9 орта мектебінің 2015 – 2016 оқу жылының 23 қарашада болып өткен



бет2/2
Дата10.11.2016
өлшемі0,88 Mb.
#1444
1   2


Кітапханашы апайдың әрбір айтқан сөзіне зейін салып тыңдаған балалар қаншама құнды рухани тәрбиенің барына қызығада тамсанада қарады.

Әдебиетіміздің аса тұлғалы азаматы Ілияс Есенберлин биыл 100-жасын тойлау үстінде екенін оның өмірбаяны мен шығармашылығымен қысқаша мәлімет беріп балаларға оның «Көшпенділер» романын оқуды ұсынды.



Саяхатымызды балалар кітапханасымен жалғастырдық. Онда балаларға арналған Энциклопедияларды парақтап қызықты жәйттермен таныстық. Балалар кітапханадағы «Таңғажайып» бұрышына назарымыз түсіп,расында таңғажайып дүниенің куәсі болдық.Балалар кітапханасының жас оқырман бүлдіршіндердің қолдан жасаған бұйымдарын көріп таңдана қарадық.


Кітапхана қызметкерлеріне бізді жылы қарсы алып,алтындай уакыттарын бөлгені үшін алғыстарымызды айтып. Саяхатымызды осымен аяқтамай қаламыздың орталық Мұражайынада жалғастыруды шештік.Мұражайдың директоры Нұржанова Майра Омербайқызы бізді аса қуанышпен қарсы алды.Қамқорлықтағы балаларға мейірім танытып мұражайға тегін кіргізіп, өзінің басшылығымен мұражайды аралап балаларға тарихи мұраларымызды таныстырып,Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан бабаларымыздың ерліктерін айтып,олардың соғыс уақытында қолданған қару-жарақтары, киген киімдерімен, пайдаланған ыдыс-аяқтарына жеке-жеке тоқтады.Қазақ хандығына 550 жыл болғаны Абылай,Жәңгірхан жайында айтып тарихқа көз жүгіртті.

Соңыра қазақ халқының киіз үйде өмір сүргенін,олардың қолданған күнделікті тірлікте тұтынған бұйымдарында айтуды ұмытпады.Балаларға сұрақ қойып әрбір заттың біздің баға жетпес байлығымыз екенін түсіндіріп өтті. Сосын өзіміздің жасап жатқан елді мекеніміз Степногорск қаласының қашан,қалай тұрғызылғаны туралы айтты.Жан-жануарлар, өсімдіктер,жәндіктер жайлы олардың қалай, қанша жыл өмір сүретіні жайлы да айтып өтті.



Балалардың бүгінгі күн үшін қатты қуанғаны олардың жарқын жүздерінен анық байқауға болады. Олар өздерінің бүгін алған әсерлерімен жарыса мәз болып бөлісті.Қазақ халқының қаншалықты қиындық күнде өмір сүргенін, қаншама соғысты басынан кешкенін,олардың қолданған бұйымдарын көріп,осындай егемен бейбітшілік дүниеде өмір сүріп жатқандарына шүкіршілік айтып, осындай баға жетпес рухани күн сыйлаған ұйымдастырушы әлеуметтік педагог апайға, мұражайдың директоры Майра Омербайқызына шексіз ризашылығын білдіріп алғыс рахметтерін айтты.


Майра Омербайқызы - Балаларға « Сендер егемен тәуелсіз елдің ұрпағысыңдар,бұндай бейбітшілік өмірді ата-бабамыз көптен аңсаған,Отан үшін жандарын қиған. Тәуелсіздік қаншама жанның қанымен келген оны бағалаңдар! Өздерің көрген мынау мұралар-мәңгі өшпес Тарих! Тарихты білген әрбір азамат болашақта Отанын сүйер патриот боларына сенімдімін»- деп сөзін аяқтады. Сөз соңында балаларға мойымай білімді ер азамат болыңдар- деп тілегін айтты.

«Біз бұл күні тәуелсіздікті сыйлаған алдыңғы толқын ағаларымызға, бірлікті ту еткен Елбасымызға, балаларға қамқорлық көрсететін жомарт жандарға ризашылығымызды білдіреміз. Онсызда тағдыр тәлкегіне түскен балақайларға тек жан жылуы керек. Соны сыйлап жүрген жандарға ұжым болып ризашылығымызды білдіреміз».



Әрбір баланың адамгершілік-рухани дамуы мен шығармашылық шыңдалуына толыққанды жағдай жасау-әрбір азаматтың мемлекетіміздің жарқын болашағының кемелденуіне, өркендеп-өсуіне қосқан үлесі болары сөзсіз
Директор И.Жиенбаев

Әлеуметтік педагог Д.Мустафаева.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет