Абыз тұЛҒА, АҢыз тұЛҒа кетбұҚа жауапты редакторы



бет12/15
Дата25.12.2016
өлшемі4,04 Mb.
#5232
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Дәуренбек БҰЛАНБАЕВ,

ақын.

ЕЛІҢЕ МЫНАУ НЕ ДЕЙСІҢ?..

(Кетбұқа рухымен сырласу)


Кетбұқадай билерден

Кеңес сұрар күн қайда?..

Доспамбет жырау
Текті еліне тұтқа болған өр есім,

Ескі күннен қол бұлғайды елесің.

Құбыладан күтіп жүрген шұғыла

Бар ма, еліңе айта-тұғын кеңесің?


Матауына түсіп тірлік-майданның,

Ұлысына заман уын жайған күн.

Жай ойнатшы жәдігөйдің басына,

Кетбұқасы найза ұстаған Найманның.


Есерлендік, езбен бірге күлдік те.

Көз қадаған көкжиегім – бір нүкте.

Айналамнан қара таппай аңырам,

Жатырына жын жайлаған тірлікте.


Рухыңның пұшпағынан күш ап қап,

Жылар ма едім, қабіріңді құшақтап.

Ібілістің ісін санап құбылыс,

Мына жұртың бара жатыр ұсақтап.


Тірлік мұңы кеудесіне толғасын,

Шер жамылған шындықты айту...

Ол да сын!

Қолға ұстаған домбырам жоқ.

Ендеше,

Көмейіме құйылады-ау қорғасын.


Ойынынан осылардай осы күн,

Қара түннің қабағынан шошыдым.

...Кетбұқаның күңіренген күйлері

Қабірінен шығып жатыр Жошының...



Жанат ӘБДІҒОЖИН,

ақын.

БІР КЕТБҰҚА КЕРЕК-ТІ БІЗГЕ БҮГІН...
Күй болып төгілердей ылғи мұңым,

Кеудеде көмескілеу мүлгиді ұғым.

Шыңғыстың қаһарына қарсы тұрған,

Аңыздан Кетбұқаны білмейді кім?


Жүйкемді тоздырғанда қақсап бір ән,

Шамданып, ойды алысқа сан шаптырам.

Бізге де бір күй керек зияны жоқ, –

Кетбұқа абыз шерткен «Ақсақ құлан»...


Тарих тұр елші болып көне күннен,

Тұлға сол – қалар болса төбе кімнен.

Кетбұқадай жыраудың мұңын көрем

Жошының өліміндей өлеңімнен.


Бабадан балаға үлгі сан ізгілік,

Мұрада болар болса маңыздылық.

Кетбұқадан керек-ау киені ұғу,

Ұрпағы айтып жүрген аңыз қылып.


Далалықтан алатын ізгі еді ұғым,

Құлдық ұру ханшаға – біздегі мін.

Ханға ашығын айтатын қарекеттің

Бір Кетбұқа керек-ті бізге бүгін.



Нәлібай Үсенұлы Дәрібаев

Кетбұқа қазақтың кемеңгер биіне
Жошы ханға қазақты бөлген екен,

Кетбұқаны кеңесші ғып берген екен.

Жошы хан серілікпен тауда жүріп,

Құлан қуып, аттан құлап өлген екен.


Еш пенде естірте алмай Шыңғыс ханға,

Қорыққаннан ұйықтамай түннен-таңға.

Қорғасын құям депті айтқан жанға,

Жеткізген домбырамен Шыңғыс ханға.


Зар жылаған көз жасы тиылыпты,

Кетбұқаның батырлық сырын ұқты.

Күйінен Кетбұқаның бәрін ұғып,

Қорғасын домбыраға құйылыпты.


Басқарған Шыңғыс ханның мол әскерін,

Адал жасап жүріпті кеңестерін.

Қасиетті қазақтың биі болып,

Жеңе білген тағдырдың нар өткелін.


Шалқып басып Сарыарқа қырқасында.

Қазақ тілі аман қалған Кетбұқаның арқасында.

Өзі батыр, өзі би, өзі әулие,

Қазақтай қасиетті елдің ортасында.




КетбұқаНЫҢ Шыңғыс ханға

өзін мойындатуы
Дулыға қажап маңдайын,

Термен шылап самайын,

Палуаны күштеулі,

Көк найзасы үштеулі,

Алдаспаны қайраулы,

Түмендері айбарлы,

Нартрух батыр басында,

Жанкештілер қасында,

Тініке сауыт киінген

Аламаны найманның

Айбатынан тайған жоқ,

Ұранынан қалған жоқ.

Алмасты мінер атына,

Найзағай атар қасына,

Кетбұқа жетсе ордаңа,

Құлдық ұрып келген жоқ,

Бас билігін берген жоқ.

Кенжал Балкенов

Қазақтың Кетбұқасы
Мыңжылда бір туатын замананың

Айбыны тауды бұзар, толқынды ағын

Қорқыт ата, Құбатегін, Кетбұқа –

Қазақтың барыстары сахараның.


Өткірлігі – тасты жарар найзағай

Өсиеті – ұшан-теңіз даламдай

Өр Сабырақ, Тататұнға – ұстазы,

Өжеттігі – сауыт сөгер найзадай.


«Тура биде туған жоқ» деп көнбеген,

Тілге шешен билікпенен сөйлеген

Кетбұқадай кешегі билер қайда,

Өтірік пен мансаптыққа төзбеген?


Бірлікті елдің арайлап күні атқан,

Билікті елдің алаулап отын жаққан

Кетбұқадай кешегі билер қайда,

Бойында намыстың қаны аққан?


Құбатегін, Кетбұқа дүр қамшылап,

Рухыңды оятумен тұр шымшылап,

«Сабыр түбі – сары алтын» деген бар ғой,

Шыдамды елдің бақыты бір ашылат.


Өжеттілік қаны бар жүрегінде,

«Нар ату» шыдамдылық – бір өзінде,

«Сақ болғын» өсиетін тудай ұстап,

Өсіп келед сұлтандар өз жерінде.


Тарихтың толқынында баба – арысым,

Ұрпағымен табысты әз – ырысым.

Жарып шықты айбарлы тұлғасымен,

Көрсетіп ерліктерін ер – барысым.


Тарап кеткен жыр-күйлері Далаға,

Сиынатын бақсыларда бабаға.

Рух берер күйлері бар сарынды,

Сол құдіретті сіңдірейік санаға.


Еліне Ұлығ жырау болған қорған,

Кетбұқа Аталық бимен тарих толған.

«Қазақтың Кетбұқасы» ұранымен,

Рухтанып ұрпақтары атқа қонған.


Танбасын тұлпарлар да желісінен,

Нәрленсін ұл-қыздары жемісінен.

«Кетбұқа би» кешені болары анық,

Лайықты орын алып ел ішінен.



Қасым-жомарт КӨБЕЙСІН,

Қ.И. Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейінің

7 «а» сынып оқушысы

ҰЛЫ БАБАМ – КЕТБҰҚА
«Ынтымақсыз болған елден

Ырыс кетер, сақ болғын!

Бірлігі жоқ Алашымнан

Қыдыр кетер, сақ болғын!»


Аманат айтқан осындай,

Жарқылдап өткен жасындай!

Ғасырлар талай өтсе де,

Жанашыр жақын досымдай.


Өсиеті оның мәңгілік,

«Жадымда тұрар жаңғырып».

Алдымда тұрар арман боп

Сән-салтанат, бар қызық.


Кетбұқа – кемеңгер бабамыз,

Біз одан үлгі аламыз.

Жырау, күйші, күрескер,

Ұлыға ұрпақ боламыз.


Кетбұқа бабам – данышпан,

Басқыншы жаумен алысқан.

Қобызының сарыны

Жаһанда желмен жарысқан.


Ол – Ұлытаудың түлегі,

«Алаш!» деп соққан жүрегі,

Бар Қазақтың батыры,

Мәңгілік Елдің тірегі.



Үшінші бөлім

ҰЛЫЛЫҚТАН НӘР АЛҒАН ҰРПАҚ СӨЗІ

ХІІ ғ. аяғында Инаныш Білгі Бұқа хан өлгеннен соң, билікке келген оның ұлдары: Таян хан мен Бұйрық хан бірімен-бірі дүрдараз, алауыз болуының кесірінен бірлік, береке кетіп, Найман хандығы ыдырап, ұлыс екіге бөлінді.

Осы жағдайды пайдаланып, Тэ-мужин Уан хан Тұғырылмен одақ құрып, Таян ханды да, Бұйрықты да бір-бірлеп жеңіп, 1204 жылы Найман мемлекеті құлаған соң, Найман тайпасы монғолдардың жаңа империясына кірді. «Құба тегін абыз, атақты әскер қолбасшысы Көксау Сабырық өлгеннен кейін Кетбұқа Шыңғыс хан қолының сапында жүрді».
Жезқазған: энциклопедиялық анықтама.

Алматы, 2005 ж.

Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,

Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас.

Ел үшін жаннан кешіп, жауды қуған

Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас.

Ел жауын зерттеп, өрт боп тынбай жортқан

Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас.

Ел үшін төккен ерлер қанын жұтқан

Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас.

Арқаның селі, желі, шөлі, белі

Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас!


Мағжан ЖҰМАБАЕВ

Сұлтан СҮТБАЕВ,

Қазақстан Республикасының Құрметті геологы,

Шет ауданының Құрметті азаматы

КЕТБҰҚА БАБА –

ұрпақтар құрметіне лайықты тұлға

Елімізде бұрын саясаттың салқыны тиген тарихымызды жаңаша таразылап, кем-кетігін түгендейік деген жақсы бастама көтерілді. Елбасы тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің осы жылғы 6 маусымдағы ұлттық тарихымызды зерделеу жөніндегі ведомоствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында жасаған баяндамасы бұл тұрғыда тың міндеттер жүктеп отыр. Бұл, тарихшы ғалымдарды айтпағанда, ел арасындағы ауызша және жазбаша тарихи оқиғаларды жетік білетін, тарихты жасаушы тұлғалар туралы әңгіме деректерді жеткізуші зиялыларды да елеңдетіп, серпіліс тудыруда.

Осындай тақырып толғанысын тудырған кезеңде көп уақыттар тарих көлеңкесінде қалып, қазіргі ала бұлтты заманның күн сәулесі түсуін күтіп жатқан тұлғалардың әр өңірден табылары күмәнсіз. Ел басына туған қатерлі кезеңдерде жауларына қарсы қол бастағандар қатарында болып, ерлікпен жеңістерге жеткізген, бейбіт күндерінде халқына әділеттілігімен қамқорлық жасаған, ұлы жыршы, сазгер-күйшілер тобының бел ортасынан орын алып, халқымыздың есінде қалған ер бабамыз бізде де бар. Мен ХІІ-ХІІІ ғасырда өмір сүрген, қазақтың ашық энциклопедиясынан: «жырау, күйші, аңыз кейіпкері, қазақтың ұлы жыршысы, сазгер-күйші және халықтың тарихи аңыздарының кейіпкері» (Википедия мәліметінен) болып орын алған Кетбұқа бабамызды айтып отырмын.

Кетбұқа жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы «Шадтжарат әл-атрак» атты «Түркі шежіресі» кітабындағы деректер және ел аузындағы аңыздар бойынша, иісі Дешті Қыпшақты аузына қаратқан Жошы хан аңда жүріп, мерт болғанда осынау қаралы хабарды Шыңғыс ханға естіртуге ешкімнің батылы бармаса керек. Сонда Кетбұқа жырау: «Хан ием, қайнар көзі лайланған теңізді кім тазартар?», «Түп тамырымен қопарылған ағашты орнына кім қондырар?» – деген сауалдар қою арқылы әміршіні қаралы хабарға іштей дайындап алып, оның баласы Жошының өлімін «Ақсақ құлан – Жошы хан» күйін орындау арқылы жеткізген дейді аңыз. Күй тартылып біткен соң, қаһарына мінген хан Кетбұқа жырауды жазалауға шешім қабылдайды. Алайда, қайғылы хабарды домбыра жеткізгендіктен, оның өзегіне ыстық қорғасын құюды бұйырады. Осылайша домбыраның беткі жағында кішкентай саңылау пайда болыпты-мыс.

Бүгінгі күні «Ақсақ құлан» – күйшілердің репертуарынан берік орын алған күйлердің бірі. Кең тарағандығы соншалық, бұл күйді орындамаған домбырашы некен-саяқ деп айтуға болады және оның бірнеше озық варианттары бар. Қазақстанның халық артисі, майталман домбырашы Рүстембек Омаров пен КСРО Халық артисі, дирижер, күйші-сазгер Нұрғиса Тілендиевтің орындауындағы нұсқаларын айрықша айтуға болады. Кетбұқаның «Ақсақ құланынан» басқа «Нарату», «Терісқақпай» күйлері болғандығы жөнінде деректер бар. «Нарату» атты күй әйгілі күйші Абылда да бар көрінеді. Бұл жөнінде академик Ахмет Жұбанов «Ғасырлар пернесі» атты еңбегінде былай дейді:

«Нарату» күйі туралы тағы мынандай аңыз бар. Онда бұл күйді шығарған Абыл емес, Кетбұқа деген күйші дейді. Нарату жаудың қолының көптігін көріп сескенейін дегенде, Кетбұқа «Нарату» күйін тартып, оның рухын көтерсе керек. Айта кетуіміз керек, Кетбұқаның «Наратуы» – Абылдың «Наратуынан» тіпті өзге күй», – дейді академик. Осыған қарағанда, Кетбұқаның «Нарату» күйі кейінгі заманға дейін тартылып келгенге ұқсайды. Өкініштісі бүгінгі күнге жетпей қалуында.

ХV-ХVІ ғасырда өмір сүрген Доспамбет жыраудың бір толғауында: «Кетбұқадай билерден кеңес сұрар күн қайда», – деп жырға қосуы оның сөздерімен сол кезеңнің адамдары жақсы таныс екендігін білдіреді. Жыраудың Кетбұқаны би деуі, оның даралығын мойындауы. Кетбұқаны зерттеушілердің бірі Сауытбек Абдрахмановтың сөзімен айтсақ, «көрнекті қаламгер, танымал зияткер Таласбек Әсемқұловтың 1988 жылы Ленинградта, скиф патшасы Тұмар ханым мен Парсы патшасы Кирдің соғысы, жалпы скифтер туралы, парсы мен скифтердің ара қатынасы туралы көне жәдігерлер іздеу кезінде Л.Н. Гумилевпен кездескендегі сұхбаттарын алға тартқым келіп отыр. Бұл Т. Әсемқұловтың 2013 жылдың қаңтар айында «Егемен Қазақстан» газетінің қатарынан 4 нөмірінде жарияланған «Қондыгер-қаңлы» атты көлемді зерттеуінен үзінді:

«...Мені ертіп барған Қайрат Данабаев, мені Алматыдан деп таныстырғанда, ұлы тарихшы алдымен: – Аты-жөніңіз кім? – деп сұрады. Жауабын алғаннан кейін, қазақсыз ба? – деді Л.Н. Гумилев. – Иә, қазақпын, – дедім мен. – Руыңыз кім? – деді бір кезде үй иесі. Айдаладағы Ленинградта отырған орыс ғалымының руыңды сұрағаны біртүрлі. ...Сасып қалдым. Содан соң руымды айттым.

Кетбұқаның руы ғой, – деді Гумилев. – Менің «Этнос және Жердің биосферасы» деген кітабымда Кетбұқа нойон жайында тұтас тарау бар. Оқып па едіңіз? Кетбұқа жайлы біраз әңгімелеп берді. Оның тамплиер рыцарларына көмекке барғаны, рыцарлардың сатқындық істегені, Кетбұқаның жеңілгені, өлгені, сүйегі сол Палестинада қалғаны ...жүрек елжірететін көне шежіре.

Кетбұқаның тұқымдары бар ма? – деп сұрады әңгімесінің соңынан үй иесі.

Жезқазғанның Ұлытау ауданында Бағаналы-Балталы деген Найманның бір атасы жайлайды, Кетбұқаның елі сол, – дедім мен. Кетбұқаның күйлері қазақта әлі тартылады. Гумилев сәл таңқалып қалды.

Ол музыкант болған ба?

Иә, күйші болған, «Кертолғау», «Сынған Бұғы», «Емен толқын» деген күйлері болған, – дедім мен.



Гумилев аз үнсіз отырып барып, сөзін сабақтаған.

Әрине, оның таңқалатын ештеңесі жоқ. Ол заман ерлік заман, ерлердің заманы ғой. Ол кезде өмір мен өлімнің арасында, ақыреттің алдында тұрған адам кейін, өзінің басынан кешкенін тамаша музыкаға айналдыра білген ғой. Мен басымды иіп өткен адамдардың бірі – Кетбұқа», деп тәмәмдапты әңгімесін ұлы ғалым.

Кетбұқа туралы деректерді Болатов Мәдидің «Найманның бір баласы Бағаналы» атты шежіресінен де кездестіреміз. Бұл зерттеуде Кетбұқаның Алтын Орданың хан кеңесшісі, ақылгөйі болғанын, Жошының ұрпағы Құлағудың уәзірі дәрежесіне жетіп, онымен бірге сонау теңіздің арғы бетіндегі Мысырды жаулап алуға барғанын, сол Құлағу әскерінің құрамында аты мен аспабына дейін жез құрсанған, жез сауытты, жез оқты Бағаналы батырлары бөлек жүргенін де тарих шежіресі жазып кеткенін мәлімдейді. Алғаш рет батыстағы Қоқан хандығын басып алған да Бағаналы әскері, Кетбұқа қолы екенін екінің бірі біле бермейді.

Осы деректер Кетбұқа бабамыздың атақты нойон, дарынды сазгер-күйші, белгілі жырау болғандығын, оның тарих бетінен көрнекті орын алғандығын айқындап отыр. Жетіспейтіні – Таласбек Әсемқұловтың Л.Н. Гумилевқа беген жауабындағы атап өткен Ұлытау өңіріндегі Бағаналы-Балталы жұртының осы даңқты бабамызға лайықты құрметі.

«Ештен кеш жақсы» деген ұлы сөзді еске ала отырып, Кетбұқа бабамызға осы өңірдің басты қаласы Жезқазған қаласының көрнекті жерінен, нақтылап айтқанда, қаланың бас көшесінің бірі Сәтбаев көшесінің қалаға кірер басындағы дөңгелек алаңшаға ат үстіндегі айбынды тұлғасымен елінің шебін қорғаумен өткізген өмірін бейнелейтін ескерткіш орнатсақ, кейінгі ұрпақтың мол ризашылығын алар едік. Бұл болашақ ұрпақтың әрқашан рухын көтеретін, ұлттық намысын жалындататын, өткендердің алдындағы борыштарын еске салып тұратын орны болар еді. Осындай бүкілөңірлік істі атқару Ұлытау-Жезқазған азаматтарының абыройлы борышы, қастерлі парызы дер едім.

Ескерткіш орнату мәселесін шешетін Үкіметтің алдына шығу міндетін, халықтың қолдауымен екі қаланың және Ұлытау ауданының әкімдері қолға алса, бұл тарих шежіресіне кіргізген лайықты үлесіміз болар еді.


«Мысты өңір» газеті, 25 қазан 2013 ж.


Сұлтан СҮТБАЕВ,

Заслуженный геолог Республики Казахстан,

Почетный гражданин Шетского района.

КЕТБУКА БАБА

личность достойная уважения поколений

В нашей стране появилось хорошее начинание – собрать воедино, по–новому взвесить нашу историю. 6 июня нынешнего года Государственный секретарь Республики Казахстан Марат Тажин в своем докладе на расширенном заседании межведомственной рабочей группы по изучению национальной истории с этой точки зрения возлагает на нас новые задачи. Это, не говоря об ученых историках, всколыхнуло даже интеллигенцию, которая доносит до нас устные и письменные исторические события, документальные рассказы о личностях, создающих историю.

Несомненно, в каждом районе найдется такая личность, которая многие годы оставалась в тени истории и ждала просвета среди туч этих времен. Есть среди композиторов-кюйши и наш мужественный предок, великий сказитель, занявший почетное место и оставшийся в памяти своего народа, который в трудные для страны времена был среди тех, кто восстал против врага, героически дошел до победы, в мирное время был справедливым покровителем для своего народа. Я говорю о Кетбука баба – казахском жырау, сказителе, композиторе-кюйши, герое народных исторических легенд, который жил в ХІІ-ХІІІ веке (из источников Википедия).

О жизни и творчестве Кетбука-жырау известно по книге «Шаджарат аль-атрак» («Тюркская хроника», родословная тюрков) и устной народной легенде. Когда на охоте умер правитель Дешт-и-Кыпчака Джучи хан, никто не осмеливался сообщить эту скорбную весть отцу, Чингисхану. Тогда эту опасную миссию взял на свои плечи Кетбука-жырау. Он начал с вопроса: «Кто очистит море, помутневшее у истоков, мой хан? Кто посадит на место дерево, поваленное с корнем?» Психологически подготовив владыку к траурной вести, жырау исполнил кюй «Ақсақ құлан – Жошы хан» («Хромой Джучи хан»), в котором сообщил о гибели его сына Джучи. Видимо, после исполнения кюя разгневанный хан решил наказать Кетбуку-жырау. Но, так как горестную весть донесла домбра, то он приказал залить ее горячим свинцом. Так на домбре появилось маленькое отверстие.

В наши дни «Ақсақ құлан» – кюй, который прочно занял место в репертуаре современных исполнителей кюйев. Он до того широко распространен, что нет ни одного домбриста, который не исполнил бы этот кюй, также есть несколько известных вариантов его исполнения. Можно особенно отметить варианты исполнения народным артистом Казахстана, непревзойденным домбристом Рустембеком Омаровым и народным артистом КССР, дирижером, композитором-кюйши Нургисой Тлендиевым. Есть сведения, что кроме «Ақсақ құлан» у Кетбуки есть кюи «Нарату», «Терісқақпай». Кюй под названием «Нарату» есть у Абыла – известного кюйши. Вот что говорит об этом в своем труде «Струны веков» («Ғасырлар пернесі») академик Ахмет Жұбанов:

«Про кюй «Нарату» есть еще такая легенда. Там говорится, что этот кюй написал не Абыл, а кюйши Кетбука. Нарату, увидев большую силу врага, устрашился, в этот момент Кетбука исполнив кюй «Нарату» поднял его дух. Надо отметить, что «Нарату» Кетбуки совсем отличается от «Нарату» Абыла. Похоже кюй «Нарату» Кетбуки исполнялся и в последующие времена. К сожалению, не дошел до наших дней.

В одном из сказании сказителя Доспамбета, жившего в ХV-ХVІ веке, были строки: «Где времена, когда совет давали бии, как Кетбука», это говорит о том, что его слова были хорошо знакомы людям того периода. Сказитель назвал Кетбука бием, это тоже говорит о признании его мудрости. Говоря словами одного из исследователей Кетбуки Сауытбека Абдрахманова, «Хочу рассказать о беседе на встрече в Ленинграде известного писателя, высокого интеллектуала Таласбека Асемкулова с Л.Н. Гумилевым в 1988 году во время поисков древнего наследия о войне скифской царицы Томирис и Персидского царя Кира, в общем о скифах, о взаимоотношениях персов и скифов». Этот отрывок из объемного исследовательского труда Т.Асемкулова под названием «Қондыгер-қаңлы» опубликованного в 4-ом номере газеты «Егемен Қазақстан» в январе 2013 года.

«...Когда Кайрат Данабаев представил меня, великий историк вначале спросил: – Как Вас зовут? Получив ответ Л.Н.Гумилев спросил: – Вы казах? – Да, я казах, – ответил я. – Вы из какого рода? – внезапно спросил хозяин дома. Непривычно, когда в далеком Ленинграде русский ученый спрашивает о твоем роде. ...Я растерялся. Потом сказал из какого я рода.

Это же род Кетбуки, – сказал Гумилев. – В моей книге «Этнос и биосфера земли» есть целая глава про Кетбука нойона. Вы читали? Он довольно долго рассказывал про Кетбука. Про то, как он помогал рыцарям тамплиерам, как рыцари предали его, как Кетбука проиграл битву, как погиб, про то, что он похоронен там в Палестине ...древняя летопись, которая заставляет расчувстоваться.

У Кетбуки есть потомки? – спросил в конце разговора хозяин дома.

В Улытауском районе Жезказгана есть места, где проживают из рода Найман Баганалы-Балталы, это и есть потомки Кетбуки, – сказал я. Кюйи Кетбуки до сих пор исполняются среди казахов. Гумилев немного удивился.

Он был музыкантом?

Да, он был кюйши, у него есть кюйи «Кертолғау», «Сынған Бұғы», «Емен толқын», – сказал я.



Гумилев немного помолчал и продолжил свой рассказ.

Конечно, тут нечему удивляться. Это было временем героев. В те времена люди находясь между жизнью и смертью, встретившись со смертью лицом к лицу могли после всего пережитого претворить все это в прекрасную музыку. Одним из таких людей перед которыми я преклоняюсь – Кетбука, – закончил свой рассказ великий ученый».

Сведения про Кетбука можем встретить в летописи Болатова Мади под названием «Один из потомков Наймана Баганалы». В этом исследовании говорится о том, что в исторической летописи Кетбука был советником хана Алтын Орды, мудрецом, дошел до степени визиря у потомка Джучи Құлағу, вместе с ним отправился в поход, чтобы завоевать Египет, в рядах войск того самого Құлағу оособенно славились батыры-воины Баганалы своими медными доспехами начиная от коней до щитов и стрел. Не каждый знает, что войско Баганалы под предводительством Кетбука впервые завоевало Кокандское ханство.

Эти сведения подчеркивают, что наш предок Кетбука баба был прославленным нойоном, одаренным композитором-кюйши, известным сказителем, что он в истории прошлого занимал немаловажную роль. Ко всему этому не хватает лишь должного уважения нашему прославленному предку народа рода Баганалы-Балталы из окрестностей Улытауского региона.

Вспоминая мудрые слова «Лучше поздно, чем никогда», если бы на самом видном месте главного города этого региона Жезказгана, вернее на кольцевой дороге одной из главных улиц, в начале улицы Сатпаева при въезде в город установили бы памятник изображающий нашего предка восседающим на коне, мы получили бы много благодарностей от подрастающего поколения. Это была бы дань уважения нашему великому предку. Я хотел бы сказать, что это долг каждого гражданина Улытау–Жезказганского региона.

Было бы хорошо, если бы обязательство выйти к Правительству с таким предложением, которое решает вопрос по установке памятника при поддержке народа, акимы двух городов и Улытауского района взяли в свои руки. Это было бы достойным вкладом в летопись нашей истории.




Гүлизат БАЛКЕНОВА,

22 орта мектептің



қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.

ҰЛТ ТҰЛҒАСЫ – КЕТБҰҚА

Қолыма «Мысты өңір» газетінің 25 қазан 2013 жылы жазылған «Кетбұқа – баба ұрпақтар құрметіне лайықты тұлға» атты Сұлтан Сүтбаевтың мақаласы түсті, толығымен бірнеше рет оқып шықтым. Еріксіз қолыма қалам алып отырып, ойға кеттім. Мақала өте орынды жазылған екен. Олай дейтін себебім, біз мектепте «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» бөлімін өтеміз. Сол уақытта қазақ халқының төл әдебиетінің қалыптасуына негіз болған қазақ хандығының дәуіріндегі әділдікті, достықты, адал еңбекті, ақыл-парасатты, өнер-білімді, туған жерге деген сүйіспеншілікті, махаббатты жырлаған жыраулар поэзиясы үлкен тақырып болып қарастырылады. Әсіресе, XII-XV ғасырларда қазақ ру-тайпаларының жеке ұлт болып, халықтың өзіне тән материалдық және рухани мәдениетінің дамуына үлес қосқан жыраулардың алатын орны ерекше. Олар хан кеңесшісінің қызметін атқара жүріп, ел билеу ісіне араласты, маңызды шаралардың ұйытқысы болды. Хан мен сұлтандардың ел үшін атқарған істерін дәріптеумен бірге, теріс әрекеттерін сынға алып отырған, қара қылды қақ жарған әділдігімен халық сүйіктілеріне айналған. Жыраулар поэзиясының негізін салған, өз замандарының терең ойшылдары Кетбұқа (1184-1260), Асанқайғыдан (1361-1465) басталып, Қазтуған (1423-1487), Шалкиіз (1465-1560), Доспамбет (1490-1523), Үмбетей (1706-1778), Ақтамберді (1675-1768), Тәтіқара, Бұқар жырау (1668-1781) жалғасады. Олар шығарған әдебиет үлгілері, негізінен, заман, қоғам, өмір туралы толғаулар, ақыл-өсиет түріндегі шешендік сөздер, батырлардың ерлік істерін дәріптейтін дастандар. Яғни жыраулар өз заманының нағыз халық жанашырлары болған екен. Сонымен қатар ел басына күн туған заманда қолдарына қару алып, жорыққа аттанып, ру-тайпаларға басшылық етті, сұрапыл соғыста көргендерін жырға тиек етті. Қаза болған батырларды жоқтап, ел қайғысына ортақтасты деп қарастырамыз.

Мақаланы оқи отырып, Доспамбет жыраудың мына бір толғауының маған түсініксіз кейбір тұстарының жауабын енді ғана тапқандаймын.
Айналайын ақ Жайық,

Ат салмай өтер күн қайда,

Еңсесі биік ақ орда

Еңеке кірер күн қайда,

Қара бұлан терісін

Етік қылар күн қайда,

Күдеріден бау тағып,

Кіреуке киер күн қайда,

Күмбір, күмбір кісінетіп,

Күреңді мінер күн қайда,

Толғамалы ақ балта

Толғап ұстар күн қайда,

Алты құлаш ақ найза

Ұсынып шаншар күн қайда,

Садақ толған сайгез оқ

Масағынан өткеріп,

Басын қолға жеткеріп,

Созып тартар күн қайда!

Кетбұқадай билерден

Кеңес сұрар күн қайда, – деген екен.
Осыдан түйгенім, Кетбұқа бабамыздың бір қырын ғана білетінмін, күйші ғана емес, би де болғандығы мені қызықтыра түсті. Доспамбет жырау өзінің жоғарыда келтірген толғауында «Кетбұқадай билерден кеңес сұрар күн қайда» – деп өкінішпен жырлап отыр. Ал Кетбұқа болса, қазақ халқының тарихында болған, аласапыран кезінде өмір сүрген тарихи атақты тұлға екендігін, Шыңғысхан кезіндегі ірі күйші, домбырашы, әрі музыкант, атақты әскери қайраткер, ірі мемлекеттің адамы, алған бетінен қайтпайтын даңқты қолбасшы болғандығы, Жошының оң тізесін баса отырып ақыл қосқан, ыдырап жатқан қазақ руларының бірігуіне ат салысып, біріккен тайпаларға таңба бөліп, ту ұстатқан ынтымағы жарасқан мемлекеттің іргетасын қалаған ұлы тұлға деп түсіндім. Сол мемлекеттің даму жолында жанын пида еткен, жауынгершілік заманның ұлы перзенті болғандығы жөнінде мәлімет ала алдым. Ғалым Л.Н. Гумилевтің айтуы бойынша: «Тамплиерлер рыцарьлары мен мамлюк әскерлерінің жүз жиырма мың сарбаздарына қарсы тұрған Кетбұқа бабамыздың жанында қазақ даласында жарақтанған он бес мыңдай ғана жаужүрек батырлар болып еді. Өлерінің алдында, «Мен өлсем де, артыма кейін шегінбей өлетін боламын, ұрпақтарыма менің өсиетімді жеткізіңдер!» – деген екен.

Әрбір заманның өзінің атақты жыраулары болған: Абылай хан тұсында өмір сүріп, хан ордасында ханмен бірге болған Бұқар жырау, Үмбетей, Ақтамберді, Тәтіқара жыраулар болса, Есімханның тұсында Сыпыра жырау, Әз Жәнібектің тұсында Асанқайғы жырау болған екен.



Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімдері үшін бұл мақала өте жақсы ой салатын мақала болды. Біздің мақсатымыз ақыл ойы қалыптасқан, туған жерінің патриоты бола алатын, барын дұрыс қадірлей алатын азамат қалыптастыру болатын болса, кейінгі ұрпақ үшін бұл үлкен мақтаныш. Әсіресе, Кетбұқа бабамыздың шыққан тегі Бағаналы екендігі кімді де болса ойландырмай қоймас. Өскелең ұрпақ түгілі, менің өзімде де бір мақтаныш сезім пайда болған секілді. Менің ойымша, Кетбұқа бабамызға арналып жасалатын ескерткішті Сәтбаев көшесінің қалаға кірер басындағы дөңгелек алаңшаға емес, халық көп шоғырланатын, мәдени орындардың жанына орнатылса, өскелең ұрпақты ойландырмай қоймас деп ойлаймын.


Орындай алсақ, ой – дұрыс

Каталог: attachments -> article
article -> ҚазақТҰтынуодағЫ
article -> История финансовой науки и ее развитие в России
article -> Ұлы баба есімі дәріптелді  Жаңа кітап баспадан шықты  Кітап тұсаукесеріне әзірлік
article -> Програма за развитие на читалищната дейност в община пещера за 2016 година
article -> ҚазақТҰтынуодағЫ
article -> «мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
article -> «Мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
article -> Элективті пәндердің каталогы Мамандық 5В090500 «Әлеуметтік жұмыс» (оқу мерзімі – 4 жыл, оқу тілі – қазақ) Қарағанды – 2014-2015


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет