Ай Жердің серігі



Дата18.06.2017
өлшемі49 Kb.
#19346

Ай Жердің серігі


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ай мен жердің ара қашықтығы, айдың толысуы, ғарышкерлердің зерттеуі, күннің тұтылуы, айдың тұтылуы туралы оқушыларға мағлұмат беру;

Дамытушылық: оқушылардың  өз бетінше тұжырымдай білуіне бағыт беру, логикалық ойлау қабілетін арттырып, ойын еркін айтып жеткізе білуге дағдыландыру;

Тәрбиелік: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге үйрету, елін, жерін сүйетін отансүйгіш, дарынды ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: білім, білік, дағдыларын қалыптастыратын интеллектуальды ойын сабағы.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Глобус, слайдттар, суреттер, физикалық карта, тест;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушылардың дайындығын қадағалау.

-Оқушыларды 3 топқа бөлу «Жер», «Күн», «Ай»

-Ойын шарттарымен таныстыру



ІІ. Үй тапсырмасын, бекіту.

А) «ЛЕЗДІК СҰРАҚТАР» 

1. Жер Күн жүйесіндегі нешінші планета?

2. Жер мен Күннің қашықтығы қанша?

3. Жердің қанша бөлігін құрлық алып жатыр?

4. Жердің қанша бөлігін су алып жатыр?

5. Экватор деген не?

6. Экватор сызығы Жерді қандай жарты шарларға бөліп жатыр?

7. Экватордың ұзындығы неше?

8. Глобус дегеніміз не?

9. Масштаб нешеге бөлінеді?

10. Географиялық карта дегеніміз не?

11. Тәулік дегеніміз не?

12. Жыл дегеніміз не?

13. Көктемгі күн мен түн қай кезде теңеледі?

14. Күзгі күн мен түн қай кезде теңеледі?

15.Полярлық түн дегеніміз не?

16. Жердің шар тәрізді екендігін алғаш кім айтты?

17.  Бір жылда неше күн бар?

18. Жазғы тоқырау қашан болады?

Ә) «ПОЛИГЛОТ» бұл сайыста үш топқа жұмбақ беріліп, онда шыққан жауаптарға үш тілде(қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) жауап беру.) Қазақша жауап -10 балл, орысша жауап- 20 балл, ағылшынша жауап 30 балл.

1.Жылт-жылт еткен

   Жылғадан өткен    (Су)

2.Таңмен көзін ашады,

   Әлемге нұрын шашады (Күн)

3.Теңізді, тауларды, халықты

   Ойлап тап, көтерген алыпты. (Жер)

4.Азықсыз, көліксіз, сусынсыз, серіксіз

   Әлемді шарлайсыз жиһангез болып сіз.  (Глобус)

5.Өркеш-өркеш түйемнің

   Өркештерін ақ шалған

   Арасынан өркештің

   Тағылатын бау салған   (Тау)

6.Орақ болып туады,

   Табақ болып тұрады     (Ай)

Б) «САНДАР СӨЙЛЕЙДІ» ойынында оқушылар тақтада берілген сандардың нені білдіретінін айтып шығады.

510 млн.км2       

71% ,   29%,   40 000,  6378км,   6357,   б.з.б Viғ,   365,  XVғ,   1595ж,   4,5-4,6 млрд

В) Мақал-мәтелді жалғастыр

1. Жаңбыр жауса ..........

2. Жердің сәні егін, ердің сәні ..........

3.Жер-Ана , ел-.....

 ІІІ. Жаңа сабақ жоспары:

1.Ай мен Жердің қашықтығы.

2.Айдың жерге әсері.

3.Айдың толысуы.

4.Ай мен Күннің тұтылуы.

5. Ғарыштық зерттеулер

Күн жүйесіндегі Шолпан мен Мерркурийден басқа ғаламшардың барлығының серіктері бар. Олардың жалпы саны 60-қа жетеді. Серіктердің көпшілігінің ауданы ғаламшармен салыстырғанда соншалықты үлкен емес, кейбіреулерін ғаламшардың есептеуі бойынша астеройдтарға теңейді, олардың ғаламшарды айнала қозғалуы ғаламшардың тартылыс күшіне байланысты болуы мүмкін деп жорамалдайды. Ал Жердің тартылыс күшіне байланысты оны айнала қозғалады.Біраұ айда белгілі бір мөлшерде Жерге әсер етеді. Теңіздердің деңгейі Айдың тартылыс күшіне байланысты көтеріліп, төмен түсіп отырады. Теңіз деңгейінің көтерілуін толысу деп атайды.

Аспан денелері арасындағы Жерге ең жақыны – Ай. Жер мен Айдың ара қашықтығы шамамен 384 000 шақырым. Айдың диаметрі Жерден 4еседей аз.

Ай Жерді айнала қозғалып жүргенде Жер мен Күннің ортасында болып, Күнді көлегейлесе Жерге Айдың көлеңкесі түседі. Бүл проссесті Күннің түтылуы дейді.Күннің тұтылуы бар-жоғы 2-3 минутқа созылып 1,5 жылда жаңа Ай туған кезде қайталанады.Ай толысқан кезде Жердің көлеңке жағына өткен уақытта Айға көлеңке түсіп, тіптен оның оның көрінбей қалатын уақыты да болады. Бұл процесті Айдың тұтылуы дейді.



Ғарышкерлерді ашық ғарышқа шыққанда күн көзінен бөлінетін зиянды сәулелерден және ұсақ ғарыштық шаң-тозаңдардан бірнеше қабат тігілген скафандр сақтап қалады. Скафандрды құрамында нейлон, дакрон, кевлар деп аталатын үш түрлі жасанды матадан тігеді.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:   бейнеролик көрсету

«Адасқан әріптер» ойынында сөздердің дұрысын табу

Сәйкестендіру тестісі

Рефлекция

ҮІ. Үйге тапсырма: 13 тақырыпты оқу, дәптерлеріңе таңертең және кешке қарай көрген Айдың суретін салу. Екі суретті салыстырып, айырмашылығын табу.
Каталог: uploads -> doc -> 0085
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0085 -> Өмірбаяны Ақын елін жырлайды


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет