Ағылшын тілі сабақтарында оқушыларды сыни ойлауға үйрету. Куангалиева Муслима Есенбулатовна



Дата28.09.2019
өлшемі396,98 Kb.
Ағылшын тілі сабақтарында оқушыларды сыни ойлауға үйрету.

Куангалиева Муслима Есенбулатовна

I- санатты, III - деңгей бойынша сертификатталған ағылшын

тілі пәнінің мұғалімі.

БҚО, Жәнібек ауданы, ЖББ Х.Халиуллин атындағы орта мектебі

«Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз».



Н.Ә.Назарбаев

Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енгізілуде. Жаңа технологияларды меңгерту мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік,азаматтық, рухани және басқа да көптеген адами келбетінің дамуына әсерін тигізеді. Егер оқу процесінде оқушының жас ерекшеліктеріне қарай даму кезеңдері ескерілсе, жасөспірім кезеңіне ерекше назар аударылатын болса,онда мұндай жаңаша білім беру дағдылары оның белсенділігі мен жаңалыққа қызығушылығына қарай білім алу дағдысын қалыптастыру үшін жағымды мүмкіндіктер жасайды. Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік- экономикалық жаңарту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. 2012- 2016 оқу жылы функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша іс- әрекеттердің ұлттық жоспарын бекіту туралы қаулысымен бекітілді.

Ұлттық жоспардың мақсаты: Қазақстан республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау.

Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп,тәжірибеде жақсы нәтижелер беруде. Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақта пайдалану үшін әр мұғалім алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсатына, мүддесіне сай, өз шеберлігіне орай таңдап алады. Жаңа технологиялар - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін,терең ойлай білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын пайымдауын,баға беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған. Осыған орай қазіргі уақытта педагогикалық технологиялар көптеп саналады. Осындай жаңа жобаның бірі Сыни тұрғыдан ойлау - бақылаудың,тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға,баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық іс-әрекеттерге және басқаларды сыни ойлауға баулуды білдіреді.

Негізгі деңгейде сыни тұрғыдан ойлау үдерісі:

релеванттық ақпараттарды жинауды;

дәлелдерді сыни тұрғыдан талдау мен бағалауды;

кепілдендірілген шешімдер жинақталған қорытындылар;

ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды

қайта қарауды қамтиды.


Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінен табуды қажет ететін негізгі ерекшеліктер:

Ұтқырлық: ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу; үзілді-кесілді жауап іздеудің орнына сұрақтар қою, дәлелдерді талап етіп,кез келген дәлелді есепке алып отыру; эмоцияға емес,себепке негізделу.

Сынаржақтылықтың болмауы; барлық қорытындыларды бағалау; болжамды көзқарастар мен мүмкіндіктердің барлығын қарастыру; баламалы интерпретацияларға ашық болуға ұмтылу.

Пайым: дәлелдердің деңгейі мен маңызын мойындау; баламалы жорамалдар мен мүмкіндіктердің орынды екенін немесе артықшылығын мойындау.

Тәртіп: тиянақты және нақты да ,жан-жақты болу.( Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 39-бет)

Оқушыларды сыни ойлауға үйрету оқушылардың сыни және шығармашылықты ойлауын дамытуға,сыныпта еркін ахуал орнатуға, мұғалім тек ақпарат көзі болуды тоқтатып, оқушыларға сұрақ қоя білуге бағытталған пікірлесуге қатысуға мүмкіндік беруші тәсіл. Оқушы жаңа ұғымдарды,түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпараттармен толықтырады,кеңейте түседі. Қазіргі заман талабына сай оқушыда өзіндік көзқарасы,сенімі,ішкі уәжі қалыптасуы керек. Сондықтан да сабақты жоспарлаған кезде оқушылардың сыни ойлауын тудыратын сұрақтар немесе деңгейлік,кеңейтілген тапсырмалар болуын қадағалаймын. Мен өз мектебімде жұмыс жасай жүріп, 2011 жылы «Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» бағдарламасының курсына қатыстым. Осы курсқа қатысып, алған білімімді өзім сабақ беретін сыныптарымда қолдануға тырыстым. Ал 2013 жылдың наурыз-мамыр айлары аралығында өз біліктілігімді көтеру мақсатында

Орал қаласы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы

АҚ филиалында үшінші деңгейлі курстан өттім. Осы курс бағдарламасына

сай, «Сыни ойлауға үйрету» модулін оқып,үйреніп өзімнің «СТО » жобасын қолданудағы білімімді жетілдірім. Осы курста үйренген жаңа әдіс-тәсілдерімді өз тәжірибеме енгізе отырып,сабақта дұрыс әдіс-тәсіл қолдану - нәтиже бесігі екеніне көзім жетті. Сындарлы оқыту теориясындағы жетістікке жетелейтін жеті модульдің бірі «сыни ойлауға үйрету» басқа модульдермен тығыз байланысты. Оқушылар сабақта қалай оқу керектігін үйренеді, яғни метатаным пайда болады, өздері ой қорытады, нәтижеге жетуге ұмтылады.Оқушы өз бетімен білім алуға, ізденуге, терең ойлауға үйренеді. Менің әрбір сабағым диалогтан тұрады. Себебі ағылшын тілі сабағы болғандықтан оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытуға көп мән беремін. Оқушылар өз ойларын ашық айтып, пікірталас туғызады. Жаңа сабақты өз беттерімен меңгере алады, төмен деңгейлі оқушылардың өздері де тым болмағанда постермен жұмыс барысында, сызба сызуда көмектескен кездері болды. Оқушылар диалог әдісін қолдану арқылы білімді бірлесіп құру, талқылау, түсіну арқылы білімдерін жетілдіреді.

Сабақ барысында оқушыларға көптеген сұрақтар қоюға болады. Сұрақ арқылы оқушы мен мұғалім арасында жақсы қарым-қатынас орнайды. Осы арқылы оқушы:

-еркін ойлауға мүмкіндік алады

-ақыл-ойын дамытады

-шығармашылық белсенділігі артады

-ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді

-тіл байлығы жетіледі

-жан-жақты ізденеді

-өз ойын ашық жеткізеді

Мысалы 6-сыныпта өткен «What do you know about the history of the USA»? тақырыбындағы сабағымда сыни ойлаудың «түртіп алу» стратегиясын қолдандым. Оқушылар өздерінің бұрынғы білімдерін жаңа ақпаратпен толықтырды.



V-I know

-I don’t know

+-Its new for me

?-It surprised

America is a big independent country.

There are fifty states in the USA.



The history of Thanksgiving day.

The history wild west and jeans

Why do people wear jeans all over the world now?

Сонымен қатар сабақтарымның ой толғаныс немесе қорытынды кезеңдерінде «эссе» немесе «бес жолды өлең» қолданамын. 1.America

2.Independent friendly developed

3.To fight to discover

4.America is a big country

5.The USA

Менің әрбір сабағым сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не білетінін анықтаудан басталады. Мыс: 6-сыныпта, «Food and drink» тақырыбын өткен кезде оқулықта берілген «Артық сөзді тап» тапсырмасында оқушылар көп сөздер ішінен тақырыпқа сай емес сөзді тауып, дөңгелектеу керек. Берілген тапсырманы оқушылар өз деңгейінде орындап шықты,осы сөздерді пайдалана отырып сөйлеу дағдыларын дамытты.



Менің ойымша әрбір мұғалім сабақтан кейін сабақта қолданған стратегия немесе әдіс-тәсілдері оқушылардың белсенді жұмыс жасауына, сабақты меңгеруіне қаншалықты көмектескендігіне ой толғау жасап отыруы тиіс. Егер сабақта кеткен қандай да бір кемшіліктер болса, ойтолғау арқылы сол кемшілікті келесі сабақтарда жібермеуге тырысады. Сабақтан кейін немесе сабақ соңында оқушылармен кері байланыс орнатып отыруға тиіс.

Қорытындылай келгенде сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз - алған білімге сын көзбен қарау, іздену, оның ақиқатын дәлелдеу, яғни білімді саналы түрде алу. Бұл технологияның тиімділігі – оқушының құзіреттілігін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар:

1.Жеке тұлғаның дамуына бағытталады.

2.Мұғалім мен оқушы арасында ізгілікті

қарым –қатынас орнайды.

3.Оқушының өздігінен білім алуына жағдай жасалады.

4.Алған білімге сын көзбен қарап,сапалы түрде білім алады.

5.Оқушы ойын ашық айтуға, пікір айтуға үйренеді.

6.Бірін - бірі сыйлауға баулиды.

7.Оқушының шығармашылық белсенділігі артады.



Пайдаланылған әдебиеттер:
1. ҚР білім беруді дамыту 2015 тұжырымдамасы.

2.Білім беру бағдарламасы 2010 ж

3Амандықова.Г.Мұхтарова.Ш.Е. Шет тілін оқыту әдістемесі-Астана 2010ж, 260 - бет.

4.Мұғалімге арналған нұсқаулық 39-бет

5.Мектептегі шет тілі №4 2011ж,28-бет

6.Малахова.Е. «Басты мәселелер»,2008ж,150-бет



7.Аяпова.Т. «Ағылшын тілі» 6-сынып,Атамұра 2006 ж, 269 -бет

Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет