Қадірлі талапкер!



бет9/27
Дата14.11.2019
өлшемі405,66 Kb.
#51787
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
Байланысты:
KAZAK TILI ереже



      1. Негізгі

      2. сын есім

      1. Түбір сын есім.

      1. сары, таза, тәтті, терең, жұқа, кең.

      1. Туынды

      2. сын есім

      1. Жұрнақ арқылы жасалған сын есім.

      1. көшпелі, сөзшең, оқымысты, әлсіз.

      1. Құрамына қарай

      1. Дара

      2. сын есім

      1. Бір ғана сын есімнің сындық белгіні білдіруі.

      1. ақ, бойшаң,

      2. жасыл, баласыз.

      1. Күрделі сын есім

      1. Тіркескен және қосарланған сын есімнің сындық белгіні білдіруі.

      1. Мағынасына қарай

      1. Сапалық сын есім

      1. Сындық белгіні анықтайтын төл сын есім.

      1. сұр, қызылдау, биік, үлкен, көкпеңбек.

      1. Қатыстық сын есім

      1. Басқа сөз таптарынан жасалған туынды сын есім.

      1. бойшаң адам, өнерлі бала, аспалы шам, ашық есік.

  • Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар




    жұрнақ

    мысал

    Есім сөздерден сын есім жасайтын

      1. -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті

      2. -сыз, -сіз

      3. -ғы, -гі, -қы, -кі

      4. -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік

      5. -шыл, -шіл

      6. -шаң, -шең

      7. -дай, -дей, -тай, -тей

      8. -қой, -қор, -паз, -кер, -гер

      9. -и, -ы, -і

    1.далалы, орманды;
    2. баласыз,үйсіз;
    3. жазғы,ішкі;
    4.балалық, жылдық

    5. ұйқышыл, кекшіл;


    6. сөзшең, бойшаң;
    7. тастай, судай;
    8. сәнқой, әуесқой;
    9. тарихи, қазақы;

    Етістіктен сын есім
    жасайтын


    1. -ғақ, -гек, -қақ, -кек, -ақ, -ек

    2. -ық, -ік, -қ, -к

    3. -ғыш, -гіш, -қыш, -кіш

    4. -ғыр, -гір, -қыр, -кір

    5. -шақ, -шек

    6. -ынды, -інді, -нды, -нді

    7. -малы, -мелі, -палы, -пелі, - балы, -белі

    8. -ымды, -імді, -мды, -мді

    9. -аған, -еген

    10. - улы, -улі

    11. -ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе

    12. -ыңқы, -іңкі, -ңқы, -ңкі

    1. жабысқақ, үркек;

    2. ашық, ақсақ;


    3. білгіш,айтқыш;
    4. тапқыр, алғыр;
    5. ұялшақ, сүріншек;
    6. асыранды, үйінді;
    7. созбалы, аспалы;

    8. шыдамды;


    9. сүзеген ,қабаған,
    10. ілулі,асулы;
    11. қызба, бөспе;
    12.басыңқы, көтеріңкі;



        1. Сын есімнің шырайлары



          Ереже__жасалу_жолдары__мысал'>Ереже

          жасалу жолдары

          мысал

              1. Жай шырай

          Заттың жай ғана сындық белгісін білдіретін сын есім жай шырай болады.

          Ешбір қосымшасыз түбір және туынды сын есімдердің өзінен жасалады.


          биік

          жақсы үлкен

          тәтті

          қызыл


              1. Салыстырмалы шырай

          Бір заттың сындық белгісін екінші затпен салыстырғанда кем не артық екенін білдіретін шырайдың түрі.

              1. 1. -ырақ, -ірек, -рақ,

              2. -рек

              3. 2. -лау, -леу, -дау,

              4. -деу, -тау, -теу

              5. 3. -қыл, -ғыл, -қылт, -ғылт, -ғылтым, -шыл, -шіл, -аң, -қай, -ғыш, -шылтым, -шілтім, -ілдір, -ша, -ше, -қай

              1. ауырырақ кішірек

          үлкендеу

          жылылау

          ақшыл

          көгілдір


          бозаң

          қоңырқай


          ұзынша


              1. Күшейтпелі (асырмалы)
                шырай


          Белгілі бір сындық белгінің бір нәрседен өте артық не өте кем екенін білдіретін шырайдың түрі.

          1. Сын есімнің алдынан күшейткіш буынның қосарлануы арқылы жасалады.

          2. Сын есімнің күшейткіш үстеумен (тым, өте, ең, нағыз, орасан, кілең, аса, нақ т.б.) тіркесуі арқылы жасалады.



              1. сап-сары,

              2. үп-үлкен





              3. өте жарық

              4. тым ауыр

              5. ең әдемі аса маңыз-ды





        2. Ескерту:

    1. Ақ, көк сөздерінің күшейтпелі шырай түрі төмендегідей болады: аппақ, көкпеңбек.

    2. Жаңа буын оқулығында сын есімнің шырайлары екіге бөлініп берілген:

        1. А) Салыстырмалы

        2. Ә) Күшейтпелі

    1. Асырмалы шырай күшейтпелі шырайға қосылып көрсетілген. Ал жай шырай сөздердің шырайлық қосымшалары болмағандықтан, оларды шырай түріне жатқызбаған.



        1. Сын есімнің сөйлемдегі қызметі



          Ереже

          Мысалдар

              1. Анық-тауыш

          Сын есім сөйлемде
          негізінен анықтауыш болады.

          Қырдағы қызыл-сары гүлдер көздің жауын алады. Саматтың жүйрік тазысы бар. Біз таудағы аспалы көпірден өттік.

              1. Бастауыш

              1. Заттанған сын есім3 атау септігінде тұрып, бастауыш болады.

          Сыпайы сырын сақтар, әдепті арын сақтар. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар. Үлкендер төрге шықты.

          Толық-тауыш

          Сын есім заттанып келіп, толықтауыш болады.

          Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Жаманға сырыңды айтпа. Ол судың ыстық-суығына қарамады.

              1. Пысық-тауыш

          Сын есім етістіктің алдынан келіп, іс-әрекеттің сынын білдіріп, пысықтауыш болады.

          Ол домбырада шебер ойнады. Ол футболды керемет ойнайды. Ол әнді жақсы айтады. Ол бүгін көңілді жүр.

              1. Баян-дауыш

          Сын есім сөйлем соңында келіп, баяндауыш болады.

          Сен менен өткен ақылдысың. Сен одан үлкенсің. Бүгін ауа райы суық. Бөлме кең.

        2. САН ЕСІМ

    • Сан есім заттың санын, ретін білдіреді.

    • Сұрақтары: неше? қанша? нешінші? нешеу?

    • Сан есім құрамына қарай 2-ге бөлінеді: Дара сан есім және күрделі сан есім.

        • Дара сан есім бір ғана түбірден (негізгі, туынды) тұрады. (Бес, жүз, мың, отыз, ондаған, жетеу, сегізінші)

        • Күрделі сан есім кемінде екі сөзден тұрады. (Он бес, жүз екі, мың тоғыз жүз тоқсан екі, отыз жеті, үш-үштен, бес-алты, онға жуық, екіден бір)

    • Сан есім мағынасына қарай төмендегідей 6 түрге бөлінеді:

    1. Есептік сан есім

    2. Реттік сан есім

    3. Жинақтық сан есім

    4. Болжалдық сан есім

    5. Топтау сан есім

    6. Бөлшектік сан есім



    1. Есептік сан есім нақты санды білдіреді.

        • Сұрағы: қанша? неше?

        • Түбір сан есімнің өзінен болады. Мысалы, бес, он екі, жиырма үш т.б.









    1. Реттік сан есім заттың реттік қатарын білдіреді.

        • Сұрағы: нешінші?

        • Сан есімге -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы, бірінші, бесінші, алтыншы, жетінші, екі жүз он үшінші т.б.



    1. Жинақтық сан есім жинақталған санды білдіреді.

        • Сұрағы: нешеу?

        • Бірден жетіге дейінгі есептік сан есімге -ау, -еу жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы, Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу.



    1. Топтау сан есім заттың санын топтап көрсетеді.

        • Сұрағы: нешеден?

        • Сан есімге шығыс септігі жалғауы жалғану арқылы жасалады. Мысалы, үштен, екеуден, он-оннан, үшеу-үшеуден т.б.



    1. Болжалдық сан есім заттың санын болжап көрсетеді.

        • Сұрағы: қанша? неше? қай шамалы?

        • Жасалу жолдары:

      1. Сан есімге -даған, -деген, -таған, -теген -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы, жүздеген, қырықтай т.б.

      2. Сан есімге көптік жалғауы мен септік жалғауы қатар жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, отыздарда, елулерге т.б.

      3. Сан есім мен шақты, жуық, тарта, таман т.б. септеулік шылаулардың тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы, он шақты, жүзге жуық т.б.

      4. Екі түрлі санның қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы, екі-үш, он-он бес т.б.



    1. Бөлшектік сан есім заттың бөлшектік санын білдіреді. Мысалы, 1/2 (екіден бір, екінің бірі, екіден бірі), 2,5 (екі жарым), 1/2 (екіден бір) т.б.

        • Сұрағы: қанша? неше?





        1. Сан есімнің емлесі

    1. Күрделі сан есімнің әр сыңары бөлек жазылады. (Он бес, жүз жиырма үш, екі мың төрт т.б.)

    2. Реттік сан есім араб цифрымен берілсе, -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағының орнына дефис қойылады. (8-сынып, 25-пәтер)

    3. Реттік сан есім рим цифрымен берілсе, дефис қойылмайды. (І том, ХХІ ғасыр)

    4. Күн, ай, жыл аттарымен тіркескен реттік сан есімнен кейін дефис қойылмайды. (2004 жыл, 1 қыркүйек)

    5. "Екі, алты, жеті" сандарына -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы ы, і дыбыстары түсіп қалады. (Екі+еу = екеу, алты+ау = алтау, жеті+еу = жетеу.)

    6. Болжалдық сан есім цифрмен берілгенде, қосымша дефис арқылы жазылады. (10-даған, 5-терде т.б.)

    7. Болжалдық сан есім қосарланып келгенде, дефис арқылы жазылады. (Он-он бес, қырық-елу, 40-50 қой т.б.)

    8. Болжалдық сан есім жасайтын шамалы, шақты т.б. шылаулары өздері тіркескен сандардан бөлек жазылады. (он шақты, жүзге шамалы, мыңға жуық, елуге тарта т.б. )

    9. Қосарланып айтылған топтау сан есімдер сөзбен берілсе де, цифрмен берілсе де, дефис арқылы жазылады. (Екі-екіден, 10-10-нан, 30-30-дан т.б.)

    10. Цифрмен таңбаланатын дара және күрделі сан есімдерге жалғанатын жалғаулар дефис арқылы жазылады. (15-тен, 20-дан, 25-ке т.б.)



        1. Сан есімнің сөйлемдегі қызметі



          Ереже

          Мысалдар

              1. Анық-тауыш

          Сан есім сөйлемде
          негізінен анықтауыш болады.

          Үйдегі бес-алты малымыз жоғалып кетті. Ол үшінші бөлмеде жалғыз отыр.

              1. Баста-уыш

              1. Заттанған сан есім4 атау септігінде тұрып, бастауыш
                болады.

              1. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі түседі.

              2. Қырық - қасиетті сан.

          Толық-тауыш

              1. Сан есім заттанып келіп, толықтауыш болады.

          Екеуінен үйренгенің саған жетеді. Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.

              1. Пысық-тауыш

          Сан есім етістікпен тіркесіп, іс-әрекеттің мөлшерін білдіріп, пысықтауыш болады.

          Ат баспаймын деген жерін үш басады. Олар бүгін футболды бірінші ойнайды. Ол сол әнді тойда үш айтты.

              1. Баян-дауыш

          Сан есім сөйлем соңында жіктеліп немесе заттанып келіп, баяндауыш болады.

          Оның жақсы көретін саны-жеті. Сен үйдің бесіншісісің. Оның жасы алтыларда.

        2. Есімдік – зат есім, сын есім және сан есімнің орнына қолданылатын сөз табы. (Орынбасар сөз табы деп те аталады.)

        3. Есімдіктің мағынасына қарай төмендегідей 7 түрі бар:



        1. ереже

        1. мысал

        1. Жіктеу

        1. Белгілі бір жақ түрінде қолданылатын есімдіктің түрі

        1. мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар.

        1. Сілтеу

        1. Нұсқау және көрсету мағыналарын білдіреді

        1. сол, мынау, аналар, міне т.б

        1. Сұрау

        1. Жауап алу мақсатында қойылған сұрақтар. (Қазақ тіліндегі барлық сұраулы сөздер жатады.)

        1. кім? не? неше? қайда? неге? т.б.

        1. Өздік

        1. Өздік есімдігіне әр түрлі тұлғадағы өз деген бір ғана сөз жатады.

        1. өз, өзім, өзіміздің, өз-өзіне

        1. Жал-пылау

        1. Жалпылау, жинақтау мағынала-рын білдіретін есімдіктің түрі

        1. барлық, бәрі, күллі,
          барша, тегіс, т.б.

        1. Белгі-сіздік

        1. Затты, сындық белгіні,
          сан-мөлшерді жорамалдап көрсететін есімдік түрі.

        1. кейбіреу, қайсыбір,
          әлдеқайда, әлдеқан-дай т.б.

        1. Болым-сыздық

        1. Болымсыздық мағынаны білдіретін есімдіктің түрі

        1. еш+(кім, қайда, қайда, қашан т.б.), ештеңе, дәнеме.

    • Есімдік құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді:

    • Дара есімдік бір сөзден тұрады. Мысалы: мен, олар, біреу, барлық, қайда, мынау т.б.

    • Күрделі есімдік екі түбірден жасалады. Мысалы: кімде-кім, өз-өзіне, әлдеқашан, әркім, ешбір т.б.

    • Есімдіктің септелуі

          1. Атау

          1. мен

          1. сен

          1. ол

          1. бұл

          1. бәрі

          1. Ілік

          1. менің

          1. сенің

          1. оның

          1. бұның

          1. бәрінің

          1. Барыс

          1. маған

          1. саған

          1. оған

          1. бұған

          1. бәріне

          1. Табыс

          1. мені

          1. сені

          1. оны

          1. бұны

          1. бәрін

          1. Жатыс

          1. менде

          1. сенде

          1. онда

          1. бұнда

          1. бәрінде

          1. Шығыс

          1. менен

          1. сенен

          1. одан

          1. бұдан

          1. бәрінен

          1. Көмектес

          1. менімен

          1. сенімен

          1. онымен

          1. бұнымен

          1. бәрімен

    • Есімдіктің тәуелденуі





        1. ол

        1. бұл

        1. кім

        1. өз

        1. жекеше

        1. Менің

        1. оным

        1. бұным

        1. кімім

        1. өзім

        1. Сенің

        1. оның

        1. бұның

        1. кімің

        1. өзің

        1. Сіздің

        1. оныңыз

        1. бұныңыз

        1. кіміңіз

        1. өзіңіз

        1. Оның

        1. онысы

        1. бұнысы

        1. кімі

        1. өзі

        1. көпше

        1. Біздің

        1. онымыз

        1. бұнымыз

        1. кіміміз

        1. өзіміз

        1. Сендердің

        1. оларың

        1. бұларың

        1. кімдерің

        1. өздерің

        1. Сіздердің

        1. оларыңыз

        1. бұларыңыз

        1. кімдеріңіз

        1. өздеріңіз

        1. Олардың

        1. олары

        1. бұнысы

        1. кімдері

        1. өздері



        1. Ескерту: Еш, кей, әлде, әр, қайсы, бір есімдіктері зат есіммен және сын есіммен тіркесіп келгенде, бөлек жазылады. Мысалы: еш уақытым жоқ, кей кезде, әр адам, әр түрлі т.б.


        2. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет