев

24.М. Мақатаевтың өлеңін табыңыз.

A) «Өмірдің өзі-ақ қызық-ақ»

В) «Қайта оралады тырналар»

С) «Туысқан»

Д) «Ғашықпын»

Е) «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру»

25. Өлең жолдарындағы метафораларды табыңыз.

Таудан мұнартып ұшқан тарланым,

Саған ұсынам қолым жетерме?

Арызын айтсам өтер ме?

Арыстаным, көп болды – ау,

Саған да менің арманым!

А) Таудан, ұшқан

В) Мұнартып, айтсам

С) жетер ме? өтер ме?

Д) ұсынсам, айтсам

Е) тарланым, арыстаным



9 – сыныпқа қазақ әдебиеті пәнінен тест сұрақтары

IX нұсқа

1. « Алпамыс батыр» жырындағы кейіпкерді табыңыз.

А) Құлтай

В) Қаршыға

С) Тынсызбай

D) Бекежан

Е) Төлеген

2.Қазақ ауыз әдебиетіндегі жаңа әйел ,саналы қыз образын табыңыз.

А ) Ботагөз

В) Айман


С) Баян сұлу

D) Сұлушаш

Е) Қамар сұлу

3.X-XV ғғ Жазылған шығармаларға жатпайтын жазба ескерткішті табыңыз.

А ) «Диуани лұғат ат-түрк»

В) «Құдатғу білік»

С) «Білге қаған»

D) «Диуани хикмет»

Е) «Кодекус куманикус»

4. «Бұл заманда не ғаріп? »өлеңі алғаш қайда жарияланды?

А ) «Әдебиет тарихы»

В) «Қазақ әдебиеті»

С) «Қазақ» газетінде

D) «Алдаспан»

Е) «Шайыр» жинағы

5.Махамбеттің «Тарланым» өлеңі қай үлгімен жазылған?

А ) Толғау

В) Қоштасу

С) Монолог

D) Диалог

Е) Жоқтау

6.Жамбыл Жабаевтың ұстазы кім?

А ) Сүйінбай Аронұлы

В) Абай Құнанбаев

С) Бұхар жырау

D) Дулат Бабатайұлы

Е) Ахмет Байтұрсынов

7.Берілген үзінді кімнен алынған?

«Құдай тағала дүниені кәмәлатты шеберлікпен жаратқан һәм адам баласын өссін-өнсін деп жаратқан».

А ) Дулат Бабатайұлы

В) Абай Құнанбаев

С) Қарасай Батыр

D) Сүйінбай Аронұлы

Е) Жамбыл Жабаев

8.Вениямин Франклин Ы.Алтынсариннің қай шығармасының кейіпкері?

А ) «Қыпшақ Сейітқұл»

В) «Таза бұлақ»

С) «Тәкәппарлық»

D) «Асыл шөп»

Е) «Кел, балалар, оқылық!»

9.Шәкәрім тарихи оқиғаға сүйенген шығармасын табыңыз.

А ) «Оянған өлке»

В) «Батыр Баян»

С) «Абай жолы»

D) «Қалқаман-Мамыр»

Е) «Ақбілек»

10.Берілген үзіндінің авторын табыңыз.

Көзінді аш,оян,қазақ,көтер басты,Өткізбей қараңғыда бекер жасты

Жер кетті,дін нашарлап,хал һарам боп,

Қазағым, енді жату жарамас-ты.

А ) М.Жұмабаев

В) С.Торайғыров

С) А.Байтұрсынұлы

D) Ш.Құдайбердіұлы

Е) М.Дулатов

11.«Ақбілек», «Күнікейдің жазығы» романдарының авторы кім?

А ) Ж.Аймауытов

В)Ж.Жабаев

С) С.Сейфуллин

D) І.Жаңсүгіров

Е) М.Жұмабаев

12.М.Жұмабаев өленің табыңыз.

А ) «Алты аяқ»

В) «Сүйемін»

С) «Жастарға»

D) «Шәкірт ойы»

Е) «Ел баласы»

13.С.Сейфуллиннің «Өткен күндер» жинағы қай жылы басылды?

А ) 1911 ж.

В) 1913 ж.

С) 1914 ж.

D) 1912 ж.

Е) 1915ж

14.Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім» өлеңі қай жылы жазылды?

А ) 1945 ж.

В) 1942 ж.

С) 1943 ж.

D) 1941 ж.

Е) 1947 ж.
15. Бақтығұл мен Тектіғұл М.Әуезовтің қай шығармасының кейіпкерлері?

А ) «Еңлік-Кебек» пъесасы

В) «Қилы заман» повесі

С) «Көксерек» повесі

D ) «Абай жолы» роман-эпопеясы

Е) «Қараш-қараш оқиғасы» повесі

16.Сәбит Мұқановтың туған жерін табыңыз.

А ) Солтүстік Қазақстан облысы, Преснов ауданы

В)Алматы қаласы, Райымбек ауданы

С) Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы

D)Батыс Қазақстан облысы, қазіргі Орда ауданындағы Жасқұс құмы

Е)Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы

17.Ағасының қалындығын әкеліп беретін бала туралы жазылған Ғ.Мүсірепов шығармасын табыңыз.

А ) «Кездеспей кеткен бір бейне»

В) «Боранды түнде»

С) «Ананың анасы»

D) «Этнографиялық әңгіме»

Е) «Боранда»

18. Жақып, Жомарт, Жанат деген кейіпкерлер Ғ.Мұстафиннің қай шығармасында кездеседі?

А ) «Көз көрген»

В) «Миллионер»

С) «Қарағанды»

D) «Шығанақ»

Е) «Ер Шойын»

19.Үзінді Қ.Аманжоловтың қай поэмасынан алынған?

Санау орман етегінде

Жаланған от сотыр-сұтыр

Қанды ізін қара түнге

Көме тастап жаулар отыр.

А ) «Зұлым жау»

В) «Ақын өлімі туралы аңыз»

С) «Сәбитке»

D) «Дала»

Е) «Батыр Баян»

20.Б.Бұлқышевтың неміс халқының ұлы ақыны Гетемен сырласатын еңбегін табыңыз.

А ) «Өмір сүргім келеді»

В) «Майданнан хат»

С) «Жаңа дүние»

D) «Жауыздық пен махаббат»

Е) «Өмір мен өлім туралы»


21.«Асқардан асу», «Арғымақтар» жинақтарының авторы кім?

А ) О.Сүлейменов

В) С.Қирабаев

С) Ә.Қоңыратбаев

D) М.Мағауин

Е) М.Әуезов

22.Тас асып, тас басып, шекарадан өтіп атамекеніне келіп жағылған қарт туралы жазған жазушыны табыңыз.

А ) Т.Әлімқұлұлы

В) Қ.Жұмаділов

С) Т.Әбдіков

D) Д.Исабеков

Е) Ә.Тарази

23.Үзінді қай ақынның өлеңінен алынған?

Алынабаған ақым бар сенде менің

Бұйрат құмдар –бұйығып шөлдегенім,

Бура бұлттар – бусанып терлегенім.

А ) С.Мәуленов

В) Қ.Аманжолов

С) М.Мақатаев

D) Т.Айбергенов

Е) М.Жұмабаев

24.Ж.Молдағалиевтің «Мен-қазақпын» шығармасында қандай ерекшелігі байқалады?

А ) Романтик ақын

В) Сыншы ақыл

С) Лирик ақын

D) Патриот ақын

Е) Реалист ақын

25.Сюжет деген не?

А ) Шығармада табиғат көрінісін суреттеу.

В) Әдеби шығарманы әсірелеп суреттеу.

С) Бір адамның ұзақ сөзі.

D) Әдеби шығармада кейіпкерлердің өзара сөйлесуі.

Е) Әдеби шығармадағы оқиға желісі.

9 – сыныпқа қазақ әдебиеті пәнінен тест сұрақтары

Х нұсқа

1.Лиро-эпостық жырдың кейіпкерін табыңдар.

А) Айман

В) Ұлпан


С) Қамар сұлу

D) Ботагөз

Е) Ұлжан

2. Қобыланды батырдың тұлпарын табыңыз.

А) Ақмоншақ

В) Тайбұрыл

С) Шұбар

D) Тарлан

Е) Шалқұйрық

3. Берілген үзінді қай жырдан алынған?

Түркі халқы үшін түн ұйықтамадым, күндіз отырмадым.

А) «Қорқыт ата кітабы»

В) «Оғыз-нама»

С) «Күлтегін»

D) «Алып- Ер Тұңға»

Е) «Құдатғу білік»

4. Асан қайғы неліктен елді аралады?

А) Өлеңдерін тарату үшін

В) Ел тану үшін

С) Игі жақсыларды жинау үшін

D) Шұрайлы жер іздеу үшін

Е) Халықты ағарту үшін

5. М.Өтемісұлы «Мінеки ер» өлеңінде кім туралы айтылады?

А)Амангелді

В) Қасым

С)Кенесары

D) Байғамбет

Е) Исатай

6. Ақан серінің өлеңін табыңыз.

А) «Сырымбет»

В) «Ақ сиса»

С) «Жанбота»

D) «Тау ішінде»

Е) «Қорлан»

7. Шығармасында «Құдайшылық сонда, қалпынды таза сақта, Құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды» деген насихаттарды қолданған ақынды табыңыз.

А) М.Өтемісұлы

В) А. Құнанбайұлы

С) М.Жұмабаев

D) А.Байтұрсынов

Е) Ш. Құдайбердіұлы

8. Ыбырай туралы поэма жазған ақынды табыңыз.

А) С.Торайғыров

В) С. Мұқанов

С) Ғ.Қайырбеков

D) С.Сейфуллин

Е) Қ. Мырза Әлі

9. Шәкәрімнің поэмасын табыңыз.

А) «Қыз жібек»

В) «Айман-Шолпан»

С) «Ақан сері-Ақтоқты»

D) «Ләйлі-Мәжнүн»

Е) «Медғат-Қасым»

10. М.Дулатовтың қай кітабы 1909 жылы Уфа қаласында басылды?

А) «Есеп құралы»

В) «Терме»

С) «Азамат»

D) «Қирағат»

Е) «Оян, қазақ»

11. Ж.Аймауытовтың романың табыңыз.

А) «Қартқожа»

В) «Қамар сұлу»

С) «Қалың мал»

D) «Шығанақ»

Е) «Бақытсыз Жамал»

12. М.Жұмабаевтың алғашқы жинағы қалай аталады?

А) «Қойлыбайдың қобызы»

В) «Шолпан»

С) «Тоқсанның тобы»

D) «Бала мен құс»

Е) «Орман патшасы»

13. Қай шығарма І.Жансүгіровтікі емес?

А) «Күйші»

В) «Құлагер»

С) «Батыр Баян»

D) «Күй»

Е) «Әнші»

14. Ж.Жабаевтың шығармасын табыңыз.

А) «Өмір мектебі»

В) «Менің қысқаша өмірбаяным»

С) «Өмір, қымбатсың маған»

D) «Өсиет»

Е) «Менің мектебім»

15. М.Әуезовтың тырнақалды туындысын табыңыз.

А) «Көксерек» повесі

В) «Қилы-заман» повесі

С) «Қараш-қараш оқиғасы» повесі

D) «Абай жолы» роман - эпопеясы

Е) «Еңлік-Кебек» пьесасы

16.С.Мұқанов жұмысшы факультетін (рабфак) қай қалада бітірді?

А) Орынбор

В) Шымкент

С) Семей


D) Қостанай

Е) Қызылорда

17. Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романы 1945 жылы алғаш қандай атпен жарық көрді?

А) «Батыр қазақ»

В) «Қазақ батыры»

С) «Ботагөз»

D) «Жұмбақ жалау»

Е) «Қазақ айнасы»

18. Ғ.Мұстафиннің тұңғыш кітабын табыңыз.

А) «Қарағанды»

В) «Өмір не өлім»

С) «Көз көрген»

D) «Шығанақ»

Е) «Ер шойын»

19. Қ.Аманжоловтың шығармасын табыңыз.

А) «Жолама қулар маңайға»

В) «Ұшқан ұя»

С) «Сыр сандық»

D) «Дариға, сол қыз»

Е) «Көзімнің қарасы»

20. О.Сүлейменовтың шетелдік қазақтар туралы жазған өлеңін табыңыз.

А) «Әр күн-арайлы таң»

В) «Арғымақ»

С) «Қыз қуу»

D) «Талма түстетағы да бір қайталап»

Е) « Ришад- қыр қазағының баласы»

21. «Аққулар ұйықтағада» поэмасындағы оқиға қайда өтеді?

А) Жетімкөл

В) Алакөл

С) Жетісу

D) Жетішатыр

Е) Сабындыкөл

22. Мына сөздерді кім жазды?

...Менің бұл жазғандарым болашақта біздің осы ұлы күресімізді зерттеушілердің қолына түсіп, үлкен істердің кішкене бір тетігіне тиянақ болуға жараса, менде одан басқа арман да жоқ.

А) Шерхан Мұртаза

В) Баубек Бұлқышев

С) Төлен Әбдіков

D) Орлахан Бөкей

Е) Шандор Петефи

23.Қ.Жұмаділовтің алпысыншы жылдардың орта шенінде жұртшылық назарын бірден елең еткізген әңгімесін табыңыз.

А) «Шарайна»

В) «Соңғы көш»

С) «Қаздар қайтып барады»

D) «Бақыт жолында»

Е) «Атамекен»

24. Ақын Қадыр Мырза Әлидің «Қызыл кітап» поэмасының негізгі тақырыбы не?

А) Соғыс

В) Махаббат

С) Ауылды көтеру

D) Табиғаттың байлығын қорғау

Е) Достық

25. «а,а,б,а» ұйқастың қай түріне жатады?

А) Ерікті ұйқас

В) Шалыс ұйқас

С) Шұбыртпалы ұйқас

D) Кезекті ұйқас



Е) Қара өлең ұйқас


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет