Абстракт Зерттеу тақырыбының өзектілігі


Зерттеудің ғылыми педагогикалық әдістері



бет3/29
Дата22.04.2020
өлшемі0,68 Mb.
#63818
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Еркінжан2

Зерттеудің ғылыми педагогикалық әдістері: саралау, талдау және қорыту, тарихи-салыстырмалы, жүйелік-құрылымдық, теориялық таным, модельдеу мен типтендіру сияқты жалпы ғылыми, тарихи зерттеу тәсілдері қолданылды.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар

  • 1980-жылдардың соңына дейін мектепте Қазақстан тарихын оқыту өз дәрежесінде болмады. Оның басты себебі - Коммунистік партияның ұстаған ұлыдержавалық идеологиясы еді. Осы арқылы Кеңес еліндегі жеке ұлттар азаматтарының өзінің ұлттық құндылықтарынан сусындауына жол бермеу, оларды өз ұлтының қадір-қасиетінен айырып, бірте-бірте елдегі бүкіл халықты орыстандыру мақсатын көздеді;

  • Ы.Алтынсарин заманынан бері қарай қазақтың бірқатар ғалымдары, жеке орыс ғалымдары: А.М. Панкратова, А. В. Шестаков, Ж. Аймауытов, С. Аспандияров, М. Акынжанов, Е. Бекмаханов мектепте Қазақ КСР тарихын оқыту мәселесін көтерген;

  • Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың мақсат-міндеттері өзгерді: оқушыларға адамдар жасаған құндылықты, яғни олар жинаған әлеуметтік, рухани, адамгершілік тәжірибиелерді баяндайтын тарихи білімдер негізін оқытып үйрету — ең басты міндет болуы тиіс. Осыдан келе оқыту барысында тарихи оқиғалар мен құбылыстарды шындық тұрғыдан баяндау, оқушыларды жоғары саналылыққа, адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, отаншылдыққа, ұқыптылыққа, эстетикалық талғамға, халықтар арасындағы ынтымақтастыққа, бейбітшілікке тәрбиелеу, сондай-ақ оларды шовинизмге, ұлтшылдыққа, нәсілшілдікке, теңсіздікке, әділетсіздікке, соғысқұмарлыққа қарсы күресе алуға тәрбиелеу міндеттері келіп шығады;

  • Оқытудың мақсат-міндеттерінің өзгеруіне байланысты білім мазмұны да, демек алдымен, оны анықтайтын ұстанымдар да өзгереді. Олар дүние жүзінде халық ағарту саласында болып жатқан жаңалықтарды, өзгерістерді ескеру, құндылықтар мен мәдениет жетістіктерін оқып, үйренуді алға шығару; оқытуды демократияландыру, ізгілендіру; тарихты бұрмалаудан, Еуроцентрлік пен Ресейцентрліктен арылту; функционалдық толықтық; дәстүрлілік, қайшылық пен баламалылық ұстанымдарын жүзеге асыру және де педагогика теориясының білім мазмұнына қоятын ұстанымдарын басшылыққа алу;

  • «Мектепте Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі" пәнінің даму эволюциясы : құрамында Қазақстан 1959—1989 жылдары оқытылғанда тарих пәнінің оқыту әдістемесін пайдаланумен қатар өзіндік: КСРО және Қазақ КСР тарихы материалдарын қатар оқыту, яғни аралас сабақ; екі курс материалдарын органикалық байланыстыру жолдары, курсішілік байланыстардың әдістемелік жолдары, қорытып-қайталау сабақтарының жаңа типтері, өз өлкесі тарихын оқыту, сабақтан және мектептен тыс жұмыстарды байланыстыру сияқты оқыту формалары мен әдіс-тәсілдері қалыптаса бастады; 90-жылдары пәннің әдістемесі біраз жетіліп, «Мектепте Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі» пән болып қалыптасуда;

  • Мектептегі Қазақстан тарихының білім мазмұнындағы бірқатар ғылыми проблемалар толығырақ, әрі нақтырақ ашып көрсетуді қажет етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет