Қабылдау емтиханының бағдарламасы



Дата27.03.2018
өлшемі141,67 Kb.
#39700
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қазақстан тарихы кафедрасы

ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

6М020800 – Археология және этнология мамандығы бойынша

Павлодар
Кегль 14, буквы строчные, кроме первой прописной

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті





БЕКІТЕМІН

С.Торайғыров атындағы ПМУ Ректоры

___________ Өрсариев А.А.

201 ж. «___»____________




қабылдау ЕМТИХАНының БАҒДАРЛАМАСЫ

6М020800 – Археология және этнология мамандығы бойынша


Бағдарлама ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 Қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары негізінде әзірленген
Құрастырушы: _________ т.ғ.к., профессор Елмұратова Б.Ж.

Қазақстан тарихы кафедрасының отырысында ұсынылған,

«___» ____________ 201 ж. № ___ хаттама
Кафедра меңгерушісі ___________ Марданова З.Ж. «___» __________ 201 ж.

Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

«___» ____________ 2015 ж. № ___ хаттама
ОӘК төрағасы ___________ Шакажанова Г.К. «___» __________ 201 ж.


КЕЛІСІЛДІ

Факультет деканы ___________ Бегимтаев А.И. «___» __________ 201 ж.


1 Емтиханды өткізу мақсаты мен міндеттері
Магистратураға түсу үшін емтиханның қабылдау мақсаты – бұл үміткерлердің білім деңгейі мен оқуға деген құштарлықтарын анықтайды.

Емтиханды қабылдау міндеттері:



  • мамандықтың сұрақтары бойынша үміткерлердің құзыреттілігін анықтау;

  • кәсіби қызметтің білімін оқыту және ынталандыру құзыреттіліктерін анықтау;

  • магистратураның оқыту үрдісінде ғылыми, өндірістік және инновациялық өздік әрекетіндегі болашақ магистранттың дайындығын анықтау.


2 Емтиханды ұйымдастыру және өткізу әдісі
Емтиханды тапсыру ҚР БҒМ бекітілген күнімен және грифімен өткізіледі. Мамандық бойынша емтиханды қабылдау кешенді емтихан (КЕ) және аралас түрде (компьютерлік тестілеу – жазбаша (эссе) немесе компьютерлік тестілеу – питч) үш тілдің (қазақша, орысша, ағылшынша) бірінде бірнеше тілдік оқыту концепциясы бойынша қабылданады.

Емтиханды қабылдау кезеңі видеокамераға түсіріледі.

Емтиханды өткізу кезіндегі болжамды уақыты:

- компьютерлік тестілеу – 45 минут (30 сұрақ – 1 сұраққа 1,5 минуттан);

- жазбаша емтихан – эссе (30 мин);

- питч – ауызша 2-3 мин, сұрақ-жауап 2 мин.

Компьютерлік тестілеуге магистратураға түсетін барлық үміткерлер кіреді, емтиханның екінші бөлімі оқыту траекториясы бойынша жоспарланған модульдік оқыту бағдарламасы бойынша жеке өткізіледі.

Оқытудың 2 траекториясы жоспарланған.






Оқыту траекториясының атауы

Емтиханды қабылдау түрі

1

Зерттеу

Аралас (компьютерлік тестілеу + жазбаша (эссе))

2

Кәсіпкерлік(Start Up - магистратура)

Аралас (компьютерлік тестілеу + питч)

Емтиханды өткізу барысындағы аралас (компьютерлік тестілеу + жазбаша) түрдегі емтиханды қабылдау:



  • компьютерлік тестілеу – мамандық бойынша 30 сұрақ, кәсіби әрекетпен байланысты сұрақтар бойынша үміткерлердің құзыреттілігін анықтау;

  • жазбаша бөлімі – эссе, оқуға және ғылыми-зерттеу әрекетіндегі ынтасын анықтау.

Емтиханды өткізу барысындағы аралас (компьютерлік тестілеу + питч) түрдегі емтиханды қабылдау:

Питч сұрақтарға жауап беру (презентациямен 3 мин баяндама және 2 мин комиссияның сұрақтарына жауап беру), археологиялық ғылым, өзгеріп отыратын әлемде кәсіби жинақылықты қамтамасыз ететін ғылымдар тоғысуындағы іргелі білімдерді меңгеріп стартап-жобалар идеясын анықтау және оның коммерция тұрғысында іске асыру.



Қабылдау комиссиясының қызмет саласы мен құрамы. Мамандық бойынша емтиханды қабылдау комиссиясы (ҚК) қабылдайды, ол университеттің ректорымен бекітіледі, қабылдау комиссиясының құрамына төраға және үш комиссия мүшелері, соның ішінде екеуі тарих ғылымдарының докторы болуы қажет. Комиссия жұмысына факультет деканы, университеттің арнайы кафедрасы, бизнес-қауымдастықтардың өкілдері, әртүрлі ұйымдар өкілдері және комиссия хатшысы болады.

Комиссияның қызметтік саласына кіреді:



  • мамандықтың сұрақтарындағы үміткерлердің құзыреттілігін анықтау;

  • кәсіби қызметтің білімін оқыту және ынталандыру құзыреттіліктерін анықтау;

  • магистратураның оқыту үрдісінде ғылыми, өндірістік және инновациялық өздік әрекетіндегі болашақ магистранттың дайындығын анықтау.

Емтиханды жоғарыда жазылған қабылдау комиссиясы видеокөшірмесі бар арнайы компьютерлік аудиторияда немесе бекітілген аудиторияда өткізеді.

Емтиханды өткізу барысы:



  • үміткер емтиханға аталған күні, аудиторияға белгіленген уақытта келеді;

  • ҚК мүшелерінің рұқсатымен өзінің орнын алады (компьютердің орнын/жауап беттерін алады;

  • үміткер жауап бетінде өзінің атын, тегін, әкесінің атын, әрі қарай оқуға өзі таңдап алған оқыту траекториясын немесе мамандығын жазады;

Эссе үшін:

  • Үміткер 30 мин ішінде эссе жазады (жазған жауабы ұғымды болу керек, соның ішінде кесте, формула, схема және т.б. болуы мүмкін.), ал аралас емтихан түрінде питч түрінде баяндама жасауға дайындалады;

  • барлық жазған жауаптары 3-4 беттен аспау қажет;

  • үміткер жазған жауаптарының әрбір бетіне өзінің қолын қояды және де оны қабылдау комиссиясының хатшысына тапсырады.

  • емтиханның жазбаша бөлімінен кейін питч уақыт кестесі бойынша сол аудиторияда жүргізіледі. Питчті тапсыру түрі: үміткер 3 минут ішінде баяндама жасайды, содан кейінгі 2 минутта комиссияның қойған сұрақтарына жауап береді. Үміткердің питчті қорғауда және бағалауда, бір үміткер және комиссия мүшелері ғана отырады.


3 Білімді бағалау
ҚК мүшелері түсушілердің білімдері мен потенциалын балдық-рейтингтік жүйе бойынша бағалайды.

Түсушілердің ҚЕ тапсырғандағы білімдерінің бағалау шешімін, комиссия мүшелерінің дауыс беру жүйесі арқылы жабық отырыс шешімімен қабылданады. Дауыстардың теңдей қорытындысында ҚК төрағасының дауысы негізгі болады. Комиссияның барлық отырыстары протоколдармен рәсімденеді. Протоколды шығарушы кафедраның оқытушылары арасында тағайындалатын ҚК хатшысы толтырады. Хаттамада білім бағасы, ҚК ерекше ойлары және т.б. жазылады. ҚК нәтижелері университеттің ақпараттық стендінде емтихан тапсырған күні ілінеді.

Түсуші бағаларымен келіспеген жағдайда ережелерге сәйкес апелляцияға бере алады.
4 Білімді бағалау критерийлері
Баға 100 балдық шкала бойынша анықталады. Қабылдау емтиханы бойынша қорытынды баллдар кестеге сәйкес цифрлық эквивалентке, әріптік және қалыпты бағаға аударылып, емтихан ведомостыне жазылады.

Баллдық қорытынды баға (Қ)

Балдың цифрлік эквиваленті

(Ц)


Әріптік жүйедегі баға (Ә)

Қалыпты жүйедегі баға (Қ)

Емтихан, диф. сынақ

Сынақ

95-100

4

А

Өте жақсы

Қабылданды

90-94

3,67

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

Қанағаттанарлық

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

0-49

0

F

Қанағаттанарлықсыз

Қабылданбады


5 Эссе және оны жазу әдістемесі
Тапсырма (максимальды сөз саны – 300):

Магистратурада оқу барысында өзіңіздің ғылыми-зерттеу жұмысыңыздың бағытын қалай көресіз?

Эссе құрылымы А Қосымшасында келтірілген.



Эссе жазу әдістемесі

Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium – құрау ) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін.

Эссе философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры. Әдебиеттегі Эссе – соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеші интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын, өмір саяхатындағы көрген-білетін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қонымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән.

Эссе бірнеше бөлімдерден тұрады:

- кіріспе, тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі көрсетіледі (жалпы текстің 10 %);

- негізгі бөлім, автор мәселе бойынша өзінің ойын білдіреді (жалпы текстің 80 %);

- Қорытынды, жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы (жалпы текстің 10 %).

Эссе автордың өз атынан жазылады. Тексты оқуды жеңілдету үшін мағыналы текстыны абзац арқылы бөліп, жаңа ойды жаңа жолдан бастайды.

Бұл жұмысты орындау үшін арнайы әдебиеттерді қарастырып, эссены жазу әдістемесінің ұсыныстарымен танысу қажет.
6 Питч және оны жазу әдістемесі

Тапсырма:



Таңдап алған салада өзіңіздің стартап-жобаңыздың ойын презентация ретінде ұсыныңыз.

Питч құрылымы Б Қосымшасында келтірілген.



Питчты жазу әдістемесі

Питч (Питчинг, pitch, pitching)ойды сатып алушыны қызықтыру немесе қаржының бағытын өзіне қарай алу мақсатында сөзбен (кейде визуальды) немесе презентация арқылы көрсету, немесе сценарийды сату. Жақсы жасалған питч 5-10 сөйлеммен ғана берілуі керек (5 минуттан көп емес).

Питч 3 минутқа жасалған презентациясы бар баяндамадан тұруы керек және комиссия мүшелерінің тарих саласынан 2 минуттан тұратын сұрақ-жауабынан тұруы керек.

Бұл жұмысты орындау үшін арнайы әдебиеттерді қарастырып, эссены жазу әдістемесінің ұсыныстарымен танысу қажет.

7 Емтихан бағдарламасына еңгізілген пәндердің тізімі:

- Археология;

- Этнология.
8 Пәндер бойынша қабылдау емтиханға арналған тақырыптардың сұрақтары

8.1 Археология пәнінен негізгі сұрақтар:

Тас ғасыр археологиясы. Қола дәуірінің археологиясын зерттеу мәселесі. Ортағасыр қоныстар мен қалалардың археологиялық зерттеліу. Археологияның теориялық сұрақтары. Археологиялық ашылымдардың тарихы. Археологиядағы жаңа әдістері мен зерттеулері. Археологиядағы жаратылыс-іылыми әдістері. Павлодар Ертіс өңірінің археологиялық зертеліу.


8.2 Этнология пәнінен негізгі сұрақтар:

Этнологияның теориялық сұрақтары. Зерттеулердің этнологиялық әдістері. Этногенез және этникалық тарихтың теориясы. Әлем халықтарының этнографиясы. Қазақтардың этнологиялық зерттеліу. Әлеуметтік және мәдени антропология түсініктері. Этнографиялық ғылымының тарихы. Ежелгі кезеңдегі этномәдени үрдістер. Ортағасырдағы этномәдени үрдістер. Қазақстан аумағындағы этномәдени және этноәлеуметтік үрдістердің түсіндіру мәселесі. Этномәдени үрдістердің теориясы. Этномәдени зерттеулердің заманауи әдістері.


Қолданылатын әдебиттер тізімі:

  1. Артыкбаев Ж.О. Этнология. Учебник для вузов. Алматы, «Изд-во КазНУ», 2006

  2. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. Учебное пособие. Алматы: «РИК», 2008

  3. Байпаков, К. Великий Шелковый путь: на территории Казахстана К. Байпаков.-Алматы:Адамар,2007

  4. Валиханов Ч.Ч. Этнографическое наследие казахов. БКЭ. Павлодар, «ЭКО», 2007

  5. Вопросы геологии антропогена. М., 2006

  6. Гарден Ж.-К. Теоретическая археология. М., 2008

  7. Галустова О.В. Этнопсихология. М., «Приор-Издат», 2005

  8. Досымбаева, А. Культурный комплекс тюркских кочевников Жетысу 2 в. до н. э.- 5 в. н. э.:(по материалам археологии)/А. Досымбаева.- Алматы: Тюркское наследие, 2007.- 216 с.

  9. Древнее золото Казахстана: [фотоальбом]/ З.Самашев, Г.Джумабекова, Г. Базарбаева, А. Онгар.-Алматы:Өнер,2007.-160 с.-(Қазақ өнерiнiң қайраткерлерi).

  10. Исследования Российско-Казахстанской археологической экспедиции в Казахстане (1998-2001). Под. ред. А.П. Деревянко, Новосибирск, 2003

  11. Мартынов А.И. Археология. Учебник для вузов. М., 2005

  12. Садохин А.П. Этнология. Учебное пособие. М., 2005

  13. Самашев З. Реконструкция древесины из Берельского кургана. Алматы: «Ғылым», 2002

  14. Самойлова Е.А., Виноградова Л.И. К вопросу о полевой обработке и консервации археологических находок //Современные концепции первобытной истории. Труды ГИМ. Вып.113. – М., 2000

  15. Сидорова Н.А. Новые открытия в области античного искусства. М., 2006

  16. Сикевич З.В. Социология и психология национальных отношений. СПб., 1999

  17. Теория и практика межэтнического и межкультурного взаимодействия в современном Казахстане. Учебное пособие для вузов. А., 2002

  18. Турищева Р.А., Новакова А.А. Особенности реставрации и хранения археологических предметов в музеях //Современные концепции первобытной истории. Труды ГИМ. Вып.113. – М., 2000

  19. Этнографо-археологические комплексы: Проблемы культуры и социума. Новосибирск: «Наука», 2002


А Қосымшасы

(Эссе құрылымы)


Тапсырма (максималды сөз саны – 300):

Магистратураны оқу барысында болашақта өзіңіздің ғылыми-зерттеу әрекетіңізді қалай көресіз?

  1. Аты-тегі/ Аты-тегінің кодталуы

  2. Базалық білім (мамандық)

  3. Зерттеу бағыт бойынша беретін тақырып атауы

  4. Зерттеу тақырыбының өзектілігі

  5. Мақсаты мен міндеттері

  6. Зерттелудің дәрежесі

  7. Жұмыстың жаңалығы

  8. Теориялық және тәжірибелік маңыздылығы


Б қосымшасы

(Питч құрылымы)


Тапсырма:

Өзіңіздің таңдап алған стартап-жобаңызға презентация жасаңыз
Питч құрылымы:

Не туралы айту керек:

- Кімсіз (компанияңыздың атауы және логотипі);

- Сіздің жобаңыз қандай мәселені шешеді;

- Шешу жолы бойынша оның сұранысы қандай;

- Нарық/бәсекелестер;

- Шешу жолы: кілттік технология (қысқаша);

- Сіздің шешу жолыңыз: бәсекелестер алдындағы артықшылықтар;

- Бизнес-модель: қалай ақша табасыз;

- Маркетинг және сату: нарыққа қалай шығасыз;

- Негізгі көрсеткіштер: гипотезалар, болжамдар, табыс көрсеткіші;

- Команда: осы бизнесті неге сіз іске асыра аласыз;

- Қазіргі статус (не істелінді), жоспар-кесте (не және қашан жоспарланады);

- Капиталды жұмсау қажеттілігі (қанша ақша керек – және неге)/инвесторге ұсыныс (олар үшін не бере аласыз);



- Байланыстар.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет