Адам баласы кейбір өсімдіктерді әр түрлі ауруларды емдеуге пайдалануға болатындығын алғашқы қауымдық кезеңне бастап ақ білген



Дата15.09.2017
өлшемі295,36 Kb.
#33611
Баяндама

Адам баласы кейбір өсімдіктерді әр түрлі ауруларды емдеуге пайдалануға болатындығын алғашқы қауымдық кезеңне бастап – ақ білген . Одан бірнеше мың жылдан кейін дәрілік өсімдіктерді емге пайдаланудың мән жайы халық арасында ауыздан ауызға таралып ,кейінен қағазға жазыла бастаған . Біздің ғасырға жеткен осындай жазбаларда өсімдіктерді ауру сырқауға емдеуге пайдалану туралы ілім біздің эрадан 6 мың жыл бұрын Ирак жерінде өмір сүрген Шумер мемлекетінен басталғаны айтылады.Онда шумерлік дәрігерлердің емдік қасиеті бар өсімдіктердің жапырақтарынан ,тамырларынан сабақтарымен дәндерінен ауру емдейтін әр түрлі ұнтақ ,тұнба дайындалатындықтары жазылған . Осымен қатар сол уақыттың өзінде –ақ дәрілік өсімдіктерді кептірген кезде күнт көзінен олардың емдік қасиеті жойылатындығы ,кептіру жұмысы күн көзінен таса жерде жүргізілу тиіс екені дәлелденген .Осы себептен шумерлік тер кейбір өсімдіктерді түнде жинау керектігі ұсынылған .Вавилондықтар менассмриялықтар сол шумерліктердің көрсеткен өсімдіктерден дәрі – дәрмек жасау әдісін ,емдеу жжолдарын жалғастырып ,кеңейте түскен .Ассирия мемлекетінде дәрілік шөптер ө сірілетін арнайы бақ та болған .Египеттіктер олардан үйреніп ,дәрілік өсімдіктердің емдік қасиетін кеңінен анықтай отырып алоэ ,анис,меңдуана ,жалбыз т.б. өсімдіктердің дәрілік қасиетін ашқан .Египеттіктер даладағы дәрілік өсімдіктерді жинаумен қатар ассириялықтар сияқты оларды қолдап егіп өсірумен айналысқан .Олар дәрілік өсімдіктерді көбейту мақсатында шет елдерге арнайы экспедициялар ұйымдастырып отырған .Тұңғыш рет осы дәрілік қасиеттеғрі бар өсімдіктерді Египет мамандары классификация жасаған.Олар дәрілік өсімдіктердің фармокологиялық әсеріне қарай іш өткізетін ,құстыратын,қақырық түсуін жеңілдетіп топтарға бөлген.Өсімдіктерді ауру сырқаудан емдеуге пайдалану әр елдің өздеріне керек бағытта ,әр түрде жүргізілген . Осыдан келіп жалпы дәрілік өсімдіктерді емдеу ісіне пайдалану жолдарын өрістетуде үлкен мүмкіндікке жол ашады .Дәрілік өсімдіктерді ауруларды емдеуге қолдануда Греция елі біраз рөль атқарған Греция дәрігері Гиппократ дәрілік өсімдіктердің екі жүзден астамытүрін жазып ,оларды емдеуге қалай пайдалануға болатындығы туралы толық ғылыми тұрғыдан түсінік берген .Ал,Грецияның Диоскорид деген дәрігері өзінің «Дәрілік заттар» деген еңбегінде дәрілік өсімдіктердің алты жүзден астамы қолданылуы жолдары жазылған .Рим дәрігерлері Бұл өсмідіктердің ауруларды емдеуге пайдалану жайындағы деректерді осы Греция ғалымдарының мәліметтерінен алынған .Дегенмен Рим дәрігерлерінің емдік қасиетті бар өсімдіктердің санын көбейтуге тигізген әсеріде өте зор .Үлкен Плинийдің айтуы бойынша ,римдік дәрілік өсімдік тердің мыңнан астам түрлерін тапқан

Дәрілік өсімдіктер туралы көптеген мәліметтерді Оңтүстік Батыс Азия халықтарыда біздің заманымызға жеткізген .Соның ішінде Индия Фармакологтары өз елінің флорасынан өсімдіктің сегіз жүзге жуық түрін тапқан Тибет дәрігерлерінің емдеу әдістері осы Қытай,Жапония,Монғол елдеріндегі білім негізінде құрылған .Осының арқасында болу керек ,тибетіктерде ауру-сырқауды емдеуге пайдаланатын дәрі – дәрмек түрлері өте көп.

Басқа елдерге қарағанда Қытайда Бұл салада көзге көрінерлік жұмыстар жүргізілген.Бұл елдерде дәрілік өсімдіктер туралы кітап жаңа эрадан екі жарым мың жыл бұрын жазылған.

Фармаколог Ли Ши-Чжень он алтыншы ғасырда өзінің жиырма жеті жылдық зерттеу жұмысын жинақтап ,елу екі томдық дәрігерлік еңбегін жарыққа шығарған .Бұл еңбекте дәрілік өсімдіктердің екі мыңға жуық түрі жазылған .Сонымен қатар дәрілік өсімдіктерді жинау ,кептіру,одан әрі жасау әдісі ,қандай ауруға қалай пайдалатындығы жайлы мәлімет берген.

Қазіргі кезде жабайы өсетін дәрілік өімдіктерді жинаумен дәрі жасап шығару өндірісін толық қамтамасыз ету мүмкін емес екендігін ескере отырып ,олардың өнім көлемін жалғастыру үшін арнайы шаруашылықтарда дәрілік өсімдіктер егілетін плантация лар құрылды .Украинада ,Қазақстанда мен Молдовада ,Грузияда ,Беаруссияда,Латвия респуликасында осындай совхоздар ұйымдастырылды.

Бұл шаруашылықтар елімізге керекті шикі заттың алпыс процентін ғана қамтамасыз етеді Совхоздардағы плантацияларда дәрілік өсімдіктерді өсіру ,жинау өте көлемді және қызу науқанмен жүргізілетін жұмыс .Мысалы ;фармацевтік өндірістің бір жылына керекті сегіз жүз тонна қазтабан гүлін кептіріп алу үшін төрт мың тонна жас гүл шоғын 2 апта ішінде жинап үлгеруі керек екен.Өйткені ,жинау мерзімі өтіп кеткен жағайда қурап ,жарамсыз болып қалады.Міне,осыншама мөлшерде және тығыз уақыт ішінде дәрілік өсімдіктерді жинап алу оңайға түспейді .Дегенмен ,жұмыстың ауырлығына қарамастан ,халыққа керекті Препараттарды дайындау үшін 1950 жылы он алты мың тонна ,1960 жылы отыз мың тонна ,1970 жылы отыз мың мың тонна,1980 жылы елу мың тоннадан астам дәрілік өсімдіктер жинала бастады .Бұл өсімдіктерден стрихнин ,атропин,платифилин,резерпин,хинидин,аймалин, тағы басқа көптеген препараттар алынады.Жалпы қолданылып жүрген препараттардың 40 проценті осы дәрілік өсімдіктерден жасалған.

Дәрілік қасиеті бар өсімдіктер.

Ақжелкек –биіктігі 1,5 метрдей ірі тамырлы ,дегелек болып өскен үлкен жапырақты көп жылдық өсімдік .Гүлі ақ түсті ,гүлдері жиналып шашақ құрады.Мамыр-маусым айларында гүлдейді. Еліміздің барлық жерлерінде өседі.Күнделікті тағамға пайдаланады..Дәрілікке тамырынан жасалған ботқа, тұнба пайдаланады.Тамырында синигрин гликозиді ,мирозин ферменті ,С витамині,эфир майы ,күкірт бар.Ақжелкектің жаңа дайындалған сөлінде бактерицидтік қасиетке ие лизоцим заты бар.Бұл асқазан ның жұмысына әсер етіп ,адамның тамаққа тәбетін шақырады.Құрқұлақпен күресуге де қолдануға болады.Ол үшін төмендегі дей жолмен ақжелкектің сұйық қоспасын жасайды.Бұл өсімдік сөліне (болмаса ботқасына )1/10 бөлігіндей су қосу керек .Осылай дайындалған тұнба тамаққа тәбет шақырады.Бұдан басқа ақжелектің жапырағын жылытып,құяңқы барлар ауырған жерге 20 минуттай таңып қояды.
Аққайың –белгілі ,елімізге кең тараған сәндік ағаштардың бірі .Қабығын,жапырағымен бүршігін,шырынын дәрілік мақсатта пайдаланады.Аққайыңда С витамині,эфир майы ,сапонин бетуларетин қышқылы,илік заты бар .Осы себептенде аққайыңнан жоғары сапалы антисептикер дайындайды.Оларды асқазан –ішек ауруларына ,гинекалогияда ,бүйрек қуық ауырғанда қолданадыІшек құрттарын шығаруға да әсері бар.

Аққайың жапырағының тұнбасын жасау үшін кептіріліп уақталған бір ас қасық жапыраққа бір стакан қайнаған ыссы су құйып тұндырады..Содан кейін жапырақтағы бетуларетин қышқылын еріту үшін 0,2 грамм ас содасын салу керек .Осыдан кейін сүзіп ,дайындалған баны екіге бөліп ,арасына төрт сағат салып екі мезгіл ішеді .

Бүршіктің бір шай қасығын жарты стакан қайнаған ыссы су құйып тұндырып ,күніне үш мезгіл екі ас қасық тан ішуге болады.

Аққайың шырынын күніне үш мезгіл ішкен дұрыс.


Алоэ – үй ішінде өсірілетін мәңгі жасыл өсімдік.Жапырағы шырынды ,толық ,айналасы тікенекті келеді.Гүлі қызғылт сары түсті үҮй ішінде өте сирек гүлдейді.Алоэны Закавказье тәжірибе станциясы ның плпнтациясында өсіреді .Дәрі –дәрмек жасауға алоэның төменгі ,ортаңғы жапырақтарын қазан – қараша айларында жинайды. Оның жапырақтарында алоээмодин,алоин,наталоин,гамонаталоин,рабор- берон заттары бар.

Алоэны ел арасында емге ерте кезден пайдаланған .Оны ұлы Отан соғысында жаралы солдаттарды емдеуге қолданатын.Қазіргі кезде алоэдан әр-түрлі препараттар дайындалып , көз,асқазан,ішек ауруларын емдеуге қолданады .

Бұл ауруларды емдеугеалоэ сөлі төмендегідей жолмен дайындалады:алоэның төмннгі , болмаса ортаңғы жапырағын кесіп алып ,қайнаған сумен жуып ,тазалап, 02-03 мм етіп уақтап ,дәкеге орап ,сығыпсөлін жинайды.Осылай алынған жаңа сөлді күніне 2-3 мезгіл тамақтанар алдында 20-30 минут бұрын 1 шай қасық ішу керек.Ал дәріханада алоэның сыртқы жараны емдеуге ,ішуге арналған арнайы препараттар сатылады.

Алоэның 90-нан астам түрі бар.Табиғи алоэның отаны Африкадағы Капландия жері.Бұл жерде биіктігі 20 метрдей ірі ағаш ,қызғылт сары шашақты ,жағымсыз иісті гүл ашады.Оның исінің нашарлығы сонша адамның басын ауырта бастайды.Жергілікті халықтар алоэның кейбір түрлерінің талшықтарынан жасалған осы арқандар теңіздің кемелеріне керекті арқан жасайды. .Алоэ талшықтарынан жасалған осы арқандар теңіздің тұзды суына өте шыдамды .



Асқабақ – кәдімгі өзіміз бақшада өсіретін бір жылдық өсімдік.

Асқабақ дәнінде 50% май , 27,4% заоттық заттар, 11,0% қант, крахмал ,14,8% клетчатка болады.Осы мен қатар көптеген қышқыл глицеридтер бар. Ал асқабақтыңи өзінде 4-11% қант ,С,В витаминдер і,каротин болады. Дәрілік мақсатқа ішек құрттарымен күресу үшін асқабақтың дәні пайдаланады.



Дәрілік өсімдіктерді өсіру

Дәрілік қасиеттері бар өсімдіктердің кейбіреулерін үйде егіп өсіруге болады.Егер осы әдісті дұрыс қолға алатын болсақ,біріншіден ,бұл табиғатқа жасаған көмегіміз.,яғни табиғаттағы өсімдік қорына аз болсада қосымша қор болады ..Екіншіден ,дәрілік өсімдіктер қыс-жазы қол астымызда болып ,керек уақытта еш жерден іздемей ақ пайдалануға болады .Үй ішінде өсірілетін өсімдіктер жұпарлы гүл,жебер шөп,жалбыз , зире, шалфей,мелисса т.б. осы сияқтылар жатады.Осындай өсімдіктер санын көбейту үшін де өсімдіктерді өсіруге алдын ала ,жәшік ,қыша құмыра ,полиэтиленнен істелген ыдыстарды дайындау керек .Осы мен қатар құнарлы топырақ ,құм, қара шірік , уақтал ған тастарды, әзірлеу тиіс.Бұдан кейін қажетті өсімдік егілген ыдыстарды орын дайындап алған дқрыс .Қыста терезе алдын ,ал жазда балкон ,лоджа,террасты, пайдалану керек. Өсімдіктерге жаоық толық түсетін болу керек жарық жекткіліксіз болса люминесцентті шамды тәуілігіне 8-10 сағаттай жағып қойған дұрыс .Өсімдіктерді отырғызар және дән себер алдында ыдыс түбіне әзірленген уақ тастар ды ал оның үстіне бірдей мөлшерде құнарлы топырақ ты, қара шірікті толтырады. Осыдан кейін оларға себетін өсімдік дәнін бір процен марганец қышқылды калий ертіндісін \де ұстап ,содан кейін таза сумен жуып ыдыстарға себу керек.

Өсімдіктерді үйде өсіру кезінде ең жауаптысы – ыдыстардағы топырақ тан ылғал үзілмеу керек .Оларға пайдаланатын суды біраз тұндырып алып құйған дұрыс.Өсімдіктер ыдысқа отырғызылып болған соң 8-10 аптадан кейін 2 грамм тыңайтқыш ертіндісі мен суарады.

Дәрілік өсімдіктердің елуден астам түрі өндірістік жолмен өсіріледі . Осыған байланысты, олардың биологиялық ерекшеліктері ,агротехникалық шаралары толық зерттеліп ,олар арнайы айналысатын шаруашылықтарда тегіс қолданылып келеді .Сондай плантацияларда алоэ ,левзия,жалбыз,рауғаш ,шалфей,жалбыз тікен ,итмұрын,женьшень,анис,валерьян,қуаңдәрі,мия, түймедақ,шырғанақ,лаванда, бақа жапырақ,тағы басқалары әр- түрлі дәрілік өсімдіктерде өсіріледі .

Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктердің бірі –сасық шөп.Ол дәнен өсіп өнеді .Сасық шөп дәнінің өнімділігі 4-6 жылға дейін сақталады .Бұл өсімдік дәнен күзгі қатты суық түсерден 7-20 күн бұрын,болмаса ерте көктемде себу керек .

Түймедағы өсімдігі күн көз і түсетін жерге күзде ертерек немесе көктемде 1-1,5 см тереңдіке сепкен дұрыс.Ал қыс түсер алдында . қатты аяздан 7-10 күндей бұрын жер бетіне себуге де болады.

Итмұрынды тамыр бөлшектерінен , сабақ кесінділеріне ,болмаса дәнінен егіп өсіруге болады .САбақ кесінділерін дайындау үшін өсімдіктердің жас ,бір жылдық, бұталарының жоғарғы жағынан алады.Осы алынған кесінділерді 10Х3см схемасымен отырғызу керек.Бұл кесінділер тамырланғаннан кейін 20Х30Х8 см схемасымен қайтадан отырғызу керек .Осылай өскен екі жылдық көшет қайтадан 40Х40Х40 см схемамен шұңқырларға отырғызылады.

Қалемшеден көбейтілетін өсімдіктердің бірі – қарақат .Ол үшін ұалемшелер бір жылдық бұтақшалардан күзде ,бомаса ерте көктемде кесіп алынады.Қалемшелер 10-15 см ұзындықта даярланадыОсылай кесіліп алынған қалемшелердің 1-2 бүршігін жер бетіне қалдырып отырғызады.Қалемшелерді отырғызбас бүрын, төрт сағаттай суда ұстау керек Олардың тез тамырланып,өсуі үшін топырақтың жұмсақ және дымқылдау болғаны дұрыс .

Үлкен бақажапырақ дәнінен өніп- өседі.Бұл өсімдік дәні қыс түсер алдында жер бетіне себіліп ,ал ерте көктемде 1 см тереңдіке егеді

Құнарлы дымқыл топырақ та жақсы өсетін дәрілік өсімдіктердің бірі – жалбыз.Негізінде тамыр кесінділерінен өсіріледі .Оларды күзде, болмаса көктемде 10-12 см тереңдікке отырғызады. Жалбызды күн көзі көп түсетін жерге отырғызған дұрыс.



Дәрілік өсімдіктерді жинау
Өсімдіктерді жинауға шығар алдында олар туралы толық мағлұмат беретін нұсқаулармен жете танысқан жөн .Сонымен қатар ,күрек ,пышақ, секатор , қайшы сияқты құралдардың болғаны дұрыс.Өсімдік жапырағын ,гүлін және тамырын жинаған кезде осы жоғарғыдағы аталған құралдарды ұқыпты әрі орынды түрде пайдаланып , кесіп ,болмаса қазып алған дұрыс .Бұлай болмаған күнде өсімдіктер қатты зақымданады.Неге десеңіз , өсімдік гүлін я жапырағын қолмен жұлғанда оның тамырынан жұлынып қалу мүмкін.
Жиналған өсімдіктерді салатын рюкзак,себет,кіші гірім қалталар болғаны дұрыс.Өсімдіктерді бір жерден бірнеше жыл қатарынан жинауға болмайды.Дәрілік өсімдік өсіп тқрған жерде сол өсімдіктің болашақта өсіп-өнуі үшін әр маусымда белгілі бір мөлшерден қалдырып тұрғаны дұрыс .Сонымен қатар өте жақсы өсімдіктерге тимей,толық пісіліп жетілгендерін алу керек .Себебі бұларда биологиялық активті заттар мөлшері басымырақ болады .Яғни ,бұл қасиет өсімдіктердің өсу кезеңімен мүшелеріне байланысты деген сөз.Сондықтан өсімдіктің қай мүшесін қай мезгілде жиау керек екендігін де білген дұрыс.Өсімдік тамырларын толық пісіп –жетілген уақытта , күз айларында жинайды.Ал жазғытұрым жинауға тура келетін болса ,онда тамыр өсіп-өніуі басталмай тұрғанда жинауы керек .Өсімдік жапырағын толық гүлдеу кезінде жинайды.Ондайда төменгі және ортаңғы жапырақтар жиналады.Зиянды жәндіктермен ,түрлі аурулармен зақымданған жапырақтарды жинауға болмайды. Гүлдерді гүлдей бастағанда жинайды.Зақымданған және тозаң басып қаты ластанған гүлдіде жинамағаны дұрыс .Бүршіктерді жазғы тұрым ерте ,ол ашылмай жаңа бөрітіп ,тола бастағанда жинайды.Өсімді қабығын бүршік толығып ,сөл бере бастаған уақытта жас бұталардан жинаған дұрыс Олардың қабығын жинау үшін ,пышақпен екі жерден көлденең – арсын 20-30см етіп жарты сақина жасап тіледіСодан кейін оларды жоғарыдан төмен қарай екі жерден тіліп қосадыда,жоғары жарты сақина тіліктен бастап пышақ ұшымен көтеріліп ,қабығын сыдырып алады.Бұл жағдайда өсімдіктің тек жарты қабығы алынады, қалған бөлігі өсімдікте қалып ,сөл жүру процесін жалғастыра береді.өсімдік шөбін негізінде гүлдеген мезгілде жинайды.Ол үшін өсімдікті жапырағы көп жоғарғы жағын гүлімен қоса ,төменнен екі – үш жапырақ қалдырып,кесіпалады.Сарғайған,Зақымданған

жапырақтарды кесіп тастуа керекӨсімдіктің жемісімен дәнін пісіп жетілгенде жинайды. Кейбір өсімдіктерде олар ертерек пісіп,түсіп қалу қаупі туады.Сондықтан ондай өсімдіктердің жемісімен дәнін ертерек жинаған дұрыс .

Өсімдік жапырақтарын ,гүлдері мол сабағын күн ашық,құрғақ,уақытта ,ертеңгі шық кепкеннен кейін жинаған жөн.

Өсімдік тамырларын қазып алғаннан алғаннан соң жабысқан топырақтан салқын сумен жуып тазартады.Өсімдіктерді жинауға кіріскенде бір ескеретін нәрсе – жинайтын адам қолына қолғап кейгені дұрыс.Себебі көптеген тікенекті келеді.Жинап алынған өсімдіктерді дереу кептіріп алған жөн Себебі тез кептірілген өсімдіктерде оның дәрілік қасиеттімен сапасы көбірек сақталатыны даусыз Жиналған өсімдік мүшелерін кептіру

Жұмысы көлеңке ,жел, қағып тұратын жерге қағаз ,болмаса басқа төсеніш үстіне жайып ,әлсін-әлсін аударып отыру керек. Жақсы кепкен өсімдік қолмен уқалағанда морт етіп сынып кетеді.Кептірілген өсімдікті қағаздан жасалған қалтада немесе картоннан істелген қорапқа салып, ішіне қағаз төсеп , қараңғы әрі құрғақ жерде сақтайды.

Оларды жіпке тізіп ,іліп я болмаса ағаш ердене үстіне жаю керек Әр түрлі зиянкестер тимеуін қамтамасыз ету керек.Өсімдікті сақтайтын жерде өткір иісті (керосин,нафталин т.б.)заттардың болмағаны дұрыс.Улы қасиеттері күшті шөптер бөлек сақталуы тиіс.


Дәрілік өсімдіктер құрамында болатын биологиялық

әсерлі заттар жайлы не білеміз?
Дәрілік өсімдіктер құрамында көптеген биологиялық әсерлі заттар болады.Осы өсімдіктерді емдік мақсатта пайдаланғанда сол заттар адам организіміне еніп ,әр түрлі физиологиялық өзгерістер туғызады.Өсімдіктердің дәрілік қасиеті осы биологиялық әсерімен заттардың түрлерімен мөлшеріне байланысты.Дәрілік өсімдіктер құрамындағы биологиялық әсері заттардың тобына алкалоидтар ,гликозидтер,эфир майы,сапониндер,илілік заттар, витаминдер, органикалық қышқылдар тағы басқа да көптеген заттар кіреді.

Алкалоидтар – табиғаттағы күрделі азотты заттар.Бұлар өсімдіктерде тұздар немесе олардың негізгі түрінде болады.Бұл заттың аты араб сөзі «алкали» – сілті және грек сөзі «ейдос» – сияқты деген екі сөзден шыққан .Бірішшірет алкалоид көкнәрден алынып ,герктің ұйқы құдайы Морфейдің құрметіне морфин деп атаған .Содан кейін әр түрлі өсімдіктерден стрехин,бруцин,никотин,атропин ,хинин сияқты өте әсерлі алкалоидтар алына бастаған .Алкалоидтардың фармакологиялық қасиеттері алуан түрлі және әсерлі.Сондықтан болу керек ,алкалоид ты препараттармен емдеу көбіне нәтижелі аяқталады. Елімізде өсетін көптеген өсімдіктерден алынатын алкалоид мөлшері өсімдіктер өсетін жердің табиғат жағдайына ,оларды жинау мен кептіру мерзіміне байланысты. Өсімдіктерлдегі алкалоидтар мөлшері 2-3 проценттен болады.Алкалоидтардың әсіресе ,орталық нерв жүйесіне тигізетін физиологиялық әсері өте күшті.Оларды жоғары мөлшерде қолданғанда улану қауіпі туадыда ,ал аз мөлшерде емдік қасиетті болады.

Гликозидтер малекулалары қанттан (гликон) және қантсыз(агликон) ,азотсыз заттардан тұратын топтарға жатады.Сақтау кезінде гликозидтер ферменттердің және сыртқы әсерлерден бұзылысқа түседі .Сондықтан жиналған өсімдікті дереу кептіріп ,ал

Сақталған уақытта даымқылданбаған жөн .Өйткені ферменттер құрғақ өсімдікте өз әсерін жүргізе алмайды..Гликозидтердің бір тобы жүрек ауруларын емдеуге пайдаланылады .Олар өте улы .Дегенмен жүрек ауруларын емдеуге бұл гликозидтердің аз мөлшерінен жасалған препараттар өте пайдалы .глимкозидтер дің ащы түрдері асқазанның ас қорыту жұмысын жақсартуға қолданылады .Гликозидтердің бір түрі –сапониндер .Олар қсімдіктердің 70-тен астам тұқымдастарында кездеседі .Көбінесе қалампыр және примула тұқымдастарында сапониндер көп болады .Бұлар қақырық түсіруді жеңілдетуге ,зәр ,өт айдауға керекті препараттарды дайындауға пайдаланылады..Соңғы жылдары флавонидты гликозидтер бактерици\дтік препараттар алуға және радиактивті заттарды организмнен шығаруға қолданып жүр.



Эфир майылары– өсімдіктердің гүлінде ,жапырағы мен жемісінде кездесетін күшті иісті жеңіл ,ұшатын зат.Өсімдіктердің жоғарыда аталған мүшелерінен ыссы су болмаса бу арқылы айдалынып алынады .Эфир майы өсімдіктердің 2000 астам түрінде кездеседі .Бұл өсімдіктердің эфир майының мөлшері сол өсімдіктердің биологиялық өсіп – өнуі кезеңіне және ау райы ының жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Эфир майы ,әсіресе әр түрлі микробтармен вирустармен күресуге өте әсерлі.Сонымен қатар ,жүрек –қан тамыры жүйесінің қызметін , асқазан –ішек қызметін жақсартуға және қақырық түсіруге мүмкіндік туғызады .

Өсімдіктерден алынатын илік заттары –танидтер тобына жататын көп атомды фенолдар

Оларды иілік заттар деп те атайды.Бұл илік заттары ішек ,асқазан ауруларын емдеуге Бактерицидтік . препарат ретінде жиі қолданылады.Танидтер денедегі жараны ,күйікті емдеуге де пайдаланады. Сонымен бірге алколоидтармен ,ауыр металл тұздарымен уланғанда қолданылады.

Химиялық құрамы жағынан эфир майына өте жақын ,өсімдіктерде кездесетін заттардың бірі смолалар.Қою қолға жабысатын аромат иісті ,әт – түрлі күрделі қосылыстардан тұратын зат.Смоланың ұзақ уақыт қатпайтын түрін бальзам деп атайды.Смоланың бактерицидтік қасиеті өте күшті.

Витаминдер – организм тіршілігіне өте қажетті органикалық зат .Оның азған мөлшерінің өзі адам ,жан-жануар тіршілігігің өсіп- жетілуіне мүмкіндік туғызады.Организмдегі зат алмасуда белок,углевод,май секілді тағамдық заттарды сіңіру процесін реттеде өте үлкен қызмет атқарады. Витамин жетіспеген уақытта организмдегі зат алмасу процесі бұзылып , жалпы мүшелер функцияларының жұмыс істаеу қабілеттілігі нашарлайды .Қазіргі уақытта табиғатта 30- дан астам витаминдер бар . Олардың көбі осы дәрілік өсімдіктерде кездеседі .Бұлардан басқа өсімдік құрамында қызығылт сары түсті каротин (А провитамині),фитонцидтер (микроорганизмдерді жоюға әсерлі ) ,кверцетин

(сары түсті)сияқы заттар бар .Жоғарыда аталған заттардан басқа тіршіліктің негізігі эликсирі – ферменттер туралы айта кеткенде жөн .Өйткені ,ферменттер организмдегі биологиялық катализатор , оларсыз тіршіліктің болуы мүмкін емес .Организмдегі химиялық өзгерістерді реттеу бағыттау және шапшаңдату тек олардың қызметтерінің арқасында болып отырады . Тағамдық заттардың адам организіміне тез сіңірілуіне осы ферменттердің әсері бар екендігі ертеден белгілі болған .Мексиканың ежелгі тұрғындары етті пісірудің немесе ұуырара алында оны қауын ағашының (дынное дерево) жемісімен үйкелісіп ,содан екйін солағаш жапырағымен орайтын болған .Себебі , осы әдіспен пісірілген ет өте жұмсақ және сіңімді болады екен Соңынан бұл жағдайды зерттеп қараса ,жаңағы қауын ағашында папаин протеазасы мен химопапаин ферменттерінің көп екендігі ,солардың арқасында етжұмсарып сіңімділігі артатындығы анықталған .Қауын ағашының осындай қасиетті жөнінде ел арасында мынадай аңыз бар екен .Қауын ағашын тағамға пайдаланған нан тез өседі әрі керемет күшті болады деп ойлаған бір жас жігіт піскен күрішке қауын ағашының жапырағын қосып ,сол ағаш түбінде жей береді .Келесі күні сол жігіттің жолдастары «жігітіміз қандай болды екен» деп келсе ағаш түбінде қалған бір топ сүйектерді көреді.Яғни қауын ағашының жапырағындағы етті жұмсартатын фермент – жаңағы жігітті түгелдей «ерітіп» жіберіп ,тек сүйектері қалған екен дейді.

Өсімдік организмдегі керекті заттар негізінен осы ферменттердің күші арқылы пайда болады.Ал ферменттердің өздері тек қана белоктан тұрады.Олардың организм ішіндегі химиялық роцестерді жүргізу жұмысы температураға байланысты.Ферменттердің өздері тек қан белоктан тұрады .Олардың организм ішіндегі химиялық процестерді жүргізу жұмысы температураға байланысты Ферменттердің катализаторлық қасиеттері 470 ыстықта төмендейді ,ал 540 болғанда тоқтайдыБқдан біз қорек етіп жүрген тағамдарымызда шикі күйінде ондағы ферменттер түгелдей сақталады деген қорытынды шығады.Осыған байланысты жалпы өсімдіктерден әзерленген тағамдарды (салат ,шырын)т.б.сол күйінде пайдаланғанда ондағы емдік қасиетті органикалық заттар адам организміне бұзылмай ,көбірек мөлшерде сіңетіні анық.

Дәрілік өсімдіктердің құрамындағы әсерлі заттардың тағы бір тобы –микроэлементтерБұлардың қатарына жататындар –калий,натрий,кальций,магний, темір, хлор, иод, тағы басқалары жатады.Тек теңіз капустасының өзінде ғана 59-дан астам осындай элементтер бар. Бұл микроэлементтер адам организіміне өсімдіктен жасалған тағамдар арқылы енген уақытта әр-түрлі ауру процестерін тоқтатуға көмектеседі.Мысалы,кәдімгі қияр шырынындағы калий қан қысымын реттеуге ,ал бақбақ шырыныдағы магний сүйектерді беріктендіруге әсерлі




Дәрілік өсімдіктерден дайындалатын қоспалар
Әр түрлі өсімдіктердің емдік мақсатта жиналған бөліктерін уақтап турап ,әр түрлі қоспа жасап ,оларды емдік мақсатта қолдану ел арасында ертеден таралған.Қазіргі уақытта ,фармацевтік фабрикалар да дәрілік өсімдіктерден жасалған қосындылар дәріханаларда сатылады .Дегенмен қолда бар өсімдіктерден үй жағдайында керекті қоспаларды жасап дайындауға болады.

Тыныс органдары ауырғанда пайдаланатын қоспа:

1.Жалбызь тікен тамырының екі бөлігі ,өгей шөп жапырағының екі бөлігі ,жұпар гүл шөбінің бір бөлігінің қосындысы .Осы қосындының бір ас қасығын екі стакан (400 мл)қайнап тұрған су құйып ,шәй демдегендей қайнатады.Сонан соң 20 минут тұндырып ,дәкемен сүзеді.Осы тұнбаны жылы күйінде араға үш сағат салып ¼ бөлігін ішуге болады .Асқазан ауырғанда пайдаланатын қоспа :

Итшомыр қабығының үш бөлігі ,қалақай жапырағының үш бөлігі , жусан шөбінің екі бөлігі ,шүйгін шөп тамырының бір бөлігі нің қосындысы .Осы қосындының екі ас қасығына екі стакан қайнап тұрған су құйып 10 минут қайнатады..Қайнап болғаннан

Кейін дәкемен сүзеді.Суытылып ,таңертең және кешке жарты стаканнан ішеді.



Тамаққа тәбет арттыратын қоспа:

Жусан шөбінің төрт бөлігі мен мың жапырақ жапырағының бірбөлігінің қосындысы .Осы қосындының бір асқасығына бір стакан ыссы су құйып , шәй демдегендей қайнатып ,біраз тұндырып ,дәкемен сүзеді.Осылай даындалған тұнбаны тамақтанудан 15-20 минут бұрын ,бір-екі ас қасықтан ішіп отыру керек.



Іш өткенде қолданатын қоспа:

Қаз табан тамырының бір-бөлігінің ,шаянмойын тамырының,төрт бөлігінің қосындысы .Осы қосындының екі шәй қасығын а бір стакан ыссы су құйып ,шай сияқты қайнатады. Содан кейін жарты сағат тұндырып ,сүзіп ,күніне 3-4 мезгіл ішеді.



Тыныс жолдары ауырғанда қолданатын қоспа :

Қоспа жасау үшін өгей шөп жапырағы – 40гр ,жұпаргүл шөбі-20 гр ,жалбыз тікен тамыры 40 гр мөлшерінде алынады.

Б)қоспаға бақажапырақ жапырағы -30 гр жұпаргүл шөбі – 40 гр ,мия тамыры -30 гр мөлшерінде алынады.

В)қоспаға шалфей жапырағы -14,6 гр ,анис жемісі -14,1 гр, жалбыз тікен тамыры -28,8 гр, мия тамыры -28,8 гр, қарағай шөбі -14,4 гр мөлшерінде алынады .



Өт айдауға падаланатын қоспалар:

А)қоспаға салаубас гүлі-40 грамм,Мыңжапырақ жапырағы 20-гр,жалбыз жапырағы -20грамм, кориандр жемісі -20 грамм, мөлшерінде алынады .

Б)Бұған салау бас гүлі- 40грамм,мың жапырақ гүлі немесе шөбі -20грамм,жалбыз жапырағы -20 гр, кориандр жемісі -20гр, мөлшерінде алынады.



Жүрек – қан тамыры ауруларын емлеуге пайдаланылатын қоспа:

Бұрыш жалбыз -30,0; бестармақты сасықшөп (шөбі)-30,0;дәрілік шүйгін шөп(тамыры)20,0; кәдімгі құлмақ (бүршігі)-20,0.Бұл қоспадан дайындалған тұнбаны нерв қозғанда ,ұйқы қашқанда пайдаланады .Ол үшін осы тұнбаны күніне үш мезгіл ішкен дұрыс.



Ішек-асқазан ауруларыын емдеуге пайдаланатын дәрілік өсімдіктерден дайындалатын қоспалар

Ащы жусан(шөбі)-25,0;батпақ иірі(тамыр)-25,0;үш жапырақты субеде (жапырағы)-25,0; кәдімгі зире(жемісі)-25,0.Бұл қоспадан дайындалған тұнба ны тамаққа тәбет шақыру үшін тамақтан 15-20 минут бұрын ішеді.

Үшжапырақты субеде (жапырағы )-35,0; кіші толғақб шөп(шөбі)-30,0ащы жусан(шөбі)-35,0.Бұл қоспадан дайындалған тұнбаны тәбет шақыру үшін тамақтан 15-20 минут бұрын 1 ас қасықтан ішеді.
Тағамдық өсімдіктер жайлы не білеміз?
Тіршілікке керекті заттардың біразы,адам организіміне негізінен тағамдық өсімдіктермен көп мөлшерде енетіні белгілі .Олар әр түрлі қант ,белок,витамин,фитонцид,фермент, эфир майы, тағы басқа химиялық заттар ретінде организмге еніп, тіршіліктің негізін салатын физиологиялық немесе бирхимиялық процестердің дұрыс жүруін қамтамасыз етеді . Адам организіміне өте қажетті заттар (натрий,калий,кальций,магний,фосфор ,темір, т.б.)мен микроэлементтер де (йод,мыс,кобальт,,марганец,молибден т.б.) негізіне осы өсімдіктер дүниесінен енетін жоғарыда айтқанбыз.Өсімдік тағамдары адам организіміне енген соң ,оның құрамындағы заттар өзара зат алмасу процесіне араласып ,ас қорыту жолдарының жұмысын жақсартып , басқа органдардың функцияларын реттейді.

Бір айта кететін жағдай – дәрігердің адамды емдеуге берген химиялық препараттары мен тағамға пайдаланған өсімдік құрамындағы заттарының өзара байланысы физиологиялық жағынан әр түрлі болуыда мүмкін.Осы себептен дәрігерлер көбінесе препаратты тамақтаудан бұрын қабылдап,содан кейін тамақ ішуді ұсынады.Неге десеңіз,ішкен дәрі сіңгенше тамақ құрамындағы заттар оған ешбір кеселін тигізбейтін жағдай туады. .Сондықтан Емделіп жүрген уақытта өсімдік тағамдарының қандай түрін ,қанша мөлшерде ,қай уақытта қабылдау керектігі дәрігермен кеңескен дұрыс..Сонда ғана өсімдіктердің тек тағамдық құндылығымен қатарт , ауруға да ем болатындығы сөзсіз.Мысалы: көкөнісішектің тазаруын жақсартады,холестериннің организмнен жылдам шығарылуына мүмкіндік береді.Құрамында калий көп өсімдіктерді(алма,қызылша,асқабақ т,б) гипертониямен ауыратындарға ұсынады.Капуста сөліндегі аскорбин қышқылы,В тобына жататын витаминдерде, кобальт, мыс, цинк, магний, кальций, калий әсіресе фосфор тұзы,амин қышқылдары асқазан жарасының жазылуына көмектеседі.Тағамға пайдаланатын өсімдіктердің бәрі бірдей ауруларға шипалы бола бермейді.Мысалы :бауыр ауырған уақытта құрамында эфир майы бар (пияз, шомыр,ақжелкек,шалғам) өсімдіктерді тағам құрамынан шығарып тастайды. Сондықтан өсімдіктерді тағамға пайдаланғанда олардың түрлерін және олардың химиялық құрамын ,биологиялық сапасын дұрыс білген жөн.

Алмұрт елімізде жылы жерлерде өсіріледі.Соның ішінде Оңтүстік республикалық аймақтарда сапасыс өте жоғары.Оның құрамында қанттың фруктоза ,глюкоза, сахароза, түр-түрлері 7,0 -10,0 процентке дейін болады .Алмұрт жемісінде 0,3процент илік заттары 2,6 процент клетчатка бар. Қышқылдар өте аз. Дәмділігі алмаға қарағанда басымдау .Алмұрт жемісі зәрде тас болғанда зәрді айдауға өте әсерлі .Апельсинде оңтүстікте өседі Жемісінің құрамында (10 процент),минералды заттар(кальций, калий, фосфор),лимон қышқылы, пектин заттары , фитонцидтер бар.Бұлардан басқа апельсинде аскорбин қышқылы,(65 мг / 100г),В,А,Р витаминдер болады.Апельсин жемісі ас қорытуды және тамаққа тәбетті жақсы ашады.Ішекті әр түрлі керексіз заттардан тазартады.Жеміс шырынын гастрит болғанда ішкен дұрыс.

Алма –еліміздің көптеген елдерінде өседі.Жеміс құрамында қант,клетчатка ,пектин , органикалық қышқылдар ,эфир майы, иілік заттар аскорбин қышқылы ,В,Р витамин, минералды тұздар (марганец,калий,натрий,кальций),фитонцидтер болады.Организмнен холестеринді шығаруға ,ателесклерозға алма жемісі өте пайдалы.Ішек – асқазан ,өт жолдарын емдеуге де тиімді.

Банан- жемісінің құрамында 15-25 процнет қант (көбіне сахароза ),крахмал,белок,клетчатка , 0,3-0,6 процент эфир майы , алма қышқылы , ферменттер , пектин заттары, калий тұзы, аскорбин қышқылы. Мен В2 ,РР Е витаминдері,А провитамин бар.Өте дәмді , нәрлі.Банан жемісінде физиологиялық әсерлі катехоламиндер(сертонин,допамин т.б) барДиеталық тағам ретінде асқазан жарасына ,дизентерия,ішек – асқазанның созылмалы аурулары қайталаған кезде , қант диабет,атеросклероз, гипертониялық аурулармен ауырғанда жеуге болады.Бүйрек ,бауыр ауруларынада шипалы.

Дәрілік өсімдіктерден жасалатын салат,тосап ,сусындар.
Майқоға тамырынан тағам дайындау үшін оның 200 г жас тамыр сабағын, 150 г, картоп ,5 г аскөк 10 г май керек .Қоға тамыр, сабағын ұқыпты түрде тазалап жуып, ұзындығын 2-3 см етіп кесіп ,тұзды суға шайып алып,үстіне картоп ,май салып,піскенге дейін қайнату керек.Тұзды дәмдеуіш көкөністер қосуға болады .Дастарханға қояр алдында үстіне уақталған аскөк себеді.

Қосүйлі қалақайдан мынадай тағам дайындауға болады .

Ол үшін алдын ала 100 г қалақай,220 г бидай ұнын,20 г май дайындап алады. Тұзды керегінше алады. Қалақайды пайдаланар алдында ыссы сумен жуып ,2-3 минут суға қайнату керек .Содан кейін сүзгіге салып ,толық суынан айырғаннан кейін , уақтап , бидай ұнымен араластырып биточки жасайды. Оны үстіне май жағып пісіреді.



Қияршөптен салат дайындау үшін 50 г қияршөп жапырағын ,50 г консервіленгент бұрыш , 50 г тұздалған капуста ,5-7 г өсімдік майын дайындаған жөн ,

Жуып тазаланған қияршөп ті уақтап турап ,үстіне бұрыш , капуста қосып және май құйып араластырып, дастарханға қояды.



Қалақай шырынынан жасалған коктейлі.

Бұған 80 г қалақай шырыны ,160 г сәбіз шырыны қажет.Шырын сыққышпен бөлініп алынған қалақай мен сәбіз шырынына 1 шай қасық лимон шырыны қосылып жақсылап араластырады.Сөйтіп салқын жерге қояды.



Алма мен сәбіз сусынын дайындау үшін 4-5 қышқыл дәмді алма ,0,5 кг сәбіз ,4 стакан қайнаған су , қант қажетінше алынады.Сәбізді езіп ,дәке мен сүзіп , алынған тұнбаны алма шырынына қосады.Бұл қоспаны жақсылап араластырып керекті мөлшерде қант қосу керек .

Бұдан басқа жеміс – жидек шырынына сүт қосып өте қоректі сусындар дайындауға болады.



Сүт қосылған шие сусынын дайындау .

1-2 стакан шие жемісінің шырыны ,1-2 стакан қант ,4 стакан сүт , езілмеген шие жемісі керек .

Дайын шие шырынына сүтті салқын немесе ыссылай қосып , толық араластыру керек .Араластырып болғаннан кейін езілмеген шие жемісін салады.

Қарлыған жидегінен өте дәмді тосап дайындауға болады.

Тосап дайындауға 1 кг қарлыған жидегіне 1,5 кг қант, 2 стакан су .Жидектің үстіне сироп құйып 3-4 сағат тұндырып 5-7 минуттан 3 рет қайнатып ,5-6 сағаттай тұндырып қояды.Салқындағаннан кейін құрғақ банкілерге құйып ,аузын пергамент қағазбен жауып байлап немесе қақпақпен жауып, салқын жерге қою керек .



Рауғаш тосабын дайындау үшін 1 кг рауғаш сабағы ,1,5 кг, қант, 4 стакан су керек. Рауғаштың сыртын тазалап ,уақтап турап ,жуып ,1 минуттай қайнап тұрған суға салып қою керек. Содан кейін дереу сүзіп алып,салқын су құяды.Оның үстіне сироп құйып , қайнату керек

Раушан гүлінен тосап қайнатуға 500-600 г гүл күлтесі,2 лимон , 1,5 кг қант, 4 стакан су.Лимонды ұсақтап турап үстіне гүл жапырағын салып қайнатып алады, да бір тәулік тұндырып қояды .Осы тұнбаны қатты сығып ,сүзіп алынған шырынның үстіне қант салып , тағы да қайнатып ,ыссылай банкілерге құйып бетін жауып ,сақтауға болады..Лимон орнына лимон қышқылын пайдаланғанда қайнауға 15 минут қалғанда жарты қасық лимон қышқылын қосады.

Жалбыз жапырағынан жасалатын тосап. Жалбыздың 200-300 г жапырағы мен сабағына 1 кг қант ,0,5 литр су ,дәмәне қарай лимон қышқылы Жалбыз жапырағымен сабағын қайшы мен уақтап , үстіне ерітілген лимон қышқылын құйып ,қайнатады.Бір тәуілік бойына тұндырып қояды.Содан кейін тұнбаны сүзедіде үстіне қант салып тағы да қайнатады.Ыссылай банкілерге құйып ,қақпақпен жауып ,салқын жерлерге қояды.

Тропика мен субтропикада өсетін дәрілік өсімдіктер
Жүздеген дәрілікм өсімдіктердідіңм сан алуан түрі Африкадан Поленезияға дейін жерлерде ,Жапония аралдарында Солтүстік Американың оңтүстік шығысында ,Оңтүстік Американың кейбір жерлерінде ,Австрия мен Жаңа Зеландияның оңтүстігінде өсіп- өнеді.Мұндай өсімдіктердің сол жерлерде соншалықты көп мөлшерде өсіп таралуының негізгі себебі, олардың өсіп – жетілуіне , жалпы тіршілігіне табиғат ортасының өте қолайлылығы .Әсіресе , ауа мен топырақ ылғалдылығы сол өсімдіктердің өнуіне өте тиімді .Осындай ортада өскен өсімдіктер басқа жердегі өсімдіктерге қарағанда олардың құрамындағы заттарының саны жағынан ,сапсы жағынан да өзгеше болады.

Жоғарыда осы осы өсімдіктердің дәрілікке кеңірек қолданылып жүргені (лаванда,фенхель,агава,алоэ,эвкалипт т.б.) туралы біраз мәлімет берілді.

Себебі ,кейінгі уақытта елімізде теплица ,оранжерея сияқты жабық жерлердің көлемінің өсуіне байланысты ,сол тропикалық субтропикалық елдердегі өсетін дәрілік қасииеттерібар өсімдіктерді өсіру жұмысы болашақта кеңірек қолға алынады деген пікірдеміз.Оған дәлел ,осы уақыттың өзінде елімізде сол жақтың экзотикалық өсімдіктері (агава, алоэ,пальма,магнолия, т.б.)өсіріліп,дәрілік мақсатта пайдаоанып жүр.Бұл өсімдіктердің аттары жергілікті халықтар айтатын күйінде беріліп отыр.Себебі ,оар біздің жерде кездеспегендіктен ,қазақша аттары жоқ.

Ажгон –биіктігі 60-100 см бір жылдық шөп өсімдігі .Жапырағы екі үшке тілінген .Гүлдер ақ болмаса ашық көк түсті , жиналып ,шатыр құрады.Иния жерінде өседі Жемісінде 10 процентке дейін эфир майы бар.Одан тимол (40-600/0 )және карвакрол заттары алынады.

Дәрілік ажгон майы,тимол ауыз ішін дезинфекциялауға көмектеседі.



Ладан – биіктігі 3-5 метірдей кішіліу келген ағаш өсімдігі .Жапырақтары бұтақ бастарына жиналып ,араларында ажарсыз ақ гүлдер болады. Сомалия елдеінің тауларында,Аравияның оңтүстік шығысында өседі.Бұл ағаштан ладан заты алынады.Құрамында смола (50-70 процент),шайыр(30-47 пайыз),эфир майы (2,5-8 процент)және қышқыл заттар бар. Тыныс алу жолдары қабынғанды емдеуге осы ағаштан алынған ладанды пайдаланады.

Кониза – кішілеу келген бұта өсімдігі .Индия,Непал,Үндіқытай,Индонезия жерлерінде өсіріледі .

Дәрілікке жапырағы пайдаланады.Жапырақтарында ғы эфир майынан (20-78 процент)камфора алынады.Жапырағынан жасалған экстракт қан қысымын төмен детуге , бас ауырғанды ,ревматизмді емдеуге қолданады.



Гаултерия –кішілеу келген мәңгі жасыл бұта өсімдігі ..Терістік Амкрика тоғайларында өседі.Бұл өсімдіктен тек қана метилсалицилаттан тұратын (1,50/0) эфир майын алуға болады.Эапырағында арбутин (4),илік заттары (6 0/0) бар Гаултериядан алынған май ревматизмді емдеуге пайдаланады

Индигофера – кішілеу келген бұта өсімдігі .Жапырақтары күрделі,4-7 жұп жапырақшалардан тұрады.Олардың астыңғы жағын түк басқан .Гүлдері сарғыш қызыл түсті .Индия,Египет,Вьетнам жерлерінде өседі.

Дәрілікке жапырағы пайдаланылады. Құрамында гликозид-индикан бар.Индия бауыр ауырғанда ,ал Вьетнамда шиқан т.б. жараларды емдеуге қолданылады.Бұдан басқа жапырағының ұнтағын («басма») шашты бояуға қолданылады.



Қауын ағашы – биіктігі 6 метрге жететін ,пальма сияқты діңгегі жұмсақ ағаш өсімдігі өседі.Бұтақтанбайды,жоғары жағында көп теген жапырақтары болады .Гүлдері онша көз тартарлықтай әдемі емес .Жемістері ірі кәдімгі қауын сияқты, ішінде көптеген қара түсті дәндері болады.

Дәрілікке әлі пісіп жетілмеген жемістерінен алынатын папаин ферменті пайдалынылады.Көбіне бұл ферментті ас қорыту процесін жақсартуға қолданылады.


Дәрілік өсімдіктердің қазақша –орысша атауларымен таныстырамын(медициналық)

1

Агава

Агава

2

Адыраспан

Гармала

3

Аморфа

Аморфа

4

Ақбасқурай

Желтушник

5

Ақжелкек

Хрен

6

Аққайың

Береза

7

Ақтал

Ива

8

Ақшайыр

Сущеница

9

Алоэ

Алоэ

10

Анис

Анис

11

Арша

Можжевельник

12

Аскөк

Укроп

13

Асқабақ

Тыква

14

Астрагал

Астрагал

15

Аюбалдырған

Диягиль

16

Аюқұлақ

Коровяк

17

Балшытыр

Медуница

18

Бадан

Бадан

19

Бақажапырақ

Подорожник

20

Бақбақ

Одуванчик

21

бөріқарақат

Барбарис

22

Бузина

Бузина

23

Бүлдірген

Земляника

24

Шүйгіншөп

Валериана

25

Виктор унгерниясы

Виктор унгерния

26

Володушка

Володушка

27

Гүлкекіре

Василек

28

Долана

Боярышник

29

Емен

Дуб

30

Жалбызтікен

Алтей

31

Жалбыз

Мята

32

Жанаргүл

Горицвет

33

Жантақ

Верблюжая колючка

34

Жебіршөп

Тимьян

35

Жиде

Джидда

36

Жөке ағаш

Липа

37

Жөтел шөп

Буквица лекарственная

38

Жусан

Полынь

39

Жұпаргүл

Душица

40

Итошаған

Череда .

41

Қалақай

Крапива

42

Қарағай

Сосна т.б.

Каталог: uploads -> doc -> 0518
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0518 -> Сабақтың технологиялық картасы І блок «Мақсаттылық»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет