9 класс. «Қазақстан тарихы» Сағат саны: барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағаттан



бет1/3
Дата04.07.2018
өлшемі58,6 Kb.
#46976
  1   2   3
9 класс. «Қазақстан тарихы» Сағат саны: барлығы - 68 сағат, аптасына 2 сағаттан.



р/с

Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

Негізгі ұғымдар

ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан (6 сағат)

1

1

ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси үдерістер

1




Қазақстандағы панисламизм және пантүркішілдік, Қазақстандағы ұлттық- демократиялық қозғалыстар, Мемлекеттік Дума жұмысына қырғыз (қазақ) облыстарынан өкілдердің қатысуы (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Б.Қаратаев, М.Тынышпаев, М. Шоқай), саяси басылымдардың дамуы («Қазақ» газеті, «Айқап» журналы)

2

2

Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс

1




Бірінші дүниежүзілік соғыс және 1916 ж. 25 маусымдағы «бұратаналарды» тыл жұмысына алу туралы Жарлық, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың себептері, ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі кезеңдері, таралған аудандары, әлеуметтік негізі

3

3

Қозғалыстың басшылары (А.Иманов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, С.Меңдешов)

1




1916 ж. қазақтардың азаттық қозғалысында жеңілуі және қозғалыстың тарихи маңызы

4

4

1917 жылғы революциялар аралығындағы Қазақстан

1




Ресейдегі 1917 ж. ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның қазақстандық қоғамға тигізген әсері, уақытша үкімет және билік құрылымын қайта құру, жұмысшы, солдат және шаруа депутаттары Кеңестерінің құрылуы

5

5

Қазақстандағы бүкілресейлік саяси партиялардың қызметі

1




Жалпы қазақ съезінің шақырылуы (1917 ж. сәуір-шілде)

6

6

«Алаш» партиясы І Жалпықазақ съезі

1




1917 ж. шілде және «Алаш» партиясының құрылуы, «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы, «Алаш» партиясының жетекшілері (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және т. б.)

1917-1941 жылдардағы Қазақстан (22 сағат)

7

1

Қазақстанда кеңестер билігінің орнауы

1




1917 ж. Ресейдегі және Қазақстандағы қазан социалистік революциясы, Қазақстанда (Торғай, Орал, Ақмола, Семей, Сырдария облысы, Жетісу және Бөкей ордасында) кеңес билігінің орнауы

8

2

Қазақ социалистік «Үш жүз» партиясы

1




Қазақстандағы РСДЖП-ның социал-демократиялық ұйымдары

9

3

Қазақстандағы ұлттық автономиялар

1




Түркістан (Қоқан) автономиясы, Орынбордағы ІІ Жалпықазақ съезі (1917 ж. желтоқсан), «Алаш» қазақ облыстары автономиясының құрылуы, «Алашорда Халық Кеңесі» үкіметінің қызметі

10

4

Азамат соғысы және шетелдік интервенция жылдарында (1918-1920 жж.)

1




Қазақстандағы соғыс қимылдары, Чехословак корпусының бүлігі, Қазақстанда атаман Дутов бастаған соғыс қимылдарының басталуы, Қазақстандағы Колчак әскері, соғыс майдандарының құрылуы, Колчак әскерлерінің талқандалуы және соғыс майдандарының жойылуы (Әліби Жангелдин, Тоқаш Бокин)

11

5

Кеңес билігі мен «Алашорда» үкіметінің қарым-қатынасы

1




«Алаш» партиясы, «Алашорда» үкіметінің большевиктермен күресте жеңілу себептері

12

6

«Әскери коммунизм» саясаты

1




Жер және өнеркәсіп орындарын национализациялау, «әскери коммунизм» саясаты (1918-1920 жж) (мақсаты және мазмұны), «әскери коммунизм» өнеркәсіп және ауыл шаруашылығында, «әскери коммунизм» саясатының Қазақстанда жүргізілу ерекшеліктері мен салдары, 1921 жылғы жұт пен аштық, Қазақстандағы шаруалар толқулары (1920-1922 жж.)

13

7

Қазақ кеңес мемлекеттілігінің құрылуы

1




Қырғыз (Қазақ) Кеңестік автономиясын құруға дайындық жұмыстары, Қырревком (Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет) және оның қызметі, 1920 ж. 26 тамыздағы Кеңес үкіметінің «Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын (РКФСР құрамында) құру туралы» Декреті, Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі, «Қырғыз (Қазақ) АКСР еңбекшілері құқықтарының Декларациясын» қабылдау және оның мазмұны

14

8

Қырғыз (Қазақ) АКСР аумағының қалыптасуы

1




1920 ж. Қырғыз (Қазақ) АКСР-ның территориясы, Түркістан АКСР-і және Орта Азия республикаларының ұлттық-мемлекеттік аумақтарының анықталуы, Жетісу және Сырдария облыстарының Қырғыз (Қазақ) АКСР-і құрамына енуі

15

9

Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат

(ЖЭС, 1921-1925 жж.)



1




Жер-су комитеттерінің құрылуы, оның қызметі және 1921 ж. жер-су реформасы, жаңа экономикалық саясат (мақсаты және мазмұны), Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат, жаңа экономикалық саясаттан бас тарту және оның қорытындылары

16

10

1920-1930 жж. Қазақстандағы индустрияландыру

1




Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың мәні мен ерекшелігі, Қазақстандағы табиғи байлықтарды зерттеу және игеру, Қ.И. Сәтбаев

17

11

Қазақстандағы ірі кәсіпорындарының құрылысы мен ауыр өнеркәсіп

1




Түрксіб құрылысы, жұмысшы табының өсуі, бірінші бесжылдықтағы Қазақстандағы индустрияландырудың нәтижесі

18

12

Қазақстандағы «Кіші Қазан»

1




«Кіші Қазан» (мазмұны және тәжірибеде жүзеге асуы), ауылдарды «кеңестендіруге» бағыт алу, жайылымдық-шабындық жерлердің қайта бөлінуі, бай шаруашылықтардың тәркіленуі, Ф.И.Голощекиннің саяси портреті, 1926-1928 жж. қазақ зиялыларына қарсы қуғын-сүргін шараларының күшеюі;

19

13

Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру

1




Күштеп ұжымдастырудың сталиндік моделі, мал шаруашылығымен айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарды күштеп отырықшыландыру, Қазақстандағы ұжымдастырудың қарқыны және барысы, 1928-1930 жж. астық және ет өнімдерін дайындау науқаны

20

14

Қазақстандағы жаппай ұжымдастырудың экономикалық салдары

1




Қазақстандағы жаппай ұжымдастырудың экономикалық салдары

21

15

1931-1933 жылдардағы ашаршылық

1




ХХ ғ. 30-ж. Қазақстандағы қасірет, Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың демографиялық салдары, Қазақтардың республикадан тыс аймақтарға жаппай қоныс аударуы

22

16

қазақ шаруаларының қарулы көтерілістері

1




Кеңес үкіметінің жазалау шаралары, ұлт зиялыларының ұжымдастыруды жүргізу тәсілдеріне қатысы және олардың қоғамдық-саяси көзқарастары, «Бесеудің хаты»;

23

17

1920-1930 жж. Қазақстандағы қоғамдық-саяси үдерістер

1




Шаруаларға қарсы және кулактар мен байларды жоюдағы сталиндік жазалау, «Алаш» партиясының мүшелері мен ұлттық интеллигенцияға қарсы саяси жазалау

24

18

1937 – 1938 жылдардағы жаппай жазалау шаралары

1




1937 – 1938 жылдардағы жаппай жазалау шаралары

25

19

Қазақстан аумағындағы Кеңестік «еңбекпен түзеу» лагерлері

1




Степлаг, Қарлаг, АЛЖИР және т.б.

26

20

1920-1930 жылдардағы Қазақстан мәдениеті

1




Халық ағарту ісі, ересектер арасындағы сауатсыздықты жою, қазақ жазуының араб әліпбиінен латынға ауысуы, орыс жазуы негізінде жаңа әліпбидің енгізілуі, ғылым, жоғары оқу орындары, КСРО Ғылым академиясының Қазақстандық базасы (1932 ж.) және филиалы, Қ.Сәтпаевтың Қазақстан ғылымының дамуындағы орны мен рөлі, Қазақстандық ғалымдар және олардың ғылымдағы жетістіктері

27

21

Әдебиет, өнер, театр, кино, бейнелеу өнері

1




Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынұлы, Ш.Құдайбердиев, М.Дулатұлы, М.Жұмабаев, Б.Майлин, И.Жансүгіров, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин және т.б.

28

22

Қорытындылау

1




1917-1941 жылдардағы Қазақстан бөлімі

1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысыжылдарындағы Қазақстан (6 сағат)

29

23

Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақстандықтардың Мәскеу, Сталинградты қорғау шайқастарына қатысуы

1




1943-1944 жылдардағы шабуылдарға қатысуы, Кеңес әскерінің Еуропаны азат етуі, қазақстандықтар – Кеңес Одағының батырлары

30

24

Қазақстан – соғыс арсеналы

1




Экономиканың соғыс жағдайына ауысуы, Ресей мен Украинадағы өнеркәсіп кәсіпорындардың Қазақстанға көшірілуі. Қазақ КСР әскерді және елді металл, шикізат, азық-түлік, ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етудегі рөлі, қазақстандықтар – тыл қаһармандары

31

25

КСРО халықтарын Қазақстанға депортациялау

1




Бірінші кезең – 1937-1938 жж., Қиыр Шығыстан кәрістерді, 1940 жылы поляктар мен Балтық маңы халықтарын депортациялау, екінші кезең – 1941 жылы немістерді депортациялау, үшінші кезең – 1943-1944 жылдары қарашайлар, ингуштер, шешендер, қырым татарларын және т.б. күштеп қоныс аудару

32

26

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ КСР-нің мәдениеті

1




Ресейлік ЖОО мен ғылыми мекемелерінің Қазақстанға көшірілуі, ғылым мен мәдениет – майданға, КСРО ҒА қазақстандық филиалы мен КСРО ҒА Қазақстан табиғи қорларын зерттеу бойынша Комиссияның қызметі

33

27

Әдебиет, өнер, театр, кино

1




М.Әуезов, Ж.Жабаев, Д.Снегин, И.Шухов және т.б., Мәскеу және Ленинград киностудияларының Алматыға көшірілуі, Қазақстандық кинематографияның қалыптасуы, «Қазақфильм» киностудиясы

34

28

Қорытындылау

1




1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан бөлімі

Қазақстан 1946 – 1991 жылдарда (18 сағат)

35

29

Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946 – 1953 жж.)

1




Қазақ КСР-ның әлеуметтік-экономикалық дамуы, аймақтың табиғи кен-байлықтарын игеру және өнеркәсіптің дамуы, Қазақ КСР-ның ауыл шаруашылығындағы дағдарысты құбылыстар

36

30

Сталинизм идеологиясы және қуғын-сүргін саясаты

1




Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір, Е. Бекмаханов ісі

37

31

«Хрущев кезеңіндегі» Қазақстан өнеркәсібінің дамуы

1




Қазақ КСР-і өнеркәсібінің дамуы, 1957 жылғы реформа (салалық принциптен аумақтық принципке ауысу, совнархоздардың құрылуы)

38

32

Қазақстандағы әскери-өнеркәсіптік кешен

1




Атомдық полигонның салынуы және Семейде ядролық сынақтардың жүргізілуі, «Байқоңыр» ғарыш айлағы

39

33

«Тың эпопеясы» 1954-1965 жж. республикадағы қоғамдық-саяси өмір

1




Н.Хрущевтың аграрлық саясаттағы «жаңа курсы» және оның Қазақ КСР жүзеге асырылуы, Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру, тың игерудің экономикалық, экологиялық және демографиялық салдары; 1950 жылдың ортасындағы сталинизмнен бас тарту әрекеті, «Хрущев жылымығы», Қазақстандағы билік басындағы дағдарыс, Теміртаудағы 1959 жылғы оқиға

40

34

Қазақстанның 1965-1985 жж. әлеуметтік-экономикалық дамуы. Экономиканың шикізаттық бағыты

1




1965 жылғы өнеркәсіптегі реформа, 8-бесжылдық (1966-1970 жж.) қорытындылары; Қазақстан КСРО-ның түсті металл, отын-энергетика, химия өнеркәсібінің негізгі базасы ретінде, өндіріс дамуының экстенсивті сипаты

41

35

Ауыл шаруашылығындағы 1970-1980 жж., дағдарысты құбылыстар

1




Ауыл шаруашылығын көтеруге бағытталған шаралар, 1982 жылғы азық-түлік бағдарламасы, өнеркәсіп озаттары, «Тоқырау» кезеңіндегі қазақстандықтардың материалдық жағдайы

42

36

1965-1985 жж. саяси өмір және ұлттық саясат

1




Саяси өмірдегі мәселелер, ауыртпалықтар және қарама-қайшылықтар, Қазақстан компартиясының қызметі, кәсіподақтар, комсомол, Қазақ КСР-ның 1978 жылғы Конституциясы

43

37

Ұлттық саясаттағы деформациялар

1




Республикалардың егемендігінің шектелуі, 1979 ж. Целиноградтағы оқиға

44

38

Қазақстандағы «Қайта құру»

1




КОКП ОК-нің сәуір пленумы және қайта құру, Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер

45

39

Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы

1




себептері, барысы және салдары), КОКП ОК-нің (1987ж. шілде, «Қазақ республикалық партия ұйымының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жұмысы туралы» қаулысы, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушыларды жазалау шаралары

46

40

1989 жылғы Жаңаөзен оқиғасы

1




Қарағанды кеншілері ереуілінің себептері мен сипаты, «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі жайлы Декларация» (1990 ж. қазан), 1991 жылғы «тамыз бүлігіне» дейінгі және одан кейінгі кеңестік саяси жүйедегі реформалар, КСРО таралуы

47

41

1946-1991 жж. әлеуметтік-демографиялық үдерістер

1




Қазақстандағы халық санақтары мен халық саны, этникалық құрамы, қазақстандық қоғамның әлеуметтік құрылымы

48

42

Қазақстандағы экологиялық мәселелер

1




атомдық, ракеталық және басқа да полигондар қызметінің салдары, экологиялық апат аймақтары, Арал және Балқаш мәселелері жөніндегі комитет

49

43

Қазақстандағы қоғамдық-саяси қозғалыстар

1




«Невада-Семей» антиядролық қозғалысы, «Азат» азаматтық қозғалысы, «Единство» (СНЕК) ұлтаралық қозғалысы, 1991 жылғы Орал қаласындағы оқиға

50

44

1946-1980 жылдардағы Қазақстандағы мәдениет

1




Білім, міндетті сегізжылдық және жалпыға бірдей орта білім, білім беру жүйесінің мамандармен және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, 1984 жылғы жалпы білім беру және кәсіптік мектептерді реформалау

51

45

Әдебиет, өнер, театр, кино

1




(Ә. Нұрпеисов, Б. Момышұлы, І. Есенберлин, О. Сүлейменов, М. Шаханов және т.б. Ш.Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М.Дулатов), ақын-жазушылардың мұраларының қайта жаңғыруы (1988 ж.), өнер салаларының идеологиядан арылуы

52

46

Қазақстан 1946 – 1991 жылдарда бөлімін қорытындылау

1




Қазақстан 1946 – 1991 жылдарда бөлімі

Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы және нығаюы (16 сағат)

53

1

Қазақстанның тәуелсіздігін жариялау

1




Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Заңы (1991 жыл 16 желтоқсан), Президенттік басқару институтының қалыптасуы, Қазақстан Республикасы Бірінші Президентінің сайлауы (1991 жыл 1 желтоқсан), Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен наградалары, Қазақстан Республикасының Конституциялары

54

2

Қазақстандағы көппартиялық жүйенің қалыптасуы

1




Қоғамдық қозғалыстар және ұйымдар, Қазақстандағы көппартиялық жүйенің қалыптасуы және дамуының негізгі кезеңдері, «Нұр-Отан» халықтық-демократиялық партиясы, Қазақстан коммунистік партиясы, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы, социал-демократиялық және басқа саяси партиялар

55

3

Қоғамдық қоғалыстар мен ұйымдардың қалыптасуының негізгі кезеңдері

1




Үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) құрылуы және қызметі, Қазақстандағы қоғамдық және кәсіподақ қозғалысы, қоғам қайраткерлері (О.Сүлейменов, М.Шаханов және т.б.)

56

4

Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімдік даму бағдарламалары

1




«Қазақстан – 2030» және «Қазақстан – 2050» стратегиялары, «Қазақстан – 2030» стратегиясы» бүкіл қазақстандықтардың экономикалық әл-ауқатын жақсарту, гүлденген және саяси тұрақты мемлекет орнату, ұзақ жылдарға арналған басым мақсаттар мен стратегиялық дамулар, «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, тарихи маңызы, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары

57

5

1990 жылдардағы Қазақстандағы экономикалық модернизация

1




Бүкілодақтық интеграциядағы Қазақ КСР-ның орны және рөлі, жоспарлы экономиканың дағдарысы және нарыққа көшу, Қазақстанның табиғи ресурстары, экономикалық реформалардың стратегиясы, Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық модернизацияның негізгі кезеңдері, экономиканың босатылуы (ырықтануы), ұлттық валютаның енгізілуі, Қазақстан экономикасының ғасырлар тоғысындағы тұрақтануы (1998-2011 жж.), Қазақстанның инвестициялық саясаты және шетелдік инвестициялар, банк жүйесі

58

6

ХХІ ғасырдағы Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы

1




Индустриалды-инновациялық стратегиясын дамыту және бәсекеге қабілетті экономиканы жасау, кәсіпкерлікті дамыту, кіші және орта бизнес, Қазақстанның қазіргі кезеңдегі өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы, Қазақстанның әлемдік экономикаға бірігуі, әлемдік қаржы дағдарысы және Қазақстан экономикасын тұрақтандыру шаралары

59

7

Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты

1




1990 жылдардағы дағдарыс жағдайындағы әлеуметтік сала, 2000-жылдардағы әлеуметтік саланың дамуы, зейнетақы жүйесінің реформасы және зейнетақы қорлары, «жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы, тұрғын-үй құрылысы

60

8

Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа енуі

1




Қазақстан Республикасын халықаралық аренада тануы, Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы негізгі басым бағыттары, Қазақстанның әлемдік экономикалық байланыстар жүйесінен орын алуы, Қазақстан Республикасының ядролық қарудан бас тартуы және оның тарихи маңызы

61

9

Қазақстанның көрші елдермен байланыстары. Саясаттағы көп векторлық және стратегиялық одақтастық

1




Қазақстан және Ресей ынтымақтастығы, Қазақстан және Қытай халық республикасы (ҚХР); (Қазақстан және АҚШ, Қазақстан және Еуроодақ елдері Қазақстан-Германия, Қазақстан-Франция, Қазақстан-Ұлыбритания байланыстары, Қазақстан және түркі әлемі елдері)

62

10

Қазақстан және халықаралық ұйымдар. Қазақстан Республикасының аймақтық халықаралық ұйымдармен байланыстары

1




Қазақстанның халықаралық ұйымдарға мүше болуы, Қазақстан және ТМД), Қазақстан – БҰҰ-ның белсенді мүшесі, Қазақстанның Еуроодақ және ЕҚЫҰ-дағы ұстанымының нығаюы, Қазақстанның ЕҚЫҰ-на және Ислам Конференциясы Ұйымына (ИКҰ) төрағалық етуі; ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, ШЫҰ, АӨСШК, ОЭК және басқалармен интеграциялық үдерістер

63

11

Қазақстан Республикасының білім жүйесін реформалау және ғылымды дамыту

1




Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдары мен заңы, Қазақстан Республикасының білім жүйесінің даму кезеңдері, Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беру, білім саласындағы халықаралық байланыстар, «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы, 2007-2015 жж. Қазақстанда ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, ұлттық ғылыми орталықтардың құрылуы

64

12

ХХ ғасырдың соңы – XXI ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениетінің дамуы

1




Кеңес мемлекеті ыдырағаннан кейінгі қазақ мәдениетінің қайта жандануы және дамуы, Қазақстандағы ұлттық мәдениеттер байланысы

65

13

Әдебиет, музыка өнері, театр, кино өнері

1




XXI ғасырдың басындағы өнердің басқа да жанрлары, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы, қазіргі ақпараттық мәдениет

66

14

Н.Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының бірінші Президенті

1




Н.Ә.Назарбаевтың саясаткер, ойшыл, қоғам қайраткері болып қалыптасуы, Елбасы, тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы Президенттің рөлі, Н.Ә. Назарбаев және Еуразия идеясы

67

15

Астана – Қазақстан Республикасының жаңа Елордасы

1




Астананың көшірілуі, жаңа Астананың құрылысы, жаңа астананың құрылуының тарихи маңызы

68

16

Қорытынды қайталау

1




Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы және нығаюы бөліміне қорытынды қайталау

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет