Activstudio бағдарламасының сабақ беру үрдісіндегі мүмкіндігі



Дата04.08.2017
өлшемі206,91 Kb.
#22991
Исатаев Д.К.

Жезқазған қаласы,Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейдің тарих пәні мұғалімі,менеджері
ACTIVstudio БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ САБАҚ БЕРУ ҮРДІСІНДЕГІ МҮМКІНДІГІ
В данной статье рассматриваются возможности использования информационной программы ACTIVstudio на уроках истории.

This report about opportunities of informational program Active Studio using in lessons history.


« Қазіргі заманда жастарға ақпараттық

технологиямен байланысты әлемдік стандартқа

сай мүдделі жаңа білім беру өте –  қажет »

Н.Ә.Назарбаев

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне   мұқият қарайтын дәуір.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру және жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлату бүгінгі күннің басты талабы болып саналады.

XXI  ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр компьютерлік техниканы интернет,компьютерлік желі,электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру./1/

Яғни, жаңа ақпараттық технологиялар - бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесi. Бұл процестi icкe асырудағы негiзгi құрал компьютeр және интерактивті тақта болып табылады. Интерактивті тақта - бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретiн аса маңызды құрал.

Қазіргі уақытта  білім беруде  интерактивті құралдарды кеңінен қолданылып жүргені баршамызға аян. Сонымен қатар интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.

Білім берудегі интерактивті технология  - мұндағы интерактивті сөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға,оқушының сабаққа қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы Енді төмендегі көрсетілген кестеге назар аударсақ интерактивті тақтаның білім беру процесінде үлкен мүмкіншіліктерге ие екенінін байқауға болады.


Кесте №2. Интерактивті тақтаның оқытушы мен оқушыға тиімділігі.

Оқытушылар үшін тиімділігі

Білім алушылар үшін артықшылығы

Жаңа материалдарды сыныптың ортасында тұрып түсіндіруге,үлкен аудиториямен жұмыс істеу мүмкіндігі

Сабақты қызықты етеді және мотивацияны дамытады

Кез-келген қосымшаның жоғарғы жағына өз ойын жазуға,сурет салуға мүмкіндік береді және импровизация мен икемділікті мадақтайды

Ұжымдық жұмысқа қатысуға көп мүмкіндік береді,жеке және әлеуметтік дағдыны дамытады

Сабақ барысында кез-келген сөзді сақтауға,тақтадан көрсетуге және материалдың меңгеру деңгейін жеңіл тексеру мүмкіндігі

Материалдың анық,тиімді және серпінді берілуі нәтижесінде күрделі сұрақтарды тез қабылдайды және игереді

Оқытушылар дайын материалдарымен алмасуға және оларды қайтадан пайдалану мүмкіндігі

Білім алушылар өз-өздеріне сенімді болады және шығармашылықпен жұмыс істейді

Оқытушыларды оқытудың жаңа жолдарын іздеуге ынталандырады,кәсіби жағынан өсуге ұмтылдырады

Оқушылар жекелеген қажеттілікке сәйкес белгілі бір ресурстарға сүйеніп,оқудың түрлі әдістерін қолданады

мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады.




Интерактивті тақта – оқытушыға оқыту үрдісін оңтайландыруға,білім алушының танымдық белсенділігін дамытып,мазмұнды және көрнекі тапсырмалар құруға, сабақты құрылымдауға,сабақ барысы мен қарқынын жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық технологиялық құрал екеніне көз жеткіземіз./2/

Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі.Атап айтар болсақ:



  • Пән бойынша базалық білімді  меңгеру ;

  • Алған білімді жүйелеу ;

  • Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

  • Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру

Қытайдың бір нақыл сөзіне көңіл аударсақ: «Маған айтшы – мен ұмытып қаламын; маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме істетші –мен сонда түсінемін» делінген.

Яғни, оқушылардың  көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін  20 % есте сақтайтыны белгілі.Аудио және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50% дейін арттырады. Осы сөздерден интерактивті оқытудың мәні өз көрінісін табады.

Осы интерактивті технологиясы бойынша «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» тақырыбына дайындалған сабақ мазмұнын көрсетейік.

Оқытушы /Активті экран / көмегімен интерактивті тақтаның флипчарт беттерін пайдалану арқылы оқушыларды сабақтың мақсат міндетерімен таныстыра отырып, жаңа сабақтың кезеңдері  Power Point презентациясы немесе мәтіндік ақпарат  түрінде беріледі. Сонымен қатар, материалдың құрамына кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер  әзірлеп флипчарт беттерін оқушыларға таныстырамыз.



І-Ұйымдастыру кезеңі
ІІ – Жаңа сабаққа даярлық кезеңі.

Оқушылармен жаңа сабақты бастамас бұрын СТО технологиясының Ой қозғау стратегиясын кіріктіріу арқылы оқушылардың негізгі білімі туралы мәселелер анықталады./ Активті қалам/, /ACTIVslate/ көмегін пайдаланады.

Нені белесің?

Нені білгің келеді?

Нені білдің?

ІІІ – Жаңа сабақ кезеңі.

а) ACTIVstudio программасынының мүмкіншілігін пайдалану арқылы білім алушыларға бейне-файлдар /VTS_01_3.avi .№1, тірек-сызбалар,суреттер т. б бөлімі көрсетіледі. Яғни бұл жаңа сабақ кезеңінде оқушылар «Екінші дүние жүзілік соғыстың» басталу барысымен және КСРО тарапына әділетті,фашистік Германия тарапынан әділетсіз соғыс болғанына көз жеткізеді. СТО /мағынаны тану/

б) Ұлы Отан соғысындағы ең атақты операциялар

Сталинград шайқасы /17.07.1942 - 2.02.1943/ http://www.spring.kz

Мәскеу түбіндегі шайқас /30.09.1941 - 20.04.1942/



VTS_01_4.avi бейне-файл №2 Б.Момышұлымен сұхбат.

Ленинград шайқас /10.07.1941 - 09.08.1944/



/Ж.Жабаев/ «Ленинградтық өрендерім»

ІV – Бекіту кезеңі.

ACTIVote , ACTIVstudio бағдарламасында флипчартта мәтіндік немесе графиктік түрде тест сұрақтары кітапханада сақталады да, тестің нәтижесін кесте немесе диаграмма түрінде оқушылардың алған білімдерін тексереміз.

V – Үйге тапсырма кезеңі.

Білім алушылардың алдына бастапқы /СТО/ Ой қозғау стратегиясын интерактивті тақтаның /Активті экран / көмегі арқылы шақырамыз.

ACTIVslateXR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан тұрмай-ақ тақтада жаза алады.

Бұл кезеңде сынып 4 топқа бөлініп қысқа мерзімді жоба тақырыптарын таңдайды.

Нені білгің келеді? /Мәселе анықталып жоба тақырыптары анықталады/

Нені белесің? +

Нені білдің? +

Қорыта айтқанда, тақтада жұмыс істеген оқытушы мен оқушының орындаған іс - әрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға болады. Оқу процесінде, оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті құралдарды қолдану мұғалімнің жеке тәжірибесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.

       Сонымен , интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады.


Қолданылған әдебиеттер:

1.Республиканский научно-методический журнал . №6 (30) – 2009

2. http://www.bsh.kz/news//2/
Каталог: uploads -> doc -> 12cc
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
12cc -> Сабақтың тақырыбы
12cc -> Сабақтың тақырыбы: Қарақытайлар Сабақтың мақсаты
12cc -> Сабақтың тақырыбы Бүйрек ауруының алдын алу Негізгі мақсат
12cc -> Ұзақ мерзімді жоспар


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет