Абу Мансур әл-Матуриди деген кім?



Дата27.02.2020
өлшемі72,5 Kb.
#58677
Абу Мансур әл-Матуриди деген кім?

Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Содан соң:

Бүгінгі күні имам Абу Мансур әл-Матурудидің есімін көптеген мұсылмандар тілге алып жүр, әрі оның танымал болғаны соншалықты – тіпті діннен хабары жоқ адамдар да ол туралы естіген болуы әбден ықтимал. Әсіресе бұл құбылыс орыс және қазақ тілді мұсылмандардың арасында ерекше байқалады. Мұның себебі ТМД елдері мұсылмандарының Діни Басқармалары мұсылмандарға фиқх мәселелерінде ханафи мазхабын, ал ақидада (сенім жүйесінде) матуруди мазхабын міндеттеуге тырысуында.

Алайда осы орайда «Есімі төңірегінде осыншама у-шу көтерілген және соншама ізбасарлары болған Абу Мансур әл-Матуруди кім өзі?» деген сұрақ туындайды.

Оның толық есімі Абу Мансур Мухаммад ибн Мухаммад ибн Махмуд ибн Мухаммад әл-Матуруди әс-Самарқанди.

Мынау - шейх Шамсуддин ибн Мухаммад Ашраф ибн Қайсар ибн Амир Жәмәл ибн Шах әл-Ауғани өзінің «Матурудия» (1/240) кітабында ол туралы айтқан сөздері: «Кім оның өмірі туралы ынталы түрде ақпарат іздестірсе, мынандай таңқаларлық фактіге тап болады: матуруди мектебінің (мазхабының) негізін қалаушының өмірбаяны тарих бойынша «тарих», «табақат» кітаптарында да, қалалалар туралы «бульдан» кітаптарында да, ғалымдардың қайтыс болған мерзімдері туралы «уафаят» кітаптарында да, ғалымдардың өмірбаяндары туралы «Таражжум» және т.с.с. кітаптарда ашылып көрсетілмеген. Бұл кітаптарда оның ешқандай өмірбаяны, ол қалай тәрбие алғандығы, оның білім талап ету жолындағы сапарлары туралы мәліметтер жоқ. Ол осы үлкен мектептің негізін салушысы болғандығына қарамастан, ол туралы имам Ибн Асир де (630) өзінің «әл-Камиль» кітабында, Ибн Халқан да (681) өзінің «Уфаятуль-а’ян» кітабында, әз-Захаби де (748) өзінің «Сияр а’ламу нубалә», «әл-‘Ибар» және «әл-Мизан» атты кітаптарында жазбаған, сондай-ақ ол туралы Ибн Шакир де (764) өзінің «Фауату уафаят» кітабында, Ибн Касир де (774) өзінің «әл-Бидая уа-ннихая» кітабында, әс-Суюти (911) мен әд-Дауди де (945) олардың «Табақат лиль-муфассирин» еңбектерінде, Ибн ‘Иммад та (1079) «Шазарату захаб», Науаб Садық ибн Хусайн да (1307) «Абжаду ‘улюм» кітабында еш нәрсе айтпаған.

Ол «жарх уа та’диль» ғылымы бойынша және хадис жеткізушілердің «Асмау рижжәл» кітаптарында да аты аталмаған. Ол туралы ешкім: әл-Бакри де (487) «Му’жжаму масту’ жима» кітабында, әл-Хамауи де (626) «Му’жаму бульдан» кітабында, Казуини де (682) «Асару биләд» кітабында, әл-Химьяри де (727) «Раудуль-Миътар» кітабында, Сафиюддин әл-Бағдади де (739) «Марасиду иттилә’» кітаптарында еш нәрсе айтпаған.


Біз сондай-ақ Абу Мансур әл-Матурудидің өмірбаяны туралы шежірелер бойынша: ас-Сам’анидің (562) «Ансаб», Ибн Асирдің (630) «әл-Любаб» кітаптарында да еш нәрсе таппадық, әс-Сам’ани басқа бір адамның өмірбаяны туралы жазғанда (3/12) оның есімін атап кеткенннен басқа, әл-Микризи де (845) тура солай істеген.
Сондай-ақ оның өмірбаяны «әл-Фахарис» кітабында да, Ибн Надимнің (380) «Фахрасат» кітабында да, немесе Ибн Атыяның (541) «Фахрас» кітабында да, немесе Ибн Хайра әл-Ишбилидің (575) «Фахрас» кітабында да, Қаттанидің (1382) «Фахрасу фахарис» кітабында да белгісіз күйінде қалған.

Сондай-ақ оның өмірбаяны туралы деректерді біз ғалымдардың «Наху» (араб тілінің грамматикасы) бойынша кітаптарында да, «Адаб» (араб әдебиеті) кітаптарында да, «Луғауиин» (тілтану) кітаптарында таппадық, ал бұның өзі жиырмадан астам дереккөздер.

Оның білім талап ету жолындағы сапарлары туралы да еш нәрсе мәлім емес. Әрі Матуруди бір рет болса да Самарқаннан тыс шыққандығы туралы да беймәлім. Және мен мұны әс-Сахмидің (427) «Тариху Журхан», Абу Ну’әймнің (430) «Тарих Асбахан», әл-Хатыбтың (463) «Тарих Бағдад», Ибн ‘Асакирдің (571) «Тарих Димашқ», Ибн Тайба әл-Фаси әл-Маккидің (832) «’Уқду самин» сынды, оларда осы қаларға білім талап ету мақсатымен келген ғалымдардың аттары келтірілген қалалардың тарихы туралы кітаптарға сүйеніп айтып отырмын. Бірақ бізді бәрінен де таң қалдырған нәрсе бұл - әс-Сафдидің (764) өз кітабында: «Мен бірде-бір салиқалы халифаны, сахабаны, табиғинді, әмірді, қазыны, уәзірді, мухаддисті, фақихты, ізгі немесе салиқалы адамды, жазушыны, ақынды, дәрігерді, данышпанды, қандай да бір ағымның негізін салушыны немесе қандай да бір ғылымдағы атақты мамаманды, мықтының мықтысын қалдырмадым», - деп, (осындай адамдардың) барлығы туралы айтуды уәде еткен бола тұра, имам Матуруди туралы еш нәрсе айтпай кеткендігі. Қз.: «Әл-Уафи биль-уфаяят» 1/605.
Сондай-ақ біз ол туралы ағымдар мен мазхабтар туралы кітаптарда да бірде-бір сөз таппадық, тек кейбір замандастарымыздың ол туралы жазғандарынан басқа.

Сондай-ақ шейхуль-ислам Ибн Таймия да, Ибн әл-Қайиим да ол туралы өздерінің кітаптарында айтпаған, тек шейхуль-Ислам оны жәхмилер жолына ілескендердің және Ибн Қиләбтың жолымен кеткендердің қатарында атағанынан басқа. Қз.: «Дару таъаруд» 2/245, 7/441, «Китабуль-иман» 414, «Мажумуъу-фатауа» 7/433.

Ибн әл-Кайим шейхуль-Исламның кітаптарының арасында «Рисалә фи ‘ақида ашъарияти уа ‘ақида матуруди уа ғайру ханафияһ» кітабын да атаған. Алайда мен бұл кітаптың не басып шығарылған, не қолжазба нұсқасын таппадым, бірақ ол табылған болғанда, онда көпке танылған (мәлім) кітап болар еді.

Мені өз имамдарын соншалықты ұлықтайтын ханафи-матуридилердің өздері де оның өмірі туралы жан-жақты айтпайтыны таң қалдырды. Бұл ақтандақтың себебін мен білмеймін де, түсіндіре де алмаймын.

Мен бұл кітаптардың барлығын оқырманға осы имамның өмірбаянын іздеуде қаншалықты көп күш сарп еткенімді көрсету үшін тізіп атадым, сондай-ақ оның өміріне қызығушылық танытатындарға жеңілдік жасау үшін. Осы көп еңбекті талап еткен жұмысты жасап болған соң мен оның өміріне, ұстаздарына және шәкірттеріне қатысты ұсақ-түйек нәрселерден басқа оның өмірбаянымен, туғанымен, қайтыс болуымен байланысты еш нәрсе таппадым. Мен оның әкесінің, атасының, бабасының, оның әйелдерінің өмірбаяндары туралы еш нәрсе таппадым.

Енді мен осы имам туралы түйір-түірлеп жинағанымды ұсынбақпын:

Имам Абу Мансур әл-Матуруди шамамен хижраның 258 жылы дүниеге келді. Ол өзінің шейхы – хижра бойынша 268 жылы дүние салған Насыр ибн Йахья әл-Балхиден білім алды. Әл-Матуруди сол кезде он жаста болған екен. Сондықтан да әл-Матурудидің туған жылы шамамен хижраның 258 жылы болып тұр. Ол 75 жыл өмір сүріп, хижраның 333 жылы дүниеден өтті. Бұл аз уақыт емес, бір ғасырдай мерзім.

Егер бұл сенімді болса, онда ол сондай-ақ Мухаммад ибн Муқатиль әр-Разиден де білім алған (248 жыл), әрі егер сол кезде Матурудидің жасы шамамен онда болған болса, онда оның туған жылы хижраның 238 жылы, ал оның өмір мерзімі 95 жыл болды. Бірақ Аллаһ жақсырақ біледі.

Бұған дейін мен оның білім талап ету жолындағы сапарлары туралы еш нәрсе білмейтінімді айтқан болатынмын, бірақ доктор Мухаммад Саъид әл-Афъани былай деген: «Матурудидің ақида бойынша пікірталастарға (қатысу үшін) Басраға сапар шегуі 22 ретке жетті». Қз.: «Шейхуль-ислам ансар» 149.

Алайда бұл доктор өзінің хабарын еш нәрсемен растамаған, ал бұл оның тарапынан үлкен қателік болып табылады.

Әрі бұл доктор өзінің жолдауында осыдан басқа қаншама қателік жіберді десеңізші! Сондай-ақ әл-Афъани былай деген:
«Имам Матуруди он екі халифаны басынан өткізді:
1 – Мутауакиль Жә’фар ибн әл-Му’тасим Мухаммад ибн Харун әр-Рашид (247);
2 – Мунтасир Мухаммад ибн Мутауакиль (248);
3 – Мустаъин Ахмад ибн Му’тасим(251);
4 – Му’таз Мухаммад ибн Мутауакиль(255);
5 – Мухтади Мухаммад ибн Уасиқ (256);
6 – Му’тамид Ахмад ибн Мутауакиль (279);
7 – Му’тадыд Ахмад ибн Муафиқ (289);
8 – Муқтафи Ъали ибн Му’тадыд (295);
9 – Муқтадир Жә’фар ибн Му’тадыд (320);
10 – Кахир ибн Му’тадыд (339);
11 – Ради Мухаммад ибн Муқтадир (329);
12 – Муттаки Ибраһим ибн Муқтадир(357);

Сол ғасырда мұсылман үмметінде маңызды саяси өзгерістер орын алған болатын, әрі, бәлкім, әл-Матуруди оларды басынан өткізген болар.

Имам әл-Матуруди туралы бізге осыдан басқа еш нәрсе мәлім емес. Ал біреулердің еш нәрсемен расталмаған пікірлеріне немесе қиссаларына келер болсақ, мен олар туралы бір нәрсе жазуға құқықты емеспін.
Оның ұстаздары:

Тарихта, бұл туралы жоғары айтылғандай, Абу Мансур әл-Матурудидің өмірі туралы: ол қалайша өскендігі, кімнен білім алғандығы және білім алу жолында қандай сапарлар жасағандығы, сондай-ақ қандай да бір ғалымдардан ілім алған-алмағандығы жайында дерек жоқ.

Әрине, оның төрт ұстазы туралы айтылады, бірақ олардың өмірі туралы айтылып кеткен деректер Матурудидің өзі және оның ұстаздары туралы толық түсінік бермейді. Бірақ мәлім болған нәрселерді келтіруге тырысамыз:

1 – Мухаммад ибн Муқатиль әр-Рази, хижраның 248 жылы дүние салған. Көпшілік оны Матурудің ұстаздарының бірі болған деп санайды, бірақ бұл деректі ешкім дәлелдемеген. Әрі ғалымдардың ол туралы кейбір айтқан сөздері мынандай:

Әз-Захаби «Муғни фи дуъафада»: «Даъиф (әлсіз: хадисте сенімге лайықты емес)», - деген.

2 – Насыр ибн Йахья әл-Балхи, хижраның 268 жылы қайтыс болған. Ол да Матурудидің ұстаздарының қатарында тілге алынады. Әз-Зубайди «Шарх әл-ихья».

3 – Абу Бакр Ахмад ибн Исхақ ибн Субайх әл-Жәузажәни (кейіннен әл-Бағдади Ханафи). Оның қайтыс болған уақыты туралы ол хижраның 200 жылы дүние салды деген хабардан басқа еш нәрсе мәлім емес.

5 – Абу Наср Ахмад ибн ‘Аббас ибн Хусайн ибн Жәбаләх ибн Ғалиб ибн Жәбир ибн Науфәл.

Бұл оның ұстаздары туралы мәлім болған нәрселер. Алайда осы адамдар оның ұстаздары болған дегеннің өзі де екіталай. Әрі кім олардың өмірбаяндарына көз салып қараса, олардың екеуі де «ду’афалардың» (сөздері назарға алынбайтындардың), немесе тіпті де белгісіздердің, немесе хадис туралы ғылыммен және онымен айналысатындармен ешқандай байланысы жоқ мазхабқа соқыр түрде ілесетіндердің қатарына жататындықтарын көре алады. Күмәнсіз, олар өз шәкірттерінің бойларында іздерін қалдырды, ал олардың арасында имам Абу Мансур әл-Матуруди де бар.

Әрі сөздерімізді атақты шейх ‘Абдуллаһ ибн Йусуф әл-Жудай’тың әл-Матуруди және матуруди мектебі туралы айтқан сөздерімен аяқтағымыз келеді:


«Сенімдерінде аш’арилерге сәйкес келетін, «Матурудия» деген атпен танылған тағы бір топ бар, (олар) Әһлю-Сунна уәл-жәма’аның екінші имамы деп саналатын Абу Мансур әл-Матурудидің ізбасарлары. Олар оны осылай деп санайды!

Абу Мансур әл-Матуруди әс-Самаркандиді ханафи фақихтарының қатарына жатқызады, сондықтан да осы мектептің жақтаушыларының көпшілігі – ханафилер. Бұл адам Аллаһтың есімдері мен сипаттарына қатысты көп айтысуды, пәлсапашылыққа салынуды жақсы көретін әрі хадистерді, сахабалар мен табиғиндердің айтқан сөздерін оқып-үйренетіндерден емес еді. Оның мазхабын танымалы ететін ізбасарлары жоқ болатын. Кейін оның сенімдерін алып алған ағым пайда болды, әрі олар сонымен бірге өздерін ханафилер деп атайтын. Соңғы кездерде бұл мазхаб танымал болды, әрі осының барлығы адамдардың Сүннеттен алыстап, надандыққа шалдыққандары соншалықты – Әһлю-Сунна имамдарынан ешкімді білмейтіні, алайда тек Абу-ль-Хасан әл-Аш’ари мен Абу Мансур әл-Матурудиді мойындатыны себебінен.

Көптеген ислам университеттері мен мектептерінде Абу Хасан әл-Аш’аридің ақидасы немесе Абу Мансур әл-Матурудидің ақидасы оқытылады. Әрі, үлкен өкінішке орай, осы университеттердің қабырғаларынан шыққан көптеген ғалымдар таухидтің аш’ари немесе матуруди мағынасын ғана біледі. Мен әл-Матурудидің «Китабу Таухид» (Бірқұдайшылық кітабы) деген кітабын көргенмін. Уа, Аллаһ, оны осынысы үшін кешір, өйткені оны болжамдарға толы пәлсапа немесе пікірталас кітабы десе болар еді». Қз.: «‘Ақида саләфия фи каләми Раббиль-бария уа кашфи абатыли мубтади’ах раддия» 279-280.

«Абу Ханифа мирасы» сайтының редакциясы



 
Каталог: books
books -> Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев
books -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева Қазіргі әдеби процесс
books -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
books -> Хрестоматия ежелгі дәуір әдебиеті ббк 84(0)3 е 33 «Қазақ әдебиетінің тарихы»
books -> Ш. юлдошева, А. Нисанбаева
books -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
books -> Антон Первушин Астронавты Гитлера


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет