Ағылшын тілі сабағында студеттерге эстетикалық тәрбие беруде Абай шығармалырын пайдалану



Дата15.09.2017
өлшемі57,65 Kb.

Ағылшын тілі сабағында студеттерге эстетикалық

тәрбие беруде Абай шығармалырын пайдалану.

Кансеитова У.Р.

Қазақ мемлекеттік қыздар

Педагогикалық университеті

Шетел тілдері кафедрасы, п.ғ.к.,

Қазақстан, Алматы

ulsha53@mail.ru

Түйін сөздер: жұмбақ, сөз өнері, эстетикалық тәрбие , шығармалар, тиімді пайдалану.

Қазіргі кезде болашақ мамандарды даярлау кәсіби бейімделуін қалыптастыру, білім және тәрбие беру оларды жан-жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, жетілдіруге және кәсіби шыңдауға бағытталған ролі атап көрсетілген. Демек білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылыктар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру, дамыту және кәсіби шыңдау бағытында білім беру үшін жағдайлар жасау.

Олай болса шетел тілінен педагог-мамандар даярлау да сапалы, жүйелі, жоспарлы болуы керек. Шетел тілінен мамандардың кәсіби-педагогикалық білімін жетілдіру үшін оқыту мен тәрбиелеу үрдерісінің жаңа технологияларын менгерген мамандар қажет. Ал жаңаша жұмыс жүргізу үшін мұғалім жан-жақты, білімді, педагогика мен психология ғылымын жетік игерген және сабақ құрудың және өткізудің дидактикалық ыңғайын тауып, жаңарған техника мен тиімді технологияны пайдалана білу керек. Шетел тілі пәніне қызығуды арттырудың әр турлі әдіс тәсілдері көп. Солардың қатарында дәстүрден тыс әдіс-тәсілдердің өзіндік орны бар. Мұндай оқытудың түрі студенттердің шығармашылық ойын тереңдетіп, білім мен ой-өрісін дамытуға, іс-әрекет дағдысын қалыптастыруға өзіндік әсерін тигізеді. Бүгінгі таңда студенттер алатын ақпарат жан-жақты дамып келеді. Ұстаз-студенттің ішкі жан дүниесіне әсер ететін негізгі тәрбиелеуші күш, сондықтан оның кәсіби шеберлігі, яғни тілді үйретуді тәрбиемен ұштастыру іскерлігі дамып отыруы қажет. Олай болса, ата-бабаларымыздың әдеби, мәдени бай қазынасын студенттердің санасына сіңіріп, тәрбиелеу оқытушының міндеті.

Ұлы ойшыл Әл-Фараби “Әлеуметтік этикалық трактатында” былай дейді; “Тәрбиелеу дегеніміз –халықтың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту”. Демек, тәрбие тамыры тереңнен алынатын тарихи үрдеріс болғандықтан, болашақ мамандарға, әсіресе шетел тілінен дәріс беретін мамандарды дайындау жүйесінде этикалық, эстетикалық ізгіліктерді орнықтыру әр сабақтың басты міндеттеріне айналуы тиіс. Студент жастарға эстетикалық тәрбие беру мәселелерін шешудің ұрымтал жолдарының бірі оқу үрдісі мен сабақтан тыс жұмыстарда ақын, жазушылардың шығармаларындағы эстетикалық ой-пікірлерді тиімді пайдалану. Осы орайда ғұлама ақын философ, ағартушы Абай(Ибраһим) Құнанбаев мұрасындағы эстетикалық ой-пікірлерді студент жастарға эстетикалық тәрбие беру мақсатында қолдандық. Эстетикалық тәрбие болашақ жас мамандардың эстетикалық санасын, сезімін, эстетикалық мінез-құлқын, іс-әрекетін дамытады. Шетел тілін меңгеру сабағында студенттер басқа бір тілде оқу, жазу, сөйлеу, күнделікті тұрмыстағы қарапайым сөздермен бірге көркем сөз өнерін де меңгеруге дағдыланады. Көркем әдебиет туындыларын, оның ішінде өлең сөздің мазмұнын талдау арқылы олардың көркемдік-ақылақтық идеяларын меңгертеді, жекелеген сөздерді, сөйлемдерді қолдануға үйрену барысындағы сөздің астарын “сөздің ішін”(Абай) мәнін дұрыс пайымдауға дағдыланады. Бұл студенттердің қиалдауын, ойлауы мен сезімін, сөйлеу мәдениетін дамытады. Абай Құнанбаев мұрасын оқу-тәрбие үрдерісінде ендірудің тарихын зерттеген профессор I.Р.Халитова сабақта ақын шығармаларын меңгеруге студенттердің қызығуын ояту үшін жұмбақтар құрастырған. Сабақта сол жұмбақтарды қолдануға болады.

Бұл жұмысты орындаудағы басты талап жұмбақтың жауабы табылған соң сол шумақты не өлең үзіндісін үнемі қазақша және ағылшынша жатқа айту. Себебі мұнда студенттер ақын өлеңін жаттайды, эстетикалық маңызын талдайды, түсіндіреді, ал бұл оны ағылшынша дұрыс аударуға мүмкіндік береді. Бұл үшін студенттер ағылшын сөздерінің мәнін дұрыс пайымдауы керек сөйтіп аударманы дұрыс орындауға мүмкіндік береді. Сонымен, жұмыс барысы мынадай болады: алдымен ойын шарттары белгіленеді: студенттер бірнеше топтарға бөлінеді, қай топ жұмбақты бұрын шешсе соған ең жоғары балл беріледі; бір жұмбақты шешу үшін 3 - 5 минут уақыт белгіленеді, жұмыс нәтижесі баллмен бағаланады. Мұнда балл шектеусіз, тек қай топ баллды көп жинаса сол жеңіп шыққан болып саналады. Ойынның барысы:

а) жұмбақтың қазақ тіліндегі нұсқасы беріледі;

ә) жұмбақ ағылшын тіліне аударылады;

б) оның шешімін ақын шығармаларынан іздеп табады;

в) табылған шешімін ағылшынша аударады;

г) шамалары келгенше суретін салады;

д) оны түсіндіреді;

ж) жұмбақтың шешіміне байланысты шумақты жаттайды.

Бірінші жұмбақ: “екі тағы адам үшін қырық пышақ”. Бұл ақынның қай шығармасындағы көрініс? Ағылшынша аудармасы “ Two animals are fighting for man”. Егер студенттер жауабын таба алмай қалса онда мынадай көмек көрсетіледі: “арасында бір қаса сұлу бар”. Ағылшынша аудармасы

“ there is a pretty girl between them ”.

Жұмбақтың жауабы: бұл ақын Абайдың “Қансонарда бүркітші шығады аңға” (The first snow falls. The blood spot calls, then hunters mount and ride) өлеңіндегі:

Жарқ-жұрқ етіп екеуі айқасады,

Жеке батыр шыққандай қан майданға.

Біреуі - көк, біреуі - жер тағысы,

Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға.

Жұмбақтан жұмбақ тауады:

- Бұл екеуі қайсылар?

- Бұлар бүркіт пен түлкі.

- Қаса сұлу-сөзінің қандай маңызы бар?

- Ақын осы екі тағының аппақ қар үстіндегі айқасын:

Қар – аппақ, бүркіт – қара, түлкі – қызыл,

Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға.

Жұмбақ шешіліп болған соң – “тағы”, “адам үшін”, “қаса сұлу” – сөздерінің қазақша баламасы іздестіріліп, одан соң ағылшынша аударылды.

Осы жердегі адамның сезіміне әсер етіп тұрған не? Сұрағына жауап беруде студенттер бір ауыздан ақынның «қар – аппақ, бүркіт –қара, түлкі – қызыл, ұқасайды қаса сұлу шомылғанға (snow – white; eagle – black; fox – red, like a swimming beauty)» деген салыстырмалау сөзі - дегенді айтты.

Екінші жұмбақ: бір малдан қой – мойын, бөкен – қабақ, қоян – жақ, бота – тірсек, теке – мұрын, бүркіт – төс даулапты. Ол қай мал?

- Шапқан атқа жеткізбес жылқының сипаты, оны жүйрік ат дейді.

- Абайдың қай өлеңінен кездестіреміз?

- “Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ”

Енді осы өлеңді жылдам оқып шығып келтірілген сөздері бар

шумақты көшіріп жазып, оны ағылшынша мәтіннен іздеп тауып дәптерге көшіріп, қазақша және ағылшын тіліндегі аудармасын салыстырып керекті сөздерге балама іздестіреміз.

- Мынадай ағылшынша балма табылды, олар “they wanted to take from one domestic animal the following things: sheep – neck; deer – eyebrow; rabbit – cheek; young of camel – knees; goat – nose; eagle – chest ”. Енді осы шумақтар мен тармақтарды жатқа айту. Ағылшын тілі сабағының басты ерекшелігі сөздерді жаттау арқылы есте сақтау, мағынасын дұрыс түсіну және дұрыс қолдануға дағдылану, сөздерді дұрыс айтып үйрену. Оқу үрдерісінде белсенді әдістер қолдану студенттердің іс-әрекет белсенділігі мен қоса ойлау белсенділігін арттыруды да көздейді.
Әдебиеттер:

1. А.И.Буров. Эстетическая сущность искусства. М., 1956, 137с.

2. Н.Г.Богатырева.Художественные методы фольклора... В кн.

Художественный метод и творческая индивидуальность писателя. М., 1964.

3. Б.Лихачев. Педагогика. М., 1999, 506 с.


  1. Халитова І.Р. Абай Құнанбаев мұрасын оқу процесіне ендіру мәселелері. – Алматы: ҚазМемҚызПИ, 2005. – 154 б.

Резюме
В статье рассматриваются пути эстетического воспитания студентов через стихотворения Абая о природе на уроке английского языка.


Summary
The article deals with the ways of aesthetic teaching of students using Abay’s poems about nature at the English lesson.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет