Қадірлі талапкер!


СӨЗ ҚҰРАМЫ Сөздер құрамына қарай 2-ге бөлінеді: дара сөз және күрделі сөз



бет6/27
Дата14.11.2019
өлшемі405,66 Kb.
#51787
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
KAZAK TILI ереже

СӨЗ ҚҰРАМЫ

  • Сөздер құрамына қарай 2-ге бөлінеді: дара сөз және күрделі сөз.


  • ДАРА СӨЗ

  • Дара сөз – бір түбірден тұратын сөз. Оның 2 түрі бар: түбір сөз және туынды сөз.

  • 1. Түбір сөз

  • Түбір сөз сөздің мағынасы бар ең бастапқы бөлшегі. (ән, дос, бөл, біл, тау, жақсы, қала)

  • 2. Туынды сөз

  • Туынды сөз түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалады. (әнші, достық, бөлім, білгір, таулы, жақсылық, қалашық)

  • Қосымша:

  • Түбір сөз бен одан жасалған туынды сөз арасында мағыналық байланыс болады. Мысалы, бал сөзінен балшы, балгер деген сөздер жасалады. Ал бал сөзінен бала, балық деген сөз жасалмайды. Себебі олардың арасында мағыналық байланыс жоқ.

  • КҮРДЕЛІ СӨЗ

  • Күрделі сөз – кемінде екі түбірден жасалып, бір мағынаны білдіретін сөз. Оның 4 түрі бар:

  • Біріккен сөз

  • Қос сөз

  • Қысқарған сөз

  • Тіркескен сөз



  • 1. Біріккен сөз

  • Біріккен сөз екі немесе одан көп сөз бірігіп, бір ұғымды білдіретін және бір сұраққа жауап беретін сөз. Мысалы: Тасбақа (тас+бақа), Талдықорған (Талды+қорған), қарақұрт (қара+құрт), Екібастұз (Екі+бас+тұз)

  • Кіріккен сөз құрамындағы сөздердің ең кемінде бір дыбысы өзгертіп біріккен сөз. Мысалы:

        1. Биыл

        1. бұл жыл

        1. Бүгін

        1. бұл күн

        1. әкел

        1. алып кел

        1. Апар

        1. алып бар

        1. ендігәрі

        1. ендігіден әрі

        1. жаздыгүні

        1. жаздың күні

        1. Білезік

        1. білек жүзік

        1. қарлығаш

        1. қара ала құс

        1. Ағайын

        1. аға іні

        1. Сексен

        1. сегіз он

        1. сәресі

        1. сахар асы

  • 2. Қос сөз

  • Қос сөз сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөз. Қос сөздің екі түрі бар: қайталама қос сөз және қосарлама қос сөз.

    • Қайталама қос сөз – сыңарлары бір түбірден жасалатын қос сөз. Мысалы: көре-көре, көзбе-көз, өз-өзінен, тау-тау.

    • Қайталама қос сөздің 4 түрлі жасалу жолы бар:

    1. Қосымшасыз бір түбірдің қайталануынан жасалады. Мысалы, үлкен-үлкен, су-су, тікен-тікен, қора-қора, қарқ-қарқ, ұсақ-ұсақ т.б.

    2. Қосымшалы бір түбірдің қайталануынан жасалады. Мысалы, бара-бара, айтып-айтып, үйдей-үйдей, сөйлей-сөйлей, бір-біріне, көзбе-көз, келер-келмесін, орынды-орынсыз, қолды-қолына, он-ондап т.б.

    3. Түбірдің бір сыңары дыбыстық өзгеріске ұшырап жасалады. Мысалы, кісі-місі, қағаз-мағаз, кітап-мітап, шай-пай, қалт-құлт, жалт-жұлт, тас-мас, тіс-міс, мәре-сәре, кемпір-семпір, нан-пан, сатыр-сұтыр, салдыр-гүлдір, қараң-құраң т.б.

    4. Бір сыңары ықшамдалып жасалады. Мысалы, теп-тегіс, жап-жасыл, ап-ащы, сұп-сұр т.б.

    • Қосарлама қос сөз – сыңарлары әр түрлі түбірден жасалатын қос сөз:: үлкен-кіші, алыс-жақын, қысы-жазы, бала-шаға, көйлек-көншек.

    • Қосарлама қос сөздің 5 түрлі жасалу жолы бар:

    1. Сыңарлары синонимдес болып келеді. Мысалы, зәре-құт, ашу-ыза, дос-жар, тәлім-тәрбие, ыдыс-аяқ, етек-жең, өнер-білім, төсек-орын, қазан-ошақ, ес-түс, қауіп-қатер, уайым-қайғы, мінез-құлық т.б.

    2. Сыңарлары антонимдес болып келеді. Мысалы, оңды-солды, әрі-бері, ірілі-ұсақты, үлкенді-кішілі, ілгері-кейін т.б.

    3. Бір сыңары мағынасыз болып келеді. Мысалы, арық-тұрық, бала-шаға, емін-еркін, жүн-жұрқа, көйлек-көншік, киім-кешек, көрші-қолаң, кедей-кепшік, жоқ-жітік т.б.

    4. Екі сыңары да мағынасыз болып келеді. Мысалы, анда-санда, ығы-жығы, қым-қуыт, әңкі-тәңкі, ту-талақай, алба-жұлба, ұйпа-тұйпа, тым-тырақай т.б.

    5. Сыңарлары әр түрлі сөздер болып келеді. Мысалы, ғылыми-көпшілік, саяси-әлеуметтік, этно-мәдени, үнді-еуропа т.б.

        1. 3. Қысқарған сөз

        2. Қысқарған сөз күрделі атаулардың қысқартылып жазылған түрі. Мысалы,

              1. 1

              1. ТМД

              1. 2

              1. ҚазҰМУ

              1. Қазақ Ұлттық Медицина университеті

              1. 3

              1. Ұжымшар

              1. ұжымдық шаруашылық

              1. 4

              1. кг

              1. килограмм

              1. 5

              1. ГАЗ-33

              1. машина, трактор, ұшақ маркалары



    Қысқарған сөздің жасалуының 4 жолы бар:

    1. Күрделі атаудың құрамындағы әрбір сөздің тек бірінші дыбыстары қысқарды. Мысалы, ТМД, БҰҰ, АҚШ т.б.

    2. Күрделі атаудың құрамындағы алғашқы сөздің бірінші буыны мен соңғы сөздердің бірінші дыбыстарынан қысқарып бірігеді. Мысалы, ҚазҰПУ, ҚазМҰУ т.б.

    3. Күрделі атаудың құрамындағы әрбір сөздің бірінші буындарынан қысқарды. Мысалы, кеңшар (кеңестік шаруашылық), ұжымшар (ұжымдық шаруашылық), физмат(физика-математика) т.б.

    4. Күрделі атаудың құрамындағы алғашқы сөздің бірінші буыны мен келесі сөздің түбір күйінде қысқаруы. Мысалы, пединститут, медколледж, медпункт т.б.

    5. Өлшем бірліктерінің қысқаруы.Мысалы, см (сантиметр), кг.

        1. Ескерту: Қысқарған сөздердің 1,2-түріне және қысқарған өлшем бірліктеріне қосымшалар дефис арқылы жалғанады. Мысалы. ТМД-ға, АҚШ-қа, см-ге т.б.



        2. 4. Тіркескен сөз

        3. Тіркескен сөз екі немесе одан көп сөздер тіркесіп келіп, бір ұғымды білдіретін қүрделі сөздің түрі. Мысалы,

              1. Алматы қаласы, мәдениет сарайы

              1. Күрделі сын есім

              1. қара кер, бидай өңді, ұзын бойлы

              1. Күрделі сан есім

              1. он бес, екі жүз секкен

              1. Күрделі етістік

              1. келіп отыр, деп айтты

              1. Күрделі үстеу



    Тіркескен сөздің екі түрі бар: еркін тіркес және тұрақты тіркес.

    1. Еркін тіркестің құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға немесе басқа сөзбен алмастыруға болады. Мысалы, оқып отыр, оқып жүр т.б.

    2. Тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға немесе басқа сөзбен алмастыруға келмейді. Тұрақты тіркестің құрамындағы сөздер бірігіп бір ғана мағына береді. Мысалы, қас пен көздің арасында (тез) деген тіркесті кірпік пен көздің арасында десек «тез» деген мағынаны бермейді.
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет