Ағылшынша



бет1/7
Дата09.06.2020
өлшемі22,86 Kb.
#72789
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
дебат през
Бағалаудың өлшемді технологиялары тест 400 жана

Дебат – зияткерлік ойын, белгілі бір ереже бойынша жүретін талқылаудың ерекше формасы болып табылады. Дебат дегеніміз екі (кей форматтарда төрт немесе жеке спикерлер) топтың қазылар алқасы мүшесін (төрешіні) өзінің ақтығы мен риторика тәжірибесіне сендіру үшін ұсынылған тезис бойынша дәлелдемелері мен қарсылықтарын ұсынуы.

Дебат (ағылшынша debate, debating) – үшінші тарапты (көрермендерді, төрешіні) сендіру мақсатымен екі тараптың белгілі бір көзқарас тұрғысын ұсыну арқылы жүзеге асатын пікірталас жүргізудің ресми әдісі.

Бұл терминнің Европа тілдеріндегі алғаш қолданылуы XIII ғасырға тұспа-тұс келеді. Көне француз тілінде «debatre»сөзі «күресу» және «соғып түсіру» деген мағынаны білдірген (de - «төменге» + batre «соғу»). Өз кезегінде, бұл сөздің келіп шығуының бір тармағын латын етістігінде көруге болады «desbattere», латынның «dis» («бөліктерге», «әр түрлі тараптарға») + «battuere» («соғу», «қорғану»). XIV ғасырдың басында «дебат» сөзі «пікірталас», «келіспеу» деген мағыналарды білдіре бастады, XIV ғасыр аяғына келіп «жақсы және жаман тараптарын талқылау», ал XV ғасыр басында «ресми пікірталас немесе, сендіру бойынша сайыс» дейтін өзінің заманауи мағынасына ие болды.

Дебат өз бастауын Көне Грециядан алады, онда ол демократияның маңызды бір бөлігі болып табылған. Афиныда азаматтар ұсынылып отырған заңдардың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы сөз таластырған; оқушылар мәселені жақсырақ түсіну үшін жан-жақты көзқарас тұрғысынан талдай отырып, сөз таластыруды үйренген.

Орта ғасырларда Еуропада диспуттар, ораторлық шеберлік және пікірталас курстары кеңінен тараған. Бұл дәстүр кейінірек Кеңес одағының білім беру жүйесінде өз жалғасын табады.

Дебатқа деген қызығушылықтың жаңа толқынына АҚШ-тағы 1960 жылғы президент сайлауындағы Джон Кеннеди мен Ричард Никсон арасындағы теледидарлық алғашқы дебат себеп болады.



Заманауи қоғамда пікірталастар парламент пен телеэкрандарда, ЖОО мен мектептерде, кейбір кездерде күнделікті өмірде де өтіп жатады. Аталған жағдайда дебат ретінде сөзталастыру (мәселені бірнеше көзқарас тұрғысынан талқылау) қабылданады. Мұндай пікірталастардың әдетте ресми сипаты жоқ және ешқандай ереже сақталмайды. Ол кемшілікті белгілі бір ережелері, регламенттері бар «ресми» дебат жоя алады.

Бұл тұрғыда дебат екі (кей форматтарда төрт) қарама-қарсы, бәсекелес команда (топ, немесе жеке спикер) қатысушы өкілдерінің алдын ала белгіленген сөз сөйлеулеріне негізделген ресми талқылау болып табылады. Дебатқа мұндай анықтаманы оны дискуссияның жинақталған түрі болып табылатын талқылаудың бір түрі қарастыра отырып, М.В.Кларин береді.

Қазіргі уақытта дебат бүкіл әлем бойынша мектептерде кеңінен тараған: Батыс және Шығыс Еуропада, АҚШ, Жапония, Оңтүстік-Шығыс Азияда. Сонымен қатар «дебат» Халықаралық білім беру ассоциациясы құрылған. Және көптеген адамдар үшін «дебат» сөзі «Ашық қоғам» Институты «дебат» халықаралық бағдарламасы құрылған 1990-жылдардың басында ерекше кеңінен таралған қызықты және танымдық зияткерлік ойынмен байланысты болған. «Дебат» бағдарламасының құндылығы көшбасшылық қабілеттерді қалыптастыруда оның қайталанбас педагогикалық технологиясы бола отырып, жалпы орта және кейін жоғары кәсіби білім беру жүйесінің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырудың құралы болып табылуында.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет