«Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді» тақырыбындағы сынып сағатының анықтамасы Қаңтар айының 17 жұлдызында «Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді»



Дата29.01.2020
өлшемі11,8 Kb.
#56758
Байланысты:
Адалдық анықтама

«Адалдық  жүрген  жерде - адамдық  жүреді»  тақырыбындағы

сынып сағатының анықтамасы
Қаңтар айының 17 жұлдызында «Адалдық  жүрген  жерде - адамдық  жүреді»  тақырыбында 5 "В" сынып оқушыларымен тәрбие сағатын өттім. Өтілген сынып сағатының мақсаты оқушыларға өмірде  ата-анаға,  досқа адал  бола  білуге  баули  отырып,  әр  адамның  адал  ісі  мен  адамдығы  көрінетіндігін  білуге  тәрбиелеу.

Сынып сағаты негізгі ІІІ бөлімнен тұрды яғни бірінші сұрақтарға өз ой-пікірлерін айту, адалдық, адамдық тақырыбында мақал-мәтелдер айту және ситуациялық сұрақтарға өз ойларын білдіру. Сынып сағатының өту барысында ең алдымен "Адалдық" тақырыбында бейне көрсетілім көрсетуден бастадым, әрі қарай адалдық тақырыбында біраз ой қозғап, оқушылардың ойларын ортаға салып, олардың пікірін естідім. Солардың ішінде көзге түсіп, өз ойларын нақты жеткізе білген сынып белсенділері Берік Айлун, Тұрғанәлі Нұрсезім, Жадрасын Асел. ІІ бөлімде оқушылар АКТ құралын пайдаланып, ғаламтордан адалдық тақырыбындағы мақал-мәтелдерді тауып, жарыса айтып кетті. Осылай мақал-мәтел айту бөліміміз өте қызықты өтті. ІІІ бөлім ситуациялық сұрақтарда біраз оқушы көп ойланып, ондай жағдайдан қалай шығу керектігінде екі жақты ой-пікір болып, тартысты өтті. Әр бала өз ойын шамасы келгенше жеткізді. Қорыта келгенде адалдық - адам болып қалудың ең дұрыс әрі түзу жолы екендігін оқушылар түсінді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет