А. С. Пушкин. Сабақтың мақсаты



Дата27.12.2016
өлшемі44.78 Kb.
түріСабақ
Сыныбы 4 Әдебиеттік оқу

Тақырыбы: Балықшы мен балық туралы ертегісі. А.С.Пушкин.

Сабақтың мақсаты:

  1. Ертегі мазмұнын түсіндіру арқылы идеясын ашуға, өмірмен байланыстыра білуге дағдыларының дамуына мүмкіндік беру

  2. Оқу және жазу арқылы шығармашылық дағдыларының дамуына мүмкіндік беру

  3. Қарама-қарсы мінезді адамдарды талдау арқылы кейіпкер бейнесін үлгі ету. Ортақ ой, пікірлері арқылы шынайылыққа тәрбиелеу

Сабақта қолданылатын стратегия: РАФТ, СТО, «Семантикалық карта»

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту сабағы;

Сабақтың түрі: аралас, жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдістері: әңгімелеу, суреттеу, баяндау, көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: А.С.Пушктннің портреті, ақынның жинақтары, тақта, маркер, портрет.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, қазақ тілі

Сабақ жоспары:

1-сабақ




Кезеңдері

Уақыты

І

Ұйымдастыру

3 минут

ІІ

Жаңа материалды меңгеру және зерттеу, жүйелеу

33 минут

ІІІ

Қорытынды

5 минут

ІҮ

Бағалау

2 минут

ҮІ

Үйге тапсырма

2 минут

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын пысықтау

І Қызығушылықты ояту

Оқушылар, Балық, Қайық, Теңіз, Балықшы топтарына бөлініп отырады. Топ болып балалар өз аттарына лайықты қимылдар жасайды. Балықтар жүзуді, теңіздің толқығанын, қайықтың толқын үстімен жүзгенін, біреулері адамның қайықпен ескенін көрсету.

Тақта немесе плакатқа қайық, толқын, балық, күрке суреті салынады.

Осы суретке қарап, үш минуттық әңгіме құрастыру. Жазу жұмысы бітісімен бірнеше оқушы оқып, мұғалім қорытынды жасайды.

ІІ Мағынаны тану



  • Балалар, бүгін біз А.С.Пушкиннің « Балықшы мен балық туралы ертегісін» оқимыз, - деп автор туралы, оның Абай шығармашылығымен байланысы туралы да айтып беру.

«Балық» тобы ертегінің басынан бастап, «Үй тұр емен қақпалы» деген жерге дейін оқып, мазмұнын айтады.

1-топқа сұрақ:



  • Ертегінің басты кейіпкерлері кімдер?

  • Шал қандай адам?

«Қайық» тобы да ертегінің белгіленген «Атқораға айдады» деген жеріне дейін оқиды.

2-топқа сұрақ:



  • Кемпірдің көсем әйел болғысы келгеніне қалай қарайсыңдар?

  • Алтын балық мейірімді ме? Мәтіннен үзінді оқып дәлелдеу.

  • Кемпір шынында көсем әйел бола алар ма еді? Пікірталас ұйымдастыру

«Теңіз» тобы да өзіне берілген « Желкесінен сүйрелеп» деп аяқталатын бөлігін оқиды.

3-топқа сұрақ:



  • Патша болу туралы ой кемпірдің басына қалай келді деп ойлайсыңдар?

  • 33 жыл бірге тұрған адамның аяқ астынан осынша бұзылуын қалай түсінуге болар еді?

  • Ертедегі кемпір қандай адам?

Ескерту: Сыныптың оқу қабілеті көтере алатындай болса, ертегі толық талданады. Әйтпегенде, « өтті күндер арада» деген жерге дейін бөлініп талданады. Ал осыдан ары қарай балаларға үйде өз бетімен оқуға тапсыруға болады. Оқушыларды 3- топқа бөлу

ІІІ Ойтолғау

Сонымен, ертегі бойынша қорытынды жасау үшін кемпір мен шал және балық бейнесін талдап, идеясын шығаруға мүмкіндік беру.

Ертедегі кемпірдің қылықтары арқылы халқымызда қандай мақалдар бар екенін еске түсіру. Дәптерге жазу. Мысалы: «Мың асқанға бір тосқан», «Тойымызға тоқтай жоқ»

Шығармашылық жұмыс.

Оқушы шығармашылығын, қиялын арттыру мақсатында , «Егер мен алтын балық ұстап алсам...» атты шығарма жазу.

Сабақ басындағы оқушылардың жазған мәтіндері мен ертегіні салыстыру.

Әр топ өздері оқыған бөлімдері бойынша жоспар құрастырып, тұтас ертегінің мазмұнына жоспар бойынша шолу жасауға болатынын байқату.



Бұл сабақта әдеби ертегі туралы теориялық мәлімет берілетіндіктен, оның ерекшелігі туралы айтылуы керек.

Кейіпкерлерге мінездеме беру



Сабақты бекіту



  • Балық кемпірдің неше сұрауын орындады және қандай?

Сабақты бағалау

Үйге тапсырма беру
Каталог: uploads -> doc -> 0fa9
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0fa9 -> Оқушылардың ғылыми – зерттеу дағдыларын дамытуға арналған жаттығуларды жоспарлау
0fa9 -> Сабақтың тақырыбы: Циклдің ілесу щарты. Мақсаты: Циклдің ілесу шарты қолданылатын операторлардың жазылу
0fa9 -> Сабақтың тақырыбы: Ашық және қысаң дауыстылар Сабақтың мақсаты
0fa9 -> Сабақ №33 Сынып: Қатысқаны Қатыспағандар 6
0fa9 -> Сабақтың тақырыбы: Күкірттің қосылыстары. Күкіртсутек
0fa9 -> Тақырыбы: Күзгі орманға саяхат Білім беру саласы
0fa9 -> Сабақ Тақырыбы: «Хайуанаттар бағы»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет