А. Ф. Зейнулина филология ғылымдарының кандидаты, профессор



бет1/3
Дата19.02.2017
өлшемі0,68 Mb.
#10579
  1   2   3
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Қазақ тілі

пәнінен барлық мамандықтарда оқитын студенттерге арналған практикалық сабақтарға әдістемелік нұсқау

Павлодар

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Филология, журналистика және өнер факультеті
Қазақ тілі кафедрасы

қазақ тілі

пәнінен барлық мамандықтарда оқитын студенттерге арналған практикалық сабақтарға әдістемелік нұсқау

Павлодар

Кереку


2008

УДК 811.512.122 (07)

ББК 81. 2 Каз-9

Қ-17
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің филология, журналистика және өнер факультетінің қазақ тілі кафедрасының отырысында басуға ұсынылды




Пікірсарапшы:

А. Ф. Зейнулина - филология ғылымдарының кандидаты, профессор.



Құрастырушылар: Т. Д. Айтқазина, Ә. Қ.Қопаева

Қ-17 Қазақ тілі пәнінен барлық мамандықтарда оқитын студенттерге арналған практикалық сабақтарға әдістемелік нұсқау / құраст.: Т. Д. Айтқазина, Ә. Қ.Қопаева. – Павлодар: Кереку, 2008. – 41 б.


«Қазақ тілі» пәнінен практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау барлық мамандықта оқитын студенттерге ұсынылады. Әдістемелік нұсқауда тапсырмалар және жаттығулар жиынтығы мен оны орындау туралы мәлімет берілген. Әдістемелік нұсқау жұмыс бағдарламасына сәйкес әзірленді.

УДК 811.512.122 (07)

ББК 81. 2 Каз-9

© Т.Д. Айтқазина, Ә.Қ.Қопаева, 2009

© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2009



Алғысөз

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуде, әсіресе, басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін қарым-қатынас құралы ретінде үйретуде ұстаздардың алдында тұрған міндет жүгі ауыр екені белгілі. Өйткені, ата дәстүрімізді, ежелден келе жатқан мәдениетімізді жас ұрпақтың бойына сіңіріп, ана тіліміздің кең қанат жаюына ықпал етуші біздер боламыз.

Болашақ жұмыс орнында қызмет бабына сай мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, өрісін ұлғайтатын, біздің ойымызша, қазақ тілінде оқитын жастар.

Мемлекеттік тілді игерудің маңызын бүгінгі жас ұрпақ санасына жеткізу үшін бүгінгі студент, ертеңгі маман мемлекеттік тілді жетік меңгере білуі қажет. Бұл ретте, білім алудың қазіргі кезеңдегі мақсаты – қоғамға қажет ысылған, жетілген, білмді, білікті, бірнеше тіл білетін маманды қалыптастыру.

Аталмыш әдістемелік нұсқау типтік бағдарлама бойынша өтілетін грамматикалық және лексикалық тақырыптарға негізделген. Грамматикалық тақырыптар негізінен тілдік жүйеге бағытталып берілген. Тыңдау, айту, оқу, жазу, әңгімелесу сияқты сөйлеу қызметінің барлық түрлері қамтылған. Грамматикалық тақырыптар лексикалық тақырыптар жүйесіне үйлестірілген.

Қорыта айтқанда, аталмыш әдістемелік нұсқаудың басты мақсаттарының бірі – жалпы тіл ұстарту жүйесі, студенттердің сөйлеу және дұрыс жазу дағдыларын қалыптастыру. Нұсқаулықта түрлі тақырыптар қамтылып, сол тақырыптар төңірегіне жаттығулар, мәтіндер топтастырылған.



1-Сабақ

1.1 Грамматика: Есімдік. Сұрау есімдігі. Шылау. Сұраулық демеуліктер.

1.2 Фонетика: Қазақ әліпбиі. Қазақ тілінің төл дыбыстары, олардың жуан, жіңішке түрлері.

1.3 Лексика: Әдеп ережелері. Амандасу.

Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады. Қазақ әліпбиі 42 әріптен тұрады. Қазақ тіліне тән 9 дыбыс бар: ә, і, ү, ұ, ө, қ, ң, ғ, һ.

Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар жуан, жіңішке болып бөлінеді.

Жуан дауыстылар: а, о, ұ, ы, у (мысалы, бару)

Жіңішке дауыстылар: ә, ө, ү, і, е, и, у (мысалы, келу)
1-тапсырма. Мәтінді оқып, жаңа сөздерді жазып алыңыз.
Амандық сұрау – адамдықтың белгісі

Қай халықтың болмасын өзіндік сәлем беру, сәлем алу жоралғылары бар. Қазақ халқының салты бойынша төс қағысып амандасу ер азаматтар үшін ұлттық амандасудың ең құрметті түріне жатады.

Ал жастар жай ғана қол алысып, келесі қолымен арқа, иық қағысып та амандасады. Келіндер жасы үлкен ата-ене, қайнағаларға сол тізесін сәл бүгіп, басын изеп, ибалық сәлемдесу ишаратын жасаған.

Әр адамның мәдениетін, білімін, инабаттылығын осы сәлемдесу, жөн сұрау мәнерінен білуге болады.

Қазақ халқының амандасу салты мазмұны жағынан өте бай. Тәрбиелік мәні жоғары. Жастарды кішіпейілділікке, ибалылыққа, сыйластыққа шақырса, үлкен-кіші, туыс-бауырды сыйластыққа, татулыққа апарады.
2-тапсырма. Жуан, жіңішке дауыстылар аралас сөздерді дұрыс айтып жаттығыңыз: Мысалы: Дәрісханада, дәрісхананың, кітаптарды, мұғаліммен.

3-тапсырма. Мәтіннен жіңішке дауысты дыбыстары бар сөздерді теріп оқыңыз.

4-тапсырма. Мәтіннен жуан дауысты дыбыстары бар сөздерді теріп оқыңыз.

5-тапсырма. Орыс тілінде жоқ дауыстыларды жазыңыз.

6-тапсырма. Амандасу түрлерін есте сақтаңыз және сұрақтарға жауап беріңіз - Запомните слова приветствия и ответьте на вопросы


- Сәлеметсіз бе?

- Амансыз ба?

- Халыңыз қалай?

- Хал қалай?

- Рахмет, жақсы.

- Сәлем!


- Қайырлы таң!

- Қайырлы күн!

- Қайырлы кеш!

- Мал-жан аман ба?

- Бала-шаға аман ба?

- Балалар аман ба?

- Үй-іші аман ба?

- Туыстар аман ба?



-Здравствуйте!

-Здравствуйте!

-Как Ваши дела?

-Как дела?

-Спасибо, хорошо.

-Привет!


-Доброе утро!

-Добрый день!

-Добрый вечер!

-Все ли живы-здоровы?

-Дети живы-здоровы?

- Дети живы-здоровы?

-Как здоровье родных?

- Как здоровье родных?




Қазақ тілінде сұраулық мағынаны екі түрлі формамен беруге болады: бірі – арнаулы сұрақ, екіншісі – жалпы сүрақ. Сұрау есімдігінен жасалғанын арнаулы сұрақ дейміз. Сұрау есімдігіне кім? не? неше? қай? қандай? қанша? қалай? қашан? т.б. сөздері жатады. Мысалы, Бұл не? ол қандай адам? Қашан келесің? Сағат неше?

Назар аударыңыздар, орыс тілінде сұрау сөздері сөйлемнің басында тұрса, қазақ тілінде сөйлем соңында немесе баяндауыштың алдында тұрады. Сұраулық демеуліктер арқылы жалпы сұрау жасалады. Сұраулық демеуліктер: ма, ме, ба, бе, па, пе, ше. Мысалы, Сәлеметсіз бе?Мал-жан аман ба? Ал, сен ше? Сұраулық демеуліктер өзі қатысты сөздерден бөлек және сөйлемнің соңында жазылады.

Сұраулық демеуліктер алдындағы сөзге қатысты үйлеседі:

Дауысты және р, л, й, у дыбыстарынан кейін

ма/ме

Анау ма? Терезе ме? Әсел ме?

ж, з, м, н, ң дыбыстарынан кейін

ба/бе

Ораз ба? Барасың ба?

Қатаң дыбыстарынан кейін

па/пе

Асқат па? Керемет пе? Жарық па?

1-жаттығу. Мына сұраулы сөйлемдерді хабарлы сөйлемдерге айналдырындар.
Сен баяндамаға дайындалдың ба? Жеріміз енді көбейгелі тұрған жоқ па? Басшысы болмаған елде елдік бар ма? (М.Әуезов). Баянауыл сияқты жерді кім сүймейді? (З.Шашкин).Жұмабай үйде ме?
2-жаттығу. Мына хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырындар.
Бұл қыздың жасы он жетіге жаңа толды. Бала атасының бетіне таңдана қарады. Анау кезде отырғызылған жас шыбықтар көктеп қалыпты. Өзінің жақсы көретін оқушыларының бірі Әділ екен. Бүкіл ауылдың малы сол құдықтан суарылады. Ақыры асыға күткен ұшу сәті же жетті.


2-Сабақ

2.1 Грамматика: Жіктеу есімдіктері: мен, сен, сіз, ол. Жалғаулар. Тәуелдік жалғауы. Септік жалғауы. Атау, ілік септіктері.

2.2 Фонетика: Ы, І төл дыбыстары. Сұраулы сөйлем интонациясы.

2.3 Лексика: Танысу.
Қазақ тілінде жалғаудың (окончание) – 4 түрі бар: көптік жалғау, тәуелдік жалғау, септік жалғау және жіктік жалғау
1-кесте. Көптік жалғау

После

Гласных и Р, Й



ПИШЕТСЯ

-ЛАР/ -ЛЕР



Қалалар, үйлер, айыпкерлер

После

Звонких согл. и М,Н,Ң,Л



ПИШЕТСЯ

-ДАР/-ДЕР



Қағаздар, өкілдер, адамдар, аңдар, босқындар

После

Глухих согл. и Б, В, Г, Д



ПИШЕТСЯ

-ТАР/-ТЕР



Құқықтар, педагогтер

2-кесте. Тәуелдік жалғау

Жекеше (ед. ч.)

Көпше (мн. ч.)

жақ

(лицо)


Зат есім (Существ)

Жалғаудың қолданылуы (Употребл. окончаний)

жақ

(лицо)


Зат есім (Существ)

Жалғаудың қолданылуы (Употр. оконч)

I жақ Менің

Бала+м

әке+м


қыз+ым

үй+ім


+м – после гласных
+ым –после согласных

+ім -


I жақ Біздің

Бала+мыз

әке+міз


қыз+ымыз

үй+іміз


+мыз – после гласных

+міз


+ымыз –после согласных

+іміз -


IІжақ

Сенің


Бала+ң

әке+ң


қыз+ың

үй+ің


+ң – после гласных
+ың – после согласных

+ің -


IІжақ

Сендердің



әке+лер+ің

қыз+дар+ың


+ ің –после согласных

+ың -


ІІжақ

Сіздің


Бала+ңыз

әке+ңіз


қыз+ыңыз

үй+іңіз


+ңыз – после гласных

+ңіз


+ыңыз – после согласных

+іңіз -


IIIжақ

Сіздердің



әке+лер+іңіз

қыз+дар+ыңыз


+іңіз –

+ыңыз –


IIIжақ Оның

Бала+сы

әке+сі


қыз+ы

үй+і


+сы – после гласных

+сі


+ы – после согласных

+і -


IV жақ Олардың

әке+лер+і

қыз+дар+ы

Бала+сы

әке+сі


қыз+ы

үй+і


+і –

+ы –


+сы – после гласных

+сі


+ы – после согласных



3-кесте. Септік жалғау

Септіктер (Падежи)

сұрақтар

Зат есім (Существ)

Жалғаудың қолданылуы (Употребл. окончаний)

Тәуелдік септеу

Атау с.

Именительн.



Кім? Не?

-----

Ақы, арыз

Ақы+сы, арыз+ы

Ілік с.

Родительн.



Кімнің? Ненің?

+ның/нің-после гласных и н,ң,м

+дың/дің- после з,ж,р,л,у


+тың/тің - после

Глухих согл. и Б, В, Г, Д



-Ақының, ауданның, заңның, адамның

-Арыздың, уәждің, ардың, ауылдың,үйдің,таудың.

-Айыптың, әдістің


Ақы+сы+ның

Арыз+ы+ның



Барыс с.

Направительно-дательный



Кімге? Неге?

+ға/ге после

Гласн., звонких согл. и М,Н,Ң,Л


+қа/ке после

Глухих согл. и Б, В, Г, Д



Ақыға, арызға, заңға, уәжге,арға, адамға, ауданға, ауылға
Айыпқа, әдіске

Ақы+сы+на

Арыз+ы+на

Ел+і+не


Табыс с.

Винительный



Кімді? Нені?

+ды/ді после

Звонких согл. и М,Н,Ң,Л

+ны/ні -после гласных

+ты/ті после

Глухих согл. и Б, В, Г, Д



Арызды, уәжді, заңды, адамды, ауылды, арды.
Ақыны, әкені
Айыпты, әдісті

Ақы+сы+н

Арыз+ы+н


Ел+і+н

Жатыс с.

Местный


Кімде? Неде?

+да/де - после

Гласн., звонких согл. и М,Н,Ң,Л



+та/те - после

Глухих согл. и Б, В, Г, Д



Ақыда, уәжде, арда, арызда, адамда, заңда, өкілде, ауданда


Ақы+сы+нда

Арыз+ы+нда

Ел+і+нде


Шығыс с.

Исходный


Кімнен? Неден?

+дан/ден - после

Гласн., звонких согл.



+нан/нен- после

М,Н,Ң


+тан/тен - после

Глухих согл. и Б, В, Г, Д



Ақыдан, уәжден, ардан, арыздан, өкілден

Адамнан, заңнан, ауданнан

Айыптан, әдістен


Ақы+сы+нан

Арыз+ы+нан



Көмектес с.

Творительный



Кіммен? Немен?

+мен- после гласных и н,ң,м, л, р, у,й
+бен- после звонких з,ж
+пен- после

Глухих согл. и Б, В, Г, Д



Ақымен, адаммен, заңмен, өкілмен, армен, жағдаймен.
Арызбен, уәжбен.

Айыппен, әдіспен



Ақы+сы+мен

Арыз+ы+мен




4-кесте. Жіктік жалғау

Жекеше түрі

Жақ

Лицо


Жалғау

Окончание



Қолданылуы

Употребление



Іж.

Мен


-мын/-мін
-бын/-бін
-пын/пін

После конечных гласных;сонорных м, н, ң,р,й,л,у

После звонких согласных, кроме б,в,г,д

После глухих и б,в,г,д


ІІж. Сен

Сіз


-сың/-сің

-сыз/-сіз



-сың/-сыз – после твердой основы

-сің/-сіз – после мягкой основы



ІІІж.Ол

Не имеет окончаний

Көпше түрі

Жақ

Лицо


Жалғау

Окончание



Қолданылуы

Употребление



Іж.Біз

-мыз/-міз

-быз/-біз

-пыз/піз


После з гласных и сонорныхр,й,л,у

После звонких з,ж; сонорных м, н, ң, После глухих и б,в,г,д



ІІж.Сендер

Сіздер


-сыңдар/-сіңдер

-сыздар/-сіздер



-сыңдар/-сыздар – после твердой основы

-сіңдер/-сіздер – после мягкой основы



ІІІж.Олар

Не имеет окончаний

Мысалы:

Мен әке+мін, жас+пын, жұмыс+та+мын, бірінші+мін, сен емес+пін

Сен әке+сің, жас+сың, жұмыс+та+сың, бірінші+сің, мен емес+сің

Сіз әке+сіз, жас+сыз, жұмыс+та+сыз, бірінші+сіз, мен емес+сіз

Ол әке, жас, жұмыс+та, бірінші, мен емес

Біз әке+міз, жас+пыз, жұмыс+та+мыз, бірінші+міз, отызда емес+піз

Сендер әке+сіңдер, жас+сыңдар, жұмыс+та+сыңдар, бірінші+сіңдер, отызда емес+сіңдер

Сіздер әке+сіздер, жас+сыздар, жұмыс+та+сыздар, бірінші+сіздер, отызда емес+сіздер

Олар әке(лер), жас(тар), жұмыс+та, бірінші(лер), отызда емес.
1–тапсырма. Төмендегі сөздерді пайдалана отырып диалог құрыңыз.
Танысу, танысайық, есім, аты-жөні, қуану, мамандық, мен, сен, сіз, ол

-Таныс болайық. Сіздің атыңыз кім?

-Менің атым – Гүлнәр.

-Әкемнің аты – Ержан.

-Өте жақсы.

-Танысқаныма қуаныштымын.

-Ақсу қаласынан (Ақтоғай ауданынан, Жұмыскер ауылынан) келдім,

-алматылықпын.
2–тапсырма. Өзіңізді таңыстырыңыз.
3–тапсырма. Үйіңізге курстас досыңыз келді, үй-ішіңізбен таныстырыңыз.
4–тапсырма. Сіз жұмысқа жаңа қызметкер алдыңыз, ұжым мүшелерімен оны таныстырыңыз.
5–тапсырма. Сіз жұмысқа орналастыңыз, өзіңізді ұжыммен таныстырыңыз.

6–тапсырма. Сіздің фирмаңызға шетелден маман келді, оны таныстырыңыз.
7–тапсырма. Ата-наңызды үйге келген қонаққа таныстырыңыз.

1-жаттығу. Мына сөздерді оқыңыз, орыс тіліндегі және қазақ тіліндегі Ы дыбыстарын айтудағы айырмашылықтарға көңіл бөліңіз. Прочтите, обращая внимание на разницу произношение русского-Ы и казахского-Ы:
жир – жыр сыр – сыр

сын – сын жил – жыл

дым – дым мы – мыс

рысь – орыс быт – шабыт

шины – шыны жила – жыла

была – былай жил - жыл


2-жаттығу. Ы және І артикуляциясындағы ерекшеліктерін түсіндіріңіз. Прочтите, объясните разницу в артикуляции Ы и І:

Ыс – іс ыл – іл

Тыс – тіс сыз – сіз

Ызыл – ізсіз жыр – жір

Ыста – істе жылы – жілік

Сыра – сіре ызыл - ізсіз




3-Сабақ

3.1 Грамматика: Оқшау сөздер. Қаратпа сөз, тыныс белгісі. Одағай. Болымсыздық есімдігі.

3.2 Фонетика: Ұ, Ү төл дыбыстары; жуан, жіңішке негіздер. Интонация.

3.3 Лексика: Кешірім. Өтініш. Алғыс. Келісу. Қарсылық білдіру. Құптау. Құптамау.
1-жаттығу. Ұ және Ү дыбыстарының айтылудағы ерекшеліктеріне көңіл бөле отырып, мына сөздерді оқыңыз. Прочтите, обращая внимание на произношение звуков Ұ и Ү:
ұқ – үк ұн – үн сұр – сүр

ұш – үш ұр – үр құн – күн

тұр – түр ұй – үй жұқ – жүк
2-жаттығу.Жатыс септік жалғауын жалғаңыз.

а) дүкен, сүт, дүние, жүзім, жұма, жүзік, құс, құм, жұрт, сұрақ, тұрмыс, гүл, ұя, ұл, дүйсенбі, жүрек, күнделік, күріш.

ә) Тұрар, тұрабай, Ұлжан, Күміс, Жеңіс, Мұрат, Гүлсім, Жүсіп, Нұрлан, Гүлнәр, Сұлушаш, Күнсұлу, Айсұлу.
3-жаттығу.етістіктің болымсыз түрін жасаңыз.

Үлгі: кір үтікте – кір үтіктеме.

Кір үтікте, анда ұйықта, сен тез жүгір. Сен сұра. Қатты күл. Су құй. Ұял. Тәрелке ұста. Далада жүр. Сыныпта тұр. Осында күт. Ет тұзда. Шұқы. Анда жүз. Қатты түшкір. Тез жұт. Машина жүргіз. Тез түсір. Мында түне. Жұл. Теледидар ұсын. Осында ұш.
4-жаттығу.Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерді пайдалана отырып диалог құрыңыз:

- Кешірім, ғафу ету, айып етпеу, алғыс айту, риза болу, оқасы жоқ, айтып жіберу, қарсы болмау, жоқ, келісу, әрине, келіспеу, құптау.

- Кешіріңіз, кіруге бола ма? Кіріңіз. Ғафу етіңіз, сөзіңізді бөлейін. Оқасы жоқ, не айтайын деп едіңіз? Айтып жіберіңізші, сағат қанша болды? Сағат 8-ден 5 минут кетті. Сізбен әңгімелесуге бола ма? Жоқ, уақытым жоқ. Кешіріңіз, әңгімелесуге уақытым жоқ.

Оқшау сөздер жай сөйлемнің де, құрмалас сөйлемнің де құрамында кездеседі. Ал жоқ, иә/иә сөздерді жеке сөйлем ретінде қолданылып, болымды, болымсыз жай сөйлем қызметінде жұмсалады.

Оқшау сөздер сөйлем сөз тіркесінің құрамына еніп, олардың мағынасын дәлелдеуге қатысқанымен, сөйлемдегі басқа сөздерге ешқандай қатысты болмайды. Сондықтан, сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалмай, сөйлемдегі басқа мүшелерден интонациямен оқшауланып айтылады. Олар сөйлем атаулығы тигізетін мағыналық әсеріне және қандай сөзлерден жасалуына қарай үшке бөлінеді: қаратпа сөз, қыстырма сөз, одағай сөз.



Қаратпа сөздер жазушы мен сөйлеуші кейде өз ойын біреуге я бірдемеге арнай айту мақсатымен сөз тіркесін пайдаланады.


Түр-тұлғасы

Сызбасы

Сөйлемдегі орны

Жеке сөздер

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат

(Абай)

Кел, балалар, оқылық



(Ы. Алтынсарин).

Сөйлемнің

Басында
Сөйлемнің

ортасында



Сөз тізбегі

(күрделі сөз)



ақ домбырам

Сөйлей бер,

күмбірлеген


Сөйлемнің

аяғында



Қыстырма сөз – сөйлемдегі басқа сөздермен байланыспай, белгілі бір сөйлем мүшесінің қызметін атқармай, сөйлемде айтылған ойға айтушының түрліше көзқарасын білдіретін сөздер тобы.

Қыстырма сөздер мағынасына қарай ой иесінің қуанышын, аянышын, өкінішін, сенуін, мақұлдауын, мойындауын; сенер-сенбесің; ой тәртібін; ойды жалғастыратынын, ойды қорытатынын, т.б. білдіреді. Төмендегі кестеге көңіл аударып көрейік.




Мағынасына қарай


Мысалы

Көңіл-күй, ішкі сезім


Биыл,несін айтасың, егіннің шығымы өте жақсы болды!

Сену, мойындау, мақұлдау


Осының бәрін ол, әрине, жалғыз істей алмайды. Бәріміз шынында, жас едік (С. Мұқанов)

Ойдың кімнен шыққаны

Асанның айтуынша, ол өзін өте әдепті ұстапты.

Басқаның не айтушының сенер-сенбестігі


Меніңше, бұл - өте мықты адам (Ғ. Мұстафин).

Қарттардың айтуына қарағанда, биыл ауа райы

жақсы болады.


Ой тәртібі

Оқуға түсуге, біріншіден, қаражаты жоқ, екіншеден білімі жетпейді.

Ойды жалғастыру, қорыту


Ұзын сөздің қысқасы, мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл (мақал)

Сөйлем түрінде келетін түрі

Оған менің Хасен деген досым (бұл кісі жайында мен саған айтқанмен) дереу хат жазыпты.



Қыстырма сөздер сөйлемнен үтірмен не кейде сөйлем түрінде келгенде жақшамен оқшауланады. Үтірмен келгенде, қаратпа сөздер сөйлемнің басында келсе, үтір одан кейін, сөздің ортасында келгенде, екі жағынан, ал сөздің соңында келсе, алдынан қойылады.


4-Сабақ

4.1 Фонетика. Қ, Ғ төл дыбыстары; жуан негіздер, айтылуы; ілгерінді ықпал; кейінді ықпал.

4.2 Грамматика: Өздік есімдігі. Жіктік жалғаулар. Етістік.

4.3 Лексика: Өзім туралы.
1-жаттығу. Оқып шығып, ғ мен қ дыбыстарының айтылуын түсіндіріңіз.

баға — бақа шағын - жақын

ғана — қана бағыт - бақыт

таға — тақа шоғыр — шоқыр

жаға — жақын соғым — соқыр

маған — Мақан нағыз — нақыс


2-жаттығу. Төмендегі сөздерге көптік жалғауын жалғап, жуан және жіңішке негіздерге бөліңіздер. Орыс тіліне аударыңыздар.
Орындық, қарындаш, керемет, тәрелке, оқыту-
шы, дәптер, терезе, оқушы, сен, оқулык, тақта, қыз, қазақ, қаз, институт, лицей, перде, карта, адам, студент, аудитория, университет, кітапхана, сабақ, асхана, колледж, ән.


к-г

жидек «ягода» кешік «опаздывай»

жидегі «его ягода»

кешігу «опаздывать»

қ-ғ

қасық «ложка» жақ «зажигай»

қасығы «его ложка»

жағу «зажигать»

п-б

доп «мяч»

тап «найди»



добы «его мяч»

табу «найти»




3-жаттығу. Бұйрық рай етістікті тұйық етістікке айналдырып, орыс тіліне аударыңыз.

Жап, соқ, тап, қызық, теп, асық, тақ, шық, кеп, бақ, шап, жақ, ақ, кешік, қақ, сеп.



4-жаттығу. Етістіктерді бұйрық райының болымсыз түріне айналдырыңыз.

Үлгі: жалғау «соединять» — жалға «соединяй» ~ жалғама «не соединяй»;.

Жоғалу «пропадать», тағу «прикрепить», ағу «течь», шығу «выходить», бағалау «ценить», жағу «зажигать», соғу «бить», жолығу «наведываться» асығу «торопиться» ағару «белеть» шығару «выводить» бағу «ухаживать»
Өздік есімдігіне әр түрлі тұлғадағы өз деген бір ғана сөз жатады.

Өздік есімдігі тәуелденіп барып қана септеледі. Мысалы: өзім, өзіміздің, өз - өзіне, өзіме, өзінен.


5-жаттығу. Қазақ тіліне жазбаша аударыңыз.

1.Сделайте это сами. 2.Это упражнение выполняйте сами. 3.Ты знай это сам. 4.Свой дом есть свой дом. 5.Сами идите в гости, у меня нет времени. 6.Начни сам. 7.Его самого нет дома. 8.Скажите сами. 9.Пусть каждый принесет сам. 10.Сам себя похвали.
6-жаттығу. Мына мақал-мәтелдерді оқып, аударыңыз. Есімдіктерді теріп жазып, қандай есімдік екенін айтыңыз. Мақал-мәтелдерді жаттаңыз.

Әркімдікі өзіне,



Ай көрінер көзіне.

Өзім білем деген өрге баспас.

Жаман еш нәрсе біле алмайды,

Жұмсасаң тіл алмайды,

Өзі біліп пайдасын қыла алмайды.

Көкек өз атын өзі шақырады.
Жіктік жалғауы (личные окончания) жалғанған сөз сөйлемдебаяндауыш кызметін атқарып, сөйлемің аяғында тұрады. Бұлар есімдерге де (именные части речи), етістіктерге де (глагол) жалғанады. Жіктік жалғауы есімдерге жалғанғанда кім? қандай? нешеу? нешінші? деген сұрақтарға жауап береді. Бұл сұрақтар жіктік жалғауының ыңғайына қарай өзгеріп отырады. Мысалы: оқытушымын, инженерсіз, оқушысыңдар, жақсымын, жақсысың, біріншімін, екіншісің, он сегіздемін, үлкенсіңдер, үйдеміз т.б.


жекеше

Мен студентпін(-пын,-бын, -бін,-мын,-мін)

Сен студентсің (-сың)

Сіз студентсіз (-сыз)

Ол студент




көпше

Біз студентпіз (-пыз,-быз,-біз,-мыз,-міз)

Сендер студентсіңдер (-сыңдар)

Сіздер студентсіздер (-сыздар)

Олар студенттер




7-жаттығу. Кестеден жалғаулардың лайықтысын жалғап, жекешесін бір бағанға, көпшесін екінші бағанға көшіріп жазыңыз.

Мен Абзал... . Біз егіз... . Мен мұғалім... . Cіз дәрігер... . Cен жігіт... . Біз қазақ... . Сендер жалқау... . Мен жалғыз... . Сен биолог... . Сіздер осында... . Мен елуде... . Сіз үлкен... . Біз жас... . Сен ақылды... . Біз күшті... . Мен бірінші... . Сіз инженер... . Сен кішкентай... . Біз жақсы... . Сіз отыз... . Мен Ораз... . Мен студент... . Сіздер қонақ... . Мен геолог... . Мен дүнген... . Біз корей... . Сендер бала... .
8-жаттығу. Қазақ тіліне жазбаша аударыңыз, сөйлемдерге сұрақ қойыңыз.
Вы студенты. Вы хорошие. Вы хорошие студенты. Вы инженеры. Вы хорошие. Вы на заводе хорошие инженеры. Ты в школе. Ты ученик. Ты ленивый. Ты ленивый ученик в школе. Ты ученик. Ты в школе. Ты ленивый. Ты в школе ленивый ученик. 4. Вы преподаватель. Вы в университе­те. Вы строгий (қатал). Вы в университете строгий преподаватель. 5. Она девочка. Она большая. Она дома. 6. Они врачи. Они известные (әйгілі). Они в городе. Они в городе известные врачи.

9-жаттығу. Сөйлемдерді аяқтаңыз.

1. Мен мұғаліммін, сен ... . 2. Мен қазақпын, сен ... . 3. Ол үлкен, сендер ... 4. Біз отыздамыз, сендер ... . 5. Сен қаладасың, ол ... . 6. Ол әжесінде, Сіз ... . 7. Мен Алматыданмын, сендер ... . 8. Бала сабақта, мен ... . 9. Сендер үйдесіңдер, олар ... . 10. Мен дүкендемін, сен ....
10-жаттығу. Төмендегі сұраулы сөйлемдерді не кұптаңыз, не теріске шыға­рыңыз.

а) 1. Сіз студентсіз бе? 2. Сіз ауылдасыз ба? 3. Сіз үлкенсіз бе, кішісіз бе? 4. Сіз қазақсыз ба? 5. Сіз жиырмадасыз ба? 6. Сіз бүгін үйдесіз бе? 7. Сіз Павлодардансыз ба? 8. Сіз үйленгенсіз бе (тұрмыстасыз ба)?

ә) 1. Сіздің жолдасыңыз студент пе? 2. Ол ауылдан ба? 3. Ол үлкен бе, кіші ме? 4. Ол қазақ па? 5. Ол жиырмада ма? 6. Ол бүгін үйде ме? 7. Ол қаладан ба? 8. Ол үйленген бе (тұрмыста ма)?
Етістік негізді туынды етістіктер туынды етістіктерден де, сондай ақ есім негізді етістіктерден де жасала береді. Мысалы: кел- тір, көр- ін, ой- ла- н, бас- та- л. Осыған сәйкес етістіктердің жұрнақтары бір құрамды болып келеді. Мысалы: кел- тір дегенде – бір құрамды, ой- ла- н дегенде екі құрамды, ой-ла- н- дыр дегенде үш құрамды. Етістіктен етістік тудыратын жұрнақтар негізінен мыналар:

Жұрнақтар

Негізгі сөздер

Туынды етістіктер

-ла/-ле;

-да/-де;


-та/-те

ой «мысль»

арман «мечта»

бас «начало»


ой-ла-у «думать»

арман-да-у «мечтать»

бас-та-у «начинать»


-лас/-лес;

-дас/-тес;

-тас/-тес


бір «один»

ақыл «ум»

сот «суд»


бір-лес-у «объединяться»

ақыл-дас-у «советоваться»

сот-тас-у «судиться»


-а/е


ат «имя»

түн «ночь»



ат-а-у «называть»

түн-е-у «ночевать»


-қар/кер;

-ғар/гер



бас «голова»

ес «память»



бас-қар-у «возглавлять»

ес-кер-у «помнить»



-ар/ер


ақ «белый»

көк «синий/зеленый»



ағ-ар-у «белеть»

көг-ер-у «синеть/зеленеть»




11-жаттығу. Тыңдап, оқыңыз. Туынды етістіктер қай жұрнақ арқылы жасалып тұрғанын айтыңыз. Етістіктерді дәптерлеріңізге көшіріңіз. Жұрнақтардың астын сызыңыз.
аяқтау «заканчивать» ақылдасу « советоваться»

ескеру «помнить» қателесу «ошибаться»

басқару «возглавлять» атау «называть»

есептеу «считать» түнеу «ночевать»

емдеу «лечить» ағару «белеть»

көгеру «зеленеть» теңеу «выравнивать»

сәлемдесу « здороваться» әзірлеу «готовить»

жасару « молодеть» қысқару «укорачиваться

босау «освободиться» тістеу «кусать»

біресу «объединяться» ойлау «думать»

шегелеу «забивать» шаңдау «пылиться»

сарғайю «желтеть» анықтау «уточнять»

суреттеу «обрисовать» амандасу «здороваться»

армандау «мечтать» бағалау «ценить»

белгілеу «отмечать» билеу «танцевать»

жамандау «оговаривать» кеңею «расширяться»

гүлдеу « цвести» жақсару «улучшаться»

құттықтау «поздравлять» тазалау «чистить»

мерекелеу «праздновать» мейрамдау «праздновать»

тұздау «солить» іздеу «искать»

істеу «делать» хабарлау «известить»

көбею «увеличиваться» азаю «уменьшаться»



Жіктік жалғауының қысқарған түрі жедел өткен шақтағы етістіктен кейін жалғанады:


жекеше

Мен аяқтадым

Сен аяқтадың

Сіз аяқтадыңыз

Ол аяқтады



көпше

Біз аяқтадық

Сендер аяқтадыңдар

Сіздер аяқтадыңыздар

Олар аяқтады




11-жаттығу. Мына етістіктерді үш жақта жіктеп, сөйлем құраңыздар.

Ақылдасты, есептеді, қателесті, амандасты, келісті, ескертті, ойлады, көрді.


13-жаттығу. Мәтінді оқып, өзіңіз туралы әңгімелеңіз. Жаңа сөздерді сөздік дәптеріңізге жазып, аударыңыз.
Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет