Ақырыбы: Психологиялық іс әрекеттін физиологиялық негізі. Есте сақтау, Эмоция



Дата28.02.2018
өлшемі211,37 Kb.
#38320
Тақырыбы: Психологиялық іс әрекеттін физиологиялық негізі. Есте сақтау, Эмоция.

Автор:Әбдікерім А. Шымкент 2015ж.

Жоспар

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

1.Психологиялық іс әрекеттін физиологиялық негізі.

2.Ойлау

3.Зейін

III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер

ОЙЛАУ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ  МАҢЫЗЫ
Ойлану, ойлау – оқытудың бір түрі. Оның түсінігі бойынша - бұл жаңа білім алу, келісімді және таза ғана адамның тәжірибеден негіз алып өзін байыту.

Ойлаудағы қабілеттілік – баланың жинақталған бірнеше істі меңгеру шамасын байқататын бір қасиеті. Қабілет – асыл мұра, бойға біткен зор қасиет. Әркімде бір ерекше көзге түсетін қасиет болады. Баланың орындайтын жұмыстары оның көңілінен шығатын болса, өсіп - өркендеуіне септігі тиеді, қабілеттілігі артады. Оның жан – тәнімен еңбек еткенінде ойлау қабілеті жетіліп, қалыптасады, табиғи икемділігі күшейеді. Баланы қалаған, қаламаған қызметіне икемдеу қиын. Берілген тапсырманы орындаймын деп өзін - өзі қинайды. Бірақ нәтиже шығара алмайды. Ықылассыз болады, шаршай береді. Міне осындай күйге түскенде пайда болатын психологиялық енжарлық баланың моральдық – этикалық қағидадан ауытқып кетуіне де себепкер болады.

Қабілеттіліктің көзге көрінуіне септігін тигізетін не? Отбасы да, мектеп те, жора – жолдастары да – бәрі де септігін тигізеді. Бірақ негізінде баланың өзі ізденуі тиіс. Осындай жағдайда мұғалімі де демеу беріп, жол сілтеу керек. Ол үшін баланың ағзасының « механикасын », бір нәрсеге бейімделуіне себебін тигізетін барлық компоненттерді, қала берді баланың өзінің қандай екенін түсіне білуіне ықпал жасауға болады. Жалпы даму дәрежесі жас ерекшелігіне сай, денсаулығы жақсы, оқуға даярлығы анық байқалған бала, мектеп қабырғасында жан – жақты жетіледі.

Ойлау психологиясы – психологияда күрделі әрі қызығатын бөлім. Оның күрделілігі теориялық  және практикалық көп жақты аспектісін зерттейді. Ойлау заңдылығын тану психология өз алдына дербес ғылым болып қалыптасуына дейін көрінді. Ойлау әр уақытта түрлі мәнер зерттеуінде қарастырылады гноселогия және логика, педагогика, физиология. Ойлау табиғаты (сана) оның қатынасы туралы алғаш зерттеген философия.

Қазіргі заман философиясы ойларды,  шындық іс-әрекетті бейнелеу процесі түрінде қалыптастырады. Түйсікден қабылдау ерекшелігі сезімдік бейнеден бөлініп, жалпылау, жалқылау сипаты заттар мен құбылыстың қасиетін шындық өмірмен байланысын көрсетеді. Философияда психологиялық зерттеу аспектісы ойлауға фундаментальды түсінік береді: ойлау және сана, ойлау және тану, ойлау және сөйлеу  ретіне. Арнайы ғылыми психологиялық зерттеуді ойлау өзекті мәселе болып табылады. Тек ойлауды зерттеу арқылы ғана ойды адам өзіне бағыттай отырып өзіндік заңдылықты түсінуге әкеледі. Сонымен қатар ойлау сыртқы әсерлерді толуға бағытталған ғылым. Бұл логикалық негізгі түсінік, жалқы түрден қалыптасатын кез келген ойлау процессі.

Логикалық ғылымда, логикалық ерекшелігі мен өңдеуіндегі жетістік пен тәуелсіздікке қарамастан өзіндік  ойлау заңы қалыптасады. Көп уақыт бойы ойлау процесінің мазмұны, динамикасы, нақты ерекшелігі зерттелмеген.  Ассоциативті психологияда нақты психологиялық зерттеуден  формальды логика әсерін алғашқы кезеңнен қарастырады. Ассоцация ойлау  теориясына психологиялық өзіндік жаңалық енгізген жоқ, ол белгілі логикалық ойлау заңдылықтарының әсерін өңдей келе ассоциациялық теория ұсынады.   Бұл көзқарас ойлаудың механикалық концепциясына да өзгеріс енгізбеді, тек интелектуалды процес жүйесін қарапайым операциялар арқылы  байланысуда. Сондықтан да ойлаудың психологиялық зерттенудің қалыптасуына ассоционизм сипата негіз болғаны да сол. Ол сын бірнеше бағытта қарастырылады. Ойлаудағы экспериментальды зерттеу вюрцбург мектебінде алғаш жүргізіледі, зерттеу заты ойланудың бір түрі – ауызша – логикалық ойлау, ал оның әдісі ерекше әдіс интроспекция болды. 

Ойлау актісінің мақсаты және белсенді сипатын, оның бүтіндігін ассациалы жеке әсерлерге жатпайтынын қабылдаудан арнайы ерекшелігі бар екені қарастырылды. Ойлауды экспериментальды зерттеу  кейінен гештальт психология жалғастырады, олар өз шығармашылық ойлауларына қарай жаңа әдістемелік тәсілдер қарастырады.

А.Н.Леонтьев ойлауды зерттеуде, фундаментальды мәселелерді зерттеуді, жалпы психологиялық іс-әрекет теориясымен байланыстырып қарастыруды. С.Л.Рубинштейн еңбегінде ойлау процесі бойынша зерттеу принципін қалыптастыра отырып, оның заңдылықтарын бөліп және ойлау операцияларының негізгі бірлігін көрсетті. П.Я.Гальперин нақты экспериментальды зерттеу жағдайы, жолдары мен бағыттарының қалыптасуына тоқталды. Дж.Брунер еңбегінде ойлаудың даму кезеңдері оның түрлерін (көрнекі қимылды, көрнекі бейнелі ойлау) жағдайын танымдық іс-әрекетте қалыптастырып талдау жасады. 

Б.М.Теплов еңбегінде ойлаудың интеллектуальдық ерекшелігін практикалық міндеттерді шешуде іс-әрекетте көрінетіне тоқталды. Л.С.Выготский «Ойлау және сөйлеу» еңбегінде сөйлеудегі ойлаудың генетикалық түбірін, ойлау және сөйлеу ерекшелігін, онтогенездегі сөз және ой қатысын, іштей сөйлеу сипатын ашты. 

Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейннің еңбектерінде оқу-білім, іскерлік, дағдыны иемдену түрлере (ал даму – қабілеттерді, жаңа қасиеттерді икемдеу)  қарстырылды.

П.Я.Гальпериннің анықтауынша оқу субъекті әрекетінің негізінде білімді ұғыну. Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтарша, оқу – оқу әрекетінің арнаулы түрі, ал А.Н.Леонтьев  теориясы бойынша, оқу (ойын және еңбекпен бірге) – жетекші әрекеттің типі. Оқу полимотивті және полимағыналандырылған іс-әрекет деп қарастырылады.

Г.В.Габайдың көрсетуінше, оқу әрекеті екі құрамдас жүйеден немесе іс-әрекеттен құралатын әрекет. Біріншісі – жүйеше немесе іс-әрекет түріндегі оның негізгі фунционалды компоненті, оқу. Оқу әрекетінің дайындаушылық функционалды компонеттері оқу іс-әрекетінің басқа жүйешесіне топталды. Ойлау психологиясының дамуы мен қалыптасуына көп үлес қосқан вюрцбург мектебі болды. Негізін салумен О.Кюльпе ойлауға теориялық және экспериментальды зерттеу жүргізу арқылы кезеңдері мен принциптерін, арнайы талдады. Кейінен Вюрцбург мектебінің идеясын жалғастырушы О.Зельц болды. Оның «кешенді теориясы» ойлау актісінің продуктивті, репродуктивті психологиялық бірлік механизімін түсіндірді. Ал гештальтпсихология өкілдері К.Дункер ойлаудың творчествалық міндеті мен дамуын Ж.Пиаже мектебінде зерттеді. Дункер творчестволық ойлау мәселесін зерттеуге, нақты анализ жасап негізгі механизмдеріне тоқталады. Ж.Пиаже еңбегінде генетикалық деңгейде зерттеу таным процесін, оның орталығы интеллектің операциялық теориясы болды.

Ал А.Н.Леонтьев ойлауды зерттеуде, фундаментальды мәселелерді зерттеуді, жалпы психологиялық іс-әрекет теориясымен байланыстырып қарастыруды. С.Л.Рубинштейн еңбегінде ойлау процесі бойынша зерттеу принципін қалыптастыра отырып, оның заңдылықтарын бөліп және ойлау операцияларының негізгі бірлігін көрсетті. П.Я.Гальперин нақты экспериментальды зерттеу жағдайы, жолдары мен бағыттарының қалыптасуына тоқталды. Дж.Брунер еңбегінде ойлаудың даму кезеңдері оның түрлерін (көрнекі қимылды, көрнекі бейнелі ойлау) жағдайын танымдық іс-әрекетте қалыптастырып талдау жасады. Қазіргі психологиядағы ойлау сапасы оның түрлері туралы кең көлемде зерттей – отырып психологиялық әдебиеттер, терминдік ерекшеліктерін ұсынғандар: Р.Арнхейм, А.Р.Лурия, Е.Блейлер, Г.Майер. Л.Леви-Брюля, К.Гольдштейн т.б. болды.

Адамның ойлану әpeкeтi  тікелей – сезімдік таным процесстерімен де тығыз байланысты.  Адамның ойы әрбiр нәрсенiң сипаты мен қасиеттерiн сезу арқылы ажыратып көрсете алады. Сөйтiп заттар мен құбылыстарды әртарапты танып бiлуге мумкiндiк туады.

Адам тiлдiк материалдар негiзiнде ойланады. өз ой-пiкiрлерiнiң жуйесiн, нәрселер жайындағы нақты тyciнiктepiн жасайды. әрбiр ойдың ақиқаттығы ой талқысы арқылы қарастырылады. Адам ойының жуйелi болып, оның нәрселердiң мәнін тусiнiп бiлуi сөйлеу арқылы жузеге асып, өзгелерге жеткiзiледi. Адамның ойы тiлмен, анық сөйлеумен тығыз байланысты және ойлау осы тiлдiк материал арқылы өзiнiң шындығы мен ақиқаттығын бейнелей алады.

Ойлаудың қоғамдық мәні Ойлаудың тiлмен тыгыз байланысты болуы және оның қоғамдық мәні адам ойлауы дамуының қогамдық ­тарихи сипатта болатындығын көрсетедi. Адамның дуниетанымы, бiлiмi және өмip тәжiрибесiнен жинақттаған мағлұматтары ұрпақтан-ұрпаққа мұpa болып ауысып отырады. Бұл - тарихи фактор. Адам ақыл-ойының дамып жетiлуi мен бiлiмнiң өcyi әрбiр ұрпақ жасаған бiлiм қорын меңгерiп, оларды әлеуметтiк өмip қажеттiлiктерiн  қанағаттандырып отыруға пайдаланады. Сөйтiп, тарихи даму адам баласының қоғам өмiрiндегi қарым-қатынасын нығайтады.

Ойлау процесі үшін зейін – мәселені дұрыс түсінуге және шешуге ықпал ететін фактор. Осы ойлау және ес процесіне зейіннің тікелей ықпалы бар.

Адамдардың арақатынасы жүйесінде бірін-бірі жақсы түсінісуіне, бір-біріне бейімделуіне зейін көмектеседі. Психиканың ерекше қасиеті ретінде зейін адамның еңбек процесінде қалыптасады. Мұндағы қажетті шарт – объектіні таңдап алып, сананы сол объектіге бағыттау. Зейін сыртқы орта құбылыстарына да, адамның өзінің ішкі психикалық күйлеріне де бағытталуы мүмкін. Сонымен, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, оның айқын бейнеленуіне көмектесетін психологиялық феномен болып табылады.

Таным процестерінің бағыттылығы мен таңдамалылығы да зейінмен байланысты болады. Ойды анық және дәл қабылдауды, естің беріктігі мен таңдамалылығын және сөз арқылы ой әрекетінің бағыттылығы мен нәтижелілігін анықтайды. Демек, барлық таным әрекеттері функцияларының сапалы әрі нәтижелі болуы зейінге байланысты.Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, оны тұрақтандырудың мәні зор. Ақыл – ой еңбек қабілеттерінің өсуі барысында олар білім, білік, дағды түрлерін тез игереді. Жасына қарай берілген тапсырманы дұрыс сапалы орындау – баланың даму деңгейін көрсетеді.

Қазіргі білім беру жүйесі оқыту процессінің екі аспектісін қалыптастырады.

Оқытудың мазмұнды аспектісі оқушылардың терең жан – жақты ғылым мен практика талаптарына сай келетін біліммен қаруландыру мақсатын көздейді. Оқытудың формальды аспектісі – оқушылар бойында білімді игеру дағдыларын қалыптастыру, соның негізінде өздігінен жаңа білімді алуға ашу және оқу материалын түсіну жолдарын жаңарту мәселелерін қарастырады.

Практикада бұл екі аспектінің тең емес екендігі айқын көрінеді. Ұстаз қауымы оқушыларға мейлінше терең білім беруге тырысады. Алайда «көп білген кемеңгер емес, білімін пайдалана білген кемеңгер», демекші қазір мектептерде пәндердің мазмұны заман талабына сай күрделеніп келе жатыр. Оқушы қысқа мерзімде жалпыланған білім көлемін меңгеру қажет. Сондықтан оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, олардың бойында логикалық ойлау операцияларын қалыптастыру және тиімді жолдарын іздестіру мәселесі қазіргі таңда ұстаз алдында тұрған негізгі міндеттің бірі демекпіз.

Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту мәселесін шешу ұстазға ауыр жүк арттыратыны сөзсіз. Шынымен – ақ, оқушылардың ойлауындағы қателікті байқап, сол қателіктің мән – мағынасын түсіндіріп, ойлау жүйесіндегі тізбектілікті, ойлау операцияларын дұрыс қалыптастыра білу үшін ұстазға логика саласынан қажетті теориялық білім керек.

Сол себептен оқыту практикасында бұл бір бөлек дидактикалық мәселені құрайды. Әлемдік педагогикалық практикада бұл мәселені шешудің кейбір тенденциялары пайда болуда. Олардың бірі – оқыту процессінде формальды аспектіге назар аудару.

Дж.Гилфордтың пікірі бойынша, ойлау өзінің төрт ерекшелігімен сипатталады:

өзіндік өзгешелігімен, жаңашылдығымен, айтылатын ойлардың ерекшелігімен, ойлау жаңашылдығына деген айқын байқалатын ұмтылысымен;

семантикалық иілімділігімен, яғни нысананы жаңа көзқарас тұрғысынан көру, оның жаңа қолданысын таба білу, қызметтік қолданылуын тәжірибе жүзінде кеңейту қабілетімен;

-  бейнелік дағдылану иілімділігімен, яғни нысананы қабылдауды оның жаңа, көрінбейтін жақтарын көретіндей етіп, өзгерту қабілетімен;

семантикалық спонтандық иілімділігімен, яғни түрлі ойларды белгісіз жағдайларда, атап айтқанда, бұл ойларға арналған бағдары болмаған жағдайда өндіру қабілетімен.

Шығармашылық ойлау өзінің даму жолы барысында бірқатар кедергілерге: конформизмге (басқаларға ұқсас болуға ұмтылыс) бейімділік; күлкілі, ақылсыз, әдеттегіден тыс болудан қорқу сезімімен, сондай-ақ басқалар тарапынан кек қайтару қорқынышымен туылған ішкі цензураға; ескі білім мен ойларға қатысты ебедейсіздікке, олардың маңыздылығын қайта бағалауға; жауабын бірден табуға деген ұмтылысқа тап болуы мүмкін.

Шығармашылық ойлауды зерттеу психологияда төрт бағытта жүргізіледі:

·              шығармашылық ойлау процесін зерттеу;

·              шығармашылық өнімдерін зерттеу;

·              креативтілікті қабілет ретінде зерттеу;

·              шығармашылық тұлға лардың ерекшеліктерін зерттеу

Ойлау қиял мен ойлаудың бірігуінде пайда болады.

Ойлау процесі екі негізгі тәсілмен жүзеге асырылады:

1) ұғымдарды қалыптастыру және меңгеру;

2) мәселелерді шешу.

Ұғымдарды қалыптастыру – бұл жай «ұқсас» нәрсені «ұқсас емес» нәрседен айыра білу. Ұғымдарды меңгеру – нәтижесінде субъекттің ұғымдардың әрқайсысына тән белгілерін танып үйрену процесі.

Мәселелерді шешу айтарлықтай дәрежеде ұзақмерзімді есте сақталатын меңгерілген ұғымдарға сүйенеді.

Мәселені шешу барысында әдетте 4 негізгі сатыны бөліп көрсетеді:

І – «түсініксіз нәрсені ұғыну», яғни сұрақ, мәселе, міндеттерді көріп, қалыптастыру. Сұрақтардың қойылуы «бастапқы түсініктің ғана болу» жағдайы, – ой жұмысының индикаторы жоқ.

ІІ – шешім нұсқаларының тым көп болуы. Субъект тәжірибесі нұсқалардың ықтималдығын бағалауды белгілейді;

ІІІ – болжамдардың ұсынылуы мен тым көп болуы. Болжамдардың тексерілуі мен біреуінің таңдалуы (әуел бастан бірнеше болған жағдайда). Болжамдардың тексерілуі кейде жеке сатыға бөлініп шығарылады;

ІV – мәселенің шешілуі, яғни сұраққа жауап берілуі, берілген сұрақ бойынша тұжырым жасау.

Ойлау процесінің аталған сатылары шығармашылық ойлау процесінің сатыларымен өте ұқсас:

1) дайындалу;

2) пісіп жетілу;

3) шабыттану;

4) шынайылығын тексеру.

Ойлау операциялары. Ойлау процесі келесі операциялардың көмегімен жүзеге асырылады:

салыстыру –ұқсастық пен айырмашылық қатынастарын белгілеу;

талдау – бейнелеу объектінің тұтас құрылымын оймен құрамдас элементтерге бөлу;

синтез – элементтерді тұтас құрылымға біріктіру;

абстракция және жалпылау – жалпы белгілерді бөліп көрсету;

-нақтылау мен дифференциялау – ұғынылатын объектінің жеке ерекшеліктерінің мәнділігіне қайта оралу.

С.Л.Рубинштейннің пікірі бойынша, аталған барлық операциялар ойлаудың негізгі операциясы – жанамалаудың, яғни неғұрлым елеулі байланыстар мен қатынастарды ашудың түрлі жақтары болып табылады.

Ойлаудың басты белгісі оның тап сол объективті болмысты жанамалап, яғни құралдардың көмегімен бейнелеуінен тұрады. қамтылады. Ойлау құралдары ретінде алдыңғы ойлау процесінде пайда болып, сөз арқылы бекітілген қайсыбір жалпыланған түсінік түріндегі ұғымдарды атауға болады. Ұғым мазмұны сөзбен бекітіледі, ал сөзді көріп немесе естігеннен кейін, біз бұл сөздің астарында болмыста не жатқандығын елестете аламыз. Демек, ұғым-сөздердің арқасында біз ойлай аламыз. Әйтсе де, кейде тілдің жақсы дамында ойлау қабілетінің болуы жөнінде илюзия қалыптасып жатады. Бірақ бұл әркезде олай бола бермейді.

Ұғымның ойлау құралы ретінде екі жағы болады. Сыртқы жағы сөздіктерде бекітіліп, көпшілікпен қабылданғанмағынамен беріледі. Ішкі жағы жағдайлық болып табылатын, әрі адамның қажеттіліктеріне байланысты болатын мәніменберіледі.

Ойлаудың көмегімен тікелей түсініксіз болып табылатын болмысты қамтуға болады.

Әлемдік психолог – педагогикалық әдебиеттерде адамның ойлауын дамыту мәселесін А. Н. Леонтев, С. П. Рубинштейн, М. Л. Гуров, Е. Н. Кабанова – Меллер, Г. С. Костюк, Е. О. Зейлингер – Рубинштейн, М. В. Занков, т. б атақты ғалымдар теориялық тұрғыда қалыптастырған. Және де « Логикалық ойлау » ұғымына нақты анықтама берген Н. Н. Поспелов, Ю. А. Петров, А. Н. Леонтев, И. А. Гибш сияқты авторлардың пікірлерін жүйелесек, « Логикалық ойлау » дегеніміз логика заңдылықтарын пайдалана отырып ұғымдарды, ой – пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.

Жалпы оқушылардың ойлауын дамыту мәселесінің практикалық жағын қарастырған ғалымдар В. Н. Решетников, Н. Н. Поспелов, В. Ф. Паламорчук, А. Ф. Обухова, Л. Н. Раев, А. З. Зак, Л. Ф. Тихомирова. Зерттелген әдебиеттерде оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту  «пәндік » сипатқа ие. Мысалы: И. А. Гибш, А. Д. Семушин, А. И. Фетисов, Ю. М. Колягин – математика пәнінде. В. Н. Руденко - геометрия пәнінде оқушылардың логикалық ойлауын дамыту мәселесін қарастырған.

Жоғарыдағы авторлардың пікірлерін бір жүйеге келтірі отырып, төмендегідей анықтаманы зерттеу жұмысының негізіне ала отырып «Логикалық ойлау қабілетін дамыту» дегеніміз :

·                барлық логикалық ойлау операцияларын (таңдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру:

·                Ойлау белсенділігін, өз беттілігін дамыту.

1 Логикалық ойлау операциялары:

- талдау,

- жинақтау,

- салыстыру,

- жалпылау,

- саралау.

2 Ойлау белсенділігін, өз беттілігін дамыту:

- Әртүрлі болжам, пікір айта білу,

- Мәселені шешудің бірнеше тәсілдерін ұсыну.

3 Трансформация әрекетін жетілдіру

- заттарды бөліктері арқылы құрастыру,

-     объектілер топтарының арасындағы қатынастарды анықтай білу.

Таным теориясы - гносеология - философиялық пән. Ол дуние­ танудың жалпы заңдылықтарын зерттейдi. Адамзат тарихының даму­ында қалыптаск:ан "болмыс", "материя", "сана", "сан", "тартылыс" тәрiздес басқа да ұғымы кең дәрежедеқарастырылады. Осындай та­ным теориясы мен философиялық принциптерге негiзделетiн ойлау урдiсi өзара байланысты және бiр-бiрiн толықтырып отыратын жеке ғылыми пәндер - формалдық. логика мен психология арқылы да зерттеледi.

Логика ғылымы ойлаудың формаларын, ұғымдар мен пiкiрлердi, ой қорытындыларын және ойлау заңдарын зерттейдi.

Ұғым - болмыстағы нәрселер мен құбылыстардың жалпы, мәндi және өзiндiк белгi-қасиеттерiн бейнелейтiн ойлау формасы. Мысалы, "адам" деген ұғымның мәні оның өндiрiс құралын жасап шыгаратын қабiлетi бар, дыбысты тiл арқылы сөйлесетiн ақыл иесi екендiгiн бiлдiредi. Ал "емтихан" деген ұғымның мәнici ­ оқушылардың студенттердiң бiлiм деңгейiн анықтап, олардың дәрежесiн тиiстi белгiлермен анықтайтын оқу урдici. ұғымдардың мазмұны пiкiрлер арқылы ашылдыы. ұғымдa нәpce мен оның қасиет­белгiлерi арасындағы байланыстар ашық көрсетiледi. Пiкiрлер eкi турлi тәсiлмен құралады:

а) Тiкелей қабылдау арқылы құралатын пiкiрлер. Мысалы, мына бала сабaқты нашар даярлады жанама жолмен не ой қoрытындысы, ой талқысы арқылы жасалатын пiкiрлер.

б) Жанама жолмен қабылдау арқылы құралатын пікірлер не ой қорытындысы, ой талқысы арқылы жасалатын пікірлер. Логика ғылымында пікірлер бұдан басқа да негіздерге сүйене отырып, түрлі-түрлі болып бөлінеді.

Ой қорытындылары бойынша алғышарттар негізінде ұғымдар мен пікірлердің байланысысынан жаңа пікірлер аламыз не ой қорытындысын сөз арқылы шғарамыз.

Дедукция- латын сөзі, қазақша мағынасы – шығару. Ой қорытынсының бұл түрі бойынша ой жүйесі жалпы жағдайдан жеке, дара жағдайға қарай өрбиді. Индукциялық ой қорытындысы – ой қорытынсының жекеден жалпыға қарай дамып отырған түрі. Ой қорытысының үшінші түрі – тратукция деп аталады. Оған аналогия арқылы жасалатын ой қорытындылары жатады. Бұл - дара  жағдайдан жекеге қарай өрбіп отыратын ой қорытындысы. Дедукциялық ой қорытындысының кең тараған түрі –силлогизм. Формальдық логикада зерттелетін мәселелер – дұрыс ойлаудың формалары мен заңдарды қолдана отырып, нәрселер мен құбылыстардың ақиқаттығы мен шындығын танып білуді мақсат етеді.

Ойлау әрекетінің ерекше мәнді тағы бір жағы. Ол-ойлау процессінің өзі. Психология ғылымы әрбір дара адамда осы ойлау процессінің қалайша дамып, өрістеп отыратынын зерттейді. Оқыту процессінде ойлаудың дамуы, білімдерді ойлау әрекеттері арқылы меңгеру, ойын, оқу, еңбек процесстерінде ойлауды дамыту мәселелері – психология, ғылымы қарастыратын жайттар. Әрбір жеке адамда ойлау процессі қалайша пайда болып, дамып жетіледі деген мәселенің мән-жайы психологи яда осы бағытта қарастырылады. Ал логика ойлауды таным процессі деп санап, шындықты, ақиқатты әр түрлі әдістер арқылы танып, білуге болатындығын анықтауды көздейді.

Ойлау дербес процесс. Ойлауды психологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз – оның ішкі, танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни психология детерменизм принципіне сүйене отырып ойлаудың мәнін зерттейді, әрбір адамның өзіндік оәлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді.

Ойлау процесс інде талдау мен біріктіру әрекеттері болады. Талдау дегеніміз – ой арқылы әрбір оьекті мен болмыстың ерекшеліктерін, қасиеттерін, белгілерін ашып көрсету тәсілі. Талдау нәтижесінде ақындалған белгілер мен қасиеттер біріктіру деп аталады. Талдаудың физиологиялық негізі -  мидың жоғары бөлігіндегі қозу мен тежеудің өзара байланысы. Ал біріктірудің  физиологиялық негізі – мидың жүйке жүйесіндегі уақытша байланыстардың түйсініп қосылуы. Олардың өзара байланысы мен айырмашылығы салыстыру арқылы танылады және сол тәсілден анық көрінеді.

Салыстыру тәсілі жалпылау әрекетіне қарай ойысады. Мұнда заттардың жалпылық және мәнді белгілері ашып көрсетіледі. Ойлау әрекетінде абстракциялау, нақтылау, жүйелеу тәсілдері де жиі қолданылады. Ондай тәсілдер белгілі мәселелердің түйінін шешуде адамның психологиялық толғаныстарының түр сипатын бейнелейді.

Ойлау әрекетіндегі әр қилы тәсілдер мен амалдардың бәрі де жеке адамның ниет-тілегіне, мұқтаждығы мен қажеттілігіне тәуелді болып отырады. Ойлаудың кез келген әрекетінің туындауы белігілі бір ынта-ниетке байланысты.

Психологияда ойлаудағы ниеттің пайда болуы себебінің мынандай екі түрі бар:

1. Арнайы танымдық ойлау. Бұл белгілі тілек мақсатқа сәйкес пайда болады.

2. Арнаусыз ой. Ойлаудың бұл түрі сыртқы жағдайдың әсеріне орай туады.

Адам белігілі бір мәселенің түйінін шешу ьарысында түрлі амал – тәсілдерді қолданып, алға қоойған мақсат – міндеттерді орындап шығу үшін ойланып – толғанады. Ойлаудың бұл түрі міндет – мақсатқа сәйкес жүзеге асады.

Зейін

Зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.

Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына,темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады. Зейіннің физиологиялық негізін орыс физиологы, академик А.А. Ухтомскийдің (1875 – 1942) доминанта теориясы бойынша түсіндіруге болады. Бұл теория бойынша, сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға күшті әсер етеді де, оның бір алабын ерекше қоздырады. Мидың осы күшті қозған алабы қалған алаптардағы әлсіз қозуды өзіне тартып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы одан бетер күшейеді. Мұндай жағдайда адам зейінні бір нәрсеге шоғырланады да, қалған нысандарды байқамайтын болады.

Адамның зейіні ырықты зейінырықсыз зейін және үйреншікті зейін болып үшке бөлінеді. Адам өмірінде ырықсыз зейін де елеулі орын алады. Ал ырықты зейін әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалады. Үйреншікті зейін адамның әдетіне айналып кеткен зейін. Ол арнайы күш жұмсауды қажет етпейді. Жеке адам зейінінің негізгі ерекшеліктеріне тұрақтылық, оның бір нысаннан екінші нысанға оңай ауысуы, бөлінуі, нысандарды қамту көлемі, алаң болмаушылық, т.б. жатады.

3ейін басқа процестерді сүйемелдейтін субъективтік фактор. 3ейінді кейде аттенционалды әрекеттер деп те атайды. 3ейін (А.Р. Лурия)— субъектінің қажетті ақпаратты таңдап алу, қимыл-қозғалыстардың таңдамалы бағдарламасын сүйемелдеп, қамтамасыз ету және осы бағдарламаның ағымын қадағалау процесі. 3ейіннің негізі ретінде тұлғаның қызығушылықтары мен қажеттіліктері, бағдарлары мен бағыттылығы тұрады. С.Л. Рубинштейннің пікірінше, зейінде сананың затпен байланысы көрініс табады. 3ейін мен объект өзара әсерде болады. Бір жағынан, зейін затқа немесе объектіге бағытталады, екінші жағынан, объект зейінді өзіне аудартады. 3ейіннің нақты бір объектіге бөлінуі субъектіге, яғни адамға ғана байланысты емес, сондай-ақ зейінді тудырған объектінің қасиеттері мен сапаларына да байланысты. 3ейіннің оянуы— бағдарлық-зерттеудің бастамасы. В.И. Страховтың тұжырымдауынша, шынайы зейін мен шынайы зейін емеспен қатар, адамда зейінді болып көріну және зейінді емес болып көріну деген қасиеттер кездеседі. Оны ол зейіннің сыртқы формасы мен оның шынайы күйінің кейде сәйкес келмеуімен түсіндіреді.


Зейін тітіркендіргіштердің келесі қасиеттерімен ынталандырылады:

  • 1) интенсивтілігі;

  • 2) жаңалығы;

  • 3) аффективтілігі.

П.Я. Гальпериннің тұжырымы бойынша: 3ейін— бағдарлық-зерттеулік іс-әрекеттің негізгі шарты. Өзінің қызметі жағынан, зейін өзі бағытталған феноменнің мазмұнын қадағалау болып табылады. Зейінде қадағалау белгілі бір белгі, өлшем, үлгі арқылы жүзеге асады. Ал Л.C. Выготский бойынша, ырықты зейін ұғымдардың, түсініктердің дамуына байланысты, яғни берілген жайтта қалай әрекет ету қажеттілігін түсінуге, жалпы, жағдайды түсіне білуге байланысты. Адамның психикалық ұйымдасуының құрылымына сүйене отырып, зейінді:

  • 1) процесс (немесе психикалық процестің жағы: сенсорлық және т.б.) ретінде;

  • 2) күй (зейіннің шоғырланған күйі) ретінде;

  • 3) тұлғалық қасиет (зейінділік) ретінде анықтауға болады.

Зейінің функциялары:

  • 1) қазіргі сәтте қажетті психологиялық және физиологиялық процестерді белсендіріп, қажетті еместерін тежейді;

  • 2) ортадан келетін ақпараттың мақсатты, ұйымдасқан түрде сұрыпталуын қамтамасыз етеді;

  • 3) белсенділіктің бір объектіде ұзақ уақыт шоғырлануын қамтамасыз етеді.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет