Адамның және тілдің шығу теориясы. Тілдер пайда болуының киелі теориясы. Вавилон мұнарасы туралы аңыз Адамның және тілдің шығу теориясы



Дата10.11.2019
өлшемі24,2 Kb.
#51492
Байланысты:
Тил
абайтану Алтынай Бако
Адамның және тілдің шығу теориясы. Тілдер пайда болуының киелі теориясы. Вавилон мұнарасы туралы аңыз
Адамның және тілдің шығу теориясы

Тілдің шығуы туралы мәселе тіл білімінің ең күрделі және өте-мөте принципті мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл тілдің қоғамдық құбылыс болып табылатынына тікелей байланысты. Тіл адам өмірінің барлық саласында, олардың күллі іс-әрекетінде қолданылады . Ол – адамдардың өте ертеден бері қолданып келген және күнделікті өмірінде қолданып жүрген ең маңызды қатынас құралы Тілсіз қоғамдасып өмір сүру де, бірлесіп еңбек ету де, өндірісті ұйымдастыру да, даму да мүмкін емес. Сондықтан да адамдар тілдің қалай пайда болып, дамығанын үлкен құштарлықпен білгісі келеді. Адам баласының тілінің пайда болуы туралы әр түрлі теориялар бар. Тілдің шығуы туралы дыбысқа еліктеу теориясы ежелгі грек философтарынан бастау алып, ХVІІІ – ХІХ ғасырларда кең өріс алды. Дыбысқа еліктеу теориясын латын жазушысы Августин, неміс философы Г.Лейбниц болды. ХVІІІ – ХХ ғасырларда кең таралған теориялардың бірі – тілдердің шығуы туралы эмоционалды теория. Оның көрнекті өкілдерінің бірі – Ж.Ж.Руссо. Бұл теория дами келе тілдердің шығуы туралы одағай теориясына ұласты. Тілдердің шыуы туралы теориялардың тағы бірі – шарттасу теориясы. Бұл теория бойынша адамдар сөздерді өзара келісіп таңдап алған, осыдан келіп тіл жасалған дейді. ХІХ ғасырда тұрпайы материалистер тілдің шығуы туралы «еңбек айқайы» деп аталатын теорияны ұсынды. Тіл адамдардың еңбек ету кезінде шығарған рефлексті айқайы негізінде пайда болды деген осы теорияның авторлары Людвиг Нуаре және Карл Бюхер еді. Тілдің пайда болуы ойлаудың, сананың пайда болуымен, тілдің дамуы ойлаудың дамуымен тығыз байланысты.Бұлардың байланысы туралы мәселені айқындауда Ресей академигі И.П.Павлов еңбектеріне сүйенер болсақ, тілдердің даму мәселесін Н.Я.Марр, Гумбольд, Шлегель, тілдің биологиялық құбылыс ретінде зерттелуін А.Шлейхер еңбектерінен таба аламыз.

Тіл білімінің салалары – фонетика, лексикология, грамматика.Фонетика – тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Фонетиканың қарастыратын мәселелері мыналар: тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың іштей жіктелуі және бір-біріне әсері, буын, екпін, тілдің дыбыстық жағы мен жазудың арақатынасы, орфография, орфоэпия.

Лексикология дегеніміз – тілдің сөздік құрамын, сөз мағыналарын, сөз мағыналарының шығу тарихы туралы ілім.

Тілдің грамматика саласы сөз құрамы, сөйлем мүшелері, сөз тіркесі секілді мәселелерді қамтып, тілдің грамматикалық құрылысын зерттеді.

Жеке бір тілдің жүйесі мен құрылысын және оның даму заңдарын зерттеп айқындайтын жеке тіл білімі (устное языкознание) бар да, ғылым ретіндегі тіл білімінің теориясы болып саналатын жалпы тіл білімі бар. Жалпы тіл білімі нақты бір тіл туралы немесе оның дамуының жалқы заңдары туралы емес, қатынас құралы ретінде қаралатын Адам баласы тілі дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Жалпы тіл білімінің теориялық топшылаулары мен қорытындылары жеке тілдерді зерттеу үшін, және осыған орай, жеке тіл білімінің дұрыс бағытта дамуы үшін өте қажет.


Тілдер пайда болуының киелі теориясы

Адамзат өміріндегі құбылыстардың ішіндегі қадірлі де қасиетті ғажайыбының бірі – тіл.

Әдетте, тіл туралы ғылымның қалыптасуын ХІХ ғасырдың бас кезіне әкеліп тірейміз. Мұндай пікір салыстырмалы – тарихи тәсіл тұрғысынан қарағанда ғана дұрыс. Ал жалпы тіл атаулы туралы сөз етсек, тарих көші тым әріде жатыр. Тіл біліміндегі көптеген негізгі проблемалар – мәселен, тілдің қасиеті мен шығуы, сөз табы және сөйлем мүшелері, тілдік таңбаның мағынамен байланысты, логикалық және грамматикалық категориялардың өзара байланысты т.б. көне дәуірдің өзінде-ақ сөз етіле бастаған. Дәлірек айтсақ, өте ертеде тіл туралы ілім іргесін қалағандар – ежелгі Индия, Греция, Рим және араб ғұламалары.

1.Ерте заманның өзінде-ақ тілдің шығуы, олардың көптігі, заттар мен құбылыстардың әр тілде алуан түрлі аталуы туралы мәліметтерге бабаларымыздың өзі-ақ көңіл бөліпті. Бұл мәселелер жөніндегі көзқарастарды ертедегі халықтық аңыздарынан кездестіруге болады.

Тіл білімі ертедегі Индияда алғаш діни Вед, әсіресе, Ригведа гимндерін зерттеуге байланысты қалыптасқан. Бұл гимндердің дүниеге қашан келгенін тарих тап басып айта алмайды. Оларды – ведтерді – ғалымдар шамамен, біздің эрамызға дейінгі 1500 жылға апарып тірейді.

2.Ертедегі Грецияда тіл білімі мәселелерін зерттеу мүлде басқа бағытта дамыды. Егер ертедегі Индияда тіл құбылыстарын зерттеу эмпризимдік (тәжрибеге ғана негізделген) тұрғыда қаралса, ертедегі Грецияда тіл мәселелері философиялық көзқарасқа байланысты болды. Сондықтан тіл білімі мәселелерін, негізінен, философтар ғана зерттеп, тіл туралы жайт философиялық мәселелердің құрамды бөлігі ретінде қарастырылды. Тіл білімі мәселелерін философиялық тұрғыдан зерттеу Александрия мектебінің қалыптасуына дейін созылды. Александрия мектебінің қалыптасуына байланысты тіл білімі, дәлірек айтатын болсақ, грамматика өз алдына жеке пән ретінде танылды.

3.Араб тіл білімі халифат дәуірінде (VІІ-ХІІ ғасырлар) шарықтап дамыды. Бұған қоса, мұсылман дінінің әсері де ерекше болады. Арабтар көрші елдерді өзіне қаратып, ислам дінін найзаның ұшымен, білектің күшімен таратып отырады. Ал ислам дінінің құралы – құран. Оны басқа ел адамдарына үйретіп, оқыту үшін де тіл ғылымын дамыту керек болады.

Мұның үстіне араб тілінде диалектілер де көп еді. Жаңадан бағындырылған елдердің тілдері әр түрлі болатын. Сондықтан классикалық араб тілін диалектілерден де, басып алынған басқа елдер тілдерінен де қорғау, оны таза сақтау қажет болады.

Бұл жағдайлар араб филологиясының дамуына әсерін тигізді. Арабтар гректер мен үнділіктердің грамматикалық жүйелерін де пайдаланады. Сонымен бірге араб тілі туралы ғылымды жасауға арабтардың тек өздері ғана емес, оларға бағынышты басқа да халықтар өкілдері қатысты. Әсіресе, араб халифатына кірген парсылар, гректер, сириялықтар, еврейлер, коптылар, берберлер, вестготтар, түркі т.б. халықтар өкілдері тіл туралы ілімді дамытуға ат салысты.

Арабтардың ертедегі ойшылдардан бір өзгешелігі – олар әріп пен дыбыстың айырмасын ажырата білді, сөздің жазылуы мен айтылуындағы, яғни орфография мен орфоэпияның сай келмейтініне назар аударды.

Ежелгі дәуір тіл білімі

Қытай тіл білімінің тарихы екі мың жылдан астам уақытты қамтиды. Ат қою мен грамматикалық өнер теориясы ежелгі Қытайда да болған. Оның көрнекті өкілдерінің бірі, философ-ғалым – Конфуций. Оның ойынша зат пен оның атауының арасында табиғи байланыс болады. Атау заттың табиғатына сай болу керек.

Қытайлардың жазуы иероглифке негізделген. Көне және орта ғасырлық Қытайда тілге байланысты үш түрлы филологиялық мәселелге көңіл аударылған. Біріншісі, көне сөздердің мағыналарын анықтау, екіншісі – иероглифтің құрылысын зерттеу, үшіншісі – фонология. Иероглиф жазу жеке сөзді таңбалайтын болғандықтан, таңбаларды қалай қолдану жолдарын айқындайтын бірнеше сөздіктер жасалған. Солардың ішінде біздің дәуірімізге келіп жеткені – «Эрья» сөздігі. Сөздікте иероглифті талдау, оларды оқудың, түсінудәің ережелері берілген.

Практикалық қажетттіліктен дамып, қалыптасқан Үнділердің тіл білімі туралы зерттеулері тарихтың өте ерте замандарын қамтиды. Аңыз, діни жырлардан құралған «Веда» деп аталатын жазба ескерткіштері болған. «Веда» жинағын өте қасетті деп құрметтеген үнділер ондағы сөздердің айтылу мәнерінің сақталуына аса мән берген, сөйтіп сақталу жолдарын мақсат тұта отырып үнділер «Веданың» тілін зерттеген. Зерттеу бағыттары: бірінші: орфоэпиясы мен орфографиясы, екінші: өлең өлшемдері мен жырдың құрылысы, үшінші: сөздердің мағынасы мен этимологиясы, төртінші: сөз тіркестері. Үндістандағы тіл білімі негізінен осы төрт бағытта дамыған. Әсіресе, фонетикасы мен морфологиясының зерттелуі қарқынды болды. Оны үнділердің атақты лингвистері Яски мен Панини жазған еңбектерден тани аламыз. Үндістан тіл білімінің тарихын сөз еткен ғалым В.Томсен: «Үндістан тіл білімінің көтерілген биігі ерекше. Бұл биікке үнділерден үйрене тұрсада, еуропалық тіл білімі ХІХ ғасырға дейін көтеріле алмады», деп жазады.

Орта ғасыр тіл білімі

Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі – әр түрлі діндердің дамып, әлемдік діндерге айналуы. Дүниежүзілік діндердің дамуына байланысты сол діндердің сүндет-парызын, шариғатын уағыздайтын жазбалар да тарады. Ол жазбалар тілі киелі, қасиетті тіл, пайғамбар тілі деп танылып, жергілікті халық сол тілдерді үйренуге ниет етті. Ғылымда канондық тіл деп аталып кеткен діни әдебиет тілі кең тарады және оны үйрену, зерттеу істері жандана түсті.

ХІХ ғасыр тіл білімі

Тіл білімінің тарихын жақсы білу үшін ХІХ ғасырдағы жаңа ғылыми көзқарастардың, бағыттардың, ағымдардың, мектептердің ерекшеліктерін ажырата білу керек.Ол ағымдардың тууына негіз болған ең басты себеп-тілге анықтама беруге,оның өзіндік мәнін,қызметін айқындауға байланысты айтылған әр түрлі пікірлер еді. Кейбір ғалымдар тілді қоғамдық құбылыстар қатарына жатқызса,енді біреулері оны жаратылыстану құбылыстарына жатқызды.Үшінші біреулер тілді жеке адамдардың психологиясына,олардың сөйлеу ерекшелігіне жатқызып,оны психология ғылымының қатарына қосты. Бұл секілді пікірлер көптеп кездеседі.Көтерілген мәселелерді қалай шешпек болғандық тарына қарай тіл білімі тарихында бірнеше көзқарастар мен ағымдар болды. Бұлардың әрқайсысы жеке талқылауды қажет етеді.

Натуралистік немесе биологиялық бағыт

Тіл біліміндегі натуралистер-тілді зерттеуде жаратылыс заңдарын басшылыққа алып,мәселені соған негіздеп шешуге тырысқандар.Оның көрнекті өкілі-неміс ғалымы А.Шлейхер.Ол-салыстырмалы тіл білімінде тарихи әдісті қалыптастырушылардың бірі.А.Шлейхер тіл біліміне бірсыпыра қате концепциялар енгізді. Тіл біліміндегі натуралистік бағыттың тағы бір өкілі –Макс Мюллер. Бұл да тіл білімін «Жаратылыстану ғылымының бір саласы,тілде болатын өзгерістер тарихи құбылыс емес,табиғаттағы организмдер сияқты өсу ғана» деп қарайды.

Психологиялық бағыт

Тіл біліміндегі психологизм ХІХ ғасырдың орта кезінен бастап қалыптаса бастады.Оны қалыптастырушы-Берлин университетінің профессоры Г.Штейнталь(1835-1899 ).Сөздегі фонациялық ауа қарқынымен үзіліп, бөлшектеніп шығатын бір дауысты немесе бірнеше дыбыс тобы буын деп аталады.

Жас грамматикалық бағыт

Бұл көзқарас Х!Х ғасырдың 70-жылдарынан бастап қалыптасты.Ол алғаш рет Германияда пайда болып,содан өзге елдерге тарады.Аталған бағыт өкілдерінің көбі неміс тіл мамандары.К.Бругман(1849-1919),Б.Дельбрюк(1842-1922),Г.Пауль(1846-1921).Аталған бағыт өкілдері Лейпциг университетінің лингвистері.Бұл бағыт кейбір оқулықтарда Лейпциг мектебі деп те атала береді.

ХХ ғасыр тіл білімі

Жаңа әрқашан ескімен күресте өмірге келеді.ХХ ғасырдың бас кезінен бастап жас грамматикалық бағыт қатты сынға алынды.Зерттеудің жаңа әдістері іздестірілді.Әр елде,әр жерде жаңа лингвистикалық мектептер пайда бола бастады.Олардың әрқайсысының өзіндік көзқарастары, ұстаған жолдары бар еді.

«Сөздер мен заттар мектебі». Бұл мектептің өкілдері 1909 жылдан бастап шыға бастаған «Сөздер мен заттар» деп аталатын журнал төңірегіне топтасқандықтан, мектеп сол журналдың атымен аталған. Оның көрнекті өкілі – Австрия лингвисі Г.Шухардт (1842-1927). Ол өзінің «Заттар мен сөздер» деген еңбегінде: «Сөз затты білдіреді; зат-алғашқы; ол ештеңеге тәуелсіз өмір сүреді. Ал сөз затқа қарағанда-кейінгі, соңғы; оның өмірі затқа байланысты. Зат жоқ болса; сөз де жоқ. Тілдегі әр сөздің өзіндік тарихы бар. Оны тек лингвистикалық талдау арқылы ғана емес, заттар тарихы арқылы да зерттеуге болады», -деп жазды.

Яғни Шухардтың пікірінше, тіл – жеке сөйлеушінің (индивидтің) жемісі. Сөздер тарихы дегеніміз – сол сөздер қолданушы жеке адамдар тарихы.

Эстетизм. Жас грамматизм бағытына қарсы XX ғасырдың бас кезінде Батыс Европада пайда болған лингвистикалық мектептің тағы бір түрі – эстетизм. Оны қалыптастырушы – неміс ғалымы Карл Фосслер (1872-1949).Эстетизм мектебінің негізгі принциптері К.Фосслердің «Тіл біліміндегі позитивизм мен идеализм» (1904), «Тіл – творчество және даму» (1906) деген еңбектерінде баяндалған.

Мектептің эстетизм деп аталатын себебі оның өкілдері: «Тіл – жеке адамның рухани творчествосы. Рухани творчествосы болғандықтан ол эстетикалық құбылыс болып табылады. Нысаны эстетикалық құбылыстар қатарына жатқандықтан, тіл білімінің эстетикалық ғылым болмасқа әдісі жоқ»,-дейді.

Неолингвизм

Неолингвизм де XX ғасырдың бас кезінде қалыптасқан, жас грамматизм бағытына қарсы лингвистикалық мектеп. Бұл атау гректің неос-жаңа деген сөзі мен лингвистика деген сөздің бірігуінен жасалған. Сонда неолингвистика – «жаңа лингвистика» деген мағынаны білдіреді.

Бұл мектеп Италияда қалыптасты. Оның негізін салушылар – М.Бартоли, Дж.Бонфанте, Дж.Бартони т.б. Еңбектері: «Неолингвистиканың қысқаша очеркі», «Неолингвистиканың ұстаған позициясы».

Аттары неолингвизм болғанмен, бұл мектептің жазғандарында ерекше жаңалық бола қойған жоқ. Олар өздеріне дейінгі әр түрлі көзқарастағы ғалымдардың тұжырымдамаларына сүйеніп, өзгелердің пікірлерін қайталаудан ұзап кете алмады. Ол пікірлер бір-бірімен үйлеспеді. Сондықтан бұл мектеп кейде эклектикалық (әр түрлі қарама-қарсы пікірлерді механикалық түрде қосу) неолингвизм деп те аталады.

Структуралық бағыт

ХХ ғасырдың алғашқы жартысында дүниеге келген лингвистикалық мектептердің ең көрнектілерінің бірі-структурализм. Әрине, структурализм бірден пайда болған жоқ. Бағыттың алғашқы соқпағын салған Ф.Де Соссюр. Ол «Тіл өзара шарттас,бір-біріне тәуелді элементтерден тұратын күрделі бір тұтас құрылым»-дейді. Басқа структуралистер өз еңбектерінде Ф. Соссюрдің осы қағидасын әрі дамытқан деуге болады.


Вавилон мұнарасы туралы аңыз

Азияның оңтүстік-батысындағы бір-бірімен қатар жарыса ағатын екі өзен – Ефрат пен Тигр Кавказ тауларының сілемдерінен басталып, Парсы шығанағына құяды. Бұл өзендерді жергілікті тұрғындар Қосөзен деп атады.

Қосөзеннің оңтүстігіндегі тұрғындар тарихта Шумер мен Аккад халықтары деп аталды. Шумерліктердің тілі шығыс семиттік тіл тобына жатады. Кейін осы тілді Аккад тілі ығыстырып, негізгі тілге айналды. Түрлі тілде сөйлеген халықтар өзара бір-бірімен жауласпай, ортақ атаумен өздерін «қарабастылар» деді.

Б.з.д IV мыңжылдықта Қосөзенде қалалар қалыптаcты. Негізінен, бірнеше қала мемлекеттер бір-бірінен дербес өмір сүрді. Ең әйгілі қалалары: Ур, Урук, Ниппур, Киш, Лагаш, Умма, Шуррупак болды.

Қосөзенде өркениетті дамытушылар шумерліктер болды. Олар елдің басшысын «нубанда» деп атады. Қала-мемлекеттерде қоғамдық мекемелер, базарлар, шеберханалар, патша сарайлары, ғибадатханалар және тұрғын үйлер болды.

Дүниедегі ежелгі жазу жүйесі Қосөзенде қалыптасты. Оны дүниеге әкелген шумерліктер болды. Әріптер үшкір таяқшамен жұмсақ балшыққа батыру арқылы жазылатын болды. Балшыққа батыра отырып, сызу арқылы жазылған әріптер балшық кепкен соң кәдімгі сынаның орнындай болып қалатын. Сондықтан бұл жазу жүйесін сына жазу деп атайды.

Қосөзендегі ірі Аккад мемлекетінің гүлденуі Нарамсин тұсында болды. Ол Сирияны басып алып, Жерорта теңізіне дейін жетті. Тигрдің бойын тұтас бағындырды. Египетке жол ашты. Шығыста Элам билеушісімен келісімге отырды. Осылайша елдің төрт құбыласындағы ірі елдерді өзіне бағындырды.

Орталығы Аккад қаласы болған ірі мемлекет б.з.д. ХХIV ғасырда құрылды. Оның негізін қалаған патша Саргон ( Шаррум-кен немесе Шаруккин) болды. Ол елді 55 жыл яғни б.з.д. 2316-2261 жылдары басқарды. Ол Шуммер-Аккад патшалығын құрды. Оның тұсында Қосөзенде қырқысу тоқтады. Саргон біріккен Қосөзен халықтарынан қуатты әскери күш жасақтады. Сол күшпен бастыста «Күміс таулар» деп аталған Сирия жерлеріндегі тауларға дейін жорық жасады. Ол мықты патшалық билік орнатты. Оны тіпті «әлемнің төрт құбыласының билеушісі» деп те атады.

Хаммурапи – б.з.д. 1792-1750 жылдар арасында патшалық еткен Вавилонның атақты патшасы. Ол өзінің іс-әрекеттері нәтижесінде ежелгі дүниедегі таланты елбасылардың қатарына қосылды. Қосөзенді Вавилонның қоластына қаратып, бүкіл шумер-аккад жерін біріктірген Вавилон патшалығын құрды.

«Вавилон» сөзі «Бабили» немесе «Бабилу» - «құдайға барар қақпа» деген мағынаны білдіреді.

Хаммурапи елде бірыңғай тәртіп пен басқару жүйесін орнату үшін заңдар жинағын жасаттырды. Оны қара тас бағанаға жаздырды. Ол тасты археологтар 1902 жылы тауып, зерттеді.

Заңның мақсаты – Вавилон тұрғындарының мүліктері мен дәстүрлі құқықтарын қорғау еді. Бұл заңдар жинағы негізінен Хаммурапидың жеке басын мадақтауға арналды.

Басқа халықтар сияқты вавилондықтар да алғашында әртүрлі құдайлар бар деп есептеген. Вавилон мемлекетінің құрылу барысында діни түсініктерге өзгерістер енді. Әрбір қаланың, ауылдың қамқоршы құдайлары бар деп есептелінді. Вавилон қаласының қамқоршысы Мардук құдай болды. Ол дүниені жаратушы болып сипатталды.

Қосөзенде құрылысқа қажетті ағаштар мен тастар аз болды. Сондықтан үй немесе басқа да тұрмысқа қажетті жайларды салу үшін балшық пен қамыс кең түрде пайдаланылды.

Б.з.д VII ғасырда Вавилон тәуелсіздік алып, қайта гүлденді. Ол әсіресе, II Навуходоносор патша кезінде көркейіп, әсем де сәулетті қалаға айналды. Ол алыстан көрінетін, шағын көгілдір жазықтағы жер мен көктің арасындағы әйгілі Аспалы бақты жасатқан адам. Аспалық бақ – әлемнің жеті кереметінің бірі болып саналады. Навуходоносор Вавилонның сыртын айналдыра жүз шақты қақпа салдырды, ең құдіреттісін Иштар құдайдың құрметіне арнады. Барлығын мыстан жасатты. Қаланың ортасындағы биік мұнараны құдіретті Мардук құдайға арнады. Вавилонға әлемнің әр түпкірінен сауда керуендері мен саудагерлер келіп жатты.

Вавилонда аңыз бойынша «Вавилон мұнарасы» болған. Ғаламат мұнара көкке тірелуге аз қалғандықтан, құдай мұнара салушылардың тілін сапырылыстырып, бір-бірін түсінбес үшін араластырып жіберген делінеді. Шынында да, бұл мұнараны түрлі ұлт өкілдері: египеттіктер, иудейлер, ассириялықтар және т.б. салған деседі. Олардың көбін басқа жақтан осындай құрылыстарды салу үшін айдап әкелген. Вавилондық бақылаушының таяғының астында ауыр халде жұмыс істеген құрылысшылар бір-бірінің тілін түсінбей, ығы-жығы, бей-берекет тіршілік кешкен. Осыдан «Вавилон сапырылысы» туралы аңыз қалды.

Қосөзендегі алғашқы әдеби шығармалар діни түсініктермен тығыз байланысты болды. Олардың бірі әйгілі «Гильгамеш туралы дастан». Бұл дастан - өлім мен өмір арасындағы күрес туралы тамаша шығарма.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 1973, 1978, 1993.

2. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1992. 147-148-б.



3. Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. Алматы, 1999.

4. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. А. 2001. 337 бет.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет