Қабілетін арттыру жолдары. Оқыған: тарих пәні оқытушысы Жумагалиева Венера Батырбековна Орал 2018



Дата26.06.2018
өлшемі19,04 Kb.
#44325
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Орал қаласы

20 ЖОББМ коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Баяндама

Тақырыбы:

Оқушылардың тарих сабағында логикалық ойлауы мен ауызша және жазбаша сөйлеу әрекетін, шығармашылық

қабілетін арттыру жолдары.


Оқыған: тарих пәні оқытушысы

Жумагалиева Венера Батырбековна

Орал - 2018
Бүгінгі тарихты оқытудағы басты мақсат – дүниежүзілік дамудағы адамзаттың орны ерекше екендігін, ол жасаған бүкіләлемдік құндылықтарды білетін, оларды Қазақстанның дамуы үшін пайдалануға ынталы, жан-жақты жетілген, өзінің тарихи тамырларын, қоғамдағы орнын түсінетін белсенді азаматтарды қалыптастыру. Осындай міндеттерді жүзеге асыруда тарихшы мұғалімдердің атқаратын орны ерекше.

Тарихи білім берудің басты мақсаты мен міндеттері мынадай:

-         оқушылардың адамзат қоғамының ежелгі заманынан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру;

-         бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени тарихи тәжірибенің негізін оқытып, меңгерту;

-         оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, оларға адамзат жинаған әлеуметтік рухани, адамгершілік тәжірибесін меңгерту;

-         оқушыларды өз халқы мен басқа халықтардың мәдениеті мен тарихын, бүкіл адамзаттың мәдени мұрасын сақтауға тәрбиелеу;

-         оқушылардың бойында Қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру;

-         эстетикалық, экономикалық тәрбие беру, діннің тарихтағы қызметін дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу.

Осы міндеттер мен мақсаттарды орындау үшін қазіргі педагогиканың жаңалықтарын, оқу әдістемелік тәсілдің тиімді жолдарын таңдау, үздіксіз ізденіс пен білім сапасын жақсарту қажет. Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, қосымша элементтерді пайдалану мен тарихи деректерді оқып үйренуге дағдыландыру, баяндама, рефераттар, хабарлама жасату, өз бетінше оқып білім алып шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу және т.б. Осыған орай, біз яғни мұғалімдер қауымы орыстың ұлы педагогі К.Ушинскийдің«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген сөзін әр уақытта естен шығармауымыз қажет.

Ал енді менің бұл тақырыпты таңдауыма негіз болған - оқушылардың тілдік қорларының аздығы, тіл байлықтарының, сөйлеу мәдениетінің жоғары дәрежеде көріне алмауы еді.

Бүгінгі таңда сабақ өткізудің түрлері көбеюде. Түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сапалы білім, саналы тәрбие беруде сабақтың тиімді түрлерін қолданып келемін. Осы мақсатта оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін және де ауызша, жазбаша сөйлеу тілін дамытуда, өз сабағымда пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдерден мысалдар келтіріп кетуді жөн көрдім. 5-6 сыныптарда ойын сабақтары, 7-8 сыныптарда сын тұрғысынан дамыту, ұжымдық оқыту, пікірталас, семинар, сынақ, жарыс, өзіндік жұмыс, мәнерлеп оқыту т.б. тәсілдерді қолданамын. Сурет-иллюстрациялар бойынша әңгіме құрастыру, тірек сигналдар, тірек-сызбалар, кластерлер, хронологиялық таблицалар құрастыру, тірек-конспектілер, Венн диаграммасы арқылы жұмыс істеу әдістері де қолданылады. Тағы бір ерекшелік, күнделікті сабақпен салыстырғанда қайталау сабақтарында оқушылардың өз беттерінше ойланып жұмыс істеуіне едәуір мүмкіндік туады. Тарихи оқиғалар мен құбылыстарды өз бетінше талдайды, салыстырады, қорытынды жасайды, баға береді.
Мысалы: 1. «Қазақ жүздеріне сипаттама бер»

жүздер

территориясы

ұраны

Жүздерге енетін тайпалар

Ұлы жүз

 

 

 

Орта жүз

 

 

 

Кіші жүз

 

 

 

 

2. «Алтын Орда мемлекетіне мінездеме бер»

1. Территориясы______________________________                       

2. Қоғамдық құрылысы ________________________

3. Ішкі саясаты _______________________________

4. Сыртқы саясаты ____________________________

5. Құлау себебі _______________________________

6. Қорытынды _______________________________

 

3. Венн диаграммасын толтыру:



1783-1797 жж. Сырым Датұлы бастаған көтерілістің ерекшеліктері

Көтерілістің ортақ белгілері

1837-1838 жж. Ішкі Ордадағы шаруалар көтерілісінің ерекшеліктері

 

4. «Портреттер сөйлейді» (көрсетілген фотосуреттегі адамның аты-жөнін атап, өмірбаянына тоқталу)

Қабанбай                       Бөгенбай

 

5. «Бұл кімнің сөзі?» (мәнерлеп оқи отырып, карточкада берілген жырдың кімнің сөзі екенін анықтау) т.с.с.

     


6. Топтастыру.

Сақтар


Уйсіндер

Ғұндар


Қаңлылар

Тірек сөздер: "Биші бикеш", Шірік-Рабат, Қарғалы диадемасы, Каталаун шайқасы, Анахарсис, Алтынасар, Ақтау, Ұлы Қытай қорғаны, б.з.б. 490 жыл, 24 ру, 5000 жылқы, Сыма Цянь, Геродот, Прииск.
7. Артығын тап.

- Х. Алпысбаев, Ә. Марғұлан, М. Герасимов

- Үйсін, Рим, Кушан, Қаңлы

- Спитамен, Спаргапсис, А. Македонский

- Сарматтар, тері өңдеу, Үйсіндер

- "Аттила", Мағжан Жұмабаев, Джузеппе Верди
Сондай-ақ, тақырыпты меңгеру үшін, оқушыларға мынандай талаптар қоямын: тақырыптың негізгі мазмұнын баяндау, оқыған тақырыптар бойынша жоспар құру, конспект жазу, талдау жасау және материалдар жинақтау.

Мысалы конспектілеудің үлгісі:

1. Конспекті жасау үшін жоспар құру.

2. Даталарды, фактілерді, тұжырымдарды келтіре отырып, оқиғаны қысқаша баяндап жазу.

3. Қысқаша ой түйінін жасау.

Міне, осы тәрізді әдіс-тәсілдерді білім сапасын арттыру мақсатында түрлендіре отырып қолданамын. Бұл жұмыстар оқушылармен тығыз байланыста болуға, оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, оқушының танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыруға, оқушы тарапынан белсенділік танытып, дербестік көрсетуіне, өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға көмектеседі. Оқушылардың алған білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау жүйесін дамытып, тиянақты білім алуына жол ашады. Сабақта оқушының жеткен жетістігін баса көрсетіп, оның пәнге деген қызығушылығын арттырып отырамын. Оқушыларды өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге баули отырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдаймын.

Өзімнің баяндамамды қорыта келіп, мынандай түйін түюге болады:

1. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артады.

2. Оқушылардың танымдық белсенділіктері дамиды.

3. Оқушылардың логикалық ойлауы мен ауызша және жазбаша сөйлеу әрекеті, шығармашылық қабілеті артады.



4. Оқушылардың білім сапасы көтеріледі.

Мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, ізденімпаз ғалым, тынымсыз еңбекқор, кез-келген ортаның ұйтқысы, оқушылары алдында беделді, ұжым мүшелері мен ата-аналар арасында сыйлы болуы керектігін ескере отырып, Отаны мен халқы алдындағы жауапкершілігін сезіне алатын жас ұрпақтың  азаматтық ұстанымын қалыптастыруға өз үлесімізді қоса білейік.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет