А.Қ. Шайхысламова



Дата06.07.2018
өлшемі19,64 Kb.
#48169
Жамбыл облысы, Тараз қаласы

М.Мәметова атындағы №27 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі А.Қ.Шайхысламова


«Зерде» интеллектуалды ойыны

Мақсаты Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру. Жалпы оқу бағдарламасы мен қатар, дүниетанымын, ойлау қабілетін ұштау. Ұлтымыздың тарихын,салт дәстүрін, әдет ғұрпын насихаттау. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу.

Мазмұны ойынға оқушыдан құралған топ қатысады. Ойын кезеңнен тұрады.топтар әр кезеңнің қорытындысы бойынша ұпай жинайды. Бесінші айналымнан кейін барынша көп ұпай жинаған топ жеңізпаз атанады.

Көрнекелігі айналым аттары, тапсырмалар жазылған форматтар, сұрақтар жинағы,ұлағатты сөздер жазылған кестелер, асықтар, қоржын,т.б.

Түрі интеллектуалды сайыс

Әдіс тәсілі сұрақ жауап, шығармашылық.

Сайыс барасы

Бүгінгі «Г» сыныбының «Зерде»атты білімділер сайысына қош келіпсіздер!

Жан жақты білімдерімен, шеберлігі, ақылдылығы менсөз өнерін сарапқа салатын, сайысқа қатысатын топтар өздерін, ұрандарын таныстырп өтеді.

Әділқазылар алқасын тағайындап алу

І айналым «Жүйрік болсаң озып көр» Лездік сұрақтар

Әр топқа қазақ тілі пәнінен сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек.

«Сұңқар» тобына

Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі Түбір

Жалқы есімдер қалай жазылады, неге? Бас әріппен

Сын есімнің сұрақтары Қандай? Қай?

«Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? Нешінші?

Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата Сұлу, көркем.

Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? Сұрақ белгісі

Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? Жуан, жіңішке

Заттың қимылын, іс әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? Етістік

Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? Жұрнақ

Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата Ер, қахарман

Жалпы есімдер қалай жазылады? Кіші әріппен

Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? Нүкте

Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? Қатаң, үнді, ұяң.

Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? Жалғау

Кейде дауысты,кейде дауыссыз болатын дыбыс У

Зат есім дегеніміз не? Заттың атын білдіреді.

Сан есімнің сұрақтары Қанша? Неше? Нешінші?

Аласа сөзіне қарсы мәндес сөздерді ата Биік

«Тұлпар» тобына

«Кел,балалар оқылық!» өлеңінің авторы кім? Ыбырай

Кедей үш ағайынды. Тұңғышы кежірлік, ортаншысы еріншектік, кенжесі ұйқы. Осы айтылғандар не? Мақал ма, шешендік сөз бе?

Жылдың төрт мезгіліне арнап өлең жазған кім? Абай

Сәулелі жұлдыз іздеген адам кім? Ыбырай

Жылдан құр қалған жануар Түйе

Басты байлық не? Денсаулық

Абайдың әжесі кім№ Зере

Түн ұйқысын төрт бөлген кім? Ана

Орман дәрігері Тоқылдақ

Қарлығаш әулие атанған кім? Төле би

Қабанбайдың азан шақырып қойған шын аты кім? Ерасыл

Жырды орындаушы қалай аталады? Жыршы

Сөйлем неден құралады? Сөздерден

Мәтелде ой қалай беріледі? Тұспалдап, жанамалап

Абылый ханның шын аты кім? Әбілмансұр

Март айының қазақша атауы наурыз

Қазақ тілінде неше септік бар? Жеті

«Абай жолы» роман эпопеясының авторы кім? М.Әуезов

Әр адамның шағын Отаны Отбасы

Терең сөзінің антонимі Тайыз

«Алау » тобына

«Қанағат, рақым ойлап қой!»

Берілген жолдардың авторы кім? Абай

«Айдалада ақ отау, аузы мұрны жоқ отау». Бұл айтылған не? Жұмбақ

Қазақтың атақты суретшісі кім? Ә.Қастеев

Әліпппенің атасы кім? Ыбырай

Жыл басы не? Тышқан

Су анасы не? Бұлақ

Абайдың шешесі кім? Ұлжан

Анаңның бауырлары саған кім болады? Нағашы

Аңшының құсы Бүркіт

Кіші жүздің биі кім? Әйтеке би

Дарабоз атанған батырдың шын аты кім? Ерасыл

Әнді орындаушы қалай аталады? Әнші

Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? Нүкте

Мақалда ой қалай беріледі? Туралап

Абылай ханның жанама аты кім? Сабалақ

Январь айының қазақша атауы қалай? Қаңтар

Көмектес септігінің сұрақтары қандай? Кіммен? Немен?

Жерұйықты іздеген кім еді? Асан Қайғы

Отан қайдан басталады? Отбасынан

«Шабан» сөзінің антонимін тап Жүйрік

ІІ айналым «Құпия сандық»

Бұл кезеңде ұлы ақын жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер беріледі. Әр топқа 2 шығармадан үзінділер өлең, әңгіме беріледі. Үзіндіні оқып, шығарманың атын және авторын табу.



  1. Кей адам әдет қылған киікті атып,

Мүйізін пайда қылып шетке сатып.

Сандалған бір киікке ұшырастым,

Бір жылы бетпақ шөлде келе жатқан.

«Ақсақ киік» өлеңі С.Сейфуллин



  1. Бұлақ басына қойған таста «Азықсыз аш адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ» деп жаздық.

«Бір кесе меруерт» Ш.Құдайбердіұлы


  1. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр,мылқау танымас тірі жанды

Үсті басы ақ қырау түсі суық

Басқан жері сықырлап келіп қалды.


  1. Алты айғы қыс тартқаны аштық азабы. Бар сенері күйеуі Мықтым. Ол ел қыдырып, қайыр тілейді. Ерте кетіп, кеш келеді. Бірақ оның да табатыны жоқ .... «Күлпаш» Б.Майлин

  1. Өнер, білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып жұмғанша

Жылдам хабар алғызды.



«Өнер, білім бар жұрттар» Ы.Алтынсарин

  1. Міне, қызық. Апасының да жүзі жылып, мейірлене қарайды. Мұхтар қуанып кетті.

Киіміңді тазалармыз. Ең әуелі күшікті жуындырып, сүт берелік, жылынсын. «Қайырымдылық» Мағзұм Сүндетов
Каталог: uploads -> konspekt -> drygie-materiali -> raznoe
konspekt -> Сабақтың тақырыбы Достық өлкесінің заңы М. Шаханов Жалпы мақсаты
raznoe -> Сабақтың тақырыбы: Сайыс сабақ (Өткенді қайталау) Сабақтың мақсаты
raznoe -> Сыныбы: 11- сынып Пәні: Қазақ әдебиеті
raznoe -> Сабақ: Театр Күні: 20. 07. 2016ж Мұғалімнің аты-жөні: Калыкова Д. А
raznoe -> Тіл дамытуға арналған мәтіндер Тауық, тышқан және құр
raznoe -> Сабақтың тақырыбы: Ақ бата Сабақтың мақсаттары
raznoe -> Сабақтың мақсаты : Ұлы ақын туралы өмірбаяндық деректер беру. «Қыс» өлеңінің мазмұны мен мәнін ұғындыру
raznoe -> Педагогикалық технологиялар
raznoe -> Іс-шараның тақырыбы: «Қазақша сөйлей білеміз бе?» Мақсаты: оқушыларға қазақ тілін тереңірек үйретіп, сөздік қорларын байыту. Құрметті ұстаздар мен оқушылар қош келдіңіздер! Бүгін 1-4 сынып аралығында «Қазақша сөйлей білеміз бе?»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет