Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика



Дата08.02.2022
өлшемі0,66 Mb.
#120076
түріСабақ
Байланысты:
04.10.2021ж. 8-сынып СЛАЙД
1836-38 ж.ж Бөкей Ордасындағы ұлт-азаттық көтеріліс, 2.1, білім күні слайд, білім күні, 5кл-2 кмж, 3 сабақ. Өткiзгiштiң электр кедергiсi, өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi, реостат, ЖарыкШагылу, 1 сабақ. Жарықтың түзу сызықты таралу заңы, Кружок робототехники и программирования в средней школе

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық құндылықтар – ел болмысы

Оқу мақсаты

  • 8.3.2.1. – жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып мақала құрастырып жазу

Бағалау критерийлері

  • мақаланың құрылымын сақтап жаза біледі;
  • кем дегенде екі дәлел келтіреді;
  • өзіндік көзқарасын білдіреді;
  • грамматикалық норманы сақтап жазуға жаттығады.

Ой шақыру. «Ұлттық құндылықтар» тақырыбына ассоциограмма толтырыңдар.

Мақала - журналистика жанры. Мұнда автор әлеуметтік жағдайларды, процестерді, құбылыстарды, ең алдымен, олардың негізінде жатқан заңдылықтар тұрғысынан талдау міндетін қояды.

  • Мақала - журналистика жанры. Мұнда автор әлеуметтік жағдайларды, процестерді, құбылыстарды, ең алдымен, олардың негізінде жатқан заңдылықтар тұрғысынан талдау міндетін қояды.
  • Мақала мақсаты — оқырманға белгілі бір фактілерді, ережелерді, ойларды немесе олар туралы басқа біреудің пікірін жеткізу.
  • Әдетте, мақалада автор белгілі бір мәселені алға қояды, оны талдайды және шешімін ұсынады (қорытынды жасайды). Кез-келген мақаланың мақсаты - онда қамтылған ақпаратты тарату.

Ұлттық құндылық дегеніміз - әр ұлттың тек өзіне тән мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, өнері, әдеби мұрасы, ұлттық ойындары, ұлттық идеологиясы. 
Біз ұлт болып әлем аренасында сақталып қалуымыз үшін өзіміздің мәдениетімізді, тілімізді, рухани құндылықтарымызды сақтай білуіміз керек. Осы орайда елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасын тілге тиек етпесек болмас. Руxани жаңғыру бағдарламасы қазіргі таңда Қазақстанға, қазақ еліне өте тиімді, керек бағдарлама. Себебі, қазіргі қоғамда нағыз қазаққа тән қасиеттер азайып барады. Соның бірі - ер жігіттердің шаш бояп, сырға тағуы, қаракөз қыздарымыздың етегін ашып, ұяттан безуі. Әрине, бес саусақ бірдей емес. Бірақ қынабынан қылышын суырып, елім деп еңіреген ұлдардың ұрпақтары мұндай болуы тиіс емес. Ар-ұятын, салт-дәстүрін, қазақи мәдениетін сақтап келген, отбасының ұйытқысы бола білген, бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен ақжаулық аналарымыздан туған ұрпақ шетелге еліктеушілікпен бұзылуға тиіс емес! Руxани жаңғыру бағдарламасының ұлттық сана, ұлттық код, ұлттық бірегейлікті сақтау, прагматизм бөлімдері дәл осы болашақта ұлтымыздың майдаланып кету қаупін шешуге, ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалуға арналған.
Дана халқымыз "Ел болашағы - жастардың қолында" деп бекер айтпаған.
Біз тәуелсіз елдің өскелең ұрпақтары ұлттық құндылығымызды сақтап қалу үшін не істей аламыз? Қазақ тілін бірінші орынға қойып, ұлттық құндылығымызды дәріптеп, бойымызға сіңіріп, болашақ ұрпаққа жеткізу арқылы сақтап қала аламыз.
Біз қазақ - талай қиындықты бастан кешірген, талай мықтыларды құлатқан, ең бастысы ұлттық құндылығымызды сақтап қалған ұлтпыз! Америка сияқты экономикасы асқақтап тұрған алпауыт мемлекеттер қазақ сияқты бола алмайды, біздің елімізге қызығушылықпен қарайды. Себебі, бізде ұлт бар, ұлттық құндылықтарымыз, ұлттық патриоттық сезім, ұлттық рух бар!
Қорытындылай келе, халық саны аз мемлекеттерді ұлттық құндылықтарынан айыру арқылы жер бетінен жойып жіберу саясаты жүріп жатқан қатігез заманда, ата-бабамыздың аманатына айналған ұлттық құндылығымызды, ұлттық бірегейлігімізді сақтап қалу- бізге артылған міндет. "Өткеннің өнегесі - бүгінгінің баға жетпес байлығы» екендігін естен шығармай, мәдениетімізді терең зерделеу арқылы "Мәңгілік ел" алатынымыз хақ.

1-тапсырма оқыған мәтін бойынша ақпараттарды жинақтап, төменде берілген тақырыптардың бірін таңдап, 150 сөз көлемінде мақала жазыңдар.

  • 1. "Ұлттық құндылықтар – ел болмысы "
  • 2. "Өткеннің өнегесі - бүгінгінің баға жетпес байлығы»
  • 3. "Ел болашағы - жастардың қолында"
  • Бағалау критерийі:
  • -мәтінді түсініп оқиды;
  • -тақырыптың бірін таңдайды;
  • -тақырып аясында мақала жазады.

2-тапсырма. Оқылым мәтіні бойынша «Ұлттық құндылықтардың жастар тәрбиесіне әсері» тақырыбы бойынша «Балық қаңқасы» әдісі арқылы ойларын дәлелдейді.


Бағалау критерийі:
-Мәтін бойынша тапсырмалармен жұмыс жасайды.

Үй жұмысы:


«Ұлттық құндылықтардың ел болашағы мен жастар тәрбиесі үшін маңыздылығы» тақырыбында эссе жазыңдар.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет