Қадірлі талапкер!


ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ Құрмалас сөйлем екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді



бет14/27
Дата14.11.2019
өлшемі405,66 Kb.
#51787
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27
Байланысты:
KAZAK TILI ереже

ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

  • Құрмалас сөйлем екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді.

    • Құрмалас сөйлемнің құрылысына қарай 3 түрі бар: салалас құрмалас сөйлем, сабақтас құрмалас сөйлем және аралас құрмалас сөйлем. Олардың ерекшеліктері төмендегідей:


        1. түрі

        1. ереже

        1. Салалас құрмалас
          сөйлем

        1. Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде (салаласа) байланысады.

        1. Сабақтас құрмалас
          сөйлем

        1. Кемінде үш сөйлемнен құралып, бір-бірімен салаласа да, сабақтаса да байланысады.
        1. САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ


    • Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде (салаласа) байланысады.

    • Құрамындағы жай сөйлемдері екі түрлі жолмен байланысады:

    1. Құрамындағы жай сөйлемдері көбіне жалғаулық шылаулар арқылы байланысады.

    2. Мағыналарының жақындығына қарай іргелес тұрып, интонация арқылы байланысады.

    • Салалас құрмалас сөйлемнің 6 түрі бар:

        1. Салалас түрі

        1. Ережесі, мысал

        1. шылаулары

        1. 1.Ыңғайлас

        1. Бір-біріне жақын болған оқиғаларды білдіреді.



        1. және, әрі, да, де, та, те

        1. 2.Қарсылықты

        1. Жай сөйлемдерінің мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келеді.

        1. бірақ, дегенмен, сонда да, сөйтсе де, әйтсе де, алайда

        1. 3.Себеп-салдар

        1. Жай сөйлемдерінің бірі екіншісінің себебін білдіреді.

        1. өйткені, себебі, сондықтан, сол үшін т.б.

        1. 4.Кезектес

        1. Іс-қимылдың кезектесіп келетінін білдіреді.

        1. бірде, біресе, кейде

        1. 5.Талғаулы

        1. Жай сөйлемдерінде айтылған іс-әрекеттің біреуі ғана орындалады.

        1. не, немесе, әлде, я, яки, әйтпесе, не (я) болмаса

        1. 6.Түсіндірмелі

        1. Соңғы сөйлемі алдыңғы сөйлемінің мағынасын түсіндіріп тұрады.

        1. жалғаулығы жоқ

        1. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерінің мысалдары

              1. түрі

              1. мысал

              1. Ыңғайластық

              1. Биыл жайлауда болдым және ауылдағы ағаларымның үйіне бардым. Далада жел соғып тұр, әрі сіркіреп жаңбыр жауып тұр. Ол бөлмесіне кірді де, тарс бүркеніп жатып қалды.

              1. Қарсылықты

              1. Оның даусы жақсы, бірақ ән айтуды жақтырмайды. Менің театрға барғым келмеді, әйткенмен оның көңілін қалдырғым келмеді. Есікті жауып қойған, сонда да ол ішке кіруден үмітін үзген жоқ.

              1. Себеп-салдар

              1. Биыл шөп қалың шықты, өйткені жаңбыр көп жауды. Қорадан мал ұрланыпты, сол үшін Базарбайды қатты соққыға жықты.

              1. Кезектес

              1. Олар біресе тоқтап демалады, біресе күн ұзақ жүріп алады. Балалар бірде футбол ойнайды, бірде өзенге барып шомылады.

              1. Талғаулы

              1. Ертерек үйге дәрігер шақыру керек немесе ауруханаға бару керек. Я болар жеріңді айт, я бізге килікпей тыныш жүр. Тезірек шөп ору керек, әйтпесе уақыт өтіп кетеді.

              1. Түсіндірмелі

              1. Қорыққаны сонша – орнынан тұра алмай қалды. Оның келмеген себебі мынау: кеше жұмыстан кеш қайтты.



        2. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем

        3. Салалас құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдері кейде жалғаулықсыз байланысады.

              1. түрі

              1. мысал

              1. Ыңғайластық

              1. Олар төмен түсіп еді, жол екіге бөлінді.
                Маған ойыншық берді, ағама доп берді.

              1. Қарсылықты

              1. Күн жауып кетті, – оны елеген ешкім болмады. Бас болу оңай, – бастамақ қиын. Көз – қорқақ, қол – батыр.

              1. Себеп-салдар

              1. Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қар суы сықылды тез суалар.

              1. Кезектес

              1. Жалғаулықсызы жоқ, себебі жалғаулығын алып тастаса, бұл сөйлемнің мағынасы ыңғайлас салаласқа ауысады.

              1. Талғаулы

              1. Ауырып отырды ма, кешегі оқиға есіне түсті ме, бүгін ол ешкіммен сөйлеспеді.

              1. Түсіндірмелі

              1. Қорыққаны сонша – орнынан тұра алмай қалды. Оның келмеген себебі мынау: кеше жұмыстан кеш қайтты.

        4. Ескерту:

    1. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемде «бірақ» жалғаулық шылауы түсіп қалғанда, оның орнына сызықша қойылады.

    2. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемнің салдар мәндісі бірінші келгенде, одан кейін қос нүкте қойылады.

        1. САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

    • Бірінші сөйлемінің баяндауышы тиянақсыз болып, екінші сөйлемге бағына (сабақтаса) байланысады.

    • Сабақтас құрмалас сөйлемдегі баяндауышы тиянақсыз болып келген бірінші сөйлемді бағыныңқы сөйлем дейді. Ал баяндауышы тиянақты болып келген екінші сөйлемді басыңқы сөйлем дейді.

    • Сабақтас сөйлемнің сызбасы: бағыныңқы , басыңқы..

    • Сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сөйлемінің мағынасына қарай 6 түрі бар:

    1. Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

    2. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

    3. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

    4. Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

    5. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

    6. Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

    • Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін бағыныңқы сөйлеміне сұрақ қою арқылы мағынасын білуге болады. Мысалы, Сараның сәлемін айтқанда, Иманмұса жылы ұшырай жымиды. (Қашан Иманмұса жылы ұшырай жымиды?). Бағыныңқы сөйлем «қашан?» деген сұраққа жауап беріп, басыңқы сөйлемнің мезгілін білдіріп тұр, сондықтан бұл сөйлем мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем болады.

    • Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерінің ережесі мен сұрағын төмендегі кестеден көруге болады:

        1. түрі

        1. ереже

        1. сұрағы

        1. Шартты бағыныңқы

        1. Бағыныңқы сөйлемі
          басыңқы сөйлемінің шарты болып келеді.

        1. қайтсе? не етсе? қайткенде?

        2. не еткенде?

        3. қайтпейінше?

        1. Қарсылықты бағыныңқы

        1. қайтсе де? қайткенмен? не етпестен?не ете тұра?қайткенше?

        2. не еткені болмаса?

        1. Себеп бағыныңқы

        1. Бағыныңқысы басыңқы сөйлемінің себебін білдіреді.

        1. неліктен? не үшін? не себепті? не деп?

        1. Мезгіл бағыныңқы

        1. Бағыныңқысы басыңқы сөйлемінің мезгілін білдіреді.

        1. қашан? қай кезде? қашаннан бері?

        1. Қимыл-сын бағыныңқы

        1. Бағыныңқысы басыңқы сөйлемде айтылған іс-қимылдың қалай орындалғанын білдіреді.

        1. қайтіп? не етіп? қалай?

        1. Мақсат бағыныңқы

        1. Бағыныңқысы басыңқы сөйлемдегі ойдың мақсатын білдіреді.

        1. не мақсатпен? не үшін? не етпек болып?
  • 1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет