А тізбектелген сабақ



Дата04.07.2018
өлшемі129,79 Kb.
Акбаева Жанат Шакизадаевна Қызылорда облысы Қазалы қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі

А – ТІЗБЕКТЕЛГЕН САБАҚТАР ТОПТАМАСЫН ЖОСПАРЛАУДА БАҒДАРЛАМАНЫҢ БІР МОДУЛІ ҚАЛАЙ ЖӘНЕ НЕГЕ ЕНГІЗІЛГЕНІ ТУРАЛЫ РЕФЛЕКСИВТІК ЕСЕП



Дарынды және талантты балалар

күрделі қабілеттердің иелері,

әрі олар адам қызметінің

кез келген құнды саласында

өз қабілеттерін көрсетуге бейім

Ренцулли мен Райс

Тізбектелген сабақтар топтамасына жеті модульдің ішінен «Талантты және дарынды балаларды оқыту» модулінің идеяларын не үшін және қалай қолданғаным жайлы рефлексивтік есебімде көрсетуге тырыстым. Бірақ, талдауды бастамас бұрын модуль идеясын қалай меңгеріп қабылдағаным жайлы ой бөліскім келеді. Бастапқы кезенде модуль идеясын курстағы барлық тындаушылармен бірге менде қате түсінгенімді мойындаймын. Сыныптағы оқу дағдылары өзгеше көрініп тұратын оқушыларды ғана даралап талантты немесе дарынды оқушылар есебіне санайтынбыз. Бағдарлама мазмұнын зерделей келе ол түсініктеріміз қазіргі жағдайда біршама сейілді. Бастауыш мектепте «жалпы мектептік саясатты» және орта буын деңгейінде «кеңейтілген» мектеп тәсілін құру жағдайына аса мән берілетінін аңғардық. «Талантты немесе қабілетті үнемі айқындай отырып бастауыш мектептің мұғалімдері өздерін «дарынды бақылаушылар» ретінде көрсетуге тиіс».(Eyre and Lowe, 2002) деп айтылған қағиданын мәнін түсінудеміз.

Талантты және дарынды балаларды оқыту үшін олардың қабілеттіліктерін, біліктілектерін, әлеуетті мүмкіндіктерін дамытуға жағдай туғызуды ерте жасынан бастап қолға алуды жүзеге асыру мектептер үшін үлкен сын екендігін білдік. Британдық оқыту және оқу академиясы талантты және дарынды балаларды дамыту тәжірибесінен көптеген кейс-стади әзірлеген. Олардың ерекшеліктері үш жоба бойынша көрсетілген:



  1. Бірінші зерттеуде есту қабілеті нашар және өзге тілді үйрену үшін танымдық сипаттағы кеңейтілген тапсырмалардан мектепшілік бағдарлама жасаған. Бағдарлама аясында оқушылардың қарым-қатынасы арқылы өз қабілеттерін пайдалана алуға үйренетіндектерін бақылаған және жылдам сөйлей алмаса да зейін мен тындауды, тұрақты қызығуды және өздеріне деген сенімділіктерін дамыта алатындықтарын анықтаған.

  2. Екінші жобада тест арқылы сауалнамаға қатысу дайындығымен өздерінің қуаныштарын, табыстылығын, қызығушылығы мен мүмкіндіктерін өз ортасына құштарлығы арқылы жоғарлатуға болатындығын дәлелдеген.

  3. Үшінші жобада ата-анамен бірлесіп түрлі әдістермен оқушылардың ерекше таланты мен жеке қызығушылықтарын анықтау жүргізілген. Ата-аналардың қарапайым сауалнамалар толтыруларының негізінде балалардың мінез-құлқынан келтірген мысалдарды, үйде және мектепте ойналатын ойындарды талдауға, дамудың келесі кезеңіне өту жолдарын анықтауға мәлімет алып, шешім қабылдауға бағыт алатын болды. Бұл жобалар 4-7 жас шамасында бірінші негізгі кезенде тәрбиелеу жұмыстарында қолданылған.

Дарынды балалар мен жұмыс бағытында ерекше зертеулер жүргізген Монтгомери, 1996; Фриман, 1991. Нұсқаулықта дарындылықты анықтайтын 8 сенімді өлшемдер ұсынған, бірақ бұл зерттеулер өлшемдері ең үздік оқушыларды анықтауға бағытталған. Ағылшын тілін оқыту барысында осы модуль идеяларын жүзеге асыру үшін осы өлшемдерге қажетті бағыт беруге тырыстым.

Сонымен қатар, Эйр, Выготский, Катц өте қиын тапсырмалар оқушыларды жайлылық аймағынан шығатын деңгейде жұмыс істеуге міндеттейтіні жайлы айтқан. Осы орайда Выготский ЖАДА теориясының тиімділігін дәлелдеген. Эйр дарынды балаларға арналған оқу жоспарына өзгеріс енгізу жайлы ұсынымдар жасаған. Нәтижесінде оқыту мен оқу бағдарламасына оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес күрделенген тапсырмаларды енгізу зияткерлік қабілеттерді дамыту басты шарты есебінен қарастырылған.

Мейкер және Нильсон оқу жоспарының өзгертудің моделін үш түрлі өзгеріспен берген:

1.Мазмұнына өзгерістер енгізу;

2.Қолданылатын әдістерді енгізу;

3.Оқу мәнмәтініндегі өзгеріс;

Сонымен қатар талантты және дарынды балаларды оқыту моделінің 12 аспектісімен танысып, кеңейтілген тапсырмалардың басты ерекшеліктерін тануға мүмкіндік алдым.

1. Білім немесе дағдылардың жалпы өзегін қолдану қажеттілігін;

2. Тақырыптардың түпнұсқалы зерттеулерін қолдануды;

3. «Нағыз» құзыреттілікті қалыптастыру қажеттілігін;

4. Бастапқы және соңғы нүктелер қатарымен өзара әрекеттесу керектігін;

5. Шешімдері алдын ала анықталмаған тапсырмаларды зерттеу керектігін;

6. Қабілеттілігіне қарамастан кеңейтілген тапсырмаларға тең қол жеткізулеріне мүмкіндік жасау жолдарын қарастыруды;

7.Қолдау ахуалы тұрақты қалыптасқан сыныптың ең жоғары ойлау деңгейіне негізделген оқу үрдісін қамтамасыз ету керектігін;

8. Сыни ойлау дағдыларын дамыту жұмыстарын жолға қоюды;

9. Мәселелерді шешу үшін шығармашылық тәсілдерді қолдану мүмкіндіктерін кеңейтуді;

10. Таңдау элементтерінің көмегі арқылы өзіндік реттеуді қолдану мүмкіндіктерін жүзеге асыруды;

11. Аса құштар және ынталы болуға баулу мен еліктіруді;

12. Олар неге жетуге қабілетті екенін көрсетуге мүмкіндік беруге жайлы жағдай жасай алу қабілеттерімді дамыту қажеттігін түсіндім.

Осы аспектілерді негізге ала отырып мен сабақтарымда оқушыларға кеңейтілген тапсырмаларды беруді жоспарладым.



Менің бұл модульді таңдаудағы мақсатым, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін барынша ашып, қызығушылығын арттырып, өздігінен ағылшын тілін меңгеруге деген құштарлығын туғызу, заманауи талаптарына сәйкес көптілділік мүмкіндіктерін дамыту, шағын кітапшалар оқуға, өзара араласу барысында тіл меңгеру қажеттіліктерін өтеуге деген парасатты пейілдерін қалыптастыруға ықпал ету болды.

Мектептегі тәжірибе кезенде сындарлы оқыту теориясын жүзеге асыру үшін эксперимент ретінде сынып жетекшілік жасайтын 6 «А» сыныбымды алдым, соның ішінде А, Б, Д есімді үш түрлі қабілетті оқушыларды зерттеуге алуды жөн көрдім. Өз сынып оқушыларымды алудағы мақсатым мен оқушыларымен жақсы қарым-қатынастамын. Мен оқушыларымның мінез-құлқын білемін және де олар маған ашық ойларын айтуға үйренген. Сол себепті Кембридж университетінің ұсынған бағдарламасын басшылыққа ала отырып төрт аптаның ішінде сынып оқушыларын әлі де терең зерттеуге құлшынысым зор болды.



Ең алдымен, британдық оқыту және оқу академияснның әзірлеген кейс-стадиінің екінші жобасына сүйене отырып және мектеп психологімен кеңесе отырып оқушылардың қызығушылығын анықтайтын сауалнама алуды жөн көрдім .Сауалнама нәтижесінде:

Келесі іс-әрекетім, кейс-стадидің үшінші жобасына сәйкес оқушылардың ата-аналарынан сауалнама алу болды. Оның нәтижесінде: «балам сурет салғанды ұнатады» деп 11 ата-ана жауап берсе, «балам өнерге биім» деп 2 ата-ана жауап берді, «басқа қызығушылықтары бар» деп 5 ата-ана жауап берсе,


«баламның қызығушылықтарына көңіл бөлмеймін» деген қатарынан 5 ата-ана көрінді.

Тізбектелген сабақтар топтамасына орта мерзімді жоспар құру барысында мен барлық оқушыларды тапсырмамен тең қамтуды жоспарладым. Олардың қабілеттеріне қарамастан күрделенген тапсырмаларға тең қолжетімді етіп ұсынуды жоспарладым.

Сабақтарым төмендегідей тақырыптарда даярланды:


  1. Lesson 43. «The Discovery of America».

  2. Lesson 44. «The Present Perfect Tense».

  3. Lesson 45. «The Wild West».

  4. Lesson 46. «American Symbols».

Алғашқы «The Discovery of America» тақырыбындағы сабағымда бірнеше кеңейтілген тапсырма берілді. Оқушыларға арналған кеңейтілген тапсырмаларды оңайдан күрделіге нысанында дайындадым әрі талантты және дарынды балаларды оқыту модулін бірнеше модульдермен ықпалдастырылуын көздедім. Бұл сабақтағы мақсатым оқушылардың қабілетіне қарамастан тілді меңгеруге деген қызығушылығын арттыру.

Бірінші тапсырма мәтінді егжей-тегжейлі талқылап болған соң оқушыларға «Дұрыс, дұрыс емес, білмеймін» ойыны арқылы берілді. Осы жерде талантты және дарынды балаларды оқыту модулі оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер модулі, оның ішінде диалогтік оқыту мен ықпалдасты. Бұл тапсырманы оқушылар жұпта орындады. 23 оқушының барлығыда тапсырманы мүдірмей орындап шықты. Екінші тапсырма «Сөйлемді аяқта» ойынымен жалғасты. Оқушыларға топта жұмыс жасау ұсынылды. 23 оқушының 8 тапсырманы 5 минутте аяқтаса, 10 оқушы 8 минутте аяқтады, ал 5 оқушы 12 минутте аяқтады. Тапсырманы ерте аяқтаған оқушылар қасындағы оқушыларға көмектесті. Осы жерде Выготскийдің ЖАДА териясының тиімділігін көре алдым және де талантты және дарынды балаларды оқыту модулі оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу модулімен ықпалдасқанын көздедім. Үшінші тапсырмада оқушылар «Аудармашы» ойынын ойнады. Бұл тапсырманы тың жаңалық ретінде қабылдап өз еркімен 8 оқушы шығып ағылшын тілінде диалог жүргізіп оны аударуға тырысты. Осы жерде өзім оқушыларға формативті бағалауды «екі жұлдыз, бір ұсыныс» беруді жөн көрдім. Сабақ барысында оқушылар интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін қол жетімді пайдаланды. Сабақ соңында оқушылардан ауызша рефлексия алдым. Оқушылар сабақтан алған әсерінің мол екенін айтты. Сабақ барысында өзімнің жоспарлауда ескермеген қателерімді байқадым. Олар: уақытты және аудио құралдарын тиімді пайдаланбау. Келесі сабағымда әр тапсырмаға регламент қоюды және тіл тосқауылын жеңу, көптілділікке деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында аудио материалдарын пайдалануды ұйғардым. Менің күткен нәтижем сәтті шықпады. Оған себеп оқушылардың ағылшын тіліндегі тіл тосқауылы. Көптеген оқушылар «ағылшын тілінде сөйлей алмаймын,

сондықтан ойымды жеткізе алмаймын» деген оймен үндемей, сөйлеуге ұялып отырып, сабақ барысында ағылшын тілінде сөйлеу процессі өрбімеді. Дегенмен, сабағымда қазақ тілінде сөйлеу мүмкіндігін бере отырып, қызықты етіп өтуіне ықпал жасадым.

Екінші сабағымды үй тапсырмасын тексеруден бастадық. Оқушыларға ғаламтор желісінің мүмкіндігін пайдаланып, Христофор Колумбтың өмірі мен саяхаттары туралы шағын эссе жазып келу тапсырылған болатын. Дәстүрлі сабақтарда 23 оқушының 13-15-сі орындап келсе, бұл жолы 20 оқушы үй тапсырмасын орындап келді. Бұл тапсырма кеңейтілген түрде берілгендіктен оқушылар тапсырманы әр түрлі форматта жазған. Осы жерде мен зерттеуге алған А, Б, Д есімді оқушыларымның жұмысын елемей кетпеуге болмайды. Д есімді оқушы үйінде ғаламтор желісі болмағандықтан тек ғана кітаптағы мәтінге сүйене отырып жазғанын айты. Бірақ менің іштей риза болғаным бұл оқушының сабаққа деген қызығушылығының оянғаны, соның нәтижесінде аз да болса, тырысып кітаптағы мәліметті көшіріп келуі. Сыныпта Д есімді оқушының жұмысын бағалауда Н есімді оқушының айтқан екі жұлдыз, бір ұсынысы өте ұтқыр болды. Д есімді оқушының алдынғы сабақтарда еш нәрсеге қызықпай, үй тапсырмасын үнемі орындамай келетінін айтып, ал бүгінгі сабақта оның сабаққа деген құштарлығын байқағанын айтып, алдағы уақытқа сәттілік тіледі. Сол сәтте Д есімді оқушының жүзінде өз-өзіне деген сеніммен, ризашылықпен бейнеленген күлкіні көрген кезде менің жан-сезімім үлкен толғаныста болды.

Б есімді оқушының жұмысы да жақсы шықты. Ол өзінің эссесін кітапханадағы энциклопедияға сүйене отырып жазғанын айтты. Бұл оқушыдан байқағаным мәліметті іздеуде ғаламтор көзі болмаса да, кітапханаға барып, материал іздеп, жазып келуі. Ал, А есімді оқушының жұмысы сынып оқушыларының өздерінің бағалауынша ең үздік эссе деп бағаланды. Оған дәлел ретінде бұл оқушының Христофор Колумб жайлы шағын буклет жасап келуі болды. Мен де, сынып оқушылары да А есімді оқушының тапсырманы шығармашылықпен орындап келгеніне тәнтті болдық.

М: -Аралкүл, мен сендерге эссе жазып келіндер деп тапсырдым, ал сен неге буклет жасадың?

А: - Маған кешегі сабақ үлкен әсерін тигізді. Себебі сабақ өте қызықты өтті. Сіз берген үй тапсырманы түрлендіріп орындағым келді. Көп ойланып, басқа оқушылардың жұмысынан ерекше болсын деп буклет дайындадым. Дұрыс жасадым ба, апай?

М: - Жарайсын, керемет орындадың.

Осы тұста бағдарламаның ықпалы айтпаса да көрінді.

Екінші сабағымның тақырыбы «The Present Perfect Tense» болды. Бұл сабағымның мақсаты оқушылар аталған шақтың ережесін білу, түсіну, оны сөйлемде қолдану, талдау, жинақтау және бағалау болды. Күрделенген тапсырма ретінде Блум таксономиясының алдым. Оқушыларға электронды оқулықпен жұмыс жасауды ұсындым. Оқушылар алдыңғы уақытта да



электронды оқулықпен жұмыс жасап дағдыланған, бірақ мен перне тақтаны өзім басқарып тұратынмын. Сол сабақта оқушыларға интерактивті тақтаны басқарудың алғашқы қадамы болуын ұйғардым. «The Present Perfect Tense» шағын талдау жаттығуы ретінде оқушыларға сөйлемдегі етістікті жіктеу тапсырылды. Оқушылар ережеге сүйене отырып жаттығуды орындап шықты. «The Present Perfect» шағының ережесіне сәйкес оқушылардың білімін жинақтау үшін «Тиісті етістікті қой» тапсырмасын бердім. Ал, Блум таксономиясы бойынша жаттығуларды орындай келе оқушылардың тапсырмалардың дұрыс немесе бұрыстығын тексеру тапсырылды. Нәтижесінде Эйр мен Лоудың (2002) тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып «дарынды бақылаушы» ретінде байқағаным оқушыларға соңғы тапсырманы орындау оңай болмады. 23 оқушының тек 5 оқушысы ғана орындап шықты. Соның ішінде А есімді оқушымда Монтгомери, 1996; Фриманның, 1991; ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдер белгілерін байқадым. Осы оқушы ақпаратты біліп қана қоймай оны пайдалана алады, мәніне тезрек жетеді, басқаларға қарағанда ойлау қабілеті жақсы ұйымдастырылған, еш қиындыққа қарамастан кез-келген күрделі тапсырмаларды орындауға ұмтылатынына көзім жетті. Үй тапсырмасына, қалауына қарай екі тапсырма бердім: оқулық бойынша жаттығу және кеңейтілген тапсырма ретінде «The Present Perfect Tense» шағын пайдалана отырып шағын диалог құруды және келесі сабақтың мәтінін оқып келуді тапсырдым. Нәтижесінде, 13 оқушы жаттығуды орындап келсе, 10 оқушы диалог құрып келді. Оқушылар жұптасып ағылшындық және қазақ елінің азаматы ретінде рольге еніп көріністерін сахналады. Бұл көріністерден оқушылар да мен де ерекше әсер алдық.

Үшінші сабағым «The Wild West» тақырыбында өтті. Бұл сабақта құзырлы тапсырма ретінде «6 телпек» ойынын алдым. Мақсатым: оқушылардың диалог арқылы мәтінді жан-жақты талқылай отырып сыни тұрғыдын ойлау қабілетін дамыту. Осы ойынға арнайы түрлі-түсті телпек дайындадым. Оқушылар қызығып «апай, мынау не? біз киеміз ба? Не үшін киеміз? Қашан киеміз?»,- деп сұрақ астына алды. Тапсырма топтық болғандықтан оқушылар жұмыла жұмыс жасады. Оқушылар дайын болған кезде бірінші топ мәтінге анализ жасаса, екінші топ болжау жасады, үшінші топ талдау жұмыстарын жүргізсе, төртінші топ жинақтады, ал бесінші топ қарсы пікір дайындап айтып шықты. Нәтижесінде бір мәтінді барлық топ жан-жақты талқылап шығып, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауда ұтқыр, пайым, сыңаржақтылықтың болмауы, тәртіп ерекшеліктері орын алды.


Төртінші сабағымның тақырыбы «American Symbols» болды. Бұл сабағымда кеңейтілген тапсырма ретінде Американың нышандары туралы «тірек сөздермен әңгіме құру» және постер салу тапсырылды. Бұл тапсырмаларды беру мақсатым- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шындау және жасырын таланттарын ашуына ықпал жасау. Топтардағы оқушылар тірек сөздерді пайдалана отырып, Американың ұлттық нышандары: ту, бостандық монументі, бүркіт және әнұранға әңгіме құрастырды. Әңгіме құру барысында барлық оқушылар тең қатысқанына қатты қуандым. Ал сабағымызды қорытындылай келе, «Америка елін қалай елестетесіздер соны постерге түсіріндерші»,- дегенімде, оқушылардың ағылшын сабағында сурет салып жатқан кезде қуаныштарында шек болмады. Осы жерде байқағаным ағылшын сабақтарында үндемей отыратын төмен деңгейлі С есімді оқушының сурет салу қабілеті бар екен. Сол оқушы бірден топта өз орнын тапқандай, араласа кетті. Мен бұның алдында сол оқушының сурет салатынын білгенмен, менің пәніме қатысы жоқ деп ойлай отырып, сабағымда ағылшынша мәтінді оқу, жазу, сөйлеу маңызды деп санайтынмын. С есімді оқушының Американың суретін сала отырып, оның нышандарын білуі, жалпы осы тарауда өткен тақырыптарымызға сәйкес аз да болса білім алғанына көзім жетті. Тізбектелген сабақтар топтамасының әр сабағында жұмысымның сатылап нәтижелі болып келе жатқанын көрдім.

Талантты және дарынды балаларды оқыту модулін сабаққа кірістіруде біршама кедергілер болды. Атап айтқанда: ағылшын тілі өзге тіл болғандықтан оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе алмауы, уақыт тапшылығынан оқушылармен жеке жұмыс жүргізе алмауым, сабақ барысында барлық оқушыларды тең бақылай алмағаным.

Болашақта түйгенім:

7 модуль идеяларын ықпалдастыра отырып оқушылардың құзыреттіліктерін дамытатын тапсырма көздерін қарастыру, ағылшын тілін жетік меңгеруге жетелеу.





Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет