9-10 сынып оқушыларына арналған химиядан олимпиада тапсырмалары



Дата22.10.2019
өлшемі12,1 Kb.
#50515
9-10 сынып оқушыларына арналған ХИМИЯДАН ОЛИМПИАДА ТАПСЫРМАЛАРЫ

9-1. 25% тұз қышқылы берілген заттардың қайсысымен әрекеттеседі?

1) Ba(NO3)2

2) Fe2O3

3) Zn(OH)

4)SiO2
5) AgNO3

6) KMnO4

7) Cu 8) Ag


Реакция теңдеулерін жазыңдар.

9-2. Мына заттар берілген: Al, MnO2, CuSO4(ер.), концентрлі тұз қышқылы.Осы заттардың арасында мүмкін болатын 4 реакция теңдеуін жазыңдар.

9-3. Калий сульфаты ерітіндісін алу үшін калий карбонатының есептелген мөлшерін 5%-к күкірт қышқылында ерітті. Калий сульфатының алынған ерітіндісінің массалық үлесін есептеңдер.

9-4. 1 моль уротропинді оттектің артық мөлшерінде жаққанда 4212 к Дж жылу бөлінген. Егер уротропиннің осы мөлшерін жағуға 5,6 л оттек (қ.ж.) жұмсалса, қанша жылу бөлінеді?

9-5. Металл стронцийдің Х затымен реакциясы кезінде У газы бөлінді.Реакцияның қатты өнімінің 71% -ін стронций құрайды. Көлемі 2,24 л У газын (қ.ж.) массасы 2,5 г резина қабықшаға толтырды,шар ауада еркін ілініп тұрды,не құлаған жоқ,не көтерілген жоқ.Егер бұл қабықшаны қ.ж. 2,24,л Z газымен толтырса,онда шар сол көтерілу күшінде болады. У және Z газдарын анықтаңдар.

9-6. А металын, құрамында 72,4 % А заты бар өнім алынғанша ток ағынында


жақты. Алынған өнімді азот қышқылының 50% артық мөлшерінде ерітті. Алынған нитратты реакция аяқталғанша ауада суытты. Құрамында 70,0 % А заты бар оксид түзілді. А металын анықтап, реакция теңдеулерін жазыңдар.
А металының азот қышқылының артық мөлшерімен үш реакция теңдеуін жазып,реакцияның жүру жағдайын көрсетіңдер.
А металы мен оның оксидтері өндірісте қалай алынады?

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет