Абайдың ағартушылық қызметі. Ақынның оқу, білім, ғылым тақырыбындағы өлеңдері. Жоспар



Дата23.11.2016
өлшемі145,55 Kb.
#2349




Абайдың ағартушылық қызметі.

Ақынның оқу, білім, ғылым тақырыбындағы өлеңдері.

Жоспар:

І. Кіріспе

1. Шығысым батыс болып кетті.. 3
ІІ. Негізгі бөлім


  1. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» 6

  2. Дүние де өзі, мал да өзі. 10

ІІІ. Қорытынды 13


Пайдаланған әдебиеттер 16

Кіріспе

1. Шығысым батыс болып кетті..

Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы классик ақыны, ағартушы демократы, ұлтымыздың рухани мақтанышы. Абай өз ауылында арабша хат танығаннан кейін, он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесінде 3 жыл оқиды. Оқуға зерек, ұғымтал Абай діни сабақтармен қоса өз бетінше араб, парсы тілдерін үйреніп, шығыс классиктері: Низами, Сағди, Хафиз, Науан, Физули еңбектерімен танысып, тағылым алады. Абай ақыл-ой санасы толысқан шағында ел билеу ісінен аулақтанып, ақындық өнер жолына түседі. Өз бетінше шығыс, батыс, орыс елдері ақындарының, ойшыл оқымыстыларының еңбектерін оқып, білімін толықтырады. 1870 жылдарда Петербургтен айдалып келген революционер Михаэлиспен танысып, дос болады. Михаэлис Петербург университетінің студенті, Чернышевскийдің жолын қуушы, демократ-революционер еді. Михаэлис арқылы Абай айдаудағы орыс демократтары: доктор Долгополовпен, табиғат зерттеушісі, тарихшы Леонтьевпен танысады. Солар арқылы ол орыстың белгілі ақын-жазушылары: Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков-Шедрин, Некрасов; сыншыл, ойшыл-демократтары Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов; Батыс Еуропа ақындарымен: Гёте, Байрон, философ ойшылдарынан: Спенсор, Спиноза, Дарвин, т.б. еңбектерімен танысып, тәлім-тәрбие алады. Абай өзінің өлең-жырларында ел ішіндегі ұрлық, зорлықты, алтыбақан алауыздықты, күштілікті, жатып ішер жалқаулықты өлтіре сынап, жастарды адал еңбекке, отырықшылыққа, егіншілікке,  өнер-білімге шақырады. Шығыс пен Батыс классиктерінің ағартушылық ой-пікірлерінен мол нәр алған ұлы ақын бала тәрбиесі мәселелеріне де кеңінен тоқталып, өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде педагогикалық көзқарасын білдіреді. Адам мінезіндегі орынсыз мақтан, ойсыздық,  салғырттық, күншілдік, көрсеқызарлық сияқты жаман әдеттердің ақыл мен ойды тоздыратынын айта келіп, естігенді есте сақтау, көргеннен үлгі-өнеге алу, жаман әдет-дағдыдан бойын аулақ ұстау, нәпсіні ақылға жеңдіру, ұстамды болу сияқты адамгершілік қасиеттерді насихаттайды. «Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмысында бір, ең болмаса айында бір, өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңнен өзің есеп ал»,-дейді. Яғни, адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады. Абай сана-сезімді тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның ролін материалистік тұрғыдан түсіндіре білді. Адамның жақсы-жаман болуы, ақылды-ақылсыз болуы генетикалық негізге байланысты, ақ сүйек тұқымынан шыққандар ақылды, батыр, алғыр болады деген буржуазиялық нәсілдік, идеалистік көзқарасқа қарама-қарсы. Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге, ортаға байланысты екенін дәлелдеді. Өзінің отыз жетінші қара сөзінде: «Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім»,-деді. Абайдың поэтикалық шығармалары мен қара сөздері пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, психологиялық және педагогикалық ой-пікірлерге толы. Абай түсінігінше, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге тәуелсіз өмір сүреді. Біздің түйсігіміз бен қабылдауымыз, түсінігіміз айналадағы ақиқат шындық өмірдің сәулесі ғана. Абай түсінігінше, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге тәуелсіз өмір сүреді. Адам баласы «көзімен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап,  тілмен татып, мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады»,-дейді Абай. Адам баласы анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Бірі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар – тәннің құмарлығы. Екіншісі – білсем екен деу- жан құмарлығы (жетінші сөз) деп ой түйіндей келе, «адам бойына жан құмарлығы арқылы жиналатын нәрсенің аты ақыл, ғылым… ол таланттылық пен ерінбей еңбек еткен адамның қолына түседі» деген қорытынды жасайды. Абайдың дүниенің дамуы жөніндегі көзқарасында диалектикалық сарын басым. Ол табиғат құбылыстарын өзара бір-бірімен байланыста, үнемі өзгерісте, дамуда болады, адамды қоршаған ортаның – табиғаттың ішкі сырын білім-ғылым арқылы білуге болады деп қарастырады.

Ақынның халқын ғылым, өнер жолына үндеуі мен демократтық көзқарасты қабылдауы, өмір шындығын терең танып, қоғамдық кайшылықтарды өткір сатира тілімен аяусыз шенеуінің бір тамыры осы мұраларда жатыр. Олар Абай бойыңдағы ақындық талантты оятты, оның жетіліп, дамуына жәрдемдесті. Оған дейін ойын-сауықтарда әзіл-қалжың ретіңде шағын шумақтарды суырып салып айтқаны болмаса, ол ақын болуды мақсат етпеген. Оның өлеңдерінің жүйелі, ақындық үлгіде жазылуы 1882 жылдан басталады.

80-жылдардың орта кезінен бастап Абай ақыңдық жолға бір жола бет бұрады. Бұл кездегі оньщ өлеңдерінің қай-қайсысы болсын — толысқан ой-сананың жеміс.

Негізгі бөлім


  1. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

Абайдың ақыңдық жолға бет бұрғаңдағы алғашқы сөзі мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналады. Оның 1885 жылы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі бұл тақырыптағы тұңғыш шығармасы болумен қатар, ақынның сөз өнері жолындағы жаңа ізденісін де танытады. Абай мұнда, ең алдымен, жаңа үлгідегі ақынға керек ғылым жайын сөз етеді. Ғылым-білімді кезінде зерттей алмағанына өкініш біддіреді. Өз қателігін балаларын оқытумен түзеуге бет алғанын айтады.

Сонымен қатар ол «Қызмет қылсын, шен алсын» деген халық мүддесіне жат тәрбие жайын мінеп, сынайды.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.

Бұл — өткенге кұр өкіну емес, келешекте жастардың, өзі тәрізді опық жеп қалмай, білім мен өнер қуатын шағын бос өткізбей еңбектенуіне жөн сілтеу. Шығарма Абай ақындығының халықтық, ағартушылық мақсатқа қарай бет алғандығының белгісі тәрізді. Кейінгі туыңдыларында ақын бұл идеяны тереңдете түседі.

1886 жылы Абай «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» деген өлеңдер жазды. Мұның алғашқысы ұстаз ақынның кейінгі ұрпаққа айтар өсиеті түрінде жазылған. Бүкіл өлең бойына Абай «ғылым» деген сөзді қайталап айта отырып, адам бойындағы қазынаның үлкені және әрбір жігерлі жастың талпынатын арманы — ғылым болуы керектігін түсіндіреді.

Ғылым таппай мақтанба!

Орын таппай баптанба!

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге, —

дейді ол. Сөйтіп, ғылымға берілудің, ғалым болудың жолдарын әңгімелейді.

Ғалым болмай немене,

Балалықты қисаңыз.

Болмасан да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

«Ондай болмақ қайда?» деп,

Айтпа, ғылым сүйсеңіз!

Сізге ғылым кім берер,

Жанбай жатып сөнсеңіз.

Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз, —

дейді.

Ғылым жолына ұмтылған жастарға айтар ақынның айырықша ескертуі бар. Ол — қандай нәрседен қашық болу, қаңдай нәрсемен дос болу.



Бес нәрседен кашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз,

Тілеуің, өмірін алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой

Бес асыл іс көнсеңіз, —

дейді.


Ғылым жолы — әділдік жолы. Оны ұстаған адам ескі жолмен жүре алмайды.

Надаңдарға бой берме

Шын сөзбенен өлсеңіз,

немесе:


Надаңдықпен кім айтса,

Ондай түпсіз сөзге ерме, —


дегеңде, ол ғылым үйренетін жастың қараңғы, надан қауымнан өзгеше болуын қалайды.

«Интернатта оқьш жүр» өлеңінде Абай әлгі ойларына тың пікірлер қосады. Мұнда, сыншылдық басым. Акын патшалық ел билеу жүйесіне, оқыту тәртібіне сын айтады. Халыққа пайдалы емес, залалды болып шығатын әкімдер мен шалағай төрелердің оқудағы мақсатын көрсетеді.

Орыс тілі, жазуы

Білсем деген таласы

Прошение жазуға

Тырысар, келсе шамасы.

Ынсапсызға не керек,

Істің ак пен қарасы.

Нан таппаймыз демейді,

Бүлінсе елдің арасы.

... Аз білгенін көпсінсе,

Көп қазаққа епсінсе,

Кімге тиер панасы?

Ақын мұндай мақсатпен ғылым қууды куаттамайды. Олардың «Иә тілмаш, иә адвокат» болу ниетіне Салтыков пен Толстойды әдейі қарсы қояды. Толстой мен Салтыков-Щедрин сынап, масқаралаған орыс чиновниктерінің бейнесін олардың есіне салады.

Жалпы орысты Абай жатсынбайды.

Орыс теріс айтпайды,

Жаман бол деп оларды.

Қаны бұзық езі ойлар

Қу менен сұм болады, —

деген сөздерде ақынның көрші халыққа деген адал пікірі жатыр. Жалпы орысты ол патша әкімдеріне, олардың зорлықшыл қылықтарына қарсы қояды.

Военный қызмет іздеме,

Оқалы киім киюге.

Бос мақтанға салынып,

Бекер көкірек керуге.

Қызмет қылма оязға,

Жанбай жатып сөнуге, —

дейді.

Тіл мен теңеу, түр жағынан алғанда да, «Интернатта оқып жүр» өлеңі — жаңалығы бар шығарма. Осы өленде Абай «Интернат», «военный қызмет», «прощение», «адвокат», «здравомыслящий», «коренной», «счет» т. б. орыс сөздерін қолданады. Оларды ұйқастыра отырьш, еркін пайдаланады. Және оларды ақын орыс мәдениетін үгіттейтін өлеңге әдейі кіргізген.



Озық мәдениет пен ғылымды, білімді игерген жаңа адамның бейнесін ақын кейін өз ұлы Әбдірахман (Әбіш) өліміне байланысты жазған өлеңдеріңде жасайды. «Ғылым оқып білгенше, тыныштық, тыным таппаған, дүниені кезіп көргенше, рақат іздеп жатпаған» Әбдірахманды ол «жаңа жылдың басы» санайды. Оның бойыңдағы бауырмалдықты, адалдықты, қарапайым мінезді басқа жастарға үлгі етеді. Оның «аз өмірін ұзартқан» ғылым деп ұғады.

  1. Дүние де өзі, мал да өзі.

Ұлы ағартушы өзінің көптеген шығармаларында қазақ халқының ауыр тұрмысын және надандығын мінеп-шенеді. Қара басының қамын ғана ойлайтын, яғни тән қажеттігін өтеуді ғана ескеріп, рухани қажеттілікті ойламайтын, біреуді алдап, біреуді арбап күн көрушілерге, өзінен күшті әкімдер алдында жағымпаздықпен көзге түсіп қалуға тырысушыларға Абай мейлінше қарсы болды. Ондағы мақсат халыққа адал қызмет ету деп ұқты:

         Пайда ойлама, ар ойла

         Талап қыл артық білуге.

         Артық білім кітапта

         Ерінбей оқып көруге, - деп жастарды білім-ғылымды меңгеруге шақырды.  Сол кездегі кейбір оқыған жастардың білімді шен алу, шекпен кию үшін пайдаланып, парақорлықпен алдап-арбаудың құралы етуге тырысқанына ызаланған Абай:

         Ойында жоқ олардың

         Салтыков пен Толстой

         Я тілмаш, я адвокат.

         Болсам деген бәрінде ой,- деп сөкті. Жастарға халық қамын ойлаған ақын-жазушылар мен ғалымдарды үлгі-өнеге етіп, «білімдіден шыққан сөз талаптыға кез болса екен», -дейді. Тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде деп ұққан Абай:

         Түбінде баянды еңбек егін салған,

         Жасынан оқу оқып, білім алған.

         Би болған, болыс болған мақсат емес,

         Өнердің бұдан өзге бәрі жалған.

         Ел болу үшін қала салып, отырықшылықта болу керек, мектеп салып, оқу оқып, білім алу қажет, тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде ғана тұр деп жар салды. Өнер-білімсіз қоғамның пайдалы азаматы болудың мүмкін емес екендігін, терең түсінген ол: «Барыңды салсаң да балаңа орыстың ғылымын үйрет… өнер де, ғылымда орыста тұр. Орыстың ғылымы, өнері – дүниенің кілті оны білгенге дүние арзанға түседі»,-деп озық мәдениетті орыс халқын өнеге етті.

         «Ақыл – ардың сақтаушысы» деп қарап, адамгершілік мәселелерін жоғары бағалап, ар тазалығы үшін күресуді дәріптеген ұлы ағартушы –

         Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр талап,

         Бұларды керек қылмас ешкім қалап…

         Терей ой, терең ғылым іздемейді

         Өтірік пен өсекті жүндей сабап, - деп кейбір жастардың іс-әрекетін қатты сынға алады. Абай қазақ қоғамындағы жас ұрпақтарды тәрбиелеуге байланысты ойларын бірнеше өлеңдерінде («Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» т.б.) айқын білдіреді. Ол халықтың артта қалушылығын, надандығын мінеп, әдебиет пен ағарту халыққа қызмет етуі, жалқаулыққа, ымырашылдыққа қарсы күрес жүргізуі қажет екендігін көрсетеді, прогресшіл орыс мәдениетіне жақындай түсуді уағыздайды. Мұндай күрделі міндеттерді шешудің жолдарын іздестіре келе, Абай өзінің «Қырқыншы сөзінде» жалпыға бірдей білім беру талабын ұсынып, қыздар да оқып, білім алу керек деп есептейді. Ұлы ағартушы өз айналасын қоршаған әділетсіздік қазақ халқын аздырып бара жатқанын, жас ұрпақты тәрбиелеуге теріс ықпалын тигізетіндігін байқап, халықты, әсіресе, жастарды, адамгершілікке тәрбиелеуге ерекше көңіл аударды.   Ал жастар бойына дарытуға тиісті жоғары адамгершілік қасиеттер ретінде туған елге деген сүйіспеншілік пен ерлік, табандылық пен адалдық, парасаттылық пен сыпайылық, адамдарға қайырымдылықпен қарау, еңбек сүйгіштік, жарқын өмірге ұмтылушылық т.б. атап айтты. 1886 жылғы бір өлеңінде ақын:

         Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман,

         Шошимын кейінгі жас балалардан.

         Терін сатпай, телміріп көзін сатып,

         Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман,- деп өз кезіндегі жастардың осындай жағымсыз мінездері н қатаң сынға алды. Абай уақытын еңбексіз бос өткізетіндерді, еріншектерді, өсекшілдерді, адамгершілік қасиетке ұмтылмайтындарды мейлінше жек көрді. Ондайлар туралы:

         Осындай сыйдаң жігіт елде мол-ақ,

         Бәрі де шаруаға келеді олақ.

         Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп,

         Бар өнері – қу борбай – сымпыс шолақ-деп, күйзеле жазады ұлы ақын.

         Гуманист – ақын Абайдың ХІХ ғ.орта шенінде халқымыздың бойындағы жағымсыз қасиеттерді қатты сынға ала отырып, айтқан ойларының, көтерген өзекті мәселелерінің бүгін де маңызды, күн тәртібінен түспей отырғандығын атап өткіміз келеді. Абайдың көтерген мәселелері бүгін де маңызды, өзектілігін ерекше айта кеткен жөн.



Қорытынды:

         Абай тарихқа ең алдымен кемеңгер ойшыл ақын, ағартушы ретінде енді. Абай өлеңдері мен қара сөздерінің тәрбиелік-тәлімдік мәні зор, идеялық деңгейі жоғары болып келеді.

           «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқты-барды, ертегіні термек үшін»,

 - деп ақынның өзі айтқандай оның өлеңдерінің әлеуметтік, этикалық мәні мейлінше терең. Ең алдымен ол өз халқына өлеңдері, қара сөздері арқылы ұдайы ой салды, оның көкірегін оятып, оны надандықтан, жаман қылықтардан сақтандырды, мәдениетті болуға, прогреске шақырды.

Абай өзінің өлеңдерінің бәрінде:

«Қалың елім қазағым, қайран жұртым,

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың,

Жақсы мен жаманды айырмадың

Бірі қан, бірі май боп енді еккі ұртың» – деген сөздері дәлел бола алады. Бұл өлеңде Абай ашынып, халықтың жанына тие айтады. Сондай-ақ, Абай бос даурығуға, бекер сал шашуға, өтірік, өсек айтуға, жалқаулыққа қарсы шықты. «Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз», - дей келіп, Абай «Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ, Бес дұшпаның білсеңіз, Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой, Бес асыл іс, көнсеңіз», - деген өсиет айтты.

Абай өнер-білім алуға шақырды, өмірде өз орныңды тап, пайдалы әрекет жаса, дейді. «Сен де – бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та, бар қалан!» деген сөздер соның айғағы. Қазақ елінде ойын-сауыққа көп әуестеніп, бір үйден бір үйге, бір ауылдан бір ауылға селтеңдеп, қыдырып жүретін келеңсіз әдет селтеңдеп, қыдырып жүретін келеңсіз әдет барын ашына ескертіп, одан аулақ болуды арман етті.

«Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық,

Аздырар адам баласын», - деп жағымсыз қасиеттерден жастарды жирендіреді.

Ол А.С.Пушкин мен М.Ю.Лермонтовты ұстаз тұтты, олардың өлеңдерін, И.А.Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударды. Мәселен, «Татьянаның хатын», «Онегиннің хатын» аударып қана қойған жоқ, оған ән де шығарды.

1840 жылы М.Ю.Лермонтов Гетенің «Жолаушының түнгі әні» деген өлеңін «Горные вершины спят во тьме ночной» деген атпен аударған болатын. Гетенің бұл өлеңі көптеген ақындарға, композиторларға әсер етті. Ол Абайдың да жүрегіне ұялады. «Қараңғы түнде тау қалғып, ұйқыға кетер маужырап» деп аударды. Сонымен қатар, Абай шығыс мәдениетінен де нәр алды. Фирдоуси, Науан, Низами, Хафиз, Сағди шығармаларына еліктеді.

1995 жылы бүкіл еліміз Абайдың 150 жылдық мерекесін ЮНЕСКО шешімі бойынша әлем болып тойлады. Ұлтымыздың рухани мақтанышы, ұлы гуманист, ақын-ағартушы Абайдың ғылыми-педагогикалық мұрасының зерттелу жайы туралы және Қазақстанда төңкеріске дейінгі педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында алатын орны туралы айтқанымызда ұлы ғұлама ойшылдың педагогикалық мұрасын алғашқы зерттеушілер, педагогика тарихы саласындағы көрнекті қазақстандық ғалымдар, педагогика ғылымдарының докторлары, профессорлар Т.Т.Тәжібаев, Қ.Б.Бержанов, Ә.У.Сембаев, Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев және т.б. ғалымдардың еңбектерін ерекше атап өткен жөн.

Ұлы гуманист-ақынның педагогикалық, тағылымдық мұраларының мәні мен маңызы бүгінгі таңда да өміршең, өзекті екендігін дәлелдейді.

ХХ ғасырдың басында бір кезде Шоқан, Ыбырай, Абай көтерген ағартушылық қозғалыстың туын Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатовтар жалғастырды. 



Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Абай.Шығармаларының екі томдық толық жинағы.1,2-томдары. А.,1995.

  2. Абай тағлымы. Әдеби- сын мақалалар мен зерттеулер.А.,1986.

  3. Әлімбаев М. Өрнекті сөз – ортақ қазына. Алматы,1967. Молдабеков Ж.Ж. Аудармадағы ала-құлалық алаңдатады // Ақиқат. – 2006. – №4. – 41- 45 бб.

  4. Әуезов М. Абай Құнанбаев. Монографиялық зерттеу мен мақалалар (Құрастырып баспаға әзірлеген Н.Ақпаев). – Алматы, «Санат», 1995. – 320 б.

  5. Қирабаев С. Мырзағалиев Қ. Қазақ әдебиеті. Алматы: Рауан 1998 – 271 б.

  6. Талжанов С. Көркем аударма туралы. – Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1962. – б.

  7. Сатыбалдиев Ә. Рухани қазына: Көркем аударма мәселелері. – Алматы: Жазушы,1987. – 171 б.

  8. Нұрышев С. Көркем аударманың кейбір мәселелері (мақалалар жинағы). – Алматы: Қаз.ССР Ғылым Академиясының баспасы, 1957 – 151 б.

Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет