Абай атындағы мектеп – лицейдің



Дата01.02.2018
өлшемі110,43 Kb.
#37324
Кіріктірілген сабақ.
Тұрсынбекова Аққайша

Абай атындағы мектеп – лицейдің


химия пәнінің мұғалімі.
Кіріктірілу – бұл бір оқу материалының әр түрлі саладағы жалпы білімдермен тоғысуы, бір-бірімен етене араласып кетуі. Кіріктірілген сабақтар оқушыға әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара байланыстары туралы біртұтас мағлұмат береді, олар құрылысы бойынша белгілі қалыпқа сыймайды, сондай-ақ, оқу сағаттарын барынша үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Осы тектес сабақтарда оқушылардың бейнелі ой-өрісі дамып, шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Кіріктірілген сабақтардың құрылымы нақтылығымен, сыйымдылығымен, орамдылығымен, сабақтың әр сатысындағы оқу материалының логикалық өзара келісімімен, материалдың зор ақпараттық мүмкіндігімен ерекшеленеді. 9 сыныпта «Темір» тақырыбын кіріктіре оқыту оқушыларға металдар жөнінде мол мағлұмат береді.

Сабақтың тақырыбы: Темір.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.

Кіріктіру нысаны: Химия ғылымы

Кіріктірілетін пәндер: (тарих, география, биология, физика, әдебиет, дін, астрономия, халықтық педагогика және медицина)

Сабақтың мақсаты: Темір металы жөнінде білімдерін кеңейту. Оқушылардың білімдерін жүйелендіру, пәнге деген біртұтас көзқарас қалыптастыру.

Сабаққа дайындалуда оқушы мен оқытушы іс-әрекеті: Оқытушы мен оқушы алдын ала дайындалуы, оқушының өздік жұмыс орындауы. Ізденгіштік қабылетін ескере отырып, оқушыға тапсырма беру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік:Темір элементін жан – жақты зерттеу арқылы темір, оның қосылыстары,қолданылуы, маңызы жөнінде білімдерін кеңейту.

Дамытушылық:Оқушылардың ойлау, қорытындылау, жүйелеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін дамыту, қабілетін арттыру, қосымша материалдар арқылы эстетикалық тәрбие беру.

Көрнекілік: Слайдтар (интернеттен алынған материалдар), электронды оқулық

(9 сынып химия ), металдар коллекциясы, табиғи минералдар коллекциясы, периодтық кесте, суреттер, реактивтер, қосымша әдебиеттер, химия энциклопедиясы,интерактивті тақта..



Жаңа тақырыпты түсіндіру жоспары:

1. Темірдің периодтық жүйедегі орыны; (химик)

2. Атом құрлысы(электрон, протон, нейтрон саны, салыстырмалы атомдық масса) (химик)

3. Табиғатта таралуы және маңызы; (геолог, географ, астроном)

4. Темірдің ашылу тарихы; (тарихшы)

5. Физикалық қасиеттері; (физик)

6. Темірдің геохимиялық қасиеттері; (геолог, минералог)

7. Темірдің биологиялық маңызы; (биолог)

8. Құранда темір туралы; (дін)

9. Абайдың жұмбағы; (әдебиетші)

10. Темір туралы мақал – мәтелдер; (әдебиетші)

11.Темірдің қолданылуы.(химик)



Темір.

Темір десек біздің көз алдымызға шойын мен болат келеді «Жер бетінде темір жойылып кетсе ,не болады деп елестетсек, көшелерде сұмдық көрініс темір жол да,поездар да, машиналар да жоқ, көпірлер үйіндіге айналған ,өсімдіктер семіп ,өле бастаған.Адам денесіндегі 3г темір жойылса , тіршілігін тоқтатып , өліп қалар еді.» ,бұл кіріністі суреттеген , темірдің маңыздылығын айтқан атақты минералог , академик А.Е.Ферсман.



Химик: Темір периодтық жүйеде:

4-период, 4 - қатар, 8 - топ, қосымша топша, реттік нөмірі 26.

26 электрон, 26 протон, салыстырмалы атомдық массасы 56, 30 нейтрон.

4 электрондық қабат, 2)8)14)2), электрондық конфигурациясы

1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d6 4s2

Тотығу дәрежесі 0,+2,+4, кейде +6; тотықсыздандырғыш болып табылады.(слайд)



Физик:Ақ сұр түсті, металдық жылтыры бар, тоқ пен жылуды жақсы өткізетін, магнитке тартылатын, жұмсақ, созылғыш металл. Тығыздығы 7,864 г/см3 , балқу t0 ═15390С.

Осыдан 2000 жыл бұрын Қытай ғалымы Сума Тзян магниттік компасты тапқан. Ол темірдің магниттік қасиетіне сүйенген.Магниттік қасиеті күшті металдар: темір, никель, кобальт. Ферромагнетиктерден магнит құралы, компас жасалады. Радиотехникада, электротехникада қолданылады.

Темірдің 7690С дейін магниттік қасиеті сақталады.(таблица)

Астроном:

Темірді ертеде «Аспан тасы» деп атаған. Жер бетіне жылына мыңдаған метеорит бөлшектері түседі, олардың құрамында 90% темір бар. Ең үлкен метеорит 1920 ж Америкадан табылған,салмағы 60т .1895 жылыГренландия мұздағынан салмағы 34т темір метеорит табылған ,қазір Нью-Иоркте сақталуда.Темір күн жүесінде ең көп тараған элемент.Жер ядросының 90%темір құрайды.Жер мантиясында 12%,жер қыртысында 5%темір бар.Жер қыртысында таралуы бойынша -6 орында.



Геолог:

Темірдің табиғи минералдары:

Fe2O3 магнитті темір немесе магнетит (72% Fe)

Fe2O3 қызыл теміртас немесе гематит (70% Fe)

Fe2O3 · 3H2O лимонит (50% Fe)

FeS2 пирит немесе күкірт колчеданы (52% Fe)

FeSO 7H2O темір купорасы

Темір кендерінің ең үлкен қоры Уралда .Онда таулар толық темірден құралған.Курск,Кольск жартылай аралында Шығыс және Батыс Сібірде темір кенінің Үлкен қорлары бар.Қазақстанда темір кендері Оралдың шығыс беткейінде, Қостанай өңірінде көптеп кездеседі(Соколов-Cарыбай).

Темір табиғи суларда ең кең тараған элементтердің бірі болып табылады,

оның орташа құрамы 0,01 -20 мг/л интервалында тербеліп тұрады.


Тарихшы:


Темірдің ашылу тарихы:

Месопотамия өркениетті метеориттік темірді білген. олар б.з.д. ІІІ мыңжылдықта темірді қолданып оны «аспаннан түскен от» деп атаған. Оның құймасынан қару-жарақ, әсемдік бұйымда жасаған. Египет фараоны ІІ Рамзес хеттер патшасына (б.з.д. 2500 жыл) жазған хатында кендерді тотықсыздандыру арқылы темір алу туралы мәліметтер бар. Жер бетінде темір алтыннанда бағалы болған уақыттар болды. “Темір ғасыры” деген терминді ғылымға ХІХ ғасырдың басында дат ғалымы Томсен енгізді. Бұл темір металлургиясы дами бастаған кез. Әйгілі дамаск болаты Шығыста тіпті Аристотель (б.з.д. ІҮғ) кезінде жасалған. Болат қылыш жасау құпияда сақталып келді.



Делидегі темір бағана (б.э.д. ІҮ-Ү ғасыр)

(Дели) Индияда б.э.д. ІҮ-Ү ғасырда 415 жылы тұрғызылған темір бағана биіктігі 7 метр, салмағы 6,5 тонна 99,72% таза темірден тұрады, осынша уақыт таттанбауының себебін ғалымдар анықтай алмай отыр.(слайд)


Эйфель мұнарасы


1889 жылы Парижде француз инженері Гюстов Эйфель алып мұнара құрылысын аяқтады. Париж эмблемасына айналған мұнара биіктігі 300 метр, таза темір металынан тұрады.

(Слайд)


Биолог:Темірдің биологиялық маңызы.

Адам денесінде темір құрамы 3-7 гр дейін (ткань, қан, ішкі органдарда) болады. Темір біздің организмге тамақ арқылы келеді. Ересек адамның тәулік қажеттілігі 11-30 мг құрайды.

Бұлшықет белогы – миоглобин, құрамында Fe+3 катионы етке қызғылт түс береді. Қан белогы – гемоглобин, құрамында Fe+2 катионы, қанға қызыл түс береді, сүйек кемігінде түзіледі.

Темір барлық жасыл өсімдіктер құрамына кіреді, хлорофилл түзуге, тыныс алуға қатысады.



Медицина:Адам ағзасында темір мөлшері жетіспеуінен –қан аздық(анемия ауруы пайда болады. Ол дұрыс тамақтанбаудан,экологиялық себептерден,әлсіреу ,көп қан кету т.б. пайда болады.

Абай ауданы Қарауыл селосында темір жетіспеушілігінен болатын анемия ауруымен ауыратын адамдар жөнінде мәлімет (2009 жыл)

Тұрғындар саны – 6510

Анемия ауруымен ауыратындар:

16 жасқа дейінгі саны – 87

Оның ішінде ауыр түрімен (есепке алынған) – 26

Жас өспірімдер саны – 21

Оның ішінде ауыр түрімен (есепке алынған) – 6

Үлкендер саны – 99

Оның ішінде ауыр түрімен (есепке алынған) – 62

Темірдің ең көп мөлшері мына өсімдіктер, тағамдар құрамында:

Итмұрын тұнбасы


Орамжапырақ

алма

Қара шие

Сиыр еті

Малдың бауырында

Дін: Құранда темір туралы


Термодинамика заңына сай, бейберекет дүние сырттан келген энергия мөлшерінсіз ретке келе алмайды, барлық шектеулі система тозу, тоқтау, ыдырау, құлдырау жолында болады, өздігінен тәртіп түзілуі мүмкін емес. Соның тағы бір мысалы: темірдің бір ғана атомын құрауға қажетті энергия мөлшері бүкіл Күн системасының энергиясынан төрт есе көп болып шығады екен! Ғалымдар осыдан темірдің тегі Жер табиғатынан тыс екендігі, оның жерге өзге дүниеден түсірілгендігі жайлы ой қорытқан.

Құранда темір туралы:

«Сондай-ақ темірді түсірдік. Онда мықты күш, әрі адамзат үшін қажеттер бар…»

(Хадид 57 : 26)

Құранда 26-сүре Әл – Хадид сүресі қазақша–темір сүресі ,ол темірдің периодтық кестедегі орнына сәйкес келеді.Бұл кездейсоқ жайт емес.

Осы әл-Хадид-темір сүресінің ғажаптары, темірге байланысты өзге де сырлар Ақжан әл-Машани еңбектерінде түбегейлі зерттелген.

Әдебиетші:

Бұл жерде біз данышпан Абайдан бір үзік жұмбақ келтірелік:

Қара жер адамзатқа болған мекен,

Қазына іші толған әр түрлі кен.

Ішінде жүз мың түрлі асылы бар,

Солардың ең артығы немене екен?

Шешуі: темір.

Темір жөнінде мақал-мәтелдер:

«Көптің аузы-темір талқы»

«Темірші – көміршіге үйір»

«Темірді қызған кезде соқ»

«Болат қайнауда шынығады

Батыр майданда шынығады»

«Алмас пышақ қап түбінде жатпас»

«Темірдің бір басы-ыстық, бір басы-суық»

«Темір кессең қысқа кес,

Ұзартуың оңай.

Ағаш кессең ұзын кес,

Қысқартуың оңай».

«Болат бүгілмес-морт сынар».

«Оқ жетпес жерге қылыш сілтеме».

«Болған іске болаттай берік бол»Төзімі темірдей- қайратты деген мағынада.

Темір, оның қосылыстарының қолданылуы:

(химик)

Магнетит, гемотит, лимонит – шойын және болат өндіру үшін.

Пирит – күкірт қышқылын өндіру үшін

Темір купоросы - өсімдік зиянкестеріне қарсы күресте, минералды бояулар жасауда, ағаш өңдеу үшін қолданылады.

Темір қосылыстары қан аздылық, әлсіздік кезінде дәрі ретінде беріледі.

Болат пен шойын техникада, тұрмыста қолданылады.

Темір хлориді (ІІІ) – суды тазарту үшін, мата бояу үшін қолданылады.

Темір сульфаты (ІІІ) суды тазарту үшін еріткіш ретінде қолданылады.


Деңгейлік тапсырмалар


І. «Қанағат»

  1. Реакцияны аяқта, теңестір.

Fe+O2


Ca+Cl2

Mg+S →


2. Ион алмасу реакциясын аяқта, толық қысқартылған иондық теңдеуін жаз

Ba Cl2+ H2SO4

3. Массасы 80 г кальцийдің зат мөлшерін тап.

ІІ. «Талап»


1. Ca →CaO→Ca (OH)2 →CaSO4 өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкін болатын

химиялық реакцияларды жаз.

2. 80г кальций жанғанда жұмсалатын оттегі және ауа көлемін тап.


  1. Реакцияларды аяқта, теңестір.

Al (OH)3 → Al2O3+?

Mg+HCl →Mg Cl2+?



ІІІ. “Терең ой”

30г натрий алюминаты қанша көлем көміртек (ІҮ) оксидімен әрекеттесе алады?

1. 2NaAlO2+CO2=Na2CO3+Al2O3 V(CO2) қ.ж. →?

2. 200г 15%-тік натрий хлоридімен күміс нитраты әрекеттескенде қанша г күміс хлориді түзіледі.

NaCl+AgNO3=NaNO3+AgCl↓


  1. KСlO3 →KCl+O2 теңдеуіндегі барлық коэфициенттер жиынтығын тап.


Үй тапсырмасы

§41 125 бет (А) есеп шығару



Ш Қ О

Абай ауданы



Қарауыл селосы
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет