Ақиқаттың адамы /Бердібек Соқпақбаевтың 90-жылдығына библиографиялық шолу



бет4/4
Дата06.11.2016
өлшемі218,84 Kb.
#1123
1   2   3   4

Бектас өзінен де бұрын шешесінен алты айлығында қалып қойған інісі Тұрдыбектің тағдырын көбірек ойлады. Жанына көбірек бататын да соның халі. Бектас Тұрдыбектің мұндай халіне ешбір жәрдем ете алмай, шарасыздықтан қатты қайғыруда жүреді: Тұрдыбектің хал-күйі сондай аянышты. Төрт жастан асып қалса да, аяғы шықпаған. Күтімсіздіктен салмешел болып қалған. Бектас осындай ауыртпалықтарды бастан кешіре жүріп, жетінші класты мақтау грамотасымен бітіреді. Бектас образының балаларға қандайлық әсер етіп, қалай толғанататыны міне осындай. Повестің тілі жеңіл, оқиғасы тартымды. Әсіресе балалардың бірін-бірі ұнатулары сондай қызық, әсерлі суреттеледі. Балалардың осындай типтік образдарын жасап беруі арқылы Бердібек творчествосының жаңашылдығы, көркемдік шеберлігі, прогресшіл, идеялық-эстетикалық мәні, халықтығы мен ұлттық ерекшелігі айқын ашылып, әсерлі көрінеді.

Жазушының күрделі де көлемді туындысы «Өлгендер қайтып келмейді» романы. Өзін жазатын жазушы бұл шығармасына да өзінің өмірін арқау еткен.  Бір айта кететін жайт, 1974 жылы «Өлгендер қайтып келмейді» романы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ұсынылады. Бірақ, сол кездегі бармақ басты, көз қыстымен тағы да шетқақпай қала береді.  Бердібек Соқпақбаев қайтыс болардан аз уақыт бұрын бір топ қаламгерлер «Халық жазушысы» деген атаққа ұсынылған екен... Неге екені, кейін сол атақ алғандардың ішінде Соқпақбаевтың есімі болмай шығады...

Иә, егемен елі барда Бердібек Соқпақбаев та бар, әсте ұмытылмақ емес. Өйткені, ол туған халқының тағдырын жырлап, оның жүрегіне әлдеқашан жол тапқан жазушы.

Ергежейлілер еліне саяхат» ертегі-хикаясында шындық пен әділет салтанат құрған, өмір-тіршілік мүлде басқа. Парақорлық пен ұрлық-қарлық атымен жойылған. Халық ешнәрсеге мұқтаж емес. Балалар мен қарттарға жасалған қамқорлықта шек жоқ. Тіпті ергежейлілер елінде әскер мен қару-жарақ та жоқ. Барлық мемлекеттермен тең құқықта қарым-қатынас жасап, өзінің салт-дәстүрін қатаң сақтайтын бейбітшілік сүйгіш ел туралы ертегі-хикая осылайша шалқар ойға шақырады. «Бердібек Соқпақбаевтың кірпияз мінезі   жазушының жан-дүниесінің тазалығын білдіреді. Өте қарапайымдылығымен өзін биік ұстайтын жазушылардың байқамайтындығын байқап, соның соны желісінен жанына нәр тапқан жазушы. Оның бізден ерекшелігі де сол. Сендердің  топырақтарыңда  туып, елдің мерейін үстем ететін үлкен классик жазушы болуының сыры да сонда»,- дейді  Таһауи Ахтанов.

Бердібек Соқпақбаев – шынайы адам, шыншыл жазушы еді. Өтірікке өлердей қас болатын. Өнерді өтірікпен әсемдеуден қорқатын. Қатарлас замандастарының өтірік жазғанын жазып жүргенін білсе, сыйламай қоятын. Ол қоғам шындығын бар ауыртпалық, қиындығымен көрсетем деп өзі де көп қиындық көрген қаламгер. Шыншыл шығарма –өміршең. Бердібек Соқпақбаев шығармалары кеше шындық болып шырылдап сөйлесе, бүгін өмірдің өзі болып оқырманды баурайды. Оның шығармалары қызық оқылып, бүгін жазылғандай әсер етеді.




Еңбектердің әліпбилік көрсеткіші.


  • Соқпақбаев Б. Менің атым Қожа.- Алматы: Жазушы, 2011.- 208 бет.

  • Соқпақбаев Б. Балалық шаққа саяхат: хикаяттар.(Қазақ прозасы қазынасынан).- Алматы: Раритет, 2005.- 320 бет.

  • Соқпақбаев Б. Өлгендер қайтып келмейді: роман.- Алматы: Ан арыс, 2010.-368 бет.

  • Соқпақбаев Б. Аяжан. Повесть.-Алматы: Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет, 1963.-50 бет.

  • Соқпақбаев Б. Қайдасың Гаухар?.- Алматы: Жазушы, 1953.- 128 бет.



Өмірі мен шығармашылығы жайындағы әдебиеттер.


  • Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті.- Алматы: Мектеп, 1976.- 200 бет.

  • Әкімханов М. Шыншыл шығармашылық иесі. Жазушы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына – 90 жыл //Айқын апта.- 2014.- 17 шілде.

  • Әкімжанов М. Қадырғалы қаламгер еді: Бердібек Соқпақбаев туралы //Мұқағали.-№7.- б.26.

  • Бектас Г. Ол енді қайтып келмейді... жазушы Бердібек Соқпақбаев туралы. //Айқын.- 2014.- 9 қыркүйек.

  • Бердібек Соқпақбаев туралы естеліктер/ Құраст. С. Соқпақбаева.- Алматы: Білім, 2005.- 208 бет.

  • Жүсіп Қ. Классик: Бердібек Соқпақбаев //Егемен Қазақстан.- 2014.-11 қантар.

  • Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық..-Алматы: Аруна, 2005.- 478 бет.

  • Қожабекұлы Б. Бәйгеден келген көкдөнен: Бедібек Соқпақбаев //Жалын.- 2009.-№3.- б.35-37.

  • Мұратбеков С. Шындықты ғана жазған. Б. Соқпақбаев шығармашылығы. //Жалын.-2009.- №3.- б.38-42.

  • Мәмет С. Ақиқаттың адамы: жазушы Б. Соқпақбаев. //Егемен Қазақстан.- 2014.- 1 тамыз.

  • Мыңнан біреу: Бердібек Соқпақбаев туралы.//Қазақ әдебиеті.- 2014.- 10 қазан.

  • Нүсіп А. Бердібек сөйлеп тұрғанда...//Қазақ әдебиеті.- 2014.-10 қазан.

  • Оспан Б. Есімнен кетпес бір кездесу: жазушы Бедібек Соқпақбаев туралы. //Түркістан.- 2009.-13 шілде.

Құрастырушы: Қазиқанова А.Қ.



ақпараттық-библиографиялық бөлім
Каталог: files -> user
user -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
user -> Әлия-саптан ұмтылып, Жүгіріп шықты аптығып, Құшақтап алған мылтығын, Кіршігін қақпай қалт тұрып. Сағи Жиенбаев
user -> 85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі
user -> Пайдаланған әдебиеттер
user -> Ақын, жазушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына библиографиялық шолу
user -> Қазақстан тарихы
user -> Дулат Қожахметов Жырдың жез қанатты ақынын еске алуға арналды Облыс орталыгында Кэкімбек
user -> «елінің ерке серісі» (Ақан сері Қорамсаұлы)
user -> Қазақстан тарихы
user -> КӨгілдір экран – терең тамырлы өнер (Ж. ТӨлендинов – 85 жыл)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет