А. Т. Кембаева 2016 Кітапханалық сағатының тақырыбы



Дата31.12.2019
өлшемі15,35 Kb.
#54123
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы

Медвежка орта мектебі

Кітапханалық сағаты:

«Ұмытылмайтын ұлы тұлға - Ыбырай Алтынсарин»


Дайындалған:кітапханашы

А.Т. Кембаева

2016

Кітапханалық сағатының тақырыбы:

«Ұмытылмайтын ұлы тұлға - Ыбырай Алтынсарин»


Мақсаты: Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру.
Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ы. Алтынсарин портреті, өнегелі сөздері


Барысы:
1 -жүргізуші: Әр халықтың болашаққа бет алған тарихы даму жолында жарық жұлдыздай болып бағыт - бағдар сілтеген, сөйтіп сол ұлттың, халықтың тарихында есімдері ерекше аталатын зор тұлғалар болатыны айқын. Халқымыздың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановпен, ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаевпен бірге аса көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин.


2 -жүргізуші: Ы. Алтынсарин - алғашқы халық мұғалімі, қазақ даласында алғаш рет халықтық мектеп ұйымдастырушы педагогы, балаларға арнап
өте құнды өлеңдер мен әңгімелер жазған жазушы.

-Балалар ,сендер ИБырай Алтынсаринның қандай әнгімелерді, өлеңдерді білесіңдер?


- ИБырай Алтынсарин туралы не білесіңдер?
1 -жүргізуші: Бүгінгі іс шарамызды Ыбырай Алтынсаринның 175 жылдығына арнаймыз.

Кітапкөрмесі «Алғашқы ұстаз, алғашқы дана бабам»

ИБырай Алтынсариның өмірбаяны туралы видеосын көрейік
2 -жүргізуші:: Сауатты болса екен деп қазақ халқын,
Білімге бастап беріп, жолды салды.
Тәлімді, тәрбиелі еңбегімен,
Ыбырайдан өшпестей мұра қалды.


1 -жүргізуші:: Сәлем жолдап шәкіртке дұғай - дұғай,
Ұрандап өлеңімен келді былай.
Жас ұрпаққа жар салып жанымен де
«Кел, балалар, оқылық»- деді Ыбырай.


Кел, балалар, оқылық! ( өлең айтылады) Уразбаева Жазира
2 -жүргізуші
: Жалғассын бүгінгі күн дәстүр - салтың,
Күндей күліп өмірің болсын жарқын.
Бас иіп ұлы Ыбырай рухына,
Көтерейік бірігіп атақ - даңқын!


1 -жүргізуші: Жас ұрпақ білім алды әр салада,
Алғырлар өнер десе жан сала ма.
«Өнер - білім бар, жұрттар» деген сөзі,
Мәңгілік із қалдырды әр санаға.
Өнер - білім бар, жұрттар (өлеңін оқу) Ялгашева Жадра

2 -жүргізуші: Алғашқы ұстаз орыс тілді жақсы білді.Оның шығармаларында орыс тілінде әнгімелер және өлендер көп. Солардың бірі «Лето» деген өлені

Кадирбаева Сулушаш бізге оқып береді.



1 -жүргізуші: «Ананың сүюі» өлеңінде алғашқы бабамыз И.Алтынсарин қазақ отбасының ғасырлық дәстүрлерді аса құрметімен суреттейді. Өлеңде ананың бейнесін туған жерімен бірлеседі
«Ананың сүюі» Балметова Гулпаш
2 -жүргізуші: И.Алтынсариннің шығармалары бойынша көптеген фильмдерді түсірілді. Ал енді қазір балаларға арналған «Әке мен бала» деген танымдық мультфильмды көрейік
Мультфильмді көру

1 -жүргізуші: : Енді сіздердің назарларыңызға алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы
Ы. Алтынсариннің бірнеше әңгімелеріне дайындалған көріністерін ұсынып, бұл әңгімелердің тәрбиелік мәнін терең мағынада түсінуге шақырамыз.
Көрініс «Жаман жолдас»

Осы көріністің мағынасы неде?



Көрініс «Түлкі мен ешкі»

Осы көріністің мағынасы қандай?



Көрініс «Бір уыс мақта»

Осы көріністің мағынасы неде?


Көрініс «Мейірімді бала»

Осы көріністің мағынасы неде?



Қорытынды:

И.Алтынсаринның әнгімелері өтте ұлағатты. Әңгімелерінде еңбекті сүюге, қадірлеуге, адамгершілікке, имандылыққа, адал достыққа, тазалыққа үйретеді.


Біз, бүгінгі шарада ұлы ағартушы, тұңғыш қазақтың елінде мектеп ашқан, алғашқы ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірбаянымен толық таныстық. Ыбырай Алтынсариннің шығармаларына, ағартушының еңбектеріне тоқталып отырмыз. Өзіндік ізін қалдырған, өскелең ұрпақтың еш есінен кетпестей ұстаздың жолын арнап өткендігін көріп, біліп, танысып өттік. Міне, осындай тәрбиелік мәні бар шарамыз арқылы оқушыларды әр істі ойланып ақылмен жасауға, кішіге қамқор болуға, ата - анасын сыйлап құрмет тұтуға, еңбекқор болуға шақырамыз
Каталог: uploads -> doc -> 0497
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0497 -> Бастауыш сыныпта дарынды оқушылармен жұмыс. 4 к сынып
0497 -> Сабақтың аты §19, 20 Дене импульсі. Материялық нүктеде импульстің өзгеруі. Денелер жүйесі. Импульстің сақталу заңы
0497 -> Сабақ түрі : білімді жүйелеу және жалпылау сабағы Сабақ мақсаты : Білімділік
0497 -> Сабақ тақырыбы: Сабақ мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет