Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін қолдану жолдары (баяндама) Әбішева Ақнұр Карбозқызы



Дата25.08.2017
өлшемі104,61 Kb.
#26371
Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін қолдану жолдары

(баяндама)
Әбішева Ақнұр Карбозқызы

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Б.Алманов атындағы орта мектебі

«Ауызша айтсаң – тез ұмыттым,


Көрсетсең – есте сақтаймын,
Іске кіріссең – үйренем.»
(қытай мақалы)

Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім - мектептің жүрегі» деген екен. Онда «мектептің жүрегі» болумен қатар, жаңа егемен еліміздің ұрпағын жаңа білім нәрін сусындатып, саналы тәрбие, сапалы білім беретін білімді, білікті ұстаз болайық.

«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман», - деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет – оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады.

Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс-тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн?


Ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық-технологиялық құралдардың жиынтығы. Қазіргі кезде сабақта ақпараттық технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз. Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек», - деген. Расында да, тек ғана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді.
Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады.

Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі.Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл.Оған біз алдағы өтіп кеткен ЕҚҰБ(ОБСЕ) Саммитіне төрағалық еткен кезіміз осының бір дәлелі бола алады. Еліміздің шет елдермен қарым-қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі кезде оқушылардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті.Демек, балаларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы.Шетел тілі қазіргі кезде заман талабына сай көптеген мектептерде 1 сыныптан бастап жүргізілуде.Бұл оқушы бойында ерте кезеңнен бастап ұлтаралық,мәдениетаралық бірлестікке   дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді.Шетел тілін бастауыш мектептен бастап оқытудың артықшылығы әрбір балаға  психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтуын,білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретіндігінде.

Білім сапасын арттыру, бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Осы мәселені шешу- білім беру мазмұнын жаңашаландырумен, оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясы мен әдістерін жетілдіру. Сондай-ақ, білім беру мақсаты мен нәтижесіне ерекше мєн берумен тығыз байланысты.

Шәкірттерінің сабақтағы белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастыру, ойлау,шығармашылық, ізденіс қабілеттерін дамыту арқылы білім сапасын көтеруде ойын технологиясын пайдаланудың мәні зор. Ойын технологиясын сабақта дұрыс қолдана білу керек.Санына емес сапасына назар аударған жөн.

Күнделікті бір сарынды,дәстүрлі сабақпен оқушыларды қызықтыра алмайсың, керісінше жалықтырып аласың. Тиімді қолдана білген ойын арқылы:


  •       Білім беру сапасы артады

  •      Оқушылардың сабаққа қызығушылығы артады

  •      Қиын грамматиканы оңай,әрі қызықты етіп түсіндіруге болады.

  •      Оқушы белсенділігі артады

  •      Материалды меңгеруге түрткі болады

Ойын технологиясын қолдану арқылы барлық мәселе шешіле қалды деп айту дұрыс емес.Дегенмен,қиындықтар азайады.Себебі,ойын- бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті. Мұғалім үнемі ізденіс үстінде болу керек.Сонымен қатар,кроссвордтар, ребус, жұмбақтар, жаңылтпаштарды тез әрі дұрыс айттыру арқылы оқушылардың тілдері жаттығады, логикалық ойлау қабілеттері дамиды, шапшаң ойланатын болады.Сергіту сәтін ұйымдастырған кезде интернеттен онлайн жүйесінде «happy song », «Bingo» «If you happy», «Hello how are you» т.с.с.сияқты әндерді бейнеге қарап тұрып орындатса, оқушылар сергіп ,қызығушылықтары оянар еді деп ойлаймын.Бір жағынан, тілдері жаттығады,екінші жағынан, ағылшынша әндер жаттайды.

Ағылшын тілі сабағын оқушыларға қызықты етіп өткізу үшін ойын элементтерін қолданамыз.Ағылшын тілі сабағында мына ойындар қолданылады:



  • Фонетикалық ойындар

  • Әріптерге байланысты ойындар

  • Оқу ережесіне байланысты ойындар

  • Сөйлеу қабілетін дамытуға арналған ойындар

  • Грамматикалық ойындар

  • Сан есімге байланысты ойындар

Алғаш әріптерді үйреткеннен бастап әрбір әріптен келетін затты көрсетіп өтсек, онда ол әріп оқушының есінде қалады.  Мысалы:                               Aa – apple

Bb – book

Cc – cake

Dd – doll

Ee – ear

Ff – face

Сонымен қатар әрбір әріпті дұрыс қатесіз түзу, жазу да осы бастауыштан басталады. Ол үшін арнайы дәптерге немесе әр әріпті тақтаға жаздырған дұрыс. Дыбыстарды толық меңгерген оқушы сөздерді дұрыс оқи алады. Оны дұрыс оқыту, оның қатесін дұрыстау - әр мұғалімнің міндеті.

Оқушылардың фонетиканы және грамматиканы толық түсініп әрі қарай жалғастырып оқып қызығуы үшін, оларға өтілген әрбір жаңа сабақ ойын сабағы болып өткен жөн. Оқушылар ағылшын тілі пәнін ойын сабағы ретінде (Бастауыш сыныптарда) тез қабылдайды, мұның өзі мұғалім мен оқушыларды пәнге қызықтырудың қосымша шараларын іздестіруді қажет етеді. Мұндай қызықтыру шараларының қатарына: еңбек процестерін суреттеу, еңбек, білім, ғылым озаттары, табиғат, туған ауыл, қала туралы әңгімелеу.

Сабаққа қойылатын басты дидактикалық міндеттерге төмендегілер жатады:

–         Нақты фактілерді іріктеп алу;

–         Сабақ уақытын дұрыс та тиімді етіп құрау;

–         Оқу материалдарын өмірмен тығыз байланыстыра білу;

–         Сабаққа оқушылардың өз беттерімен ізденулеріне арналған материалдарды қосу;

–         Оқушылар тобымен атқаратын жұмыстарды жеке тапсырмалармен ұштастыру;

–         Көрнекі және дидактикалық құралдарды қолдану.

–         Материалдарды үнемі жүйелеп отыру.

Мектепте шетел тілін оқытудың негізгі мақсаты оқушыларды шет ел тілінде сөйлеуге үйрету.  Шет ел тілін үйретудің бастапқы кезеңінде әр сабақ өз мәнінде көрнекі құрал қолдану арқылы тартымды өтілсе, білім мазмұнының сапасы артпақ. Бұл кезеңде оқушылардың сабаққа қызығуын жойып алсақ 6-7 сыныптарда олардың тілді әрі қарай меңгеруі қиынға түседі.

5 сыныптарда оқушылар бірыңғай көп жазудан, оқудан жалығады. Сондықтан сабақ арасында ойын элементтері сабаққа қызығуын, белсенділігін арттыруға, ойлау қабілетін дамытуға, жаңа сабақты пысықтау кезеңін сапалы өткізуге, материалды толық меңгеруге көмектеседі. Осы орайда өз сабақтарымда қолданып жүрген ойын түрлері мен элементтеріне тоқталмақпын. 5 сыныпта тілді үйретуде көзделетін негізгі міндет ағылшын тілінің 26 әріпін толық меңгеру. Осы алғашқы алфавитті үйрену кезеңінде мына ойынды қолдану тиімді.

Who кnows  ABC  best?

Оқытушы алдын-ала дайындаған әліпбидің әріптерін жеке-жеке кесіп араластырып қояды. Екі топтан бір-бір оқушыдан шығып әріптерді қателескенше кезекпен айту керек. Қанша әріп дұрыс айтылса немесе оқылса топ сонша ұпай жинайды.

Дыбыстарды қайталау барысында оқушыларға мына ойынды қолдану тиімді.

Who кnows the symbols for the sounds best?

Оқытушы ағылшын дыбыстарын айтады, ал оқушылар сәйкес келетін транскрипциялық белгісін көрсету керек. Ойынның ережесін керісінше де өзгертуге болады.

Оқу ережесіне байланысты оқушылардың дұрыс оқуына ықпал ететін мына ойынды қолданамын.

Do you кnow the rules of reading?

Оқушыларға берілген сөйлем ішінен бір әріп әр түрлі оқылатындығын айтып, сол сөздерді табу қажет. Мысалы:  а - әрпі: plane, flat, large.

Сөздердің жылдам және дұрыс табылу түрін қолданамыз.

What have you and what has your friend?

Оқушылар қатармен топқа бөлінеді. Әр оқушының алдына түрлі ойыншықтар қойылады. Оқытушы бір оқушыға сұрақ қояды:

“What have you on your desk?”

ал оқушы алдындағы ойыншықтарды көрсетіп атау керек.

Мысалы:   I have a toy – car

I have a pencil – box.

Кейін оқытушы сол топтың оқушысына:

“What has Marat on his desk?” – деген сұрақ қояды.

Оқушы жауап беру керек. Оқытушы осындай сұрақтарды келесі топқа қояды. Оқушылардың қаншалықты грамматиканы түсінгенін білу үшін ойын әрі қарай жалғасады.

Оқушының сөздерді білуі мен дұрыс айтуына да байланысты сөйлеу қабілетін дамытуға арналған ойындар бар. Олар оқушылардың ағылшын тілінде еркін сөйлеуіне көмек береді.

Comment on what you hear.

Оқытушы тақтаға бір оқушыны шақырып, қалаған тақырыбына бірнеше сөйлем құрастыруын сұрайды, ал қалған оқушылар сол сөйлемдерге түсініктеме жасайды. Мысалы:  My name is Abai Alibekov. I am 14. I go to school. Оқытушы әр топтан бір-бір оқушыдан шақырады.

Бірінші оқушы:    His name is Abai  Alibekov.

Екінші оқушы:      He is 14.

Үшінші оқушы:     He goes  to school.

Бұл ойын оқушылардың топпен жұмыс істеуіне және олардың еркін сөйлеуіне көмегі көп. Оқушылардың ағылшын тілі сабағына қызығушылығын арттыру үшін әрбір сабақ өз дәрежесінде өтуін және оның ойын түрінде (Бастауыш сыныптарда) тартымды да қызықты өткізілуін әрбір пән мұғалімі мұқият дайындықпен өткізуі керек.

Пайдаланылған әдебиеттер.



  1. Абсатова М. А. «Қазіргі педагогикалық технологиялар» - Алматы, 2006ж.

  2. Мектептегі шет тілі.

  3. Верещагина И.Н.,Рогова Г.В. «Методика обучения английскому языку на начальном этапе в общеобразовательных учрежденях.»

  4. English. Play and Learn.№7\2006

  5. «Білім туралы» Заңы.Алматы.  2007ж.

6. Иманғалиева А. «Дарынды дамыту – ұстаз парызы».

7. Пассов Е.И. «Технология коммуникативного обучения иноязычной культуре».
Каталог: uploads -> doc -> 1386
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1386 -> Сабақтың тақырыбы: Өмірбаян және түйіндеме. Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет