А. Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының технология пәні мұғалімі Гусманова Мөлдір Максимқызының іс-тәжірибиесінен



бет1/23
Дата07.02.2017
өлшемі2,68 Mb.
#8890
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
«Сиқырлы өнер әлемі»

(гимназия үйірмесінің дарынды балалар орталығы шығармашылық тобының

7сыныбына арналған бағдарлама)


А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының технология пәні мұғалімі Гусманова Мөлдір Максимқызының іс-тәжірибиесінен

Орал 2015ж



Құрастырған: Гусманова М.М - №34 мектеп-гимназиясының технология пәнінің екінші санатты мұғалімі.

Пікір жазғандар:

Хамзин Т.Ә - М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан

мемлекеттік университеті доцент

Хамзин Н.А- Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық

колледжінің жоғары санатты технология

пәні оқытушысы

«Сиқырлы өнер әлемі» - авторлық бағдарламасының негізгі міндеті мектеп оқушыларын үйірмелерде өнер сүйгіштікке тәрбиелей отырып, заман талабына сай білім ала отырып, өнер түрлерімен танысып, олардың қазіргі қоғамда алатын орнын көрсету арқылы бүкіл қоғамымыздың ортақ әлеуметтік қозғалысына ықпал ету.


Қай істе де өнер қолдан,

Өнерлі адам жеңер болған.

Ж.Баласағұни

Мазмұны


І. Түсінік хат.........................................................4-5

ІІ. Бағдарлама.......................................................6-9

а. Бағдарламаның базалық мазмұны ......10

ІІІ. Сабақ жоспарларының үлгісі ....................11-28

IV. Қорытынды....................................................29

V. Қосымша.........................................................30-35

VІ.Пайдаланылған әдебиеттер.......................... 36

Түсінік хат

Қазіргі заманғы мектептің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі–оқушыларда білім мен шеберліктің қалыптасуы болып табылады. Жасөспірімнің дербестігі педагогикалық мақсатқа бағытталса, жақсы нәтижелерге қол жеткізеді, жауапкершілік сезімін арттырады, шығармашылық бастаманы дамытады, оны белсенді етеді. Оқушылардың білімін тереңдете түсуде, білімін шығармашылық деңгейге көтеруде өз бетімен жұмыс істеуді ұйымдастырудың маңызы үлкен.Өз бетіменбілім алу, өз білімін өзі бақылай алу қағидасы негізінен,оқушының өзін-өзі бағалай білу шеберігі мен өз білімін белсенді түрде толықтыру мен жетілдіру қабілетін дамытуға қарай бет алады. Бұл оқушылардың интеллектуалдық жіне эмоционалдық дамуын жетілдіріп, қалыптастыруға ықпалын тигізеді. Ы.Алтырнсарин жас ұрпақты оқытумен қатар, оларды, еңбек арқылы тәрбиелеуге ерекше назар аударды. Адамды тәрбиелейтін құрал – еңбек деп білген. Еңбек ету , іс-әрекет жасау–ішкі(психикалық) және сыртқы (физикалық) сана арқылы ретке келтіретін белсенділік.

Өнер туындыларының ауқымды мұрасын ашып көрсетуге бағытталған «Сиқырлы өнер әлемі» гимназия үйірмесінің дарынды балалар орталығы шығармашылық тобына арналған бұл бағдарлама 7-сынып оқушыларына арналып құрастырылды. Оқушылармен жұмыс барысында қазақ өнерінің жалпы сипаттамасы және оның басқа өнер түрлерінен айырмашылығы, ерекшелігі туралы түсінік қалыптастыру.

Бағдарламаны оқытудағы мақсаты:


  • Ұлттық қолөнерді дамытуда оқушылардың шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықтың бағалай білуге үйрету;

  • Оқушыларға өнер туындыларын оқыта отырып, қоғам өміріндегі ролін түсіндіру,эстетикалық талғамын қалыптастыру,дарынды балалардың қабілетін анықтап, шығармашылық қабілетін дамыту

  • Балаларға халқымыздың қолөнер мәдениеті мен тіл мәдениеті байлығын, этнографиялық қазыналарымыздың дәстүрлі қорларын жинап, атадан балаға жалғап, тарихта қалдыру;

  • Балаларға халқымыздың қолөнер мәдениеті мен тіл мәдениеті байлығын, этнографиялық қазыналарымыздың дәстүрлі қорларын жинап, атадан балаға жалғап, тарихта қалдыру;

  • Халық әндерін өзіне тән нақышпен тамылжыта орындаумен қатар оны зерттеп, насихаттау;

  • Қазақстанның өнертану саласындағы бейнелеу, театр, музыка өнерінің қалыптасуы мен болмысын тану;

Бағдарламаның міндеті:

- Ұлттық қолөнер негізіне сүйене отырып, оқушылардың теориялық білімдерін шығармашылықпен ұштастыру, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.

- Заман талабына сай білім ала отырып, өнер түрлерімен таныстырып, олардың қазіргі қоғамда алатын орнын көрсету.

- Балаларды байқай білуге, ойлана білуге, қиялдауға, заттың пішімін, құрылысын алдын ала жобалай білуге дағдыландыру.

- Оқушының өнерге деген шығармашылық көзқарасын қалыптастыру.

- Халық дүниесін топтастырып, заман талабына сай түрлендіре отырып тұтыну.



Жаңашылдығы:

Өзге халықтар сияқты, қазақтың да қолөнер шеберлігін үйретуде ерте заманнан бері жиған-терген мол тәжірибелері бар. Өз ұрпағының «сегіз қырлы, бір сырлы» өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-анамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін әлденеше ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып, насихаттап үйретіп келген. Дарынды балалар шығармашылық тобына арналған «Сиқырлы өнер әлемі» үйірмесі арқылы сол ұлттық өнерді жас ұрпақтың бойына дарытудың маңызы зор.



Өзектілігі:

Бүгінгі жасөспірімдерге білім берумен қатар, ұлттық дәстүрде тәрбиелеу – басты міндет. Оның қайнар бұлағы – халықтық педагогикасы. Үйірме сабақтарында халықтың бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, жеке тұлғаны еңбекке, елінің ар-намысын қорғауға баулып ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына қалыптастыру, ойлану қабілетін дамыту, эстетикалық тәрбие беру іске асырылады. Халық педагогикасы тәсілдерін мектептегі оқу-тәрбие процесінде жүйелі қолдану–келешек ұрпақты Отанды сүюге, адамгершілікке, инабаттылыққа, имандылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеудің, ғылым мен мәдениетке, өнерге баулудың қайнар көзі.



Күтілетін нәтиже:

Қорыта келіп, осы ұстанымды негізге алып мектеп қабырғасында ұстаздық еңбегіміздің басты бағыт-бағдары болып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жұмыстану бағыттары:



  • Қасиетті халық тәрбиесінің үлкен ықпалы мен пайдасы және ұлттық тәлімнің сыры мен ерекшелігі туралы мағлұмат беру.

  • Халық қолөнерін игеру арқылы оқушыны еңбексүйгіштікке, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге тәрбиелеу.

  • Оқушыларды ұлттық қолөнер мен салт-дәстүрге және жаңашылдыққа баулу;

  • Қазақ халқының мәдениетін қастерлеуге, мән-мағынасын терең түсініп, дұрыс бағалай білуге үйрету;


«Сиқырлы өнер әлемі» гимназия үйірмесі дарынды балалар шығармашылық тобының 7-сыныбына арналған бағдарламасының тақырыптық жоспары



Сабақ тақырыбы

Сағат саны

барлығы

теория

практика

1

Кіріспе. Қазақтың ұлттық өнері туралы түсінік беру

1

1




2

Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері

3

1

2

3

Қазақтың ою-өрнек өнері

8

2

6

4

Қазақтың күнделікті қолданылатын бұйымдары-құрақ көрпе, сырмақ, қоржын туралы түсінік

14

2

12

5

Кесте тігу өнері

7

2

5

7

Қорытынды

1

1







Барлығы

34

9

25


«Сиқырлы өнер әлемі» гимназия үйірмесі дарынды балалар шығармашылық тобына арналған тақырыптық-күнтізбелік жоспары



Сабақ тақырыбы

Сағат саны

Көрнекілігі

Пәнаралық байланыс

Пайдаланылған әдебиеттер

1

Кіріспе. Қазақтың ұлттық өнері туралы түсінік беру

1




Тарих, әдебиет

Қазақ өнерінің тарихы, І–ІІІ том

Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері-3




2

Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері туралы жалпы түсінік беру. Сәндік қолданбалы өнерді үйрету.

1

Суреттер, журналдар

Тарих, әдебиет, биология, бейнелеу өнері

Мектептегі өнер ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал, Қазақ өнерінің тарихы, І–ІІІ том,«Қазақтың қолданбалы өнері» Д.Шоқпарұлы, Д.Дәркембайұлы

3

Ұлттық бұйымдардың өмірде қолданылуы туралы мағлұмат алу, бұйым түрлерімен және олардың қолданылатын орнымен танысу.

2

Ұлттық бұйымдар суреттері

Тарих, әдебиет, биология, бейнелеу өнері

Мектептегі өнер ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал, Қазақ өнерінің тарихы, І–ІІІ том,«Қазақтың қолданбалы өнері» Д.Шоқпарұлы. Д.Дәркембайұлы

Қазақтың ою-өрнек өнері-8

4

Қазақтың ұлттық ою-өрнегінің өзіндік ерекшеліктері мен шығу тарихы туралы

1

Ою-өрнектер

Тарих, әдебиет, биология, бейнелеу өнері

Мектептегі технология, Б.Асанов, А.Птицина, Ұ.Әбдіғапбарова. «Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің тарихы және теориясы., З.Мұхамеджанұлы Қазақтың кесте өнері, К.Марақұлова «Ұлттық ою-өрнекпен бұйымдарды әшекейлеу»

Энциклопедия Қазақтың ою-өрнектері



5

Ұлттық ою-өрнек атаулары, топтарының өнер тарихында алатын орны. Ою-өрнек түрлері және олардың бөлінуі

1

Ұлттық бұйымдар суреттері.

Тарих, әдебиет, биология, бейнелеу өнері

Мектептегі технология, Б.Асанов, А.Птицина, Ұ.Әбдіғапбарова. «Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің тарихы және теориясы., З.Мұхамеджанұлы Қазақтың кесте өнері, К.Марақұлова «Ұлттық ою-өрнекпен бұйымдарды әшекейлеу»

Энциклопедия Қазақтың ою-өрнектері



6

Ою-өрнек үлгілері, күнделікті өмірде қолданылуы. Ұлттық ою-өрнектің өркендеуі.

1

Ұлттық бұйымдар суреттері.

Тарих, әдебиет, биология, бейнелеу өнері

Мектептегі технология, Б.Асанов, А.Птицина, Ұ.Әбдіғапбарова. «Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің тарихы және теориясы., З.Мұхамеджанұлы Қазақтың кесте өнері, К.Марақұлова «Ұлттық ою-өрнекпен бұйымдарды әшекейлеу»

Энциклопедия Қазақтың ою-өрнектері



7

Ою-өрнектерді тігу,мата бетіне жапсыру, бастыру, әшекейлеу

3

Ою-өрнек түрлері

Тарих, әдебиет, биология, бейнелеу өнері

Мектептегі технология, Б.Асанов, А.Птицина, Ұ.Әбдіғапбарова. «Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің тарихы және теориясы., З.Мұхамеджанұлы Қазақтың кесте өнері, К.Марақұлова «Ұлттық ою-өрнекпен бұйымдарды әшекейлеу»

Энциклопедия Қазақтың ою-өрнектері



8

Оюды ойып бастыру, оюлап тоқу әдісі, кілемдер мен текеметтердегі оюлардың алатын орны.

2

Ұлттық бұйымдар суреттері




Мектептегі технология, Б.Асанов, А.Птицина, Ұ.Әбдіғапбарова. «Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің тарихы және теориясы., З.Мұхамеджанұлы Қазақтың кесте өнері, К.Марақұлова «Ұлттық ою-өрнекпен бұйымдарды әшекейлеу»

Энциклопедия Қазақтың ою-өрнектері



Кесте тігу өнері-7

9

Кесте тігу өнері

1

Ұлттық бұйымдар суреттері

биология, бейнелеу өнері

Ә.Ысқаққызы «Сырмақ өнері», , Мектептегі технология, Б.Асанов., А.Птицина., Ұ.Әбдіғапбарова. «Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің тарихы және теориясы., З.Мұхамеджанұлы Қазақтың кесте өнері, К.Марақұлова «Ұлттық ою-өрнекпен бұйымдарды әшекейлеу»

10

Кестелеу әдісі, түрі.

2

Ұлттық бұйымдар

биология, бейнелеу өнері

Ә.Ысқаққызы «Сырмақ өнері», , Мектептегі технология, Б.Асанов., А.Птицина., Ұ.Әбдіғапбарова. «Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің тарихы және теориясы., З.Мұхамеджанұлы Қазақтың кесте өнері, К.Марақұлова «Ұлттық ою-өрнекпен бұйымдарды әшекейлеу»

11

Сумоншақпен кестелеу

3

Ұлттық бұйымдар

биология, бейнелеу өнері

Ә.Ысқаққызы «Сырмақ өнері», , Мектептегі технология, Б.Асанов., А.Птицина., Ұ.Әбдіғапбарова. «Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің тарихы және теориясы., З.Мұхамеджанұлы Қазақтың кесте өнері, К.Марақұлова «Ұлттық ою-өрнекпен бұйымдарды әшекейлеу»

Қазақтың күнделікті қолданылатын бұйымдары-құрақ көрпе, сырмақ, қоржын туралы түсінік-14

12

Сырмақ. Сырмақ түрлері.

1

Ұлттық бұйымдар суреттері




Мектептегі өнер ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал, Қазақ өнерінің тарихы, І –ІІІ том, «Қазақтың қолданбалы өнері» Д.Шоқпарұлы. Д.Дәркембайұлы

13

Сырмақтың үлгілеріне және істелу жолдарына қарай түрге бөлінуі

2

Ұлттық бұйымдар суреттері. Ою-өрнектер суреттері

Тарих, әдебиет, биология, бейнелеу өнері

Ә.Ысқаққызы «Сырмақ өнері», Мектептегі технология, Б.Асанов., А.Птицина., Ұ.Әбдіғапбарова. «Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің тарихы және теориясы., З.Мұхамеджанұлы Қазақтың кесте өнері, К.Марақұлова «Ұлттық ою-өрнекпен бұйымдарды әшекейлеу»

14

Сырмақ қалай жасалады.

3

Ұлттық бұйымдар суреттері Ою-өрнетер суреттері

Тарих, әдебиет, биология, бейнелеу өнері

Ә.Ысқаққызы «Сырмақ өнері», , Мектептегі технология, Б.Асанов., А.Птицина., Ұ.Әбдіғапбарова. «Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің тарихы және теориясы., З.Мұхамеджанұлы Қазақтың кесте өнері, К.Марақұлова «Ұлттық ою-өрнекпен бұйымдарды әшекейлеу»

15

Киіз басу барысы

2

Ұлттық бұйымдар суреттері Ою-өрнектер суреттері

Тарих, әдебиет, бейнелеу өнері

Қазақ өнерінің тарихы, І –ІІІ том, «Қазақтың қолданбалы өнері» Д.Шоқпарұлы. Д.Дәркембайұлы

16

Киіз түрлері

1

Шаблондар, кестелер, суреттер

Тарих, әдебиет, биология, бейнелеу өнері

Ә.Ысқаққызы «Сырмақ өнері», Қазақ өнерінің тарихы, І –ІІІ том, «Қазақтың қолданбалы өнері» Д.Шоқпарұлы. Д.Дәркембайұлы

17

Құрақ түрлері, қолданылуы, ерекшелігі.

2

Ұлттық бұйымдар суреттері Ою-өрнектер суреттері

биология, бейнелеу өнері

Мектептегі технология, Б.Асанов., А.Птицина., Ұ.Әбдіғапбарова. «Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің тарихы және теориясы., З.Мұхамеджанұлы Қазақтың кесте өнері, К.Марақұлова «Ұлттық ою-өрнекпен бұйымдарды әшекейлеу»

18

Құрақтың үлгілері, тігу, жасау технологиясы

3

Ұлттық бұйымдар суреттері Ою-өрнектер суреттері

Шаблондар, кестелер, суреттер



биология, бейнелеу өнері

Ә.Ысқаққызы «Сырмақ өнері», , Мектептегі технология, Б.Асанов., А.Птицина., Ұ.Әбдіғапбарова. «Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің тарихы және теориясы., З.Мұхамеджанұлы К.Марақұлова «Ұлттық ою-өрнекпен бұйымдарды әшекейлеу»

Қорытынды

19

Жасалған жұмыстардан көрме ұйымдастыру

1











Кіріспе. Қазақтың ұлттық өнері-1сағат

Қазақ халқының өнері - ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен , тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Технология пәні оқушыларды халық дәстүрімен, әдет-ғұрыптарының түрлерімен таныстыра отырып ұлттық этика, эстетикалық қабілеттерін және әдептілік, инабаттылық, әдет-дағдыларын қалыптастырады. Ұлттық педагогиканы насихаттауға қай пәннің болса ыңғайы мен мүмкіншіліктері мол. Оның үстіне ұлттық өнер өзінің тарихы терең, мазмұны сан қилы ерекшеліктерімен болашақ жастарға рухани, эстетикалық, эмоционалдық, интеллектуалдық тұрғыда әсер етіп, олардың тұлғалық және салалық қасиеттерін дамыта түсері сөзсіз. Халықтық сәндік өнердің негізгі көркемдік тілі, бейнелеуші құралдары, қолданбалы бұйымды жасаумен әшекейлеудің негізгі көркемдік принципі туралы жүйелі түсінік берілуі тиіс.


Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері-3 сағат

Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері туралы жалпы түсінік беру. Сәндік қолданбалы өнерді үйрету.Ұлттық бұйымдардың өмірде қолданылуы туралы мағлұмат алу, бұйым түрлерімен және олардың қолданылатын орнымен танысу



Қазақтың ою-өрнек өнері-8

Қазақтың ұлттық ою-өрнегінің өзіндік ерекшеліктері мен шығу тарихы туралы.Ұлттық ою-өрнек атаулары, топтарының өнер тарихында алатын орны. Ою-өрнек түрлері және олардың бөлінуі. Ою-өрнек үлгілері, күнделікті өмірде қолданылуы. Ұлттық ою-өрнектің өркендеуі.Ою-өрнектерді тігу,мата бетіне жапсыру, бастыру, әшекейлеу .Оюды ойып бастыру, оюлап тоқу әдісі, кілемдер мен текеметтердегі оюлардың алатын орны туралы түсінік беріледі.



Кесте тігу өнері-7

Кесте тігу өнері. Кестелеу әдісі, түрлері: біз кесте (тышқан із), бастырма кесте (арнайы өрнектеп алған кергішке керіп, өрнекті тұтас жауып тігу) және айқас тігу. Сумоншақпен кестелеу туралы жүйелі түсінік берілуі тиіс.




Қазақтың күнделікті қолданылатын бұйымдары-құрақ көрпе, сырмақ, қоржын туралы түсінік-14

Сырмақ. Сырмақ түрлері.Сырмақтың үлгілеріне және істелу жолдарына қарай түрге бөлінуі.Сырмақ қалай жасалады.Киіз басу барысы.Киіз түрлері. Құрақ. Құрақ түрлері, қолданылуы, ерекшелігі.Құрақтың үлгілері, тігу, жасау технологиясы қарастырылған.



Сабақ жоспарларының үлгілері

1-сабақ үлгісі

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының қолданбалы өнерінің түрлері
Сабақтың мақсаты: Қазақтың қолданбалы өнері аяққап, қоржынның жасалу түрлері, зергерлік бұйымдар мен ағаш бұйымдарына түсінік беру

Білімділігі: Өз бетімен меңгерген білімін тереңдете түсу
Тәрбиелілігі: Ұлттық өнерге қызығушылығын арттыру, әсемдікке тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Өнер мен уақыт саясатын ұштастыруға машықтау.
Көрнекіліктер: Қазақтың ұлттық бұйымдары, қоржын, тұскиіз, топтастыру қағазы, бағалау парағы, фишкалар.
Түрі: Аралас сабақ, білік дағды қалыптастыру сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, әңгіме.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, өз бетімен жұмыс.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын еске түсіру. Мүсін өнері. Мүсіндеу - көркемөнердің бір түрі. Мүсіндеудің графикамен кескіндемеден айырмашылығы форманың барлық көлемін анық көрсетуінде.
Сұрақтар: 1 - Мүсіншілер мүсінді неден жасайды?(Мәрмәр тастан, гранитпен) ағаштан, сазбалшықтан немесе ермексаздың көлемін ұлғайта отырып жасайды.
2 - Мүсіндеудің негізгі объектісі кім? Мүсіндеудің негізгі объектісі адам.
3 - Бюст, мүсін, топтық мүсін дегеніміз не? Бюст -(адамның кеудеден жоғары бейнесі) Мүсін -(Фигураның тұтас бейнесі) Топтық мүсін -(Бірнеше адамның бейнесі) Мүсіндеу - барлық жағынан қарауға болатын жұмыр және рельефті болып екіге бөлінеді. Рельеф - жазықтық бетінде орналасады. Монументтік мүсіндеу - бұл ұлы адамдарға немесе тарихи оқиғаларға орнатылады. Тұрмыста шағын пішінді мүсіндеу кең тараған. Бұл әр – түрлі материалдан фарфордан, ағаштан, сүйектен, пластмассадан жасалған шағын көлемді мүсіндер. Қазақстанның ежелгі мүсін өнері тас дәуірінде пайда болған. Ол кезде тас мүсін балбал тастардан жасалып, сопақ тастар іріктеліп алынған. Ондай тастар Орталық Қазақстан мен Жетісу өңірінде көп кездеседі. Ал Маңғыстау мен Үстірттен табылған тас мүсіндердің басым көпшілігі әктастан ойылған. Сонымен өткен «мүсін өнері» тақырыбымызды аяқтаймыз.
Жаңа тақырып:
Қазақтың ұлттық бұйымдарының түрлері: киіз, тұскиіз, текемет, сырмақ, қоржын, алаша, аяққап, тұтқыш. Ағаш бұйымдары: сандық, кебеже, адалбақан. Зергерлік бұйымдар: сырға, білезік, сақина, бойтұмар. Қазақ халқы «Өнер - өмірдің өзіңдей мәңгілік» демекші өнер өмірмен бірге ұштасып келеді.
Төсеніш бұйымдары. Тұскиіз - сәндік үшін төсектің тұсына ұстайтын үй жиһаздарының бірі. Оны жасау үшін нығыз басылған жұқа киіз таңдалып алынады. Тұскиізді безендіріп, әшекейлеу үшін түсті барқыттар, жібек, шұға т. б. маталардан бетіне ою - өрнектер тігіледі. Текемет - бетіне түрлі түсті ою - өрнек басылған киіз. Оның бетіне жүнді бояп, ою - өрнек жасап, киіз басқан әдіспен басады. Сырмақ - киізден сырып оюлап жасалған төсеніш. Екі түсті киізден оймалаған немесе үстіне матадан ою басқан тігістеріне жиек басып, сырып жасайды. Қоржын - өрмек құрып тоқылатын бұйым. Ұзындығы 120 см, ені 50 см болады. Ердің артына бөктеріп жүру үшін екі басты етіп жасалған қапшық. Аяққап – ыдыс - аяқ салуға арналған қапшық. Ол көбінесе киізден жасалады. Алаша - әр түрлі жүннен немесе түрлі түске боялған мақта мен жүннен тоқылған төсеніш. Алаша терме және қақпа алаша деп екіге бөлінеді. Төсеніш ретінде қолданады. Тұтқыш - ас пісіретін қазанды оттан көтеріп түсіргенде қолды күйдірмеу, қазанның күйесін қолға жұқтырмау үшін киізден жасалған екі қолғап. Оның ұзын етіп жасалған бауы болады.
Ағаштан жасалған бұйымдар. Сандық киім кешек тағы басқа заттарды салуға арналған ағаштан жасалған бұйым. Кебеже ағаштан жасалған әшекейлі сандық. Оған тамақ, ыдыс - аяқ салып сақтаған. Адалбақан - төрде тұратын киім ілетін өрнектелген бұтақты, не бұтақтарын қолдан жасаған сырық.
Зергерлік бұйымдар. Білезік - білекке салынатын сәнді зат. Сырға – әйелдердің құлаққа салынатын сәнді зат, алтын, күмістен, асыл тастардан жасалған. Алқа – алтын, күміс, маржанмен әшекейленген омырауша, өңір, өңірше.
Сәндік қолданбалы өнерінде киіз үйдің алатын орны ерекше. Киіз үй қазақтың шағын мұражайы. Ең бірінші оқушылар қазақтық ұлттық бұйымдары дегенімізде ұлттық ағаш үйімізге тоқталмай кету мүмкін емес.Ұлттық ағаш үйімізді тұрғызу үшін, оқушылардан олардың құрылысын сұраймын, және оларға түсінік берем. Киіз үй - қазақ халқының шағын мұражайы. «Ақ үй», «ақ орда», «ақ боз үй» деп аталады. Киіз үйдің сүйегін құрайтын «үй ағашты» алты ай немесе бір жыл бұрын дайындайды. Киіз үй құрылымдық негізіне, ерекшелігіне байланысты сүйегі және жабуы деп бөлінеді.Киіз үйдің жабуы: туырлық, керегенің іргесінен уықтық орта шеніне дейінгі жерді: үзіктің кереге басынан шаңырақ шеңберіне дейінгі аралықты: түндік шаңырақты: киіз есік сықырлауықты жауып тұрады. Киіз есіктің сыртқы киіз арасы ши, астары жарғақ теріден жасалады, түріп қоюға ыңғайлы. Киіз үйдің кеңеюі оның кереге санының өсуіне байланысты. Бас арқан, белбеу, шаша уықтарын қозғалмау үшін әрі туырлықтың кереге басына үйкелмеуі үшін уықпен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып тұратын жалпақ құр. Оқушылар негізі ағаш өнерімен айналысатын шеберлер 4 топқа бөлінеді:Үйші, Балташы(бұлар киіз үй құралдарын дайындап, үй сүйегін жасайтын адам.) Тоқушы (ши тоқу), Оймашы (сықырлауыққа ойып оюлар салу.) Балалар бұл киіз үйдің сұрақтарына жауап бере отырып, ұлттық қолөнер бұйымы ожаудың суретін саламыз. Бірінші ожауды көмекші сызық арқылы көрсетеміз. Екінші бояу түсімен сурет салып үйрену. Оқушыларға сурет салуға уақыт белгілеп, салған суреттерін тақтаға іліп көрсету. Ожау қайыңмен қарағайдан жасалады. Оқушылар суретімізді сала отырып, сәндік қолданбалы өнерге тоқталамыз. Сәндік қолданбалы өнер деп - тек қана практикалық жағынан емес, эстетикалық мәні жағынан да маңызды дайындалған және көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген туынды жасауды айтады. Сәндік қолданбалы өнер заттары көбіне ұлттық сызбалармен көзге түседі. Осы арқылы біз халқымыздың ерекшелігін көре аламыз. Қазақтың сәндік қолданбалы өнеріне ою - өрнектердің қосатын үлесі зор. Ою - өрнек дегеніміз қайталанатын ритмикалық элементтерден тұратын нақыш. Ұлттық ою - өрнек түрлері шығу тегіне қарай екі топқа бөлінеді: 1 - Қазақ халқының өзіне тән, ертеден келе жатқан ұлттық оюлары
2 - Басқа халықтардан ауысқан жаңа интернационалдық ою - өрнектер.
Қазақ ою - өрнегі дамып, өзгеріске ұшырады және жетілді. Қазір оның 200 - ден астан түрі мен атауы бар. Ою - өрнек атауларын мағынасына қарай мынадай топтарға бөлуге болады:1. Космогониялық (Ай, Күн, жұлдыздарды бейнелейтін өрнектер) 2. Зооморфты (Аң, мал, атаулары мен олардың дене мүшелеріне байланысты туған өрнектер) 3. Өсімдік бейнелі өрнектер: «қызғалдақ гүлі», «райхан гүлі», «жеті гүл» т. Б. 4. Геометриялық фигураларға ұқсас өрнектер: шаршы, ромб, төртбұрыш, үшбұрыш т. Б.5. Қару - жарақтар мен тұрмыстық керек - жарақтарға байланысты туған өрнектер: «балта», «түйме», «ожау», «тарақ», «балдақ», «қос тұмарша» т. б
Өрнектердің түстері мен бояулары
Ою - өрнектердің орналасуының зор мәні бар. Әрбір түс белгілі бір тәртіппен кезектесіп отырмаса, өрнек әлсіз нашар болып отырады. Бояу мен түсті таңдап пайдалануда қазақ халқының этнографиялық тарихымен логикалық ұғымы өте терең. Көк түс - аспанның символы. Қызыл түс - оттың, күн көзінің символы. Сары түс - ақыл парасаттың символы. Қара түс - жердің символы. Жасыл түс - жастықтың символы. Халық шеберлері өсімдіктің жапырағынан, қабығынан және тамырынан жасалған бояуларды көп қолданған.

Қолөнерде пайдаланылатын бояулардың түрлері негізінен 3 түрі бар:



  • Табиғатта даяр күйінде кездесетін бояулар. Бұлар топырақтан, жосадан, әр - түрлі минералдармен өсімдік жемістерінен, малдың қанымен бауырынан алынады.

  • Осы заманғы химиялық әдістермен өндірілетін алуан түсті ұнтақ пен артық бояулар.

  • Шеберлер өздері қолдан жасап алатын бояулар. Бұларға әр - түрлі қоспалар қосып пайдаланады.

Әшекейлік заттар: Ою – өрнек әшекей жасау шеберлігі бейнелеу өнерінің бір түрі. Зергерлер әшекейлі болу жағына аса назар аударады. Композициялық тұйық өрнектер дегеніміз-шеңбер ішінде түрлі бұрыштар ішінде орналасады. Ою - өрнектер рельефтік және жазықтыққа салынған ою -өрнектер болып бөлінеді. Бұйымды оюмен әшекейлеу барысында төмендегі ережелерді сақтау керек.
Салынатын өрнек әрқашан бұйымның көлемімен оның пішініне сәйкес келуі тиіс.Өрнекті композиция негізге бұйымның түстік фонының өрнектеріне сәйкес келуі, яғни бір - бірімен жарасымды болу керек.Өрнектер бір - бірімен тепе - теңдікте болуы шарт.Түрлі түстер арқылы өрнекті композицияның ортасы, шеті, фоны анықталады.Тұйық композициялық өрнектер шеңбер, үшбұрыш немесе ромб ішінде орналасуы тиіс. Демек қазақ халқының қолөнер бұйымдарының түрлері өте көп. Олардың шығу тарихы алуан түрлі. Міне осындай өнеріміз «Өнер - өмірдің өзіңдей мәңгілік» демекші ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып, өмірмен бірге ұштасып келеді.
Сабақты қорытындылау:
1 - Ұлттық ою - өрнектер неше топқа бөлінеді?
2 - Ағаш үйдің сүйегі нешеге бөлінеді?
3 - Бояуларды қандай әдістермен аламыз?
4 - Ісмер деген кім?
5 - Зергер деген кім?
6 - Шебер деген кім?
7 - Ұста деген кім?
Оқушылардың салған суреттерін қарап, бағалау.
Үйге тапсырма беру:
Ұлттық бұйымдардың суретін салу
«Сәндік қолданбалы өнер»тақырыбына эссе жазу.

2-сабақ үлгісі

Сабақтың тақырыбы: Ою - өрнек түрлері,күнделікті өмірде қолданылуы.

Сабақтың мақсаты: Ою- өрнек туралы түсінік беру.

Білімділік: Қазақ халқының ою- өрнек түрлеріне сипаттама беру.

Дамытушылық: Ою- өрнектің тілін түсіндіру, сырына мән беру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәриелік: Ою- өрнек арқылы оқушылардың ой-өрісін, білімін жан- жақты дамыту, халқымыздың асыл мұраларын, салт- дәстүрін, өнерін құрыметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, түсіндіру, сарамандық жұмыс.

Сабақтың көрінекілігі: слайдтар: «Ә.Қастеевтің сөзі», «Ою-өрнектер», «Сергіту сәті», «Б.Момышұлының сөзі».

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, әдебиет, математика.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Сырғалар пішініне қарай қалай бөлінеді?

2. Шолпы мен шашбау қандай құймалардан қалай жасалады?

3. Білезік дегеніміз не?

4. Тамақша дегеніміз не?

5. Тамақша неден жасалады?

6. Білезіктің қандай түрлері бар?

7. Алқа қандай бұйым?

8. «Алқа сырға» деп қандай бұйымды айтады?

3. Жаңа сабақ.

Өнерді таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан,

Апамның киізінен,

Қошқардың мүйізінен үйрендім.

Ә.Қастеев.

Халық арасында кең қанат жайған қолданбалы өнер саласының біреуі зергерлік болса, екіншісі ағаш өңдеу өнері. Қазақ халқының қолөнерінің сала-саласында кең қолданылып келген, өнердің өте көне, әрі күрделі түрі ою-өрнек өнері.Қазақтың қолтума сәндік өнерінің барлық түріне де оюлар мен өрнектер алғашқы элемент ретінде қолданылады.Қазақтың ою-өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрі. Оған мысал ретінде «Сырмақ шерткен сыр» аңыз әңгімесін айтуға болады.

Ертеде бір әділ хан болыпты. Оның жарлығымен қол астындағы халық үй жиһаздарын, киім-кешек, құрал-саймандарын, қару-жарақтарын ою-өрнектеп әдемілеп ұстайтын болған. Сондықтан оны халық Ою хан атапты. Бір жылдары бөтен елдің ханы жаулап алып, Ою ханды зынданға тастапты. Ою ханның орнына хан болып, бұрынғы салт-дәстүрді, ою-өрнекті жойып, жаңаша құрмақ болады. Жаңа дегендерінің бәрі тез ұмыт бола береді. Оған жөн айтқан адамдардың көзін жоя берген. Сондықтан оны халық Жою хан деп атапты.Бұл кезде Ою хан зынданда жағдайдың бәрін естіп-біліп жатыпты. Бір күні Жою ханның жалғыз ұлы аңға шығады. Жолдағы аңның бәрін түгел қырып, ойына келгенін істеп келе жатырғанда бір үкі мұның бетіне шапшып, екі көзін ойып жібереді. Еш нәрсе көре алмай тентіреп келе жатып, жардан құлап көлге батып өледі. Жою хан баласына іздеу салады.

-Кімде-кім баламның өлімін естіртер болса, соның басын аламын,- деп жарлық берген соң ешкімнің батылы бармайды.

Мұны естіген Ою хан баланы іздеуге баратынын хабарлайды. Жою хан оны зынданнан шығарып, жолға салады. Ол дәрі-дәрмегін алып орманды аралап келе жатса бір тастың астынан:

-Жойылсын, Жою хан! –деп қиналған дауысты естиді. Тасты көтеріп қараса, жамбасына оқ тиіп, күйреген сұр тышқанды көреді. Оның аяғын таңып, дәрі құйып жөніне жібереді. Осылайша кездескен аң-құстың барлығын емдейді. Ең соңында қанаты сынған үкініемдеп, «Жою ханның баласын көрдің бе?» деп сұрайды.

-Қатыгез хан баласы жолында кездескен сұр тышқанды, арқарды, бұғыны, жолбарысты жаралап, балықты құрлыққа тастап, қайтып айналып келіп, сойып алмақ болғанда, мен оның екі көзін шығардым. Өйткені бұл аңдардың барлығы Ою хан еккен орманның ең соңғы аңдары еді. Хан баласы қазір көл түбінде өліпжатыр.



Мұның бәрін естіген Ою хан үйіне келіп, ойланып, оқиғаның желісін сырмақтың бетіне ою түрінде түсіріп, Жою ханға алып келеді. Жою хан сырмақтың оюына қарап отырып, оқиғаны былайша тарқатады.



Каталог: uploads -> doc -> 004f
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
004f -> 7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
004f -> Өнеркәсіптік роботтар Мақсаты
004f -> Атырау облысы білім беру басқармасы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет