АӘД-тың оқытылу мақсаты



бет1/7
Дата01.04.2017
өлшемі1,27 Mb.
#13317
  1   2   3   4   5   6   7
АӘД-тың оқытылу мақсаты:

-жастардың Қазақстан Республикасы Коституциясының ережелерін оқып үйрену, мемлекеттік қорғаныс негізін білу. ҚР ҚК құрылымы, ерекшеліктері мен міндеттерін түсіндіру, ҚК қатарында қызмет атқару ҚР азаматтары үшін мақтаныш болуы керектігін, ҚР ҚК әскери Жарғысы, Антқа берік болу мен талаптарын түсіндіру;

-әскери бөлімшелердің қару жарақтарының түрлері мен әскери-техникаларын, жеке құрамдардың орналасуы мен тұрмыстық тіршілігімен танысу. Қазіргі өмір талаптарына сәйкес әскери білімдерін теориялық және практикалық тұрғыда біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру;

- ТЖ кезінде адамдардың өмірлеріне төнген қауіп пен қатерлерден сақтануды меңгеру;

- АӘД мен әскери-патриоттық тәрбиені біріктіру және т.б.

Осы мақсаттар мен міндеттерді іске асыру негізінде оқу мекемелерінде іс қағаздарын реттеу, бір жүйеге келтіру болып табылады.

Бұл бұйрықтар мен құжаттар жиынтығы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің негіздеуші құжаттары ретінде білім беру стандарттарына сәйкес, «Алғашқы әскери даярлық» пәнін мемлекеттік және мемлекеттік емес орта білім беретін мекемелерде (орта мектептер, мектеп-гимназиялары, лицейлері мен мектеп-лицейлері, кәсіптік білім беретін колледждер және т.б.) оқытуда жалпыға ортақ нұсқама ретінде пайдалануға болатын көмекші құрал.

Бұл үлгілер оқу мекемелерінің директорлары мен алғашқы әскери даярлықтың оқытушы-ұйымдастырушыларына үлгі ретінде пайдалануға, әскери-отансүйгіштік (патриодтық) тәрбие мен АӘД оқытуды іске асыруларына көмектеседі. Өздерінің оқу орындарының ерекшеліктерін ескере отырып жоспарлар мен бұйрықтарға өзгерістер енгізуге толық құқықтары бар.

Оқу мекемелерінің директорлары АӘД пәні оқытушы - ұйымдастырушыларының іс-қағаздарын жүргізу кезінде осы үлгіде болуларын тексеріп, талап қоюларына болады.
Оқу орнының немесе білім беру мекемесінің директоры жастарға АӘД пен әскери – патриоттық тәрбие беру жұмысының жағдайына және ұйымдастыруға жауыпкершілікте, оның міндетіне:

- Оқу процессінің дұрыс ұйымдастырылуы мен уақытылы жоспарлануына, бағдарламаның толық және сапалы орындалуына;

- АӘД-тың іс жүзінде оқыту мен практикалық әрекеттерін үйрену үшін арнайы кабинет, алаңда, орындар бөлуге және ҚР Білім және ғылым министрлігінің оқыту бағдарламасы мен ережесі негізінде оқу - матерериалдық базасын үнемі қалыпты жағдайда үстауға шаралар қолдануға;

- Жастардың жеке жауапкершіліктері мен үлгерімдерін жоғарлату жұмыстарын жүргізуге оларды оқу материалдық базаны құру жұмыстарына тартуға;

- Оқытушы-ұйымдастырушыға оқу-әдістемелік көмек көрсетуге, АӘД пәнінің басқа пәндермен байланыста болуына, клубтық, үйірме (факультатив) жұмыстарын жүргізу мен ұйымдастыруға;

- Оқытушы-ұйымдастырушы АӘД сабағын өткізуін бақылауға, олардың өтілген материалды сапалы меңгеруін, пед.кеңесте(жиындарда) АӘД мен әскери-патриоттық тәрбие жұмысы жағдайын оқу жылы бойында кемінде бір-екі рет талқылауға, қарастыруға, тыңдалуға;

- Оқу жылының басталуы, аяқталуы және взвод командирлерін тағайындау туралы бұйрық шығаруға;

- Жастарға АӘД пен әскери-патриоттың тәрбие беру туралы оқу мекемесіндегі жағдай жөнінде қалалық(аудандық) білім бөлімдері мен қорғаныс істер жөніндегі басқармаға есеп беруге.



АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушы тікелей оқу орнының немесе білім беру мекемесінің директорына тікелей бағынады және оның жауапкершілігіне АӘД оқыту мен оқыту кезінде техникалық қауіпсіздік шараларын сақтау жатады, оның міндеттеріне:

- Оқу уақытында АӘД сабағын және факультатив (сабақтан тыс уақытта) сабақтарын өткізуге және ұйымдастыруға, әскери істің негіздерін оқытуға арналған үйірме жұмыстарына жетекшілік етуге;

- Үнемі өзінің кәсіби және педагогикалық білімін жүйелі түрде көтеріп отыруға, әдістемелік дағдысын жетілдіруге;

- Оқу кабинетіне, қару-жарақ және мүліктер сақтау бөлмесіне меңгерушілік етуге, АӘД-ның оқу материалдық базасын құру мен жетілдіруге;

- Педагогикалық ұжыммен бірлесе отырып оқу орынында әскери-патриоттық тәрбие жұмысын жүргізуге;

- Оқу мекемесіндегі әскери міндеттілерді есепке алуға (ұстаздар, оқу мекемесіндегі басқада жұмысшылардың);

- Шақыруға дейінгі және шақырылу жасына толғандарды медициналық тексерістен өтуін қамтамасыз етуге;

- Оқушылардың (тыңдаушылардың, студенттердің) тәртіптілігін қамтамасыз етуге;

- Қорғаныс істер жөніндегі басқарманың әскери-оқу орындарына түсуге ер балаларды таңдап алуы мен дайындық жұмысын жасауына көмектесуге.

- АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушы оқу мекемесінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен (өндірістік оқыту шеберлерімен) және педагогикалық ұжыммен тығыз байланыста жұмыстар атқарады.

- АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушы жұмыс уақыты білім беру мекемесінің директоры бекіткен сабақ кестесі, шаралар жоспары, сабақтан тыс өтілетін әскери-патриоттық тәрбие жұмыстары және өзінің жеке жоспарларына сәйкес жүргізіледі.

- АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушы басқада педагогикалық ұжым мүшелермен бірдей кезекшіліктерге тартылуы мүмкін, бірақ қазіргі күнде жүзеге асып отырған заң талаптарында әкімшілік міндеттер атқару, сынып жетекшісілік (өндірістік оқыту шебері) міндеттерін атқару қарастырылмаған.



АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушы мынаны білуі қажет:

- ҚР заңдарын және АӘД байланысты арнайы оқу мен тәрбиелеуге қатысты нұсқамалық (нормативтік) құжаттарды;

- Психология мен педагогика негіздерін;

- Білім алушылардың денсаулығы мен өмірлерін қорғау ережелерін;

- Білім туралы, Бала туралы конвенция, Еңбек заңдылықтарының негіздерін;

- ТЖ кезіндегі ескерту мен әрекет етудің ұйымдастыру құрылымын;

- Тұрғындарды экологиялық апат, ірі өндірістік апаттар, қираулар және де соңғы уақытта пайда болған жарақаттаушы заттардан қорғану мен құтқару принциптері мен әдістерін;

- Жарақаттанғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін.


І. Оқу-материалдық базасы туралы

Жалпы орта білім беретін оқу орындарында АӘД пәнін оқып-үйрету мен әскери-отансүйгіштік тәрбие беруіндегі мынандай оқу-материалдық базасы тұрақты түрде болуы және жасалынуы қажет:

  • АӘД оқу кабинеті (сынып кабинеті);

  • АӘД, өмір қауіпсіздіктерін, азаматтық қорғанысқа арналған арнай мүліктерді, оқулық қару-жарағын сақтау бөлмесі;

  • Саптық даярлық сабағын өткізуге арналған алаң (Плац);

  • Тәуліктік кезекшінің міндеттерін тәжірибе жүзінде оқып, үйренуге арналған орын;

  • Қарауыл әрекеттері мен міндеттерін тәжірибе жүзінде оқып, үйренуге арналған орын;

  • Тактикалық даярлықты тәжірибе жүзінде оқып, үйренуге арналған орын (стол, алып жүруге болатын жәшік т.б.);

  • Ату ережелері мен әдістерін тәжірибе жүзінде оқып, үйренуге арналған орын (ату орны -тир);

  • Қару-жарақты майлауға, тазалауға арналған стол; (Нұсқамасымен, шеттерінде көмкерме ойығы бар стол).

  • Спорттық дене бітімдерін қалыптастыру мен шымырлыққа шыңдауға үйретуге арналған спорттық алаң (гимнастич. городок):

  • Оқу-көрнекілік құралдары (дидактикалық материалдар), техникалық оқыту құралдары (ТОҚ (кодоскоп, кино, видиопроекторлар, компьютер т.б. – ТСО)

  • Кедергілерден өту орны (полоса препятствия) – ( мүмкіндіктеріне қарай жасауға болады.)

  • Әскери-патриоттық мұражай. (Әскери даңқ мұражайы, бұрышы, дәлізі т.б.)

АӘД, өмір қауіпсіздіктерін, азаматтық қорғанысқа арналған арнай мүліктерді сақтау бөлмесіндегі мүліктердің есепке алынғандығы туралы ЖАЗБА ТІЗІМ (опись) бөлмеге кірер есікке жазылып ілінуі қажет. Оқу, үйрету қаруларымен мекеме өз мүмкіндігі бойынша қамтамасыз етеді немесе ҚР ҚМ (Қоғаныс министірлігі), ҚР білім беру және ғылым министлігі, ТЖМ және Денсаулық сақтау министрліктері қамтамасыз етеді.



ІІ. Жоспарланған құжаттары, оқу орындарындағы жасалынатын құжаттар туралы

- АӘД оқытушы - ұйымдастырушысының жыл бойына бөлінген жүктемесі – мектептің тарифтік жүктемесі бойынша ;

- АӘД оқытудың апталық жоспары – қалалық қорғаныс істер жөніндегі басқарма мен білім бөлімінң бекіткен түрі оқу жылы басында беріледі;

- АӘД пәнінің күнтізбелік-тақырыптық жоспары (бөлінген сағаты, күні, пайдалану материалы, өтілу орны, қолданылатын әдебиеттер)

- Айлық, жарты жылдықтың сабақ кестесі – мектептің апталық жүктемесі бойынша сабақ кестесі;

- Сабақ жоспарлары (конспекті) - әр сабаққа барар алдыңда директор қолы қойылып, бекітіледі;

- Өз білімін жетілдіру жоспары;

- Өзара сабаққа қатынасу дәптері (өз оқу орнында, басқа мекемелерді, семинарларға т.б.)

- Жеке жоспарлар, оның көлемі, түрі мен мазмұны, жоспарланған материалдары (әрбір жоспарда кім жауапты, неге жауапты, орындау уақыты мен мерізімі көрсетілуі қажет) ;

- Техникалық қауіпсіздік журналы, нұсқаулықтары.



Жеке жоспарлар:

- Оқу-материалдық базасын құру мен аяқтау жоспары – оқу жылының басында алдағы оқу жылына алдын-ала жасалады;

- АӘД кабинетінің жұмыс жоспары – кабинетте өтілетін сабақтар кестесі мен өтілу уақыты кестесі;

- АӘД оқытушы-ұйымдастырушысының жеке жұмыс жоспары – апталық жоспарлауы, алдағы уақытта қандай дидактикалық материалдар мен жұмыстар жасайтыны, мерізімі, орындалуы туралы;

- АӘД оқытушы- ұйымдастырушысының өз білімін жетілдіру жоспары – семинарларға, курстарға, қала, облыс, Республика көлеміндегі шараларға қатынасып тәжірибе жинақтау, алмасу, қосымша әдебиеттер мен басылымдарды оқу, конспектілеу т.б.

- Әдістемелік кеңестің (бірлестіктің) жұмыс жоспары – аудан, қала оқу орындары АӘД оқытушы -ұйымдастырушыларының жұмыс жоспары;

Оқу орындары мен жетекшілік жасаушы (подшефный) әскери бөліммен ортақ жұмысының жоспары – оқу жылына, бірлесе өтілген шаралар туралы материалдар жинақталып, жүйеленуі қажет;

Жалпы - қорғаныс айлығын өткізу мен даярлық жұмысының жоспары – ақпан айында өтілетін «Дүние жүзілік апаттардан қорғану айлығына» орай жасалатын шаралар жоспары;

Взвод командирлері мен бөлімше командирлеріне өткізетін әдістемелік-нұсқамалық сабақ өткізу жоспары – аптасына не екі аптада бір рет командирлерді даярлау жұмысы жоспары;

Әскерге шақырылушылар күнін өткізу жоспары - әскерге шақырылушылар тізімін жасау, медициналық тексерістен өтуге қажетті құжаттарын жинау, «Тіркеуге тұру куәлігін» беру рәсімін мектеп жиынында салтанатты түрде тапсыру ;

Мектептің оқу-тәрбие жылдық жоспарына «Әскери-отансүйгіштік тәрбие» бөлімін кіргіздіру – жыл бойы жоспарланған әскери-отансүйгіштік жоспарын мектептің оқу-тәрбие жоспарына директор бекітуімен кіргізу.;

Ескертпе: Барлық жоспарлар оқу орнының директорларымен бекітілуі қажет. Оқытушы-ұйымдастырушының жұмыс дәптері мен оқушылардың жұмыс дәптерлері (конспектілері) шнурланған, беттері көрсетіліп, қол қойылып, мөр басылуы керек.



Бұйрықтар :

- АӘД оқыту (оқу жылын басталуы туралы) бұйрық;

- Взводқа және бөлімшеге бөлу, олардың командирлерін тағайындау;

- Атыс өткізу туралы бұйрық;

- Мектепішілік әскери-патриоттық шаралар өткізу, жауаптыларды белгілеу т.б. туралы бұйрық;

- Оқу жылының аяқталуына байланысты әскери-спорттық мереке өткізу туралы бұйрық;

- 5 күндік оқушылармен әскери оқу-далалық жиынын (далалық сабақ) өткізу туралы бұйрық;

- АӘД оқу жылы бойынша қорытындылау (оқу жылын аяқтау туралы) бұйрық;

- «Жас ұлан», «Алау», «Қыран», «Жас Батыр», «Мерген», «Жас мерген», «Сақшы», «Жас шегарашылар» т.б. әскериленген спорттық жарысына даярлау және өткізу туралы бұйрық;
Кітаптар мен журналдар :

- Оқыту қаруларының қозғалысы мен есепке алу, патрондар мен құралдарды тіркеу кітабы;

- Оқыту қаруларының қозғалысы мен есепке алу, патрондар мен құралдарды беру кітабы;

- Оқыту қаруларын, патрондар мен құралдарды сақтау мен есепке алу, тексеру журналы.

- Тәуліктік кезекшілікті қабылдау және тапсыру туралы журнал.

- АӘД пәнінің құрал-жабдықтарының, дидактикалық және тех.оқыту құралдарының тізімдеріне арналған журнал.


Оқу орындарының АӘД оқытылуы туралы есеп берулері:

Оқу орындары қалалық (аудандық) қорғаныс істер жөніндегі басқармасы мен қалалық (аудандық) білім бөлімдеріне төмендегідей деректерді жеткізулері қажет - әр есеп 3 данадан (ҚҚІЖБ-не, Аудандық, қалалық ББ-не және өз оқу орнына(өзіне)): 5 форма

- 20 қыркүйекке дейін АӘД мұғалім-ұйымдастырушысы туралы толық мәлімет;

- 10-11 сыныптарындағы барлық оқушылар саны, сыныптар саны және сыныптар бойынша неше ұл, неше қыз бала оқитыны туралы;

- Оқу-материалдық базасының дайындығы туралы;

- 10 қыркүйекке дейін әскери құралдар мен қару-жарақтар саны мен есепке алынуы туралы;

- Оқу жылында 3 рет есеп беру (1. 20-шы қыркүйекке дейін, 2. 10-шы қаңтарға дейін,

3. 30-шы мамырға дейін ).



Папкалар:

1.Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заңдары мен Қаулылары, бұйрықтары

  1. Жоғарғы орындардан келген және жіберілген құжаттардың көшірмелері

  2. Мектепішілік бұйрықтар

  3. Жоспарлар жиынтығы

  4. Портфолио

  5. Әскери-патриоттық тәрбие жұмыстары

  6. «Әскери тізімге тіркеу» жиынтығы (жылдар бойынша)

  7. Техникалық қауіпсіздік жоспары т.б.

(№1 үлгі)


Бұйрық №

«__»__________ 200__жыл. ______ қаласы



20__ – 20__ оқу жылының басталуына байланысты _________мектебінде Алғашқы әскери даярлық пәнін оқыту туралы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі


№ 115 бұйрығына 77-қосымша Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптары үшін«Алғашқы әскери дайындық» пәнінен типтік оқу бағдарламасы бойынша Алғашқы әскери дайындық пәнін оқыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген. білім стандартының талаптары:

1) 2012 жылдың 16 ақпан айындағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» атты Қазақстан Республикасының Заңы;

2) 2013 жылдың 11 ақпан айындағы «Азаматтарды әскери қызметке бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материал базасын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің №118 қаулысы кәзіргі танда күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 671 қаулысымен (қарастырлуда).

Оқу бағдарламасының мазмұны мен құрылымы кіріспе сабақ, әскери істің негіздері бойынша тараулар, азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздеріне сүйене отырып 20__ жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап оқу бағдарламасына сәйкес АӘД сабағы жүргізуі үшін



БҰЙЫРАМЫН:

1. Мектептің АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы АӘД пәнін оқытуды, ҚР Білім және ғылым министрі бекіткен оқу бағдарламасы негізінде жасалған қалалық (аудандық) қорғаныс істер жөніндегі басқарма мен қалалық (аудандық) білім бөлімі басқармасының бекіткен апталық жоспары биылғы жылғы оқытуды жоспарлауды және жеке жоспарларын 20__жылдың «__» тамызына дейін, взвод командирлерін тағайындау туралы бұйрық жобасын 20__жылдың «__» қыркүйекке дейін бекітуге ұсыну жүктелсін. Сабақтан тыс үйірмелер жоспарын, оқу материалдық базасын жаңарту мен қайта жасау жоспарларын және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен бірлесе әскери-патриоттық тәрбие жұмысы жоспарларын жасап мектептің жылдық жоспарына енгізуге даярланып, 200__жылдың «__» қыркүйекке дейін аяқталсын. Білімдерін жетілдіру мақсатында ер балалармен атып үйрену үйірмелері ұйымдастырылып, аптасына бір күн белгіленсін. Әр сенбі (аптаның кез келген күні, оқу орнының мүмкіндігі ескеріліп) күні «Жас ұлан» әскери-қолданбалы спорттық ойынына қатынасушылармен даярлық жұмыстары жүргізілсін.

Желтоқсан айының 1-не дейін барлық оқу-материалдық базасы іске қосылсын және қала (аудан, мектеп, колледж) маңайындағы әскери бөлімшелермен байланыс орнатылып, бірлесе істелетін жұмыс жоспарлары жасалсын. Ер балалардың дене шымырлықтарын шыңдау мақсатында 10-11 сыныптарда (1-ші – 2-ші курстарда) жыл басынан бастап әр тоқсан аяғында 1000м жүгіруден, кермеге тартылудан, граната лақтырудан (кедергілерден өтуден) сынақтар Президенттік сынама талаптарына сәйкес алынсын.

2.АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы мен дәрігерлік-санитарлық даярлық ұстаздары әр сабақты бастар алдында 2 қатарлы сапқа тұрғызу арқылы бастап, оқушылардың киім киюі, тазалығы, сабақтағы техникалық қауіпсіздік шараларына нұсқама жасау, бүгінгі сабақ тақырыбы мен мақсаты, өту орнын таныстыру жүйеленсін. Сабақтың 3-5 минуты саяси хабарлама жасау арқылы жүргізілсін. Сабақтың жоспары алдын ала бекіттірілсін.

3. Сабақтарда пән аралық байланыс АӘД бағдарламасына сәйкестендірілсін. Барлық берілетін әмірлер ҚР ҚК Жарғысына сәйкес іске асырылсын. (Сапқа тұрғызылу, спорттық снрядқа келу т.б.)

4. Әр айдың 3-ші аптасының сәрсенбісі әдістемелік күн болып белгіленсін. Бұл күндері әріптестер сабақтарына қатынасу, ашық сабақтар өткізу, әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастыру жоспарлансын.

5. Кітапхана меңгерушісі мектеп кітапханасы үшін Республикалық «Сарбаздар», «Алғашқы әскери даярлық», «Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық-әдістемелік жинағы» басылымдарына жазылу қамтамасыз етілсін.

6. Бұл бұйрық педагогикалық ұжымға таныстырылсын.


М.О. Мектеп

директоры______________ ( аты-жөні, тегі)

( қолы)

( №2 үлгі)



Бұйрық №

«__»__________ 200__жыл. ______ қаласы



Взвод командирлері мен бөлімше командирлерін тағайындау туралы.

Алғашқы әскери даярлық пәнін оқыту ережесіне сәйкес АӘД, Дене тәрбиесі, Дәрігерлік-санитарлық даярлық сабақтарындағы тәртіптілікті нығайту, сабақтан тыс өтілетін шаралардың талаптарын күшейту мақсатында, ҚР ҚК Жарғылары талаптарына негізделе отырып

Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н :

1. Оқу жылының басталуына байланысты взводтар реттік белгіленуі

төменнен жоғары қарай жүргізу енгізілсін:


  • 10а сыныбы - 1-ші взвод

  • 10ә сыныбы - 2-ші взвод

  • 11а сыныбы - 3-ші взвод

  • 11ә сыныбы - -шы взвод

2. Әр взвод 3 бөлімшеге бөлінсін (бала санына қарай 2, 3, 4 т.б.) Взвод және бөлімше командирлері болып, оқу үлгерімдеріне, ұйымдастырушылық қабілеттеріне және спорттық бейімділіктеріне қарай төмендегі оқушылар тағайындалсын:

1-ші взвод командирі - _____________________________________

(аты-жөні, тегі)

1-ші бөлімше командирі -________________________________

(аты-жөні, тегі)

2-ші бөлімше командирі -________________________________

(аты-жөні, тегі)

3-ші бөлімше командирі -________________________________

(аты-жөні, тегі)



2-ші взвод командирі - _____________________________________

(аты-жөні, тегі)

1-ші бөлімше командирі -________________________________

(аты-жөні, тегі)

2-ші бөлімше командирі -________________________________

(аты-жөні, тегі)

3-ші бөлімше командирі -________________________________

(аты-жөні, тегі)

(аты-жөні, тегі)

3. АӘД пәні оқытушы - ұйымдастырушысына: оқушылардың саптағы оқу кабинетіндегі орны бекітіліп, әр взводтағы балалар саны ұл, қыз бойынша тең бөлінуі және оларға оқу құралдарының бөлінуі (оқулықтар, газ тұтқыштар т.б.) ұйымдастырылсын.

4. АӘД, Дене тәрбиесі, Дәрігерлік-санитарлық даярлық мұғалімдеріне: оқушылардан өз орындарын білуді, сәлемдесу, бастыққа келу мен кетуі, әмірлерді орындау, сабаққа әскери киімде келу, шаштарын түзеу т.б. жарғылық талаптарды орындауларына қатаң талаптар қойылсын.

5. Взвод командирлері мен бөлімше командирлеріне АӘД, Дене тәрбиесі, Дәрігерлік-санитарлық даярлық мұғалімдерімен тығыз байланыс орнатып, көмек көрсету мақсатында қарамағындағылардың қатаң тәртіп сақтауларын, өздеріне берілген тапсырмалаар мен әмірлерді бұлжытпай орындауларын талап ету жүктелсін. Оқу материалдық базасын жасауға көмектесу, өз взводы (бөлімшесіндегі) оқушылар туралы барлық деректерді білуі, сабақ кезінде қайда жүргендігін біліп отыру тапсырылсын.

6. Взвод, бөлімше командирлерімен даярлық өткізу күн белгіленсін.

7. Бұйрық барлық взводтар арасында сабаққа сапқа тұру кезінде таныстырылсын.

М.О. Мектеп

Директоры ______________ ( аты-жөні, тегі)

(қолы)

( №3 үлгі)



Бұйрық №

«__»__________ 20__жыл. ______ қаласы



Пневматикалық мылтықтан атыс дайындығына жаттығу жасау, үйрету туралы.

АӘД курсының апталық жоспарына сәйкес, 20___ -20___ оқу жылында АӘД оқыту туралы бұйрығына сәйкес

БҰЙЫРАМЫН:

1. АӘД пәнінің оқытушы - ұйымдастырушысы _______________________ 200__ жылдың «____» ________________ күні сабақ кестесіне сәйкес №___ взводпен, «____» ________________ күні сабақ кестесіне сәйкес №___ взводпен ату орнында атуға үйретудің 1 ережесі бойынша пневматикалық мылтықтан ату жаттығуын өткізсін;

2. Ату орнында 2 ату орны ұйымдастырылсын: 1 ату орны – пневматикалық мылтықтан ату кезіндегі қауіпсіздік шаралары мен мылтықты оқтау және оны нысанаға бағыттау, мылтықты тіреп ұстау және атуды жүргізу тәсілдері (отырып, тұрып, жатып ату) үйретіліп, техникалық қауіпсіздік журналына оқушылар қолы қойылсын. ( қосымша 2 ату орны даярлауға болады, онда АК - дан ату кезіндегі қауіпсіздік шаралары, АК-ның құрлысы, оны толық емес бұзу және жинау орны т.б.). 2 ату орны – нысанаға ату.

3. Ату орнына атудың нұсқамасын толық тыңдаған, қауіпсіздік шараларын меңгерген, мылтықтан (автоматтан) ату элементтерін білетін оқушылар ғана жіберілсін. Жоғарыдағы талаптарды меңгермеген оқушылармен қосымша сабақтан тыс уақытта жұмыс жүргізіліп, кемшіліктері жойылған жағдайда ату орнына жіберілсін.

4.Ату элементтері орындау үшін №__________, №____________ мылтықтар және оған арналған оқтар мен № нысана (мишень) пайдаланылып, пайдаланылған оқтарды жарамсыз деп жою актісін осы күні сағ. ___ дейін әкелінсін.

5. Ату алаңында жауапкершілік пен жетекшілікті АӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы __________________________ мектептің мед.бикесі ______________________жүктелсін.

6. АӘД пәні оқытушы -ұйымдастырушысы ____________________________________

мектеп директорына нұсқама алу үшін сағ. ___ дейін тапсырылсын.

М.О. Мектеп

директоры______________ ( аты-жөні, т

(қолы)

(№4 үлгі)



Бұйрық №

«__»__________ 200__жыл. _________ауылы


20__ - 20__ оқу жылының аяқталуы туралы.


Каталог: uploads -> doc -> 0dd7
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0dd7 -> Сабақтың тақырыбы : Өсімдіктің көбею мүшелері
0dd7 -> Сабақ тақырыбы : «Құрылыс сызбалардың ерекшілігі»
0dd7 -> Сабақтың мақсаты: білімділігі: Батыс Қазақстан экономикалық ауданының
0dd7 -> Зерттеу жұмысы: ««Дойбы ойыны арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту»» Дене шынықтыру пәні мұғалімі: Жаннназарова н арал қаласы №62 мектеп-лицейі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет