9 орта мектебінің қылмыстың және құқық бұзушылықтың алдын алу кешенді мақсатының 1-жартыжылдық есебі



Дата04.08.2017
өлшемі33.13 Kb.
2014-2015 оқу жылына арналған

9 орта мектебінің қылмыстың және құқық бұзушылықтың



алдын алу кешенді мақсатының 1-жартыжылдық есебі
Биылғы 2014-2015 оқу жылғы жоспар мектеп басшысымен бекітілді.

Қыркүйек айында мектеп ішкі есебінде және ІІБ есебінде тұрған ерекше назардағы оқушылардың есептен шығару, есепке алу картотека жасақтау мектеп психологы мен мектеп әлеуметтік педагогі, тәрбие жөніндегі орынбасарымен біріге отырып қыркүйек айында ұйымдастыру кезеңімен басталды.

Тамыз – қыркүйек айларында өтілген «Жасөспірімдер», «Қамқорлық», «Жаппай біліммен қамту», «Қайырымдылық» рейдтер мен «Мектепке жол» операциясына мектеп әкімшілігімен мұғалімдер және ата - аналар қатысты.

Алдымен мектеп оқушыларын мектеп инспекторымен танысу жұмыстары жүргізіп, сабақтан себепсіз қалып отырған оқушыларды анықтау жұмыстары жүргізілді.

Қауіп тобындағы оқушылардың, тұрмыс жағдайы нашар отбасылар мен әлеуметтік әлсіз отбасының тізімдерін түзету әлеуметтік зерттеу картотекасын құрастырды.

Қыркүйек айында Ата-аналар жиналыстары: «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу туралы ҚР заңы. Мектеп жарғысы».

Қыркүйек – қазан айларында оқушылардың бос уақытын үйірмелерге немесе спорт және тағы басқа үйірмелерге ұйымдастыру кезені болып өтті.

Қазан және қараша айларында «Оқушылардың құқықтық жауапкершілігін арттыру» мақсатында тақырыптық сұрақ жауаппен ІІБ инспекторы Капышев Б. оқыды. ІІБ инспекторы мен тәрбие жөніндегі орынбасарлар сабаққа кешігу, мектеп формасын сақтамау, сабақ процесінде кішігірім тәртіпсіздіктер мәселесін қарап, түсінік жұмыстарын жүргізіп отырдық .

Қазан айында «Кәмелетке толмаған балалардың қылмыстық әкімшілік жауапкершілігі» деген тақырыпқа сынып сағаттары өткен болатын.

Қазан айында есепте тұрған оқушылардың ата анасымен сұқбаттасу, кездесу жұмыстары жүргізіліп, ақыл кеңестерін мектеп психологі Жүніс Ә. А. беріп отырды. Әсіресе 9 «Б» сынып оқушылары Канатов Нұрсултан, Жарылкасымов Қасымбек, Юлдашев Құрманғазы және Ордабаева Жанар үнемі жоғарғы сынып оқушылары ретінде бақылауда тұрады.

Қала имандарымен «Дін және дәстүр» деген тақырыпқа дөңгелек үстелі өткізілді.

9-11 сынып оқушыларымен «Қылмыс және қылымыстың болу себептері» тақырыбында пікірталас қараша айында өткізілді. Сабаққа қатысты тексеру апта сайын жүргізіліп отырды, нәтижесінде сабақтан себепсіз қалатын оқушылар анықталған жоқ.

Құқықбұзушылыққа бейім оқушылардың мінездемесін сынып жетекшілерінен алып, бақылау жүргізіліп отырды. Құқықбұзушылыққа байлынысты жасөспірімдер арасындағы мақалалармен уақытында оқушыларды лездемеде таныстырылып отырылды және де ата-аналарға «Бала жанұяда не көрсе соған үйренеді» деген тақырыпқа әлеуметтік педагогпен лекциялар оқылды.

Қараша айында «жасөспірімдер девиациясы; зандылық немесе ауытқу?» деген жасөспірімдер арасындағы жас полиция көмекшілерімен әлеуметтік педагог пікірталас өткізді. Және 8-ші сыныптар арасында тарих пәні мұғалімдері мен ІІБ инспекторы және мектеп әкімшілігі «Мен полиция жайында не білем?» атты дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді.

Қыздармен және ұлдармен деген жеке кеңес жұмыстары жүргізілді.

Қараша айында сынып сағаттары: «Барлығы бос тұрудан басталады» деген тақырыпқа өтті. Сыныптарда жеке ата-аналар жиналыстарында: «Заңды орындау тәртібін отбасында қалыптастыру».

Желтоқсан айында құқықтың алдын алу кеңестері уақытымен жүргізілді 24 желтоқсан күні қалалық КЗПН комиссиясына Молдашева Айгерім 8 «Б» сынып оқушысы тұрғын жері жоқ екендігімен комиссияға жіберілді. Комиссия қорытындысы бойынша Айгерімді уақытша қала емханасына жіберді. Және Нурбекова Аружан «Ә» сынып оқушысы өз тәртібі үшін яғни ЗПР бағдарламасы бойынша орта мектебінде оқуы мүмкін емес екенінен комиссияға жіберілді, яғни сол комиссия қорытындысы бойынша Аружан қайтадан ПМПК комиссиясынан өтіп коррекциялық мектебіне көшірілді.

Желтоқсан айында «Қазақстан және халықаралық құқықтық актілер» деген тақырыпқа сынып сағаттары өткізілді. Ата-аналар жиналыстары: «Құқық бұзушылық және қылмысқа профилактика туралы алысы».



1-Жартыжылдық бойынша: 8 құқық бұзушылықтын алдын алу кеңестері өткізілді.

Мектеп директоры И. Жиенбаев


Каталог: 917CCC56B7788DEC
917CCC56B7788DEC -> Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
917CCC56B7788DEC -> Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
917CCC56B7788DEC -> Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
917CCC56B7788DEC -> 9 орта мектебінің 2015 – 2016 оқу жылының 23 қарашада болып өткен
917CCC56B7788DEC -> Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
917CCC56B7788DEC -> Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
917CCC56B7788DEC -> Қос майданның ардагері
917CCC56B7788DEC -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Ескерту Әдіс-тәсілдер


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет