А. Т. Кенжебаева, А. М. Заурбекова



Дата25.08.2017
өлшемі227,08 Kb.
#26182
ӘOЖ:894.2.342
А.Т.Кенжебаева, А.М.Заурбекова

п.ғ.к., доцент, педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

e-mail. alimakzt @ mail.ru e-mail, zaurbekova.82@mail. ru

БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫҢ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОЙЫН ТҮРЛЕРІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ- ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бұл мақалада автор бастауыш сыныптың сабақтарында ойынның түрлерін сонымен қатар жас ерекшеліктерін ескере отырып ойынның түрлерін сонымен педагогикалық-психологиялық негіздерінің маңызды мәселелері қарастырылады.

Кілтті сөздер: ойын, балалар, сабақ, оқушы, жаттығу, оқу, іс-әрекет.
КІРІСПЕ

Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, өзін қоршаған адамдар іс-әркетіне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды, отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Ойын балалардың еңбекке деген қарым- қатынасы мен қабілеттерін қалыптастырады. Ойынның ережелері ойнаушының қисынды ой қабілетінің дамуы, бір - біріне деген сыйластық, қажеттіліктерімен санасуы әр оқушының жеке әрекетінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір - біріне деген сенімін арттырады [1]. Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде ойын - сабақ, ойын - жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, логикалық ойындар, грамматикалық ойындар, ұлттық ойындар, т.б. Мұндай ойындар оқушыны жан - жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі. Ұлы педагог Сухомлинский «ойынсыз, ертегісіз, шығармасыз, ойсыз толық мәндегі ақыл - ой тәрбиесі болмайды» деп санайды [2].

Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне кемектеседі.

Ойын бала өміріндегі тәрбиенің шешуші сәті. Бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп ұсынады. Әрине,тек көру, байқау арқылы емес, тікелей араласып, іс-әрекетке көшіп нақты қарым-қатынас барысында біледі.Мұнда ұғынуда ойын шешуші мәнге ие болады. Былайша айтқанда, түрлі заттар мен құбылыстарды, адамдар арасындағы қарым-қатынасты баланың білуі, сезінуі ойын негізінде жүзеге асады.

Баланың таным түсінігі, іс-әрекет ойынынан басталады, оның негізгі болашақ өмірінде жалғасын табады.

Ұлт ойындары халқымыздың өз ұрпағын ойын-сауықтарда бәсекеге түсіп, жеңімпаз атанып, жүлде алу үшін ғана емес, ата жолын қуып, өзінен бұрыңғы дәстүрлерді жалғастырып, өз жұртында бар өнерді игеріп, меңгеруге, шаруашылық жүргізу қолынан келетін, ел қорғауға жарайтын батыл да өжет, шапшаң ұрпақтарды тәрбиелеудің өзіндік жүйесін өмірге әкелген.

Баланың ойын үстіндегі өзін-өзі жақтыруы, өмірді білуге деген құмарлығы, шынығуы, шындалуы, оның ақыл-ойы, дене еңбегіндегі белсенділігін арттырып, алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік-қайратын шыңдайды, алға қарай ұмтылысын, құштарлығын оятады. Осының нәтижесінде оқушының өз бетімен ізденуі, білімді қажетсінуі өсіп, нақтылы мақсаткерлікке ұласады. Ойынға қатысқан әр оқушының алдында жеңіске деген ұмтылыс пайда болады.

Ойынды түрлендіруге жаңылтпаштарды, мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды жатқызуға болады. Олар әр тілді, әрі ақыл ойды дамытуға, демалыс сәттерін тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Оқушы әрекет үстінде өзін-өзі еркін ұстауға, кысылып-кымтырылмауға, басқаларман тіл табысуға, жолдастық, достық сезімінің оянуына мүмкіндік жасайды.

Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту болса, мұғалімнің міндеті - сол ойын түрлерін пайдалана отырып оқушылардың өздігінен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Оқу-тәрбие жұмысында ойындарды қолданудың кең спектірін сипаттау мақсатында көптеген ғылыми зерттеулер жасау арқылы мынадай мәселелердің басы ашылды:


  • ойлау, ес, сөйлеу, жігер, назар үрдістеріне дидактикалық ойындардың әсер ету сипаты;

  • жеке оқыту маңызының артуы;

  • оқу ойындарына қатысушылардың таным қызығуы арқылы шығармашылық ізденіске ұмтылуы т.б

Бүгінгі таңда тәлім-тәрбие беріп жатқан бүлдіршіндер ертеңгі күні тек білімді кадр ғана емес. Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тариы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат болып өсіп жетілуі қажет. Өзінің қазақстандық екенін, Қазақстанда туғанын әрбір бала мақтаныш ете алса ғана - біздің бұл ісіміздің нәтижелі болғаны. Сонда ғана біз, ұстаздар, бүгінгі заман алдымызға қойып отырған күрделі міндетті абыроймен атқарып, айта аламыз. Ынтымақ, бірлік, сыйластыққа қазақ жастарын бала күннен баулысақ , ел іргесі сөгілмек емес [3].

Ұлттық мектептің ұлы мұратын ұмытпайық, бойымыздағы біліміміз бен білігіміз, қажыр - қайратымызды елдің ертеңін еңселендіретін қасиетті істен аямайық !

Бала ойын іс -әрекеті үстінде қандай да білімді игеріп жатқанын, ал оқу үдерісінін өзінде қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және іс - әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Мысалы: 1-ші сыныпта заттарды санауға және олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішіміне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету мақсатында «Жеміс жинау» ойынын ойнатуға болады.

Сабақ материалына лайықталған ойынды алып, тек ғана оқушының орындай алатын іс - әрекетімен шектеулі жеткіліксіз. Мұнда ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары да жан - жақты ойластырылуы керек .

Ойын да халық педагогикасының құрамдас бір бөлігі болып табылады. Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік - экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанына қазақ халқының ойындарымен таныса отырып, көзіміз әбден жетеді.

Ойын әрекеті-адам іс-әрекеті жетекші көріністердің бір түрі. Ол кіші мектеп жасындағылардың өмірінде маңызды рөл атқарады. Ойынның қыр-сырын философтар мен әлеуметтанушылар, психологтар мен педагогтар жан-жақты зерттеу үстінде. Кіші мектеп жасындағыларға арналған ойындарды зерттеген іргелі еңбектердің бірі-Д.Элькониннің «ойындар психологиясы» деп атады. Онда ойын әрекеттері жөніндегі теориялардың негізгі материялдары қамтылып, түрлі ойын теорияларына талдау жасалынды, отандық психологияда қалыптасқан ойын ұғымдары теориялық және эксперименттік жағынан негізделген. Сонымен қатар бала психикасының дамуы үшін ойынның атқарар маңызын да көрсетеді.

Ойынның сипаттары болып мыналар табылады: сюжеттер мен рөлдердің, ережелердің, ойынға қатысушылар тарапынан жетілдірілудің, жоғары сезімдік-зерделік жағдайдың болуы.

Ойын үстінде бала санасын дамыту, тәрбиелеу, оқыту қатар жүргізіледі, оны бала белсенділікпен және асқан ыждағаттылықпен қабылдайтындықтан көптеген педагогтар ойындарды оқу үрдісіне міндетті түрде енгізу жайында айтады. Я.Коменский өзінің «Ұлы дидактикасында» баланың бойында білімге деген құштарлықты арттыру үшін қажет деген ең қарапайым тәсілдің өзі табиғи болуы шарт. Оның үстіне осы тәсілмен қабілеттері ояну үшін оны ақылдылықпен жандандырып, балаға жағымды еткізіп жеткізе білу керек. Түсіндірілетін сабақ қандай маңызды болса да, әңгімелесу, сайыс, жұмбақ жасыру немесе мысал мен аңыз мазмұнында өткізілгені жөн» деп жазды. Бұл арада К.Ушинскийдің «ойын баласын ойын үстінде үйрет» деген сөзін де айта кеткен орынды [4].


НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Қазіргі кездегі оқытудың ойын теориясын зерттеудің мәні мен міндеттерін, ойынның түрлерін бөле отырып, осы оқу ойындарының технологиясын талдау болып отыр.

Оқытуда ойын теориясын қолдануда екі жақты дидактика байқалады:

біріншіден, ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі, екіншіден, оқушылар ойнай отырып өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтаудың қажеттілігі.



Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар, психологтар, социологтар зерттеуде. Иохан Хейзингтің «Ойыншы адам»; Д. Элькониннің «Ойын психологиясы», Эрик Берннің «Адамдар ойнайтын ойындар» атты т.б. еңбектер жазылды. Ойын теориясын зерттеуші Ресей ғалымдары: А.В. Вербицкий , Т.В. Кудрявцев , И.П. Пидкасистый, С.П. Рубинштейн, В.М. Демин, В.И. Устиненко. Қазақстандық ғалымдар: Н.К. Ахметов, Ж.С. Хайдаров т.б. ғалымдар зерттеу еңбектерін жазған [5].

Ойынның шығу тарихына көз жіберетін болсақ, оны педагогтар, психологтар, философтар, тарихшылар, этнографтар ойынның бала өміріндегі орнын, оқыту, тәрбиелеуде ойынды пайдаланудың тиімді жолдарын зерттеп қарастырған.

Оқу ойындарына талдау жасай отырып, оның әлеуметтік тарихи негіздері, ойын оқушылардың әлеуметтік өмір жағдайларына, тәжірибелерді меңгеруіне байланысты қағидасына сүйенеміз.

Ойындар - көп салалы, күрделі педагогикалық құбылыс. Философиялық энциклопедиялық сөздікте ойын - адамдар мен жануарлардың рахаттану сезімін кең шеңбердегі табысқа іс-әрекет арқылы ұмтылуы деп көрсетеді. Алғашқы ойын іс-әрекетінің философиялық - теориялық пайдалануларын И. Кант, Ф. Шиллер жасаған. И. Кант еңбектерінде адамдардың іс-әрекетін еркін іске асуы ретінде қарастырылып, ойынның эстетикалық табиғаты ашылып, ойын арқылы қалыптасқан адамдардың қасиеттеріне тоқталады.

Философ ғалым Г.В. Плеханов ойын ұғымына эволюциялық ағым енгізеді. Ойын - белгілі бір бағыты жоқ, бірақ күшті, тартымды, жасанды іс-әрекетті жаттықтыру деп ойын ұғымын әрі қарай дамытып, ойынның эволюциялық жақындығын түсіндіреді.

Әрі адамдар мен жануарлардың іс-әрекеті деп жалпы қарастырады.

Г. Плеханов өзінің атақты «Письма без адреса» еңбегінде ойын мен еңбектерінің қарама-қатысы мәселесін қарастырып, адамдар мен жеке адам дамуының әр түрлі деңгейлеріндегі ойын мен еңбектің ерекшеліктерін ашып көсетуге тырысады.

Г.П. Плеханов ойын адамдары еңбекке, балаларды болашақ жемісті іс-әрекетке даярлайды дейді[6].

Қоғамның дамуында ойынның маңызын түсіндіруде голландық тарихшы, көркемөнер мәдениетінің философы Й. Хейзинг көзқарасы «Ойыншы адам» еңбегінде анық көрінеді. Й. Хейзинг пікірінше, кез-келген ойын парасатты -парасатты емес, қызықты-қызықты емес еркін іс-әрекетінен көрінеді. Й. Хейзинг түсіндіруінше, мәдениет ойын түрінде емес, ойынның өзінде жетіледі [7].

Ойын теориясын зерттеуші белгілі психолог Д.Б. Эльконин ойынға төмендегідей анықтама береді. Ойын - ол адамдардың арасындағы әлеуметтік қарым-қатынасы, тәжірибелік белгілері мен қызметі[8].

Зерттеуші К.Г. Исупов: Ойын - оқу үрдісіндегі пайдаланылатын термин екі топ арасында өтетін бір топтық нәтижесі, екінші топтың нәтижесіне тәуелді іс-әрекет.

Ойын - мақсатты жеңу мен жеңіліс элементтері көрсетілген ойынға қатысушылардың іс-эрекеті деген анықтама береді[9].

М.В.Демин ойын ұғымының біріңғай күрделілігін, ғылыми әдебиеттердегі берілген анықтамалардың қарама-қайшылығын айта отырып, ойынның көптүрлілігін және көпжақтылығын, ойын ерекшеліктерін көрсетеді [10].

С.П.Рубинштейн, ойын дегеніміз - саналы іс-әрекеттің тиянақты әрекеттер жиынтығы деп түйіндейді [11].

Ойын теориясының толығырақ анықтамасын В.М. Демин еңбектерінен көруімізге болады.

Ойын - белгілі бір себеппен бір мақсатқа сәйкестендіріліп бағытталған, өзінің тәсілі бар іс-әрекет дейді. Бұл іс-әрекет субъектінің қоршаған әлеуметтік және табиғи ортаның шамасымен анықталады деп көрсетеді.

Ойын теориясының басқа іс-әрекет яғни пайдалы қажеттілік еңбек іс-әрекеті сияқты толық негізделмегенін айта кету қажет. Ойынның осы қасиетін анықтамада негіз етіп алып, «Үлкен Советтік Энциклопедиясында» Ойын дегеніміз - өнімсіз іс-әрекет түрі, себебі нәтижесінде емес, процестің өзіне жатады деп көрсеткен. Осы пікірді мақұлдай отырып психология-педагогика ғылымдарының жетістіктері. ойынның адами шығармашылық маңызына көңіл бөле отырып, іс-әрекеттің негізгі түріне жататындығын дәлелдейді.

Л.Выготский «Ойын бастан кешкендерді жай ғана еске алу емес, ол бастан кешкен әсерлерді жасампаздықпен қайта өңдеу: баланы өзінің қажеттіліктері мен қызығушылықтарына жауап бере алатын деңгейдегі қайта құрастыру мен одан жаңа әрекеттер жасау болып табылады» деп санайды. Ойнай жүріп балалар қоршаған орта жайында білімдерін толықтырады, дербес шешім қабылдауға дағдыланады, ойлау барысында ұтқырлық пен тапқырлық, т.б. танытады. Мектеп жасындағы және кіші мектеп кезеңіндегілерді тәрбиелеу мен оқыту жолында ойын тарихи үлкен жүк арқалап келе жатыр. Дидактикалық құрал ретіндегі оның тиімділігі ересектерді оқыту үрдісінде де оны пайдалануға алып келеді [12].

Оқу үрдісінде дидактикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын ойындар көп орайда дидактикалық деп аталады.

Психолог Л.Славинаның зерттеуі мынаны көрсетті: ойын үрдісі үстінде зердесі енжар бала қарапайым оқу жағдайында ақыл-білімімен орындай алмаған тапсырмалардың мөлшерін атқарған. М.Джапаридзенің жасаған тәжірибесі қарапайым түрде орындай алмаған тапсырманы ойын түрінде осы тапсырманы қатысушылардың 62 пайызы орындағанын көрсетті. Осы есепті шешкеннен кейін қайтадан қарапайым түрге ауыстырғаннан кейін оны балалардың 18 пайызы ғана шеше алған.

Балаларды оқытуды және тәрбиелеуде ойынның мәні педагогикалық жүйеде бұрын да қарастырылып отыр. Алдыңғы қатарлы педагогтардың бәрі де ойынды нағыз керекті және маңызды іс-әрекет деп түсінеді. Шетел және біздің ұлттық педагогикамыздың өзінде ойын тарихында бала тәрбиелеуде мынадай бағыттар да қолданылады.

1.Баланы жан-жақты үндестікте үйлесімді дамыту;

2.Оқыту мақсатында бұл бірінші бағыттағы алғашқылардың бірі чех педагогы Ян Амос Коменский: ол ойынды баланың ең қажетті іс-әрекетінің табиғатына және бейімділігіне ең жауапты түрі деп санайды.

Ойын баланың барлық маңызды ақыл-ой әрекеті, онда баланың барлық қабілеттерінің дамуына, ойында айналасындағы дүние жайлы түсініктері кеңеюіне, тілінің дамуына, құрбыларымен жақындасуына көмектеседі.

А.С.Макаренконың айтуынша, ойында баланың физикалық, психологиялық қасиеттерінің сапалары да өзгеріп отырады. Ойын баланың сабаққа ынтасын аудартуға, көңіл қойғызуға, сондай-ақ, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойынның түрлері өте көп. Ойы-сабақ, ойын-жаттығулар, сергіту ойындары. Бұл дидактикалық мақсаттағы ойындар - оқушылардың жан-жақты дамуына қызмет етеді. Олар сөздік ойындар, столда ойналатын ойындар, «жұп картинкалар», «лото», «домино» балалардың ойлау қабілеттерін дамытады (анализ, синтез). Тіл сабақтарында зейінін, ойлауын, байланыстыра сөйлеуін дамытуда сөздік ойындардың маңызы зор. Мысалы, «Ұйқасын тап», «жалғасын тап», «жоғалған сөздер» [13].

Ойын - бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипатта болады. Мәселен, кез-келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор екендігі түсінікті. Ойын баланың қабілеті, белсенділігі бір сыдырғы байқалатынын А.С.Макаренко өте жақсы көрсетті. «Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет ету, әрекет ету қандай орын алатын болса, - деп жазды ол, - балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды. Ойында бала қандай болса, өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады».

Мектепке түскеннен кейін бала ойынының мазмұны кеңейе бастайды. Мәселен мектепке дейін тұрмыстық ойындарды көбірек ойнайтын болса, енді қоғамдық-саяси мәні бар, еңбек процесінің сан алуан жақтарын көрсететін сюжеттік ойындарды ойнауға ауысады. Мәселен, бірінші класстағылар қуыршақтарына, үйдегі кішкентай балаларға сабақ үйрете бастайды, олардың бірі мұғалімнің, қалғандары оқушының рөлін атқарады. Ойында мектеп өмірінің бейнеленуі екінші класс балаларында біртіндеп кеми бастайды, оның орнын творчестволық ойындар басады.

Бастауыш сынып оқушылары ойындарының басты ерекшелігі - оның ұжымдық сипатта болатындығы. Әрине, жеті-сегіз жасар балалардың ойын ұжымы әлде де тұрақсыз болады. Өйткені, бұлар ұжымдық өмір сүруге әлде де жөнді дағдыланбаған, мұндай ұжымның құрамы екі-үш баладан аспайды. Ал үшінші, төртінші сынып оқушыларының ойындарында ұжымдық сипат жақсы жетіледі. Мәселен, ойында топ-топ болып ойнау, ойын ережелерін сақтау, жолдастарының алдында жауапкершілігін сезіне бастау, өзін ұстай білу сияқты ұжымдық ойындардың негізгі белгілерін олар жақсы түсінеді. Мектептегі қоғамдық ұйымдардың жұмысы - бала ұжымын құрастыруға таптырмайтын құрал. Бұл ұйымдар балаларды ортақ мақсатқа, ұжым намысын қорғауға, оның табысына ортақтасуға тәрбиелейді. Ойынның ұжымдық сипаты өз тарапынан жоғарыда аталған ұйымдардың жұмыстары нәтижелі болуына себін тигізеді. Ұжымдық ойындарда бала жолдастықтың мәні неде екенін түсіне бастайды. Өзінің басындағы мінез-құлықтың кейбір теріс бітістерінен (тартыншақтық, менмендік, өкпешілдік, қыңырлық т.б.) ұялып, одан арылғысы келеді. Бірақ бұған шамасы жете қоймайды. Осындай ойындарда баланың қабілеттері жақсы жетіле бастайды. Мәселен, бір бала өзінің ұйымдастырғыштығын байқатса, екінші бала табанды, жігерлі екендігін аңғартады. Ұжымдық ойындар баланың моральдық, эстетикалық сезімдерінің қалыптасуына да әсер етеді. Мәселен, орман ішінде ойналған ойын туған өлкесінің табиғатын сүйе білуге, ондағы өзен, көлдер мен өсімдіктердің, жан-жануарлардың өміріне қызығушылықты қалыптастырады[14].

Ата-ананың барлығы бірдей баланың бойындағы ерекшеліктерді, қабілеттерді және оны қалай дамытуға болатынын біле бермейді. Олар балаларын мектепке жан-жақты тәрбие алып, жақсы азамат болу үшін әкеледі. Сондықтан ата-ана сеніп тапсырған баланың жүрегіне жол табу ұстаздан үлкен шеберлікті, асқан төзімділікті қажет етеді. Әсіресе, сынып жетекшісінің мойнына үлкен міндет жүктеледі. Баланың бойындағы әр түрлі қасиеттерді ажырата біліп, жеке тұлға ретінде қарап, тек қана ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүре білуге тәрбиелеу міндеті тұрады. Ол үшін ұстаз алдында дұрыс мақсат қойып, жұмысты жүйелі жоспарлауы тиіс.

Менің басты мақсатым - баланың пікірімен санасу, оның ойын одан әрі дамытып, дұрыс бағыт беру. Өйткені қазіргі оқушылар үлкеннің өзімен тең дәрежеде ой бөліскенін ұнатады. Шәкірт үлкендерге, әсіресе ұстаздарына еліктегіш келеді, олардың өздерінің сенімді серігі болғанын қалайды.

Адамның жан дүниесінің дамып жетілуі, әлеуметтік өмірге бейімделіп тіршілік етуі әр түрлі іс-әрекеттермен шұғылдану барысында қалыптасады. Сондай әрекеттердің бір саласы - ойын әрекеті. Баланың психикалық даму үрдісіне ойын әрекетінің тағылымдық және тәрбиелік маңызы осы заманғы тәлім-тәрбие психологиясында өзекті мәселе болып саналады. Ойын әрекетінде баланың денесі мен ақыл-ойы дамып, өзін қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын танып біледі.

Жоғары сатыда дамып жетілген сана-сезім мен ақыл-ой иесі - адам баласының ойын әрекеті, бір жағынан тіршілік етудің негізгі формасы болып саналатын болса, екінші жағынан, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын өмір тәжірибесінің нәтижесі болып табылады. Міне, осы тұрғыдан алғанда адам баласының ойын әрекеті, негізінен, балдырған кезінде кеңінен дамып, баланың өсіп-жетілуіндегі басты және жетекші факторға айналады.

Ойын әрекетінің бала психикасының дамуында шешуші қызмет атқаратындығы Ж.Аймауытов, Т.Тәжібаев, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Ш.Құдайбердіұлы, т.б., қоғам қайраткерлерінің бізге мұра болып қалған еңбектерінде бұл мәселенің мән-жайы кең ауқымда даралап қарастырылып, оларға ғылыми тұрғыда баға беріледі [15].

Біз осы мәселе төңірегінде белгілі ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері болған Т.Тәжібаев (1910-1964) педагогикалық мұраларындағы жәйттерді қарастырмақпыз. Т.Тәжібаев халық ағарту ісі мен оқу-тәрбие саласындағы зерттеулерінде баланың ойын әрекетін психологиялық тұрғыдан қарастырып, оның тәлім-тәрбиелік, білімдік маңызын халықтың тағымен беру өнерімен ұштастыра отырып зерттейді. Мұндай күрделі мәселе ұлы ұстаздың монографиялық еңбектері мен ана тіліміздегі ғылыми-педагогикалық баспасөзде баяндалады. Атап айтқанда 1930 жылдардың аяғынан бастап өмірінің соңғы кезеңіне дейін Т.Тәжібаев бұрынғы «Халық мұғалімі», кейіннен «Қазақстан мектебі» деп ғылыми-педагогикалық және әдістемелік журналда үздіксіз мақалалар жариялаған.

Бұл мақалаларда ол адамның психикалық даму және әр түрлі психикалық үрдістердің қалыптасу заңдылықтарын зерттеудің тәсілдеріне, жеке адамның дамуындағы биологиялық және тарихи әлеуметтік факторлардың рөлі жайлы мәселелерді егжей-тегжейлі талдай отырып, олардың тағылымдық және тәрбиелік маңызы жөнінде өзінің теориялық тұжырымдары мен ғылыми-педагогикалық көзқарастарын білдіреді. Ұстаз-ғалымның бұл салада жүргізген зерттеулерінде оқу-тәрбие психикасының даму ұстанымдарына, жас ерекшеліктеріне сәйкес жүргізу қажеттігіне тоқталады. Мұндай талап Қазақстан топырағында сонау 30-шы жылдардың аяқ кезінен бастап кең түрде іздестіріле бастаған ғылыми-педагогикалық көзқарас еді. Осы заманғы педагогикалық психология ғылымының даму барысында мектеп жасындағы баланың ойыны, ең алдымен, өзінің қатар-құрбылары мен ата-аналары және өзге адамдармен қарым-қатынас жасап әр түрлі пайдалы істермен шұғылдануға дағдыланады. Үшіншіден, ойын әрекеті баланың танымдық психикалық үрдістерін қарқынды дамыту құралы болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған ойын әрекеті баланың өзара қарым-қатынасын дамытумен бірге мұқтаждықтарын қанағаттандыратын әр алуан істерді жүзеге асыруға дағдыландырып, пайдалы және өнімді әрекеттер жасауға баулиды. Елімізге әйгілі психолог ғалым Т.Тәжібаевтың педагогикалық психология саласындағы ой-пікірлері қазіргі күннің талабына сай жалғасын табуы міндетті нәрсе соңғы кездегі психология ғылымы саласындағы зерттеулер нәтижесі балалардың танымдық қызығуын неғұрлым ертерек дамытса, соғұрлым олардың болашақтағы оқу әрекеті жемісті болады деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Балалардың танымдық әрекеті - олардың өткен ұрпақтың өмір тәжірибесін, белгілі білім жүйесін меңгеруі болып табылады.Ойын адам іс-әрекетінің белсенді процесі тек ойын іс -әрекеті кезінде адамның өмір сүру және қоғамдық бағыты дамитынын, адам ойын арқылы өзін-өзі танып, реттеледі деп көрсеткен. В.И. Устиненко ойынды адамдар қарым-қатынас, өмірде адамдардың өзін-өзі көрсету құралы деп анықтама береді [16].

Зерттеуші ғалымдар ойынның өзіне адам іс-әрекетінің негізгі түрлері (өзгергіштік, танымдық, бағалылық, бағыттық және комуникативтілік) жақтары жинақталған адамдардың әлеуметтік іс-әрекетін анықтауға болатын саналы ерекше іс-әрекет екендігін мойындайды.

Ойын анықтамасының ұғымы әлі де жалпы шешілмеген мәселе болса деп, П.И. Пидкасистый «Проблемно модельное обучение: вопросы теории и технологии» еңбегінде толығырақ анықтама береді. Автор: ойын - пәндік және әлеуметтік шындықты бағыттау мен тануға арналған, адамдардың ерекше іс-әрекеті. Ойын анықтамасынан, әртүрлі атауларына қарамастан, оқыту, дидактикалық, педагогикалық ойындар белсендлі іс-әрекетті өңдеу арқылы кәсіптік іс-әрекетке жүйелі жақындау деген анықтама береді [17].

Л.С. Выготский болса, ойынның әлеуметтік жағын, іс-әрекеттің сипатын, ойын кішкене қарама-қайшылықты қажет ететін, қолдан жасалған ситуациялар әрекетті қажет етеді деп көрсетеді. Ойын кезінде бала шын іс-әрекеттерге сүйене отырып, берілген мәселелерден өтіп отыратынын тұжырымдайды.

С.Л.Рубинштейн ойын дегеніміз жеке адамның шын қоршаған ортаға белгілі қарым-қатынасы деп көрсетеді. Басқаша айтқанда, ойын арқылы жеке адамның өмірге деген іс-әрекеті, көзқарастары қалыптасып, үнемі ізденісте болады дейді.



С.Л.Выготский мақсаты ойынның жаңа анықтамасын, ойынның тиімді оқыту құралдарына жататынын, тәжірибиеге сүйене отырып ойынның маңызын көрсете отырып, түсіндіріп өтеді.

С.Л.Выготскийдің көзқарасын А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин өз зерттеулерін әрі қарай дамытты [17].

Оқу ойындары - бағыты белгілі осы заманғы ғылыми - прогресс талаптарына сай оқушылардың шығармашылық еңбекке даярлайтын, дүниетанымын қалыптастыратын, өз бетінше жұмыс істей алатын, қызығуын арттыра отырып, білім игеру белсенділігін, білімге қабілетін дамыта отырып, жоғары нәтижеге жеткізетін педагогикалық жүйе деген анықтама беруге болады.

«Баланың ынтасын тарту үшін оқылатын нәрседе бір жаналық болуы керек», - дейді Ж. Аймауытов. Бастауыш мектепте пәндерді оқытуды жетілдірудің жаңа технологиясын іздестіру жолында ғалымдар, жаңашыл педагогтар, мұғалімдер еңбек етуде. Олардың ғылыми еңбектерін саралағанда берік білім берудің, оқу белсенділігін арттырудың маңызды жолдарының бірі - ойын элементтерін, оқу - ойындарын тиімді пайдалану екендігін байқатады. «Ойын - балалар үшін күрделі әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Ал ол білімді қайдан алады. Оған бала ойын арқылы өзі үйренеді, үлкендерде үйретуге тиіс. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады. Өзінің психологиялық ерекшелігін қалыптастырады, яғни ойын арқылы бала білім алады. Аса ірі психологтың айтуынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскенде де еңбекте де сондай болады» дейді.

Қазақ халқының ұлы ақыны А.Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай өсер бала бола ма?» - деп айтқандай бала өмірінде ойын ерекше орын алады. «Оқу құралдарының мінезі - мектеп мінезінің айнасы» - деп атақты ұлы педагог - психолог, ақын М.Жұмабаев айтқандай біздің берер білім, тәрбие жолында пайдаланылатын әдістемелер мәнді жұмыр болу керек. Ол үшін бала ұғымына қабылдауына сәйкестендіріп, ойын ұйымдастыру қажет болып табылады. Балаға таңдалған білім баланың ақылына лайықтап, талабын шабыттандыратындай, ойын астарлық, іскерлігін дамытарлықтай, бастаған істің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай нәрлі болуы керек.

ҚОРЫТЫНДЫ

Бастауыш сыныптардан бастап ойын түрлерін пайдаланатын болсақ, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен құштарлығын туғызып, белсенділігін, алғырлығын, шапшаңдығын, логикалық ойлауын қалыптастыруға болады. Бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған орай оқушыға белгілі бір көлемдегі білім дағдыларында әр түрлі жолмен меңгертуге болады.

Ойын түрлерін ұтымды пайдаланып қолдану жаңа сабақты жетілдіру кезеңінің және қайталау сабақтарын сапалы өткізуге, тақырыпты толық меңгерілуіне көмегін тигізеді.

Ойын технологиясының классификациясына тоқталатын болсақ, ойындарды классификациялау ойын теориясының ең маңызды мәселесі болып табылады.

Л.С. Выготский ойындарды үш топқа бөледі:

1. Драмалық ойындар,

2. Спорттық ойындар,

3. Өрнектік ойындар.



З.И. Лаврентьева ойындарды

А) Қозғалмалы.

Ә) Шығармашылық.

Б) Оқу ойындары деп бөледі.

Ойынға қатысушылардың ұйымдастыру формасына байланысты: жеке, екі адамдық, топтық, көпшілік [18].

Оқыту үрдісінде ойындарды пайдалануды зерттеген зерттеу еңбектерін


талдау жасай отырып, жалпы ойын технологиясын теориялық пікірлерді қарастыра отырып, ойын іс-әрекеттің, педагогикалық маңызын сипаттайтын білімге сүйендік.

Қорыта келсек, дидактика саласында ойындарды пайдалану тарихы қалыптасқанын көруімізге болады. Ойын теориясын философия, социология, психология, педагогика саласында еңбек еткен ғалым - зерттеушілерді ерте кезден толғандырған күрделі мәселе.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан -2050», /Егемен Қазақстан., 2014,17 қаңтар

  2. Сағындықов Е. «Қазақтың ұлттық ойындары».- Алматы: Рауан, 2004 -155б.

  3. Төтенаев Б. Қазақтың ұлттық ойындары.- Алматы: Қайнар, 2006 -213б.

  4. Бейсенбаева А. Пән аралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру. – Алматы, 2008 -56-62б.

  5. Орынбаев А.Ш.Х.Сарыбаевтың қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша ғылыми мұралары. Пед.ғыл,канд, дисс...авторефераты. – Алматы, 2006-78 б.

  6. Соқыр теке: «Ауыз әдебиетіндегі балалар ойындарының үлгілері», Құрастырған: Ш.Ыбыраев. – Алматы: Өнер, 2009-89-96 б.

  7. «Ақ сандық, көк сандық».Құрастырған: Ш.Ыбыраев. Алматы: Жалын, 2005-231-245б.

  8. Төреқұлов Н.Нақыл сөздердің тәрбиелік мәні. Алматы: Мектеп, 2008-25б.

  9. Төлтаева Г.Ұлттық ойындарды пайдалану. Халық педагогикасы – асыл мұра.// Бастауыш мектеп – 2008 -28б.

  10. Кішібаева Д.Ұлттық ойындардың пайдасы. Халық педагогикасы – асыл мұра. //Бастауыш мектеп – 2005-13б.

  11. Қазенова Г.Ойын арқылы оқыту.//Бастауыш мектеп – 2005, №4 -26 б.

  12. Ұ.Төкенова. Ойын – тәрбие құралы. 2009 -175-198 б.

  13. М.Жайлауова., З.Сексенбаева. Дидактикалық ойындар және оларды пайдалану. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, 2004 -45-56 б.

  14. А.Абселемова. Оқыту үрдісіндегі ойынның маңызы, 2010 -18 б.

  15. Ә.Тоқбергенов., Б.Байлыбаев. Ұлттық ойындар – тәрбие құралы. 2012 -65 б.

  16. А.Садықова., А.Әбішова. Ойын ойды өсірер. Ойын элементтерін пайдаланудың педагогикалық ерекшеліктері.2006-89-97 б.

  17. А.Әбішова. Ойын элементттерін пайдаланудың педагогикасының ерекшеліктері, 2011-75-82 б.

  18. Медешова А.Ойлайық та ойнайық. //Бастауыш мектеп-2008,№.2-27-35 б.


А.М.Заурбекова, А.Т.Кенжебаева,

к.п.н., доцент, старший преподаватель, магистр педагогики. Таразский государственный педагогический институт, г.Тараз



ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ОСНОВЫ ПРИМЕНЕНИЯ ИГР В НАЧАЛЬНЫХ КЛАССАХ

В статье определены результаты исследования игровых технологий на уроках начальных классов и анализа психолого-педагогической и методической литературы. Также, рассмфтриваются виды игр и эффективные пути их применения.


A.M.Zaurbekova, A.T. Kenzhebava
Phd, associate professor, lecturer, M.Ed. Taraz state pedagogical institute, Taraz city

Psychologically-pedagogical bases of types of games using on lessons of pimary classes.

In this article are defined some results of researching of game technologies on of lessons of primary classes and analysis of psychologically- pedagogical literature. Also in this article are considered some types of games and effective ways of their decision.

ПОЧТОВЫЙ АДРЕС АВТОРОВ

080007, Жамбылская область, Байзакский район село Бурыл № 3



Телефоны: Моб.: 8-7766035893, раб.: 8-726-251-83-16

Моб.: 87772413446, раб.: 8-726-251-83-16
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет