А. А. Букаева 5В011600 Геогафия мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі



бет1/13
Дата19.02.2017
өлшемі7,28 Mb.
#11000
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК

Филология және педагогика факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы


А.А. БУКАЕВА

5В011600 - Геогафия

мамандығына арналаған

КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ – ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Көкшетау, 2015



ӘОЖ 809.43.2 (БҚ)

ББК 81.632.4 (5Қ)

Б 83
Рецензенттер:

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қияқова Р.Ж.

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қасымова С.К.



Б 83

А.А. Букаева

Кәсіби қазақ тілі география мамандығы студенттеріне арналған кәсіби қазақ тілі. Оқу-әдістемелік кешен. –Көкшетау,2015. – 100 бет

Оқу-әдістемелік кешен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік бірлестігі кеңесінде талқыланып, пайдалануға ұсынылған (2015 жылғы 22 қазан №1 хаттама

Оқу-әдістемелік кешен ҚР БжҒМ 27.07. 2013 жылғы №2 хаттамамен бекітілген типтік бағдарлама негізінде жасалды.

Оқу-әдістемелік кешен 5В011600 – Геогафия мамандығының студенттеріне арналған


ББК 81.632.4 (5Қ)

©Букаева А.А., 2015.

©Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, 2015.

Алғы сөз


Қазіргі таңдағы тіл саясатының басым бағыттарының бірі – мемлекеттік тілді дамыту және оның қолдану аясын кеңейту болса, оның кешенді тармағы – тәуелсіз мемлекетіміздің болашағына адал қызмет ететін мемлекеттік тілді жетік меңгерген кәсіби мамандар даярлау болып табылады.

Оқу-әдістемелік кешен негізінен жоғары оқу орындарында туризм мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған.

Оқу-әдістемелік кешеннің басты мақсаты – студенттердің қазақша сөйлеуін, жазуын, баяндауын мамандықтарына қатысты жетілдіру, лексикасын байыту. Осы мақсатта тақырыптардың жүйелілік, логикалық байланысын ескере отрып, оқу-әдістемелік кешенді жасауда типтік бағдарлама бойынша төмендегі лексикалық тақырыптар сұрыпталып алынды:
І Бөлім Жалпы жертану


  1. География ғылым ретінде. «География» сөзінің мазмұны (шығуы және анықтымасы)

  2. Литосфера, Гидросфера

  3. Атмосфера, Биосфера


ІІ Бөлім. Геология және геоморфология

  1. Жердің құрылысы. Жер қыртысының қозғалысы туралы болжамдар

  2. Жердің бедері


ІІІ Бөлім. Физикалық география

  1. Ұлы географиялық ашылулар

  2. Материктер

  3. Мұхиттар

  4. Географиялық нысандардың топонимиясы және туризм географиясы


ІҮ Бөлім. Экономикалық және әлеуметтік география

  1. Дүние жүзінің халқы. Халықтардың саны, құрамы, жіктелуі

  2. Шаруашылық салаларының географиясы

  3. Елдердің экономикалық-географиялық сипаттамасы

Әрбір сабақ мәтінге дейінгі жұмыс, мәтінмен жұмыс және мәтіннен кейінгі жұмыс түрлерінен тұрады. Мәтінге дейінгі жұмыста мәтінде кездесетін сөздер мен сөз тіркестерін аудару, сөйлем құру, екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін құрып жаңа сөздер түсіндіріледі. Мұндай жұмыстарды орындау барысында студенттер сөз мағыналарын жете меңгере отырып, сөздік қорын молайтады, өз ойын нақты және дұрыс жеткізуде сөздерді дұрыс қолдануға жаттығады. Сөздердің айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер ескеріліп, орфоэпиялық, орфографиялық нормаларды сақтау қажеттілігі түсіндіріледі. Содан кейін мәтінмен жұмыста мәтінді мәнерлеп оқуға үйренеді, мәтіннің мазмұнын түсініп, одан қажетті депектерді іріктеп таңдай білуге, оған байланысты өз ойын, пікірін, көзқарасын жеткізе білуге дағдыланады. әртүрлі тапсырмалар бойынша жұмыс түрлері жүргізіледі. Ал мәтіннен кейінгі жұмыста әр түрлі жағдаятқа құрыдған сұхбаттармен жұмыста студенттерді әр түрлі жағдайда емін-еркін қарым-қатынас жасауға машықтандырып, студенттердің алған білімдері бекітіледі.

Оқытушының басшылығымен студенттердің өздік жұмысы түрлі мақсаттағы жаттығулардан, сұхбат құрастырып, әртүрлі жағжаятта ауызша әңгіме құрудан тұрады.

Студенттердің өздік жұмысында туризмге қатысты терминдермен жұмыс жасап, олардың лексикалық мағынасын қазақша түсіндіру көзделіп, тақырыптардың мазмұнына сәйкес сұрақтар, тапсырмалар беріледі. Әрбір сұраққа жауап беру - студенттің өзінше ойлауын, сөйлеуін, пайымдауын жетілдіреді. Кейбір сабақ соңында берілген сөзжұмбақ, сызба, диаграммалар және әртүрлі жағдаяттық тапсырмалар студенттердің білімін қорытындылауға арналады.

Н.4.02-01

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті ШЖҚ РМК

Филология және педагогика факультеті



Қазақ филологиясы кафедрасы

Студенттерге арналған пәннің



БАҒДАРЛАМАСЫ

(СИЛЛАБУС)

Кәсіби қазақ тілі пәні бойынша

Мамандық: 5В090200 - Туризм

Көкшетау-2015

Студенттерге арналған пән бағдарламасы (силлабус) Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша Оқу-әдістемелік секциясы дайындаған және ұсынған Республикалық оқу-әдістемелік Кеңес мәжілісінде 15.05.2012ж. №18 хаттама қарастырылған. ҚР БжҒМ келісілген Типтік оқу бағдарламасы 5В011600-География мамандығы бойынша негізінде құрылды.




Қазақ филлогиясы кафедрасының отырысында бекітілген
1 хаттама « 27 » тамыз 2015 ж.
Кафедра меңгерушісі ____________________ ф.ғ.к., доц О.А. Жумагулова

(қолы ) (тегі, аты,әкесінің аты)

Филология және педагогика факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясымен келісілген
1 хаттама « 28 » тамыз 2015 ж.
Факультеттің ОӘК төрағасы______п.ғ.м., ак. доцент А.Қ.Құрманова

(қолы) (тегі,аты,әкесінің аты)


Силлабус


1. Титул беті

2 .Оқытушылар туралы мәлімет:

Букаева Анар Айткалиевна

Қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы



Консультациялық сағат (office - hour):

кафедрада келісілген ОБСӨЖ-дің кестесі бойынша

үй телефоны 31-23-67; ұялы телефоны 8 778 517 20 00

3 Пән туралы мәлімет:

Пән атауы: «Қазақ тілі»

Өткізу уақыты: Сабақ кестесі бойынша.
Оқу жоспарының көшірмесі.

Курс

Семестр

Кредит


саны


Практ. сабақта-рының сағаты

ОБСӨЖ

сағат саны



СӨЖ

сағат саны


Бар-лығы

Бақылау формасы


3

5

2

30

15

45

90

Емтихан

4. Пәннің пререквизиті:

Курстың бастапқы сатысында студент қарапайым сөйлеу дағдыларының 4 түрін білуге міндетті: сөйлеу, тыңдап түсіну, оқу және жазу, жазбаша және ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.



Пәннің постреквизиттері

Студенттерге үш тілде білім берудің енгізілуіне байланысты география пәні мамандарын кәсіптік жағынан білікті етіп даярлауда географиялық пәндердің негізін, физикалық-географиялық және экономикалық-географиялық заңдылықтарды игерумен қатар қарастырылады. Кәсіби дайындығы бар географтың басты міндеті география ғылымы бойынша әртүрлі шетелдік , отандық ғылыми тұжырымдамалар мен әдіснамалық негіздерді игеру болып табылады. Осы міндеттер арқылы болашақ маман дайындаудың мақсаты мен міндеттері айқындалады.



Құзыреттілік: Кәсіптік жанрлардағы мәтіндерді құрастыруда, кәсіптік тақырыптар бойынша сөз сөйлеуде құзыретті болуы керек.

Пәннің құзыреттілігі:

«Кәсіби қазақ тілі» курсын оқып-үйрену барысы студенттерге базалық кешенді географиялық білім негізінде, кәсіби пәндерде берілетін географиялық білім мен біліктілікті қазақ тілінде игеруге көмектеседі.



Кәсіби қазақ тілі курсы бойынша меңгерілетін грамматикалық құзыреттілік:

Грамматикалық бірліктерді білу және оны дұрыс пайдалана білу. Типтік бағдарлама тілдің грамматикалық құрылысын меңгертуді, яғни саналы-коммуникативті бағдарды басшылыққа алады.онда грамматикалық құзыреттілікті қалыптастыруда коммуникативті функционалды қағидатқа басымдылық беріле отырып, тілдің жүйелілік-құрылымдық қағидасы сақталады.



5. Пәннің қысқаша сипаттамасы

Пәннің негізгі мақсаты:

«Кәсіби қазақ тілі»курсын оқытудың мақсаты-білім алушыларға физикалық, экономикалық және әлеуметтік географияның негіздерін қазақ тілінде кәсіби деңгейде оқытып, кешенді білімді қалыптастыруды көздейді.

Қазақ тіліндегі отандық географияның даму тарихын, ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттарын, Қазақстандық географ-ғалымдардың еңбектерін оқу үдерісінде қолдануды негізге алады.

Пәннің негізгі міндеттері:


  • Студенттерге қазақ тіліндегі географиялық түсініктер мен терминологиялық сөздіктердің анықтамасын беру;

  • Студенттерге кәсіби қазақ тілі пәні мен географиялық ғылымдардың дамуына әсер етуші пәндердің арасындағы байланысты ашу;

  • «Физикалық география», «Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы», «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы» сияқты географиялық курстардың қазақ тіліндегі мазмұнымен студенттерді таныстыру;

Пәннің қысқаша мазмұны:

Кәсіби қазақ тілінің мақсаты – тілді кәсіби коммуникация құралы ретінде меңгеріп алу. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін қажетті дағдылар – әдебиетті қолдана білу, сөздікпен жұмыс жасау, сөздерді есте сақтау және оларды жадыдан алып шығуды қамтамасыз ететін әдіс – тәсілдерді меңгеру.

Оқытудың міндеттері:

Коммуникативті: қазақ тіліндегі кәсіби түрде сқйлеуді түсіну; ауызша диалог. Монолог түріндегі сөйлеуді меңгеру; дағдыландырылмаған сөзді сөздіксіз ауызша және ішінен оқу;конспектілерді, рефереатты, баяндамалар құру;

Филологиялық: қазақ тілінің құралдарын функционалдық қолдану бойынша білімін тереңдету;

Кәсіби: болашақ кәсіби қызмтеке қажетті тілдік дағдылар мен ептілікті дамыту.

Оқыту процесінде қолданылатын әдіс – тәсілдер:

  • коммуникативтік – функционалдық, когнитивті;

  • мәдени –тарихи принцип;

  • индукция және дедукция тәсілі.

Жазбаша және ауызша тілде келесі білім мен дағдыларды қалыптастыру:

Оқылым:

Оқу дағдыларын қалыптастыру үшін кәсіби іс –әрекетке арналған мәтінді тұрлаулы, тұрлаусыз ақпаратты ерекшелеуге үйрету, қысқаша жазбалар, рефераттар үшін ақпаратты таңдау, пікірталастар, әңгімелесу кезінде пайдалануы мүмкін сөйлемдерді, абзацтарды табу керек.



Тыңдалым:

Тыңдау дағдыларын қалыптастыру үшін мамандық бойынша үнемі мәтіндердің дыбыстық жазбасын тыңдау, ақпаратты жүйелі құру және тыңдалған ақпараттң мәнін айтып беру қажет.



Жазылым:

Жазбаша сөйлеуді құрастыру үшін оқылғанның жоспарын, түйінін, қысқаша жазбасын құрастыруды, жоспар негізінде мәтіннің негізгі ойларын баяндау, оларды жүйелендіру, мәтін бөліктері арасында мағыналық қатынастарды орнатуды үйрету керек.



Пікірлесім:

Диалогтық сөйлеу дағдыларын қалыптастыру (әңгімелеу, сипаттау, хабарлау,ойлау, түсіндіру) үшін сөйлеу және ойды білдіру үшін қажетті сөйлеу құралдарын және стильдік ерекшеліктерді үйрету керек.



Пәнді меңгергеннен кейін студент:

- арнайы кәсіби – бағдарлы материалды түсіне және пайдалана білуі керек;

- қазақ тілінде мамандығына қарай жазылған термин сөздер мен сөз тіркестерін, өз бетімен ғылыми еңбектерді оқып, аударма көмегімен өз ойын сол қажеттілікте сай жеткізуі;

- Қазақстандағы және әлемдік кеңістіктегі қазақ тілінің рөлі мен орны туралы, қазақ тіліндегі негізгі сөйлем заңдылықтары туралы хабардар болуы керек.

Дублиндік дескриптор негізінде «Кәсіби қазақ тілі» пәнінің нәтижесінде білім алушының жалпы түсінігі болуы керек:

Білуі және түсінуі тиіс:


  • студенттер кәсіби мәтінді тыңдап, ақпараттың мазмұнын, тақырыбын толық түсіне білуі тиіс;

  • жағдаяттық сұхбат барысында студент сұхбаттасушының кәсіби тақырып төңірегінде қойған сұрағын, айтқан ойының мазмұнын тыңдай отырып, түсініп, жуап қайтара білуі тиіс;

  • мамандық бойынша кәсіби терминдердің қазақ тіліне аударылымын және жасалу ерекшеліктерін білуі тиіс;


6.Сабақ жоспары

6.1. Аудиториялық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары



Мазмұны

(тақырып және сұрақтар)



Оқытудың күндізігі бөлімі

Оқытудың сыртқы бөлімі

Оқулық, әдістемелік құралдарға сілтеме

Дәріс сабақ / сағаты

Практ., семин., сабақтар/

сағат


Дәріс сабақ / сағаты

Практ., семин., сабақтар/

сағат


1

2

3

4

5

6

7

І Бөлім Жалпы жертану

1

География ғылым ретінде. «География» сөзінің мазмұны (шығуы және анықтамасы)




1










2

Литосфера, Гидросфера




1










3

Атмосфера. Биосфера
















ІІ Бөлім Геология және геоморфология

4

Жердің құрылысы. Жер қыртысының қозғалысы туралы болжамдар




2










5

Жердің бедері




2










ІІІ Бөлім. Физикалық география

6

Ұлы географиялық ашылулар




1










7

Материктер




2










8

Мұхиттар
















9

Географиялық нысандардың топонимикасы және туризм географиясы
















ІҮ Бөлім. Экономикалық және әлеуметтік география

10

Дүние жүзінің халқы. Халықтардың саны, құрамы, жіктелуі




1










11

Шаруашылық салаларының географиясы




2










12

Елдердің экономикалық-географиялық сипаттамасы.

















6.2. СОӨЖ күнтізбелік-тақырыптық жоспары


ОБСӨЖ тақырыптары


ОБСӨЖ сағат

саны


Әдебиетке сілтеме жасау (нег.қос.)

Басқа құралдар (сайттар, электр.оқулықтар)

1

2

3

4

5






1

Географиялық ғылымдардың терминдері мен түсініктері

2

№1

№10





2

«Географиялық қабық» тақырыбы бойынша терминдер мен түсініктер

2

№1

№3





3

«Жердің құрылысы. Жер қыртысының қозғалу болжамы» тақырыбындағы арнайы ұғымдар мен түсініктер

2

№1

№3





4

Жер бедері туралы нақты түсініктер. Жер бедерінің өзгеруі

2

№1

№7





5

«Ұлы географиялық ашылулар және оларға сипаттама» тақырыбындағы арнайы ұғымдар мен түсініктер

2

№1

№3





6

«Материктер» тақырыбындағы ұғымдар мен түсініктер

2

№1

№3





7

«Дүниежүзілік мұхит» тақырыбыбойынша ұғымдар мен түсініктер

2

№1

№7





8

«Солтүстік Американың физикалық-географиялық нысандарының топономиясы» тақырыбы бойынша ұғымдар мен түсініктер.

2

№1

№3





9

«Дүниежүзінің халықтар географиясы» тақырыбы бойынша ұғымдар мен түсініктер

2

№1

№2





10

Өнеркәсіп салаларының нысандары бойынша нақты терминдер мен түсініктер

2

№1

№3





11

Қазақстандағы елді мекендер, қалалар, ауылдар топонимиясы

2

№1

№3





12

«Ауыл шаруашылық» тақырыбы бойынша ұғымдар мен түсініктер

2

№1

№2





13

«Қазақстанның географиялық нысандарының топонимиясы» тақырыбы бойынша ұғымдар мен түсініктер

2

№1

№2





14

ТМД елдерінің эконоикалық – әлеуметтік нысаедары туралы нақты терминдер мен ұғымдар

2

№1

№3





15

Географиядағы ғылыми еңбектердің ғылыми мазмұны – монография, диссертация, географиялық ғылыми журналдардағы мақалалар.

2

№1

№4






6.3. Пәнді оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыздандыру картасы




Оқулықтар,

Оқу құралдары



Оқу тілі

Автор, шыққан жылы,

баспахана



Оқулық, оқу құралының саны (данасы)

Электрон-дық түрі

кафедрада

кітапханада

1

2

3

4

5

6

7

1

Қазақ тілі

Оқу- -әдістемелік кешен



Қаз. тілі

А.Қ.Құрманова, т.б.

Көкшетау «Келешек» 2006 ж












2

Сұхбат

Аудио оқулық



Қазақ тілі

Э.Д.Сүлейменова

Қ.Қ.Қадашева

Д.Х.Ақанова

Астана-2007 жыл «Арман -ПВ» баспасы






50




3

Анықтағыш




Э.Д.Сүлейменова

Қ.Қ.Қадашева

Д.Х.Ақанова

Астана -2007 жыл

«Арман -ПВ» баспасы





50




4

Бейнежазба




Э.Д.Сүлейменова

Қ.Қ.Қадашева

Д.Х.Ақанова

Астана-2007 жыл «Арман -ПВ» баспасы






50




5

Суретті қазақ тілі




Э.Д.Сүлейменова

Қ.Қ.Қадашева

Д.Х.Ақанова

Алматы -2005жыл

«Мұрагер» баспасы





50




6

Қазақ тілі для начинающих

Қаз. тілі

Бектұров А.Ш.

Бектұрова А.

Алматы, «Рауан» 1994 ж -397 б.





29




7

Қазақ тілі. Ана тілі деңгейінде оқыту құралы




Бектұров А.Ш.

Бектұрова А.

Алматы, «Әділет» 1998 ж – 288 б б.





6




8

Қазақ тілінің практикалық курсы

Қаз. тілі

Мұса А.О. Алматы, «Экономика» 1998 ж. -271 б




10




9

Қазақ тілі. ЖОО –ның экономика факультеттеріне арналған

Қаз тілі

Күзекова З., Қарақұсова Г. Алматы «Раритет»

2001 ж. 172б






8




10

Қазақ тілі




Аяпова Т. Алматы, «Ана тілі» 2002 ж. 96 б.




10




11

Қазақ тілі. Оқу құралы




Мұрат С. Алматы, «Сөздік –Словарь»

2002 ж. 88 б.






3




12

Қазақ тілі. Практикалық курсы




З.Күзекова

Алматы «Раритет»

2002 ж., 150 б





60




13

Қазақ тілінің қолданбалы грамматикасы




Бектұров Ш.

Астана, «Фолиант» 2003 ж., 248 бет






5




14

Қазақ тілі. ЖОО –ның экономика факультеттеріне арналған




З.Күзекова,

Г.Қарақұсова . Алматы «Қаржы -Қаражат»

1997 ж. 172 б





7




15

Қазақ тілі




А.Алдашева

Алматы «санат» 1997 ж., 240 бет






5




16

Қазақ тілі




К.Аханов, Б.Кәтенбаева

Алматы, 1998 ж., 239 б.






1




17

Қазақ тілі




Б.Ахметбекқызы

Алматы «Жібек жолы» 1998 ж., 168 бет






5




18

Қазақ тілі

Мұғалім кітабы






Аяпова Т.

Алматы «Ғылым» 1998 ж., 44 бет






6




18

Қазақ тілі

Негізгі кітабы






Аяпова Т.

Алматы «Ғылым» 1998 ж., 272 бет






5




20

Қазақ тілі

Үй кітабы






Аяпова Т.

Алматы «Ғылым» 1998 ж., 76 бет






6




21

Қазақ тілінен дәріс




Белбаева Ш.

Алматы, 1995 ж. 63 бет






10




22

Қазақ тілі. Оқу құралы




Бектаева Ш.

Алматы «Сната» 1995 ж., 176 бет






21




23

Қазақ тілі сабақтары




Беріков Н.

Алматы «Ана тілі»

1994 ж., 176 бет





1




24

Қазақ тілі барлығы үшін




Қ.қадашева

Ж.Смагулова

Алматы «Ана тілі»

1998 ж., 32 б.






1




25

Қазақ тілі




З.Күзекова

Алматы «Ана тілі» 1998 ж., 160 б.






2




26

Қазақ тілі




Ред. А.Сейдимбек

Астана «Болашақ балапандары» 1999 ж., 150 б






2




27

Қазақ тілін білген жөн




М.Қойшыбаева

Алматы «Ғылым» 1997 ж 136 бет






1




28

Қазақ тілін үйренушілерге көмек




Б.Құлмағанбтова, Елемисова Ж.

Алматы, «Рауан» 1992 ж, 196 бет






51




29

Қазақ тілінің практикалық курсы




Н.Оралбаева

Алматы «қазақ университеті» 1993 жыл, 336 б






172




30

Қазақ тілі ЖОО –ның студенттеріне арналған




И.Маманов

Алматы «Мектеп» 1989 жыл






56




31

Қазақ тілінің практикалық курсы




А.Мұса Төленов І

Алматы «Экономика» 1998 жыл, 271 бет






25




32

Қазақ тілі және елтану




К.Сариева

Алматы,»Балауса» 1997 ж., 128 бет






9




33

Қазақ тілі. Ана тілі деңгейінде оқыту құралы




Бектұров А.Ш.

Бектұрова А.

Алматы, «Әділет» 2002 ж – 288 б б.





1




34

Қазақ тілінің сөздігі




Жалпы ред. Т.Жанұзақов

Алматы «Драйк –Пресс»

1999 ж.,774 бет





5




35

Қазақ тілі




Жалпы ред. Мамыров

Алматы «Экономика» 2001 ж., 380 бет






10




36

Қазақ тілінің қалталық оқулығы




Бектұров Ш., Бектұрова А.

Алматы, «Әл –Фараби» 1997 жыл, 204 бет






4




37

Қазақ тілі. Грамматика




Әміров

Алматы, «Рауан» 1995 ж -142 бет






5




38

Қазақ тілі




Әбуханов

Алматы «Мектеп» 198 2 жыл -284 бет






5




39

Қазақ тілі Практикалық курсы




З.С. Күзекова

Алматы, «Раритет» 2002 жыл-






60





ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиеттер:

  1. Каймулдинова К.Д. Топонимика. Жоғарғы оқу орындарына аранлаған оқулық. ҚР БҒМ бекіткен – Алматы:ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. -336бет

  2. Каймулдинова К.Д. Қазіргі дүние географиясы. Оқу құралы. – Алматы: Абай атындағы Қаз ҰПУ, 2011. -80 бет

  3. Ахметов Е.А., Бердыгулова Г.Е. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. Оқулық. –Алматы, 201. -524 бет.

  4. Ахметов Е.А., Увалиев Т.О., Ахметов Қ.М. Дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы. Оқулық. – Алматы, «Мектеп», 2010. -285 бет

  5. Уәлиев Т.О., Жангелдина Д.І., Сарқытқан Қ., Тұрғұмбекова Н.М. Өнеркәсіп географиясы. –Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011.-376 бет

  6. Әбілмәжінова С.Ә., Жангелдина Д.І., Байкитова А.Н. Палеогеография: Оқулық. Алматы: Экономика, 2011. – 360 бет.

  7. Мазбаев О.Б. Асубаева Б.К. Туризм және өлкетану негіздері. –Алматы, 2010

  8. Ш. Бектұров, А. Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих» А.,1994ж.

  9. Ерназарова З.Ш. және т.б. Қазақ тілі. Елтану.- Алматы, 2005.

  10. Э.Д.Сүлейменова, Қ.Қ.Қадашева, Д.Х.Ақанова «Сұхбат» аудиоучебник Алматы -2007 жыл, «Арман -ПВ» баспасы

  11. Э.Д.Сүлейменова, Қ.Қ.Қадашева, Д.Х.Ақанова Бейнежазба. Алматы -2007 жыл, «Арман -ПВ» баспасы

  12. Э.Д.Сүлейменова, Қ.Қ.Қадашева, Д.Х.Ақанова Суретті қазақ тілі. Астана - 2005 жыл «Мұрагер баспасы.

  13. Ш. Бектұров, А. Бектұрова «Карманный самоучитель қазахского языка» А., 1996ж.

  14. Н.Қ. Мұхамадиева «Кәсіби қазақ тілі» А., 2003ж.

  15. З. Күзекова, Ғ. Қарақұсова «Қазақ тілі» А., 1997ж.

  16. Н.Оралбаева «Практикалық қазақ тілі» А., 1993 ж.

  17. А.Сейдімбек «Қазақ тілі»А., 2000ж

  18. М.С.Қойшыбаева «Қазақ тілін білген жөн» А.,1997 ж.

  19. Қ Мұса «Қазақ тілінің практикалық курсы» А., 1998ж.

  20. З.Күзекова «Қазақ тілі» А., 2003ж.

  21. А.Қ.Құрманова, Р.Ш.Молдағалиева, И.С.Қайырбекова, Б.К.Әубәкірова, , Г.Ғ. Қожабаева «Қазақ тілі» оқу -әдістемелік кешен Көкшетау, 2006ж.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Социально-экономическая география зарубежного мира / Под ред.В.В.Вольского – М.: Крон-пресс,1998.

  2. Радионова И.А. «Экономическая и социальная география отдельных зарубежных стран.» М., 2004

  3. В.Г.Глушков, Ю.А.Симагин, «Экономическая и социальная география России и новых независимых государств.» М, 2001

  4. «Введение в экономическую географию» А.Ю. Скопин М., Владос 2001

  5. В.П. Гатин «Мировая экономика.» М.2001

  6. Агеева Р.А. Страны и народы: происхождние названий. –М.: Наука, 1990

  7. «Зкономическая и социальная и политическая география мира» /регионы и страны/ (под ред. С.Б. Лаврова, Н.В. Каледина) М., Гардарики, 2002. -928 стр.

  8. Т.Т.Аяпова «Қазақ тілі» А., 2000ж.

  9. Б. Ахметбекқызы «Қазақ тілі» А.,1998ж.

  10. А.С. Болдыбаев «Сөйлей білсеңіз ұтасыз» А.,1998ж.

  11. К. Сариева «Елтану және қазақ тілі» А.,1998ж.

  12. Т.С. Төртқарина «Қазақша сөйлеп үйренеміз» Астана 2003ж.

  13. Қ.Мырзалина «Қазақ тілі» А.,1998ж.

  14. Б.Калиев «Қазақша –орысша терминдер сөздігі» А.,1996ж.

  15. М. Алтайбаев «Қазақ тілі» Астана 1998ж.

  16. Э. Сүлейменова «Сұқбат» А., 1996ж.

Анықтамалық құралдар

  1. С.Т.Суюмбаев Справочноепособие по экономической и социальной географии. Алматы, 2010

  2. Географиялық қазақша – орысша сөздік. –Алматы, 2007

Ақпарат көздері

  1. www.xserver.ru/user/ecsng.

  2. Ru.belembassy.it/./sotsialno-ekonomicheskoe-razvitie-

  3. Ru Wikipedia.org/wiki/.

  4. www.jcean.ru

  5. /rgo.ru/geography/fiz_geography/slovar.




  1. Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары

№ тапсырма беру аптасы

Сабақ тақырыбы

СӨЖ тапсырма-

лары


Ұсынылатын әдебиеттер

ОБСӨЖ бақылау формасы

№ тапсырманы

тапсыру уақыты



оқу құрал



беті, § және тарау

1

2

3

4

5

6

7

1 апта

«География» термині туралы ұғым (анықтамасы және шығу тегі)

Глоссарий жасау







Термин-дерді жинап, анықтамасы туралы ақпарат беру

Бас ғимарат Қазақ филологиясы кафедрасы 320 дәрісхана

2 апта

Ғылыми оқу әдісі.

«Жердің географиялық қабықтары» тақырыбы бойынша студенттерге арналған оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар оқу







Мазмұндау пікірталас

Бас ғимарат Қазақ филологиясы кафедрасы

320 дәрісхана



3 апта

«Атмосфера, биосфера, литосфера,гидросфера»

Мәтіндер оқу және аудару







Эссе жазу.

Бас ғимарат Қазақ филологиясы кафедрасы

320 дәрісхана



4 апта

Литосфералық тақталардың қозғалысы»

Оқулықтар мен ғылыми журналдар оқу







Конспект жасау, өз ойымен бөлісу

Бас ғимарат Қазақ филологиясы кафедрасы

320 дәрісхана


5 апта


«Жер құрылысының моделі»


Оқулықтар мен ғылыми журналдар оқу, мәліметтерді салыстыру







Жазбаша сипаттама жазу

Бас ғимарат Қазақ филологиясы кафедрасы

320 дәрісхана



6 апта

«Жер сілкіну», «Вулкандар», «Цунами»

Географиялық мәтіндер оқу және аудару







Конспект жасау, өз ойымен бөлісу.

Бас ғимарат Қазақ филологиясы кафедрасы

320 дәрісхана



7 апта

«Материктер»

Ғылыми журналдар оқу









Реферат жазып, слайдпен қорғау

Бас ғимарат Қазақ филологиясы кафедрасы

320 дәрісхана



8 апта

«Солтүстік жарты шар материктері»

Интенеттен мәлімет жинау







Жазбаша сипаттама жазу

Бас ғимарат Қазақ филологиясы кафедрасы

320 дәрісхана



9 апта

«Оңтүстік жарты шар материктері»

Интенеттен мәлімет жинау







Сипаттама жазып, слайд дайындау

Бас ғимарат Қазақ филологиясы кафедрасы

320 дәрісхана



10 апта

«Дүниежүзілік мұхит»

Интенеттен мәлімет жинау







Сипаттама жазып, слайд дайындау

Бас ғимарат Қазақ филологиясы кафедрасы

320 дәрісхана



11 апта

«Дүниежүзілік халықтар географиясы және олардың демографиялық болжамы»

Интернеттен мәлімет жинау, ғылыми журналдар оқу, зерттеу







Баяндама дайындау

Бас ғимарат Қазақ филологиясы кафедрасы

320 дәрісхана



12 апта

«ҚР-ның ғылым қайраткерлерінің географ ғалымдарының еңбектері»

Интернеттен мәлімет жинау, ғылыми журналдар оқу, зерттеу.







Реферат жазып, слайдпен қорғау

Бас ғимарат Қазақ филологиясы кафедрасы

320 дәрісхана



13 апта

«Дүниежүзілік шаруашылық және проблемалар»

Ғылыми журналдар оқу, зерттеу







Мәтіндермен жұмыс, аудару, пікірталас

Бас ғимарат Қазақ филологиясы кафедрасы

320 дәрісхана



14 апта

«ТМД елдерінің шаруашылық құрылымдарын дамыту стратегиясындағы өнеркәсіптік күштер»

Интернеттен мәлімет жинау, ғылыми журналдар оқу, зерттеу







Ғылыми мақалаларды талдау

Бас ғимарат Қазақ филологиясы кафедрасы

320 дәрісхана



15 апта

«Елдердің экономикалық географиялық сипаттамасы»

Интернеттен мәлімет жинау, ғылыми журналдар оқу, зерттеу







Презентация дайындау

Бас ғимарат Қазақ филологиясы кафедрасы

320 дәрісхана





8. Бағалау ақпараты.

Ағымдағы бақылау – семестр барысында студенттің білімдерін жүйелік тексеру (3, 6, 9, 12 аптада). Практикалық сабақтарға қатысу, оқытушының басшылығымен өтетін студенттің өздік жұмыстардың орындалуы және тапсырылуы, СӨЖ тапсырмаларының орындалуы және тапсырылуы.

Үлгерімі бойынша рұқсат алу рейтингісі бүкіл академиялық кезеңде алған орта арифметикалық қосындысының есебімен есептеледі

Пән бойынша қорытынды баға – рұқсат алу рейтингісі+емтихан. Емтихан билетпен қабылданады.

Баллды-рейтингті жүйе бойынша студенттердің білімін бағалау өлшемі

9. Баға қою саясаты

Баға қою саясаты 100 ұпайлы (100%) системаға негізделеді және келесі бөлулерді қарастырады



Бағалау эквиваленттері

Әріпті жүйедегі бағалар

Ұпайлар

Ұпайлардың пайыздық мағынасы

Дәстүрлі жүйедегі бағалар

А

4.0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94




В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84




В-

2,67

75-79




С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69




С-

1,67

60-64




D+

1,33

55-59




D

1,0

50-54




F

0

0-49

Қанағаттанарсыз

10. Академиялық әдеп пен оқу пәнінің саясаты

  • сабаққа кешікпеу;

  • сабақ барысында сөйлемеу, газет оқымау, сағыз шайнамау;

  • ұялы телефондарды өшіру;

  • сабаққа іскер киімде келу;

  • сабақты жіберіп алмау, денсаулығына байланысты қатыспаған жағдайда анықтама көрсету;

  • босатылған сабақтарды оқытушының белгілеген уақытында өтеу;

  • тапсырмалар орындалмаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі (штраф ұпайларын қара)

  • оқу үдерісінде белсенді қатысу;

  • үй және басқа да тапсырмаларды тырысып орындау;

  • сабақтарда кері қатынасты сынмен қолдау;

  • өте қатты ұялшақ студенттерді ұжымдық жұмыстарға және дискуссияларға қатыстыру;

  • пунктуалды және міндетті болу.


Н.4.02-02
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Филология және педагогика факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы


БЕКІТЕМІН

ОӘК шешімімен

Төраға

___________ А.Қ.Құрманова



(қолы) (аты-жөні, тегі)

«_____» 2015 ж.


Қазақ филологиясы кафедрасы

(кафедраның толық атауы)



5В011600 – Геогафия мамандығының студенттері үшін
Кәсіби қазақ тілі

(пәннің атауы)

пәні бойынша аудиториялық жұмыстарға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Оқу нысаны: күндізгі


Көкшетау, 2015

Әдістемелік нұсқаулар Кәсіби қазақ тілі пәнінің

(пәннің атауы)

оқу жоспары мен бағдарламасының талаптарына сәйкес құрылған және практикалық сабақ жұмыстарының талаптарын орындауға барлық қажетті мәліметтерді қамтиды.




Қазақ филологиясы кафедра отырысында бекітілген

1 хаттама « 27 » тамыз 2015 ж.


Кафедра меңгерушісі ___________________________ ф.ғ.к.,доц О.А.Жумагулова

(қолы ) (тегі, аты,әкесінің аты)




Филология және педагогика факультеттің оқу-әдістемелік комиссиясымен келісілген
1 хаттама « 28 » тамыз 2015 ж.
ФакультеттіңОӘК төрағасы______________п.ғ.м., ак. доцент А.К.Курманова

(қолы) (тегі,аты,әкесінің аты)



І.Жалпы түсінік

Барлық мамандық студенттеріне арналған практикалық (машықтану) сабақтары оқу жұмысының негізгі түрі болып саналады. Ол оқу жоспарында көрсетілген сағаттарға сай беріледі.

Практикалық сабақтардың мақсаты­- мемлекеттік тіл болып табылатын қазақ тілінің коммуникативтік бағытын жүзеге асыру. Қазақ тілін оқытудың қарастырылып отырған деңгейлеріне сәйкес лингводидактикалық үлгі негізінде, бірыңғай әдістемені жүйелі жетілдіру. ЖОО-да қазақ тілін қарым –қатынас құралы деңгейіне айналдыру дағдыларын қалыптастыру. ЖОО түлектерінің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, тілдік біліктілігі жоғары маман ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасау. Пән бойынша білім игеретіп қана қоймай, өмірлік проблемаларды шешуге қажетті білік-дағдыларды меңгеруге бағыттау.

Практикалық сабақтардың міндеті:



  • тұрақты сөз тіркестері, кәсіби сөз мағыналары мен салалық терминдер ұғымын түсініп қолдану;

  • орта көлемді және көлемді мәтіндерді жатық әрі шапшаң түсініп оқу;

  • монолог, диалог, полилог түрінде хабарлама, таныстырылым (презентация), баяндама, дискуссия және т.б.) әңгімелеу, сұхбат жүргізу;

  • жазба жұмыстарын (эссе, аннотация, түйіндеме,жоспар, тезис, мәлімдеме, пресс-релиз, өтініш, хат, аударма, реферат, мақала және т.б.) орындау;

  • қазақ тілінің функционалдық грамматикасы аясында тілдік дағдыларды шыңдай отырып, тілдік тұлғаның қазақ тілінде жүйелі талдау жасауға, өз ойын еркін жеткізуге және ұсынылған материалдар бойынша сипаттама, салыстырма, қорытынды жасай білу сияқты т.б. тілдік біліктіліктерін жетілдіре дамыту.

  • әлеуметтік және кәсіби маңызды ақпаратты жеткізу, болашақ қызметінде қазақ тіліндегі деректерді қолдану дағдысын қалыптастыру.

  • оқу пәнінің аясында білім деңгейін бекіту, тереңдету, кеңейту;

  • студенттерге оқу пәніне қатысты теориялық білімдері мен тұжырымдамаларының тәжірибелік тәсілін, сараптау әдісін үйрету;

  • студенттердің бойында тәжірибелік сабақ барысында қазіргі теориялық және ғылыми-техникалық әдістер арқылы біліктілік пен дағдыны қалыптастыру;

  • оқу пәнінің тақыптарына қатысты ғылыми әдебиеттерді оқу, саралау және талдауды үйрету.

  • оқу пәніне қатысты өзіндік ойын жеткізе білуге дағдыландыру.

Практикалық сабақтарын өткізу түрлері:

  • жаттығулар мен тапсырмаларды орындату;

  • іскери ойын өткізу;

  • дөңгелек үстел, сайыс, пресс-конференция, дискурс, саяхат сабақтарын ұйымдастыру;

  • оқу пәніне сәйкес баяндамалар мен хабарламаларды талқылау;

  • теориялық білімнің шешімі;

  • жоспарға сәйкес оқу пәніне қатысты нақты сұрақтарды талдау.


Практикалық сабақтарды өткізу мен ұйымдастыруға қатысты талаптар

  • Практикалық (машықтану) сабақтары оқу пәнінің жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылып жүргізіледі;

  • Практикалық (машықтану) сабақтары студенттердің академиялық тобына арналып өткізіледі;

  • Практикалық (машықтану) сабақтары әдістемелік нұсқаулықтармен қажетті оқу және хабарлама-анықтамалық әдебиеттермен, бағдарламалармен қамтылуы керек;

  • студенттердің практикалық (машықтану) сабақтарының қорытындысы рейтингілік жүйеге сәйкес бағалануы тиіс.




        1. Тәжірибелік және семинар сабақтарын өткізу тәртібі

  • сабақтың тақырыбы мен мазмұны пәнге арналған жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес келуі тиіс;

  • студенттің білімін бақылау жүйелі түрде іске асырылуы керек;

  • семестрде студенттің білімі екі рет рейтингтік жүйеде тексерілуі қажет.



        1. Оқытушының құқығы мен жауапкершілігі және міндеті

  1. оқытушы тәжірибелік және семинар сабақтарының осы әдістемелік нұсқаулық талаптарына сәйкес, әрі сабақты өткізу әдістемесінің нормативті құжаттар мазмұнына орай өтуі мен ұйымдастыруына жауапты;

  2. оқытушы студенттің білімін шындыққа сәйкес бағалауға жауапты;

  3. оқытушы оқу үрдісіндегі жоғары сапаны қамтамасыз ететін сабақ өткізу әдіс-тәсілдерін таңдауға, тәжірибелік және семинар сабақтардың мазмұнын анықтауға құқылы.



        1. Студенттің құқығы мен жауапкершілігі және міндеті

  • студент оқу кестесіне сәйкес практикалық сабақтарға жан-жақты дайындықпен қатысуға міндетті;

  • студент себепті жағдайға байланысты сабақ босатса, онда оқытушымен келісе отырып, оны өтеуге мүмкіндігі бар;

  • студент обьективті аргументтер негізінде өзіне қойылған бақылау немесе қорытынды бағаға келіспеуіне құқылы;

  • студент сабақты себепсіз босатпауға;

  • практикалық сабаққа дайындықсыз келмеуге;

  • тапсырманы уақытында орындауға;

  • этикалық және моральдық нормаларды сақтауға жауапты.


1 Бөлім Жалпы жертану

1-практикалық сабақ

Тақырыбы: География ғылым ретінде
I. Мәтінге дейінгі жұмыс:

1. Cөздер мен сөз тіркестерін оқыңыз, есте сақтаңыз, аударыңыз.

2. Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып сөйлем құраңыз.

Жаратылыстану, қоғам, маңыздылық, қоршаған орта, көзқарас, ұстаным, тәртіп, табиғи, шаруашылық, әлеуметтік және әр түрлі аумақтардың экологиялық жағдайларын бағалау, біліктілік, қалыптастыр, бағыт, ерекшелену.



Екі бағандағы сөздермен сөз тіркестерін құрыңыз.

Оқу тәртібі

Білім ғылым

Оқушылыр жүйесі

Экологиялық пәні

Қоғамдық маңыздылығы

Ғылымдар жағдай
II. Mәтінмен жұмыс


  1. Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқыңыз.

  2. Мәтінді мазмұнына қарай бөлімге бөліп, әрқайсысына тақырып қойыңыз.

  3. Тақырып бойынша әңгемелеңіз.

География ғылым ретінде

География – жаратылыстану және қоғамдық циклдар оқу пәндеріне кіретін жеке дара мектеп пәні болып табылады. Географиядан берілетін білімнің маңыздылығы қоршаған ортаға қатысты оқушылырдың көзқарастары, ұстанымдары, тәртіп нормалары, өмірлік біліктіліктері жүйесін және алған білімдері негізінде табиғи, шаруашылық, әлеуметтік және әр түрлі аумақтардың экологиялық жағдайларын бағалауға қатысты біліктерін қалыптастыруға бағытталумен ерекшелененеді.

ГЕОГРАФИЯ — (гео – жер, графия – жазамын, сызамын) – табиғи және өндірістік территориялық кешендерді, олардың компонентерін зерттейтін жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар жүйесі.

Геогрфия ғылым ретінде ежелгі Грекияда туған. Біздің заманымыздан бұрын өмір сүрген грек ғалымы Эратосфен өзінің Жерді сипаттауға арналған еңбегін «география» деп атаған. Ұзақ уақыт бойы география жаңа жерлерді ашып сипаттаумен ғана айналысатын ғылым деп есептелініп келді. ХІХ ғасырдың басында бүкіл Жер шарында ашылмаған жер қалған жоқ. Осыған орай географияның міндеті де өзгерді. Ендігі жерде ол Жер бетіндегі денелер мен құбылыстардың таралуын сипаттап қана қоймай, олардың себебін түсіндіретін гылымға айналды.


III. Мәтінен кейінгі жұмыс.

1. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

2. Мәтінге аннотация жазыңыз.

3. Мәтіндегі асты сызылған сөйлемдерді талдаңыз.




  1. Сөйлемді жалғастырыңыз

1

Геогрфия ғылым ретінде




2




еңбегін «география» деп атаған.

3

ГЕОГРАФИЯ




4




ашылмаған жер қалған жоқ.



ІҮ. Грамматика әлемінде

Біршама тиянақты ойды білдіретін сөздер тобы сөйлем деп аталады. Бір ғаеа ойды білдіріп, бір ғана интонациямен айтылатын сөйлем жай сөйлем деп аталады.

Хабарлы Мен жазғы демалысты Бурабайда өткіземін.

Жай сөйлем Сұраулы Зеренді демалыс орнына қалай баруға болады?

Бұйрықты «Тұлпар» сауықтандыру кешеніне жөндеу жұмыстары

жүргізілсін.

Лепті Көгілдір Көкше жері қандай керемет!

1. Жай сөйлемнің түрлеріне бірнеше мысалдар жаз.

2. Мәтіндегі бірнеше сөйлемдерді сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдерге айналдыр


Жай сөйлем

құрамына қарай

Жақты

Жақсыз

Жалаң

Жайылма

Толымды

Толымсыз

Атаулы

Өзгерістер көп.

Бұл жерде суға түсуге болмайды

Жұмыс жүріп жатыр.

Уақыт факторы әрбір істе маңызды.

Адам үшін ең қымбат нәрсе - уақыт

Ол алтыннан да қымбат

Аппақ қар

3. Жай сөйлемнің құрамына қарай бөлінген түрлеріне мысалдар келтіріп жазыңыз.

4. «Мамандығым - мақтанышым» тақырыбына шағын шығарма жазып жай сөйлемнің

құрамына қарай талдаңыз.


Пайланылған әдебиет:

  1. Қалыбекова Қ.С. Кәсіби қазақ тілі / Қ.С.Қалыбекова, Р.Иманбаева – Қарағанды: ҚарМТУ, 2013

  2. Тұрсынова Г.Т.Кәсіби қазақ тілі / Г.Т. Тұрсынова.- Алматы, 2011.

  3. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит) / З.Күзекова. Алматы: Ғылым,2001.

  4. Н.Қ. Мұхамадиева «Кәсіби қазақ тілі» А., 2003ж.

  5. З. Күзекова, Ғ. Қарақұсова «Қазақ тілі» А., 1997ж.

  6. Н.Оралбаева «Практикалық қазақ тілі» А., 1993 ж.

2-практикалық сабақ

Тақырыбы: Литосфера, Гидросфера
I. Мәтінге дейінгі жұмыс:

1. Cөздер мен сөз тіркестерін оқыңыз, есте сақтаңыз, аударыңыз.

2. Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып сөйлем құраңыз.

Шөгінді, қабық, шегінді, тау жыныстары, құрылық, негіз, шеберлік, тиімді, бақылау, зерттеу, қолдану, . Мұздар, батпақтар




3.Екі бағандағы сөздермен сөз тіркестерін құрыныз.

Жер орта


Шөгінді клетка

Тау орай


Жер орта

Су қабық


Сулы жыныстары

Тірі қорлары

Халық жыныстары

Өкінішке қабығы


II. Mәтінмен жұмыс

  1. Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқыныз.

  2. Мәтінді мазмұнына қарай бөлімге бөліп, әрқайсысына тақырып қойыныз.

  3. Тақырып бойынша әңгемелеңіз

Литосфера, Гидросфера

Литосфера — жер қабығы (грек. lithos- тас, sphaira — шар) — жердің сыртқы қатты қабаты жоғарғы гидросфера және атмосферамен шектеседі. Жер қабығының жоғарғы бөлімі — шөгінді қабық; ол шегінді тау жыныстарынан тұрады, кейде бұған эффузивтер жамылғысын да енгізеді. Жер қабығының тербеліс тарихы қозғалысына байланысты, оның калыңдығы әр орында әр түрлі болып келеді. Шөгінді қабықтың астында граниттік қабат орналасады; бұл қабат мұхит ойыстарында ұшырамайды. Граниттік қабаттың астында аралық немесе «базальттық» аса тығыз жыныстар қабаты жатады.

Литосфера – Жер планетасының біршама берік тау жыныстары кешендерінен тұратын, төменгі жапсары ішінәра балқымалы яки онша берік емес атмосфера қабатымен шектелетін ең сыртқы қабаты. Литосфера жер қыртысын (Жердің ең сыртқы қатты қабыршағын) және осы қыртыс пен атмосфера аралығын қамтитын қатты заттардан тұратын, литосфералық мантия деп аталатын жоғарғы мантияның ең жоғарғы қабатын біріктіреді. Литосфералық мантия қабаты жер қыртысынан Мохоровичич шегі арқылы дараланады, бұл қабатты құрайтын тау жыныстарының құрамы негізінен оливин мен пироксеннен тұратын аса негізді жыныстарға сәйкес келетін болса керек. Литосфераның беткі жазықтығы атмосферамен немесе гидросферамен шектеледі. Литосфера қалыңдығы 50-200 шақырым аралығында деп есептелінеді.

Гидросфера – табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден, өзендерден) құралады. Бұл құрлықтың 70 % алып жатыр. Гидросфераның көлемі 400 млн шаршы км. Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5% - ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% - ын, ал оттегінің 50% - дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді. Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі.



III. Мәтінен кейінгі жұмыс.

1. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

2. Мәтінге аннотация жазыңыз.

3. Мәтіндегі асты сызылған сөйлемдерді талдаңыз.




  1. Сөйлемді толықтырыңыз

1

Литосфераның беткі жазықтығы




2




айналымына тікелей қатысады.

3

Су қорларына




4




гидросферамен шектеледі.

Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет