Ақынның ойы: Сенің зарың зарлайтыным өмірде



Дата29.01.2018
өлшемі134,39 Kb.
#36202
Ақынның ойы:

Сенің зарың - зарлайтыным өмірде
Сенің арың - арлайтыным өмірде,
Сен не көрсең, мен де соны көремін,
Белді буғам ауырға да, жеңілге.
Сен жыласаң - көзден жасым тамшылар,
Сен қуансаң - қайғы - шерім ашылар.
Айт өлеңді ен даланы жаңғыртып,
Қойшы - қолаң, кеше жүрген малшылар.
Мұғалім сөзі:
Бейімбет – қазақ әдебиетіндегі әңгіме жанрының шебері. «Жырлағаным - кедейдің жыры» деп өзі айтқандай, Б. Майлин шығармашылығы - өзі өмір сүрген уақытпен, сол уақыттағы қалың көпшілікпен біртұтас. Сонау 30 жылдары жазылған әңгімелері күні бүгінге дейін кез - келген қазақтың аузынан түспейтін көркем шығармасына айналды.
Сөз зергері қай шығармаларын болса да өмірден алып, қоғамдық жағдайды, мезгіл ажарын дәл бейнелеп отырған.
- Үйден сендерге «Түйебай» әңгімесін оқып, әр топқа зерттеу жұмыстарын жүргізіп келу тапсырылған.

Аялдама

1-аялдама. Қоржынтомар жайлауының табиғаты

2-аялдама. Қарақоға көлі

3-аялдама. Балалардың молдадан оқуы

4-аялдама. Түйебайдың жиі жазалануы

5-аялдама. Түйебайдың оқуды тастауы.



Автормен сұхбат

Сұрақтар:

-Осы тақырыпты не себепті таңдадыңыз?

-Түйебайдың іс-әрекетін қолдайсыз ба?

-Әңгіменің соңын қалай аяқтадыңыз?

Пікірталас
І топ. Жақтаушы топ.

Резолюциясы: «Ғылым үйрен , ашылсын көзің жастар»

Аргумент: «Адам болатын бала алысқа қарайды»

ІІ топ. Қарсы топ.

Резолюциясы: «Аңқау елге арамза молда»

Аргумент: «Молда көп, молда деген атын сатқан,

Бас алмай өтірік соққан шариғаттан»

ІІІ топ. Сарапшылар.

«Әділдікпен қиындықты жеңуге болады»



Тұжырым:

1.Әңгімені оқу барысында нені үйрендік?

2. Бүгінгі таңда оқу-білімнің қандай маңызы бар?

3.Не себепті Түйебай өз заманында құқығын қорғай алмады?



4. Егер Түйебай бүгінгі заманда өмір сүргенде қалай болар еді?

5.Молда алдындағы оқу мен қазіргі оқудың қандай айырмашылығы бар?


Қорытынды сұрақтар:
Бейімбет Майлиннің әңгімесі неге «Түйебай» деп аталған?
Түйебайдың молда оқуындағы жағдайы қандай еді?

«Сен бақыттысың ғой» деген сөзді аузымен айтпаса да, көзқарасы еріксіз білдірерлік еді дегенге қандай пікір айтасың?
Әңгіменің бас кейіпкері кім?
Түйебайдың ата - анасының тұрмысы қандай?
«Шоқынып кетсем де, енді молданын алдын көрмеймін» деген қорытындыға неге келді?
Молданын алдынан кеткен Түйебайдың өмірі қалай жалғасты?
Молда неге Түйебайға өшікті?
«Аштан өлсем де, байдың қойын бақпаймын» деп, сол сағатында Түйебай Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин


Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Бейімбет Майлин



Туған күні

15 қараша 1894

Қайтыс болған күні

10 қараша 1939 (44 жас)

Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин (15.11.1894Қостанай облысыТаран ауданы - 10.11.1938) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.

Сауатсыздықты толық жою ұранын алға тартты «Сауаттылығы төмендерге арналған оқу кітабын» (1929); «Күш» - сауаттылығы төмендерге арналған оқулықты (1930); «Жаңаша оқы және жаз» құралын (1931) және Ғабит Мүсіреповпен және А. Ситдықовпен бірге «Сауатсыздарға арналған әліппені» (1935-1936) жазып шығарды.[1]



Мазмұны

  [жасыру] 



  • 1Өмірбаяны

  • 2Шығармалары

  • 3Сілтемелер

  • 4Дереккөздер

Өмірбаяны

  • Туып-өскен жері — қазіргі Қостанай облысының Таран ауданы. Бір жасқа толмай жатып әкесінен, алтыға шығарда шешесінен айрылған. Жетімдік зардабын шегіп, байларға жалданады. Алғаш ауыл молдасынан оқып сауат ашқан.

  • 1911-1915 жылдар аралығында Троицк қаласындағы Уәзифа медресесінде, Қостанайдағы орысша қазақша мектепте, Уфадағы Медресе Ғалияда оқып білім алған.

  • 1916-1919 жылдары мұғалім болады, жазушылықпен шұғылдана бастайды. «Қазақ», «Ауыл» газеттері мен «Айқап», «Садақ» ( Садақ журналы ) журналдарына жазып тұрады.

Бейімбет Майлин «Еңбекшіл қазаққа» «Еңбек туы» болып тұрған кезде-ақ атсалыса бастаған. Алғаш мақалаларымен қатысқан ол әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, хатшысы да болған, редакторлыққа дейін өскен. Бірақ көп істемеген.

  • 1920-1922 жылдары газетті жасауға алғаш шығарушылар алқасы басшылық жасап, кейін жекелеген тұлғалар келе бастаған тұста басылымға Бейімбет Майлин секілді жеті-сегіз адам жетекшілік еткені мәлім. Содан соң, «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде қызмет істеп (1922-1923), Қостанайдағы губерниялық «Ауыл» газетінде шығарды (1925).

  • 1925-1928 жылдары қайтадан «Еңбекші қазақ» газетінде қызмет істеп, Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияциясын (ҚазАПП) ұйымдастыруға қатысты (1928-1932). Мұнан кейінгі 30-шы жылдарында «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, «Ауыл тілі», «Қазақ әдебиеті» басылымдарының бас редакторы болып істейді.[2]

  • 1938 жылы жазықсыз тұтқындалып, қызыл қырғын саяси репрессияның құрбаны болды.

Шығармалары

Бейімбет поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол «Садақ» қолжазба журналында (1913), «Айқап» журналында (1914), «Қазақ» газетінде (1915) жарияланған алғашқы өлеңдеріне ден қояды. Сахара жұртының мұң мұқтажын, арман аңсарын, әсіресе азаттық теңдік тақырыбын тілге тиек етеді. Бейімбеттің поэзиялық шығармаларындағы Мырқымбай типтік кейіпкер деңгейіне көтерілген жиынтық бейне. Мырқымбай бейнесі арқылы Бейімбет сол кездегі қазақ кедейлерінің болмыс бітімін, уақыт, қоғам аясындағы тіршілік тынысын суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алған.

Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан. Оның «Байдың қызы», «Рәзия қызы», «Қашқын келіншек», «Зайкүл», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Хан күйеуі» «Кемпірдің ертегісі», «Бөліс», «Мырқымбай» поэмалары тақырыбының әр алуандығымен, оқиғалық тартымдылығымен, өзіндік тіл стилімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады.

Бейімбет Майлы дарыны оның прозалық шығармаларында айрықша жарқырап көрінген. Әсіресе, қазақ прозасында әңгіме жанры Бейімбет шығармалары арқылы кемелдене түсті. Оның әңгімелері өмір шындығын дөп басып көрсететін реалистік тегеурінімен, көркемдік биік өресімен, тақырыбының әр алуандығымен дараланады. Ол көркем әңгімелері арқылы өзі өмір сүрген заман тынысы мен қоғам өмірін энциклопедиялық кемелдікпен сомдай алған ұлы суреткер.

Бейімбет он беске тарта повесть, бұған қоса «Азамат Азаматович» атты роман жазған қаламгер. Оның «Қызыл жалау», «Қоңсылар» атты романдары аяқталмай қалған. Мұның сыртында ол ірілі ұсақты 25 пьеса, либретто, сценарийлердің авторы.

Бейімбет Майлиннің шығармалары қазақ әдебиетін барлық салада байытқан рухани асыл қазына ретінде халқымен мәңгі бірге жасайтын болады.[3]

Сілтемелер

неге айта алмады?

БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН: БІР АМАНАТЫМ БАР



 

Абай-Ақпарат

  • Бейімбет Майлиннің туғанына 120 жыл



Бейімбет Майлиннің соңғы суреті

...Әлі есімде, 1991-жылдың наурыз айы болатын. Ол кезде Қарағанды облыстық «Замандас» жастар газетінің редакторымын. Қазақ әдебиетінің классик қаламгері Бейімбет Майлиннің туған қызы Рәзия апай өзіміздің Жаңаарқа ауданының орталығы Атасу кентінде тұратынын кездейсоқ жағдайда естідім де, әңгімесін тыңдауға аңсарым ауды.

Көп ұзамай, Рәзия апайды арнайы іздеп барып, көңілде жүрген сауалдарымның барлығына жауап алдым. Осы сапардың нәтижесінде жазылған «Би-ағаның бір баласы» деп аталатын деректі-танымдық көлемді очеркім «Орталық Қазақстан» газетінің сол жылғы сәуір айындағы 5 нөмірінде басылды. Келесі жылы оның ықшамдалған нұсқасы «Жұлдыз» журналында жарияланды.

Осыдан кейін Рәзия апаймен ол кісі дүниеден өткенше байланысымыз үзілген жоқ. Асылдың сынығындай абзал жан өзімнің туған анамдай болып кеттті.

Бірде Рәзия апайдан кезекті бір хат келді. «Қауіпсіздік комитеті мұрағатынан әкемнің түрмеде толтырылған анкетасы мен соңғы рет түскен суреті табылды. Саған солардың көшірмелерін жіберіп отырмын. Бір кәдеңе жаратарсың, айналайын!» деп жазыпты ардақты Рәзия анамыз.   

Бұл мен күтпеген тың деректер еді. Апайдың сол хаты мен анкета көшірмесін негізге ала отырып, «Түрмеде толтырылған анкета» деп аталатын деректі мақала жаздым. Ол «Орталық Қазақстан» газетінде жарияланды.

Сол анкетада «әскери қызметі, атағы» деген сауалға Би-аға «Алашорда әскерінің қатардағы сарбазы» деп жауап беріпті. «Денсаулық жағдайы» деген сауалды жауапсыз қалдырыпты. Сірә, «жақсы» деп жауап қайтаратын жағдайы болмаған, «жаман» деп жазудан да тайсақтаған сияқты.

Жалпы, көз көргендердің естелігіне қарағанда Бейімбет Майлин жаратылысынан үрейге бейім, үркектеу адам болғанға ұқсайды. Тағдырдың салғанына мойынұсынып, НКВД тергеушілерінің өзіне таққан жалалары мен ауыр айыптарын тез мойындай салғандай. Бұған оның түрмеде түсірілген мына соңғы суреті де айғақ болып тұр. Өзінен екі апта бұрын қамалған Сәкен Сейфуллиндей аса көп тепкі көре қоймаған секілді. Сақал-мұрты өскен, көздері аларыңқырап, беті домбығып кетіпті. Көзінің асты қалталанып қалған.

Менің пайымдауымша, Бейімбет бұл суретке НКВД түрмесіне қамалғаннан кейін көп ұзамай түсірілген. Себебі қобыраған қалың шашын бұл кезде әлі сыпырып алмаған.  

Бейімбеттің бір әдеті – жазу жазып отырғанда маңдай шашын бір қолымен бұрап қойып отырады екен. Оның түрмеге қамалғанына екі айдай уақыт өткен соң жары Гүлжамал әрең дегенде бір рет жолығуға рұқсат алады. Сол күні кешке Гүлжамал үйіне жылап кіріпті.

- Бүгін мені әкелеріңе жолықтырды. Шашын тықырлап алып тастапты. Түрі жүдеу. Өзінің өңі кетіп қалыпты. «Бейімбет-ау, шашыңды бұрап отырушы едің. Енді неңді бұрайсың?» деп жыладым,-деп егіліпті ардақты аналары балаларына. Сол кезде 13 жаста болған Рәзия апай осының барлығын жадында сақтап қалған. Асқар таудай абзал әкесін де оның көз алдында «Қара құзғынмен» алып кеткен. Қара түнде келіп, небір жақсылар мен жайсаңдарды қараңғы тас түрмеге алып кететін НКВД-нің машинасын ел «Қара құзғын» деп атайтын.

«Егер Бейімбет жау болса, мен де жау шығармын»» деп салған қайран Ғабең, қазақтың тағы бір классик қаламгері Ғабит Мүсірепов өзінің естеліктерінің бірінде: «Бейімбет Майлин – әрі теңдесі жоқ әңгімеші ретінде де, әрі прозадағы сүйекті шығармаларды жасаушы ретінде де біздің тұңғыш зергер прозашымыз» деп Биағаның лайықты бағасын берген еді.

Қазақтың ұлы қаламгері, өмірде қой аузынан шөп алмайтын момын жан болған Бейімбет Майлиннің НКВД торына түсуіне қара жүректі күйкентай пенделер себепкер болған. Бұл жайында Бейімбеттің адал досы, ізбасар інісі Ғабит Мүсіреповтің мынандай бір ағынан ақтарылған сөздері бар: «Сәкен Сейфуллин Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы болды. Әкімшілік қызметі дұшпанын көбейтуге себеп етті делік. Ал Бейімбет бейбақ ше? Ең үлкен мансабы – «Еңбекші қазақ» газеті редакторының орынбасары. Осы қой аузынан шөп алмас момын жанды көрсеткен қай жауыз? Өзіне таныс революционер Сәкенді, не құлағы естіп, көзі көрмеген Майлинді ұстаңдар деп Сталин тіке нұсқау түсірмегені анық». Ғабеңнің осы пікірі қаламгер Ш.Елеукеновтің «Қазақ әдебиеті» газетінің 2002 жылғы 11 қаңтар күнгі санында жарияланған мақаласында келтірілген.

НКВД жендеттері Бейімбет Майлинді 1937 жылғы 6 қазан күні кешкісін тұтқындаған. Соның алдында ғана өзінің сценариі бойынша қазақтың тұңғыш көркем фильмі «Амангелдінің» түсірілімінде кеңесші болып жүрген Би-аға кино түсіріліп жатқан Қарақастектен келіпті.

Би-аға қамалған кезде отбасында жары мен үш ұл, екі қызы қалған. Ол өте балажан адам болған екен. Бейімбет әйелімен түрмеде болған бірінші және соңғы кездесуінде:

- Гүлжамал, саған бір аманатым бар. Анау үшеуі ұл ғой, қиындыққа мойымас. Екі қызымды сағындым. Енді келгеніңде сол екі қалқамды ала келіп, бір иіскетіп кетші маған!-депті де көңілі бұзылып, теріс айнала беріпті. Амал нешік, Би-ағаның осы ақырғы аманатын орындаудың орайы келмеген көрінеді. Халықтың ұлдарын «халық жауы» атандырып, ауыр азап шектірген сұрқай заман-ай!

Бейімбет Майлиннің тағы бір ерекше мінезі – бастық болуға жоламау. Нарком Темірбек Жүргенов оны «Казиздат» баспасының директоры етіп тағайындамақшы болғанда, қайран Би-аға бұл ұсыныстан ат-тонын ала қашыпты. Содан соң бұл ұсыныс Ғабит Мүсіреповке айтылады. Ол баспаға барса, атағы дардай жазушы Бейімбет Майлин сол баспада қатардағы редакторлардың бірі болып қызмет атқарып жүрген көрінеді.

Бұған қайран қалған Ғабең Темірбек Жүргеновке жүгіріп келіп:

- Бейімбет Майлин қатардағы редактор болып отырған баспаға мен директор бола алмаймын,-депті. Көрнекті мемлекет қайраткері Темірбек Жүргенов шындықты бетке айтып, қарап отыратын ер мінезді адам болған екен.

- Сен әулие болсаң, Бейімбетті директор болуға көндіріп берші. Біз мойнына қыл арқан салудан басқаның бәрін істедік,-деп шарт кетіпті.

Ғабең қанша жалынса да, Би-аға директор болуға көнбей қойыпты.

- Мен ауру болмасын десең, сен директор болшы. Жұмысын өзім-ақ атқарып берейін,-дейтін көрінеді. Бұл туралы Ғабең өзінің естеліктерінде жазған.



Қазақ халқының классик қаламгері Бейімбет Майлин – өзінің тамаша талантымен әдебиетіміздің төрінен ойып тұрып орын алған зерлі сөздің зергері. Оның қара ормандай халқына қалдырып кеткен шұрайлы шығармалары ұрпақтан ұрпаққа аманат болып, қымбат рухани қазыналарымыздың қатарында саф алтындай жарқырап тұра беретін болады.



Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет