№9 орта мектебі Келісемін Тәрбие ісі меңгерушісі



Дата21.04.2017
өлшемі60,12 Kb.
түріСабақ
№ 9 орта мектебі

Келісемін

Тәрбие ісі меңгерушісі:

Саменова А. Қ._________



«______» ________________



Тақырыбы: « Қазақстан – 2050 стратегиясы:бір халық– бір ел – бір тағдыр»

Сынып: 5 «Ә»

Сынып жетекшісі: Кункенова Ж. А.



2014-2015 оқу жылы.
Тақырыбы: «Қазақстан – 2050 стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр.
«Бір бақыт бар – ол менің балаларым».
Абай Құнанбаев


Мақсаты:
1. Елбасымыздың жолдауымен таныстыру.
2. Елін, жерін Отанын сүюге, оны қорғай білуге шақыру.

Көрнекілігі: үнтаспа, елбасының суреті, нақыл сөздер, шарлар.

Сабақ барысы


Ұйымдастыру бөлімі
Сабақ әнұран айтумен басталады.
Қызығушылығын ояту. Психологиялық дайындық.
Бір - бірімізге жақсы көңіл күй сыйлау үшін тілек айтайық.


-Қымбатты оқушылар!

Бүгінгі Білім күні сабағымызды: «Қазақстан-2050 стратегиясы: бір халық-бір ел- бір тағдыр» тақырыбында бастағалы отырмыз. Осылай атауымыздың өзінде де үлкен мән бар,себебі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында осы тақырыппен сөз сөйлеген болатын.



Сөзжұмбақ.
1. Қалың ағаш өсетін нулы жер қалай аталады? (орман)
2. Сөйлеу құралы. (Тіл)
3. Мейірімді адам. (Ана)
4. Қасиетті тағам. (Нан)

Отан деген немене? (топтастыру)



Ой қозғау:
- Біздің Отанымыз қай ел?
- Қазақстан.
- ҚР - ның мемлекеттік тілі қай тіл?
- ҚР – ның мемлекеттік тілі қазақ тілі.
- Біздің тұңғыш президентіміздің аты - жөнін білесіңдер ме?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Еліміздің Ордасы қай қала?
- Астана.
- Еліміздің Ата заңы қай күні қабылданды?
- 30 тамыз.
- Бүгін қандай күн?
- 1 - Қыркүйек білім күні.
- Ал тәуелсіздігімізді қай жылы алдық?
- 16 желтоқсан 1991 жыл.
- Ал, балалар биыл Тәуелсіздігімізге неше жыл болды?
- 23 Жыл.

  • Мемлекеттік рәміздерді атаңыз.

  • Тудың авторын атаңыз.

  • Елтаңбаның авторы кім?

  • Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған? (Сөзі:Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әні: Шәмші Қалдаяқов)

  • Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды? (1991 жылы 16 желтоқсан)

  • Ұлттық валютаны айтыңыз? (теңге)

  • Ата заңымыз қашан қабылданды, биыл неше жыл?(1995ж.30тамызда,19 жыл)

  • Республика күнін айтыңыз.(25 қазан)

- Осы тәуелсіздіктің 21 жылдық мерейтойы кезінде еліміздің президенті халқына«ҚАЗАҚСТАН - 2050» СТРАТЕГИЯСЫ: бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбында жолдауын жолдады.


Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.
Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. Сессияда Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын «Бүкіл халықтық өкілдік!» деп атады. Көреген Ұлт Көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп тұр: «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»!
Елбасы сессияда сөйлеген өз сөзінде:
«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,
«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.
«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді.
Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Бүгінде біздің азаматтар үшін барлық есік, барлық мүмкіндік, барлық жол ашық.
Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой. Біз бірлік пен татулық құндылықтарын қоғамның іргетасына, қазақстандық ерекше толеранттылықтың негізіне айналдырдық.
Біз осы құндылықтарды қазақстандықтардың әрбір болашақ буынына аялай ұсынуымыз керек.
Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты.
Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.
Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.
Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.

«Елдің қамы – Елбасының жолдауы»

Енді, 2012 жылы Ел – Президенті 2050 жылға дейін елде атқарылуы тиіс дүниелерді нақтылады.




  1. Түгел қамтитын экономикалық прагматизм.

2. Кәсіпкерлікті қолдау.

7. Жаңа Қазақстандық патриотизм.


6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат.

«Қазақстан – 2050» стратегиясы

3. Әлеуметтік кепілдіктермен жеке жауапкершілік

4. Білім және кәсіби машық

5. Мемлекеттікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту.

Жіктеп аталған бұл жетеудің астарында зіл-батпақ салмақ жатыр.

Жаңа салық саясаты әлеуметтік бағыт алуы тиіс, - деді Президент. Мемлекет жұмсаған әрбір теңгенің қайтарымының пайдасы болуы тиіс.

Кәсіпкерлік жаңа экономиканың қозғаушы күші.

Мемлекет қоғамның әлеуметтік жағдайы төмен топтарына т.б. атаулы көмек үшін толық жауапкершілік алады.

Қазақ халқы жаһандағы білімі жоғары ұлтқа айналуы тиіс.

Мемлекетті нығайтып, Қазақстан өз демократиясын дамыту. Сотқа деген халық сенімін бекіту.

Еуразиялық одақ құру.

Біздің еліміздің әрбір азаматы, өзін – өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс.
Елбасының сөзінен үзінді тыңдау (видео)

Ал, балалар Отан, ел, жер туралы сендер қандай өлең, мақал-мәтелдер білесіңдер?



«Ойын»
«Мен президент болсам халыққа Жолдауым…» Оқушыларға өз ойларын айтқызу.

Ән: Елім менің

Ән: Көк тудың желбірегені

Қорытындылау.
Президент көп айтты, көпке арнап айтты. Ақырын да айтты, батырып та айтты, 2025 жылы латын әрпіне толық көшеміз. Қазақтың тілі түбінде үстемдік етеді. Бұл жолдау алысқа меңзейді, 2050 жылды көздейді. Оған дейін талай-талай уақыт өтер, талай өзен ағып кетер. Қазір қазақ іргесін мықтады, есін жиды, етегін қымтады. Ендігі жол – өсу жолы. Бұл ХХІ ғасыр Қоңыр мінез қазақ баласы үшін алтын дәуір болар – ау.

Ынтымағы орнаған елдің болашағы да берекелі болмақ.


-Қымбатты оқушылар, міне біз бүгінгі білім күні Қазақстан –бұл біртұтас жер, біртұтас халық пен бақытты болашақ екендігін және сол болашақтың тұтқасы сіздер екендігін түсінді деп сенемін.

Тұғырымыз-тыныштық, тірегіміз-тұрақтылық, тілегіміз – татулық болсын!

Осымен бүгінгі алғашқы сабағымыз аяқталды.




Каталог: files -> work -> doc
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
doc -> Сабақтың мақсаты: дұрыс тамақтануды үйрету, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Сабақтың түрі: әңгімелесу
doc -> Емтиханға қалай дайындалу керек?
doc -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларға азаматтық қорғаныс туралы жалпы мағлұмат беру
doc -> Ата аналар жиналысы 18. 05. 2015 жылы Қатысқаны: Қатыспағаны: Күн тәртібінде
doc -> Хаттама №2 «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №9 орта мектебі» мемлекеттік мекемесінде 5 «Ә» сынып оқушыларының ата-аналары арасында жиналыс болып өтті. 25. 12. 2014 ж. Жалпы оқушы саны – 24 Қатысқаны – 13 ата-ана Күн тәртібінде
doc -> Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ө


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет