А. С. Сапарбекова, Ж. З. Жантасова



бет1/3
Дата15.09.2017
өлшемі0,5 Mb.
#33475
  1   2   3
ӘОЖ 004.91

А.С.Сапарбекова, Ж.З.Жантасова
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті,Өскемен қ.
АУҚЫМДЫ ЖЕЛІДЕ АШЫҚ ЭНЦИКЛОПЕДИЯ ТАРАУЫНДА «АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК» БАЗАСЫН ЖОБАЛАУ
Кілт сөздер: энциклопедия концепциясы, синтаксис, жоба статистикасы, қауымдастық функциясы, жеке зертхана, авторлық құқық.
Қысқаша мазмұны: Аталған жұмыста ауқымды желіде ашық энциклопедияда білім базасын жобалау технологиялары зерттелген. Энциклопедияның on-line, анықтамалық, бағдарламалау тарауларына шолу жасалған. Уикипедия синтаксисіне сәйкес тіркелу, жеке зертхана ашу, мақала жариялау ережелері талқыланған. «Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау» тақырыбында білім базасын толтыру, авторлық құқықты бекіту, қолтаңба қою мүмкіншіліктерінің практикада меңгерілгені көрсетілген.
Проектирование базы «Информационная безопасность» в открытой энциклопедии глобальной сети
Ключевые слова: концепция энциклопедии, синтаксис, статистика проекта, ассоциативная функция, собственная лаборатория, авторское право.
Краткое содержание: В статье исследованы технологии проектирования базы данных в открытой энциклопедии глобальной сети. Сделан обзор разделов on-line связи, программирования и справочной информации. Обсуждены вопросы регистрации в соответствии с синтаксисом Википедии, создания собственной лаборатории, опубликования статей. Показана практическая реализация формирования базы по разделу «Информационная безопасность и защита информации», закрепление авторского права, электронно-цифровой подписи.
Design base of the «Information security» in the open global network encyclopedia.
Keywords: concept of the encyclopedia, syntax, project statistics, associative function, own laboratory, copyright.
Summary: The paper considers technologies of design of a database in the open encyclopedia of a global network and provides an overview of the sections on-line of communication, programming and reference information. Questions of registration according to syntax of Wikipedia, creation of own laboratory, publication of articles are discussed. The autor demonstrated practical realization of project of base according to the section "Information security and information protection", fixing of copyright, electronic and digital signature.
Ғылыми зерттеулер кең көлемде талқыланып, түрлі пікірлер алмасу негізінде күрделі сұрақтардың шешіміне келу жолдың бір бағыты ол ауқымды желіде қауімдастық құрып ізденістер жүргізу. Көп жағдайда конференцияға баруға уақытымыз тығыз болып жатады, конференцияларға қатысқан жағдайларда да бірнеше секциялардың жұмысына қатысқымыз келеді, бірақ олардың уақыты қабаттасып қалуы мүмкін. Егерде бір мәселені шешуде шынайы қызығушылық көрсеткен зерттеушілер кең көлемде бірігіп бүкіл әлем деңгейінде қарастырып, жедел хабар алмасып отырса алынатын нәтижелер әлде қайда тиімді болуы ықтимал. Мақала авторларының пікірінше сол қауымдастықты құрудың бір амалы Уикипедия жобасы негізінде зерттеулер ұйымдастыру, жеке зертхана ашу, мақала жариялау.

Уикипедия (Wikipedia) – көп тілді, ғаламторға негізделген, тегін және ашық мазмұнды энциклопедиялық жоба. Уикипедия сөзі уики (көп адамдар бірлесіп жасайтын интернет парақшасы) және энциклопедия деген екі сөздің қосылуынан пайда болған. Бастапқы жобаның атауы Нупедия болатын. Ол да тегін, онлайн энциклопедия болу керек еді, бірақ Нупедия ортасында жұмыс жасауға қатаң талаптар қойылды. Кең қауімға ол талаптар күрделі болып, бастама кең таралмай, тоқырап қалды.

ҚазіргіУики-жүйесінің қасиеттері:

- Бір мәтінді бірнеше рет өзгертуге мүмкіндік береді.

- Ерекше тіл белгілері - «уики белгілер» деп аталады, мәтін құрылымын гиперсілтемелермен және де басқа да түрлі құралдар арқылы көркемдеуге болады.

- Өзгерістерді есепке алу - жаңа өзгертулер мен ескі өзгертулерді салыстыру, сонымен қатар ескі ақпаратты қайта орнына келтіруге мүмкіндік береді.

- Көп авторлар - сайтқа қонақ болған кез келген тұтынушы ондағы мақалаларға өзгерістер енгізіп, толықтырып немесе қысқарта алады.



Уикипедияның басты принциптеріне тоқтала кетсек, олар:

1.Уикипедия — бұл энциклопедия.Ол дегеніміз барлық білімдер саласынан түбегейлі материалдар жинақталып, жүйеленген кешен. Энциклопедия тарихи эпоханың, елдің ғылыми және мәдениет даму деңгейін көрсете алады. Уикипедияның ерекшелігі жобаға қатысушы сол энциклопедияның авторлары қатарына қосыла алады. Ол аса жауапкершілік пен терең шынайы ақпаратты орналастыру қажеттілігін білдіреді.
2.Бейтарап болу. Уикипедияда бейтарап көзқарас принципі маңызды болып табылады. Іс жүзінде бұл мүмкіндігінше жан-жақты көзқарастарды қарастыруды білдіреді.

3.Авторлық құқықтарды сақтау. Авторлық құқықтар — автордың жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтары. Уикипедияға авторлық құқықпен қорғалған мағлұмат қосылмайды, егерде мағлұмат авторының құқығы бұзылған деп анықталса, мағлұмат дереу жойылады. Мағлұматты басқа тораптардан көшірмеңіз,қоғамдық деп табылатын мағлұматты рұқсатсыз көшіріп, қосуыңызға болады, өкінішке орай, бұған ғаламтордағы тораптардың не суреттердің көпшілігі кірмейді.Уикипедияда өзгертілмейтін тараулар, кіріспе және қорытынды мәтіндер болмайды.

4. Қолтаңба. Талқылау беттерінде хабарламаларыңыздың (мақалада емес) соңына қолтаңба қою арқылы сіз талқылауды бастауға жәрдемдесесіз. Осылайша сіз басқа қатысушылардың пікірталас мазмұнын терең түсінуін оңтайландырып, қажет жағдайда сізбен жеке талқылау бетіңіз арқылы байланысу мүмкіндігін тудырасыз. Тек қана талқылау беттері мен форумдарда ғана қолтаңба қойыңыз.Талқылау беттерінің өңдеу терезесінде әдетте төменгідей хабарландыру тұрады: «Бұл талқылау беті, сондықтан хабарламаңыздың соңына қолтаңбаңызды қою үшін (~~~~) дегенді теріңіз немесе өңдеу құралдарындағы қолтаңба белгішесін басыңыз».

5.Басқа қатысушыларды құрметтеу. Уикипедияда әртүрлі көзқарастары болуы мүмкін, әртүрлі мемлекеттер мен мәдениет өкілдері бірге өмір сүреді. Өзара құрметтесіп әрі қарапайым әдептілік ережелерін сақтау – жобаның тұрақты жұмыс істеуінің кепілі болып табылады. 

 «Қазақша Википедия» жобасы бастамашыларының ұзақ мерзімді, түпкі мақсаты – мемлекеттік тілдің дамуы мен оның әлеуметтік ролін арттыру және сол сияқты«википедияшылардың» қауымдастығын құру арқылы энциклопедияның қазақ бөліміндегі мақалалардың саны мен сапасын тез арада көтеру. Энциклопедияға мақала жазу мен оны өңдеу – тіл мен білімге жанашырлардың қолы қалт еткенде айналысатын интеллектуалдық хобби болса дейміз. Бұл – интернетті игеруге енді кіріскендердің «онлайн» сауаттылығын көтеруге де септік етуі тиіс.



«Қазақша Википедия» жобасы тілдің «сандық өміршеңдігін» нығайтуға септігін тигізуі тиіс жаңашыл бастама. Қазақ тілінде жан-жақты энциклопедиялық контентті (бұрыннан қағаз бетінде бар немесе басқа тілден аударылған) жасап, «Википедияға» салу – осы жобаның негізгі міндеті. Мемлекеттік тілдегі энциклопедиялық білім қорының көбейуі, тілдің күнделікті қолданыс аясының кеңейуіне жағдай жасап , оның қоғам өміріндегі ролінің артуына ықпал етеді.
Сонымен бірге бұл жоба Қазақстанның халықаралық имиджін нығайтуға зор үлес қоспақ. Жобаны Қазақстан аумағында тарату үшін «Wikipedia» және «Wikimedia» сауда белгілерін қолдануға ресми рұқсаты бар. «Wikimedia Foundation Inc.» (АҚШ) қоры Википедия энциклопедиясының авторы және иесі болып табылады. Уикипедия сайтына кірген кез келген тұтынушының ондағы материалдар мен тақырыптарды өзгертуге құқығы бар.Уикипедияны толықтырып, мақала жазуға қатысып отыратын тұрақты қатысушыларды «Уикипедияшылар» деп атайды. Тұрақты қатысушылар қатарына ену Уикипедия синтаксисін меңгеруді талап етеді. Қысқаша синтаксиске тоқталайық. Кесте 1- де сипаттама сөздер синтаксисі мысалға келтірілген.
Кесте 1.Сипаттама сөздер


Сипаттамасы

Жазғаныңыз

Нәтижесі

қолжетерлік, тұтастық, конфиденциалдық

''қолжетерлік'', '''тұтастық'' және '''''конфиденциалдық'''''

қолжетерліктұтастық жәнеконфиденциалдық 

Басқабетке сілтеуТуыстасжобаларғасілтеүшін УП:ИУС дегенді қараңыз

[[қауіпсіздік]]
[[қауіпсіздік]]ті

қауіпсіздік
қауіпсіздікті

Сілтемемәтініөзгертілгенсілтеме

[[Монитор (Қатынасым мониторы)‎|Монитор]]

Монитор

Қалыптыуебсайт

https://kk.www.wikipedia.org

https://kk.www.wikipedia.org

Уебсайтсілтемесі

[https://kk.www.wikipedia.org]

[1]

Уебсайттыңатыжәнесілтемесі

[https://kk.www.wikipedia.org ҚазақшаУикипедия]

ҚазақшаУикипедия

Талқылаубетіндегіпікіріңіздісызу

сіздіңалдыңғыпікіріңізескіргенінкөрсету

Бұлтақырыперекшеемес.

Бұлтақырыперекшеемес.

Сөздің не сөзтіркесініңастынсызуерекшелепкөрсетуүшінсөздіңастынсызу

Астынансызылғанмәтін.

Астынансызылғанмәтін.

СуреттердікөрсетуСуретжүтеуүшін жүктеу бетіне өтіңіз

[[Тақиялы Уикипедия.png|thumb|Тақырыбы]]

Тақырыбы

Осы синтаксиске орай өңдеуді бастаймыз. МедиаУики бетін өңдеу үшін, беттің үстіңгі жағындағы "Қайнарын өңдеу" сілтемесіне басыңыз. Бұл сізді өңдеу бетіне әкелу тиіс. Түзету беті уикимәтінін енгізуге арналған мәтін алаңынан тұрады. Уикимәтіні дегеніміз, қысқаша айтқанда, сервер орындайтын өңделуі мүмкін код дерегі болып саналады. Сервер бұл кодты орындап, оқырмандарға арналған тор-бетін жасап шығарады. Егер түзету функциясын сынап көргіңіз келсе, жеке зертханаңызға өтіп, сынап көріңіз.

Келесі енгізгеніңізді түйіндеу үшін, өңдеп болғаннан кейін, өңдеу алаңының астындағы кішкене алаңшада енгізген өзгертулеріңізді қысқаша түйіндегеніңіз жөн болады. Осылайша өңдеп болғаннан кейін, енгізген өзгертулеріңіз қалай көрсетілетінін қарау үшін, сақтау алдында "Қарап шығу" түймесіне басыңыз. Осылай өңдеу/алдын ала қарап шығу амалын қанағаттандырылғаныңызша қайталап, ең соңында "Сақтау" түймесіне басыңыз. Бұдан кейін өзгертулеріңіз мақала құрамына енгізілуі тиіс.




Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет