Абай ауылдық округінің әкімі М. Арыстанбековтың есебі



бет1/54
Дата12.10.2020
өлшемі111,54 Kb.
#65540
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54

Абай ауылдық округінің әкімі М.Арыстанбековтың есебі.
Абай ауылдық округінің жалпы жер көлемі 28647,5 гектарды құрайды. Оның 4304 гектары егістік алқап болса, 363 гектары суармалы жер. Округ бойынша 59 ауылшаруашылық құрылымдары тіркелген. Тұрақты жұмыс істейтін ұжымдар саны - 43.

2018 жылы ауылдық округ әкімшіліктің аппаратына бөлінген бюджет қаржысы толығымен игерілді. Қызметкерлер мен жұмысшылардың жалақысы, жарналары, кеңсе және шаруашылық тауарларға, жанар-жағармай, іссапар шығындарына, байланыс қызметіне -20369,0 млн. тенге, коммуналдық қызметке (көше жарығы, газға, суға) -4431,0 млн.тенге, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша -1663,0 млн.тенге, мекемеге негізгі құралдар (компьютер, принтер, рәміздер) алу үшін 1680,0 млн.тенге, «Жастар орталығы» үйі үшін ғимарат сатып алуға 8000,0 млн.тенге жұмсалды. Көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары бойынша да ауылда көптеген ілікімді істер ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ, көктемгі және күзгі көріктендіру жұмыстары кезінде округтегі арықтар тазаланып, барлық көше және жол бойындағы тікенектер шабылып, күл-қоқыстардан тазартылды. Жамбыл және Абай көшелеріне облыстық және аудандық ЖЭС (РЭС) демеушілігімен 600 метр электр желісі жүргізіліп, жаңа трансформатор орнатылды. Аудан әкімінің қолдауымен «Самал» көшесіне 600 м электр желісі тартылды. Ауылдағы 4 көшеге орта ағымдағы жөндеу жүргізіліп, асфальттанса, 1 көшеге шағал тас төселінді.

2017 жылы бой көтерген ауылымыздағы жаңа дәрігерлік амбулаторияда 10 адам қызмет жасайды. Өткен жылы 55 сәби дүниеге келді. Қатерлі ісікпен 4, туберкулез ауруымен 2, қант диабетімен 29 адам, жүйке ауруымен 3 және жүрек қан тамыры ауруымен 63 адам есепте тұр. Оларға тиісті талаптарға сәйкес ем-домдар берілуде. Жүкті әйелдерге, 1-5 жасқа дейінгі балаларға және жаңа туған нәрестелерге тегін дәрі – дәрмек беріліп тұрады.

2018 жылы барлығы ақылы қоғамдық жұмысқа жұмыссыздар ішінен 13 адам жұмысқа тартылды. Оларға жергілікті бюджет қаржысынан 6240 мың тенге төленіп берілді. Тұрақты жұмысқа 5 азамат қабылданды.

Округ бойынша 11 кемтар бала және 3 жалғызілікті қарттар тіркелген. Бұл азаматтарға арнаулы кесте бойынша ай –сайын әлеуметтік көмек көрсетіліп тұрады. Кәсіпкерлік саласының жекелеген өкілдері аз қамтылған отбасы мүшелеріне әлеуметтік қолдау көрсетіп, түрлі қайырымдылық шараларына тұрақты түрде қатысуда. «Сүйін» шаруа қожалығының демеушілігімен 8 үйге табиғи газ жүргізіліп, мешітке бейне бақылау орнатылды.


Каталог: app -> uploads -> sites
app -> Таќырыбы: Јділбай Табылдиев “Аппаќ бала”
app -> Бекітілді шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Нарын ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған арналған кешенді даму жоспары
sites -> Құрметті Бекболат Серікбекұлы! Құрметті жиынға қатысушылар!
sites -> Т. Тысқұлов ауданында 2017 жылдың 12 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2018 жылдарға арналғаніс-шаралар жоспарының орындалуы туралы
sites -> Баспасөз баяны қР жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: тарихы мен даму бағыттары
sites -> Зейнетақы жүйесінің деңгейлері туралы әңгімелеп берсеңіз, базалық және ортақ зейнетақы дегеніміз не? Олардың бір-бірінен айырмашылығы қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет