Адамның бет әлпеті. Портрет түрлері



Дата22.05.2020
өлшемі175,96 Kb.
#70508
түріСабақ
Байланысты:
шжм к





1- сынып

3 сынып

Тақырыбы :

Адамның бет әлпеті.

Портрет түрлері

Мақсаты :

Әлемді суретшілердің көзімен көре білу. Адамдардың бет әлпеттеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табу.

Аса күрделі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып,материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу

  1. Өз бетімен жұмыс істеу, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту;

  2. Оқушыларды адамгершілікке баулу; тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабаққа дайындығын тексеру.

2. Үй тапсырмасын тексеру барысында байқалған кемшіліктерді жою, білімін, білікті бағалау.



ІІ. Өткен материалды қайталау:

Сұрақ- жауап әдісімен өткенді қайталау

Материалды түсіндіру

Топтық жұмыс

Балалар бір-бірлеріне қарап бет-әлпеттеріндегі

ұқсастықтар мен өзгешеліктерді атап өтеді.

Сонымен қатар түрі, жынысы, ұлты, жасы әртүрлі адамдардың суреттерімен жұмыс істейді.

«Жемістер» әдісі

1-топ «Бейнелеу»

2- топ «Пейзаж»

3- топ «Натюрморт»

1 тапсырма. Топтық жұмыс «Жасырын суреттер» әдісі





Практикалық тапсырма

Өздік жұмысы

Берілген дайын бет пішіндерін өзгертіп, сәндеп, әшекейлеп, өз достарының немесе ата- аналарының бет әлпетін салу
Дескрипторлар:


  • Оқушылар адам бет пішінін сәндеп, өзгерте алады;

  • Өз достарының,ата- аналарының жеке ерекшеліктерін біледі;

  • Жұмысты ұқыпты әрі эстетикалық талғамға сай орындайды

Суретте жасырылған ұлы тұлғаларды атау.

Бірінші болып аяқтаған топты мақтап

мадақтау. Екінші тапсырма бойынша

Топтық жұмыс «Сұраққа жетіп алу» әдісі.



  1. Портрет жанрына сипаттама беру

  2. Портреттің түрлерін атау;

Дескрипторлар:



Жеке жұмыс: Портретке адамның бет бейнесін

салу. Кімді салғаны жөнінде әңгімелеп беру.


Дескрипторлар:

  • Оқушылар портрет салу ережелерін біледі;

  • Портрет салудағы эстетикалық талаптарды орындайды;




Сергіту сәті.

Үнтаспа музыка ырғағына сәйкес.

Оңға, оңға түзу тұр

Солға, солға түзу тұр

Алға қарай бір адым,

Атрқы қарай бір адым.

Жоғары- төмен қарайық

Орнымызды табайық.


I Орындаған жұмыстарын бекіту



Әрбір оқушы ортаға шығып өз жұмыстарын қорғайды

Орындаған тапсырмаларына сай отшашу, бағдаршам

әдістерімен бағаланады.


Жұмыстарын аяқтаған оқушылар ортаға шығып қорғайды.

IV. Оқылған материалды бекіту кезеңі.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мақтап мадақтау

Кері байланыс

«Бір сөзбен» стратегиясы
Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады.
Түсінбедім, Ұнамады, Қуаныш, Ұнады, Қанағаттану,

Шабыт, Керемет, Алаңдау, Тыныштық, Сенімділік,

Сенімсіздік, Рахаттану


Үйге тапсырма

Өтілген тақырыпты қайталау



Үйге тапсырма

Портретті аяқтап салып келу







Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет