«Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру»



бет1/18
Дата08.07.2018
өлшемі1,37 Mb.
#48780
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы « 16 » сәуірдегі

№ 358 қаулысымен

бекітілген

«Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Жер ресурстарын басқару комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 25 (жиырма бес) жұмыс күні;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан


әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібінде көрсетіледі.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілген қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;

3) азаматтық әуе кемесімен аэротүсірілім жұмыстарының қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушы шарттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін шарттың түпнұсқасын ұсынады);

4) географиялық координаталарын көрсете отырып, аэротүсірілім жұмыстарын жүргізу жоспарланып отырған аумақтың картограммасы, төрт данада;

5) жоспарланып отырған аэротүсірілім жұмыстарының техникалық жобалары (немесе техникалық тапсырмалары), екі данада.

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты туралы мәліметтерді, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті адамның электрондық–цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттар нысанында алады.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10.  Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, №11-кіреберіс, № 441 кабинет, тел: 8 (7172) 74-18-16.

Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алатын мерзімін және орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап почта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

11.  Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің www.minregion.gov.kz интернет-ресурсында;

2) көрсетілетін қызметті берушінің www.kuzr.gov.kz интернет-ресурсында;

3) көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттарындағы стенділерде орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-30-17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.


________________________

«Аэротүсірілім жұмыстарын

жүргізуге рұқсат беру»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

1-қосымша




Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің

Жер ресурстарын басқару комитеті 

 

Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат



20 __ жылғы « ___ » ______ № ______
Субъектінің атауы_______________________________________________ _______________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты не заңды тұлғаның толық атауы)

(жеке немесе заңды тұлғаның БСН/ЖСН, жеке басын куәландыратын құжаттардың деректемелері, мекенжайы)


Аэротүсірілім объектілерінің аумақтық орналасуы ________________________
____________________________________________________________________Жүргізуге өтінім берілген мынадай жұмыстарға рұқсат берілді: ____________________________________________________________________


Р/с №



Сұралатын жұмыстардың атауы


Жұмыс көлемі

Жұмыс көлемі

Өтінім берілді


Өлшем бірлігі

(км2)



Рұқсат берілді

Өлшем бірлігі

(км2)



1

2

3

4

5

6






















































20__ жылғы «___»______ дейін жарамды


Жер ресурстарын басқару

комитетінің төрағасы ____________________ ______________

қолы (Т.А.Ә)

Мөр орны


20__ жылғы «___»______
_______________________

«Аэротүсірілім жұмыстарын

жүргізуге рұқсат беру»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

2-қосымша


Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі

Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы

_____________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

____________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

_____________________________________

не заңды тұлғаның толық атауы)

_____________________________________

(жеке немесе заңды тұлғаның ЖСН/БСН, жеке _____________________________________

басын куәландыратын құжаттардың деректемелері, байланыс телефоны, мекенжайы)
Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге өтінім

Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруді сұраймын


аэротүсірілім объектілерінің аумақтық орналасуы ____________________________________________________________________­­­­­­

аэротүсірілім алаңы ___________________________________________________


аэротүсірілімнің мақсаты ______________________________________________

____________________________________________________________________


аэротүсірілімнің техникалық шарттары __________________________________

____________________________________________________________________


аэротүсірілім шарттары және уақыты ___________________________________

____________________________________________________________________


Күні _____________ Өтініш беруші _________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

__________________________________

немесе заңды не уәкілетті тұлғаның

атауы, қолы, мөр)

__________________________________

________________________

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген



«Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға

(ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Жер ресурстарын басқару комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал);

2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген сәттен бастап немесе порталға жүгінген кезде – 25 (жиырма бес) жұмыс күнінен аспайды;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру (бұдан әрі – рұқсат).

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан


әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібінде көрсетіледі.

2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).



9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;

2) порталда:

көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты туралы мәліметтерді, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаларды көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттар нысанында алады.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, № 11-кіреберіс, № 441 кабинет, тел: 8 (7172) 74-18-16.

Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап почта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда мемлекеттік қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің www.minregion.gov.kz интернет-ресурсында;

2) көрсетілетін қызметті берушінің www.kuzr.gov.kz интернет-ресурсында;

3) көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттарындағы стенділерде орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-30-17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.


___________________________

«Геодезиялық пункттердi

бұзуға немесе қайта салуға

(ауыстыруға) рұқсат беру»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

1-қосымша

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің

Жер ресурстарын басқару комитеті 

 

Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат



20__ жылғы «___»______ №______

Субъектінің атауы __________________________________________________________

________________________________________________________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты не заңды тұлғаның толық атауы)


Көрсетілетін қызметті алушы құжатының деректемелері ______________________

________________________________________________________________________________

(жеке немесе заңды тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері, байланыс телефоны, мекенжайы)

Геодезиялық пункттің орналасқан орны _______________________________________

________________________________________________________________________________

(облыс, аудан, елді мекен)

Қорытынды _______________________________________________________________

________________________________________________________________________________

Жер ресурстарын басқару

комитетінің төрағасы ________________________ ____________________

қолы (Т.А.Ә.)

Мөр орны


20__ жылғы «___»______

_______________________


«Геодезиялық пункттердi

бұзуға немесе қайта салуға

(ауыстыруға) рұқсат беру»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

2-қосымша

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі

Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы

_______________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

_______________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

_______________________________________

не заңды тұлғаның толық атауы)

_______________________________________

(жеке немесе заңды тұлғаның ЖСН/БСН, жеке

_______________________________________

басын куәландыратын құжаттардың

деректемелері, байланыс телефоны, мекенжайы)


Геодезиялық пункттердi бұзуға

немесе қайта салуға (ауыстыруға) өтінім
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

(облыс, аудан, елді мекен)

аумағында орналасқан геодезиялық пункттi бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беруді сұраймын.

Геодезиялық пункттің атауы немесе нөмірі _____________________________________

________________________________________________________________________________

Геодезиялық пунктті ауыстыруға өтінімнің себебі ______________________________

________________________________________________________________________________

(себебін көрсету)

Күні _____________ Өтініш беруші __________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

__________________________________

немесе заңды тұлғаның не уәкілетті

__________________________________

тұлғаның атауы, қолы)


_________________________

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген



«Жер учаскесінің тиесілілігі туралы ақпарат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Жер учаскесінің тиесілілігі туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Жер ресурстарын басқару комитеті «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);

3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) минут;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі – жер учаскесінің тиесілілігі туралы ақпарат.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде.

Ақпаратты қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық түрде ресімделеді, басып шығарылып, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен және мөрімен куәландырылады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан


әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібінде көрсетіледі.

2) ХҚО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық кезек» тәртібінде көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;

3) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚО-ға:

егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға ХҚО ұсынған нысан бойынша келісімді көрсете отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі).

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты туралы мәліметтерді, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаларды көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) ХҚО-ның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттар нысанында алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады;

2) порталда:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жолданады.

10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту жөнінде қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11.  Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ХҚО және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, № 11-кіреберіс, № 441 кабинет, тел: 8 (7172) 74-18-16.

Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасында немесе оған ілеспе хатта қойылады) шағымның қабылдағанын растау болып табылады.

ХҚО-ның қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша ХҚО басшысының атына жіберіледі.

Қолма-қол, сол сияқты почта арқылы келіп түскен шағымды ХҚО кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін ХҚО басшысына жіберіледі.

Сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша не порталда алуға болады.

Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қабылдаған адамның шағым қабылдағанын растау үшін нөмірі, тіркелген күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, берілген шағымға жауап алатын мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы ақпаратты алуға болатын адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап почта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Портал арқылы электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы оны өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын ақпарат қолжетімді болады.

Шағымды қарау нәтижелері туралы көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша түрде почта арқылы, порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» хабарланады.

Шағым сондай-ақ порталдың форумы арқылы www.1414.kz мекенжайы бойынша беріледі.

Портал арқылы көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

12.  Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Денсаулық жағдайына байланысты ХҚО-ға өзі келетін мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне бара отырып, ХҚО қызметкері жүргізеді.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің www.minregion.gov.kz интернет-ресурсында;

2) Министрліктің Жер ресурстарын басқару комитетінің www.kuzr.gov.kz интернет-ресурсында;

3) көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттарындағы стенділерде;

4) көрсетілетін қызметті берушінің www.aisgzk.kz интернет-ресурсында;

5) ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында;

6) порталда орналастырылған.

15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

16. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-93-95. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
________________________

«Жер учаскесінің тиесілілігі

туралыақпарат беру»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

1-қосымша


_______________________________________

(кәсіпорын атауы) филиалының директоры ______________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

______________________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

______________________________________________

не заңды тұлғаның толық атауы)

______________________________________________

(жеке немесе заңды тұлғаның жеке

_____________________________________________

басын куәландыратын құжаттың

______________________________________________

деректемелері, байланыс телефоны,

______________________________________________

мекенжайы)
Өтінім


Каталог: file -> im news
file -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
file -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
file -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
file -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
im news -> Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының 2013 жыл бойында әлеуметтік-экономикалық салада атқарған жұмыстары туралы ауылдық округі әкімінің есептік кездесудегі баяндамасының тезистері
im news -> Қызылтау ауылдық округінің әкімі Руслан Рахметоллаұлының тұрғындар алдында беретін есебінің жобасы
im news -> Азаматтық бюджет 2014-2016 жылдарғА арналған Құрметті сайт келермендері!
im news -> Құндыкөл ауылдық округі әкімінің ауыл тұрғындарымен есептік кездесуіне дайындалған баяндама тезистері
im news -> Баянауыл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 25 ақпандағы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет